Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1 Экономика ұғымына сипаттама және теориялық негіздері . . .
1. 1 Ашық экономика: түсінігі, түрлері . . .
1. 2 Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік . . .
1. 3 Манделл-Флеминг үлгісі . . .
2 Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын
арттырудың басты маңыздылығы . . .
2. 1 Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы . . .
2. 2 Халықаралық сауда . . .
2. 3 Халықаралық еңбек бөлінісі . . .
3 Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі . . .
3. 1 ҚР ішкі экономикалық нарық жүйесі
3. 2
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Ашық экономика - бұл әлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын және импорттайтын, әлемдік қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға негізделген макроэкономика-ның жүйелік қатынастары.
Ашық экономика мынадай екі жағдайға негізделеді:
1) Елдер тауарлар мен қызметтерді экспорттайды және импорттайды.
2) елдер әлемдік қаржы нарығында несие алады және береді.
Ашық экономикада өндірілген өнімді төрт негізгі құрауыштарға бөлуге болады:
- отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну;
- отандық тауарлар мен қызметтерге инвестициялық шығындар;
- отандық тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы;
- елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтер экспорты.
Ашық экономиканы кіші (шағын) және үлкен (ірі) деп бөледі.
Кіші (шағын) ашық экономика - кішігірім елдің экономикасы, оның әлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырттан берілген, экзогендік түрде қабылданады.
Үлкен (ірі) ашық экономика - оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер әсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия) . Бұл елдер әлемдік қор жинағы мен инвестицияның едәуір бөлігіне ие болғандықтан әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алады.
Ашық экономиканың негізгі белгілері:
- ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо квотасы;
- өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі;
- тұтынудағы импорт үлесі;
- ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
Ашықтық деңгейі сыртқы сауда көлемі мен үкіметтің саяси бағытына байланысты. Мысалы: Ұлыбритания салыстырмалы ашық экономика болып табылады, өйткені ол сыртқы саудаға тәуелді. АҚШ экономикасы жабық экономикаға жақын, өйткені оның дамуына сыртқы сауда көп әсер етпейді.
Ашық экономика - әлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын және импорттайтын, әлемдік қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға негізделген макроэкономиканың жүйелік қатынастары. Ашық экономика мынадай екі жағдайға негізделеді: 1) Елдер тауарлар мен қызметтерді экспорттайды және импорттайды. 2) елдер әлемдік қаржы нарығында несие алады және береді.
Ашық экономикада өндірілген өнімді төрт негізгі құрауыштарға бөлуге болады: отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну; отандық тауарлар мен қызметтерге инвестициялық шығындар; отандық тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы; елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтер экспорты.
Ашық экономиканы кіші (шағын) және үлкен (ірі) деп бөледі. Кіші (шағын) ашық экономика - кішігірім елдің экономикасы, оның әлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырттан берілген, экзогендік түрде қабылданады. Үлкен (ірі) ашық экономика - оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер әсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия) . Бұл елдер әлемдік қор жинағы мен инвестицияның едәуір бөлігіне ие болғандықтан әлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай әсер ете алады.
Ашық экономиканың негізгі белгілері: ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо квотасы; өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі; тұтынудағы импорт үлесі; ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
1 Ашық экономика ұғымына сипаттама және теориялық негіздері
1. 1 Ашық экономика: түсінігі, түрлері
Ашық экономика дегеніміз - елдердің өздері шығаратын тауарлары мен көрсететін қызметтерінің айтарлықтай үлесін экспорттауы және импорттауы, әлемдік қаржы нарығында несие беруі және алуы. Ашық экономикада шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге экспортталады. Ашық экономика қызметіне талдау жасау, шетелдік сектормен өзара байланыс, негізгі микроэкономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланысты күрделендіреді, ұлттық экономика жағдаятын анықтаушы қосымша факторлар есепшотын талап етеді.
Ашық экономика үлкен және шағын ашық экономика болып бөлінеді. Шағын ашық экономика - кішігірім ел экономикасы. Шағын ашық экономика үлгісі капитал қозғалысы есепшотын және ағымдағы операциялар есепшотын біріктіреді. Оның әлемдік нарықтағы үлесі аз және әлемдік пайыз мөлшерлемесіне ешқандай әсер етпейді десе де болады, оның жинақ қоры мен инвестициясы әлемдік жинақ қор мен инвестицияның мардымсыз бөлігі ғана болғандықтан ол тек мәлімет ретінде қабылданады.
Үлкен ашық экономика - халықаралық сауда мен әлемдік қаржы нарығына айтарлықтай әсерін тигізетін үлкен елдің экономикасы. Үлкен елдердің әлемдік жинақ қормен инвестициядағы үлесі маңызды, сондықтан олар әлемдік пайыз мөлшерлемесіне елеулі әсер ете алады.
Жабық экономикада өндірідген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер елдің ішінде сатылады, сондықтан барлық шығындар үш құрадас бөлікке бөлінеді: тұтыну, инвестициялар мен мемлекеттік шығындар. Ашық экономикада өндірілген өнімнің белгілі бір бөлігі елдің ішінде сатылып, ал басқа бөлігі экспортталатын болғандықтан шығындарды төмендегідей 4 компонентке бөлеміз:
- отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну - Cd;
- отандық тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсалатын инвестициялар - Id;
- отандық тауарлар мен қызмет көрсетуледі мемлекеттік сатып алулар - Gd;
- елдің ішінде өндірілетін тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару - εX.
Шығындардың бұндай құрауыштарға бөлінуін төиендегідей формуламен көрсетеміз:
Ύ = Cd + Id + Gd + EX (1)
Мұндағы: Cd + Id + Gd - отандық тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалған ішкі шығындар шамасын көрсетеді;
EX - осы елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық ішкі шығындар шамасы екі бөліктен тұрады: отандық тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын ішкі шығындар және шетелдерде өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ішкі шығындар. Осы айтылғанды былай көрсетеміз:
C = Cd + Cf
I = Id + If (2)
G = Gd + Gf
мұндағы Cd -отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ішкі шығындар;
Cf - шетел тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ішкі шығындар;
Id - отандық тауарлары мен қызметтерді инвестициялауға жұмсалатын ішкі шығындар;
If - шетелде өндірілетін тауарлар мен қызмет көрсетулерді инвестициялауға жұмсалатын ішкі шығындар;
Gd - отандық тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттік шығындар;
Gf - шетелдік тауарлар мен қызет көрсетулерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттік шығындар.
Осы айтылған (2) көсеткіштердің мәнін (1) теңдеуге қоямыз, сонда:
Ύ = (C - Cf) + (I - If) + (G - Gf) + EX (3)
Өрнектеуден кейін мынадай формула аламыз :
Ύ = С + I + G + EX - (Cf + IF + Gf) (4)
Мұндағы (Cf + IF + Gf) - шетелдерде өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулерді алуға жұмсалатын ішкі шығындар, яғни импортқа (IM) жұмсалатын шығындар шамасы. Осыларды ескере отырып, ұлттық шоттың негізігі теңдеуін былай жаза аламыз:
Ύ = C + I + G + EX - Im (5)
Таза экспортты экспорт мен импорттың айырмасы деп анықтап:
NX = EX - IM (6)
негізгі теңдеуді келесідей түрде жаза аламыз:
Ύ = C + I + G + NX (7)
Бұл теңдеу - елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулерге кететін шығындар шамасы тұтыну, инвестиция, мемлекеттік шығындар мен таза экспорт шамаларының қосындысына тең екенін көрсетеді.
Ұлттық щоттың негізгі теңдеуі (7) отандық тауарларды сатып алудағы шығындардың, ішкі шығындар және таза экспорттың өзара қалай байланысты екенін көрсетеді:
NX = Ύ - (C + I + G)
мұндағы NX - таза экспорт;
Ύ - өнім шығару көлемі;
(C + I + G) - ішкі шығындар.
Егер өнім шығару көлемі ішкі шығындардан көп болса, онда айырмашылықты экспортқа шығарамыз, яғни таза экспорт оң сан болады.
Ύ>( C + I + G), NX>0
Егер өнім шығару көлемі ішкі шығындардан аз болса, онда айырмашылықты шет елден аламыз, яғни таза экспорт теріс сан болады.
Ύ<( C + I + G), NX<0
Ашық экономикада жабық экономикадағы сияқты қаржы нарықтары тауар нарықтарымен тығыз байланысты. Бұны көрсету үшін ұлтық шоттың негізгі теңдеуін қарастырайық:
Ύ = C + I + G + NX (1)
Теңдеудің екі жағынан C мен G-ды шегерсек, онда төмендегідей теңдеу аламыз:
Ύ - C - G = I + NX (2)
Біз (Ύ - C - G) - дің ұлттық қор жинағы екенін және ол жеке қор жинағы (Ύ - T - C) мен мемлекеттік қор жинағының (T - G) -дің қосындысынан тұратынын білеміз.
S = Sp + Sg
S = Ύ - T - G + (T - G) = Ύ - C - G,
олай болса (2) теңдеуді төмендегідей түрде көрсетуге болады:
S = I + NX
Теңдеудің барлық мүшелерін сол жаққа шығарып, ұлттық шоттың негізгі теңдеуін былай жазамыз:
(I - S) + NX = 0 (3)
Бұл теңдеу капитал жинақтауға арналған құралдардың халықаралық ағындары (I - S) мен тауарлар мен қызмет көрсетулердің (NX) халықаралық ағымдары арасындағы байланысты көрсетеді.
Осы теңдеудің әрбір мүшесінің өз жеке атауы бар. (I - S) - төлем балансындағы капитал қозғалысының шоты. Капитал жылжуының шоты ішкі инвестициялардың ішкі қор жинаулардың артық екенін көрсетеді. Инвестициялар елдің қор жинақтарынан асып түсуі мүмкін, себебі инвесторлар инвестициялық жобаларды әлемдік қаржы нарықтарынан қарызға алынатын қаражаттар арқылы қаржыландыруы мүмкін. Бұдан капитал жылжуының шоты шетел займдары арқылы қаржыландырып жасалған ішкі капитал қорының көлеміне тең.
X - төмен балансының ағымдағы шоты немесе ағымдағы операциялар шоты деп аталады. Ағымдағы операциялар шоты - бұл қарастырып отырған елдің таза экспорты үшін шетелден түсетін сома (осы елдің өндіріс факторларын пайдаланудан түсетін таза түсімді қосқанда) .
Ұлттық шоттың негізгі теңдеуі капитал қозғалысының шоты мен төлем балансының ағымдағы шоты тең екендігін тұжырымдайды. Яғни:
Капитал жылжуы ағымдағы шот
шотының қалдығы+ қалдығы (сальдосы) = 0
(сальдосы)
(I - S) + NX = 0
Егер (I - S) - ң шамасы оң болса, ал NX теріс сан болса, онда біз капитал жылжуы шотының оң қалдығы, ал төлем балансының ағымдағы шотында жетіспеушіліе болады дейміз. Яғни қарастырып отырған ел әлемдік қаржы нарықтарынан қарыз алады және тауарларды экспорттаудан гөрі импорттауы көбірек болады. Егер (I - S) теріс сан болып, NX оң сан болса, онда капитал қозғалысы шотының жетіспеушілігі, ал ағымдағы операциялар шотының қалдығы оң сан болады. Бұл әлемдік қаржы нарығында осы ел кредитар (несие, қарыз беруші) және таурларды импорттаудан гөрі көбірек экспортқа шығаратынын көрсетеді.
Шағын экономика үлгісін тұрғызу кезінде біз капитал мен тауарлар ағындарының үлгісін қарастырамыз. Капитал қозғалысының шоты - инвестиция мен қор жинақтаудың айырмасы болғандықтан, үлгіні тұрғызуда инвестиция мен қор жинақтауды талдау арқылы жүргізіледі.
Шағын экономика әлемдік нарықтың кішігірім бөлігі және әлемдік пайыз мөлшерлемесіне әсерін көп тигізе алмайды. Қарастырып отырған ел әлемдік қаржы нарығына кіре алады, бұл айтылғанды осы мемлекеттің үкіметі халықаралық қарыз алу мен несие беруге кедергі жасамайды деп түсіну керек. Бұдан шағын экономикадағы пайыз мөлшерлемесі әлемдік пайыз мөлшерлемесіне тең деп аламыз, себебі шағын экономика бұл көрсеткішті тысьан берілген деп қабылдайды:
r = r*
бұндағы r* - әлемдік пайыз мөлшерлемесі.
Шағын экономика үлгісін тұрғызу үшін төмендегідей 3 алғышарттарды пайдаланамыз:
1. Экономикада шығарылатын өнім көлемі белгілі бір уақыттағы өндіріс факторлары мен технологияның тұрақты деңгейіне байланысты тұрақты болады:
Ύ = Ύ = F (K, L)
2. Қолма-қол табыс неғұрлым көп болған сайын тұтыну көлемі де көбейеді. Оны былай жазамыз:
C = C (Ύ - T)
3. Нақты пайыз мөлшерлемесі неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым инвестиция көлемі азаяды, яғни:
I = I (r)
Енді ұлттық шоттың негізгі теңдеуін қарастырайық:
NX = S - I
Ағымдағы шот =- капитал қозғалысы шотының қалдығы (сальдосы) қалдығы немесе NX = (Ύ - C - G) - I
Айтылған алғышарттарды ескере отырып, бұл теңдеуді былай жазамыз:
NX = [Ύ - C(Ύ - T) - G] - I (rx) = S - I(rx)
Капитал қозғалысының шоты мен ағымдағы операциялар шотына экономикалық саясат қалай әсер ететінін қарастырайық. Экономикада сыртқы саудада теңдестік орнаған, яғни экспорт (εX) импортқа (Im) тең деп ұйғарайық.
Шағын ашық экономикадағы ішкі бюджет-салық саясатының әсерін бақылайық. Үкімет мемлекеттік сатып алуларды көбейту арқылы ішкі шығындарды жоғарылатады, ал G шамасының көбеюі ұлттық қор жинақтауды (S) төмендетеді, себебі: S = Ύ - C - G.
Әлемдік пайыз мөлшерлемесі тұрақты болғандықтан инвестициялар өзгеріссіз қалады. Осылайша инвестиция артықшылығы пайда болады. Қор жинақтаудың азаюы капитал қозғалысы шотының оң қалдығына алып келеді, сондықтан инвестициялардың белгілі-бір бөлігі шет елдерден қарыз алу арқылы қаржыландырады. Төмен балансының ағымдағы шоты капитал қозғалысының шотын теңдестіруге міндетті, сондықтан NX қысқаруы керек, ал бұл ағымдағы операциялар шотының жетіспеушілігі пайда болғанын көрсетеді.
Егер ішкі бюджет-салық саясаты бойынша үкімет салық (T) шамасын азайтатын болса, онда да жоғарыда айтылғандай жағдай болады. Салықтың азаюы қолма-қол табысты жоғарылатады, тұтынуды ынталандырып, ұлттық қор жинақтарын азайтады. Ал бұл (I - S) -ті көбейтіп NX-ті төмендетеді.
Сонымен, егер алғашқы жағдай сыртқы сауданың толық теңдестігімен сипатталса, онда ұлттық қор жинақтауларды қысқартатын бюджет-салық саясаты капитал қозғалысы шотының оң қалдығына және ағымдағы операциялар шотының жетіспеушілігіне алып келеді.
Шетелдегі бюджет-салық саясатының шағын экономикаға әсерін қарастырайық. Егер шетелдегі мемлекеттер әлемдік экономиканың кішкене бөлігін құрайтын болса, онда олардың жүргізетін салық-бюджет саясатының өзгерістері басқа елдер экономикасына өте аз әсерін тигізеді. Ал егер бұл мемлекеттер әлемдік экономиканың басым бөлігін құрайтын болса, онда олардың мемлекеттік сатып алуларды көбейтуі әлемдік қор жинақтау шамасын төмендетеді, сөйтіп әлемдік пайыз мөлшерлемесін жоғарылатады.
Әлемдік пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы шағын экономикадағы инвестициялар көлемін азайтады. Ішкі қор жинақтаулар шамасы ешқандай өзгермейтіндіктен (I - S) шамасы төмендеуі керек, ал бұл капитал қозғалысы шотының жетіспеушілігін көрсетеді. Басқаша айтқанда ішкі қор жинақтарының кейбір бөлігі шетелдерге жылжып кете бастайды. NX=S-I, болғандықтан I-ның қысқаруы NX-ті көбейтуі керек. Бұдан шетелдерде қор жинақтарының азаюы жеке мемлекеттегі ағымдағы операциялар шотының оң қалдығына алып келеді деп айта аламыз.
Сонымен шетелдерде ынталандырушы бюджет-салық саясаты жүргізілуінің нәтижесінде әлемдік пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды, ал ол шағын экономикада капитал қозғалысы шотындағы жетіспеушілік пен ағымдағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдық болуына алып келеді.
Инвестициялық сұраныс өзгерістері де шағын экономикаға әсер етеді. Үкімет ішкі инвестицияларды ынталандыру үшін салық заңдылықтарында өзгерісте жасады дейік. Мысалы, инвесторлар үшін салық жеңілдігі болды десек, онда жоспарланған инвестициялар қисығы жоғары оңға жылжиды.
Қор жинаақтау көлемдері өзгермеген түрде қалғандықтан инвестицияларды шетелдік несиелер арқылы қаржыландыру қажет. Капитал қозғалысының шоты бойынша оң қалдық пайда болып (I - S), ал ағымдағы шот қалдығы (NX=S - I) азаяды. Сонымен инвестиция қисығының жоғары жылжуы капитал қозғалысы шотының оң қалдығына және төлем балансының ағымдағы шотының жетіспеушілігіе әкеледі.
1. 2 Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік
Макроэкономикалық тепе-теңдік - экономикалық жүйенің баланстал-ған жағдайы, экономикалық жүйенің тұтас тепе-теңдігі.
Ішкі тепе-теңдік - толық жұмысбастылық пен инфляциясыз жағдайдағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі.
Ішкі тепе-теңдік мәселесі бюджеттік-салық және ақша-несие саясаты көмегімен жиынтық сұранысты реттеу арқылы шешіледі.
Сыртқы тепе-теңдік - валюта бағамының тағайындалған (тұрақты) және құбылмалы режиміндегі төлем балансының нөлдік сальдосы немесе елдің валюта рыногындагы тепе-теңдігі. Валюта нарығындағы тепе-теңдік бұл - елге валюта түсімдері мен шетелдерге валюта төлемдерінің сәйкестігі.
Ашық экономиканың классикалық үлгісі мемлекеттік реттеуді қажет етпейді. Төлем балансының теңсіздігі ішкі бағалардың өзгеруінің автоматты механизімі мен алтын валюта резервтерінің бір елден басқа елге қозғалысы арқылы өздігінен реттеледі.
Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдіктің Кейнстік механизмі мемлекеттік реттеу шараларына сүйенеді.
1. 3 Манделл-Флеминг үлгісі
Манделл-Флеминг үлгісі - тұрақты және құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі.
Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика әлемдік экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан оның дамуы үшін барлық параметрлер әлемдік рыноктан, яғни сырттан беріледі.
Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі ең алғаш рет ХХ ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты және ІS-LМ үлгісінің жетілдірілген нысаны болып табылады. Екі үлгі де қысқа мерзім кезеңін және бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық табыстың) өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары ІS-LМ жабық экономиканы, Манделл-Флеминг ашық шағын экономиканы қарастырады.
Манделл-Флеминг үлгісі үш теңдеуді қарастырады:
Ү = С(Ү-Т) + І(R) + G + Хn(е), ІS;
M/P = L(r, y), LM;
R = R*.
Бірінші теңдеу тауар нарығын сипаттайды, екіншісі - ақша рыногын, үшінші теңдеу ішкі пайыз мөлшерлемесінің (R) әлемдік пайыз мөлшерлемесіне (R*) байланысты анықталатынын көрсетеді.
Манделл-Флеминг үлгісінің графигі 13. 1-суретте берілген. Көлденең сызық әлемдік пайыз мөлшерлемесін бейнелейді.
R
IS(е) LM
R = R*
0 Y
Сурет 13. 1
Графиктің өзіне тән екі ерекшелігі бар:
1. ІS қисығы айырбас бағамына байланысты. Айырбас бағамының өсуі қисықты солға жылжытады және керісінше.
2. Үш қисық бір нүктеде қиылысады.
Бірақ үш қисық бір нүктеде қиылыспайды деп те болжауға болады. Ол жағдайда графиктің екі нұсқасы пайда болады:
1. Айырбас бағамы төмен болғанда ІS және LМ әлемдік пайыз мөлшерле-месі қисығынан жоғары нүктеде қиылысады. Бұл жағдай шет ел инвесторларын берілген ел экономикасына капитал салуға ынталандырады. Нәтижесінде валюта бағамы көтеріледі, ІS қисығы төмен-солға ІS* қисығына жылжиды (сурет 13. 2) .
2. ІS және LМ қисықтары әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейінен төмен нүктеде қиылысады. Бұл жағдайда берілген ел инвесторлары капиталды сыртқа шығаруға тырысады. Нәтижесінде валюта бағамы төмендейді, ІS қисығы жоғары-оңға ІS* қисығына жылжиды (сурет 13. 3) .
R IS LM R
IS* IS IS* LM
R R = R*
R = R* R
Y Y
Сурет 13. 2 Сурет 13. 3
Сөйтіп, тепе-теңдік ІS, LМ қисықтары мен әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейіндегі көлденең сызық қиылысқан нүктеде тұрақты орнап отырады.
Манделл-Флеминг үлгісі валюта бағамдарының әртүрлі болуы кезінде шағын ашық экономикада жүргізілетін макроэкономикалық саясат нәтижелерін талдау үшін қолданылады. Мұндай саясаттың салдарлары тіркелген және құбылмалы валюта бағамдары арқылы көрініс табады.
Тіркелген (тұрақты) валюта бағамы кезіндегі макроэкономикалық саясат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz