Экология пәнінің жаратылыстану және гуманитарлық пәндерінің ішіндегі үлесі. Экологиялық білім берудегі әдістемелік ерекшеліктері


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

СӨЖ

C:\Users\user\Desktop\Logotip_KazNU.gif

Тақырыбы: Экология пәнінің жаратылыстану және гуманитарлық пәндерінің ішіндегі үлесі. Экологиялық білім берудегі әдістемелік ерекшеліктері .

Оқытушы:Шенебекова Г.

Орындаған: Хабиева Айнагуль

Экология 411 топ

Жоспар

  1. Экология пәнінің жаратылыстану және гуманитарлық пәндерінің ішіндегі үлесі. Экологиялық білім берудегі әдістемелік ерекшеліктері .
  2. Экология мен экономикалық ғылымдардың өзара қатынастары экономикалық білім беру заңдылықтарының экологиялық заңдылықтарымен қалай ұштастыруға болады .

Экология пәнінің жаратылыстану және гуманитарлық пәндерінің ішіндегі үлесі.

20 ғасырдың 60 - 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э. Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде ағзалардың қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.

Экология - ағзалардың бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:

  • ең жалпылама түрде - қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән;
  • адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтік Экологияның негізгі міндеті - адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;
  • жекелеген әлеуметтік топтардың табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын адам экологиясының бір бөлігі;
  • адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан баға беруін зерттеу.

Зерттеу нысаны ортақ болуына байланысты әлеуметтік Экология адам Экологиясымен ұштасады. Экологияның негізі биологияда жатқанымен, қазіргі кезде ол шын мәнінде биология шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы, экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады. Көпшілік қауымға Экологияның биология негізінен гөрі оның табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды пайдалану (табиғатты пайдалану) сияқты қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сияқты салалық бөлімдері көбірек танымал. Экологияның барлық салаларының теориясы негізін құрайтын биология Экологияны немесе жалпы Экологияны айрықша қарастырған жөн. Биологиялық экология - негізінен биол. жүйелерге әсер етуші қоршаған орта факторларының үш тобын (абиотикалық фактор, биотикалық фактор, анторопогендік фактор) және жердегі тірі материяның ұйымдастырылуының төрт деңгейін (дара азғалар деңгейі, популяциялар деңгейі, экожүйелер деңгейі, биосфера деңгейі) зерттейді. Тиісінше, дара ағзаның немесе белгілі бір түрге жататын азғалар тобының қоршаған орта жағдайларымен, әсіресе физикалық ортамен қарым-қатынасын зерттейтін бөлімі аутэкология деп аталады; популяциялардың құрылымы мен сан динамикасы, популяция санының реттелу механизмдері, жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау, шаруашылық мәні бар түрлер мен олардың жекелеген популяцияларын сүйемелдеу немесе керісінше санын шектеу сияқты мәселелермен демэкология ( популяциялық Экология ) шұғылданады; өсімдіктерден, жануарлардан және микроағзалардан тұратын күрделі жүйелердің құрылымын, дамуын, орнықтылығы мен өнімділігін, аталған азғалар топтарының арасындағы сан алуан әсерлесулерді, олардың бір-бірімен және физикалық ортамен зат және энергия алмасуын зерттеу синэкологияның үлесіне тиеді. Жер биосферасының тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктерін, қалыптасу тарихын, құрылымы мен қызмет атқару заңдылықтарын, адамның шаруашылық және өзге де әрекеттеріне байланысты биосферада болып жатқан өзгерістерді, биосфераның келешегі мәселелерін глобалдық Экология (ғаламдық Экология) зерттейді. Глобалдық Экологияның теориясы негізін В. И. Вернадский тұжырымдаған биосфера туралы ілім құрайды. Қорыта айтқанда, биология пән ретінде, Экологияға әр түрлі деңгейдегі биология жүйелердің қоршаған орта жағдайларымен әсерлесе отырып қалыптасуы, дамуы және тұрақты қызмет атқаруы жөніндегі ғылым деп қарастыруға болады. Оның зерттеу бағыттары ортаға бейімделудің экология механизмдері, популяциялардың санын реттеу, өнімділік процестерін басқару, табиғи және антропогендік ценоздардың орнықтылығы, экологиялық индикация, Экологиялық мониторинг сияқты проблемалар төңірегінде шоғырланады.

Экологиялық білім берудегі әдістемелік ерекшеліктері .

Экологиялық білім беру деп әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму процестерін түсінеміз.

Қазақстанда Экологиялық білім беру бағдарламасы 1998 жылы қабылданып, білім, денсаулық сақтау және спорт Министрлігінің 1999 жылдың 4 қаңтарында №1 хаттамасы және табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің 1998 ж. 30 желтоқсан № 207 бұйрығымен бекітілді. Қабылданған Бағдарлама «Қазақстан-2030» стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепциясын тарату бойынша (3. 03. 1998 ж. №137 8 п. ҚР Үкіметінің Жарғысы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарлаған іс-шараларын жүзеге асыру үшін экологиялық білім беру бөліміндегі негізге алатын басты іс-құжат болып табылады.

Бағдарлама тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық дүниетанымын қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік ортасын экологияландыруды қарастырады.

Осыған орай, 1999-2000-шы оқу жылдарында жалпыға бірдей білім беретін орта мектептерге экология пәні енгізілген болатын. Ол пәнге, мектеп директорларының қалауы бойынша, оқу жоспарының жылжымалы бөлігінен факультативтік сабақ ретінде сағат бөлініп отырды. Бастапқы 2-3 жыл бойына экологиялық білім беру, қала мектептерінде жаппай қолға алынғанымен, соңғы жылдары оған көп көңіл бөлінбей отыр, тіпті кейбір мектептерде, мүлдем алынып тасталған. Оның өзі мектеп басшыларының экологиялық білім беруге салғырт қарайтындықтарын, яғни жоғарыда айтып өткендей, экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмендігін көрсетеді.

Экологиялық білім берудің келесі деңгейлерін бөліп қарастыруға болады:

1) Жанұялық ж\е мектепке дейінгі кезең

2) Мектеп кезеңі

3) Жоғарғы оқу орны кезеңі

4) Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кезең; ( кәсіби біліктілікті арттыру, мамандандарды дайындау, мамандарды қайта дайындау) .

Экологиялық білім беру мектепке дейінгі мекемелерден бастау алуы қажет. Бұл - экологиялық мазмұнға құрылған танымдық негіздегі амалдар мен ойындар, табиғатқа қамқорлық сипаттағы әдістер. Мұнан соң, бастапқы экологиялық білім, орта мектептерді қамтып, стандартты мәселелер мен табиғатқа әсер ету модельдерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім, іргелі ғылыми білімдерге сүйене отырып жүргізілуі қажет және пәнаралық байланыстар орын алуы тиіс. Сонымен қатар, жекелеп оқыту, икемді оқу жоспарлары мен арнайы бағдарламалар да қолданылады.

Мектепке дейінгі кезең, үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінің алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде бала табиғат жайындағы алғашқы білімдерді балаларға арналған табиғат жайындағы кітаптарын, мультфильмдерін, киноларын меңгереді.

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс.

Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушы-лық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т. б.

Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.

Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту - тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады. К. Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органы-мен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.

Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс - көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамыта-мыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.

Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.

Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда бола-ды. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т. б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.

Ойын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т. б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын сала-ды. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы: Орманшы, зообақтағы аңдар т. б олар өз ой-ындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді. Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.

Ата-ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ықпал күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады.

Мектеп кезеңі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту құралдарының кешені – физика курсын экологияландыруының алғышарты
Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелер
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz