Қала және ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Қала және ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету
ЖОСПАР:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Қазақстандағы ауыз су мәселесі
2) Қазақстан аудандарындағы ауыз су мәселелері
3) Ауыз су мәселелерін шешу жолдары
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Европа елдері қолдануда.
Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде.
Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.
Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және қоғамдық меншікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту мен оны қолдануға бақылау жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, халықаралық бірлестік дамытуды талап етеді.
Жер бетіндегі таза судың қоры жеткілікті көрінгенмен, әлемнің көп аймақтарындағы халық өте аз мөлшерде ғана таза суды қолданып отыр. Әлемдегі барлық өзендердің суларының жылдық көлемі шамамен 42600 км 3 , ал бұл 1995 жылғы есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600м 3 келеді. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде. Мысалы, 1970 жылы бұл шама 12900 болса, 2005 жылы ол 5200м 3 -ге дейін төмендеуі мүмкін.
Бүгінде сапалы ауыз су мәселесі әлемдік күрделі проблемалардың біріне айналып отыр. БҰҰ Бас ассамблеясының өткен жылғы мәліметтері бойынша, қазір дүние жүзінде 889 миллион адам ауыз судан тапшылық көріп отыр. Ал 2, 6 миллиард адам су жетіспеушілігіне байланысты зардап шегіп антисанитарлық жағдайда өмір кешуде. Планетамызда барған сайын сапалы тұщы су қоры азайып келеді. Ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде кеңінен көсіліп жатқан қазақ жері де сапалы су көздеріне зәру. Бүгінде Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі су қоры үлесі жағынан соңғы орынды иеленеді.
Солай бола тұрса да, тәуелсіздік алған кезеңнен бері елімізде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылып, шынайы халықтық мақсаттар қолға алынуда. Өткен жылы республикамызда елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы 2002-2010 жылдарға арналған салалық «Ауыз су» бағдарламасы іс жүзіне асырылды. Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 8 жыл бойы жүргізілген бұл кешенді шаралардың нәтижесінде бірқатар жұмыстар атқарылды. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы аясында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 195 миллиард теңге қаржы игерілді.
Бұл қаржыға еліміздің өңірлерінде 13 288 шақырым су құбырлары және ауыз сумен жабдықтау жүйелері салынды, қайта құрылды және күрделі жөндеуден өткізілді. Республика өңірлеріндегі 3449 ауылдық елді мекендердің, оның ішінде, 32 шағын қаланың сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсартылды. Бұл елді мекендерде 5 миллион адам, оның ішінде, 3, 5 миллион ауыл тұрғындары сапалы суға қол жеткізді. Осы жылдар ішінде бұл салаға 48, 5 миллион АҚШ доллары және 5, 1 миллион еуро мөлшеріндегі несиелер мен гранттар тартылды. Жалпы алғанда еліміздің елді мекендерінде қауіпсіз су жүйелерінің ауқымды кешені қалыптасты. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін су құбырларымен таратылатын су көлемінің мөлшері 2002 жылғы 3, 2 пайыздан 2008 жылы 1, 7 пайызға дейін, ал санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2002 жылғы 7, 2 пайыздан 2008 жылы 1, 8 пайызға дейін төмендеді. Осы мерзім ішінде жұмыс істемей қалған су тарату жүйелері 299-дан 209-ға дейін қысқарды.
Негізгі бөлім. Қазақстандағы ауыз су мәселесі
Соңғы жылдары ауыз суды тасып ішетін ауыл-село тұрғындарының саны да айтарлықтай азайтылды. Атап айтқанда, 2002 жылы елімізде 445, 2 мың адам ауыз суды тасымалдап пайдаланатын болса, 2010 жылғы 1 қаңтарда олардың саны 82, 9 мың адамға дейін азайды.
Дегенмен, елімізде сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуды қажет ететін елді мекендер әлі де аз емес. Осыған байланысты республика тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылданды. Биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауда «2020 жылға қарай сумен қамтамасыз етудің орталық желісіне қолжетімділік қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс. Ал ауылды жерлерде екі есе артып, 80 пайызға дейін жетуі қажет» деп атап көрсетілген. Осыған байланысты 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламаны іс жүзіне асыру мақсатында жаңа шешімдер мен тың тетіктерді пайдалану көзделініп отыр.
Атап айтқанда, елді мекендерді сапалы сумен жабдықтау үшін су шаруашылықтары саласына жеке меншік инвесторларды тарту көзделуде. Ол үшін біріншіден, кейбір сумен жабдықтау нысандары заңдық негізде жеке меншік субъектілер иелігіне берілмек. Екіншіден, жергілікті әкімдіктер инвестициялық тартымдылығы бар су каналдарының жұмысы үшін орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан артық) уақытқа арналған тарифтер белгілейді. Үшіншіден, су пайдаланушылар 100 пайыз көлемінде жеке есептегіш құралдармен қамтамасыз етіледі. Су шаруашылығы саласына жеке меншік инвесторларды тарту ауыз суды тиімсіз пайдалануға тосқауыл қояды, өнімділігі төмен су шығынын төмендетеді, негізгі қорларды жаңғыртуды қамтамасыз етіп, су пайдалануда есептегіш құралдарды орнату көлемін ұлғайтады деп күтілуде.
Аталмыш бағдарлама аясында жерасты суларының әлеуетін барынша кеңінен пайдалану шаралары қарастырылған. Бұл ретте елді мекендерге жақын жерлерден шығатын жерасты суларына басымдық беріледі. Бағдарлама шеңберінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде жерасты сулары шешуші рөл атқарады. Өйткені, бұл су көздері әрі таза, әрі ластанудан барынша қорғалған. Сондықтан жерасты суларын анықтауда геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылға дейін жыл сайын 6, 2 млрд. теңге қаржы бөлінетін болады. Бүгінгі күнге дейін жерасты су қоры анықталмаған 3206 селолық елді мекендер маңайынан жер асты су қорын іздеу үшін жылына 400 селолық елді мекеннің жанынан геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл елді мекендерді жерасты суларымен қамтамасыз ету шаралары 2018 жылы толық аяқталуға тиіс. Сонымен бірге 63 қаланың сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында 194 жерасты су көздеріне толық зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бағдарлама бойынша жаңа сумен жабдықтау нысандарын салу алдағы уақытта жүйелі негізде қатаң есеппен жүргізіледі. Сумен жабдықтау нысандарын салу жыл сайын Үкімет бекітетін Бірыңғай нысандар кестесі бойынша жүзеге асырылады. Нысандар құрылысын салу кезінде басымдық берілетін жағдайлар ескеріледі. Сонымен бірге жыл сайын басымдық берілген сумен жабдықтау нысандарының құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қатаң есепке алынып отырады. Жобалау-зерттеу жұмыстары да атқарушы органдар тарапынан қатаң бақылауда болады.
Бүгінгі таңда қалалардағы су тарату желілерінің 60 пайызының тозығы жеткен. Бағдарлама шеңберінде ауыз су сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен осы су тарату желілерін жаңарту мәселесі бірінші кезекке қойылып отыр. Республика тұрғындарын өскелең талаптарға сай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған бұл салалық бағдарламада белгіленген шаралар толық іс жүзіне асырылған кезде республикамыздың өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешім табатын болады.
Жыл сайын әр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп, табиғи судың сапасын қалпына келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады. Көп жағдайларда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және буланып ұшып кетеді. Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады.
БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су мәселесі пайда болады. Бұл жағдайда су мәселесі осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м 3 таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді.
Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты түрде дамуында, халқының денсаулығында және тұрмыстық жағдайының деңгейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.
2. Қазақстан аудандарындағы ауыз су мәселелері
Деректер бойынша 2005 ж. әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд. халық ауыз су тапшылығына тап болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық және қоғамдық шиеленістерді қиындатады. Қазірдің өзінде Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі кедейлік пен артта қалғандықты, саяси тұрақсыздықты әкеліп отыр. Судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр. Египет, Судан мен Эфиопия елдері Ніл өзенінің суына таласуда. 1998 ж. жаз айларында жарты миллионға жуық палестиндерге Иордан өзенінің батыс жағалауынан су алуға кедергі жасалды, бұл Израиль мемлекетіне деген қатты наразылықты тудырды. Индия мен Бангладеш төменгі жақтарында кейде кеуіп қалатын Ганг өзенінің ағымына байланысты араздасуда. Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан Қытай мемлекетінің су саясатының әсерін сезінуі мүмкін. 1999 жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің жоғарғы ағынын басқа жаққа бұру басталды. Қазірдің өзінде бұл өзеннің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азайып келеді.
Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген сұраныс күрт өсіп кетті және өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді. Көптеген өндіріс мекемелері осы ағынды суларды су құбырларымен өзендерге жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен көлдердің тым ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жұмыстық қажетке пайдалану былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен қатар мұндай лас суларды пайдалану тұрғындардың денсаулығына да зиянды әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, әсіресе, ірі қалалар мен өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі анықталып отыр. Мәселен, Орал, Тобыл, Есіл өзендері ағынды лас суларды көп жинайтын болғандықтан қазір қатты ластанып отыр. Сол сияқты Ертіс бассейні де экологиялық жағынан таза емес. Судың құрамында ауыр металдардың (цинк, кадмий, мышьяк, фенол және басқалары) иондары көп, олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келеді.
Орталық Қазақстандағы Нұра өзенінің суында сынап өте көп. Оның құрамындағы азоты бар заттардың концентрациясы тым жоғарылап кеткен. Ал Сырдария өзені және Шардара су қоймаларының суларының ластануы әр түрлі улы химикаттардың әсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш көлінің суы «Балшахмед» өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларының әсерінен ластануда. Химиялық заттарды ауыл шаруашылығына шамадан артық пайдалану және өндірістік ағынды, коллекторлы-дренажды суларды жаппай жіберудің салдарынан өзендерге тұзды концентрация көбейді. Өзендер мен көлдердің жер асты суларының ластануы негізінен оларға ағынды лас суларды жіберуден болып отыр. Су құбырларын көпластайтын өндіріс орындарына целлюлоза-қағаз, химия, мұнай өндірістері, металлургиялық және тау-кен өндірістік мекемелері жатады.
Су саласын зерттеген ғалымдардың пайымдауынша жалпы Қазақстанда 25 өзен лас деп табылса, тек 10 өзеннен су алуға болады деп шешіліп отыр.
Республикамыздың үштен бiр бөлiгi ауызсуға зар. Бұл қиындық суғармалы жерлерге де тән. Қазiрдiң өзiнде елiмiздiң оңтүстiк аймақтарында су тапшылығының кесiрiнен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өсiру көлемi қысқартылуда. Мәселен, үстiмiздегi жылдың 22 шiлдесiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында болған вице-министр Өмiрзақ Шөкеев суды үнемдi пайдалану үшiн құрғақшылыққа төтеп бере алатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiне ауысуға ұсыныс айтты. Ал мамандар бұрынғы 110 мың гектар мақта алқабын 80 мың гектарға дейiн төмендетуге шешiм қабылдады. Оның орнына бидай, жүгерi себу жоспарланған. Су тапшылығының кесiрiнен күрiш алқабын өсiру де аяқсыз қалды. Өйткенi, суды көп қажет ететiн күрiштiң орнына басқа дәндi-дақылдар егу көзделген. Мамандардың айтуынша, 2 мың гектар күрiшке кететiн суға кейбiр дәндi-дақылдардың 15-20 мың гектарын өсiруге болады екен. Оның үстiне, суды саяси қысым жасау құралы ретiнде пайдалануға көшуi де Қазақстанға тиiмсiз. Мысалы, Астана Түркiменстаннан газ тасымалдайтын құбырды Өзбекстаннан тысқары тартқанда қазақтарға тоңтерiс қалған Тәшкен «шөмiштен қысып», бiзге жiберiлетiн су көлемiн едәуiр қысқартып тастады. Оның себебiн, Қырғызстаннан тартылатын судың өзбектерге де жетпей қалатындығымен түсiндiрдi. Көршiлес мемлекеттер бiр-бiрiне ықпал етуде судан басқа тариф саясатын да жиi пайдаланады. Мәселен, өзбектер қазақтарға сатылатын газ бағасын өсiргенде, қазақтар темiр жол тарифiн көтердi. Өкiнiшке қарай, бүгiнде орталықазиялық аймақтағы Сырдария мен Әмудария өзендерiнiң су қорын пайдалануда да тараптар пiкiр қайшылығына жиi ұрынады. Осының салдарынан Қазақстан мен Өзбекстан кезiнде Қырғызстаннан су-энергетикалық ресурстарды сатып алудан бас тартқан болатын. Басты тұтынушысынан айырылған айырқалпақтылардың су қоймаларындағы су көлемi күрт артып, Қазақстанның оңтүстiк аймақтарына су басу қаупi төндi. Дау шешу мақсатында өткiзiлген келiссөздер барысында қырғыздар да қарап қалмады, өздерiне сатылатын жанар-жағар майды арзандатуды, жеңiлдiктер жасауды талап еттi.
- Ауыз су мәселелерін шешу жолдары
Жеке елді, аймақты таза сумен қамтамасыз ету мәселелері тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіл әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да мұндай дағдарыстық жағдайларды шешу бүкіләлемдік бірлесіп іс-әрекет жасауды талап етеді. Үлкен ойшылдықпен және болашақтық тұрғыдан суға адамзаттың негізгі стратегиялық ресурсы ретінде қарау XXI ғасырдың маңызды бағыттамаларының бірі болып тұр. БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды «Халықаралық таза ауыз су жылы» деп белгіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz