Батысшылдық бағыт.Славянофильдік бағыт



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Батысшылдық бағыт
b. Славянофильдік бағыт
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Философия тек адамның таза ақыл-ойының əрекетiнiң өнiмi ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нəтижесi ғана емес, ол ұлттың рухани тəжiрибесiнiң көрiнiсi, əр алуан мəдениет туындыларынан көрiнетiн оның интеллектуалдық потенциалының көрiнiсi. Ол философиялық жəне тарихи бiлiмнiң синтезi бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның iшкi мəнiн ашуды мақсат тұтады. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмiрдегi Ресейдiң ерекше орны мен рөлiн негiздеу жəне iздестiру болды. Жəне бұл орыс философиясын түсiну үшiн маңызды, өйткенi ол тарихи дамуының өзгешелiгiне орай өзiнiң ерекше белгiлерiмен көзге түседi.
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңi – XI-XVII ғасырлар, өзiнiң пайда болған кезiнен ол əлемдiк философиямен байланыстылығымен сипатталады, бiрақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да терiске шығаруға болмайды. Ол Киев Русiнде пайда болады жəне 988 жылы Рустiң шоқынуынан басталған христиандандыру процесiмен байланысты болды. Өзiнiң пайда болуында ол бiр жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бiрқатар белгiлерi мен бейнелерiн қабылдаса, екiншi жағынан, христиандықты қабылдаудың нəтижесiнде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антикалық философияның көптеген идеяларын бойына сiңiрдi. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философияның тұжырымдамаларының бекiтiлуiне ықпал еттi. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негiзгi бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйiнде болса да антикалық, византиялық, ертеболгар дүниетанымының идеяларын бойына сiңiрдi. Оның үстiне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзiнiң жеке жазба тiлiн əуел бастан қолданды.
• Ғабитов Т.Х. Философия оқулық. Алматы 2002 жыл 2.
• Кішібеков Д. Философия Алматы 1998 жыл

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Батысшылдық бағыт
b. Славянофильдік бағыт
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер



Кіріспе
Философия тек адамның таза ақыл-ойының əрекетiнiң өнiмi ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нəтижесi ғана емес, ол ұлттың рухани тəжiрибесiнiң көрiнiсi, əр алуан мəдениет туындыларынан көрiнетiн оның интеллектуалдық потенциалының көрiнiсi. Ол философиялық жəне тарихи бiлiмнiң синтезi бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның iшкi мəнiн ашуды мақсат тұтады. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмiрдегi Ресейдiң ерекше орны мен рөлiн негiздеу жəне iздестiру болды. Жəне бұл орыс философиясын түсiну үшiн маңызды, өйткенi ол тарихи дамуының өзгешелiгiне орай өзiнiң ерекше белгiлерiмен көзге түседi.
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңi - XI-XVII ғасырлар, өзiнiң пайда болған кезiнен ол əлемдiк философиямен байланыстылығымен сипатталады, бiрақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да терiске шығаруға болмайды. Ол Киев Русiнде пайда болады жəне 988 жылы Рустiң шоқынуынан басталған христиандандыру процесiмен байланысты болды. Өзiнiң пайда болуында ол бiр жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бiрқатар белгiлерi мен бейнелерiн қабылдаса, екiншi жағынан, христиандықты қабылдаудың нəтижесiнде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антикалық философияның көптеген идеяларын бойына сiңiрдi. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философияның тұжырымдамаларының бекiтiлуiне ықпал еттi. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негiзгi бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйiнде болса да антикалық, византиялық, ертеболгар дүниетанымының идеяларын бойына сiңiрдi. Оның үстiне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзiнiң жеке жазба тiлiн əуел бастан қолданды.

Негізгі бөлім
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңi - XI-XVII ғасырлар, өзiнiң пайда болған кезiнен ол əлемдiк философиямен байланыстылығымен сипатталады, бiрақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да терiске шығаруға болмайды. Ол Киев Русiнде пайда болады жəне 988 жылы Рустiң шоқынуынан басталған христиандандыру процесiмен байланысты болды. Өзiнiң пайда болуында ол бiр жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бiрқатар белгiлерi мен бейнелерiн қабылдаса, екiншi жағынан, христиандықты қабылдаудың нəтижесiнде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антикалық философияның көптеген идеяларын бойына сiңiрдi. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философияның тұжырымдамаларының бекiтiлуiне ықпал еттi. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негiзгi бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйiнде болса да антикалық, византиялық, ертеболгар дүниетанымының идеяларын бойына сiңiрдi. Оның үстiне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзiнiң жеке жазба тiлiн əуел бастан қолданды.
Философиялық бiлiм дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметтi де атқарады, ал Ертедегi Рустiң рухани өмiрi монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық iлiмнiң сипатына өз əсерiн тигiздi. Жалпы алғанда, философиялық жəне тарихи ой христиандықтың принципiне негiзделдi.
Адамзат пен орыс халқының тағдырларын философиялық пайымдауда əуел бастан- ақ патриотизм мен тарихи тереңдiк орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтiк митрополит Илларион (XI ғасыр) „Заң жəне береке туралы" сөзiнде-ақ „орыс жерiнiң" қасиеттi дүние құдiретiнiң жалпыəлемдiк процесiне енуiн дiнтанулық тарихи тұрғыда негiздейдi. Оның жұмысында Ресейдiң тағдыры жəне орыс халқы мен орыс мемлекетiнiң əлемдегi мəнi мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседi. Орыс философиялық ойының онан арғы дамуы адамгершiлiк-практикалық уағыздардың дамуы ағымында жəне əлемдiк өркениеттiң дамуындағы православиелiк Рустiң ерекше мақсаты туралы ойды негiздеу түрiнде жүрдi. Ресейдiң ерекше миссиясы туралы идея XVI ғасырда „Москва - үшiншi Рим" доктринасының пайда болуына алып келдi. Доктринада нағыз шынайы iлiм ретiндегi православтiк христиандық барлық билiктiң негiзi екендiгi бекiтiлдi. Алғашқы екi Рим де өмiр сүрулерiн тоқтатты, бастапқы ескi Рим IV ғасырда варварлардың (тағылардың) шабуылы нəтижесiнде христиандық iлiмнiң орталығы ретiнде күйресе, ал екiншi „жаңа Рим" - Константиполь христиандық идеялардың жалғастырушысы бола отырып XV ғасырда түрiктердiң тегеурiнi нəтижесiнде Византиямен қатар құлады. Ресей христиандықтың мұрагерi ретiнде „Москва - үшiншi Рим" доктринасында бiрiншi жəне екiншi Римнiң iзбасары түрiнде көрiнедi. Өзiн үшiншi Рим, ал төртiншiсi болмайды деп есептейдi. Филареттiң айтуынша алғашқы екi Римнiң күйреуiнiң себебi нағыз шынайы дiн - православиенi сатып кеткендiгi жəне сол үшiн құдайдың қарғысына ұшырағандығымен түсiндiрiлдi. Бұл доктрина мемлекеттiк өзiндiк сананың басты доминанты болды.
Сонымен орыс философиясындағы ой „орыс идеясының" ағымында қалыптасты. Ресейдiң ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзiндiк санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан ары қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдан бастапқы кезеңдерiнде сөз болды. Бұл кезеңдегi оның негiзiн салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. „Орыс идеясы" əлем халықтарын бүтiндей бiртұтастыққа бiрiктiретiн жалпыадамзаттық идеяның терең көрiнiсi болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандықтың негiзiнде бүкiл адамзаттық өркениеттiк қозғалыстың басында болуы тиiс. Орыс философиялық ойындағы қызықты iзденiстер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты жəне екi тенденцияның (үрдiстiң) қарама-қайшылығы негiзiнде өттi. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмiрiнiң өзгешелiгiмен байланыстырады. Екiншi тенденция Ресейге европалық мəдениеттiң даму процесiн таңуға тырысты. Бұл тенденцияның өкiлдерiнiң айтуынша Ресей Европаның даму жолына барлығынан кейiн түскендiктен, Батыстан көп нəрсенi үйренiп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиiс.
Бұл екi тенденцияның өзiнiң айқын теориялық жəне қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Бiрiншiсiн славянофильдер, екiншiсiн батысшылдар бiлдiрдi. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екi бағыт қалыптасты. Бұл екi бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рөл атқарды. Өзiнiң көзқарастарын ол атақты „Философиялық хаттарында" баяндады. Чаадаев католиктiк Батысты дəрiптеп, оны Ресейге үлгi тұтты, ал екiншi жағынан, Ресейдiң Батыстан айырмашылығы оның ерекше „Ғаламдық миссиясында" деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегi славянофильдiктiң де, батысшылдықтың да негiзiн қалаушы болып табылады. Əрине Чаадаев өз позиясының екiжақтылығын түсiндi жəне осыған байланысты орыс халқы өзiне тиеселi идеяны iздестiру үстiнде деп айтты. Ұлттық идея сипатының белгiсiздiгi туралы автордың пiкiрi кейiнгi орыс қоғамдық ойының өкiлдерiнiң көзқарастарды талдауында айқындала түседi. Бұл екi бағыт та Орыс идеясының мəнi мен мағынасын қарама-қайшы кейiпте түсiндiредi.
Ресейдiң дамуын европалық үлгi бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкiлдерi қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шiркеудi сынап, материализмге сүйендi, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсiп шықты.
Батысшылдар Ресейдiң „европаландыру" идеясын насихаттады жəне қорғады. Олардың пiкiрiнше, ел Батыс Европаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың iшiнде экономикалық жəне мəдени артта қалушылығын жойып европалық жəне əлемдiк өркениеттiң толыққанды мүшесi болуы тиiс.
Евразияшылдықтың басты құндылығы оның географиясының кең байтақтылығы немесе оның негiзiн қалаушылардың мүддесiнде емес, орыс тарихы мен мемлекеттiлiгiнiң iшкi тұтас терең дəстүрлерiне негiзделген идеяларында едi. Евразияшылдарға тəн нəрсе ерекше тарихи тағдыры бар материк, бүтiндей географиялық континент Евразия құрамындағы Ресейдiң орнын көруге мүмкiндiк берген ерекше кеңiстiктiк-уақыттық оптика, үлкен тарихи көзжанар болатын. Евразияшылдар орыс мəдениетiн европалық мəдениеттiң тек бiр бөлiгi ретiнде ғана емес, сонымен қатар шығыстық тəжiрбиенi де сол мөлшерде бойына жинақтаған дербес мəдениет ретiнде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан орыс халқын европалықтарға да, азиаттықтарға да жатқызуға болмайды, өйткенi ол төлтума этникалық қауым - Евразияға жатады. Орыс мəдениетi мен мемелекеттiлiгiнiң мұндай даралығы Ресейдiң ерекше тарихи жолын, оның батысевропалық дəстүрмен сай келмейтiн ұлттық-мемлекеттiк бағдарламасын анықтайды. Оның үстiне, Ресей үшiн азиялық қайнар батыстан гөрi iштей жақын. Еразияшылдар Ресейдiң шығыстық бағдарын елдiң геосаяси жағдайымен байланыстырды, ал дiни саланы қамтымайды. П.Н.Савицийдiң жазуынша, орыстар терең „православиелiк адамдар" болып қала бередi, олар үшiн православие „бағдаршам" болып табылады. Евразияшылдар өздерiне дейiн өмiр сүрген Данилевский, Леонтьев, Достоевский сияқты славянофильдердi жақын тұтқанымен, олар одан ертеректегi дəстүрге көбiрек сүйенедi. Евразиялық қозғалысты мұқият зерттеу революциялық өрттiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстың діни философиясының ерекшелігі
Орыс философиясының ерекшеліктері
Орыс философиясының кезеңдері мен бағыттары
Орыс философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері
Орыстың діни философиясы
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Орыс философиялық ойындар
Діни орыс философиясы
Орыс философиялық ойлары
Пәндер