“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер


“Клиникалық биохимия” пәні
№1 дәріс
Тақырыбы: “ Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні”
Дәрістің мақсаты:
Клиникалық биохимияның қысқша даму тарихы және оның зерттеу объектісі мен әдістері туралы жалпы түсінік беру.
Негізгі терминдер:
КЛИНИКАЛЫҚ БИОХИМИЯ, ҚАН, ЗӘР, НАТРИЙ ЦИТРАТЫ, ОКСАЛАТТАР, ТРИЛОН Б, ГЕПАРИН, ТОЛУОЛ, ТИМОЛ, ХЛОРОФОРМ, ФОРМАЛИН, ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ, ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ, ЭЛЕКТРОАНАЛИТИКАЛЫҚ, ОПТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР.
Дәрістің жоспары:
1. Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні.
2. Клиникалық биохимияның зерттеу объектісі.
3. Клиникалық биохимияда қолданылатын әдістер.
Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні
Клиникалық биохимия биохимияның қолданбалы саласы. Биохимия - тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, клеткалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметтерін зерттейтін ғылым.
Клиникалық биохимия жануарлар организмінің патологиялық немесе ауру жағдайындағы өзгерістерін, осы өзгерістерді анықтайтын әдістерді зерттейді.
Клиникалық биохимия пәнінің негізін салушы ғалымдар
Қазіргі кезде Биохимия саласындағы жүйелі зерттеулермен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеу орталығының институттары, медициналық, ауыл шаруашылығы оқу орындары айналысады. Витаминдер Биохимиясы, бұғақ ауруы мен қан ұю әсерінен туатын биохимиялық өзгерістер зерттелді (Б. И. Ильин-Какуев) . Гистохимия мәселелері, миоглобин, гемоглобин ақуыздары, тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысатын ферменттер биохимиясы (З. Қайыпова, А. Өтешев, т. б. ), зерттелді. Микроорганизмдер мен вирустар Биохимиясы дамытылды (Х. Жұматов, Е. Исаева) . Гипоксия (оттегі жетіспеуі) кезінде адамға қажетті ақуыз, май, көмірсулар, витамин мөлшерлері анықталды (А. Алдашев) . Қой организміндегі биохимиялық өзгерістер, төл организміндегі зат алмасу процесі зерттелді (Ө. Ташмұхаметов, Ә. Сәрсенов, Е. Ертаев, Б. Қарабалин), малда сүт шығару механизмі ашылды (Қ. Тәшенов) . Сиыр мен бие сүтіндегі ақуыздар, липидтер зерттеліп, осының нәтижесінде төлдің тіршілікке бейімділігін арттыру шаралары белгіленді (З. Сейітов, Ж. Жұмашев) . Аусыл, сарып, эхинококкоз, ценуроз патогенезіне биохимиялық тұрғыдан сипаттама берілді (В. М. Красов, Т. Омаров, т. б. ) . Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класы - ақпараттық рибонуклеин қышқылы (аРНҚ) ашылды (М. Айтхожин) .
Клиникалық биохимияның міндеттері:
- Әртүрлі жануарлардың паталогиялық жағдайдағы организмнің биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу;
- Биохимиялық зерттеудің дәстүрлі және перспективті (жаңа) әдістерін меңгеру;
- Биохимиялық зерттеулердің нәтижелеріне клиникалық түсініктер беру;
- Зертханалық саралауларды (талдауларды) есепке ала отырып, емдеу-профилактика-лық шараларды әзірлеу.
Клиникалық биохимияның зерттеу объектілері
Клиникалық биохимияның объектісі - зерттеуге алынған жануардан алынған түрлі биологиялық материалдар, сонымен қатар биологиялық зерттеулерге әртүрлі мүшелер мен ұлпалар алынады.
Тәжірбиелік клиникалық биохимия
Әмбебеап Арнаулы Дәстүрлі емес
Тәжірбиелік клиникалық биохимия саласы бойынша жануарлардан алынған биоматериалдар әмбебеп (қан, зәр, нәжіс, лимфа) және арнаулы (организмнен бөлінетін сұйықтар, қарын және асқазаннан алынған үлгілер, қақырық) бөленеді, ал қазіргі кезде медицинада дәстүрлі емес биоматериалдарға (шаш, түкірік, тырнақ ж/е т. б. ) көп көңіл бөлінеді.
Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір ережелері
- Тәуліктік өзгерісін есепке ала отырып жиналуы және қайта зерттеу жүргізу үшін биоматериалдар бір уақытта алынуы керек(мысалы, ірі қарааның қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты жағдайдағы мөлшері 2, 2 - 3, 2 ммолъ/л болса, азықтандырғаннан кейін 1-2 сағаттан соң оның мөлшері 2-4 есе көбейеді, ал көмірсулы азық шектен тыс берілсе глюкоза зәрмен де бөлінеді) ;
- Биоматериалдарды алу процесі (үдерісі) максимальды түрде ауыртпай және тез жүргізілуі керек;
- Биоматериалдар емдеу шаралары жүргізілместен бұрын алынуы керек;
- Алынған биоматериалдар жедел түрде таза және жабық ыдыстарға құйылуы керек(мысалы, билирубин, витамин В2және т. б. жарыққа сезімтал болғандықтан жарық өткізбейтін құтыларға алынуы керек)
Биологиялық процестер (үдерістер) үздіксіз және in vitro жағдайында жүргізілетіндіктен зерттеу барысын мүмкіндігінше азайту керек (бұл жағдайда консерванттар қолданылмайды және биоматериалдар төмен температурада сақталу керек) .
Қанды зерттеуге дайындау
Клиникалық биохимияның негізгі және жиі биохимиялық зерттеуге алынатын зерттеу объектісі - қан және оны малды азықтандырудан 5-6 сағат бұрын алу және қан ұйымау керек.
Жиі қолданылатын антикоагулянттар:
- қымыздық қышқылының тұздары (калий немесе натрий оксалаттары, 10 мл қанға 10-20 мг немесе 0, 15мл 10% ерітіндісі) ;
- натрий цитраты (лимонқышқылды натрий, 10 мл қанға 16 мг немесе 3, 2% ерітіндісінің 1:19 қатынаста) ; трилон Б (ЭДТА-ның динатрилі немесе дикалилі тұзы, 10 мл қанға 10 мг немесе 0, 1-0, 2 мл 10% ерітіндісі, пробиркаға 3-4 тамшы) ;
- гепарин (10 мл қанға 50 ЕД ерітіндісі 50 ЕД на 10 мл крови.
Зәрді зерттеуге дайындау
Жануарлардан зәр төмендегідей тәсілдермен:
- табиғи зәр шығару жолымен;
- катетер көмегімен (катетеризация) ;
- ұсақ малды арнаулы торларға салу арқылы алынады.
Зерттеулер жаңадан алынған зәрмен немесе 2 сағаттан кем емес уақыт ішінде жүргізіледі, ал мүмкін болмаған жағдайда зәр жабық ыдыста тоңазытқышта (36 сағаттан кем емес) немесе төмендегідей қосылыстармен консервіленеді:
- толуол - 100 мл зәрге 2 мл;
- тимол - 100 мл зәрге 1-2 кристалы;
- хлороформ немесе формалин - 100 мл зәрге 1-2 тамшы;
- бор қышқылы - 120 мл зәрге 0, 3 г.
Бактериологиялық зерттеулерде зәрді консервілеуге болмайды.
Клиникалық биохимияда қолданылатын сандық сараптау (анализ) әдістері
Зерттеуге алынған биоматераилдардың биохимиялық сараптау жасауда сандық әдістерді қолданылады және олар екіге жіктеледі:
физико-химиялық;
иммунохимиялық.
Физико-химиялық әдістер химиялық реакциялардың әсерінен жүйедегі физикалық шамалардың (түс, электрөткізгіштік, т. б. ) өзгеруіне негізделген.
Иммунохимиялық әдістер антиген мен антидененің бір-біріне әсеріне негізделген.
Негізгі зерттеу әдістері:
1. Гравиметриялық анализ реакция нәтижесінде алынған затты тұрақты салмаққа дейін кептіріп, аналитикалық таразыда өлшеуге негізделген.
2. Титрометриялық анализ - эвивалентті мөлшерде реакцияласатын заттардың нақты көлемін өлшеуге негізделген.
3. Электрокөлем (электроаналитиалық) әдістер ерітінділердің электро-химиялық қасиеттеріне негізделген.
4. Оптикалық сараптау әдістері - фотометрия (абсорбционды және эмиссионды), рефрактометрия, поляриметрия болып жіктеледі. Олар зерттелетін заттан өткен жарықтың қасиеттерінің өзгеруіне негізделген.
Бақылау сұрақтары:
- Клиникалық биохимия нені зерттейді?
- Клиникалық биохимия пәнінің негізін салуға қандай ғалымдар үлес қосты?
- Клиникалық биохимияның міндеттері қандай?
- Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір ережелері қандай?
- Қан мен зәрді зерттеуге қалай дайындайды?
- Клиникалық биохимияда қандай сандық сараптау (анализ) әдістері қолданылады?
Әдебиеттер:
1. Сеитов З. С. Биохимия. - Алматы: «Қазақ университеті», 2001.
2. Букин В. Н. Биохимия витаминов. Избранные труды. М. : Наука, 1982, 272-302.
3. Шилов П. И., Яковлек П. Н. Основы клинической витаминологии. Л., 1974.
№2 дәріс
Тақырыбы: “ Клиникалық витаминология және ферментология (энзимология) ”
Дәрістің мақсаты:
Клиникалық витаминология мен ферментологияның (энзимология) негізгі проблемаларын атап көрсете отырып, ауыл шаруашылық малдары организміндегі барлық аурулар витаминдердің жетіспеушілігі мен ферменттердің құрылымындағы және қызметіндегі ауытқушылық салдары ретінде қарастыру.
Негізі терминдер:
ВИТАМИНДЕР, МАЙДА ЕРИТІН ВИТАМИНДЕР, РЕТИНОЛ, ТОКОФЕРОЛДАР, КАЛЬЦИФЕРОЛДАР (ХОЛЕКАЛЬЦИФЕРОЛ, ЭРГОКАЛЬЦИФЕРОЛ), ФИЛЛО-ХИНОН, МЕНАХИНОН, ВИКАСОЛ, ЛИНОЛ, ЛИНОЛЕН ЖӘНЕ АРАХИДОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ (ПОЛИҚАНЫҚПАҒАН ҚЫШҚЫЛДАР), АВИТАМИНОЗ, ГИПОВИТАМИНОЗ, ГИПЕРВИТАМИНОЗ, КСЕРОФТАЛЬМИЯ, РОДОПСИН, РЕТИНАЛЬ, РАХИТ, ОСТЕОМАЛЯЦИЯ, ОСТЕОПОРОЗ, ГЕМОРРАГИЯ, ФИБРИН (ФИБРИНОГЕН), ТРОМБИН, ЭССЕНЦИАЛ ҚЫШҚЫЛДАР. КЛИНИКАЛЫҚ ФЕРМЕНТОЛОГИЯ (ЭНЗИМОЛОГИЯ), ЭНЗИМДЕР, КЛЕТКА ФЕРМЕТТЕРІ, ЭНЗИМОПАТИЯ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ, ЭНЗИМОДИАГНОСТИКА, ЭНЗИМОТЕРАПИЯ.
Дәрістің жоспары:
1. Клиникалық витаминология және ферментология (энзимология) жөнінде жалпы түсінік.
2. Мал организмінде майда витаминдердің авитаминозының клиникалық белгілері
3. Ферменттер белсенділігінің бұзылуы.
4. Клетка ферменттері.
5. Ферментопатологияның (энзимопатия) жіктелуі.
6. Витаминдер мен ферменттердің биологиялық маңызы.
Витамин - тіршілік амині
Витаминдердің негізгі белгілері (≈ 13 витаминдер бар)
- Тағам құрамында өте аз мөлшерде кездеседі (микрокомпоненттер) ;
- Организмде мүлдем синтезделмейді (түзілмейді) немесе аз мөлшерде ішек микрофлорасында синтезделеді (түзіледі) ;
- Құрылымдық қызмет атқармайды;
- Қуат көзі болып табылмайды;
- Өте аз мөлшерде биологиялық қызмет атқарады және зат алмасу үдерісіне әсер етеді;
- Ферментативті жүйенің кофакторлары болып табылады.
Егер затта осы витаминнің келтірілген белгілерінің 1-інен (кейбір жағдайда 2-інен) басқасы кездессе, онда ол - витаминтәрізді заттар.
Клиникалық витаминология жөнінде жалпы түсінік
Витаминология - өте жас ғылым, негізін салушы Н. И. Лунин (1881ж) .
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа - өмір, тіршілік; vitamin - тіршілік амині деген мағынаны білдіреді.
Клиникалық витаминология - азық-түлік және жем-шөп құрамында витаминдердің жетіспеуінен немесе мүлде болмауынан организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуын (авитаминоз, гиповитаминоз) зерттейтін клиникалық биохимияның саласы.
Ауыл шаруашылық малдары организміндегі витаминдердің жетіспеуінен немесе мүлде болмауынан туындайтын аурулардың табиғатын: эндогенді және экзогенді деп жіктейді.
Витаминдер:
- тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді;
- организмнің қорғаныштық қабілетін арттырады;
- жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті;
- белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдатады және реттейді.
Витаминдерді 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы) ;
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары.
Гиповитаминоз (авитаминоз) өте жиі кездеседі. Гиповитаминоздың (авитаминоз) себептері (экзогенді) :
1) Әлеуметтік факторлар :
витаминдер мөлшері жеткіліксіз біртекті немесе бір азықпен (тағаммен) қоректену, тұрмыс жағдайының төмен болуы;
2) Азықтың (тағамның) өңдеу технологиясының қателігі : ұзақ уақыт қыздыру немесе азықты бірнеше рет қыздыру витаминдерді жояды;
3) Темекі шегу, этанолды (арақ) ішу (алкоголизм)
4) Биологиялық факторлар:
сәбилік немесе қартаңдық, жүктілік, лактация кезеңі.
Гиповитаминоздың (авитаминоз) себептері (эндогенді) :
5) организмнің патологиялық жағдайы:
а) асқазан-ішек жолдарында сіңірілуі;
б) ішек инфекциясы:
қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметіне әсер ете отырып, В витаминдер тобының синтезін бұзады;
в) Бауыр қызметінің бұзылуы :
- провитаминдердің витаминдерге айналуын
- әртүрлі биосинтезге витаминдердің қатысуын
- бауырда витаминдердің жиналуын тежейді.
6) Өте көп мөлшерде дәрі-дәрмек қабылдау - бірінші кезекте антибиотиктерді қабылдау қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметін бұзады.
А витамині авитаминозының клиникалық белгілері
- көздің тор қабығының зақымдануы (ксерофтальмия, панафтальмия, іріңді конъюктивтит) ;
- эпителийдің қабынып, зақымдануы (тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмей, бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі органдарының кілегей қабаты қабыршақтанып, тері құрғақ тартып, оның беті кедір - бұдырланады, өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп, қабынады, организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, фолликулярлы гиперкератозға, дерматитке ұшырайды) ;
- ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекуі нашарлайды, жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін немесе төлі кішкентай болады өлі туады;
- жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады;
- Еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез немесе ұрықтың пайда болуы бұзылады.
А витаминінің жануарлар организміне қажетті мөлшері: тірідей салмағының 1 кг мөлшеріне 6 мкг (1 микро-грамм = 10 -6 г) .
Д витамині авитаминозының клиникалық белгілері
- Рахит/грекшеRhachis- арқа қыры, омыртқа бағанасы/ - мешел /құныс/ ауруы организдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
- Остеомаляция/грекше ostean - сүйек, malakia - жұмсару/ сүйек жұмсаруы, басқаша - остеодистрофия ауруы.
- Остеопороз/грекше ostean - сүйек, poros - саңылау, тесік/ сүйек қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілу процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады. Фосфор-кальций алмасуындағы тепе-теңдік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен құрылысында күрделі өзгерістер туады.
- D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемиді.
Ауыл шаруашылығы малдарының D витаминің мөлшері: тірідей массасының әр 100 кг мөлшеріне 25 мкг
Е витамині авитаминозының клиникалық белгілері
- Токоферолдың ұзақ уақыт жетіспеуі аталық малдың енін аздырып, ұрықтандыру қабілетін жояды.
- Е витамині жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен жүйке ткандерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады. Зақымданған қозылар мен бұзаулар аяғының, жүрегінің және тыныс алу органдарының еттері семіп қалады. Бұл індетті ақбұлшықет ауруы дейді. Селен микроэлементі жетіспегенде де осындай өзгерістер қой мен шошқа шаруашылығында кездеседі. Мұндай ауру қояндарда, тышқандарда, иттерде және теңіз шошқаларында да кездеседі.
Е витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: сиырдың 100 кг тірі салмағына 165 мг, бұқа үшін - 44-176 мг, шошқаға берілетін 1 кг азыққа 40 мг
К витамині авитаминозының клиникалық белгілері
- К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Себебі, К витамині қанның қалыпты жағдайда ұюына қажет. Ол осы құбылысқа керекті протромбин мен тромботропиннің бауырда түзілуіне әсер етеді. К авитаминозы кезінде протромбиннің ұюы баяулайды.
- К витамині жетіспегенде организмдегі фосфорлану процестері тежеледі.
- АТФ - бұлшық еттердің жиырылуына керекті зат. Сондықтан К витамині жетіспесе, бұлшық еттердің қызметі нашарлап, көптеген ферменттердің активтігі төмендейді.
К витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: шошқаға берілетін 1 кг азыққа 60-65 мкг
Клиникалық ферментология (энзимология) жөнінде жалпы түсінік
Клиникалық энзимология ферменттердің катализдеу әрекетінің механизмін, құрамы мен молекулалық құрылымын қалыпты және ауытқу жағдайында зерттейді және клиникалық биохимияның маңызды бөлімі.
Ферменттердің тазартылуы мен бөлінуі проблема-ларын шешумен, олардың топтасуын, ферментативті катализдің кинетикасын, ферменттердің ерекшелігін, тежелу мен белсенділігінің арттырылуын зерттеумен, олардың кофакторларын, сондай-ақ энзимдердің биосинтез процесін, олардың биологиясын, практикалық қолданылуын, оның ішінде энзимодиагностика мен энзимотерапиясын зерттеумен айналысады.
Ферменттер белсенділігінің бұзылуы
Организмде тіршілік процестерінің бірқалыпты жүрісі ферменттер әсеріне байланысты. Ферменттік реакциялардағы қандай болмасын жайсыз өзгеріс әр түрлі патологияға, дертті өзгеріске әкеліп соғады. Клеткалардағы немесе биологиялық сұйықтықтағы (мысалы, қан плазмасындағы) белгілі бір ферменттің активтілігін анықтау арқылы әр түрлі мүшелерде және ұлпаларда болып жатқан өзгеріс жөнінде тұжырым жасауға болады. Мұндай фермент активтілігіне қатысты зерттеулер адамның және жануарлардың ауруы жағдайын, оның диагностикасын бақылау үшін қажет.
Организмдегі жалпы патологиялық үдерістерге тән ферменттердің белсенділігі (активтілігі) өзгерісінің 3 түрі бар:
- қан құрамында болатын ферменттердің белсенділігінің (активтілігінің) жоғарылауы;
- қан құрамында болатын ферменттердің белсенділігінің (активтілігінің) төмендеуі;
- қалыпты жағдайда қан құрамында болмайтын фермент-тердің анықталуы (кездесуі) ;
Клетка ферменттері
Ферменттер клетка ішінде басым түрде орналасқан, митохондрия - клетканың пішіні эллипске ұқсас органелласы және митохондрияларда лимон қышқылының циклы (Кребс циклы) және тотыға фосфорлану сияқты тіршілік үшін аса маңызды процестер іске асады. Клеткалардың өсуіне және тіршілігіне қажетті барлық энергия дерлік осындай процестер нәтижесінде пайда болады. Тотығу энергиясы АТФ молекуласына жиналады. Сондықтан физиологиялық тұрғыдан митохондриялар биохимиялық «машина» немесе «қуат беруші станция» деп аталады. Сонымен катар митохондрияларда тыныс алу тізбегі ферменттерінің: кешен, цитратсинтетаза, изоцитрат-, малат-, сукцинат-, альфа-кетоглутарат-, ацетил-КоА-дегидрогеназалар, аспартат-аминотрансфераза (ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ ) және т. б. синтезі жүзеге асырылады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ
Аминотрансферазалар (трансаминазалар) амин қышқыл-дарынан кетоқышқылдарға амин топтарының тасымалдануын катализдейтін және олар баур мен жүрек бұлшықеттерінде кездесетін органоспецификалық ферменттер. Оларға: аспартат-аминотрансфераза (ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) жатады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ
Аминотрансферазалар (трансаминазалар) немесе аспартат-аминотрансфераза (ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) ферменттерінің белсенділігі (активтілігі) жеке қарастыру және паталогиялық үдеріс жайында тұжырым жасауға болмайды, сондықтан оларды кешенді түрде зерттеп, қорытынды жасау үшін клиникалық тәжірбиеде Ритис коэффициенті қолданылады. Осы коэффициенттің үй жануарлары үшін қалыпты мөлшері: иттерде 1, 0-1, 5; мысықтарды 1, 3-1, 7; сиырлада 0, 9-1, 4 болады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ (нақты ғылыми жұмыс нәтижелері)
Кесте 2. Әртүрлі физиологиялық топтардағы де Ритис коэффициентінің мәні
№
Физиологиялық топтар
Үлгінің саны
де Ритиса коэффициенті
1
Қой
10
2, 46±0, 287
2
Буаз қойлар
10
4, 32±0, 123
3
Қысыр қойлар
10
3, 1±0, 067
Алкогольдегидрогеназа катализдейтін реакция:
CH 3 ─ CH 2 OH + НАД + CH 3 ─ CHO + НАД - H + H +
Этил спирті Сірке альдегиді Тотықсызданған НАД
Алкогольдегидрогеназа ферменті көп мөлшерде бауырда кездеседі, ал сау адамда қан сарысуында бұл фермент болмайды. Қан сарысуында алкогольдегидрогеназа ферментінің пайда болуы бауырдың клеткаларының және бауыр қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады және мөлшерінің кенеттен көбеюі жіті гепатитте (острых гепатитах) байқалады.
Лактатдегидрогеназа катализдейтін реакция :
CH 3 ─ CH(OH) ─ CОOH + НАД + CH 3 ─ CO ─ CОOH + НАД - H + H +
Сүт қышқылы Пирожүзім қышқылы Тотықсызданған НАД
Лактатдегидрогеназа ферменті жылтыр, қаңқа және жүрек бұлшықеттерінде, клетканың денелі элементтерінде, сонымен қатар қатерлі ісік ұлпаларында кездеседі.
Миокард инфаркті, Боткин ауруы ( вирусты гепатит ), жіті панкреатит, пернициозды анемия, қатерлі ісік аруларында лактатдегидрогеназа ферментінің белсенділігінің айтарлықтай өзгеруі байқалады.
Ферментопатологияның (энзимопатия) жіктелуі
Энзимопатиялар:
1. Туа біткен энзимопатиялар - туғаннан метаболизмінде ауытқуы салдарынан болатын аурулар, олардың патогенезі қандайда бір ферменттің жоқтығы, жетіспеушілігі немесе фермент құрылымында ақау болуы салдарынан туындайды.
2. Жүре бара пайда болған (немесе иемденген) энзимопатиялар - патогенезі екінші рет қайталанған аурулар салдарынан болады.
Энзимопатиялардың толық жіктелуін А. Покровский (1966) келтірген:
1. Тұқым қуалайтын энзимопатиялар;
2. Улы энзимопатиялар;
3. Тағамдық энзимопатиялар;
4. Нейро-гуморальдық реттеудің бұзылуына байланысты болатын энзимопатиялар;
5. Ферментативті процестердің клеткаішілік реттілігінің бұзылуынан болатын энзимопатиялар .
Энзимодиагностика
Клиникалық энзимологияның басты бағыты - энзимодиагностика , ол қан сары суындағы, зәрдегі, асқазан сөліндегі және т. с. с. биологиялық сұйықтықтарда ферменттер-дің өзінің патологиясы кезінде ашылу және сандық жағынан анықталу барысында, нормадағы не нормадағы емес химиялық заттарды ашу және сандық жағынан анықтау үшін сезімтал реагенттер ретінде ферменттерді пайдалану барысында дамиды. Сонымен қатар кейбір мүшелер мен ұлпалардың органикалық және функциональдық зақымдалуының диагностикасы үшін жоғары сезімталдығымен, әрі өзіндік ерекшелігімен жекелеген ферменттік тестілер қолданылады.
Ферменттер диагностикалық мақсатқа орай әртүрлі биологиялық материалда: қанның сарысуында, зәрде, терде, түкірікте, жұлында, ұйыма, синовиальды және көз жасы сұйықтықтарында, асқазанда, 12 елі ішекте, қида, спермада, әйелдің жыныс мүшесінен бөлінетіндерге, ұлпалар мен субклеткалық құрылымдарда зерттеледі.
Энзимотерапия
Клиникалық энзимологияның басты бағыттарының бірі - энзимотерапия .
Клиникада асқазан-ішек ауруларына пепсин, трипсин, химотрипсин және олардың қоспалары (абомин, химопсин) қолданылады. Протеиназа, ДНКаза, РНКаза, гиалуронидаза, коллагеназалар және эластазалардан басқа, жеке немесе протеиназалармен қоспасы жараларды, қабыну бөліктерін, күйікті, ісіктерді жоюға, өкпе туберкулезін емдеуге пайдаланылады. Энзимдер сонымен катар жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге және қанды сұылтуға қолданылады.
Бірақта олардың тұрақсыздығы, жөнсіз антигенді касиеттері мен зақымдалған мүшелер мен ұлпаларға жеткізілу қиындығы ферменттік препараттарды пайдалану мүмкіндігін едеуір шектейді. Сондықтан ферменттердің иммобилизациялау әдістерін жасау аталған қиындыктарды жоюға жол ашып берді.
Бақылау сұрақтары:
- Клиникалық ферментология (энзимология) нені зерттейді?
- Ферменттер дегеніміз не? Ферменттер қалай жіктеледі және қалай аталады?
- Қандай клетка ферменттерін білесіз?
- Энзимопатияның түрлері.
- Энзимопатияның шешімі неде?
- Қандай энзимодиагностика әдістерін және энзимотерапияларды білесіз?
Тапсырма:
- “Витаминдердің авитаминозының белгілері” тақырыбына глоссарий жазу (тәжірбиелік сабаққа) .
№3 дәріс
Тақырыбы: “ Клиникалық эндокринология”
Дәрістің мақсаты:
Клиникалық эндокринология негізгі проблемаларын атап көрсете отырып, клиникалық эндокринологияның әмбебап тұжырымдарын барлық аурулар гормондардың құрылымындағы және қызметіндегі ауытқушылық салдарын қарастыру.
Негізі терминдер:
КЛИНИКАЛЫҚ ЭНДОКРИНОЛОГИЯ), ГОРМОНДАР, ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ, ГИПОФИЗ, ҚАЛҚАНША БЕЗІ, ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АРАЛЫҚ АППАРАТЫ, БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІ, АТАЛЫҚ БЕЗІ, АНАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗІ, ТҮЙІН ТӘРІЗДЕС БЕЗ (ЭПИФИЗ), АЙЫРША БЕЗІ (ТИМУС), ЭКЗОФТАЛЬМ, ЭНДОФТАЛЬМ, ГИПОТИРЕОЗ, ГИПЕРТИРЕОЗ, ЭНДОКРИНОПАТИЯ.
Дәрістің жоспары:
1. Ішкі секреция бездері, қызметі.
2. Клиникалық эндокринология жөнінде жалпы түсінік.
3. Ішкі секреция бездері белсенділігінің бұзылуы.
4. Гормондар бөлетін бездердің ағзаға әсері.
5. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz