Оқу – тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Атырау облыстық Білім беру басқармасы

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

«Мектеп» бөлімі

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Ботағариева Г. Ж.

«__» 2013 жыл

02-13

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Оқу - тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеу»

Орындаған : Жолдахметов Жанболат 4/9/ инб тобы студенті

Жетекшісі: Асқарова Армангүл Қаленқызы-

педагогика, психология пәні оқытушысы

Басталуы: қазан 2012 ж

Аяқталуы: сәуір 2013 ж

Сақталуы: 5 жыл 524 бап

Кіріспе.

Тақырыптың көкейтестілігі

Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық қатынастарға енуі, адам факторына ерекше мән беру, қоғам өмірінің барлық жақтарын өмір талабына сәйкес жаңарту, ұрпақ тәрбиесіне байланысты мәселелерге жаңаша көзқарастарды қажет етеді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік - экономикалық мінез - құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында (1995), Қазақстан Республикасының жастарға кешенді тәрбие беру бағдарламасы (2000), «Білім беру» заңында (1999), Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында (2003) оқушылардың адамзат жасаған құндылықтарды шығармашылық білім, білік дағдылармен игере білетін, өмірге бейім бәсекелестікке бара алатын тұлғаның тәрбиесі туралы мәселелерге назар аударылды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына жолдауында болашақ қоғам мүшелері - жастардың қандай болатынын айта келіп, «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады» - дей отырып, қазақ баласының адам бойындағы асыл қасиеттерін, оның қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауға, білім мен тәрбие беру ісін өте маңызды бағдарлардың бірі ретінде қарады, оған баса назар аударды.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында Өзіне тән жан - жақты дамыған, бәсекелестікке бейімі бар, нарықтық қатынасқа бағдарланған, Отан алдында өзінің жауапкершілігін сезіне білетін, өзінің жеке басының жетістігін бағалайтын, өзін - өзі жетілдіруге даяр тұратын тұлғаны қалыптастыру мақсаты белгіленген. Сондықтан қай халықтың болсын тіршілік - тынысы, шаруашылық кәсібі отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәрбие - дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп - өркендеп, шынайы адамгершілік қасиеттерге, жақсы мінез - құлыққа ұрпағын баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. Мектептердегі оқу - тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда әр тұлғада өзінше көрініс табатын, әр тұлғада түрліше болатын бала мінезінің қоршаған орта мен тәрбиесінде орын алатындығын өмірлік тәжірибе дәлелдеп отыр. Жақсы мінезді тұлға тәрбиелеу, оны қарым - қатынас құрудың маңызды шарты ретінде заман талабына сәйкес жүргізу, оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін жетілдіру қазіргі кезеңнің көкейтесті мәселелерінің бірі.

Бірде - бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл - ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Халық ауыз әдебиеті ұлттық психологияның айнасы қазақтың өткендегі құлқы, мінезі, заманындағы күйініш, сүйініші осы әдебиетті қарап отырсақ анық сезіледі. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері сондай тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың, ақын - жазушылардың, педагогтардың әл - Фараби, Абай, Шәкәрім, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Ыбырай Алтынсарин тәлім - тәрбиелік мұраларымен, ой - пікірлерімен тоғысуда. Абай қара сөздерінде адам мінезі өмір сүре келе қалыптасатындығы, бала мінезін қалыптастыруда ата - ананың, құрдастары мен достарының үлгі - өнегелерінің маңызы зор екендігі көрініс тапты. Бүгінгі күні ата - баба тарихынан бізге жеткен тәлім - тәрбиелігі мол мұраларды болашақ ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану мүмкіндігі туып отыр. Осыған байланысты, өсіп келе жатқан бала бойында мінездің көріністерін, жағымды қасиеттерін тәрбиемен ұштастырып, бала мінезін дұрыс жолға салып, өзіне - өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерін сезініп дұрыс жолға салу өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдарын қарастыра отырып тақырыпты «Оқу - тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеу» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу нысаны

Бастауыш сыныптағы оқу - тәрбие процесі.

Зерттеудің мақсаты

Оқу - тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеу жолдарын ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оқушыларды дұрыс мінезді болуға даярлау.

Зерттеудің міндеті

  • Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында мінез тәрбиесінің алатын орнын анықтау.
  • Оқушыны тәрбиелеу мен оқытуда өзін - өзі тәрбиелеудің ықпалын күшейту.
  • Тәрбиесі «қиын» балалардың мінезін зерттей отырып, мінез мәдениетіне баулу.
  • Бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлқын тәрбиелеуге арналған сауалнама, кеңес, тәрбие сағатының үлгілері, мінезді анықтау тестілерін жасау.

Зерттеу пәні:

Оқу - тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеудің мүмкіндіктері.

Зерттеу объектісі

Зерттеу және іс - тәжірибелер жүргізу үшін Атырау қаласындағы жалпы білім беретін №6 орта мектебі үшінші сынып оқушылары алынды.

Зерттеудің болжамы

Егер бала мінез - құлқын тәрбиелеу белгілі бір жүйе бойынша жүргізілсе, онда бұл жүйелілік балалардың бойында мінез - құлық, пайдалы әдет - дағдылардың тәжірибесін жинақтауды, адамгершілік мағлұматтарды сіңіруді қамтамасыз етеді.

Зерттеудің практикалық мәні

  • Сауалнама жүргізу арқылы әр баланың мінез - құлқымен танысуға болатыны анықталды.
  • Әр баланың түске деген талғамына, жазуына қарап мінезіне жол ашуға болады.
  • Тәрбиелік шаралар арқылы бала мінезіне ықпал етуге болатынына көз жеткізілді.

Зерттеудің құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері айқындалып, зерттеу жұмысынң практикалық мәні қамтылды.

«Мінез-тұлғаның өмірлік бет алысы, өзіндік әрекеті, бойындағы қасиеті» атты бірінші тарауда проблеманың психология, педагогика саласындағы зерттелу деңгейі қарастырылды, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы мүмкіндіктері баяндалды, проблеманың бүгінгі таңдағы жағдайы сипатталды. Қазақтың мінез бітістері мен кейбір ерекшеліктері қарастырылды.

«Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу» деген таруда балаларды мінез-құлық мәдениетіне үйрету үлгісі, онда жүргізілетін жұмыс мазмұны мен іске асыратын тиімді әдістер, тәжірибелік жұмыстың нәтижелері баяндалды.

Қорытынды бөлімде жалпы тұжырымдар жасалды, бастауыш сынып оқушыларының бойында жағымды қасиеттер қалыптастырып дамытуға байланысты қорытынды жасалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Мінез - тұлғаның өмірлік бет алысы, өзіндік әрекеті, бойындағы

қасиеті.

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне баса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Республикамызда білім беру заңы қабылданды:

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауында болашақ қоғам мүшелері - жастардың қандай болатынын айта келіп, «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады . . . », дейді.

Жоғарыда көрсетілгендей, адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау, білім мен тәрбие және дамытумен қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады.

Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың, ұлттың рухани мәдениетінің өркендеуі білім саласына өзгеріс ендірмей қоймайды. «Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қадамы білім саласының жай-жапсарына және оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланыста» екендігі орта білімнің мемлекеттік стандартында айқын көрсетіліп отыр.

Себебі әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси - әлеуметтік және идеологиялық ерекшеліктері болатыны сияқты, оның моралі де өзінің ерекшелігімен дараланып отырады. Бұл құбылысты жіті аңғарған қазақ халқы «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп қарапайым сөзбен психологиялық топшылау жасаған.

Қай халықтың болсын тіршілік-тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасының, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, шынайы адамгершілік қасиеттерге, жақсы мінез-құлыққа ұрпағын баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Халел Досмұхамедұлы халық ауыз әдебиетінің ұлттық психологиясының айнасы екендігіне назар аударады: «Осы әдебиетті тексеріп отырсақ қазақтың өткендегі құлқы, мінезі, заманындағы күйініші, сүйініші, арасындағы болған түрлі әлеумет қимылдары анық сезіледі . . . Бұрынғы әдебиетпен танысқанда қазақтың бойына біткен мінездің бірнеше түрі орасан адырайып тұр . . . ».

Ғұлама ғалымның психологиялық тұрғыдан ерекше назар аудартар ендігі бір түйіні - ұлттық психологияның қалыптасуына қоғамдық ортаның, әсіресе, ондағы әлеуметтік тәрбиенің ықпалы жайлы мәселе. «Ұлт мемлекетін жасап, деп жазды ол, - қазақ арасынан әлеуметшілікті туғызамыз деген дәуірде тұрмыз. Жаңа әлеуметшілікті тура жолмен жасау үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет мінездерін тексеру керек . . . Әлеуметшіліксіз қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Қазақ әлеуметшілігінің өткенін жөндеп түсініп, әзіргі қалпынан анық көріп, кемісін болжай білу . . . - оқыған зиялыларымыздың міндеті . . . Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын, бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек ». Бұл түйіндерден оның ұлт (этнос) психологиясының қызықты, іргелі мәселелеріне мықтап көңіл аударғанын байқаймыз. Ғалымның осынау пікірлерін ұлттық психологияның іргетасы мәселелері ретінде қарау - қазіргі ғалымдардың қарызы мен парызы.

Халел ағамыздың психологияның жеке мәселелеріне байланысты пікірлері де аса терең. «Адамның табиғаттағы бар мінезі, - деп ол, - ойын-сауық қылып, қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам жоқ. Күлмеген адам - адам емес. »

Психологияның дамуы әртүрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептерде тарих сахнасына келіп, сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Олардың негізгілері мыналар: Э. Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі - В. Вундт. бұл мектеп сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті), Вюрцбург мектебі (Батыс Еуропа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К. Марбе, И. Орт, А. Майер, Г. Уотт, А. Мессер, Н. Ах, К. Бюлер, О. Зельц) . Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.

Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізігі мақсаты психология, ғылымының жетістіктерін тәжірибеден қолдана отырып, адамның мінез-құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р. Вудвортс (1869-1962) болды.

Бихевиоризм - XX ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның мінез-құлқын жеке қарастырады да, сананы негізігі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874-1949) .

Гештальт-психология - Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880-1943) . «Гештальт» немісше - тұрпат, түр, форма, құрылым. Бұл мектептің мақсаты - жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.

Фрейдизм. Бұл - Австрия ғалымы З. Фрейд (1856-1939) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.

Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсыпыра ғылымдарман байланыста болады.

Кеңестік дәуірде психология ғылымының іргесін қалауға П. П. Блонский, В. Я. Струминский, К. Н. Корнилов, Б. М. Теплов, т. б. айтарлықтай үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи-мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л. С. Выготский (1896-1934), іс-әрекет психологиясының мәселелерін зерттеген С. Л. Рубинштейн (1887-1960), А. Н. Леонтьев, т. б. еңбектерін бұл ғылымның методологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи даму мұқтаждығының, экономика мен идеологияның, мәдениеттің өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жетіліп, жеке - жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде тәлім-тәрбие психологиясының даму қарқыны мен оның қамтыған мәселелері әр алуан және сан қырлы болды.

Психологияның мақсаты теориялық жағынан негізделген және практикада тексерілген ұсыныстар мен нұсқауларды берумен қатар, бұдан әрі тұжырымдауды қажет ететін, әлі жоқ ұсыныстарды, нұсқауларды зерттеп, талдап бере алады. Сөйтіп психологияны оқып-үйрене отырып, шешілмеген мәселе, проблемаларды қоюмен және оларды шешу өз-өзін тану, сынау, тәрбиелеу жолдарымен де танысады. Мәселен, психология деген сөздің өзін қарастырсақ ол гректің «псюхэ» жан - деген сөзінен шығады, «логия» - ілім. Сонымен психология жан туралы ілім. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз.

Психологияның дамуы әртүрлі бағыт-бағдар мен ағымдағы мектептер мен тарих сахнасына келіп, сан-алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды.

Қай кезде де адам өзі өмір сүретін ортада қызмет етіп, яғни іс-әрекет жасап, өз қажеттілігін өтеп, алдына мүдде, мақсат қойып, сол арқылы көксеген мұратына ұмтылады. Бұл адамның тарихи дамуын көрсететін жағдай. Көксеген мұратына жету үшін білім, ақыл-ой, шеберлік, ұстамдылық пен шыдамдылықтың қажеттілігі аңыз, ертегілерде атап айтылған.

Адам мақсат-мұратсыз өмір сүре алмайды. Ол қашанда жақсылыққа ұмтылған, соны мұрат тұтқан. Батыс пен шығыстың озық ойшылдары адамзат тарихының барлық кезеңінде проблемасын шешуге тырысты. Олардың ішінде адамды құдайға, тағдырға тәуелді етіп, сосын дәлелдеуге тырысқандары да, бұған келіспей, адам мұраты құдайдан да, идеа мен рухтан да жоғары екендігін айтқандары да бар. Мұрат құдайдың құдыреті мен тағдырға ешқандай қатысты емес деушілер адам бойындағы мүмкіндіктің шексіздігін, оның ақыл-ойы қандай да болсын азапқа, қиындыққа, өзгелікке, төмендетушілікке қарсы тұратындығын білген еді.

Қазақ ойшылдары (Асан қайғы, Бұқар жырау, Шал ақын, Шортанбай және т. б. ) өздерінің көзқарастарында адам өмірінің барлық саласындағы сабақтастыққа, жалғастыққа ерекше маңыз береді. Оның ішінде материалдық және рухани байлықта (Асан қайғы, Бұқар, Ақтанберді және т. б. ), сондай-ақ қайырымдылықты, сабырлылықты серік еткен адамның ақыл парасаты да ерекше орын алады (Шалкиіз, Дулат, Мұрат, Майлықожа, Ақан сері және т. б. ) . Өткен ұрпақ қалдырған қоғамдық байлықты игеру, бағалай білу, сақтай білу (Махамбет, Шернияз, Сүйінбай және т. б. ) әрбір адам үшін үлкен әлеуметтік және адамгершілік жауапкершілік екені сөзсіз. Мұны келер ұрпаққа жеткізу мңіндеті мұнан да кем түспесі және шындық.

XV-XIX ғасырдағы қазақтардың қоғамдық мұраттарының ең басты өзгешілігі, өмір салтын тікелей байланысты және қазақтың кең даласындай шалқар, асқақ болып келеді.

Адам мұраты осындай туысқандық, бауырластық, қарым-қатынаспен тығыз байланыста болудың арқасында қазақтар жүз деген жылдар бойы өзінің халықтық биік тұлғасын, кең байтақ шалқар даласын, ұлттық асқақтығы мен мәдениетін сақтай білді.

XV-XX ғасырдағы қазақтардың мұраттары құрылымы мен мазмұны жағынан ерекшелігі болғанын байқаймыз: қазақтардың мұраттарына әлеуметтік және адамгершілік сипаттан болды. Ал XIX-XX ғасырдкағы Ш. Уәлиханов, Абай, Шәкәрім, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Сейфуллин және басқа ойшылдардың шығармашылығында - қоғамдық мұраттардан саяси, экономикалық, құқық және басқа құрылымдық элементтерінің дамығандығын аңғарамыз.

Абай адам мен қоғам мұратын еңбекпен, біліммен, ақыл-ой санамен, принципшілдік және қарапайымдылықпен халықтың бірлігі мен өркениетке жету жолындағы мақсаткерлігімен тікелей байланыста қарастырады.

Абай мен Шәкәрім адам проблемасын психологиялық тұрғыда зерттей білді. Олардың ілім-ұғымдарын, психологиялық тұжырымдарын әлемдік психология мектебі деңгейінде деуге әбден болады. Абай адам проблемасы, оның мақсат-мұраты жөніндегі қоғамдық саяси ойдың және қазақтың ұлттық психологиясы тарыхының Аристотель сияқты атасы. Аристотельді Әл-Фараби ұстазы десе, Абайды Шәкәрім, С. Торайғыров т. б. қазақ перзенттерінің ұлы ұстазы деп батыл айтатын уақыт келді.

Алып данышпан екінші бір алып данышпанның жәрдемімен қалыптасады. Декарт философиясы Спиноза философиясын дүниеге келтірген жоқ, бірақ ол соның өмірге келуіне ықпал етті, - деп данышпан Гейне қорытынды жасағандай, Абайдың да тұғырлы ойларының, дүниетанымның қалыптасуында дәстүрлік пен сабақтастықтың маңызы болды. Данышпанды данышпан ғана тани алады. Ендеше Абайды туғызған халық та данышпан халық, ал Абайды танып, әлемге қазақты танытқан Әуезов та данышпан.

Үшінші кезең XX ғасырдың 20-шы жылдарынан «социалистік» өмір салты қоғамдық санаға енуінен бастау алады. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Шоқаев, Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Торайғыров және басқаларының осы кезеңдегі әлеуметтік-саяси, экономикалық және адамгершілік мұраттары жөніндегі ой-тұжырымдарын салыстыра қарастырсақ, ортақтықпен бірге айырмашылықты да табуға болады.

XX ғасырдың 40-80 жылдары - қазақ қоғамы мұраттарының мектебінің, әдебиет пен өнердің өркендеген уақыты. Қазақтың психологтары - ата-бабамыз адам проблемасын, оның қызметінің мәнін, мүддесі мен мақсатын, мұраты мен рухани дамуын біртұтас және жан-жақты қарастырады. Олар халқымыздың болашағы мен мұраттарын өмірдің әр саласындағы адамдардың нақты қызметтерімен, білім дәрежелерімен, адамгершілік пен дүниежүзілік өркениетке жету жағдаймен байланыстыра отырып қарастырады. Өйткені, біздің төл мәдениетіміздің, психологиямыздың тарихи тамыры тереңде жатыр.

Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес.

Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де(адамның жеке басына және жасына , пед. әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудын психолошиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық т. б. ) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда адамның психологиялық өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере қоймайды. Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның көзқарасы Аристотель, Әл-Фараби және К. Д. Ушинскийдің көзқарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәнгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. «өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман-алдындағы келер заман»т. б. өлеңдерінде ойшыл-ақын адамның денесі ғана өледі, ал жаны ешқашанда өлмейді деп тұжырымдайды:

Ақыл мен жан-мен өзім, тән менікі,

«Мені»мен «менікінің»мағынасы-екі.

«Мен»өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі»өлсе өлсін, оған бекі.

Абайдын өлмектің жаны кәсіби әрекет негізінде қалыптасқан, сөз өнері арқылы сыртқа шығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған деген ұғымын:

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмей тұрған артына сөз қалдырған?»

жолдарымен тұжырымдауға болады. Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығы туралы«Ақыл, ғылым-бұлар-кәсіби»дейді. Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелері арқылы танып, сол таным деректерін санада қорытып:«көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез және оны тәрбиелеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез - құлықының ерекшеліктері
Сын - пікір беруші педагогика, психология
Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары
Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы туралы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Баланың психологиялық диагнозы
Мектепке дейінгі балалардың мінез-құлық ерекшеліктері
Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz