Мониторинг түсінігі


Жоспары

  1. Мониторинг түсінігі
  2. Қазақстанда су объектілерінің мониторингі
  3. Мониторинг жүйесін қалыптастырудың негізгі ережелері
  4. Мониторинг жүйесінің субъектісі
  5. Гидрологиялық жүйенің жағдайы
  6. Қазақстандағы мониторинг жүйесінің мәселелері

Мониторинг түсінігі

Мониторинг - бұл қоршаған ортаның бір немесе одан көп элементімен қайталанбалы уақыттық және кеңістік бақылаулары процесі. Бақылаулар параметрлерді өлшеу және мәліметтерді жинаудың салыстырмалы әдістемесін қолданумен алдын алда дайындалған жоспарға сай белгілі бір мақсатта жүргізіледі. Мониторинг қоршаған орта сипаттамасы өзгеруінің қазіргі жағдайы және алдында бақыланған тенденциясы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Су ресурстарының мониторингі қоршаған ортаның кешені мониторингінің құрамдас бөлігі ретінде оған табиғи және антропогендік факторлардың әсері нәтижесіндегі олардың өзгерісін тұрақты бағалау, болжау және бақылау үшін олардың жағдайын тұрақты бақылаудан тұрады.

Сол арқылы су ресурстарын басқару жүйесін мемлекеттің су бассейндері аумағында және оның шегінде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және су шаруашылық жағдайы туралы уақытылы, толық және дәлелді ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, су мәселелернің уақытылы алдын алу, анықтау және шешу мәселелерінде және де мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілмегенде түзеуші әрекеттерді анықтау үшін су ресурстарын тиімді басқаруда қолайды жағдайлар құрылады.

Қазақстанда су объектілерінің мониторингі

ҚР су заңнамасына сай су объектілерін мемлекеттік мониторингілеу қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы су қорын құраушы барлық су объектілерінде жүзеге асырылады. Су ресурстары комитеті мемлекеттік органдардан алынған мониторингінің біріншілік материалдарын жинау, жиынтықтау, талдау және бағалауды қамтамасыз етеді және су ресурстарының республикалық ақпараттық-аналитикалық жүйесін біріге отырып құрады.

- Су объектілерінің мемлекетттік мониторингін су ресурстары Комитеті басқа мемлекеттік органдарымен бірге жүзеге асырады:

- Инвестиция және даму Министрлігі (жерасты сулары бойынша)

- Энергетика Министрлігі (беткейлік сулар бойынша)

- Ұлттық экономика Министрлігі (ауыз-су және тұрмыстық-шаруашылық сумен қамтамасыз ету көздерінің су сапасын, сауықтыру мәніндегі және рекреация үшін пайдаланылатын су объектілерінің жағдайын бағалау бойынша)

Мониторинг мақсаты

НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ - су ресурстарын бағалау үшін немесе онымен байланысты мәселелерді қарастыру үшін қажетті ақпаратты алу.

- Мониторинг жүйесін ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ мемлекеттік су қорын басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру болып табылады.

Мониторинг жүйесін қалыптастырудың негізгі ережелері:

- кешенді амал;

- уақыт және кеңістікте мониторингтің үздіксіздігі;

- бірыңғай әдістемелік амалдарды қолдану;

- ГАЖ (геоақпараттық жүйе) негізінде мониторинг жүйесін ұйымдастыру;

- жүйе басқа жүйелермен тәжірибелік үйлестіру үшін ашық болуы қажет;

-мәліметтерді жинау, сақтау және өңдеу бойынша компьютерлік технологияларға бағытталуы.

Су бассейндері мониторингі жүйесінің құрамы

БАССЕЙН МОНИТОРИНГІ МЫНАЛАРДАН ТҰРАДЫ:

- беткейлік су объектілерінің мониторингі;

- жерасты су объектілерінің мониторингі;

- су шаруашылық жүйелері және құрылыстарының мониторингі;

- суды пайдалану мониторингі;

-бассейндегі жағдайды бағалау үшін қажетті мониторингінің басқа түрлері (мысалы) : ауыз су сапасының мониторингі; жер ресурстарының мониторингі; статистикалық есептілік.

Экономиканың су секторын басқару жүйесінде суды пайдалану мониторингі:

Суды пайдалану мониторингі шаруашылық қызмет әсерінен су ресурстарының жағдайын бақылау, бағалау және болжау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы қажет.

Суды пайдалану мониторингінің міндеттері, жүйелері:

-бассейнде суды пайдаланудың заманауи жағдайы туралы айғақты және оперативті ақпарат алу;

-ластаушы заттардың ену көзін анықтаужәне оларды бағалау, олардың су экожүйесіне әсер ету дәрежесін анықтау;

-су экожүйесі жағдайының өзгерісін және сыртқы әсерлердің нақты нұсқаларында су объектілерінің сапалы жағдайын болжау;

-су объектілерінің авариялық ластануы және басқа да төтенше жағдайлар фактін анықтау; олардың экологиялық салдарларын бағалау, су объектілері жағдайының нашарлауы және қауп туралы хабар беру.

Мониторинг және бағалау циклы

Мониторинг және бағалау процесі негізінен ақпараттық қажеттіліктерді анықтаудан ақпараттық өнімді пайдалануға дейін өзара байланысқан операциялардың жүйелілігі ретінде қарастырған жөн. Мониторинг циклы талап етілген ақпараттық өнімді және "баудың" алдыңғы окмпонентінің спецификасын есепке ала отырып анықталуы және жоспарлануы қажет. Бағдарламаларды құрғанда және су ресурстарын бағалағанда барлық мүдделі тараптар мониторинг процесінің барлық сатыларын бірге қарастыру керек.

Су шаруашылық қызметі

Ақпараттық қажеттіліктер

Бағалау стратегиясы

Мониторинг бағдарламалары

Мәліметтерді жинау

Бағалау және есептілік

Мәліметтерді талдау

Ақпаратты пайдалану

Дереккөз: трансшекаралық өзендерді мониторинг және бағалаудың басқарушы принциптері, БҰҰЕЭК

Ақпарат көздері

Су шаруашылық қызмті

Ақпаратқа қажеттілік

Ақпаратты пайдалану

Мониторинг бойынша зерттеу

Сарапшылардың бағасы, қорытындысы

Үлгілер

Мәліметтер базасы

Дереккөз: трансшекаралық өзендерді мониторинг және бағалаудың басқарушы принциптері, БҰҰЕЭК

Мониторинг жүйесінің субъектісі

Қазіргі кезде Қазақстанда қоршаған ортаның жағдайын бақылауды, сондай-ақ алынған мәліметтерді әрі қарай өңдеуді және талдауды жүзеге асыратын бірнеше автономды жұмыс істейтін ведомстволық жүйелер мен қызметтер бар.

Мемлекеттік мониторинг жүйесінің субъектісі болып табылады:

- облыстың аумағында жеке қосалқы жүйелердің экологиялық мониторингін ұйымдастыру және жүргізуге құзіретті облыстық мемлекеттік және басқа да органдар мен ұйымдар.

- өндірістік, ауыл шаруашылық және басқа да ұйымдар, жеке кәсіпкерлер - табиғат пайдаланушылары.

Мониторинг жүйесінің субъектілері және жиналатын ақпарат түрлері

Ауа және су ортасы жағдайының мәліметтері (метеорологиялық, гидрологиялық, гидрохимиялық көрсеткіштер) .

  • ҚР энергетика Министрлігінің "Қазгидромет" РММ

Суды пайдалану бойынша мәліметтер

  • Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің (ҚР АШМ) КВР су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу бойынша бассейндік инспециялар

Жерасты сулары бойынша мәліметтер

  • Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті

Жер ресурстары бойынша мәліметтер

  • Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрлігінің (ҚР ҰЭМ) құрылыс, тұрғын-үй-коммуналды шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері Комитеті

Ерекше қорғалатын аумақтарда орман және жануарлар әлемі бойынша мәліметтер

  • ҚР АШМ да орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Комитеті.

Мониторинг жүйесінің субъектілері және жиналатын ақпарат түрлері (жалғасы)

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер (ауыз су және мәдени-тұрмыстық суды пайдалану көздерінің көрсеткіштер, ауыз су сапасы)

  • ҚР ҰЭМ тұтынушыларының құқықтарын қорғау Комитетінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама (СЭС) орталықтары

Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі және қорғанысы туралы мәліметтер

  • ҚР АШМ КВР "Қазсушар" РММ, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар Комитеті

Су көздері, тоғандар, лықсымалар және ағынды су (лысымадан жоғары, төмен) сапасы бойынша мәліметтер

  • СЭС орталықтары, Әкімшілік Су арналары, ҚР энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешенінде экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция Комитеті, экология Департаменті

Бақыланатын ұңғмалар тармағы бойынша кәсіпорынның өндірістің алаңы аймағында қалдықтарды тастау, жинау, құрамы, топырақ сапасы, жерасты суларының сапасы бойынша мәліметтер

  • Табиғатты пайдаланушы кәсіпорындар

Қоршаған ортаның мониторингі және бағалаудың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық, экологиялық көрсеткіштері туралы мәліметтер

  • ҚР ҰЭМ статистика Комитеті

Су ресурстары мониторингінің негізгі заңнамалық базасы

  • Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 2007 жыл 9 қаңтар
  • Қазақстан Республикасының су кодексі, 2003 жыл 9 шілде
  • "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жыл, 24 маусым
  • "Су объектілеріне мемлекеттік мониторинг жүргізу, суларды мемлекеттік есепке алу және оларды пайдалану Ережелерін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысы, 26. 01. 2004 ж., №85
  • "Жер қойнауына мемлекеттік мониторинг жасау Ережелерін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысы, 2010 жыл, 20 желтоқсан, №1373

Беткейлік және жерасты сулары мониторингінің институционалдық негізі

- Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет (ҰГМҚ) - ҚР энергетика Министрлігінің "Қазгидромет" РММ

*Беткейлік суларды мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу

*Қазақстан Республикасы инвестиция және даму Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті

*Жерасты суы мониторингін қоса отырып, жер қойнауын мемлекеттік мониторинг жасау

Экономиканың су секторын басқару үшін мониторинг нәтижесінде алынған ақпаратты негізгі қолданушы ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің су ресурстары Комитеті болып табылады.

"Қазгидромет" РММ құрылымы

ҚР ЭМ

"ҚАЗГИДРОМЕТ" РММ

БАС ДИРЕКТОР

ӘКІМШІЛІК

ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ, ФИЛИАЛДАРЫ (16 ГМО) ;

Бақылау желілері: метеорологиялық станциялар, метеорологиялық бекеттер, гидрологиялық бекеттер, қар-көшкін станциялары, қар өлшеу және жауын-шашын өлшеу маршруттары, аэрологиялық станциялар, агрометеорологиялық бекеттер, фондық мониторинг станциясы.

ГИДРОМЕТОРТАЛЫҚ:

Қысқа мерзімдік ауа-райын басқару

Орталық диспетчерлік қызмет

Ұзақ мерзімдік ауа-райын басқару

Агрометеорологиялық болжамды басқару

Гидрология департаменті :

Гидрологияны басқару

Мемлекеттік су кадастрын басқару

Гидрологиялық болжамдарды басқару

Метеорология департаменті:

Метеорологияны басқару

Климатологияны басқару

Агрометеорологиялық мониторингті басқару

Есептеу орталығы:

Ақпараттық ресурстарды алып жүру және пайдалануды басқару

Сандық әдістерді басқару

КЛИМАТТЫ ЖӘНЕ СУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Гидрологиялық зерттеулерді және есептерді басқару

Климаттық зерттеулерді басқару

Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулерін басқару

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ :

Экологиялық ақпараттарды басқару

Экологиялық мониторингті әдістемелік қамтамасыздандыру басқару

Қазақстан МГМС қызмет ету схемасы

ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕЛІСІ:

-МЕТЕОСТАНЦИЯЛАР

-ГИДРОБЕКЕТТЕР

-АЭРОЛОГИЯЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР

-Ақпаратты жинау және өңдеу орталығы (Қабылдау-жіберу, автоматтандырылған өңдеу, архивтеу)

ГИДРОМЕТОРТАЛЫҚ - метеорологиялық болжамдарды, ауа ластануының метеорологиялық жағдайлары болжамын, гидрологиялық және теңіз болжамдарын, агрометеорологиялық болжамдарды дайындау және жасау, апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың (АГҚ) туындауы туралы ескерту

Гидрологиялық мониторинг

- Бақылау желілері

- Мүдделі тараптарға оперативті қызмет көрсету, күнделікті гидрологиялық бюллетендер шығару

- ҚР өзендері мен су қоймаларындағы гидрологиялық жағдайды болжау

- Апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың туындау мүмкіндігі туралы ескерту

- Бақылауларды жинақтау.

Мемлекеттік Су Кадастрының басылымы:

- Құрлықтағы беткейлік су режимі және ресурстары туралы жыл сайынғы мәліметтер,

- Құрлықтағы беткейлік су режимі және ресурстары туралы көп жылдық мәліметтер,

- Беткейлік және жерасты су ресурстары, оларды пайдалану және сапасы (жыл сайынғы басылым)

- Гидрометеорология бойынша мәліметтерді Республикалық қорға енгізу.

"Қазгидромет" РММ гидрологиялық желісінің даму динамикасы

Гидрологиялық бақылаулар желісі

Гидрологиялық бақылаулардың су объектілерін қамтуы

http://cs629302.vk.me/v629302101/387fc/2AhnlP7fraU.jpg

Гидрологиялық жүйенің жағдайы

Қазіргі уақытта 155 өзен, 16 көл, 6 су қоймасы, 3 су арнасы, 2 теңіздің жағдайына гидрологиялық бақылау жүргізілуде.

2015 жылдың бірінші тоқсанында 302 гидробекет жұмыс жасады, оның ішінде 258 өзен, 35 көл, 9 теңіз, және 3 теңіз гидрометеорологиялық бекеттері.

ҚР шекарасын 55 өзен қиып өтеді: 24 өзен (ҚХР), 20 өзен (Ресей), 9 өзен (Қырғызстан), 2 өзен (Өзбекстан) .

Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің 2008 жылдың 15 наурызындағы № 65 жарлығына сәйкес ҚР-ң Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің жұмысын жаңарту бойынша кешенді шаралар қабылданды. Олар : 1. Мемлекеттік гидрометеорологиялық жүйесі мен қоршаған ортаны бақылау жүйесін дамыту; 2. Байланыс құралдары, деректерді өңдеу және беру жүйелерін жаңарту; 3. ҚР ҰГМЖ-ң басқаруы және ұйымдастыру жүйесін жетілдіру;

Жүзеге асырылып жатқан бақылаудың негізгі түрлері

Судың деңгейі мен температурасы -302 ГП

Судың шығымын есептеу- 243 ГП

Теңіз толқуы, судың тұздылығы және су жағасындағы су деңгейі- 9МГП

Химиялық сараптамаға су сынамаларын алу-214 ГП

Метеорологиялық бақылаулар-131 ГП

Гидрологиялық ақпарат түрлері

Күнделікті гидрологиялық бюллетеньі

Күнделікті қар көшкіні бюллетеньі

Күнделікті сел бюллетеньі

Каспий теңізінің жағдайы туралы онкүндік бюллетеньі

Каспий теңізі бойынша судың қауіпті деңгейінің болжамы, Каспий теңізінің жағажайындағы түрлі нүктелеріндегі судың деңгейі 120 сағатқа дейін

Гидрометеорологиялық қауіптер мен апаттардың болу ықтималдығы бойынша облыстарға алдын ала ескерту

ҚР бойынша өзендер мен су қоймаларының гидрологиялық жағдайының болжамы

Қазақстан басейндеріндегі ылғал жиналу қоры бойынша анықтама және болжамды өзендердің судың тасуы және вегетация кезеңдеріндегі сулылығы 1 ақпан, 1 наурыз, 1 сәуір деректері бойынша;

Су тасуының басталуы және созылуы, судың максималды деңгейі, су деңгейінің көтерілуі (жазық өзендер үшін) ;

Сырдария, Іле, Ертіс өзендерінің мұз қатуы мен мұз жару уақыттарының болжамы;

Қазақстандағы ірі су қоймаларына судың келуінің болжамы;

Өзендердің сулылығы туралы қысқа мерзімді болжамдар;

Мониторинг жүйесінің дамуы негізгі ақпарат көзі ретінде

Мониторинг және бағалаудың нәтижелілігі мен эффективтілігін келесі шараларды қолдану арқылы көбейтуге болады:

Ақпараттық қажеттілікті айқындау;

Мониторингтің даму стратегиясы бағдарламасын есептілік механизмдеріне сай дайындау;

Керек жағдайда мониторинг әдістері мен модельдерін құрамдастырып қолдану;

Ақпараттық қажеттілік және мониторинг

Оңтайлы және экономикалық тұрғыдан тиімді мониторинг бағдарламасын әзірлеу үшін ақпараттық қажеттілікті айқындау керек

«Ақпараттық қажеттілік» термині сәйкес ақпарат белгілі мәтінде берілуі керек деген дәл сұрақты білдіреді;

Ақпаратты айқындау қажеттілігінің деңгейі мониторинг және бағалау жүйесінің құрылымының өлшемдерін анықтай алу мүмкіндігімен бірдей болуы керек;

Ақпараттық қажеттілік және мониторинг

Тиісті мекемелер мен тұлғалардың қатысуы

Ақпаратты тұтынушылармен қатар ақпарат жеткізушілерді анықтау

Су шаруашылық объектілерін бақылауға жауапты мекемелерді ақпараттық қажеттілік есептерімен қамтамасыздандыру;

Тұжырымдау мен саясатты бағалау туралы ақпарат пен су шаруашылығын басшылық етудегі ақпарат арасындағы айырмашылықты көрсету;

Су ресурстарын пайдалану және қорғауға жауапты мекемелер ақпараттық қажеттіліңтерді айқындауда қатысулары керек;

Ақпаратты айқындауда тұтынушылар мен жеткізушілер тығыз қарым-қатынас жүргізулері керек;

Ақпараттарды айқындау келесі аспектілерді қамтуы керек:

Сәйкес параметрлер мен көрсеткіштерді таңдау;

Бағалау өлшемдерін анықтау;

Есептеме мен ақпарат беруге қойылатын тиісті талаптарды анықтау;

Әр бір айнымалы мониторинг үшін сәйкес ауытқу мөлшерін анықтау керек;

Шешім қабылдауға маңызды жағдайларды анықтау;

Нақты жауап қайтару уақытын анықтау керек;

Ақпаратың шынайылығының деңгейі жөнінде шешім қабылдау. Қаншалықты ақпарат жалған болуы мүмкін қарастыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Мониторингтің әдіс-тәсілдері
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Экологиялық қылмыстың түсінігі
Алматы қаласының жағдайындағы Drosophila мelanogaster популяциясындағы морфологиялық өзгерістердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу
Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау шараларының жүзеге асырылуы
Инвестициялық жобаға түсінік
Несиені қайтаруға ынталандыру
Экология және табиғат пайдалану жөніндегі халықаралық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер мен шарттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz