Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Су ресурстарын басқару саласындағы су заңнамасын жетілдіру
2. СРББ.ның экологиялық компонентін енгізу және сулардың сапасын басқару
3. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және трансшекаралық су объектілерін басқаруды жетілдіру
4. Жер үсті суларының ресурстары мен Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі су тұтыну
5. Су ресурстарын басқару жүйесін ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік саммит (Йоханнесбург қаласы, 2002 жыл) барлық елдерді 2005 жылға қарай Су ресурстарын бірігіп басқару және суды тиімді пайдалану жоспарларын әзірлеуге шақырды. Үшінші (Киото, 2003 жыл) және төртінші (Мехико, 2006 жыл) Бүкіләлемдік су форумдарында су дағдарысы, ең алдымен, басқару, мүдделі тараптар іс-қимылдарының келісілмегендігінің және жеткіліксіз қаржыландырудың дағдарысы болып табылатындығы атап көрсетілді.
Қазақстандағы су проблемаларының себептері де осыған ұқсас және оларды шешудің жаңа әдістерін қолдануды талап етеді.
Су ресурстарын бірігіп басқару (бұдан әрі - СРББ) қазіргі уақытта анағұрлым прогрессивті технология болып табылады және "Су өмір үшін" атты он жылдық іс-қимылдарының (2005 - 2015 жылдар) халықаралық басымдықтарының қатарына кіреді. Жаһандық Су Әріптестігі оны өмірлік маңызы бар тұрақты экожүйелердің орнықтылығын бұзбай тең құқылы негізде әлеуметтік және экономикалық даму көрсеткіштерін барынша арттыру мақсатында су, жер және олармен байланысты ресурстарды үйлесімді дамыту мен басқаруға ықпал ететін процесс ретінде айқындалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық тұщы су жылы (2003 жыл) және "Су өмір үшін" атты он жылдық іс-қимылдарының басымдығы (2005 - 2015 жылдар) әлемдік қоғамдастықта су саласында талқылаудан, ниет білдіруден және міндеттерді жариялаудан іс жүзіндегі шараларды орындауға көшу қажеттігінің түсінігін бекітті. Бұл халықаралық қоғамдастықтың адам үшін, өмір үшін қойылған жаңа стратегиялық мақсаты.
Осы Қазақстан Республикасының су ресурстарын бірігіп басқару және су пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі 2009 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жоспар (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі негіз қалаушы құжат болып табылады және Қазақстанда қолайлы құқықтық жағдайлар жасау, ұйымдық орта қалыптастыру және СРББ-дың құралдарын дамыту жөніндегі басымдық іс-қимылдар кешенін айқындайды.
1. http://adilet.zan.kz/
2. http://www.inform.kz/
3. http://fpge.tarsu.kz/

Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік

Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Су ресурстарын басқару саласындағы су заңнамасын жетілдіру
2. СРББ-ның экологиялық компонентін енгізу және сулардың сапасын басқару
3. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және трансшекаралық су объектілерін басқаруды жетілдіру
4. Жер үсті суларының ресурстары мен Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі су тұтыну
5. Су ресурстарын басқару жүйесін ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік саммит (Йоханнесбург қаласы, 2002 жыл) барлық елдерді 2005 жылға қарай Су ресурстарын бірігіп басқару және суды тиімді пайдалану жоспарларын әзірлеуге шақырды. Үшінші (Киото, 2003 жыл) және төртінші (Мехико, 2006 жыл) Бүкіләлемдік су форумдарында су дағдарысы, ең алдымен, басқару, мүдделі тараптар іс-қимылдарының келісілмегендігінің және жеткіліксіз қаржыландырудың дағдарысы болып табылатындығы атап көрсетілді.
Қазақстандағы су проблемаларының себептері де осыған ұқсас және оларды шешудің жаңа әдістерін қолдануды талап етеді.
Су ресурстарын бірігіп басқару (бұдан әрі - СРББ) қазіргі уақытта анағұрлым прогрессивті технология болып табылады және "Су өмір үшін" атты он жылдық іс-қимылдарының (2005 - 2015 жылдар) халықаралық басымдықтарының қатарына кіреді. Жаһандық Су Әріптестігі оны өмірлік маңызы бар тұрақты экожүйелердің орнықтылығын бұзбай тең құқылы негізде әлеуметтік және экономикалық даму көрсеткіштерін барынша арттыру мақсатында су, жер және олармен байланысты ресурстарды үйлесімді дамыту мен басқаруға ықпал ететін процесс ретінде айқындалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық тұщы су жылы (2003 жыл) және "Су өмір үшін" атты он жылдық іс-қимылдарының басымдығы (2005 - 2015 жылдар) әлемдік қоғамдастықта су саласында талқылаудан, ниет білдіруден және міндеттерді жариялаудан іс жүзіндегі шараларды орындауға көшу қажеттігінің түсінігін бекітті. Бұл халықаралық қоғамдастықтың адам үшін, өмір үшін қойылған жаңа стратегиялық мақсаты.
Осы Қазақстан Республикасының су ресурстарын бірігіп басқару және су пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі 2009 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жоспар (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі негіз қалаушы құжат болып табылады және Қазақстанда қолайлы құқықтық жағдайлар жасау, ұйымдық орта қалыптастыру және СРББ-дың құралдарын дамыту жөніндегі басымдық іс-қимылдар кешенін айқындайды.

Су ресурстарын басқару саласындағы су заңнамасын жетілдіру
Су ресурстарын және оның сапасын басқару саласындағы заңнаманы оң халықаралық тәжірибені ескере отырып, одан әрі жетілдіру қажет.
СРББ үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау мынадай іс-шараларды көздейді:
1) бірінші кезеңде (2009 - 2011 жылдар):
oo су ресурстарын басқару және экономиканың су секторын орнықты дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
2) екінші және келесі кезеңдерде (2011 - 2025 жылдар):
- республикалық және жергілікті су саясаты (басқару саласында) арасында өзара тиімді іс-қимыл жасасу үшін құқықтық негіздерді дамыту;
- су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтік әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру;
- қаржы ағынының салықтық төлемдерге (су объектілерін пайдаланғаны үшін төлем) және молықтыру төлемдеріне (су объектілерін қалпына келтіру мен қорғауға бағытталған төлем) бөлуді заңнамалық қамтамасыз ету;
- барлық өзен бассейндеріне арналған бассейндік келісімді дайындау, оларға қол қою және орындау.

СРББ-ның экологиялық компонентін енгізу және сулардың сапасын басқару
СРББ экожүйенің ең аз залалы жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейді. Экожүйелерді сақтауды Орталық Азия елдері Киевтегі (2003 жыл) Министрлердің жалпыеуропалық конференциясында Орталық Азиядағы басымдықты субөңірлік мақсат (1-Мақсат) деп жариялады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы он екінші сессиясының (2004 жыл) қарарында "салауатты экожүйелер су тазалығының қажетті шарты болып табылады және жоспарлау процесінде экожүйелердің құндылығын бағалау қажет" екендігін атап көрсетті. Су ресурстарын басқаруға деген кешенді көзқарас - СРББ "су ресурстарын қалпына келтіру, тазалау және игеру жөніндегі қымбат іс-шараларды" айналып өтуге мүмкіндік береді (XXI ғасырға арналған күн тәртібінің 18-тарауы).
Су экожүйелерінің салауаттылығын қамтамасыз ету су пайдаланушыларды қажетті көлемде және кепілдендірілген сападағы сумен қамтамасыз ету үшін қажетті су қорының сапалы экологиялық жай-күйінің кепілі болып табылады. Тек осы ретте ғана экожүйенің халыққа қажетті тауарлар мен қызметтер ұсыну: балық шаруашылығын, туризмді, денсаулық сақтауды және экономиканың басқа да салаларын дамытуды қамтамасыз ету қабілеті сақталады. Экожүйелік көзқарас, экожүйенің өзінің су қажет етуін қамти отырып, барлық су пайдаланушылардың мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.
Су тасқындарын болдырмау, су ағыны мен қорларын реттеу, жер үсті және жер асты сулардың сапасын арттыру, шоғырларды бекіту, топырақ эрозиясын азайту, өзен жағалаулары мен жиек сызықтарын тұрақтандыру және сырғымаларды азайту, суды инфильтрациялауды жақсарту, судың топырақта жиналуын ынталандыру, жер асты суларының толығуын жеңілдету және басқалар экожүйелердің салауаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар болып табылады.
СРББ экологиялық компонентін енгізу мынадай іс-шараларды көздейді:
1) бірінші кезеңде (2009 - 2011 жылдар):
- жол берілетін шекті зиянды әсерлер (бұдан әрі - ЖШЗӘ) нормативтерін қоса алғанда, су сапасы нормативтерінің (стандарттарының) жаңа буындарына көшу;
- тиісті бассейндердегі судың сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу (СРББ бассейндік жоспарлары мен су үнемдеу шеңберінде);
- су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бассейндік органдарының жанынан судың сапасын кешенді анықтау жөніндегі экспресс-зертханасы бар, мамандандырылған ақпараттық-талдау орталықтарын құру;
- Сулардың зиянды әсерінен болатын залалды бағалау әдістемесіне зерттеу жүргізу және оны әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жіберулерді есептеу әдістемесін дайындау;
- Қазақстан Республикасының шағын өзендерін оңтайлы басқару жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
- шағын өзендердің жай-күйінің аймақтық-өңірлік нормативтерін және жол берілетін антропогендік жүктемені әзірлеу саласындағы зерттеулер жүргізу, олардың су жиналғыларын қоса алғанда;
- су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
- заңнаманы су объектілеріне зиян келтіргені үшін жауапкершілікті арттыру бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
2) екінші және келесі кезеңдерде (2012 - 2025 жылдары):
- экожүйелік қызметтер үшін ақы төлеу жүйесін енгізу;
- су экожүйесі мен сулардың сапасының жай-күйінің мониторингі жүйесін құру және дамыту;
- экожүйелік көзқарас принциптерін және су экожүйелерін қорғау қажеттілігін ескере отырып, су заңнамасын жетілдіру.
Экожүйелік көзқарас СРББ процесін тәртіпке келтіреді. Су ресурстарын басқару неғұрлым айқындалған жүйелілікке ие болып отыр: су жинау аумақтарын қорғау (орман алқаптарын қалпына келтіру, жерді өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары, апаттық құбылыстарды болдырмау), жер үсті, жер асты және қайтарымды суларды келісіп басқару, ластануға қарсы күрес және басейндердің төменгі бөліктерінде экожүйелер үшін экологиялық су жіберу.
Экожүйелік шектеулер туралы түсінік келісілген іс-шараларды жүзеге асыру кезінде бенефициарлардың анағұрлым жалпы пайда алуы үшін негіз құра отырып, кіші секторлардың бәсекелестігінің баламасын қамтамасыз етеді. СРББ пайдаланушылардың экожүйелердің олар беретін қажеттіліктері мен пайдалары туралы хабардарлығын арттыра отырып, шешімдер қабылдау процесінде және қызметті жоспарлау кезінде экожүйелердің құндылығын ескеруге мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және трансшекаралық су объектілерін басқаруды жетілдіру
Трансшекаралық өзен бассейндерінде бірлесіп су пайдалану проблемаларын шешу бүкіл трансшекаралық бассейндер шегінде су ресурстарын бірігіп басқаруға үйлесімді көшу мақсатында Қазақстанның шектес елдермен ынтымақтастығын кеңейтуді талап етеді. Қазақстан қол қойған халықаралық шарттарға сәйкес барлық трансшекаралық өзен бассейндерінде суды пайдалану және су ресурстарын қорғау мәселелерін бірлесіп шешу үшін екіжақты комиссиялар мен жұмыс топтары құрылған. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерін орындау тетіктерін жақсартқан жөн болар еді.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және трансшекаралық суларды басқаруды жетілдіру мынадай іс-шараларды көздейді:
1) бірінші кезеңде (2009 - 2011 жылдар):
- сулар сапасының бірлескен мониторингі жөніндегі ережелерді қамти отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттарының өңірлік шарттық-құқықтық базасын кеңейту;
- Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенция (1992 жыл) шеңберінде Су және санитария мәселелері жөніндегі хаттамаға қол қою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қазақстанның Халықаралық су ағындарын пайдаланудың кеме жүзбейтін түрлерінің құқығы туралы конвенцияға (1997 жыл) қосылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қазақстан мен шектес мемлекеттердің су заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу және трансшекаралық өзендерді басқару саласын жетілдіру үшін ұсынымдар дайындау;
- трансшекаралық өзендер бассейндерінде су ресурстарын кешенді игеру мен ұтымды пайдаланудың жалпы принциптерін шектес мемлекеттермен бірігіп айқындау;
- тараптардың конвенциялар мен келісімдер бойынша міндеттемелерін ескеретін, өзен бассейндерін басқарудың бірыңғай халықаралық жоспарларын дайындаудың ресімдері мен әдістемесін әзірлеу;
- мемлекетаралық бассейндік су шаруашылығы ұйымдарының әлеуетін арттыру;
2) екінші және келесі кезеңдерде (2012 - 2025 жылдар):
еліміздің нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерін халықаралық су құқығы нормаларымен сәйкес келтіру;
су ресурстарының сапасын сақтау үшін қажетті, келісілген ұлттық және халықаралық құқықтық құжаттарды әзірлеу;
трансшекаралық өзен бассейндерінде экожүйелік қызметтер үшін ақы төлеу жүйесін енгізу;
тараптардың міндеттемелерді орындауын және сақтауын қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу;
су ресурстары жөніндегі ұлттық дерекқормен алмасу және су тасқындары мен экожүйелердің ластануының салдарларын бәсеңдету бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өңірлік ақпараттық желі құру.
СРББ негізінде трансшекаралық сипаттағы экологиялық су проблемаларын шешу Қазақстанның халықаралық шарттар, оның ішінде Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенция (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз), Биологиялық әралуандылық туралы конвенция (Рио-де-Жанейро, 1992 жылғы 5 маусым), Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенция (Орхус, 1998 жылғы 25 маусым), Эспода (Финляндия) 1991 жылғы 25 ақпанда жасалған Аралық шекара контексіндегі қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау туралы конвенция бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындауына жәрдемдесетін болады.

Жер үсті суларының ресурстары мен Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі су тұтыну
Елдің негізгі су шаруашылығы құрылыстары 30-40 жыл бұрын салынған. Қаржыландырудың жетіспеушілігінен су шаруашылығы секторы инфрақұрылымының жай-күйі аса тозған жағдайда. Бұл өзен құрылыстарынан бастап суару техникасымен қоса бүкіл инфрақұрылымға қатысты жәйт. Суды есепке алу жүйесі толығымен дерлік құлдыраған. Мұның барлығын халықаралық тәжірибені ескере отырып, қалпына келтіріп, жетілдіру және басқару кажет.
Су ресурстарын басқарудың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:
1) Ұйымдық ортаның жетілмегендігі және секторлық бытыраңқылық
Су ресурстарын басқаруды үйлестіру мәселелері экономика салаларын дамытудың әзірленетін стратегияларында шешімін таппай отыр. Біртұтас су шаруашылығы саясатын жүзеге асыру үшін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға жеткілікті өкілеттіктер берілмеген, бұл су саласын дамытуды ұзақ мерзімдік жоспарлауға, су объектілерін пайдалану мүдделерінің, теңгерімін сақтауды оларды қорғаумен бір кешенде қамтамасыз етуге, сондай-ақ шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықты тартуға теріс әсерін тигізеді.
2) Қазіргі бар заңнаманы іске асыру тетіктерінің тиімсіздігі
Қолданыстағы су секторының құқықтық базасы, негізінен алғанда, ынтымақтастық және салааралық өзара іс-қимыл жасау проблемаларының бүкіл кешенін қамтымайтын және шешімдерді дайындау мен қабылдаудың нақты тетіктері кірмейтін жалпы сипаттағы ережелер ғана енгізілген. Халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылады.
3) Қазіргі заманғы басқару құралдарын қолданудың шектелуі
Су пайдаланудың құқықтық, экономикалық және ғылыми-әдістемелік құралдары жетілдірілмейді, бұл су пайдалаушыларды суды ұқыпты және тиімді пайдалануға және су объектілерінің ластануының алдын алуға ынталандыруға ықпал етпейді. Жұртшылықтың басқару шешімдерін қабылдау процесіне әсер ету деңгейі аса төмен.
4) Экожүйелік шектеулерге мән бермеу
Экономиканың су секторын дамыту әлеуметтік, экономикалық және әсіресе, экологиялық талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Су шаруашылығы қызметінде табиғат қорғау талаптарына мән бермеу Қазақстанның барлық өзен бассейндерінде дерлік дағдарыстық жағдайдың туындауына әкелді. Ормандардың, жайылымдардың құлдырау, мұздықтардың азаю, су жинау аумақтарындағы интенсивті эрозия проблемалары декларацияланады, бірақ бассейндерді дамыту сценарийлерін модельдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз бола алмайды. Ел экономикасының дамуының су қорының жай-күйіне айтарлықтай тәуелділігіне қарамастан, су экожүйелерін және олар қоғамға беретін тауарлар мен қызметтерді экономикалық бағалау жүзеге асырылмайды.
Экожүйелердің құлдырау себептерінің бірі Қазақстан өзендері бассейндері суларының сапасын басқару жүйесінің жетілмегендігі болып табылады. Сулардың сапалық сипаттамаларының мониторингін: "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (жер үсті суларының фондық мониторингі), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармалары (өнеркәсіптік ағындар сапасының мониторингі), аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары (ауыз су қажеттілігіне арналған сулар сапасының мониторингі), Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық басқармалары (жер асты сулар сапасының мониторингі) жүзеге асырады. Осы ұйымдар ақпаратының басым бөлігі сулардың сапасын жақсарту бойынша шешімдер жоспарлау және қабылдау үшін қол жетімді емес әрі жеткіліксіз, жұртшылық үшін қолжетімдік шектелген.
5) Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жүйесінің жетілмегендігі
Осы салада жауапкершіліктің ведомствоаралық шашыраңқылығы байқалады (Төтенше жағдайлар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық жүргізуші субъектілер) және сулардың зиянды әсерінің салдарларының алдын алу мен оларды жою кезінде кешенді көзқарас жоқ.
Қазіргі уақытта сулардың зиянды әсерінің мәселелерін шешуде жүйелі көзқарас жоқ. Осы құбылыстар бойынша жүйелендірілген дерекқор жоқ, олардың көптеген түрлері бойынша заңдылықтар зерттелмеген, олармен байланысты ықтимал залалдың тәуекелдері мен ауқымы бағаланбаған. Судың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты арнайы жобалау және өндірістік бөлімшелер таратылған, ал жаңалары құрылмаған. Сондықтан, осы проблема жеткілікті түрде өзекті болып табылады.
6) Су шаруашылығы инфрақұрылымының жұмыс істеуі
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының іс жүзінде тозуы 60 % асады. Стратегиялық маңызы бар құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігі төмендеген. Ірі су тораптарының бөгеттері едәуір авариялық жай-күйде, олардың бұзылуы апаттық топан судың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Үлестіруші желілердің пайдалы іс-қимылдары коэффициентінің төмендігі, сулардың үлкен шығыны, жер асты суларының көтерілуі және қатар жатқан жерлердің сортаңдануы байқалады.
7) Азаматтық қоғамның және үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ) әлсіздігі
Су пайдаланушылар қауымдастығының (әрі қарай - СПҚ) және су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерінің (бұдан әрі - СПАТК) даму практикасы олардың қалыптасу кезеңінде екендігін және су ресурстарын жоспарлау, бөлу және басқару процестеріне іс жүзінде қатыспайтындығын көрсетеді. Олар су шаруашылығы инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ аумақтар мен халықты сулардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша шешімдер әзірлеуге және жауапкершілікті бөлуге қатыспайды.
8) Ұлттық ақпараттық жүйенің дамымағандығы
Мүдделі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ақпаратқа қол жетімділігі қамтамасыз етілмейді, басқарудың барлық деңгейлерінде қабылданатын шешімдердің объективтілігі төмендеуде. Экономиканың су секторында жоғары және орта буынды кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Білім беру стандарттарындағы қазіргі бар олқылықтар білікті мамандардың және оқыту қаражатының жетіспеушілігіне әкеледі.
9) Трансшекаралық суларды басқару және халықаралық ынтымақтастық проблемалары
Трансшекаралық су объектілерін басқарудың күрделі проблемалары трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселелерінің жеткіліксіз реттелуі, су ресурстарының жай-күйінің мемлекетаралық мониторингі жүйесінің және су ресурстарын пайдалану туралы шынайы деректер алмасудың, трансшекаралық өзендердің су шаруашылығы объектілеріндегі авариялық жағдайлар туралы өзара хабар берудің жоқтығы болып табылады. Бірлескен табиғи ресурстарды пайдалануды регламенттейтін құқықтық және әдістемелік негіз, сондай-ақ трансшекаралық экологиялық залалды бағалауда және өтеуде келісушілік жоқ. Трансшекаралық ластану проблемаларын екіжақты шешуге ұмтылыстар әзірше іс жүзіндегі нәтижелерге - трансшекаралық өзендердің ластану деңгейін төмендетуге әкелген жоқ. Осының бәрі республиканың су ресурстарын қалыптастырудың және су объектілері ластануының артуының жоғары деңгейімен қоса алғанда, халықтың және экономика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Су ресурстарын алаптық басқару
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
Пәндер