Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі-өнегесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

« Мектеп » бөлімі

«Қорғауға жіберілді»

«___»2013ж.

Директордың орынбасары

Ботағариева Г. Ж. .

02-29

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі-өнегесі

Жетекшісі: Сұлтанова Ғ. Т. педагогика пәнінің оқытушысы

Орындаған: Уалитханова Айдана- 4(9б) тобының студенті

Басталуы:Қыркүйек 2012ж

Аяқталуы: Мамыр 2013ж

Сақтау мерзімі: 5 жыл 524 - бап

Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,

туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
1. 1. Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері
1. 2. Отбасының тәрбиелік күш қуаты - ата-ананың үлгі-өнегесі
1. 3. Отбасы балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың факторы ретінде……
1. 4. Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектептің ынтымақтастығы
1. 5. Мұғалімнің бірінші сынып оқушысының отбасымен танысуы
1. 6. Ата-аналарды балалар ұжымын тәрбиелеу ісіне қатыстыру
2 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРУ
2. 1. Ата-ана өнегесі - ұрпақ тәрбиесі
2. 2. Ұрпақ тәрбиесінің ұлы ұстанымдары
2. 3. Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ
2. 4. Балаңызбен қалай қарым - қатынас жасау керек?(педагогикалық іс-тәжірибеден)
2. 5. Бақылау экспериментінің нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша материалдар

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қай заманда да, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Алайда, қазіргі кездегі елдегі әкономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1, 2, 3, 4] . 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілкке, зерделілікке баулып, халықының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған. Бұл ретте педагогика тарихында қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың даму ерекшеліктері, адамгершілікке тәрбиелеу және т. б. мәселелер зерттелген. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г. А., Афонькина Ю. А., Петерина С. В., Лисина М. И. және т. б. қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ. Т., Ауталипова Ү. И., Елеусізова С. М., Оразбекова К. К. және т. б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді. Десек те, қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы анықталды. Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.

Бұл қарама-қайшылықтардың шешімін табу бізге диплом жұмысымыздың тақырыбын «Отбасы тәрбиесіндегі ата-анаға қойылатын талаптар» деп айқындауға мүмкіндік берді.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр, олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады? Сондықтан қоғамның дамығандығының, мемлекеттің іргесі беріктігі мен азаматтарының көңілінен шығатын өркениеттілігінің басты шарты - экономиканы өркендету, әлеуметтік-әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру, білім-тәрбие берудің оңтайлы жүйесін құру арқылы әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат қарым-қатынастары салтанат құруына жағдай жасау.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы.

Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.

1. Оқушылардың әлеуметтенуіне және тұлға боп қалыптасуына әлеуметтік- психологиялық жағдай жасау.

2. Білім беру бағдарламаларына сай балалардың мүмкіншіліктеріне қарай бейімдеу, оқушыларды оқыту технологиясының салыстырмалы анализдерін құру, оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін ұйымдастыру.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Оқу- тәрбие үрдісінде ғылыми- эксперименталды бағыт.
  2. Оқушылардың интеллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік дамуын қалыптастыру.

Жұмысының негізгі түрлері:

Диагностикалық іс- әрекеті:

1. Мотивациялық, сферада даму ерекшелігін анықтау (1- сыныпар) .

2. Оқушылардың таным, үрдістерін анықтау.

3. Оқушының интеллектуалды деңгейін анықтау (5 сыныптар) .

4. Өзін- өзі бағалау мен топтағы атмосфераны анықтау (6-8 сыныптар) .

5 Ақыл- ойдың дамуын және кәсіптік бағдарды анықтау (9-11 сыныптар) .

6. Мектептегі компитентті емес балалармен дамыту жаттығуларын жүргізу.

7. Педагогтардың кәсіби бағытын және тұлғалық типерін анықтау (мектеп мұғалімдерінің) .

8. Ата- ана мен педагог, ата- ана мен оқушы. Жанұя жағдайының оқушы психологиясына тигізетін әсері (ата- аналар) .

Профилактикалық және коррециялық іс- әрекет:

Баланың мектепке бейімділігін бастауыш сынып жетекшілерімен бірге

коррекция жүргізу.

Мұғалімдерге индивидуалды кеңес, психологиялық талдау,

педагогикалық консилум және оқушыларды дамытуды ұйымдастыру.

Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас түрлерін белсендендіру.

Психологиялық кеңес:

Педагогтарға кәсіби және жеке мәселеер төңірегінде кеңес беру.

Педагогикалық ұжымның инновациялы процестерге дұрыс

бейімділігімен қоса, мектеп ұжымында қолайлы климат ұйымдастыру.

Оқушылардың дамуы, оқуы, өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі тануына топтық және жеке кеңес беру.

Ата- аналарға психологиялық ақыл-кеңестер.

Зерттеудің мақсаты: Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

Зерттеудің нысаны:

әрекетті екі түрлі бағытпен:

а) оқушымен тікелей;

ә) субьектің дамуындағы кедергілерге әлеуметтік-педагогикалық ортамен бірге жұмыс жасайды. Мұнда негізгі әсер етуші педагог, ата-аналар.

Зерттеудің пәні: психологиялық қызмет, оқу-тәрбие үрдісінде баланың интеллектуалды және тұлғалық мүмкіндіктерін, қабілетін, қызығушылығын, бейімділігін танытуға және дер кезінде пайдалануын қамтамасыз етеді.

Зерттеудің міндеттері:

1. Мектеп жұмысындағы әдістемелік экспериментті психологиялық- педагогикалық тұрғыда жүргізу.

2. Оқушыны оқу-тәрбие үрдісінде іскерлігі мен дағдыларын, білім сапасы мен оқыту технологиясын бақылау.

3. Оқушының қабілеті мен бейімділігінің дифференциясын нәтижесін коррекциялық жұмыстың қорытындысы бойынша өңдеу. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде психологиялық көмек ұйымдастыру.

4. Мектеп жұмысындағы әдістемелі-эксперимент мониторингі.

5. Оқушылар мен мұғалімдердің эксперименталды зерттеу кезіндегі психопрофилактика және денсаулығын сақтау.

6. Өз кезегінде оқушылар мен мұғалімдерге психологиялық көмек көрсету.

Зерттеудің жетекші идеясы: халыққа кеңес беру саласында психологиялық қызмет ең негізгі компонент болып табылады. Мектеп психологінің қызметінде негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұндағы білім беру үрдісі логикалық дамуымен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді. Психологтің практикалық жұмысында баланың әр түрлі жастағы кезеңіндегі логикалық психикалық дамуы мен әлеуметтік-педагогикалық ситуациялардағы ерекшеліктерін анықтайды. Мектеп психологінің іс-әрекетінде профилактика, коррекция, дамыту баланың психикалық дамуындағы жетістіктері мен ерекшеліктерінде өз болмысын табады. Психолог жұмысында бар мүмкін варианттардың негізгі міндеті дамудың әсері нәтижесінде ауытқуларды профилактикалау, регресс немесе фиксация кезінде коррекция арқылы ерекшелік кезеңіндегі барлық потенциялды мүмкіндіктерді дамыту.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагог-психолог ғалымдар пікірлері, ұрпақ тәрбиесінің ұлы ұстанымдары.

Зерттеудің әдістері:

  1. Оқушылардың шығармашылық дамуына әдістемелік-зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
  2. Оқушыларың дамуы мен оқу технологиясында мүмкіндіктері мен перспективаларын зерттеу.
  3. Индивидуалдыққа, бейімділікке үйрету, оқушылардың әлеуметтік даму интеграциясы.
  4. Оқу- тәрбие процесінің мұғалімдерге тигізетін әсерін зерттеу.
  5. Оқушының тұлғалық қалыптасуы

Зерттеу көздері. Философиялық, психологиялық, педагогикалық бағытта жазылған еңбектер, ғылыми-зерттеулер қорытындысы бойынша жарияланған мақалалар, адам тәрбиесі мен мәдениетін қалыптастыруға қатысты жазылған тұжырымдамалар және т. б.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

1. Жас ерекшелік және педагогикалық мәселелерге семинар жүргізу.

2. Жас ерекшелік және әлеуметтік мәселелерге байланысты ата-аналарға дәріс ұйымдастыру.

3. Мұғалімдер мен ата- аналар үшін психологиялық библиография құру.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы мен мәні:

- зерттеу материалдарын мектептің бастауыш сынып ата-аналарымен жұмысында пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми аппарат айқындалады.

Отбасы және мектеп деп аталатын 1-бөлімде қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері, отбасының тәрбиелік күш қуаты, және отбасылық қарым-қатынас, балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мәселелері қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру деп аталатын 2-бөлімде: Ата-ана өнегесі - ұрпақ тәрбиесі, тәрбиенің ұлы ұстанымдары анықталып, педагогикалық іс-тәжірибелерге талдау жасалды, бақылау эксперименті және оның нәтижелері қарастырылған.
Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып, негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.

Қосымшалар бөлімінде практикалық іс-тәжірибеден материалдар топтастырылады.

1 ТАРАУ ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
1. 1 Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері

Біздер отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аудардық. Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т. б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.

Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т. б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т. б. қатынасу.

Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылыққа еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.

Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс -салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т. б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т. б. жатады.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т. б.

Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының негізгі функцияларының қатарына мыналар кіреді: өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп, өсіру, ең бастысы ерлі-зайыптылар жыныстық қарым-қатынас қажеттілігін және эмоциялық сезімдерін және басқа ішкі және сыртқы (әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын өтеу [28; 29] .

Көптеген зерттеулерде отбасына деген жағымды қатынас таныту балалық шақтан қаланады деп тұжырымдалады. Балалық шақта адамгершілік қасиет ата-ананың балаға қатынасына және олардың өз басына деген қатынасына тәуелді болып келеді. Балалық шақ онтогенезде даму барысында адам өмірінің маңызды кезеңі. Тұлғаның балалық шағының өту жағдайына байланысты, яғни оның санасы мен жүрегіне қоршаған әлемнің әсер етуіне қарай бүгінгі нәрестенің ертеңгі болмысы қалыптасады. Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріп, «он үште- отау иесі» деген. Ерте кезде қазақ отбасыларында қыз баланы 3-5 жастан анасы қасына алып, үйдің жұмысына араластырса, ұл балаларды аңшылық, мал бағу сияқты түздің тірлігіне араластырған. Осы орайда, қазіргі өмір тіршілігіміз мүлде басқа сипатта. Сондықтан отбасында әке мен ананың қарым-қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі болып табылады. Ал, қазіргі таңдағы ересек азаматтардың өзі отбасылық жауапкершілік пен міндеттерді дұрыс түсінбеуінен қаншама шаңырақ шайқалып жатқаны белгілі.

Әрдайым отбасы мүшелері тұлғаның ең алғашқы қоғамдық ортасы мен өмір тәжірибесін жинақтау мектебінің ұстазы болып табылады. Бұл жағдайда отбасы қарым-қатынасында жағымды сезімдер оның мүшелерін көркемдейтін болады. Отбасы әлеуметтік институттың алғашқы сатысы болғандықтан тұлға өмірін әрдайым қолдап отыруы қажет. Себебі, осы әлеуметтік ортада әр баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігі шексіз, шартсыз, кіршіксіз болып табылады. Егер бала өмірінің алғашқы жылдарында ата-анасының сүйіспеншілігі оның өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, өсе келе ата-ана махаббаты адамның ішкі, эмоциялық және психологиялық әлемінің қауіпсіздігі мен қолдау қызметін атқарады.

Ата-ананың махаббаты - адамның жан және тән саулығының, рухани байлығының және берекесінің сапа көрсеткіштері мен қайнар көзі болып табылады. Дәл осыдан ата-ананың бірінші және негізгі міндеті баланың көзқарасында оны жақсы көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру болып табылады. Қандай жағдай, қандай күйде болсын балада ата-ана сүйспеншілігінен еш күмән болмауы тиіс. Ұрпағына қай жас кезеңінде болмасын әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау - ата-ананың табиғи да ең керекті міндеттерінің бірі.

Ата-ана сүйіспеншілігіне сенімділікті ерекшелеу бала тұлғасында кейбір жағдайларға байланысты қажеттілік тудыратындығы белгілі. Қазіргі таңда өсе келе бала ата-анасынан бөлек кететін жағдайлар сирек кездестіріп жүрміз. Бұл жағдайда баланың ең жақын адамдарымен эмоциялық байланыстары үзіліп, психологиялық, ішкі жан дүниелік жағынан алшақтайды. Қазіргі таңдағы зерттеулерге сүйене отырып, психологтар жеткіншектік кезеңдегі маскүнемдік пен нашақорлықтың астарында көбіне ұрпағын сүймейтін ата-аналар жатқанын дәлелдеген. Нарық жағдайында, материалды құндылықтар басым болып тұрған уақытта отбасылық тәрбиеге негізгі психологиялық талап - махаббат болып табылады. Яғни, баланы сүйіп және күнделікті соны жетекшілікке алып қоймай, сонымен бірге баланың өзі қандай қиындықтар мен қақтығыстар, жанжалдар туындатып отырса да, тіпті ол өзара қарым-қатынаста болмасын, мейірімін, олардың оған деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек осы жағдайда ғана адамның ішкі әлемі дұрыс қалыптасып, сүйспеншілік негізінде ғана адамгершілік құлықтық іс-әрекет жасалады, ал сүйіспеншілікке тек сүйіспеншілік ғана үйретуі сөзсіз.

Қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарға орай, отбасылық қарым-қатынас сипатында, оған деген көзқарас жаңа сипатта көрініс беріп жүр. Ғылыми-экономикалық даму жағдайында ата-ана өз сезімдеріне, жүрегінің үніне, өз баласының қабілеттеріне сенімділікпен арқа сүйеуі керек. Осы орайда, ата-ана тәрбиенің қандай жүйесін ұстануына тек өзі ғана шешім жасауы тиіс. Бұл жағдайда баланың жараланғыш нәзік жүрегі үшін оның отбасында сүйікті екенін сезіну, ата-анасы үшін қымбат екенін ұғыну болып табылады.

Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы отбасының маңызды рөлі оның бала дамуындағы әсерін және қайталанбастығымен, даралығымен және жақындығымен анықталады. Шын мәнісінде ата-анадан жақсы баланы ешкім біле алмайды [30; 31] . Жоғарыда атап өткендей біз жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда балалық кезеңдегі отбасыішілік қарым-қатынасқа тікелей байланысты жағдайларды сипаттап отырмыз.

Ата-ана тәрбиесі негізінде отбасында тұлғаның адами сапалары қалыптасады. Бұл адами сапаларға адамгершілік, қайғыра білу, сөйлеу мәдениеті, зейінділік, мақсаттылық, инабаттылық, ізгілік және т. б. қасиеттер кіреді. Керісінше, ата-ана стиліне қарай, отбасышілік қарым-қатынасқа байланысты өзімшілдік, қаталдық, үлкенге деген дөрекілік, қоршаған ортаға салғырттық, жауапсыздық және аяусыздық сияқты жаман қылықтар да дамитыны сөзсіз. Осы орайда, ұрпағының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында ата-аналар әр жағдайда отбасылық салт-дәстүрді ұстанып, өз ата-анасына құрметпен қарап, баласына боларлық тәрбиеші болып, шыншылдық, адалдығын көрсетіп, оны жетілдіруі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау
Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасы - тәрбие ұжымы
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Отбасылық тәрбиенің теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz