Отбасы тәрбиесінің мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Отбасы негізі ата.ана және олардың беретін тәрбиесі

1.1. Отбасы. әлеуметтік орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.2. Отбасы тәрбие ерекшелігі,қарым.қатынастың тәрбиедегі ықпалы ... 8

1.3. Отбасындағы бала тәрбиелеудің басты қағидалары ... ... ... ... ... ..13

1.4. Отбасында жүргізілетін жұмыстар және бала тәрбиесіндегі ата.ана тәрбиесінің ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Пайданылған әдебиеттер
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселелерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Зерттеудің мақсаты:Отбасының әлеуметтік ортадағы орнын анықтау,
Отбасының қарым қатынастың тәрбиедегі ықпалының маңызын ашу,
Отбасында жүргізілетін жұмыс түрлерін талдау, бала тәрбиесіндегі басты қағидаларды нақтылау.
Зерттеудің міндеттері: бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінен шығатын түйін: ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу;
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністіктің орнын анықтау;
Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысу;
Зерттеу пәні: - мектеп жасындағы бала, жалпы отбасындағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды.
Зерттеу нысаны: Атырау мектептеріндегі оқу-тәрбие процесі, оқушылар-мұғалімдер-ата-аналар ынтымақтастығы
Зерттеу әдісі: курстық жұмысты жазу барысында негізінен педагогика саласындағы ғылыми-педагогикалық еңбектерге сүйене отырып, оларға логикалық болжамдар жасау, көркем шығармаларда пайдалану, отбасының әлеуметтік мәселелері жайлы тың еңбектерді зерделей отырып жаздым. Ол әр бөлімде көрсетілген.
Курстық жұмыс Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құрылған.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________Усербаева М.К.

сәуір 2016 ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : Отбасы тәрбиесінің мазмұны

Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі : 0105023 Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі

Орындаған Исатаева Айнұр 49 инб тобы
Жетекшісі: Асқарова Армангүл Қаленқызы-
педагогика, психология пән оқытушысы, п.ғ.магистрі

Атырау-2016

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі

1. Отбасы- әлеуметтік орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. Отбасы тәрбие ерекшелігі,қарым-қатынастың тәрбиедегі ықпалы ... 8

3. Отбасындағы бала тәрбиелеудің басты қағидалары ... ... ... ... ... ..13

4. Отбасында жүргізілетін жұмыстар және бала тәрбиесіндегі ата-ана
тәрбиесінің ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .23

Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Зерттеу көкейтестілігі:

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында
болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан
өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну
үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы
қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру
керек.
20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас
өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен
әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге
тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты
тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей
ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу
үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселелерді қарастыру
менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Зерттеудің мақсаты:Отбасының әлеуметтік ортадағы орнын анықтау,
Отбасының қарым қатынастың тәрбиедегі ықпалының маңызын ашу,
Отбасында жүргізілетін жұмыс түрлерін талдау, бала тәрбиесіндегі басты
қағидаларды нақтылау.
Зерттеудің міндеттері: бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінен
шығатын түйін: ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу;
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен
түсіністіктің орнын анықтау;
Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысу;
Зерттеу пәні: - мектеп жасындағы бала, жалпы отбасындағы бала тәрбиесі,
халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді
қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды.
Зерттеу нысаны: Атырау мектептеріндегі оқу-тәрбие процесі, оқушылар-
мұғалімдер-ата-аналар ынтымақтастығы

Зерттеу әдісі: курстық жұмысты жазу барысында негізінен педагогика
саласындағы ғылыми-педагогикалық еңбектерге сүйене отырып, оларға
логикалық болжамдар жасау, көркем шығармаларда пайдалану, отбасының
әлеуметтік мәселелері жайлы тың еңбектерді зерделей отырып жаздым. Ол әр
бөлімде көрсетілген.

Курстық жұмыс Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, пайдаланған
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құрылған.

І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі

1. Отбасы- әлеуметтік орта
Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан
бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі
кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске
ұшырағанын атап өтуге болады.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең
қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы
күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын
атқаруға кіріседі.
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз
сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен
ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы,
сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және
әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының
берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде
еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып,
бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-
аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға
берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан
туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп
өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел
қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал
балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді
міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-
аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның
біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні
мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары
мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік
қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан
басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі
ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени
орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге
келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де
күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы,
ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі
отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi
парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн
күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi
сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде
көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесiнде
отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да
алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған
мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың,
ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа,
өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi
беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн
құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бұл мәселе ешқашан күн тәртібінен
түспеген, сондықтан да күні бүгін де көкейтесті мәселелердің бастысы болып
табылады.
Отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген
тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.
М.Әуезовтың Ел болам десең, бесігіңді түзе – деген нақыл сөз отбасы
тәрбиесінің мән- мағынасын айқындап берді.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болса, ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді,
өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді. Жақсы отбасынан жақсы адам тәрбиеленіп шығады,
әсіресе ата-әжеден тәрбие алған бала олардың мейіріміне негізделіп,жанұяда
ұрпақтар сабақтастығы жалғана бермек.
Жеке тұлға тәрбиесінде отбасының ролі зор. Отбасы тәрбиесі туралы
алғашқы түсініктер мен идеялар бастауын халықтық педагогикадан алады.
Отбасы тәрбиесі проблемаларына байланысты Дж.Локк, К.Д.Ушинский,
П.Ф.Лесгафт өз еңбектерінде от басы тәрбиесінің маңызына, от басы
тәрбиесінде даралық ерекшеліктерді, бейімдіктерді, дене күші мен психикалық
процестерді дамыту қажеттігіне көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский отбасы тәрбиесі теориясының негізін қалаған. А.С.Макаренко
ата-аналар беделі туралы еңбегінде беделді төмендегі түрлерге бөледі:
қорқытуға негізделген бедел, ара қашықтықты сақтауға негізделген бедел,
өркөкіректікке негізделген бедел, педанттық бедел, ақылгөйлік бедел, ерекше
жақсы көру беделі, мейірімділік беделі, достық беделі, сатып алу беделі.
Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін
шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:
- репродуктивті (ұрпақ әкелу.)
- экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде еңбекке
жарамсыздарды асы рау);
- тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау);
- қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен);
- шаруашылық-, басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен
байланысу);
- рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат,
денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау)
Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі
отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің
ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
- отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі
мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды;
- отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады;
- отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара
жауапкершілікке негізделеді;
- отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың
бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді;
- отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-
күйін есепке алу мүмкіндігі мол;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы
отбасында дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;
- кәсіп таңдауға да ықпалы зор;
Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше
топтастырылады:
- беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс
талаптар орын алады;
- демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық,
құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету
басым болады;
Отбасы- адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, некеге немесе қандас
туысқандылыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Қоғаммаен, бүкіл қоғамдық
қатынастарының жүйесімен тығыз байланыста болғанымен, отбасы – қоғамдық
өмірмен салыстыра қарағанда адамдардың биологиялық жағынан ең жақын, өз
алдына дербес те сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани
үрдістермен сипатталады.
Отбасы - өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты
даярлау,яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт
берумен айналысатын әлеуметтік институт.
Орыс тіліндегі семья сөзінің қазақша баламасы әлімсақтан отбасы
екендігі аян. Бұқаралық ақпарат құралдарында ғасырлар бойы тілімізде
орныққан отбасы - ошақ қасы тіркесіндегі төмендету сипатында айтылған
мағынасынан алыстай алмай , жанұя сөзімен ауыстырып қолданылса деген
пікірлер жиі айтылып жүр. жае мен ұя сөйлем ішінде, синонимді түрде
семья сөзінің стильдік қызметін атқарғанымен, дәлме-дәл терминдік
мағынасына адекватты нұсқа бола алмайды.Сол сияқты үй-ел-мен ұғымдарының
жиынтығынан тұратын үйелмен сөзі де жанұя сөзі іспетті баламалық рөл
атқарады. Бұл біздің тілдік қолданымыздың аясын кеңейте түседі.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың: адам – отбасы –
мәдени шағын топ – этномәдениет – үлкен өркениет – адамзат жүйесі бар.
Осыған тең келетін қазақ шежіресіне тән жүйе: ата баласы – ру – тайпа –
жүз – ұлт.
Қазақ отбасылары – Қазақстан Республикасының негізгі
тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық дамыған
өркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді.

2. Отбасы тәрбие ерекшелігі, қарым-қатынастың тәрбиедегі ықпалы

Жеке тұлға тәрбиесінде отбасының ролі зор. Отбасы тәрбиесі туралы
алғашқы түсініктер мен идеялар бастауын халықтық педагогикадан алады.
Отбасы тәрбиесі проблемаларына байланысты Дж.Локк, К.Д.Ушинский,
П.Ф.Лесгафт өз еңбектерінде от басы тәрбиесінің маңызына, от басы
тәрбиесінде даралық ерекшеліктерді, бейімдіктерді, дене күші мен психикалық
процестерді дамыту қажеттігіне көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский отбасы тәрбиесі теориясының негізін қалаған. А.С.Макаренко
ата-аналар беделі туралы еңбегінде беделді төмендегі түрлерге бөледі:
қорқытуға негізделген бедел, ара қашықтықты сақтауға негізделген бедел,
өркөкіректікке негізделген бедел, педанттық бедел, ақылгөйлік бедел, ерекше
жақсы көру беделі, мейірімділік беделі, достық беделі, сатып алу беделі.
Халқымыздың этнопедагогикасының әдіснамалық негізін салушы
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қожахметова К.Ж. Мектептің
ұлттық тәрбие жүйесі атты оқу құралында көрсетілген ережелермен келісе
отырып, төмендегіше толықтырылған отбасы ережесі:
1.Балаға жақсы ат қою;
2.Баланың тілін-ойын дамыту;
3.Денсаулықты сақтауға көңіл қою;
4.Отбасында балаға қатысты мерекелерді қалдырмай тойлау;
5.Отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
6.Баланың жынысына қарай тәрбиелеу;
7.Білім алуына мүмкіндік жасау;
8.Жауапкершілігін қалыптастыру;
9.Дүниетанымын қалыптастыруға үйрету;
10. Қабілетін шыңдап, дарындылығын дамыту;
11.Баламен оңаша болуды естен шығармау;
12.Келеңсіздікті балаға естіртпеу;
13.Басқаларды үлгі ету;
14.Туысқандық сыйластықты ұғындыру;
15.Көршімен тату болуға үйрету;
16. Баланың киіміне мән беру;
17. Айтқанды тыңдауға, бағыну заңына үйрету;
18.Үй шаруасының барлық түріне баулу;
19.Қонақ күту, қонаққа бару;
20.Отбасында ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр қалыптастыру.,т.б.
Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін
шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:
- репродуктивті (ұрпақ әкелу);
- шаруашылық-экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде
еңбекке жарамсыздарды асырау);
- тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау);
- қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен, басқа адамдармен,
отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысу);
- рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат,
денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау)
Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі
отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің
ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
- отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі
мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды;
- отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады;
- отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара
жауапкершілікке негізделеді;
- отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың
бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді;
- отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-
күйін есепке алу мүмкіндігі мол;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы
отбасында қалыптасады;
- отбасы салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;
- кәсіп таңдауға да ықпалы зор;
Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше
топтастырылады:
- беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс
талаптар орын алады;
- демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық,
құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету
басым болады;
Қоғам ауысқан сайын оның өзіне тән құндылықтары мен тәрбие жолдары
өзгеретіні белгілі. Қазақ халқы өзіне лайық ұрпақ өсіруді,оның бойына
адалдық, тазалық ,қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез-
құлықты дамытуды,ата-ана мен дәстүрді сыйлауды әуелден –ақ өзіне мұрат
тұтқан. Алайда өзгеріп жатқан заман,қоғам жаңалықтары жас ұрпаққа
әр қилы ықпал ететіні,содан тәрбиенің міндеттері де күрделене түсетіні де
айқын.
Жас ұрпақ бойында адамдық құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты
қалыптастыру міндеті тұр.Әрине, адам да, қоғам да,өмірде бір қалыпты
тұрмайды.Сондықтан да біздің басты міндетіміз қазіргі жастар бойындағы
ұлттық әдептілікті, сұлулықты, мінезділікті, батырлық, жігерлілікті сақтап,
жаңғырта білу, жаңа заман жастарына білім беруде, рухани өсуіне ұлттық
санамен ұштастыра білу. Ұлт ұрпағының тәрбиесі –жалпы ұлттық тәрбиенің
ішіндегі ең күрделісі және қиыны.
Отбасы бүкіл ғасырлар Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата,
әке, бала. Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы
болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке
бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша
көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі
заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп
есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала
болмаған. Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани
байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына
алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген.
Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек
қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының
орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы,
қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен
сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие
болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да
сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан.
Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін
де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны
мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен
әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін
жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін
басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша
сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген
тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең, бесігіңді
түзе – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Қазақстан Республикасын мызғымас, біртұтас мемлекет ретінде көру
мұратымыз болса, онда бақытты отбасылық өмірге жасөспірімдерді баулу да
басты мақсат болатыны сөзсіз. Қазақ халқының өзіне сай ұлттық жаһандану
кезеңіне өз ерекшелігімен жетіліп, кемелденіп жетеді деген мүддені алға
ұстанғанымыз жөн. Олай болса, отбасындағы қыз бала тәрбиесі мен ер бала
тәрбиесін өзін қоршаған ортадағы, олардың бір-біріне деген сыйластығы, ата-
ана мен туған-туыс арасындағы қарым-қатынаста жүзеге асуын
қарастырамыз.Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың
арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар.
Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Қазақ отбасында әуелі әке,
содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Жалпы
қоғамдағы тәрбие мазмұны - тұлғаның сенімі, дағды, көзқарас сапасы,
қасиеттері, мінез-құлқының орнықты әдеттерінің жүйесі - тәрбиеленушіні
өмірдегі басты үш нәрсе: азамат, маман-қызметкер, отбасы иесін дайындау
екені белгілі.
Тәрбие мазмұнының негізі-жалпы адамзаттық құндылықтар: Жер, Отан, отбасы,
еңбек, білім, мәдениет, әлем, Адам.
Тәрбие мазмұнының негізі-тұлғаның бақытты болу қабілетін дамыту
(тәрбие феликсологиясы-бақыт әкелуші-лат.) Ал адам осыларға тек отбасылық
тәрбие мен қоғамдық жүйелердің бірлігінде ғана ие бола алады. Отбасы
құндылығы – біздің мемлекетіміз ұстанып отырған басты саясат. Шаңырақтағы
ата-ана, бала үштағанының үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік
болуына қызмет етеді. Ана мен баланың өмірі мен денсаулығын барлық ер-
азамат, бүкіл қоғам, күллі ел болып қорғау арқылы жаны сау отбасын
қалыптастыра аламыз. Елбасының елге арнаған Жолдауында да отбасылық
құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін  дәріптеу, ата-аналарға
балаларының қамқорлығы  алу мәселелері  сөз болған еді.

Оқу – тәрбие  ісі де  отбасы құндылықтарын жандандыратын, болашақ
елдің ертеңін - оқушыларды тәрбиелейтін мұғалімнің- ұлттық, адамгершілік
рухани құндылықтары, өздік  ойлау қабілеті жоғары, білімді  өз  бетінше 
іздеуге, өз  бетінше білім алуға  дағдылана алатын, бәсекеге қабілетті
маман қалыптастыратын үрдіс. Осы ретте әке  көрген  оқ  жонар,  шеше 
көрген  тон  пішер деген аталы сөздің мән-мағынасы анықталады. Себебі,
отбасынан адамгершілік, имандылық ,  адамдық  парасат, білімге құштарлық
көріп, тәрбие алып келген жастар біздің оқу-тәрбие үрдісінде қанатын кеңге
самғап, көлде жүзген аққудай еркін де жан-жақты дами алатындығы айқын. Бұл
жөнінде В.А. Сухомлинский:
Бала - жанұяның айнасы; су тамшысындағы күннің бейнесі сияқты,
балалар да әкесі мен шешесінің адамгершік тазалығының бейнесі,-деген екен.
Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени -
әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың,
ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа,
өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу секілді үлкен ұрпақтың тәжiрибесi,
өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз
орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi.

3. Отбасындағы бала тәрбиелеудің басты қағидалары

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды,
ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатынастырады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп
пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген
мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты,
кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі
жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – педагогтардың оқушылар үйіне бару.
Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу,
оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға ата-аналармен әңгіме
өткізу, пікір алмасу.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы – педагогикалық
насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру.
Қазіргі ата-аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және
педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту
мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н.К. Крупская өзінің
еңбектерінде ата-аналарды педагогикалық миниуммен қаруландырудың қажет
екенін бірнеше рет айтқан.
Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы,
олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан
педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру
мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға
көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шепке алуды, балалардың
тұрғын жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар
жиналыстарын, олардың конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін
өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі
мақсаты қазіргі заманның талаптарына сәйкес балаларды және жастарды
тәрбиелеу, оларды мамндық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына
түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.
Міне, осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұртшылықтың ісі болып табылады.
Қазақ халқы Қыз тағдыры – ұл тағдыры, ұл тағдыры – жер тағдыры деп
тегіннен-тегін айтпаған. Халқымыздың сан ғасырлар бойы атадан балаға
жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрдің өзіндік тәрбие мектебінің қаймағын
бұзбай, іргесін шайқалтпай балаға таныта білу отбасынан басталады. Адамзат
ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін ешнәрсенің күшімен салыстыруға
болмайды. Сондықтан да қазақтың берік ұйып отырған отбасының босағасы
сөгіліп, беделі азайған заманда отбасы мен мектептің тығыз қарым-қатынаста
болуы міндетті. Мектеп, ұстаз, отбасы бірлесіп жұмыс істеп баланың,
қоғамның, ұлттың келешегін ойлауымыз керек, осындай мақсатта мектептегі ата-
ана ұжымының жұмысын жандандырып, шаралар өткізуге болады.
Отбасы мен мектептің арасындағы бірлікті нығайту;
Ата-аналар ұжымының жұмысын ұлттық отбасы тәрбиесіне жанастыра жүргізу;
Бүкіл тәрбие жұмысын ұлттық отбасы тәрбиесіне жанастыра жүргізу;
Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге
келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн
құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.
Ата-заңды аттаған азғындарды "етегiн кесiп, елден қу" деген қағидамен
аяусыз жазалаған. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесiне ерекше мән берген. "Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал арқылы бала тәрбиесiндегi
отбасының рөлi ерекше екендiгiн атап көрсетедi. Бала тәрбиелей отырып
артына iз, өшпес мұра қалдырған.
"Жерге себiлген дақылдың өсуi жердiң құнарлығына, ылғалдылық пен күн
шұғылысына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр
мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына ( тәлiм-тәрбиесiне)
қатысты. Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым
иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi
жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип
болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi
емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды
болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын
тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел" деп
М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелi болып өсуiне
берекелi отбасының әсерi мол. Отбасының әрбiр мүшесi өзара сөйлесiп, не
болмаса ата-ананың, баланың мiндетiн атқару ғана емес, береке – бiрлiк,
сүйiспеншiлiкпен араласса, босағасы берiк, шаңырағы биiк отбасына айналары
сөзсiз.
Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ, – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша
құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.
Халық педагогикасында отбасы тәрбиесінің екінші бір саласы – ата
және әже тәрбиесі қазақ отбасында ана мен әкеден басқа да тәрбие
міндеттерін атқаратын және басшылық ететін дана адамдар ата мен әже.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский аталар мен әжелерді тәрбиені нәзік
түсінетін табиғи педагогтар деп санады. Аталар мен әжелер және басқа
адамдар отбасында жеке адамның қалыптасуына, өсіп-жетілуіне орасан зор әсер
етеді. Ш. Айтматов өзінің әжесін үлкен тәрбиешім деп есептейді.
Қазақ және басқа Орта Азия халықтарының отбасында аталар және әжелер
ерекше роль атқараы. Өйткені, олар өз балаларын және немерелерін өсіріп
тәрбиелейді, өмірге еңбек етуге жолдама береді, дайындайды.
Ата мен әже отбасының ұйытқысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі,
үлгісі өнеге көрсетуші, ақыл айтушы, балаларының, неме балаларының және
немерелерін өсіріп тәрбиелейді, өмірге еңбек етуге жолдама береді,
дайындайды.
Ата мен әже тәрбиесі арқылы ұрпақ өзіің шыққан тегімен, үрім-бұтақ
шежіресімен, туған-туысқандарымен, құрбыларымен ұлттық тәрбиенің мән-
маңызымен танысады. Сонымен бірге, отау құру, үй болу, еңбек етуге
әрекеттені.
Қазақ халқы Отан отбасынан басталады дейді. Олай болса отбасы
тәлім-тәрбиенің негізгі кезі, түп қазынасы. Қанша жылдар өтсе де
бабаларымыздың мол тәжірибесіне, тағылымы мен дәстүрлеріне және үйелмен
тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың
шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған.
Ғасырлар бойы қазақ отбасы өз балаларын тәрбиелеуде көптеген
әдістерді қолданып келген. Олар: түсіндіру, үйрету, үлгі-өнеге көрсету,
насихат, жазалау т.б. Бұлардың көпшілігі қазіргі кездегі педагогика мен
психология ғалымдарының саласында қолданылып жүрген әдістер және тәсілдер
мазмұны мен мақсаты – сәйкестілігі жағынан бір-бірімен байланысты, бірін-
бірі толықтырады.
Ұрсу, сөгу, сабау сияқты тәсілдер педагогикалық этикаға жат баланы
жасқыншақ ететін, абыройын төгетін, беделін түсіретін, оның еркін дамуына
және адамзат нормаларына қайшы келетін теріс әрекеттер.
Баланы жиі немесе орынсыз жазалауға болмайды, өйткені ол ата-ананың
дәрменсіздігін көрсетеді. Баланы жазалау үшін ата-ана оның теріс қылықтарын
жан – жақты зерттейді, терең ойланып, шешім қабылдайды. Жазалау әділетті
болса, оны бүкіл отбасы мүшелері қолдайды.
Баланың болашақта қандай адам болып шығатынына жоғарыда айтылғандай
отбасының тәрбиесіне байланысты. Егер отбасы бала тәрбиесінде
жауапкершілігі жоқ болса, тәрбие беру, оқыту, үйрету жағынан ата-аналар
жауапсыз болса бұндай отбасындағы балалар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз
әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Және бала тәрбиесінде отбасындағы
сәтсіздік-маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа отбасы
мүшелерінің жеңілтек мінез қылықтары, ажырасу сияқты әрекеттер баланың
психологиясына, тәрбиесіне де үлкен әсерін тигізеді.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор.
Тату отбасында ата-аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс-
әрекеттеріне басшылық жасайды. Балаларын өздерінің қуанышын, қайғыларын,
ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен
кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.
Мұндай отбасы балаларын халқының тамаша рухани және еңбек дәстүрлері
рухында тәрбиелейді. Осылардың бәрі баланың ішкі дүниесінің қалыптасуына
игі әсер етеді.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, ондай мейірбандық, шындық, адалдық,
қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды
және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі. Отбасы жеке
адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микроұжым. Ұлы жазушы
М.Әуезов Ел болам десең, бесігіңді түзе, -деген кемеңгерлік тұжырымдамасы
тәрбиенің негізі отбасында қаланатындығының көрінісі. Халқымыз өз ұрпағын
бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең, жыр, ертегі, асыл сөздер арқылы
тәрбиелікке баулыған. Қазақ халқы ұрпақ тәлім-тәрбиесінде өз ұлтына тән,
оның ұлттық тектілігін сақтайтын сәтті қағидалар мен ережелерді дүниеге
келтіріп, қолданып отырған.
Отбасының баланың рухани дамуында ең құнды адамгершілік қасиет
сапаларының қалыптасуына ерекше орын алатындығы оның маңыздылығы айрықша.
әрбір отбасы психологиялық құрылымдағы қайталанбайтын әдет-ғұрыптарымен,
дәстүрімен, өзіндік бір-біріне ықпал жасау жүйелерімен ерекшеленеді.
Қазақ отбасында мінез-құлықты бала бойына дарыту негізінен
әдептілікке үйретуден басталған. әке-шеше баласын қайырымды, мейірімді, тіл
алғыш, адал, шыншыл болуға, ата-ананы, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге т.б.
қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне ерекше мән берген. Отбасында ата-ана
өздерінің ұнамды өмірлік тәжірибесін ұл-қыздарына ұғындыруы мінез-құлықтың
оңды қалыптасуының негізгі түйіні.
Қазір ғылым атаның қаны, ананың сүтінен даритын қасиеттерді
теріске шығармайды, әйткенмен, көп нәрсенің тетігін шешетін – тәрбие. Бұл
негізінен ананың қолындағы іс. Әке жол нұсқайды, үлгі көрсетеді, бірақ сол
оң жолдың өзін жүзеге асыратын – ана. Ана білімді болса, ең бастысы -
өзегін жарып шыққан перзентінің болашағы үшін қам жесе, бала да өз ортасына
лайық азамат болып шықпақ.
Ата-бабаларымыз Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер, Ұл
туса – елдің қорғаны, қыз туса елдің көркі деген мақалдар бекер
айтылмаған. Мұның түп төркіні әке мен шешенің баланы тәрбиелеу
міндеттілігін көрсетеді. Міне, сондықтан ата-ана отбасы өмірінің ұсақ-
түйегіне дейін ескеріп, баланы тәрбиелейді. Егер тарих бетіне жүгінсек,
көшіп – қонып өмір кешкен қазақ отбасыларында есімі елге әйгілі Қорқыт ата,
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке ди, туған жерін жаудан қорғау борыштылығын
түсінген Махамбет, Исатай, сияқты батырлар тәрбиеленген. Бұл қазақ
отбасының тәрбиесінің өзіндік құдіретінің барлығын оған сай жас ұрпақты
тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.
Қазақ отбасы тәрбиесінің мазмұны халқымыздың мақтанышы болған ұл-
қыздарының өмір жолын оқып, олардан өнеге алуға, қазақ отбасының салт-
дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының артықшылығын білуге, оған сай өзін-өзі
тәрбиелеуге, әке мен анадан өнеге алуға, иманжүзділікке және ұрпақ бойында
ұлттық сезім мен намысты қалыптастыруға бағытталуы керек.
Мұхтар Әуезов Адамдық негізі – әйел деген тұңғыш туындысын
әйел-ана тақырыбына арнаған:
Адам баласы, - депті ол, - тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде
жүргенде әйелден бала туып, ал балаларының бәрі де жастық, қорғансыздықтан
анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын
кіргізген. Соған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылдыққа кіргізген –
әйел. Болашақ ұлы жазушы осы сөзімен әйелдің қоғамның ұйтқысы екенін,
еркек түзде жүргенде әйел төңірегін уыздай ұйытып, балаларын бірлікке,
ұйымшылдыққа баулитын, әйел еркіндікке жетпесе, адамшылдық та күрмеулі
болатынын қадап айтып, егер қазақ мешел болып қалмайын десең, бесігіңді
түзе, әйелдің халін түзе, – деген мәңгілік идея ұсынған еді.
Отбасынан қасиетті не бар?! Ол – ұлттың да, мемлекеттің де, тұтас
қоғамның да негізі. Әр шаңырақты әке, ана, бала құрайды. Қазақ халқы Әке –
асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ деп,
табиғаттың өзімен астастырып айтпай ма? Әкені асқар тауға теңейді. Ер
адамның биік тұлғасын, әкенің ана мен балаға пана, сүйеніш екенін халық
даналығы бір ауыз сөзге түйіп қойған. Сол әкенің әлеуметтік рөлі әлсіресе
ол бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ауыртпалығы, жарасы деп
түсінуіміз керек. Өтпелі кезеңде болатын әлеуметтік-экономикалық, тіпті
саяси өзгерістердің барлығы да отбасына өзінің әсерін тигізеді. Өйткені,
отбасы – қоғамда болатын өзгерістердің айнасы. Оны қоғамнан тыс қоя
алмайсың. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі
терезесі тең, берік отбасына байланысты. Көшпелі және рулық -тайпалық
негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың
негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы
туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар
қазақтың ғұрыптық заң- салттарымен бекітілген.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-
тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де
үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ Ұлың
өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол,-
дейді.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан
басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Өмірінде көп күнә жасадым деп ойлаған жан имамға келіп:
– Күнәларымнан арылтып, Алланың кешірімін әперші,– депті.
Сонда имам:
– Сенің жаның бес арықтан лай суға ағып құйылып жатқан бір тоғанға
ұқсайды екен.
Біріншісі – сенің көздерің, көрінгенге орынсыз көз сүзбе;
Екіншісі – сенің аузың, ораза ұстап, дұға оқып жүр, жақсы сөз айт. Шариғат
қаламағанды ішіп-жеме.
Үшіншісі – сенің миың, әділетсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен
өркөкіректіктен арыл;
Төртіншісі – сенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Отбасылық тәрбие
Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Пәндер