Сиыр малына жалпы сипаттама



1.Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

2.1. Сиыр малына жалпы сипаттама
2.2. Ірі қараның ас қорытудағы ерекшеліктері
2.3 Ірі қараның тыныс алу жүйесінің физиологиясы
2.4. Қан жүйесінің физиологиясы

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер
Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады. Адам мен мал организмдеріне тән фунциялар (қызметтер) мен үрдістердің тіршіліктік мәні мен маңызын айқындай отырып, физиология арнаулы мамандарды денсаулықты қорғау, организмді қатерлі (экстремальді) жағдайлардан сақтау т.б. шараларын ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетгі мағлұматтармен қамтатмасыз етеді.
Физиология - биология ғылымының маңызды саласының бірі. Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке жасушалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарьшдағы зандылықтарды ашады. Физиология организмнің тіршілік ерекеттерін даралап тексермей, оларды біртүтас, тығыз байланыстағы үрдістер жиынтығы ретінде қарайластырады және организмге тән біртүтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді затгардың өсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Физиология медицина мен ветеринарияның теориялық негізі болып саналады. Физиологиялық мағлұматтар адам мен жануарлар организмінде жүретін үрдістерді тиімді бағытта өзгертіп отыруға қажет шараларды ғылыми негізде жүзеге асыру, түрлі аурулардың алдын алу және оларды дұрыс емдеу үшін қажет.
Адам физиологиясының заңдылықтарын айқындау - өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алуды және оларды емдеудің жаңа жолдары мен тәсілдерін табуға негіз болады.
Жануарлар физиологиясы адамның мұқтаждығына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының мінезін өзгертудің, өнімділігін арттырудың, өнім сапасын жақсартудың, оларды дұрыс күтіп-бағудың, өсірудің, қоректендірудің биологиялық негізі.
Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үрдістердің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену т.б.) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизімін анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы (онтогенез) барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Демек, физиология өмір қүбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік үрдістерін басқару, бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.
1.«Жануарлар физиологиясы» - Т.Несіпбаев, Алматы -2005
2. «Мал шаруашылығы» .Қ.Ш.Нұрғазы., Алматы . 2012
3. «Жануарлар морфологиясы және физиологиясы » Г.К.Жаңабекова. К.Жаңабеков.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1.Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

2.1. Сиыр малына жалпы сипаттама
2.2. Ірі қараның ас қорытудағы ерекшеліктері
2.3 Ірі қараның тыныс алу жүйесінің физиологиясы
2.4. Қан жүйесінің физиологиясы

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер

1.Кіріспе.
Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады. Адам мен мал организмдеріне тән фунциялар (қызметтер) мен үрдістердің тіршіліктік мәні мен маңызын айқындай отырып, физиология арнаулы мамандарды денсаулықты қорғау, организмді қатерлі (экстремальді) жағдайлардан сақтау т.б. шараларын ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетгі мағлұматтармен қамтатмасыз етеді.
Физиология - биология ғылымының маңызды саласының бірі. Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке жасушалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарьшдағы зандылықтарды ашады. Физиология организмнің тіршілік ерекеттерін даралап тексермей, оларды біртүтас, тығыз байланыстағы үрдістер жиынтығы ретінде қарайластырады және организмге тән біртүтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді затгардың өсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Физиология медицина мен ветеринарияның теориялық негізі болып саналады. Физиологиялық мағлұматтар адам мен жануарлар организмінде жүретін үрдістерді тиімді бағытта өзгертіп отыруға қажет шараларды ғылыми негізде жүзеге асыру, түрлі аурулардың алдын алу және оларды дұрыс емдеу үшін қажет.
Адам физиологиясының заңдылықтарын айқындау - өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алуды және оларды емдеудің жаңа жолдары мен тәсілдерін табуға негіз болады.
Жануарлар физиологиясы адамның мұқтаждығына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының мінезін өзгертудің, өнімділігін арттырудың, өнім сапасын жақсартудың, оларды дұрыс күтіп-бағудың, өсірудің, қоректендірудің биологиялық негізі.
Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үрдістердің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену т.б.) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизімін анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы (онтогенез) барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Демек, физиология өмір қүбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік үрдістерін басқару, бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.

2.Негізгі бөлім
2.1. Сиыр малына жалпы сипаттама
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара -- сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті. Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін -- бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) -- баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) -- тайынша, бір жастағы ұрғашысын -- қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын -- құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) -- дөнежін, еркегін -- бұқа, піштірілген еркегін -- өгіз деп атайды. - Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 -- 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 -- 35 жыл, бұқасы 15 -- 20 жыл тіршілік етеді. - Сүт бағытындағы Сиырдан 9 -- 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді. - Сиырды етке 1,5 -- 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн. - Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 -- 10 жыл пайдаланады. - Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 -- 10 айлығында, бұқаларда 8 -- 10 айлығында жетіледі. - Алайда шағылысқа қашарды 18 -- 22, бұқаны 14 -- 18 айлығында қосады. - Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 -- 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады. - Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз. -Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 -- 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 -- 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды. - Ересек Сиырдың салм. 250 -- 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 -- 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады. Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 -- 400 кг, сүтінің майл. 3,6 -- 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 -- 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 -- 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында. Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 -- 70% аралығында. Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем). Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі
2.2. Ірі қараның ас қорытудағы ерекшеліктері
Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарының денеге жеңіл сіңетін қарапайым құрамаларына ыдырауын айналуын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын айтады.
Организм әртүрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік әрекетін сақтау үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отырылуы керек. Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар(белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректік заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп, қарапайым қосылыс түріне айналу керек. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерге ұшырап, кіші молекулалы, суда жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады. Ас қорытудың мәні осында.
Ас қорыту органдарының негізгі қызметі-қабылданған азық құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларды ішектің қабырғасы арқылы қанға өткізу. Мысалы, азық құрамындағы белоктар-аминқышқылдарына, майлар- глицерин мен май қышқылдарына, ал көмірсулар-жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ғана денеге қан арқылы тарап, сіңе алады.
Малдың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойына бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. Ішкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Әр без құрамы белгілі бір шекте ғана өзгеретін және өзіндік қасиеттері бар сөл бөледі. Бұл сөлдің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар-йерменттер болады.
Ас қортыту жүйесіне түскен қоректік заттар механикалық, химиялық және биологиялық өңдеуге ұшырайды. Азықты механикалық өңдеу шайнау аппараты(тіс, жақ) арқылы ауыз қуысынан басталады. Ауыз ұуысында шайналып, ұнтақталған азық ас қорыту органдарының кейінгі бөлімдерінде олардың қабырғасындағы ет қабығының жиырылуы нәтижесінде шайқалып, араласып жылжып отырады.
Ас қорыту процесіндегі негізгі кезеңнің бірі-қоректік заттардың химиялық өңдеуден өтеді. Ішек-жолы сөлінің құрамындағы сілтілер мен қышқылдар азықты қорыту процесіне дайындайды да,ал ферменттер қоректік заттардың организмдегі химиялық өзгерістерін шапшаңдатады.
Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферментерінің әсерімен биологиялық өңдеуден өтеді. Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдыңғы бөлімдерінде(қарында) және ішектің кеңиген соңғы бөлімдерінде(әсіресе бүйенде) алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып тез көбейіп өседі де, ірі азықты тездетіп ыдыратуға көмектеседі. Бұл микроорганизмдер, әсіресе қарындағы ас қорыту процесінде зор рөл атқарады.
Ас қорыту процесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінетін ағзалар жүйесінде өтеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге қарын мен ащы ішек; ал соңғы бөлімге тоқ ішек жатады. Ауыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы органдардан тұрады. Бұл органдарға ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, тіл, таңдай, тілшік, ауыз қуысына бөлу өзектері ашылатын үш жұп сілекей бездері және көмекей бездері ашылады.
Ауыз қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне, олардың байлам сіңірлері мен еттерінен тұрады. Жақ сүйектерінің арасына ауыз қуысы орналасады да, оның бүйір беттері ұртпен шектеліп, алдыңғы жағында үстіңгі және астыңғы ерінмен бітеді. Ерін аралығында ауыз қақпасы, ал көмекей мен тілшік аралығында жұтқыншақ орналасады. Ішкі жағынан ауыз қуысы көп қабатты жалпақ эпителийден құралған сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі қабықта көптеген шырышты бездер болады. Олар өздерінің орналасу орындарына қарай ерін, ұрт, тіл, тілшік бездері деп аталады.
Ерін-ауыз қуысын көмкеріп тұратын терілі ет қыртысы. Ерінде көптеген сезімтал жүйке ұштары орналасады да, ол қабылданатын азықты түйсінуде зор рөл атқарады.
Ауыз қуысындағы тағы бір маңызды орган-тіл. Ол етті мүше. Тіл ауыз қуысының түбінде орналасып, әртекті бүртіктері бар сілекей қабықпен қапталады. Тілде түрлі тітіркендірулерді қабылдайтын жүйке талшықтары, дәм сезу рецепторлары болады. Ұрт- қуысын бүйір жағынан шектеп тұрады. Ол ерін тәрізді сырт жағынан терімен қапталып, іш жағынан сілекейлі қабықпен көмкерілген ет қабықтарынан құралады. Ұрттың сілекейлі қабығында ұшы ауыз түбіне қарай бағытталған конус тәріздес бүртіктері болады. Бұл бүртіктер шайнау кезінде азықтың түсіп кетпеуіне жәрдемдеседі. Таңдай- көлденең бедерлі қатты сілекейлі қабық. Ол мұрын қуысын ауыз қуысынан бөліп тұратын сүйекті қаптап жатады. Ауыз қуысының түп жағында таңдай жұмсақ пластинка тәрізді салбырап тұратын таңдай шымылдығымен "тілшікпен" жалғасады. Таңдай шымылдығы бөбешіктің ұшымен жалғасып, ауыз қуысын жұтқыншықтан бөліп тұрады. Жұту кезінде таңдай шымылдығы жоғары көтеріледі де, ауыздың мұрын қуысына баратын жолын жауып қалады. Сол сәтте көмекей қақпағы көмекей жолын жабады. Сөйтіп азық жентегі жұтқыншыққа түседі. Жұтқыншақ- жарғақ етті, шанақ(воронка) тәрізді орган.Ол ауыз қуысын өңешпен,ал мұрын қуысын көмекеймен байланастырады.Осы жұтқыншақтың тікелей жалғасы болып келетін етті түтік-өңеш.Ол арқылы жентектелген азық жұтқыншақтан қарынға бағытталады.Ауыздағы ас қорыту деп-азықты қабылдау ,оны шайнау,сілекеймен шылау,жұту процестерін айтады. Ірі қара азықты негізінен тілдің көмегімен қабылдайды.Олардың ерні нашар қимылдайды.Сондықтан сиырлар жейтін азықты тілмен орап,үстінгі жактың қызыл иек (дентальдық) табақшасына басып ,жұлқи үзіп алады,Қабылданған азықты күйіс малы үстіртін шайнап,сілекеймен шылайды да, тез жұтады.Азықты қабылдау аралығындағы үзіліс кезінде мал қарын жынын лоқсу арқылы ауыз қуысына қайтарып,ұқыпты түрде шайнайды да,сілекеймен шылап қайта жұтады.Осы айтылған процестерді күйіс қайыру деп атайды. Сілекей негізінен үш жұп сілекей бездерінің-шықшыт,бұғақ,алқым бездері,секреті.Аталған бездермен қатар ауыз қуысында көптеген майда бездер-тіл,таңдай бездері орналасады.Сілекей түссіз,иіссіз,оңай көпіретін,әлсіз,сілтілік реакциялы,тығыздығы 1,002-1,012-ге тұтқыр сұйық.Оның құрамында 99-99,4 % және 0,6-1,0 % құрғақ зат болады.Сілекейдің сусыз бөлігінің құрамында түрлі органикалық заттар-белоктар,муцин,ферменттер және бейорганикалық тұздар болады.Амилаза және мальтаза ферменттерінің болуына байланысты сілекей көмірсуды ыдырату процесіне қатысады.
Қарындағы ас қорыту. Мал жұтқан азық жентегі өңеш арқылы қарынға өтеді де,онда азық бөрітіп,сұйылып, еріп,сілекей мен қарын сөлінің әсерінен ыдырай бастайды.Қарын қабырғасы сірлі,етті және кілегейлі қабықтардан құралған.Өз кезегінде етті қабық үш қабаттан - бойлама,сақинаша және қиғаш еттерден түзілген.Ірі қара малының қарнының құрлысы өте күрделі, о төрт бөлімнен тұрады. Олар мес қарын,жұмыршақ,қатпаршақ және ұлтабар.Алғашқы үш бөлімді алдыңғы(қосалқы)қарын,ал ұлтабарды-нағыз қарын деп атайды.Алдыңғы қарынның кілегей қабығы көп қабатты жалпак эпителиймен қапталады,онда без болмайды.
Мес қарын-алдыңғы қарынның ең үлкен бөлімі.Оның сыйымдылығы ірі қарада 100-300 литр.
Мес қарын құрсақтың бүкіл сол жақ бөлігін алып жатады.Мықты ет белдемдерімен және қатпарларымен ол бес бөлікке бөлінеді.Мес қарын қатпарлары жынды екшеп құрыштарға бағыттап отырады.Қарынның кілегейлі қабығы беткейді көбейтетін көптеген еміздікше түзеді. Олардың арасы микроптардың өсіп дамуы үшін қолайлы орта болып табылады.
Жұмыршақ-кішкентай домалақ ағза.Оның сыйымдылығы ірі қарада 5-10литр.Жұмыршақ мес қарыннан түскен жынды екшеп, оның қорытылуға дайын сұйық сұйық бөлігін қатпаршаққа өткізеді де, ірі бөлшектерді мес қарынға кері қайтарады. Мес қарын жиырылған кезде әбден шайқалып, араласқан жынның біраз бөлігі жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақтың қуатты жиырылуы кезінде ол қайтадан мес қарынға оралады. Осылай әрлі-берлі қуаланған жын массасы бөрітіп, жұмсарып, уақталған үлесі екшеледі ді, қатпаршаққа өтеді.
Мес қарын ешқашан бос болмайды. Онда жын 70-90сағатқа дейін аялдайды. Мес қарындағы жын қалдығына мал жаңа қабылдаған азықпен үстемеленіп отырады. Дегенмен, қабылданған азықтың өңеш мес қарын кіреберісі мен жұмыршақтың шекарасына жалғасады, сондықтан мал жұтқан азық жентегі жұмыршаққа да, мес қарын кіреберісіне де түседі.
Өңеш жұмыршақтың түбінде қатпаршаққа дейін созылып жататын, ернеулері шала түйіскен жармалы түтікшеге айналады. Оны өңеш науасы деп атайды. Өңеш науасының ернеулеріне ет талшықтары мен жүйкелер орналасады. Жас төлдер сүт емген кезде өңеш науасының ернеулері бір-бірімен қабысып, пайда болған түтікше арқылы сүт қатпаршақ каналы бойымен бірден ұлтабарға өтеді.
Қатпаршақ ірі қарада жақсы дамыған. Оның сыйымдылығы сиырда 7-18л. Қатпаршақтың іш жағында оның ұзына бойына созыла орналасқан ірілі-кішілі жапырақшалар болады. Олар ірі, орташа, майда, өте майда жапырақшалар болып бөлініп, белгілі ретпен орналасады. Мес қарын мен жұмыршақтан түскен жынның қатты түйіршіктері осы жапырақшалар арасында қалады да, олар одан әрі ұнтақталады, ал ұлтабарға жынның біртекті сұйық бөлігі ғана өтеді.
Ұлтабар-қарының безді бөлігі. Ол кеңейген дене тұлғадан және сопақша созылыңқы, жіңішкерген бөліктен тұрады. Ұлтабардың алдыңғы бөлігі қатпаршақпен, арт жағы сүйірлене келіп, ащы ішекпен жалғасады. Ұлтабардың сыйымдылығы сиырда 8-20л. Тәулігіне ірі қара 50-60л ұлтабар сөлін бөледі. Ұлтабар сөлі құрамында белоктарды ыдыратын пепсин ферменті болады.
Ащы ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Ол ұлтабар ұшы(жіңішке ішек, он екі елі ішек), аш ішек және мықын ішек болып бөлінеді. Аш ішектің ұзындығы ірі қарада 1:20 қатынасындай. Оның сыйымдылығы ас қорыту жолының жалпы сыйымдылығының 20-30%-н құрайды. Аш ішек құрсақ қуысының оң жақ бөлігінде орналасып, іш жағынан қатпарлы кілегейлі қабықпен астарланған. Осы кілегейлі қабықтың ішек қуысына қараған бетінде орасан көп микроскопиялық өсінділер-бүрлер болады. Сол себепті ішектің ішкі беті барқыт тәріздес болып келеді. Ішектің кілегейлі қабығының әр шаршы сантиметрінде 2500-ге дейін ішек бүрлері болады. Осы бүрлер арқылы ішектің сору беткейі жиырма еседен артық ұлғаяды.
Ішек бүрлері аралығындағы шұқыршақта либеркюн бездері орналасады. Осы шұқыршақтарда бокал тәрізді шырыш түзетін торшалар, фермент бөлетін базофиль түйіршікті энтероциттер және энтерохромаффиноциттер(ішкі секрециялық торшалар) орын тебеді. Ішек бүрлері қоректік заттардың сіңуін қамтамасыз ететін эпителиоциттермен және бокал тәрізді энтероциттермен көмкерілген.
Сиырда аш ішектің ұзындығы 40м, ұлтабар ұшының ұзындығы 70-120см, мықын ішектің ұзындығы 50см.Тәулігіне ірі қара 25-30л ішек сөлін бөледі. Жалпы ішек қуысына тәулігіне ірі қара 180-200л әр түрлі ас қорыту бездері сөлдерін бөледі. Ішектегі химустың жалпы мөлшері ірі қарада 250-300л.
Тоқ ішек бүйеннен, қимадан, тік ішектен тұрады. Тоқ ішек ащы ішекке қарағанда әлдеқайда кеңірек болады. Оның жалпы ұзындығы сиырда 6-13м, ал сыйымдылығы ірі қара малдарында ас қорыту жолының жалпы сыйымдылығының 11-15%шамасында болады. Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде қорытылып үлгерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Ішектің бұл бөлімінде қорытылмаған белок қалдықтары шіріп, көмірсулар ашиды. Көмірсулардың ашу процесі кезінде ұспалы май қышқылдарының едәуір мөлшері түзіледі. Тоқ ішекте белоктардың айтарлықтай көп мөлшері ыдырап, организмге сіңеді. Сиырларда белоктың 31%-ы тоқ ішекте қорытылады.
Ас қорыту жолында жынның аялдау уақытын 100%деп алса, оның жеке бөлімдерінің үлесі сиырда-мес қарын мен жұмыршаққа 80%, қатпаршаққа 6%, ащы ішекке 5%, бүйенге 3%, қима мен тік ішекке 6%.

2.3 Ірі қараның тыныс алу жүйесінің физиологиясы
Тыныс алу дегеніміз -организмнің қоршаған ортадан оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөлуі. Организмнің тіршілік әрекеті үшін қажет энергия сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың тотығуы нәтижесінде алынады. Бұл күрделі процесті қамтамасыз ету үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу аз ғана уақытқа толастағанның өзінде организмде күрделі өзгерістер туындап, тіршілік тоқтайды. Тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, көмірқышқыл газын денеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАЛ ҚОРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫП-ТҰРҒЫЗУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
Симментал тұқымды малына сипаттама
Шаруашылықтағы голштино - фриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштері
Мал қораларына санитарлық-гигиеналық баға
Қазақ тілінің сөздігі
Ауру малдар және ауруға күдікті малдарды ұстау
Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері
Ибараки ауруы
Шаруашылық субъектідегі парагрипп-3 ауруы
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
Пәндер