Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Филология» бөлімі
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Усербаева М. К.
« » сәуір 2016 ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары»
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім »
Біліктілігі : 0111013 «Қазақ тілі және әдебиеті»
Орындаған: Ситжанова Шынар 4/9/ жк тобы
Жетекшісі: Асқарова Армангүл Қаленқызы-
педагогика, психология пән оқытушысы, п. ғ. магистрі
Атырау-2016
ЖОСПАРЫ
Кіріспе . . . 3
І. Мінездің педагогикалық психологиялық шарттары
1. 1 . Мінез, мінез бітістері . . . 5
1. 2. Мінез және адамның жас сатылары . . . 14
1. 3. Мінезді тәрбиелеу жолдары . . . 18.
1. 4. Бала мінезін қалыптастырудағы негізгі орындалатын шарттарды зерттеу
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі
Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында Өзіне тән жан - жақты дамыған, бәсекелестікке бейімі бар, нарықтық қатынасқа бағдарланған, Отан алдында өзінің жауапкершілігін сезіне білетін, өзінің жеке басының жетістігін бағалайтын, өзін - өзі жетілдіруге даяр тұратын тұлғаны қалыптастыру мақсаты белгіленген. Сондықтан қай халықтың болсын тіршілік - тынысы, шаруашылық кәсібі отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәрбие - дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп - өркендеп, шынайы адамгершілік қасиеттерге, жақсы мінез - құлыққа ұрпағын баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. Мектептердегі оқу - тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда әр тұлғада өзінше көрініс табатын, әр тұлғада түрліше болатын бала мінезінің қоршаған орта мен тәрбиесінде орын алатындығын өмірлік тәжірибе дәлелдеп отыр. Жақсы мінезді тұлға тәрбиелеу, оны қарым - қатынас құрудың маңызды шарты ретінде заман талабына сәйкес жүргізу, оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін жетілдіру қазіргі кезеңнің көкейтесті мәселелерінің бірі.
Бірде - бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл - ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Халық ауыз әдебиеті ұлттық психологияның айнасы қазақтың өткендегі құлқы, мінезі, заманындағы күйініш, сүйініші осы әдебиетті қарап отырсақ анық сезіледі. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері сондай тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың, ақын - жазушылардың, педагогтардың әл - Фараби, Абай, Шәкәрім, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Ыбырай Алтынсарин тәлім - тәрбиелік мұраларымен, ой - пікірлерімен тоғысуда. Абай қара сөздерінде адам мінезі өмір сүре келе қалыптасатындығы, бала мінезін қалыптастыруда ата - ананың, құрдастары мен достарының үлгі - өнегелерінің маңызы зор екендігі көрініс тапты. Бүгінгі күні ата - баба тарихынан бізге жеткен тәлім - тәрбиелігі мол мұраларды болашақ ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану мүмкіндігі туып отыр. Осыған байланысты, өсіп келе жатқан бала бойында мінездің көріністерін, жағымды қасиеттерін тәрбиемен ұштастырып, бала мінезін дұрыс жолға салып, өзіне - өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерін сезініп дұрыс жолға салу өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдарын қарастыра отырып тақырыпты «Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары» деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу нысаны жалпы білім беретін мектептердегі негізгі сыныптағы оқу - тәрбие процесі.
Зерттеудің ма қсаты
Оқу - тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеу жолдарын ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оқушыларды дұрыс мінезді болуға даярлау.
Зерттеудің міндеті
- Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында мінез тәрбиесінің алатын орнын анықтау.
- Оқушыны тәрбиелеу мен оқытуда өзін - өзі тәрбиелеудің ықпалын күшейту.
- Тәрбиесі «қиын» балалардың мінезін зерттей отырып, мінез мәдениетіне баулу.
- Бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлқын тәрбиелеуге арналған сауалнама, кеңес, тәрбие сағатының үлгілері, мінезді анықтау тестілерін жасау.
Зерттеу пәні:
Оқу - тәрбие үрдісінде бала мінезін тәрбиелеудің мүмкіндіктері.
Зерттеу объектісі
Зерттеу және іс - тәжірибелер жүргізу үшін Атырау қаласындағы Ғ. Мұратбаев мектебінің сегізініі сынып оқушылары алынды.
Зерттеудің болжамы
Егер бала мінез - құлқын тәрбиелеу белгілі бір жүйе бойынша жүргізілсе, онда бұл жүйелілік балалардың бойында мінез - құлық, пайдалы әдет - дағдылардың тәжірибесін жинақтауды, адамгершілік мағлұматтарды сіңіруді қамтамасыз етеді.
Зерттеудің практикалық мәні
- Сауалнама жүргізу арқылы әр баланың мінез - құлқымен танысуға болатыны анықталды.
- Әр баланың түске деген талғамына, жазуына қарап мінезіне жол ашуға болады.
- Тәрбиелік шаралар арқылы бала мінезіне ықпал етуге болатынына көз жеткізілді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері айқындалып, зерттеу жұмысынң практикалық мәні қамтылды.
І. Мінездің педагогикалық психологиялық шарттары
1. 1. Мінез, мінез бітістері
Күнделікті өмірде “мінез” ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. “Мінез” ұғымын айналысқа алғаш рет енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы (б. з. д. IV-III ғ. ) Теофраст болды. “Мінез”гректің сөзі, қазақша “белгі”, “бітіс”, “ерекшелік” деген мағынада қолданылады.
Теофрастың мінездер туралы шағын трактаты сақталды, онда 30-ға тарта мінез суреттеледі. Теофрастқа дейін Аристотель жеке тұлғаның іс-әрекет немесе тәжірибелік жағын белгілеу үшін “этос” сөзін пайдаланды, ол “адамгершілік”, “әдет”, “ойлау бейнесі” мағынасын білдіреді. Бұл термин Аристотелдің “Этика”, “Риторика” және “Поэтика” сияқты еңбектерінде жиі кездеседі, демек, осы еңбектерде мінезге байланысты мәселелер көп берілген.
Аристотелдің терминологиясы мораль туралы ғылымда (этика) қолданылды.
Әрбір адам кез-келген басқа адамнан өзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. Бұл мағынада осы адамға тән белгілер туралы көп жағдайда айта аламыз. Психологияда “мінез” сөзі белгілі мағынада қолданылады. Адамның кез-келген дара ерекшелігін мінез бітістері деп айта алмаймыз.
Жалпы немесе кең мағынада адамның мінез деп даралық анық байқалатын және адамның мінез-құлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгілерін айтамыз. Осы анықтамадан туындайтыны адам мінезі туралы айтқанда адамның барлық анық, дара байқалатын және өзіндік психологиялық белгілері болып табылады. Адамға сипаттама беру оған даралық тұрғысынан психологиясын беру деп түсінеміз, оның сапаларының қосындысын көрсету емес, сол адамды басқа адамдардан ерекшелейтін белгілерін бөліп көрсету болып табылады. Мәселен, көп жағдайда адамның мінезі оның өмірі ұжымда қалай болатындығымен байланысты. Егер адам таза, әділ, еңбексүйгіш, кісімен тілтапқыш болса оның ұжымда жақсы өмір сүруі және еңбек ету үшін қажетті шарты екендігін жақсы түсінеміз.
Керісінше, еріншек, өзімшіл, өркөкірек жан ұжымда жақсы сіңісіп кете алмайды, кейде ұжым мүшелерімен дау-дамайға келіп қалады. “Мінездері үйлеспейді” деген сөз тіркесінің мағынасы - ұжымдағы адамдардың мінезі әртүрлі, үйлесімділіктің болмауы.
Мұғалім өз шәкірттерін зерттей отырып, олардың анық байқалатын мінезіндегі даралық белгілерді анықтауға ұмтылады.
Психологтар мінездің мәнін аша отырып, негізгі белгілерінің біріне дара ерекшелігін атап көрсетеді. А. Г. Ковалевтің және В. Н. Мясищевтің берген анықтамалары бойынша, “мінез - бұл өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға”.
В. А. Крутецкий мінезге мынадай анықтама береді. “Мінез - бұл жеке тұлғаның мәнді қасиеттерінің даралық - өзіндік бірігіп келуі”.
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.
Мінез дегеніміз - адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелік. Мінез - кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.
Мінез - жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде қалыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетуді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгереді.
Күнделікті өмірде адамды өзімшіл емес көпшіл, қарапайым емес қатыгез, ұстамды емес ұстамсыз, табанды, батыл, қызу қанды, салқын қанды және т. б. деп сипаттайды. Осы айтылғандардан көретініміз, мінез -жеке тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттерін қамтитын біртұтас құрылымы.
Белгілі психологтар А. Г. Ковалев, В. Н. Мясищев, В. С. Мерлин, В. А. Крутецкий мінездің мәнін дүниеге қарым - қатынастар жүйесінде, демек, бағыттылықта көре білді, ал И. В. Страхов мінездің эмоциялық түрінің рөлін атап көрсетті.
Қазіргі батыс психологтарында мінезге анықтама беруде әртүрлі көзқарас байқалады. Ерекше кең тараған түсінік - мінезді жеке тұлғаның этикалы қыры немесе түрі ретіндегі көзқарас. Бірақ дара ерекшеліктерді түсіндіргенде ол туа біткен және өмір барысында қалыптасқан қасйеттердің айырмашылығын түсіндірген жоқ, Рибо мінез тұқым арқылы берілетін қасиет екендігін атап өтті. Осы екі бір - біріне қарама - қарсы көзқарас күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Белгілі АҚШ психологі Бонер өзінің жеке тұлға туралы монографиясын “Мінез және адамгершілік мінез - құлық”атты арнайы тарау берді. Ол жеке тұлғаның этикалық мәселелерін ерекше атай отырып, сонымен қатар, мінездің тұтастық қасиетіне ерекше мән берді.
Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің көрінуінде, сондай-ақ оның жеке белгілері үрдісін қалыптастыруда байқалады.
Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, қозғалғыштығы немесе енжарлығы - осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да белгілерінің әсері ерекше: жүрек - қантамырлар, ас қорыту және эндокриндік жүйелер.
Демек, ғылыми-жаратылыстану негіздері тұрғысынан мінез жүйке жүйесі қызыметінің типтері белгілерінің және бас ми қыртысының уақытша байланыстар түрінде бекіген өмірлік көңіл- күйдің көрінісі болып табылады.
Мінездің көрінісі тек қана әрекетте және қылығында аңғарылып қоймайды, сонымен қатар тілінде, бет-пішінінде және дене бітімінде байқалады. Барлық тілдік ерекшеліктері мінездің және темпераменттің белгілі қасиеттерін бідіреді. Мінез жеке тұлғаның сырт келбетіне із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері Л. Н. Толстой былай деп жазды:”Teк қана көзі күлетін адамдар болады-бұл адамдар өте арам және эгоистер. Көзсіз аузы күлетін адамдар болады- бұл адамдар әлсіз, тұраксыз және күлкінің бұл екі түрі де жағымсыз”. Толстой өзіне -өзі мәз болатын, тәтті, бакытты, мөлдір салкын, әзіл аралас, акымак және т. б. күлкінің болатындығын атап өтті. Адамның көз жанары-бұл жанның айнасы. Оның мінез-құлқын көз жанарынан байқауға болады. Адамның мінез-құлқын көз жанарынан байқауға болады. Адамның мінез - құлқы жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының гуманист ақыны, көрнекті ағартушысы Абай өз халқының ауыр тұрмысын және надандығын мініп-шенейді. Тек өзінің қарын қамын, яғни, тән қажеттілігін өтеуді ғана ойлап, рухани қажеттілігін ойламайтындарға, еңбексіз мал табудың жолына түсушілерге, біреуді арбап, күн көрушілерге, өзінің жағымпаздығымен ұлық алдында көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды.
Ұлы гуманис - ақын Абай өз кезегіндегі жастардың жағымсыз мінездерін қатаң сынға алды.
Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап,
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - дейді Абай.
Осындай жексұрындық мінездер мен әрекеттерді әшкерелей отырып, Абай жастарға:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге, - дейді.
Табиғатты айтсын мейлі, махаббатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршігер міні мен арамза мінез - қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, ондағы адамға деген жарық пен жылылықты сезінеміз, адам басындағы әлі арылып болмаған сұмдық пен сорақылықтан жериміз де безінеміз, жексұрын мен жамандықтан түршіге түңілеміз.
Сондықтан да ол:
Мансапқорлардың қасынан
Шақпайтындарға ашынам
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған?
Ала аяқтарға ашынам
Ашынам-дағы тасынам.
Құныңды несін жасырам, -деп адам басындағы мінез-құлықты ашына сынға алады.
Мінездің физиологиялық негіздері
Мінездің физиологиялық негіздерін дұрыс түсіну үшін И. П. Павловтың жоғары жүйке қызмет туралы еңбектеріне, ерекше жүйке жүйесі қасиеттері және типтері туралы іліміне ерекше мән беру қажет. Осындай физиологиялық негіздерінің бірі-динамикалық стереотип. Динамикалық стереотип дегеніміз шартты тітіркендіргіштердің қайталанып отыратын жүйесіне жауап ретінде ұйымдасқан шартты рефлекстер жүйесі.
Әрекет тәсілдерінің даралық ерекшеліктері мен жүйке үрдістерінің осындай байланысы оқу, спорт және еңбек іс- әрекеттерінде байқалады (Б. М. Тепловтың, В. С. Мерлиннің, Е. А. Климовтың зерттеулері) . Демек, мінездің қасиеттерінің пайда болуының басты физиологиялық шарты-бұл жүйке жүйесінің жалпы түрінің қасиеті.
Жүйке жүйесінің жалпы типі темпераменттің физиологиялық негізі болып табылатындығы белгілі. Осыдан темперамент пен мінездің арасында тығыз байланыс келіп шығады. Темпераменттің типі-мінездің дара, өзіндік қасиеттерінің шығуының негізгі психологиялық шарттарының бірі. Мінездің қасиеттерінің шығуында жүйке жүйесінің жалпы ттипінің қасиеттерімен қатар, басқа да жүйке - физиологиялық қасиеттері қатысады.
Мінездің қасиеттерін қалыптастыруда екінші сигнал жүйесі ерекше орын алады. Қандай дәрежеде екінші сигнал жүйесі бірінші сигнал жүйесіне үстемдік етуіне және бұл жүйелердің өзара қарым - қатынасына байланысты И. П. Павлов жүйке жүйесінің арнаулы 3 түрлі адам типін қарастырады: ”ойшыл тип” - екінші сигнал жүйесі шартты рефлекторлық іс-әрекеттің басым болуы, “көркем тип”-бірінші сигнал жүйесінің басым болуы және “орта тип”- екеуі де тепе- тең болып келеді. Жүйке жүйесінің арнаулы типтерінің қасиеттері мінездің қасиеттерінің пайда болуына қатысуы мүмкін.
Бірақ жүйке жүйесінің жалпы типінің қасиеттері мінездің қандай болатынын алдын ала анықтап бере алмайды. Адамдардың бірдей жүйке жүйесінің типтері болғанмен, әртүрлі мінезі болуы мүмкін. Мысалы, жүйке жүйесінің типі әлсіз адам ақ көңіл немесе ащулы, әділ немесе екісөзді, ұқыпты немесе ұқыпсыз. Жүйке жүйесінің типі мінезге тек екі жағдайда әсер етеді. Біріншіден, ол көмектесуі немесе мінездің белгілі қасиеттерін тәрбиелеуді қиындатуы мүмкін. Мысалы, жүйке жүйесінің әлсіз типі бар адамда күшті және ұстамды адамға қарағанда өзін- өзі меңгеру және сенімін тәрбиелеу қиынырақ болуы мүмкін. Екіншіден, егер әлеуметтік жағдайлар мен адамды тәрбиелеудің нәтижесінде жеке тұлғаның белгілі қатынастары қалыптасады, демек, бұл қатынастарды білдіретін жүйке жүйесінің типтеріне байланысты.
Флегматик пен холерикте еңбексүйгіштік әртүрлі іске асады. Мысалы, холерик еңбексүйгіштігі жігерлілікпен, ерекше іскерлікпен, белсенділікпен байқалады. Ал флегматикте осындай еңбексүйгіштік ойластырылған, бірізділікпен, сабырлы салмақтылықпен, бірқалыпты ырғақпен аңғарылады.
Мінез бен темперамент бір -бірімен тығыз байланыста болады.
Мінездің физиологиялық негіздері - жүйке жүйесі типінің бітістерінің және дара өмірлік тәжірибенің, тәриенің нәтижесінде қалыптасқан уақыша байланыстардың күрделі тұрақты жүйесінің қосындысы. Осы қосындыда уақытша байланыстар жүйесі жүйке жүйесінің типіне қарағанда ерекше рөл атқарады, тип, жалпы алғанда, мінезді және оның жекелеген бітістерін алдын ала анықтай алмайды. Жүйке жүйесінің кез - келген типінің негізінде жеке тұлғаның барлық қоғамдық құнды сапаларын қалыптастыруғап болады.
Осы айтылғандардан шығатыны мінез тұқым қуаламайды және туа бітке қасиет емес, ол жеке тұлғаның тұрақсыз және өзгеріссіз қасиеті. Мінез қоршаған ортаның, адамның өмір тәжірибесінің, тәрбиенің әсерімен қалыптасады және дамиды.
Кейде мінезді түсінуде интуиция ерекше рөл атқарады. Егер интуиция жемісті болса, тек талдаудың жемісі түрінде пайда болады. Интуиция шабыт сияқты тек ғана еңбексүйгіш адамдарға тән. Л. Н. Толстой “Жексенбі” романында былай деп жазды. “Адамдар өзен сияқты: су бәрінде де бірдей және әруақытта да біреу, бірақ әрбір өзен бірде тар, бірде тез, бірд. е кең, бірде тыныш, бірде таза, бірде салқын, бірде лас, бірде жылы. Адамдар да солай. Әрбір адамның бойында кісінің барлық қасиеттерінің негіздеріне негіздерін кездестіруге болады және кейде біреулерін, кейде басқаларын аңғарамыз; кейде тіптен өзіне-өзі ұқсас болмайды”.
Мінездің құрылымында оның тарихы күшті бейнеленеді. Сондықтан да мінезді зерттеуде оны міндетті түрде қалыптастыру шарттарымен тығыз байланысты қарастыру қажет.
Күнделікті өмірде біз адам турлы айтқандаәруақытта белгілі мінез бітістерін тікелей атаймыз: қатынас жасай білушілік немесе тұйықтық, батылдық немесе қорқақтық және т. б.
Сынып жетекшілері оқушыларға мінездеме бергенде олардың анық байқалатын даралық белгілерін көрсетеді. Кейде педагогтар оқушыға мінездеме беруге қиналады, оның себебі шәкірттің мінез бітісінің басты көрсеткіштерін көрсете алмайды немесе бұл мінез бітістері қарама -қайшы, әрбір адамдарға қатысты сияқты көрінеді, тұтас мінез туралы түсінік бере алмайды.
Қалыптасқан мінездің құрылымында біз мінездің екі жағын атап көрсетуіміз керек:мазмұн және түр. Оларды бір- бірімізге бөлуге болмайды және органикалық бірлікте қарайды.
Мінездің құрылымын талдап қарағанда, оның объективтік шындыққа қатысының мазмұны бірінші орынға қойылуға тиіс. Қоғамдық әсерді бейнелейтін мінездің мазмұны жеке тұлғаның өмірлік бағыттылығын құрайды, демек, оның материалдық және рухани қажеттіліктерді, қызығулары, мұраттары және әлеуметтік ұстанымдары. Жеке тұлғаның бағыттылығы адамның мақсаттарын, өмірлік жоспарын, оның өмірлік белсенділігінің дәрежесін анықтайды.
Жеке тұлғаның белгілі бір бағыттылығы адамның баллық мінез -із қалдырады. Қалыптасқан және адамгершілік тұрғыдан анықталған мінезде негізгі саласы сендірулердің жүйесі болып табылады.
Сендіру адамның мінез - құлқының принципшілдігін анықтайды.
Адамдарға тән сендірушілік мынандай мінез бітістерінде байқалады; мақсатқа ұмтылушылық, принципшілдік, оптимизм, өзіне және басқаларға талап қоюшық. Қажеттіліктер мен қызығулардың жетекші қызыметіне байланысты адамның өзіндік мінезі қалыптасады. Адамда рухани қажеттіліктер және қызығулар үстемдік ете ме - бұл жеке тұлғаның ақыл - ойы мен сезімдерін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оның істерінің бағыттылығын да анықтайды.
Ерлік дегеніміз - алға саналы түрде қойылған мақсатты орындау жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге даярлығы, белсенділігі, табандылығы. Адам өзінің өмірлік іс - әрекетін, өзінің еркі менсанасының намысын жасайды. Еріктің арқасында адам өз іс - әрекетін бағыттайды, реттейді, бақылайды. Жануарларда екінші сигнал жүйесінің болмауына байланысты саналы мақсатқа ұмтылушылық, сонымен қатар өз мінез - құлқына саналы бақылауды іске асыру қабілеттілігі болмайды.
Мінезге қатысты жеке тұлғаның белгілі ерекшеліктерін мінез бітістері деп атайды. Мінез бітістері - бұл жеке тұлғаның кездейсоқ көрінуі емес, адамның мінез - құлқының тұрақты ерекшеліктері, жеке тұлғаның өзінің қасиеттері болып табылатын ерекшеліктері.
Әрбір адам жекелеген жағдайларда батылдық, табандылық, әділдік, ашықтық көрсетуі мүмкін. Бірақ адамның психикалық өмірінің бұл жеке көріністері әлі де оның мінезінің тұрақты бітісі болып табылмайды. Адамның мінез бітістерін біле отырып, біз алдын ала белгілі жағдайда оның мінез- құлқын көре, жобалай білуіміз керек.
Адамның мінезінің жекелеген бітістерінің қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты тарихы пайда болады және өзгеріп отырады. Мәселен, нарықтық қатынастарға байланысты біздің қоғамдағы адамдардың психологиясында, сана- сезімінде, мінез бітістерінде нарық талаптарына сай елеулі өзгерістердібайқауға болады, адам мінез-құлқындағы қалыптасқан бұрынғы құндылықтар өзгеріске ұшырады. Нарық жағдайында жекеменшік психологияға негізделген жаңа мінез бітістері қалыптасады.
Мінез бітістерін екі негізгі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа жеке тұлғаның бағыттылығын білдіретін мінез бітістері жатады; қоғамға, ұжымға, басқа адамдарға қатынасын білдіретін мінез бітістері, еңбекке қатынасын білдіретін мінез бітістері, өзіне-өзінің қатынасын білдіретін мінез бітістерінен тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz