Тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие


Атырау облыстық Білім беру басқармасы
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Мектеп» бөлімі
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Ботағариева Г. Ж.
«__» 2013 жыл
02-13
Курстық жұмыс
Тақырыбы: « Тәрбиенің негізі -ұлттық тәлім-тәрбие»
Орындаған : Күзембаев Нұрлыбек 4/9/ инк тобы студенті
Жетекшісі: Асқарова Армангүл Қаленқызы
Басталуы: қазан 2012 ж
Аяқталуы: сәуір 2013 ж
Сақталуы: 5 жыл 524 бап
Мазмұны
І Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының
маңызы, ролі.
2. Ұлттық тәрбиеге балаларды тәрбиелеу жолдары.
3. Ұлттық тәрбиені мектеп практикасында оқу-
тәрбие процесінде пайдалану .
ІІІ Қорытынды.
Халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы-асыл қазына
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жариялаған Жолдауы еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жалғасы болып отыр .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері -«азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны −Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - деп айтылған.
Бүгінгі ХХІ - ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, мақал-мәтелдерінен, лиро-эпостық жырларынан, шешендік сөздерінен, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, қазақ фольқлоры жанрлары жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Республикамызда зерттеліп отырған проблемаға байланысты М. Қозыбаев, Т. Тұрлығұл,
Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар тарихи-философиялық тұрғыда, әдебиет саласы бойынша М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Е. Смайылов, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Сейдімбеков және т. б. зерттеушілер өз еңбектерінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі патриотизмнің ұлттық мәнін терең зерттеді.
Кез-келген тәуелсіз мемлекеттің іргесі берік, аспаны ашық болуы үшін қорғаныс қабілетін нығайтудың, жас ұрпақты ерлікке, елжандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Әр адамның бойында Отанға, халқына шын берілгендік, ата-салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасады.
Ежелден елдік пен еркіндікті берік ұстап, ата-бабамыздың үлкен шаңырағы асына түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, бірлікке, бауырластыққа баулып, достықтың туын берік ұстаған қазақ халқы өмір өнегелерін ұрпағына ұғындырып, үйретіп келеді. Сол ұрпақтар мен ұлыстар бірлігін нығайтып, жарастырып отырған халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халықтың даналығын бала бойына дарытып, адамдыққа, батырлыққа, ерлікке тәрбиелеуде, ел әдебиетін, мәдениетін басқаларға ұғындырып, орнықтыруда қолданатын басты құрал екені айғақ.
Зерттеу мақсаты : халықтық тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа және ұлттық рухта тәрбиелеу.
Зерттеу нысаны: негізгі мектептегі оқу- тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: ауыз әдебиеті үлгілерін оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану арқылы ұлттық мәдени мұраларды шынайы сүйетін елжанды азамат тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының маңызы, ролін халық ауыз әдебиетіндегі жырлар, толғаулар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздері арқылы оқушыларды тәрбиелеуде пайдалану;
-Ұлттық тәрбиеге балаларды тәрбиелеу жолдарының негіздерін қалыптастырудың педагогикалық мағынасын анықтау; педагогикалық аспектілерін негіздеу.
Кіріспе
Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезімен (VI ғ. Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраларының бірі - халықтық педагогика. «Халықтық педагогика - делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында - тәрбие жөніндегі халықтық педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтың тәрбие дәстүрлері халықтық ойындар, семья тәрбиесінің тәжірибелері т. б жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан - ұрпаққа қалдыру. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің білім жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал - мәтелдер де адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптар насихаттанса, жұмбақтар мен айтыстар да - ақыл-ой тәрбиесі, өлең жыр -дастандарда - әсемдік тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтың тәрбиесінің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтың педагогика - тәлім- тәрбиелік ой-пікірдің іске бастауы, халықтың рухани мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың азығы мен қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе - бұлардың бірлігі күннің талап тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ. Халықтық педагогикамен қатар «этнопедагогика» дейтін атау да жиі қолданылады. Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылыми санасы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-талғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі жүйесіне - адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да өз ұрпақтарын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі-тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғымен жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де жапан дүзде жолсыз жерлермен бірге жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қашадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шығынын, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізініңде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала бес-алты жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастады.
Халықтық педагогиканың әртүрлі жақтарын сөз еткенде алдымен, дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың себебі: адам баласы дүниеге келген күннен бастап, дене тәрбиесі қолға алынады. Содан соң еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы мұрагері балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Оларға бұқараның жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, сан қилы қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи географиялық жағдайларымен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты. Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байлаеыста болды. Содан да болар баланы жұбатса да, жақсы көріп аяласа да, оның жақсы қасиеттеріне, сұлу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп, «қошақаным, құлыным, ботам, қозым» деп еркелетті.
Халық өзінің кең жазира даласына, табиғатының таңғажайып әсем көріністеріне, оны мекендеген құстар мен жануарларға, басқа да табиғи байлықтарға деген мақтаныш сезімін көркем образды сөздерімен, өнегелі істерімен, ынта-ықыластарымен, тілек мақсаттарымен астастырып, баласының санысна жеткізіп отырды және оларды сақтай білуге үйретті.
Әділдік, имандылық, адамшылық, адалдық, мейірімдік, бауырмалдық, шыдамдылық, тапқырлық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік т. б. адамның рухани моральдық нормаларын бала жанына сіңіре білді.
Домбыраның, қобыздың, сазсырнайдың сиқырлы да, сазды үнімен, айтыс, терме өнері, ән әуендері, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, зергерлік өнердің қасиеттерімен баланың эстетикалық талғамын биіктете білді.
«Қанағат қарын тойғызар» деп қанағатшылыққа, үнемшілдікке пайымдаса, «бұлақ көрсең көзіңді аш» деп табиғатты қорғауға, аялауға үйретті, бес уақыт намаз арқылы гигиеналық тазалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге, білімге үйретті.
Алайда, асыл қазынамыз көп жылдар бойы тасада қалып қойған баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда бұл асыл қазынамыз кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірлерінде өзінің нұр сәулесін қайтадан шаша бастады.
Бүгінгі тәуелсіздік кезеңінде елімізді, ата-мекенімізді өзге өркениетті елмен терезесін тең ұстауға, адам баласы тарихында өзіндік, өзгеге ұқсамас салт-дәстүрі, тілі, діні, мәдениеті, әдебиеті,
тарихы бар халқымызды сәулелендіруге бүгінгі жастарымыз дайым ба? деген өзекті сұрақ туады. Тәуелсіздік алған халқымыздың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын біліп өсу жас ұрпақтың сәби кезінен басталып, бүкіл өмірінің мәніне айналады. ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдардағы тәрбиеде өзінің тілі мен дәстүріне жармасып, көп ауытқып кеткеніміз рас. Халық батыры Бауыржан ағамыз: « үш нәрседен қорқамын: бесік жырын айтатын аналар табылмай ма, ертегі айтатын әжелер табылмай ма, өз тілі мен салт-дәстүрлерін құрметтейтін азамат табылмай ма деп қорқамын»- деген екен. Ал, бүгін мұның түбінде қандай ащы да терең шындық бар екені барлығымызға аян.
Тілін білмеген тіленіп, өзін білмеген кірленіп, елін сүймеген күйзеліп өтетінін әрбір азамат білуге тиіс.
Халық педагогикасында әдептілік мінез-құлық әдептері, жүріс-тұрыс әдептері, адамдармен қатынас әдептері деп аталатын түрлері бар. Мінез- құлық әдептері: кең пейілдік, кіші пейілдік, салмақтылық, парасаттылық, бауырмалдық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, биязылық, білімпаз, меймандостық және т. б. Ал жүріс-тұрыс әдептері: кісіге қарап керілмеу, киімді жадағай жамылмау, есіктен оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу, жақсыға жақын болу, жаманнан жирену, үйге қарай жүгірмеу, бір қолмен нан сындырмау. Қатынас әдептері: үлкеннің алдын кеспеу, екі қолмен амандасу, үлкеннің сөзін бұзбау, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете білу т. б. Халқымыз биязы мінезді жасты «сындырған нандай», «есімен жібектей», «тойған қозыдай», «қыз мінезді»- деп көтермелеп отырады. Керісінше, ұр да жық, шабыр мінезді деп жаман мінезді шенеп, мінеп отырады. Халқымызда менсіз деген ең жаман сөз, себебі, жануардан да төмен болғаны. Тексіз адам жануардан да төмен болғаны. Сол себепті, халқымыз теңсіз ұл бергенше, текке өткенім жақсы дейді.
Әдепсіздіктің ең ауыры араққорлық пен нашақорлық деп оған жәбірлене қарады, оның арамдығы шошқа етімен бірдей деп бой тартты, бір рет арақ ішкен адамнан қырық күн иман қашады деп тәнін таза ұстады, ұрпақтарымен, әулеттерімен мұны қатаң талап етіп отырған. Міне, осындай терең тәрбиелік мағынаға ие әдептілік дәстүрлерін үлгі етуші, өзі үйреніп, балаға да жақсы әдептен үйреніп, жаман әдептен жирене білуге тәрбиелеуі қажет.
Халқымыз бала тәрбиесіне сәби сонау ананың құрсағында пайда болған кезден көңіл бөлген, негіз қалаған.
Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тәрбиелеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетеледі. Сондықтан ата-жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау мейірімді, шарапатты, инабатты болу қалыптасқан.
Адам тәрбиесі - үнемі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік процесс.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымдарды анықтау, әр түрлі педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғылымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, қырғыстан ғалымы, академик А. Э. Измаилов. Қазақтың көрнекті педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев.
Халықтың педагогикасын тәлім-тәрбиеде қолдану барысы әр талапты ғылыми кандидаттық еңбектеріне де қарастырылып келеді. Әсіресе, болашақ ұстаз педагогтарды дайындағанда ғылыми еңбек пен оқулықтар жазған В. А. Сластенин, И. В. Кузьмина, М. Құдайқұлов, А. Көбеев т. б. ғалымдардың атын атауға болады.
Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының маңызы, ролі .
Халық педагогикасы- бұл ұлттық қазына, кең өріс Х1Х- ғасырдың екінші жартысында Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынұлы т. б. педагогикалық ой-пікірлерлі дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары.
Бұл демократ - ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, көркем шығармалары тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құрамына айналды. Халық педагогикасының тарихын зерттеу, оның мағлұматтарын бүгінгі болашақ ұрпақ игілігіне айналдыру, салт-санамызды, әдет-ғұрпымызды, ұлттық-дәстүрімізді өскелең өмір талаптарына сай жүзеге асыру- аса басты міндеттердің бірі.
Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге дайындау, өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.
Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиеттерінің шығармалары этнографиялық материалдар, халықтың тәрбие-дәстүрлері, халық ойындары жатады. Демек, халық педагогикасы - ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиесіндегі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын мәдени ой-пікірдің жиынтығы.
Халықтық педагогика - жастар тәрбиесіне арқау болатын бүкіл қоғамымызға ортақ жағдай. Бұл мұра - кешегі үлкендерден, ғұлама-ойшылдардан, сал-серілерден, ақыл-жыраулардан тараған ұлы тәрбие құралы. Ұлттық тәрбие жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз болашақтың сәулесіне нұр шашатын күн шуағы сияқты. Қорыта келгенде, қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады. Оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген жаңалықтарымен сабақтастыра байыту - әрбір ұлағатты ұстаз міндеті.
Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны - ерекше. Білім негізі бастауыш мектептен қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор. Күнде өзгеріп жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.
Сондықтан да, бүгінгі ұрпақты ата-баба дәстүрлерімен тәрбиелеу, халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Академик Д. С. Лихачев өзінің «мәдениет экологиясы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Туған өлкесіне, мәдениетіне, тіліне деген сүйіспеншілік, ең кішкентай - өз жанұясына, үйіне, мектебіне деген сүйіспеншіліктен басталады. Біртіндеп туғанына деген сүйіспеншілік кеңейіп, өз еліне, тарихына, өткені мен бүгініне, ал содан кейін адамзат қоғамына, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке айналады».
Бүгін мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін - ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату үшін болашық ұстаз ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс.
Халықтық педагогика мәселелерін ғылыми зерттеудің тарихнамасы, тәрбиенің халық тәрбиесі, тарихи дамудың барлық кезеңінде ұлы педагогтардың, ғалымдардың ғылыми қызығушылықтары болып келгенін көрсетеді. Педагогика тарихының шың басында тұратын педагогтар, даналар: қазақ ойшылдары Шоқан, Ыбырай, Абай, олардың ағартушылық идеяларын жалғастырған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. халықтық педагогиканың ұрпақ тәрбиесіндегі орнын атап өткен.
Өз ұрпағының болашағын аймаламайтын бірде-бір ұлт жоқ. Сондықтанда бұл мәселе бойынша дүниежүзілік ой-пікірдің дамуында тарихта мол мұра жинақталған. Оған әрбір халықтың артында қалдырған мынадай аталы сөздер айқын куә. Мәселен: «Әкенің еккен пайдасын ұлдары көреді» (Әзербайжан халқы) . «Өзінің ағасы жоқ адам таяқты құшақтайды» (Кабардин халқы) . «Жағымсыз ұрпақтан жарамсыз тұқым пайда болады» (Тәжік халқы) . «Шыбық кезінде сынбаған, таяқ кезінде сынбайды» (Татар халқы) . «Ағаш қурамай тұрғанда оны ие біл, ал баланы жас кезінде тәрбиелей біл» (Хахас халқы) . «Егер қызға үйленгің келсе, алдын-ала шешесімен таныс» (Татар халқы) . «Шешесін көр де қызын ал, аяғын көріп асын іш» (Қазақ халқы) . «Өз шешесін сыйлай білген адам, басқаның шешесін қорламайды» (Әзербайжан халқы) . «Егер дұшпаның таспен ұрсе, сен оны аспен ұр» (Құмық халқы. ) «Таспен атқанды аспен ат» (Қазақ халқы) . «Атты қамшымен айдама, сұлымен айда» (Орыс халқы) . «Жаны жайсаң, көңілі кең адамға дүние де кең, ал пиғылы тар адамға өмір де тар» (Ұйғыр халқы) . «Ақылды ақсақалдары жоқ елде, ақылды жастар да жоқ» (Адыгей халқы) т. б.
Міне, осының өзінен-ақ жалпы адам баласы даму тарихында тәрбие халықтың ой-пікірімен, адамгершілік талаптарымен үнемі сабақтастықта болғанын бақылауға болады. Ендеше, халықтың педагогика мұраларына тек өткен ғасырлардың ескерткіші ретінде қарауға болмайды. Өйткені, ол жалпы педагогика мәселесімен тығыз байланысты және ұлттық ерекшеліктер сол ұлттың саяси, әлеуметтік, экономикалық, географиялық жағдайына байланысты туындап отырады.
Қай халықтың баласы болсын олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Азербайжан, алдыгей, тәжік, ұйғыр, орыс, қазақ, жапон, монғол, мейлі кім болмын - ол бала. Ал, баланы ешбір ұлт не ұлыс жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халық ізгілікке, жақсылыққа, елін, туған жерді, тілді сүюге, тарихын білуге, мәдениетін тануға, дәстүрін құрметтеуге, қысқасы барлық адамзаттық тәрбиеге тірек болатын ең құнды адамгершілік қасиеттерді адам бойына сіңіруді көздейді.
Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі мұрасына көз жіберсек, отбасына байланысты тұнып тұрған қаймағы бұзылмаған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалады. Әдемі әдет пен әсем әдеп аталық дәстүр, рабайлы рәсім -бәрі-бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы, адамгершілікке толы үлгі өнегелер. Әрбір ұлттың әдептік қағидалары сол ұлттың тарихи, мәдени дәрежесін айқын көрсетіп, ұлттық ерекшеліктерін бейнелейді .
Қай халық болсын өз ұрпағын биік белестерден көргісі келеді. Сол себепті де бүгінгі жеткіншектің азамат болып қалыптасуы оның туған ұясында, өскен ортасында, оқыған, көрген тәрбиесіне байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпесе керек. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастан ана тілінің әлдиін, туған халқының өнегелі тәлім-тәрбиесін, үлгілі салт дәстүрін бойына сіңіре өсіру міндет. Салт -сананы бала бойына сіңіру көбіне аналарға байланысты. Өйткені анадан алған тәрбиесі, үлгі - өнегесі адам жүрегінде мәңгі жасайды. Халқымыздың болашағы аналарға байланысты деуіміздің бір сыры міне, осында. Бүгінгі біздің әңгіме еткелі отырғанымыз да осы қыз бала тәрбиесі туралы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz