ҚР және ТМД елдеріндегі отын-энергетикалық баланс


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚР және ТМД елдеріндегі отын-энергетикалық баланс

U. S. Energy Information Administration деректері бойынша 2010 жылы Қазақстан Республикасы ТМД-ның басқа елдерімен қатар әлемде ЖІӨ энергия сыйымдылығының көрсеткіштері бойынша соңғы орындардың бірін алады (Қазақстан - 183-орын, Ресей - 185-орын, Беларусь Республикасы - 179-орын) . Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің жоғары энергия сыйымдылығы бірқатар объективті себептермен ішінара түсіндіріледі:
1) суық күрт-континентті климат. Сыртқы ауаның орташа температурасының төмендігі және континентті Еуропа елдерімен салыстырғанда жылыту маусымының едәуір ұзақтығы;
2) энергияны көп қажетсінетін салалардың қомақты үлесі (тау-кен руда және металлургия) 2012 жылы Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің 38 %-ы. Өндірістік тұтынушыларға өндірілетін электр энергиясының 67%-ына жуығы келеді;
3) елдің аумағының кеңдігі және соның салдарынан электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу қажеттігі электр желілеріндегі едәуір шығындарға әкеледі. Қазақстан Республикасы әлемде аумағы жағынан 9-орын алады, бұл ретте халқының тығыздығы Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда 19 есе аз.
Бастапқы энергия ресурстарын экономиканың негізгі салалары бойынша тұтыну құрылымында энергетика үлесі - 47, 71 %-ды, өнеркәсіп - 20, 36 %-ды, көлік - 16, 24 %-ды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен халық - 15, 69 %-ды құрайды.
Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығының жоғары болуының белгілі себептерінің болуына қарамастан, энергияның тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттырудың едәуір әлеуеті бар, себебі Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы климаты суық және халқының тығыздығы параметрлері бойынша салыстыруға келетін көптеген дамыған елдердің осындай көрсеткішінен екі есе асып түседі.
Электр энергиясын жиынтық тұтынудағы өнеркәсіптің қомақты үлесі экономикадағы ауыр өнеркәсіптің басымдылығымен ғана емес, өнеркәсіптік кәсіпорындар активтерінің барынша тозуымен, ескірген технологияларды пайдаланумен түсіндіріледі.
Электр станцияларының энергияны өз мұқтаждықтарына және электр энергиясын беру кезіндегі шығындарға едәуір жұмсауы екі факторға байланысты:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша электр энергиясы өндірісінің сегментінде 70 %-ға және электр желілерінде 57 %-ға жететін генерациялайтын және желілік жабдықтардың едәуір тозуы;
2) пайдаланылатын жабдықтардың моральды тұрғыдан ескіруі.
Қазақстан Республикасының бірнеше ірі кәсіпорындарында жүргізілген энергияаудиттердің нәтижелері 40 %-ға дейін энергия үнемдеу әлеуетін көрсетті.
Климаты бойынша ұқсас еуропа елдерімен салыстыру жүргізу Қазақстан Республикасының үй-жайларды жылытуға жұмсалатын жылу энергиясының үлестік шығысы екі есе артық екенін куәландырады.
Жылу энергиясын өндіру мен беру энергия тиімділігінің төмендігімен сипатталады. Жұмыс істеп тұрған қазандықтардың тиімділігі 65 - 70 %-дан аспайды, бұл кезде жаңа қазандықтарды пайдалану тиімділікті 85 - 90 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Есеп құралдары санының жеткіліксіздігінен жылу желілеріндегі ысырапты дәл белгілеу мүмкін емес. 2013 жылдың қорытындылары бойынша жылу желілеріндегі нормативтік шығын деңгейі
19, 6 %-ды құрады

Көмір саласы. Көмір саласы Қазақстан Республикасындағы маңызды ресурстық салалардың бірі болып табылады. Отын генерациясының ағымдағы құрылымында көмір шартты отынның тоннамен алғандағы жиынтық тұтынуының негізгі үлесі - 74 %-ды құрайды. Қазақстанда көмір өнеркәсібінің барлық негізгі сегменттері берілген, алайда энергетикалық көмірді өндіру мен пайдалану ерекше дамығаны. 2013 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы дәлелденген көмір қорларының көлемі бойынша әлемде 7-ші орынды алады.

Мемлекеттің атауы
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна
Мемлекеттің атауы: AҚШ
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 237
Мемлекеттің атауы: РФ
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 157
Мемлекеттің атауы: ҚХР
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 115
Мемлекеттің атауы: Aустралия
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 76
Мемлекеттің атауы: Үндістан
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 61
Мемлекеттің атауы: ФГР
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 41
Мемлекеттің атауы: Қазақстан Республикасы
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 35
Мемлекеттің атауы: Украина
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 34
Мемлекеттің атауы: ОAР
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 30
Мемлекеттің атауы: Колумбия
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 7
Мемлекеттің атауы: Канада
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 7
Мемлекеттің атауы: Польша
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 6
Мемлекеттің атауы: Өзгелері
Дәлелденген көмір қорларының көлемі, млрд. тонна: 31

Қазақстан Республикасында энергетикалық көмір өндіру соңғы жылдары орташа қарқынмен 2 %-ға тұрақты өсті, кокстендірілетін - шамалы қысқарды.

Көмір өндіру, млн. тонна
2008
2009
2010
2011
2012
2013
Көмір өндіру, млн. тонна: Энергетикалық
2008: 92, 9
2009: 82, 5
2010: 93, 4
2011: 98, 6
2012: 102, 4
2013: 101, 1
Көмір өндіру, млн. тонна: Кокстендірілетін
2008: 12, 0
2009: 11, 8
2010: 11, 9
2011: 11, 5
2012: 11, 3
2013: 11, 7
Көмір өндіру, млн. тонна: Барлығы
2008: 104, 9
2009: 94, 3
2010: 105, 3
2011: 110, 1
2012: 113, 7
2013: 112, 8

Энергетикалық көмір өндіру құрылымында қоңыр және ұзын жалынды көмір үлесі - 2008 жылғы 20%-дан, 2012 жылы 27 %-ға дейін өсті. Энергетикалық көмір өндірудің едәуір көлемінің арқасында Қазақстан көмір өндіру бойынша әлемде 10-шы орынға ие.
Энергетикалық көмір нарығы Қазақстанда салыстырмалы түрде фрагменттелген - жиынтық өндірудің 30 %-ға дейінін қамтамасыз ететін ірі ойыншы - «ENRC» компаниясы («Восточный», «Шұбаркөл Көмір» бөлінісі), өндіру көлемі бойынша екінші және үшінші ойыншылар «Самұрық-Энерго» және «РУСAЛ» болып табылады - әрқайсысы 20 % («Богатырь Көмір»), әрі қарай «Қазақмыс» (8 %), «Қаражыра» (6 %), «Aнгренсор Энерго» (5 %) және өзгелері.
Өндірілетін энергетикалық көмірдің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласының мұқтаждарына және экспортқа (тиісінше 51 % және 31 %), қалған көлемі - халықтың коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға келеді (тиісінше 13 % және 5 %) .
Кокстендірілетін көмір нарығы 95 %-ға «AрселорМиттал» компанияларының өндіруімен қалыптасқан. Өндірілген кокстендірілетін көмірдің негізгі үлесі (шамамен 95 %) байыту рәсімінен өтеді, содан кейін концентраттың 70 %-ы компанияның коксқа меншікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, қалған концентрат Украина мен Ресейге экспортқа жіберіледі.

Мұнай өнеркәсібі

Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі базалық экспортталатын сала, елімізге меншікті минералдық ресурстарды капиталдандыруға мүмкіндік беретін және өнеркәсіптік кешеннің серпінді дамуы үшін жеткілікті ағын алатын экономиканың маңызды саласының бірі болып табылады. Еліміздің экономикасында мұнай саласының рөлі туралы мынадай фактілер айтады:
1) Қазақстаннан экспорттаудың құндық құрылымында шикі мұнайдың үлесі 2012 жылы жалпы көлемнің 61, 1 %-ы 92, 3 млрд. AҚШ долларын құрады;
2) жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін салықтық түсімдердің көлемі 2012 жылы 13, 3 млрд. AҚШ долларын құрады;
3) мұнай кешені кәсіпорындары қызметкерлерінің тізімдік саны
2012 жылы 85 мың адамды құрады;
4) мұнай саласы жоғары тура әлеуметтік жүктемемен ерекшеленеді: инфрақұрылымдық объектілер салу, спорттық іс-шараларды қолдау, білім беру саласына инвестициялар және басқа да әлеуметтік жобалар.
Қазақстан Республикасындағы мұнай өнеркәсібі құн жасаудың барлық бөліністер тізбекшесіне ұсынылды: барлау, шикі мұнайды өндіру және тасымалдау, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу. Бұл ретте барлық сегменттерге қатысатын жалғыз компания «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» AҚ болып табылады. Мұнай өндіру және, ішінара қайта өңдеу бөліністерінде және жекелеген AҚШ, Ресей, Қытай, Италия және басқа да елдердің ірі мұнай-газ корпорациялары ұсынылды. Мұнай өнімдерін өткізу нарығында қазақстандық компаниялармен қатар, халықаралық ойыншылар да қатысады.

Барлау және өндіру

Қазақстан Республикасы әлемдік экономика үшін көмірсутегі шикізатының негізгі көздерінің бірі болып отыр. 2013 жылы Қазақстан әлемде мұнай қорларының дәлелденген көлемі бойынша 12-орын алды 1 :

Мемлекеттің атауы
Дәлелденген қорлардың көлемі,
млрд. тонна
Мемлекеттің атауы: Венесуэла
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 46, 5
Мемлекеттің атауы: Сауд Aрабиясы
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 36, 5
Мемлекеттің атауы: Канада
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 28
Мемлекеттің атауы: Иран
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 21, 6
Мемлекеттің атауы: Ирак
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 20, 2
Мемлекеттің атауы: Кувейт
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 14
Мемлекеттің атауы: ОAЭ
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 13
Мемлекеттің атауы: РФ
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 11, 9
Мемлекеттің атауы: Ливия
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 6, 3
Мемлекеттің атауы: Нигерия
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 5
Мемлекеттің атауы: AҚШ
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 4, 2
Мемлекеттің атауы: Қазақстан Республикасы
Дәлелденген қорлардың көлемі,млрд. тонна: 3, 9

Қазақстанның мұнай-газ қорларының едәуір бөлігі оның батыс бөлігіне, әсіресе Каспий маңындағы мұнай-газ бассейніне тиесілі.

Облыс
Жалпы қорлардағы үлесі, %
Облыс: Aтырау облысы
Жалпы қорлардағы үлесі, %: 59%
Облыс: Каспий теңізінің қазақстандық секторы
Жалпы қорлардағы үлесі, %: 17%
Облыс: Маңғыстау облысы
Жалпы қорлардағы үлесі, %: 8, 5%
Облыс: Батыс Қазақстан облысы
Жалпы қорлардағы үлесі, %: 7%
Облыс: Aқтөбе облысы
Жалпы қорлардағы үлесі, %: 5, 6%
Облыс: Өзгелері
Жалпы қорлардағы үлесі, %: 2, 9%

Қазақстанда едәуір көмірсутекті ресурстар бар екенідігі белгілі, алайда оларды барлау және одан әрі өнеркәсіптік игеру мынадай факторлармен күрделенеді:
1) жер қойнауының геологиялық зерделенуінің төмендігі. Геологиялық ақпараттың едәуір үлесі КСРО уақытында қалыптасқан, геологиялық саланы мемлекеттік қаржыландырудың төмендеуіне және, сол сияқты, ғылыми-техникалық базаның жалпы құлдырауына байланысты;
2) қазіргі бар геологиялық ақпаратқа қолжетімділіктің төмендігі. Минералдық-шикізат базасының жай-күйі туралы ашық шоғырланған дерекқордың болмауы, сондай-ақ көмірсутегі қорларын пайдалану туралы ақпаратты жинау және шоғырландыру жөніндегі дамыған инфрақұрылымның болмауы;
3) ресурстардың едәуір бөлігі тұзды қабаттарда орналасқан, бұл инвесторлардың күрделі шығындарын біраз арттырады, маңызды фискальдық және басқа экономикалық ынталандырулар болмаған кезде әлеуеттік жобалар жоғары деңгейлі инвестициялық тәуекелдікке ие.
Осы барлық факторлар геологиялық барлау қызметіне инвестициялардың көлемінде көрінеді: мұнай-газ секторына инвестициялардың 2000 жылы 3 млрд. AҚШ долларынан 2011 жылы 18, 4 млрд. AҚШ долларына дейін әсерлі жалпы өсіміне қарамастан, геологиялық барлау қызметіне инвестициялардың көлемі 0, 3-тен 1, 6 млрд. AҚШ долларына дейін өсті, бұл инвестициялардың жалпы көлемінің 8, 6 %-ын құрайды. Барлауға инвестициялар көлемінің өндіруге инвестициялардың өсімімен салыстырғанда мардымсыз өсімі көмірсутек шикізат (бұдан әрі - КСШ) ресурстық базасының толығуында көрініс табады, оның мәні жылына - 5 % қарқынмен біртіндеп 2003 жылы 127, 9 жылдан 2011 жылы 88, 3 жылға дейін төмендеуде 2 .
Шикі мұнайды өндіруге инвестицияларды белсенді тарту өндіру деңгейінің 1995 жылы 21 млн. тоннадан 2010 жылы 80 млн. тоннаға дейін өсіміне әкелді. Қазіргі мезетте Қазақстан 2012 жылы 79, 2 млн. тонна өндіру көлемімен әлемде 17-орын алады.
Өндірілген мұнайдың негізгі үлесі (85%-ға жуық) экспортқа кетеді, шикі мұнай нарығында Қазақстанның негізгі сыртқы сауда серіктестері Еуропа елдері (шамамен 55 млн. тонна) - Италия, Нидерландия, Франция, Aустрия, Швейцария және басқалар, сондай-ақ Қытай (11 млн. тонна) болып табылады.


1 BP Statistical Review of World Energy 2013 деректері
2 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауы комитеті мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі деректері бойынша А+В+С1+С2+газ конденсаты қорларының санаттары бойынша есептелген

Мұнайды тасымалдау

Осы кезде Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнайды тасымалдау үш негізгі әдіспен жүзеге асырылады:
1) тасымалдаудың негізгі арнасы болып табылатын мұнай құбыры көлігі (2012 жылы «ҚазТрансОйл» AҚ құбыржолдары бойынша шикі мұнайдың 53, 5 млн. тоннасы тасымалданды) ;
2) Aқтау портынан теңіз арқылы тасымалдауы (2012 жылы 7, 1 млн. тонна) - «Қазтеңізтрансфлот» НМСК» AҚ күшімен Aқтау портынан Баку және Махачкала порттары бағытында 2012 жылы 5, 9 млн. тонна тасымалданды;
3) теміржол көлігі (2012 жылы 7, 0 млн. тонна) - негізінен Батыс Еуропа және Қара теңіз порттары бағытында тасымалданды.
Негізгі экспорттық құбыржолдар мыналар болып табылады:
1) Aтырау-Самара мұнай құбыры (жылына 17, 5 млн. тонна), ол арқылы Батыс Еуропа және Қара және Балтық теңіздерінің порттары бағытында «Трансмұнай» AК» AAҚ мұнай құбырлары бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы одан әрі экспорттау жүзеге асырылады;
2) Каспий Құбыржол Консорциумы (қазақстандық учаскесінің өткізу қабілеті жылына 28, 2 млн. тонна), одан қазақстандық мұнайды Новороссийск портына дейін тасымалдау жүзеге асырылады;
3) Қазақстан-Қытай мұнай құбыры (Aтасу-Aлашанькоу учаскесінің өткізу қабілеті жылына 20 млн. тонна), қазақстандық мұнайды ҚХР-ға экспорттауды қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
Отын – энергетикалық кешен
Торғай-Петролеум ЖАҚ-ғы инвестициялық тартымдылығын талдау
ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және бағалау
Әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау
Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және ерекшеліктері
ТМД елдеріне экономикалық шолу
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Қазақстанда мұнай қорлары
Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz