Техника философиясы



1. Техниканың анықтамасы және тарихы.
2. Техника философиясы, оның статусы.
3. Техника және адам.
4. Технология және информатика.
“Техника” терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді.
Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қолданылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, яғни артефактілердің жиынтығы ретінде. Екіншіден, терминнің алғашқы мағынасына сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтығы ретінде. Сонымен, техника – құралдар мен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі.
Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзег асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән “табиғи технологияның” іске асуы деп қарастырады.
Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.
Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені табиғатын, оның пайда болу және даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға, жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы ғылыми болжамдар жасайды.
1 (Смысль и назначение истории, М., 1991, 113-бет).
2. (Жаңа техника // Батыстағы жаңа технократиялық толқын, 119-бет)
3 (2. Чумаков А. Н. Глобалистика // Новая философская энциклопедия: В 4 т. - Т. 1. - М.: Мысль, 2000.
4. Асмус В. Ф.Антикалық философия - М. Үлкен мектеп , 1999.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
1. Техниканың анықтамасы және тарихы.
2. Техника философиясы, оның статусы.
3. Техника және адам.
4. Технология және информатика.
"Техника" терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді.
Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қолданылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, яғни артефактілердің жиынтығы ретінде. Екіншіден, терминнің алғашқы мағынасына сәйкес - жасай білудің, әдістердің жиынтығы ретінде. Сонымен, техника - құралдар мен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде - құралды қолдану тәсілі.
Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзег асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән "табиғи технологияның" іске асуы деп қарастырады.
Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.
Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені табиғатын, оның пайда болу және даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға, жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы ғылыми болжамдар жасайды.

Техника философиясы

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда әртүрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Шындығында да қазіргі өмірде теника мен технологияның маңызы және рөлі орасан зор. Адаммен бетпе-бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты мәселесіне айналды. Қазіргі техниканың өмірдің барлық салаларына енгізілуін және оның біздің өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей және ойлау барысында дәстүрлі тарихи таңбаларды қолдана отырып біздің қазіргі және өткен өміріміздің арасында салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған радикалды өзгерістерді ескеру қажет. Техника мен технология бүгінгі қоғамның жедел дамуының маңызды факторына айналды жэне техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде-бір саласы қалмады. Қазіргі коммуникация құралдарының арқасында мемлекеттің еркі оның ең шалғай аудандарына дейін қамтып, кез келген уақытта әрбір үйде өзін білдіре алады. Техниканың әсерімен терең процестер орын алады, еңбек өнімділігі өте шапшаң өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қазіргі техника тіпті адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе адамға табиғаттағы да, әлеуметтік саладағы да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт бөлінсе, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника мен технологияның ықпалмен болатын өзгерістердің жылдамдығы сонша, қазіргі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп үлгіре алмайды және әрқашанда таусылмайтын жаңа мәселелердің үнемі туындап отыруына әкеледі. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын қою қажеттілігі туындайды.
Техника философиясы - бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан кешіп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бірі. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И.Бекманның есімімен және 1777 жылы басылып шыққан оның Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың "Техника философиясының негізгі белгілері" деп аталатын жұмысы болып саналады. Техника философиясы-қазіргі әлемдегі техника феноменін философиялық-методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қазіргі философиядағы бүтіндей бір бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Европа мен Солтүстік Америкада, кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, Мэмфордты, К.Шиллингті және т.б. жатқызуға болады. Бірақ, сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, еңбектің табиғи және жасанды органдары арасындағы анология туралы ой Платон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды құралдың құралы деп атаса, Гегель де осы идеяны қайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің пікірінше техникалық жабдықтар объектінің табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: адам өзінің мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие болады. Антикалық авторлар мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп және Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі идеясы техника феноменін органопроекция негізінде түсінумен сипатталады. Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы, оларды сыртқы әлемге проекциялау арқылы жүзеге асады. Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қолданылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, яғни артефактілердің жиынтыгы ретінде. Екіншіден, терминнің алғашқы мағынасына сәйкес жасай білудің, әдістердің жиынтығы ретінде. Сонымен, техника - құралдармен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде - құралды қолдану тәсілі.
Біздің ойымызша, техника ұғымы адам және адам қоғамы ұғымдарымен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс, сонда ғана оның философиялық мәнін түсінуге болады. Осы тұрғыдан талдағанда, техника - адамның өзін қоршаған ортада, табиғатта оны өзгерту арқылы өмір сүре білу және өмірінің сапасын жақсарту кабілетін көрсететін мәндік сипаты. Техника адамды табиғаттағы басқа тірі организмдерден ерекшелендіретін өмір сүру тәсілі деуге болады, ал адамның өзгерту қабілеті оның қызметінің материалдық құралдарында көрініс табады. Техника ұғымының бұл екі түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты.
80-жылдары техника философиясында антропологиялық аспект, прогрестің адамзаттық өлшеміне көңіл аудару күшейе түсті. Көптеген батыстық философтар техниканың мәнін ұғыну оны техника мен технологияны тарихи ағымында ғана қарастырмай мүмкін емес деген қорытындыға тоқталды. Техника мәселесіндегі антропологиялық тәсіл американдық философ Х.Сколимовскидің Техника философиясы адам философиясы ретінде деген жұмысында айқын көрінеді. Х.Сколимовски техниканың дамуы үнемі мәдени мутациямен, терең әлеуметтік өзгерістермен байланысты ма деген мәселені зерттеумен айналысады. Ол осыған байланысты Қытайда техниканың гүлденуі XIV жүзжылдықта, яғни батыстық Ренессанс пен европалық ғылыми революцияға дейін жүзеге асқандығы туралы айғаққа көңіл аударады. Демек, ғылыми революция әрқашанда техника гүлденуінің қажетті алғышарты бола бермейді, ал техниканың өріс алуы міндетті түрде қандай да болсын қоғамдық өзгерістерге әкеле бермейді.
Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен бетбұрысқа әкелді, біз адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде тұрғанымызбен оның барлық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкелдердің де қолынан келмейді. Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені табиғатын, оның пайда болу және даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға, жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы ғылыми болжамдар жасайды.
Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 (Смысль и назначение истории, М., 1991, 113-бет).
2. (Жаңа техника Батыстағы жаңа технократиялық толқын, 119-бет)
3 (2. Чумаков А. Н. Глобалистика Новая философская энциклопедия: В 4 т. - Т. 1. - М.: Мысль, 2000.
4. Асмус В. Ф.Антикалық философия - М. Үлкен мектеп , 1999.
ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда әр түрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерми - низм -- бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияның маңызды рөлі орасан зор.
Адаммен бетпе - бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты мәселесіне айналды. Қaзipгi тех - никаның барша өмір салаларына енгізілуін және оның өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей және ойлау барысында дәстүрлі тарихи қалыптарды қолдана отырып, қазіргі және өткен өміріміз арасында салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған радикалды өзгерістерді ескеру қажет .
Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде - бір саласы қалмады. Қaзipгi коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркі ең шалғай аудандарға дейін қамтып, кез келген уақытта әр шаңырақтан өз құдіретін сездіре алады. Техника әсерімен терең үдерістер орын алады, еңбек өнімділігі қарқынмен өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қaзipгi техника тіпті адамның тылсымдық тұңғиығына да ықпа - лын тигізеді. Егер ертеректе адам табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып жатса, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника, технология ықпалымен өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша, бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп те үлгере алмайды және қашан да таусылмайтын жаңа мәселелер толассыз туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі туындайды.
Техника философиясы - бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңінен бастан кешіп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бipi. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И.Бекман есімімен және 1777 жылы басылып шыкқан оның Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың Тех - ника философиясының нeгiзгi белгілері деп аталатын жұмысы болып саналады.
Техника философиясы - қазipгi әлемдегі техника феноменін философиялық - методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қaзipгi философиядағы бүтіндей бip бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада, кейнірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, М.Хайдеггерді, Ортега-и-Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллинги және т.б. жатқызуға болады. Бірақ сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, енбектің табиғи және жасанды органдары арасындағы апология туралы ой Пла - тон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды құралдың құралы деп атаса, Гегель де осы идеяны кайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің, пікірінше техникалық жабдықтар объект табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: адам өз мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие болады. Антик әлемі авторлары мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп және Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі идеясы техника феноменін органопроекция негізінде түсінумен сипатталады. Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы, оларды сыртқы әлемге проекциялау арқылы жүзеге асады.
Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама - қарсы позицияны ұстанған философ - неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр, Э.Капп және Л.Нуаре ұсынған техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат заңдарымен байланысты және оның шектерінен тысқары шықпайды деп есептейді. Алайда бұл да ешнәрсені айқындамайды, техниканың автономды да мәні бар. Оның пікірінше техникалық идеялар адам ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегімен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдіретті ақыл ойының көpiнici.
Техника мәселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бipiн алады және көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы Техника туралы мәселе деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетасқа қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: техниканың мәні белгілі мағынада техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жай ғана ойлағанда, оны қолданғанда, басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне деген өз қатынасымызды ешқашан да сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та, біз техникаға құлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өpic алған мұндай көзқарас оның мәніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады.
Хайдеггерге дейін техника ақыл - ой мен қайырымдылықтың (ізгіліктің) салтанатты шеруі ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы шығу емес, оны қолдануға қарсы шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер түсті нәсілдер еуропалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады және түбінде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше, техниканың өзін адам үшін үлкен қауіп - қатер деп есептеді. Техниканы түсіндірудегі Хайдеггердің тағы бip жаңалығы, оған дейін техника адамзат тарихы мен мәдениеті дамуы байланысындағы көптеген факторлардың бipi ретінде қарастырылып келсе, ал бұл неміс ойшылының пікірінше техника қазіргі дәуірдің болмысы болып табылады. Және Хайдеггерге дейін техника ең алдымен мәдениет философиясы мен тарих философиясының және тек кейін ғана антропологияның мәселесі болып келсе, ал М.Хайдеггер онан метафизиканың мәселесін шығарды. М.Хайдеггерде де техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды тәсілі болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген кейпінде көрінуге тиіс нәрсенің жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамды өзіндік ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.
К.Ясперс техниканы түсіндіруде Хайдеггерлік түсінікке жақын келді. Ол өзінің Тарихтың қайнар көздері мен мақсаты деген еңбегінде техниканы әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа фак - торы ретінде қарастырады. К.Ясперстің пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: Қазіргі уақытта біз тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз жыл бұрын - ақ бұл кезеңді антик әлемі дағдарысымен салыстыра бастап еді, ал кейінірек оның тек Еуропа мен Батыс мәдениеті үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орасан зор маңызы бар екендігін байқалды. Бұл - техника ғасыры өзінің барлық салдарымен қоса, адамның еңбек, өмір, ойлау саласындағы, символика саласындағы мыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан сау - тамтық қалдырмайтын сияқты. Қазіргі техниканың пайда болуымен барлығыда өзгерді. Ең алдымен, К.Ясперстің пікірінше, адам - ның табиғатпен байланысы өзгерді. Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника адамның барлық күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол бүкіл өмір сүруді белгісіз техникалық механизм әрекетіне, ал бүкіл планетаны - тұтас фабрикаға айналдырды. Сонымен бірге адамның өз түбірінен толық ажырауы жүзеге асты және бұл бүгінгі күш де жалғасуда. Адам отансыз жердің тұрғынына айналып, дәстүр жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы функцияларды орындау мен оқып - үйрену қабілетіне айналды. Ары қарай К.Ясперс былай деп жазады: Мына нәрсе күмәнсіз: тех - ника адамның өзін өзгертуге бағытталған. Адам енді өзі қалыптастырған техника ықпалынан босанып шыға алмайды. Және техникада шексіз мүмкіндіктермен қатар, шексіз қауіп-қатердің де бар екендігін күдік туғызбайды. Адам өзі техниканың билігініңастына қашан және қалай түскенін аңғармай да қалды. К.Ясперстің пікірінше, техниканың маңызы мен рөлінің құдіреттілігі сонша, оның мәнін ашпай қазіргі ахуалды пайымдау мүмкін емес. Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен бетбұрысқа әкелді, біз адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде тұрғанымызбен, оның бар - лық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкелдердің де қолынан келмейді.
80 - жылдары көптеген батыстық философтар техника мен технологияны тек тарихи ағымда ғана қарастырып, техника мәнін ұғыну мүмкін емес деген қорытындыға тоқталды. Американдық философ Х.Сколимовскидің Техника философиясы адам философиясы ретінде деген жұмысында айқын көрінеді. Ол техника философиясын адам философиясы ретінде түсінуді ұсынады. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан гөрі, техника адам императивіне бағынуы тиіс. Х.Сколимовскидің пікірінше, философиялық зерттеулердің бұл саласының пайда болуы еуропалық өркениеттің пайда болуы мен жойылуындағы техника рөлін кеш мойындауды байқатады. Техника философиясы ең алдымен біздің өркениетті сыни тұрғыдан бағалау нәтижесінде пайда болғанын ескеру қажет.
Техника философиясын ең алдымен екі қарама - қарсы бағытқа бөлінеді: техницизм және антитехницизм.
Техницизм қоғам өміріндегі техника рөлін тек қалыпты құбылыс ретінде, адамзаттың игілігі ретінде ғана қарастырады.
Антитехницизм - өсіп келе жатқан жаңа технологиялардың қауып -қатері алдындағы үрей мен қорқыныш, сенімсіздік.
Техника философиясы негізінен екі басты дәстүр ықпалында: неопозитивизммен әсері және байланысы бар сциентистік методологизм және мәдениеттанымдық антропологизм. Техниканы философиялық зерттеулер осы екі дәстүрдің біріне бағдар ұстануына байланысты - логикалық не методологиялық мәселелермен айналысады, не техниканың гуманистік құндылық қырларын зерттейді. 80 - жылдары техницизм идеологиясы қайтадан күшейе түсті. Бұл бағыттың негізгі тұжырымдары О.Тоффлердің атақты Үшінші толқын еңбегінде жарияланады. О.Тоффлер қоғам дамуын толқын қозғалысы ретінде қарастырады. Ал Футуршок еңбегінде қазіргі адам қоғам мен техниканың шұғыл өзгерістеріне дайын еместігін айта келе, болашақтың адамға ауыр тиетінін ескертеді.
ХХ ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күшті сыншыларының бірі Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениет технологиясына негізделген гуманистік прогресс ретінде елестетті. Кейінірек өзінің позициясын түбірімен қайта қарап, ақпарат саласын өз қолына шоғырландырған және күшті репрессивті бюрократиямен басқаратын әскери-өнеркәсіптік истеблишмент тарапынан келетін қауіп - қатер туралы ескертеді.
Қоғамды ақпараттандыру үдерісі техникалық және технологиялық үдерістерді өз бойына біріктіре, жинақтай және тек технологиялық мәселе болудан қалады.
Болашақта адамзат өркениетінің дамуы ғарыштық дәуір не компьютерлік немесе ақпараттық болсын, осының барлығы адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз керек. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ фи - лософы Х.Сколимовскидің пікірімен келісуге болады.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Техника философиясы[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады. Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің функциясын орындайды. Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет. Техника адамның кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде
Техника философиясы қазіргі батыстық философия мен болмыстың қасиеттерін пайымдаудың бірі ретінде
Техника және білім - ғылым философиясы туралы
Техника философиясы өркениетті тұрғыда бағалау ретінде
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Ғылымның философиялық мәселелері
Ғылым және техника түсінігі
Техника және білім ғылым философиясы
Философия пәні және оның қызметі
Пәндер