Ш.А.Амонашвилидің педагогикалық көзқарастары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
« Мектеп » бөлімі
«Қорғауға жіберілді»
« » ___2014 ж
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ізғалиева А. І.
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ш. А. Амонашвилидің педагогикалық көзқарастары
Орындаған:Елемесова Гүлім 4/инб топ студенті
Жетекші: Сұлтанова Ғ. Т. -педагогика пәнінің оқытушысы
Басталуы: Қыркүйек 2013ж
Аяқталуы: Сәуір 2014ж
Сақтау мерзімі:
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Ізгілік - тұлғалық педагогикасының негізгі идеялары . . . 5
а) Мұғалімнің, оқушының ізгілігі түсінігі . . . 9
ә) Білім берудің ізгілігі . . . 16
2. 2. Ізгілік педагогикасының тарихи негіздері . . . 18
2. 3. Ш. А. Амонашвили - ізгілік педагогикасының идеясын дамытушы . . . 22
2. 4. Ізгілікті білім беруді үйрену тәжірибелері . . . 27
а) педагогикалық практикадан . . . 33
Қорытынды . . . 45
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 46
Ш. А. Амонашвили: Сабақ - күн, сабақ - достық, сабақ - қуаныш, сабақ - шығармашылық, сабақ - еңбек, сабақ - ойын, сабақ - кездесулер, сабақ - өмір.
Кіріспе
Көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухи биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Қазіргі кезде білім берудің гуманитарлық парадигмасына көп көңіл бөлінуде, бұл арада басты назар - бала тұлғасында. Мұндағы педагoгикалық прoцестің мақсаты « . . . адамды қалыптастырмастан, тіпті тәрбиелеместен, oны қoлдау, дамыту қажет және oның бoйында өзіндік тұлғалық бейнесінің қалыптасуына, адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен диалoгтық және қауіпсіз өзара қарым-қатынасында қажет өзіндік іске асыру, өзіндік реттеу, өзін-өзі қoрғау, өзіндік тәрбие механизмдерінің негізін қалау қажет» [5] . Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Гуманизм ( ізгілік ) адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын адамгершілік қасиет» ретінде қарастырылады. Ал, «Гуманитарлық» ұғымы «. . халықтың мәдениеті мен тарихын терең зерттеуге бейім қоғамдық ғылымға қатысты ғылым» болып табылады. [6] .
Философиялық сөздіктегі [1996] анықтамада: «Гуманизм - адамның қадір-қасиеті мен құқығын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастың жиынтығы», - деп тұжырымдалған.
Педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «гуманизм (лат-gumanus - адамгершілік) - дүниетаным үдерісі. Оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты мен мұраты жатады» - деп анықтама берген. Гумандық ұғымын сипаттауда ғылымдар арасында бірізділік көрінісі кездесе бермейді. Бұл салалық ғылымдарға ғана қатысты емес, түрлі дәуірдегі түрлі көзқарастарға да тән. Сондай-ақ гуманизм адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын адамгершілік қасиет ретінде қарастырылса, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «ізгі - адал, ақ, игі», «ізгілік - жақсылық, адалдық, игілік» деген мағына беретіндігі жөнінде айтылады. Қ. Т. Әтемова, М. Ералиева, Г. Ерғалиева, т. б. ғылыми-зерттеу еңбектерінде «ізгі», «ізгілік», «ізгілендіру», «гуманизм» т. б. ұғымдарға қатысты зерттеулер көрініс тапқан.
«Гуманизм» ұғымы көне түркі әлемінде «жәуанмәртлік» термині аясында қарастырылып келгенін байқадық. «Жәуанмәртлік» ұғымы парсы халқының «жувонмард» сөзінен шыққан «жувон» - жігіт, ал «мард» - жомарттықты, қайырымдылық пен кішіпейілділікті, яғни ұнамды қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Бұл бағытта А. А. Бейсенбаева, Ж. Таубалдиева, т. б. педагог-ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аталған мәселе бағытын зерделеу мен оны оқытуда «гумандық педагогика» жөніндегі ойлар туындауда. «Гуманистік педагогика» ұғымы жөнінде педагогикалық еңбектерде түрліше беріледі. Мәселен, мұғалімдер мен жалпы білім беретін мекеме басшыларына арналған психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Гуманистік педагогика АҚШ-та ХХ ғасырдың 60-жылдары гуманистік психологиялық идеяны педагогикалық іске асырушы ретінде туындаған тәрбие теориясы мен практикасындағы заманауи бағыт» ретінде анықталады. Гуманистік педагогиканың философиялық-идеологиялық бағдары жаңа тәрбие және «прогрессивизм» идеяларына жақын. Гуманистік педагогиканың зейін ортасында бірегей жеке тұлға тұрады. Гуманистік педагогика - өзінің мүмкіндігі бойынша дамушы, оқу-тәрбие үдерісінде белсенді, саналы, тең құқылы қатысушы ретіндегі тәрбиеленуші мақұлдайтын ғылыми теориялар жүйесі ізгілік педагогиканың практикалық аспектісі ретінде Ш. А. Амонашвилидің, Ш. Майғаранованың еңбектерін атауға болады. Гуманистік психология жөнінде педагогикалық және психологиялық сөздікте: «Гуманистік психология - психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт. Гуманистік психологияның өкілдері «шын мәнінде ол адамның асқан қажетсінулерін, адамның өзін-өзі кемелдендіруін, білім алуын, эстетиканы зерделейтін ғылым болуға тиіс деп есептеді» - деп берілген. Педагогикалық еңбектерде тәрбие үдерісінде тәрбиені гуманизациялау қағидасы ретінде жеке дара да қарастырылады. Болашақ тұлғаны даярлау мазмұны ізгілік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндіктерінің мол екендігін көрсетеді. Оның ішінде «Өзін-өзі тану», педагогикалық және психологиялық пәндер кешенін атауға болады.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н. Ә. Назарбаев мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде. [2, 16 б] Ал, белгілі педагог Ш. А. Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтырушылығын арттыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», деген. [3] Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.
Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр. Осы жерде оның « Если без сердца идёте к детям, урок не состоится. Технологии состоятся, а урок - нет. Урок - это когда ребёнок набирает света. Если вести урок без сердца, вас увидят дети, запомнят что-то, сдадут что-то, потом экзамен, вы отметки поставите, а потом они «выплюнут» эти знания и всё. Нужно открыть своё сердце. И ещё одна задача - воодушевить того, кто в этом нуждается. Воодушевить верой в него. Такая педагогика возможна, она реальна, и она не зависит от обстоятельств. Я есть создатель обстоятельств. Где я, там и моя педагогика - моё сердце, моё сознание» деген сөздерін келтіре отырып, бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологиямен әуестеніп жүрген біз сияқты жастар үшін Гуманистік педагогика тетіктерін ашу және жеке тұлғаны рухани дамыту, тұлғаның рухани санасын қалыптастыру ізгілік іс-әрекетімен миллиондарға танымал болып жүрген керемет педагог - психолог Шалва Александрович Амонашвили тек жастарға ғана емес, педагогтарға, ата-аналарға, жалпы салғырт емес жандардың бәріне де үлкен бедел, көмек иесі болады деп айтсам, артық емес, осы мәселе қазіргі кезде көкейкесті мәселе деп ойлаймын.
Курстық жұмыстың мақсаты
Курстық жұмысымды жазуда Ұстаз-новатор, ынтымақтастық, бірлесу педагогикасын зерттеген ғалым, адамды дамыту мектебінің оқытушысы, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты Шалва Александрович Амонашвилидің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін талдап, колледж студенттеріне таныстыруды және болашақта өз тәжірибемде қолдануға үйренуді мақсат еттім.
Зерттеу міндеті
-әр оқушының қабілетін танып білетін, жеке тұлғаға бағыттала білім беруді көздейтін ұстаз тәжірибелерін үйрену.
-талабы таудай мұғалім - жеке тұлға ретінде қалыптасу, тәрбиелену жолдарын қарастыру, бағытталу.
Зерттеу әдістері
Курс жұмысын жазуда:
- талдау - жинақтау әдісі;
- бақылау, зерттеу әдістерінен үзінділер пайдаландым.
Зерттеу пәні
Шалва Александрович Амонашвили еңбектеріне байланысты ғылыми-теориялық және әдістемелік еңбектер; озат мұғалімдердің іс - тәжірибелері;
-өзімнің іс - тәжірибе кезінде алған тәжірибелерім.
Зерттеу нысаны
- мектеп оқушыларын оқыту процесі;
Зерттеу болжамы
- Егер, Шалва Александрович Амонашвилидің өмірі мен оқытушылық, жазушылық, жұмыстарын зерттеп, талдап, оқып үйренсек, біздер, жас мамандар ізгілікті педагогика әдістерін меңгеріп, терең де тиянақты білім мен тәрбие алуға;
- ұстаздың жақсы қасиеттерінен үлгі алуға;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын мұғалім бола аламыз;
Практикалық қолданылымы
Курстық жұмыс нәтижесін:
- болашақ мұғалімдер, практиканттар;
- Шалва Александрович Амонашвили тәжірибесін зерттеушілер пайдалана алады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Ізгілік - тұлғалық педагогикасының негізгі идеялары
а) Мұғалімнің, оқушының ізгілігі түсінігі
ә) Білім берудің ізгілігі
Күлімдеген жүзінен мейірім шуағы төгілген, айтқан сөздеріне адам қалтқысыз иланатын, әрбір сөзі даналық - осы адам кім?
Заманымыздың ұлы педагогы туралы тоқтала кетсем, Шалва Александрович Амонашвили 1931жылы, 8-наурызда, Тбилиси қаласында дүниеге келген. Ұстаз-новатор, ынтымақтастық, бірлесу педагогикасын зерттеген ғалым, адамды дамыту мектебінің оқытушысы, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі. Сонымен қатар, Сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы, Мәскеу Мемлекеттік педогогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры. Ол Москвада жыл сайын өткізіліп тұратын Халықаралық педагогикалық Оқулардың бастамасын қалап, жүзеге асырды. РФ-ның Білім беру Министрлігі оның «Өмір мектебі» жүйесі ( тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдемесін) тәжірибеде қолданылуды ұсынды. Амонашвили Шалва Александрович - академик, атақты педагог- ғалым, практик. Өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық, жеке тұлғаға бағытталған педагогикасында тіл мен математиканы оқытудың керемет әдістерін жүзеге асырған. Өз ойының, педагогикалық қызметінің қорытындысы ретінде «Ізгілікті - тұлғалық педагогика қағидалары негізінде бастауыш білім беру сатысы туралы» трактатта суреттелген «Өмір мектебі» технологиясы өмірге келді.
«Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек», -деген ұстанымды насихаттайтын Нағыз Ұстаз өзінің тәжірибесімен үлкендердің үздіксіз бақылауында болмаған және зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдейді. Профессор Амонашвилидің ұстанымы келесідей: «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету». Шалва Александрович балаға тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеменің бар қағидаларын әлемдік педагогика классиктері - К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, Януш Корчак, А. С. Макаренко және тағы басқалардан үйренгендігін айтады. Ұлылардың тәжірибелерінен әр түрлі, әр түсті кірпіштерінен біріктіріп, өз тұжырымдамамды сомдадым дейді ол. Шалва Александрович өте қарапайым жан, ол ізгілік технологиясының негізін қалаған жоқпын, тек осы ғылымды дамытушымын дейді. Шалва Александровичтің қарапайымдылығына бас ие отырып, тәрбиенің әр ғасырдағы әрқилы мозаикасынан тұтас картина жасау оның үлкен жүрек иесі, жан-жақты білімді, шебер маман болғандығынан екеніне күмәніміз жоқ. Оның әр идеясы жаңашыл, сондықтан ол новатор-педагог.
Ш. А. Амонашвили бойынша, ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау. Бұл технологияның өзгелерінен ерекшеліктері: онда ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; рухани жетілдіру; ата-анамен бірлесіп жұмыс істеужүзеге асырылады. Шалва Александрович зиялы қауымға, педагогтарға, ата-аналарға адамгершілікті педагогиканың әдістері жайлы түрлі семинарлар мен оқуларда, шебер кластарында баяндап, көрсетіп жүр. Интернет жүйесінен жас педагогтар мен студенттер осы мүмкіндіктерді пайдалана алады, Шалва Амонашвилидің бірегей педагогикалық қағидаларымен және ұстанымдарымен таныса алады. Бұл адамнан дәріс алған адам салғырт болып қалмасы анық.
Ш. А. Амонашвилидің еңбектерімен сабақта танысқан кезде біз оны нағыз дана деп атайды, қызыға қабылдадық Мысалы, «Оқыту әдістері», «Жаңа педагогикалық технология», т. б. деген тақырыптарды оқу барысында «озық тәжірибе-көпке ортақ» деген айдармен түрлі педагогтардың әдістеріне талдау жасадық. Видеороликтен бірнеше шеберкласс сабақтарын қызыға көріп, талдадық. Біздер өзіміз интернеттен осындай жұмыстарды тауып танысып, ойларымызбен бөлістік.
Педагогикалық практика барысында осы ғалымның еңбектерінен танысқан әдістерін, видео роликтен көріп бақылаған шебер класс, әдістемелерін пайдалануға тырысамыз. . Амонашвилидің қаламынан ондаған педагогикалық, психологиялық және көркем әдеби туындылар шықты, оның біразы әр түрлі аударылды. Амонашвили өз еңбектерінде өзінің ұстаздары ретінде әлемдік педагогика классиктері - Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, Януш Корчак, А. С. Макаренко Я. Корчак, В. А. Сухомлинский, т. б. атайды, солардың еңбектерінен нәр алады. Себебі, аталған тұлғалардың барлығының ой-пікірі ортақ-гуманистік үлгінің негізгі ұстанымдарының бірі-бала мен ересектің құндылықты-мәндік теңдігі. Алайда, мұндағы теңдік білімдер мен тәжірибенің бірдейлігі не өзара теңдей құндылығында емес, әрбір қатынас мүшелерінің дүниені тануға деген шектеусіз мүмкіндіктерге құқылы болуында. Осы жағдайды жол-жоба етіп ұстанған ұлы педагог Я. А. Коменский “Баршаны баршаға үйрету” деп тектен-тек ұрандамаған. Мектептегі педагогикалық қызметтің сапалық өлшем бастауы-Адам және оның уақыт және кеңістіктегі өзіне өзі бағыттаған ұнамды қозғалыс әрекеті
Гуманистік парадигма “субьект-субьект” өрнегіне сай қатынастарды қалыптастырады. Ұстаз бен шәкірт бірлікті іс-әрекет мақсаттарын, мазмұнын нақтылайды, өзара қызметтестік пен жұптасқан шығармашыл ізденіске кірісумен оқу-үйретім формасы мен бағалау өлшемдерін таңдайды. Педагогикалық ықпал “нысанының” қалпындағы нақтамалық өзгерістер іріктеу, таңдастыру мен тәлімдік ажырата бөлшектеу құралы бола алмайды. Төмен үлгерім көрсеткіштері адам сапасы жөнінде пікір айтуға негіз бермейді, олар тек кәсіби жұмыстың болашағы мен мүмкіндіктерін бағалаудың алғашқы деңгейі қызметін атқарады. Бағалау өлшемдері аймағы енді тұлғалардың қатынастар кеңістігіне өтеді.
Гуманистік парадигмада адамға, балаға деген мейір-махаббат кәсібиліктің басты нышаны, осыдан да педагогикалық өркениеттен орындалған әдебиеттердің авторлары “Баланы қалайша түсініп, сүйу қажет?” сұрағына ежелден жауып іздестіруде.
Мейір-махаббат әрбір адамның шығармашыл қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенім ұялатады, ал шыдамдылық (телеранттық) педагог даналығына кепілдік береді. Бұған мысал-И. Г. Песталоцци, Я. Корчак, К. Н. Вентцель, Л. Н. Толстой, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Ш. А. Амонашвили және т. б өмірі мен педагогикалық қызметі.
Гуманистік парадигма өкілдеріне тән қасиет-педагогикалық көзқарас, пікірлерінің әрқилылығы. Осы үлгі шеңберінде саналуан тәлім жобалары бірлікті жасап, іске асырылуды. Бұлардың бәрінің басын бір тұтастыққа келтіруші күш-адам өмірінің бірегей кезеңі ретінде қабылданған бала мен балалық шаққа деген құндылықты қатынас және тәлім дамуын мектептің басты міндеті болатынын басшылыққа алу.
Гуманистік парадигма аймағында іске асырылып жатқан әрбір тәлімдік жүйе шығармашыл ізденіске түсіп, өзіндік оқу-үйретім мен тәрбие мазмұнын, әдістерін, құрал-жабдықтарын табуда. Тұлғалық бағыт шәкірттің де, ұстаздың да еркіндігі мен шығармашылдығын арқау етеді. Әр кезеңдегі осындай көзқарастар жүйесі мен теориялардан педагогикадағы тұлғалық парадигманың, тұлғаға бағдарланған білім беру идеясының дамуына жол ашылды.
. Түрлі зерттеулердің нәтижесіндегі мәселеге білім мен тәрбие беруге тұлғалық амал тұрғысынан келу қалыптасты. Атап айтар болсақ:
Білімдегі тұлғалық амал күнделікті, жалпы педагогикалық санада оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасының этикалық-гуманистік ұстанымға сәйкестігі ретінде қарастырылады. Гумандылыққа немесе білім алушымен қарым-қатынастағы ізгілікке педагогика ілімінің классиктері - Ж. Ж. Руссо, Л. В. Толстой, М. Монтессори, Ы. Алтынсарин т. б. үндеген болса, қазіргі белгілі педагог-ғалымдар, жаңашыл ұстаздар бұған ынтымақтастық педагогикасы деген атпен ерекше ден қоюда.
Тұлғалық амалдың басты мақсаты - тұлғаны айналасындағы ұстанымдардың жиынтығы болып табылатын педагогикалық әрекет ретінде қарастырады. Тұлғалық амал педагогикалық үдерісте тұлғалық құрылымдардың пайда болуын түсіндіретін ұстаным деп танылып, адам өміріндегі қандай да бір өзгерістерді оның өзін-өзі жүзеге асыру әрекетінсіз түсіндіруге болмайтындығына назар аударады. Бұл амал тұлғаның білімдік үдерістегі еркіндігі, яғни білім мазмұнын өзінше ұғу, қабылдау, білімдік маршруттарды, басымдылықтарды өз бетімен таңдау ұстанымын тірек етеді.
Тұлғалық амал ұжымдық оқытуға балама түрдегі даралап, саралап оқыту идеясының басымдылығын алға шығарады.
Жаңа тұлғалық парадигмаға көшу - қазіргі заманғы білім беру және жалпы қоғамның ХХ ғасырдың аяғындағы педагогикалық сана-сезімінің жетекші беталысы. Көптеген ғасырлар бойы білім беруде үстемдік еткен білімдік-ағартушылық парадигма өз мүмкіндіктерін сарқыды деп есептеудің негізі бар. Біріншіден, білім көлеміне онда тіпті ең жалпылай бағдар жасау үшін сана жетпейтін болды. Екіншіден, білім беру қызметінің адамды білімге қанықтыра, толыққанды жүзеге асыра алмайтыны анықталды. Өмірлік практика танымның кеңдігі мен энциклопедиялылығы адамның өз адами қырындағы білімінің жетіспеушілігімен жеңіл сыйысып отыратынын әлденеше рет көрсетті. Әңгіме, әрине, білімнің «зияны» туралы емес, білімдік парадигманың ойлау стилі ретінде шектеулілігі туралы болып отыр. Білімнің өзі - білім берудің жан-жақты өлшемі екені даусыз, себебі адамның жеке тұлғалық тәжірибесі және оның рефлексиясының басқа да өнімдері ақыр аяғында мүмкін, аздаған басқаша қасиетке ие білім түрінде болатыны белгілі.
Жеке тұлғалық парадигмаға көшу - адамның білім алу мен ой-санасының дамуының заңды нәтижесі: дүниені саяз-пәндік игеруді адамның космогенез субъекті ретінде дүние құрылымын терең-мәндік ұғынуының алмастыруы. Жеке тұлғаға бағдарлану - біздің кезіміздегі барлық білім беру жобаларының ортақ белгісі, алайда бұл жеке тұлғаға бағдарлап білім берудің әр түрлі: жеке тұлғалық қатынасты этикалық-гуманистикалық ұстаным (тәрбиеленушіге деген құрмет) ретінде үйреншікті түсінуден «жеке тұлға саласындағы білім берудің» неше түрлі нұсқаларына дейінгі тұжырымдамалары мен модельдерінің болуына кедергілік жасамайды. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің тұжырымдамасын келесі жағдаяттар арқылы беруге болады:
1. Жеке тұлға педагогикалық санат ретінде білім беру мен адамның дамуының ерекше саласын бейнелейді және осы мағынада оның ерекше мақсаты ретінде көрініс береді.
2. Адам білім беру үдерісінде білімін қолдану тәжірибесін, танымдық және практикалық есептерді шешу тәсілдерін, шығармашылық тәжірибені меңгеретіні сияқты, ол «жеке тұлға болу», яғни, ерекше жеке тұлғалық қызметтерді таңдай алу, рефлексия жасау, мағынаны анықтау, өзін - өзі өмірде жүзеге асыру, әлеуметтік жауапкершілік, т. б. орындау тәжірибесін де меңгеруі керек. Адамның бұл жеке тұлғалық «әрекет етуі» қандай да бір нақты әрекет болып табылмайды, қайта адамның кез келген басқа әрекетінің өзгеше бір ішкі жоспары сияқты қайсы бір мета әрекет ретінде көрінеді.
а) Мұғалімнің, оқушының ізгілігі түсінігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz