Ақша ұсынысы мен ақша базасының теориялық негіздері
1 Ақша ұсынысы мен ақша базасының теориялық негіздері
1.1 Ақшаның экономикалық мәні 5
1.2 Негізгі ақша агрегаттары 11
1.3 Ақша жиыны туралы түсінік 14
2 Ақша ұсынысының үрдісі
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы 16
2.2 Орталық банк және ақша базасы. 18
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы 20
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын талдау 23
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер 36

Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі даму деңгейі табылады.
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымы-ның ерекшеліктері:
Қолма – қол ақша да, қолма – қол ақша да емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын–ала бөлуін қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар ттехникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді.
Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.

1. Антонов Н.Г., Пессель М.А. Денежное обращение, кредит и банки-М., 2010
2. Ақша, қаржы және несие. Оқу құралы-Қарағанды, 2012ж.
3. Бунина М.К. Деньги. Банки. Валюта: Учебное пособие-М., 2009г.
4. Балабанова И.Т. под ред. Банки и банковское дело, СПб., 2013г.
5. Банковский портфель т.1.-М., 2004г.
6. Вусов В. Деньги. Денежное обращение. Инфляция: учебное пособие для вузов-М., 2009г.
7. Жуков Е.Ф. под ред. Общая теория денег и кредита, М., 2008г.
8. Жуков Е.Ф. под ред. Деньги, кредит, банки, М., 2011г.
9. Кошенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары-А., 2010ж
10. «Қазақстан Республикасының банктері және банк қызметі туралы» ҚР Заңы. 31.03.1995ж
11. Лаврушина О.И. Деньги, кредит, банки, М., 2009г.
12. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, А., 2011ж.
13. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер., А. Экономика, 2011ж.
14. Уткин Э.А. Словарь банковских терминов., М.,2010г.

Кіріспе
3
1 Ақша ұсынысы мен ақша базасының теориялық негіздері
1.1 Ақшаның экономикалық мәні
5
1.2 Негізгі ақша агрегаттары
11
1.3 Ақша жиыны туралы түсінік
14
2 Ақша ұсынысының үрдісі
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы
16
2.2 Орталық банк және ақша базасы.
18
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
20
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын талдау
23
Қорытынды
35
Қолданылған әдебиеттер
36
Кіріспе
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі даму деңгейі табылады.
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 - жылдардың орта шеңіне дейін ТМД - мүше елдердің басылымдарында ақша айналысы деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір - біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма - қол ақша мен қолма - қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.
Жоспарлы - орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымы-ның ерекшеліктері:
Қолма - қол ақша да, қолма - қол ақша да емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын - ала бөлуін қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар ттехникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма - қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма - қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді.
Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.
Тарихи дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе - теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады.
Ақша айналымындығы инфляцияның маңыздылығы нарық механизмнің үзілуіне, өндірістің құлдырауына, бүкіл әлеуметтік - экономикалық жүйенің құлдырауына әкелуі мүмкін.
Осы процестерді игеру қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы аса маңызды және қажетті мәселелердің бірі болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты ақша ұсынысы мен ақша базасының теориялық негіздерін қарастыру және оның құрылымына ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай - ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн деп санадым:
* ақша түсінігі мен мәнін ашу;
* оның түрлері мен құралдарын жеке сипаттау;
* ақша ұсынысы мен ақша базасын құрастыру;
* Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру;
* курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;
Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады. Ал осы курстық жұмыстың объектісі қазіргі таңдағы ақша айналымының ерекшеліктері жатады.
Берілген курстық жұмысты жазу барысында ақша теорияларын кең ауқымда зерттеген экономика ғылымдарының мамандары Ғ.С. Сейітқасымов, С.Б. Мақыш, Б.А. Кошенова, Е.Ф.Жукова, Э. Дж. Долланның еңбектеріне сүйеніп, мерзімді басылым беттеріндегі соңғы мәліметтерді қарастырған болатынбыз.

Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
* жалпыға тікелей айырбасталу;
* айырбас құнының дербес формасы;
* еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектеледі. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдалланудың көлемі едуәір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуіменен байланысты емес, ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонтезациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немес жайлаңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүреді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демоентезациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері-(қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атақарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап береді. Ақша- тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолданылуының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде бксқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбек нәтижесі-өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі- тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, онда еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі-тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиетті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны- тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетіне шығады да, ал басқа тауарларға айрбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әр бір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өнделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз- тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі-еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнім құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет- ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта- нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Капитал сөзінің шығуы малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланады. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылады. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте, Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғұлт бақалшақ Кари көптеп таралды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны- қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат- қызыл түсті (ронго) пайдаланды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменінің тасын еске түсіреді.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестіріледі.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері-зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма және т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана басталды. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар-біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Бірақ б.э. дейін ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр, марка салмақ бірліктері атауымен аталады.
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралдары қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі. Ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнының көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керсінше толық құнды ақшаны қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауарлар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді. Сонымен, ақшаның бірінші атқаратын қызметі ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ.
Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағыяғни ойдағы ақша ретінде орындайды, себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұру қажеті жоқ. Себебі, еңбек өнімі ойда бағаланады.
Тауарлардың ақша болып көрінетін құны - тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік. Яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану керек. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты ақша масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметінің баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі- ол ақшаның экономикалық қызметі. Яғни құн өнімді шығаруға кеткен еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен құқықтық сипаттағы техникалық құрал. Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан метал ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятының айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделік жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Сонын негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі-айналым құралы. Басқаша айтқанда тауарлардың бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауарлар айырбастау тауар айналыс формасына айналды. Бұнда екі акті бар. Біріншісі, ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі, ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды білдіреді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, біріншіден, ТА процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керекті тауарды сатып алуға мүмкіндік туады. Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып, керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып, түйісіп, біртұтас тауар айналысы процесін құрайды. Осы процестер барысында ақша бірініші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп, ақша айналысын құрайды. Сөйтіп ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу, сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
oo Тауар мен ақшаның бір-біріне қарсы қозғалысы;
oo Бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындалуы;
oo Бұл қызметіін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақтыақша материалы емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айырбас құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызады. Ол үшін нақты ақша алтынның символы ретінде кем бағалы монеталар мен қағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолданылуына қоғамдық кепілдік беріп, адамдар мойындауы қажет. Сонын нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше белгілерімен куәландырылған ұлттық айналысқа ұлттық ақшалар мен майда монеталар пайда болды. Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша мөлшері сатылатын тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналымдағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кем бағалы ақша құнсыздалады. Оны ғылым тілінде инфляция деп атайды. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді, төлемді кешіктіре отырып сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек бұл тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы, несие беруді, ал сатып алушы борышқор деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтілгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:
oo Тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
oo Еңбек ақы, зейнет ақы, шәкірт ақы, жәрдем ақы төлеу;
oo Мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
oo Банктік, мемлекеттік тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу
oo Сақтандыру міндеттемелерін өтеу;
oo Құқықтық сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметтінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктері бұл қызметінде ақша сатып алу сату процестерін аяқтайды және қолма қол ақшамен қатар несие ақшалары жүреді. Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбінесе төлем құралы ретінде қолданылады. Ақша төлем құралы қызметін орындауға байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәңге ие болады. Атап айтқанда тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымғаақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтілетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша уақытында төлемдер түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді. Сөйтіп ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.
Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдарын қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша мөлшерін қосып, кейде керсінше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және дипозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар. Ал екіншісіне халықтың банктердегі мемлекеттік облигациялардағы және тағы басқа салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп елдің ішкі қажеттілігін өтеуге толық құны жоқ ақша, яғни қолма қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы. Шаруашылық байланыстарының интернационалдануы, тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша өзінің ұлттық мундирын шешіп, яғни алтын құймасы формасында айналысқа түседі. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезде алтын дүниежүзілік ақша ретінде таңылып, үш түрлі бағытта қолданылуда. Атап айтқанда:
* Бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
* Бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді;
* Қоғамдық байлықты материаландыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде депрпция зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.
Айта кетеін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.
Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілеренің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:
Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғарғы үлесті салмағы бар.
Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.
1.2 Ақша айналамы және ақша айналымының заңы
Ақша айналымы - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы қолма - қол және қолма - қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың реализациясын, сондай - ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы есеп айырысуларды жүзеге асырады.
Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете отырып, келесілердің арасындағы айналысты көрсетеді:
o орталық банк және коммерциялық банктер;
o коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың клиенттері ( кәсіпорындар, ұйымдар, халық );
o кәсіпорындар мен ұйымдар;
o физикалық тұлғалар;
o банктер және әр түрлі қаржы институттары, сондай - ақ қаржы институттары мен халық
Ақша айналымының жоспарлы экономика кезінде және қазіргі нарықтық экономикаға сай өзіне тән әр түрлі ерекшеліктері бар.
Жоспарлы орталықтанған экономика жағдайында ақша айналысының ерекшеліктері:
oo Қолма - қол ақша да қолма - қол емес ақша да шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқарды. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды - техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінді;
oo Мемлекет заң арқылы ақша айналымын қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгілійді. Сөйтіп, қолма - қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма - қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал - жабдықтарын бөлуді көрсететті;
oo Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивті заңдармен реттелді;
oo Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті.
oo Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
oo Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды;
oo Қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақша белгілерін тек мемлекеттік банк монополиялы құқық негізінде шығарды;
Ал енді нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тоқталатын болсақ, онда оған мынадай ерекшеліктер тән:
oo Ақша айналымы, негізінен, шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ал бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
oo Қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақша айналымының заңмен ажыратылуы жойылды;
oo Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
oo Ақша айналымы әр түрлі меншіу формасы жағдайында жүреді;
oo Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
oo Қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақша айналымы бір - бірімен тығыз байланыста жүреді;
oo Қолма - қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма - қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады;
Сонымен, ақша айналымы деп қолма - қол және қолма - қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады.
Айналыста жүретін тек қолма - қол ақша - ол ақша айналысының тек бір бөлігі. Демек, белгілі бір мезгілде қолма - қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі ақша айналысы болып табылады. Ал ақша айналымы - бұл қолма - қол және қолма - қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.
Ендеше ақша айналымы екі бөліктен: қолма - қол және қолма - қол емес ақша айналымынан тұрады.
Енді ақша айналысы заңына тоқтала кетейік. Ақша айналысы заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар - ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән.
Айналыстағы ақшаның саны Карл Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға:
* бір кезеңде, айталық, бір жылда сатылуға тиіс бағасының қосындысына;
* ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Ақша айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:
А мөлшері = СмбАжылд.
А - ақша мөлшері;
Смб - сатылуға тиіс тауар бағасы;
Ажылд. - ақша айналымының жылдамдығы;
Ақша айналысы заңының мәні мынада: ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен қатар төлем құралы қызметінде болатындықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір сыпырасы қолма - қол ақшасыз есеп айырылысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.
Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді; тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа айналыстан шығарылған әлде қандай ақша мөлшері шаруашылықтың, халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мына формуламен анықталады:
Амөлш. = ( ( Стбн + Ст - Сө ) Ажылд. ) + Ақ
Мұндағы:
Амөлш. - айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;
Стбн - несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ - ақша қоры;
Ажылд. - айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны ( айналыс жылдамдығы );
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлде қайда кем ақша массасының жүруінің себебі - төлеушілік проблемасының болуы. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивті экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлеушіліктің көптеген себептері бар. Олар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлеушіліктің тізбегінде потенциалды банкноттардың болуы, банкноталардың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және тағы басқалар.
Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға байланысты өзгереді; айналыстағы тауарлар мөлшеріне тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне және тағы басқаларға байланысты болады.
Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналымына әсер ететін жағдайлар мыналар:
o несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
o қолма - қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
o ақша айналымының санының өсуі;
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады ( шығарылады ): қолма - қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар, банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма - қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма - қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шағарады.
Ақшаның екі формасы бір - бірімен тығыз байланыста болады. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма - қол ақша формасында салса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма * қол банкнотаға айналады. Керісінше клиенттің шотқа жазу арқылыбанкке ақша сомасын салуы қолма - қол ақшпның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді
1.3 Ақша жиыны туралы түсінік
Ақша - бұл маңызды макроэкономикалық категория. Ол- мәміле жасау үшін қажетті қаржылық активтің түрі. Ақшаның басты қасиеті - оның жоғары өтімділігі, яғни ақшаның аз шығынмен тез арада басқа актив түрлеріне өту қабілеттілігі. Ақша жиыны- нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталынады.
Кез-келген дамыған елде бүгінде ақша айналысы купюра, монеталармен ғана емес, банк есебіндегі құралдар арқылы да көрінеді. Оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе олар арқылы қолма-қолсыз төлемді жүзеге асыруға болады. Сондықтан да ақша терминінің орнына ақша массасытүсінігі қолданылады. Ақша массасын өлшеу үшін ақшалық агрегаттар пайдаланылады. Оларға М1, М2, М3,L агрегаттары жатады. Ақшалық агрегаттардың құрамы мен саны әр елде әр бөлек болады.
М1 Қолма-қол ақша чектер,тауар етілгенге дейінгі депозиттер
М1+ чектік емес депозиттер аз көлемдік мерзімдік салымдар
М3+ көп көлемдегі мерзімдік салымдарды қамтиды
L,M3-ті қамтиды + қазыналық жинақтау облигациясы. қысқа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер, коммерциялық қағаздар т.с.с. бар.
М2 агрегаты мен М1 агрегатының айырмасы квази-ақша (жалған ақша) деп аталады. Әдетте, қолма-қол ақша М0әрпімен белгіленеді. Ақша агрегаттарының динамикасы бірнеше факторларға тәуелді. Егер пайыздық ставка өссе, М2 және М3 агрегаттары М1 агрегатын басып озады. Өйткені олардың құрамындағылар пайыз түрінде табыс әкеледі. Ақшаның атқаратын негізгі қызметтері төмендегідей:
- айырбас құралы
-Төлем құралы
- құн өлшемі
- жинақтау немесе қорлану құралы.
-әлемдік ақша
Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш тәсіл арқылы жүзеге асырылады:
а) ақша беру арқылы
ә) банк есебінде жазу арқылы
б) бір тұлғаның екінші тұлғаға бережақ екендігін куәландыратын құжаттар арқылы.
Осы негізде төлем құралдарының үш түрі бар:
- қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар),
- чектер, ағымдық есептер
- қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері).
Ақшаның экономикадағы ролі жоғарыдағы қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, ресурстардың жұмысбастылығына, баға деңгейіне әсер етеді.

Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекшк орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар - ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне - банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
5. мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
6. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
7. валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
8. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi - ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
oo Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
oo Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
oo Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу - сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2. экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету. 1, 79-80 б.
Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды скере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi: 4, 144 б.
* қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
* Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
* мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;
* банктерге және үкiметке несие беру;
* валюталық нарықтағы басқыншылық;
* кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
* ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz