Мұнайды айдаудың материалдық балансы



1. Мұнайды айдаудың материалдық балансы
2. Мұнайды айдау
3. Мұнайды айдаудың материалдық балансы
4. Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады;пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай құрамына кіретін негізгі элементтер- көміртек пен сутек. Мұнайда көміртектің құрамы 82-87%, сутек 11-14%, күкірт-0,1-5% аралығында болады.
Мұнай алкандық (парафиндік), циклоалкандық (нафтендік) және ароматтық көмірсутектердің қоспаларынан, сонымен қатар оттекті, күкіртті және азотты қосылыстардан тұрады. Мұнайдың гетероорганикалық қосылыстар деп аталатын соңғылары негізінен ауыр фракцияларда, әсіресе шайыр-асфальттік бөлігінде шоғырланған.
Мұнайлардың тауарлық сапасы және фракциялық құрамын оларды зертханалық айдау жолымен анықтайды. Мұнайдағы жекеленген фракциялардың белгілі бір температура аралықтарында пайыздық мөлшері мұнайдың фракциялық құрамын сипаттайды.
Мұнайдың кәсіпшіліктегі біріншілік сипаттамасы оның тығыздығымен анықталады. Ол 760-тан 980 кг/м3-ке дейін өзгереді. Тығыздығы 880 кг/м3 болатын жеңіл мұнайларды бензиндік және майлық фракциялар болатындықтан олар өте құнды келеді.
Мұнайды өңдеудің біріншілікті және екіншілікті процестері қалыптасқан. Мұнай өңдеудің негізгі процесі –оны айдау. Мұнайды айдау- мұнайдан оны құрайтын бөліктерін немесе фракцияларын термиялық айырып алу процесі, оның нәтижесінде қойылған мақсатқа тәуелді келесі мұнай өнімдері алынады: авиациялық және автокөлік бензині, лигроин, реактивті және газтурбинді отындар, керосин, дизельді отын және мазут. Мұнайды осылай айдағаннан кейін қалған қалдықты- мазут, майлағыш майлар, парафинді, гудронды, коксті және басқа мұнай өнімдерін өндіруге шикізат ретінде қолданылады.
Х.А. Суербаев «Мұнай мен газды өндірудің термиялық және каталитикалық процестері »15-25бет. Алматы баспасы 2009жыл.
Қ.С.Құлажанов, О.А.Алмабеков, Ә.М. Нұралы «Мұнай өңдеу процестерін жетілдіру» 36-38 бет. Алматы баспасы 2011жыл.
Г.Қ. Бишімбаева, А.Е. Букетова« Мұнай немесе газ химиясы мен технологиясы» 3-10 бет. Алматы баспасы 2007жыл.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мұнайды айдаудың материалдық балансы
Мұнайды айдау
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады;пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай құрамына кіретін негізгі элементтер- көміртек пен сутек. Мұнайда көміртектің құрамы 82-87%, сутек 11-14%, күкірт-0,1-5% аралығында болады.
Мұнай алкандық (парафиндік), циклоалкандық (нафтендік) және ароматтық көмірсутектердің қоспаларынан, сонымен қатар оттекті, күкіртті және азотты қосылыстардан тұрады. Мұнайдың гетероорганикалық қосылыстар деп аталатын соңғылары негізінен ауыр фракцияларда, әсіресе шайыр-асфальттік бөлігінде шоғырланған.
Мұнайлардың тауарлық сапасы және фракциялық құрамын оларды зертханалық айдау жолымен анықтайды. Мұнайдағы жекеленген фракциялардың белгілі бір температура аралықтарында пайыздық мөлшері мұнайдың фракциялық құрамын сипаттайды.
Мұнайдың кәсіпшіліктегі біріншілік сипаттамасы оның тығыздығымен анықталады. Ол 760-тан 980 кгм3-ке дейін өзгереді. Тығыздығы 880 кгм3 болатын жеңіл мұнайларды бензиндік және майлық фракциялар болатындықтан олар өте құнды келеді.
Мұнайды өңдеудің біріншілікті және екіншілікті процестері қалыптасқан. Мұнай өңдеудің негізгі процесі - оны айдау. Мұнайды айдау- мұнайдан оны құрайтын бөліктерін немесе фракцияларын термиялық айырып алу процесі, оның нәтижесінде қойылған мақсатқа тәуелді келесі мұнай өнімдері алынады: авиациялық және автокөлік бензині, лигроин, реактивті және газтурбинді отындар, керосин, дизельді отын және мазут. Мұнайды осылай айдағаннан кейін қалған қалдықты- мазут, майлағыш майлар, парафинді, гудронды, коксті және басқа мұнай өнімдерін өндіруге шикізат ретінде қолданылады.
Мұнайдың фракциялық құрамы.
Қайнау температурасы
Фракциялар
Молекуладағы көміртек атомдарының мөлшері
32 т℃өмен
Көмірсутекті газдар
1-4
32-105℃
Бензин
5-12
105-160℃
Нафта (лигроин)
8-14
160-230℃
Керосин
12-18
230-430℃
Газойль
14-20
430℃оғары
Мазут
20-45

Мұнай айдаудан алынған дистиляттар және қалдықтар мұнай өңдеудің екіншілікті процестерінде шикізат ретінде қолданылады. Мұнай өңдеудің екіншілікті процестеріне, оның құрамына кіретін, көмірсутектердің құрылымының өзгеруіне байланысты, термиялық және каталитикалық крекинг, риформинг, гидроформинг, платформинг, алкилдеу, мұнай өнімдерін ароматтау, изомерлеу, полимерлеу, деструктивті гидрогендеу, пиролиз, кокстаулар жатады. Мұнай өңдеудің біріншлікті және екіншілікті процестерінде алынған мұнай өнімдері тазарту процестерінен өтеді. Алынған мұнай өнімдерінің салаларын әрі қарай көтеру үшін оларға әр түрлі енгізбелер қосылады.
Мұнай - қайнау температуралары әр түрлі көмірсутектер қоспасы болғандықтан, оны өңдеудің негізгі әдісі - айдау болып табылады. Серік газдардан және судан арылғаннан кейін, мұнай қыздырылады, сонда ол фракциялары бөлінеді.
1. 40 - 200℃ ралығында С5 - С9 көмірсутектері бар бензин фракциясы. Қайталап фракциялағанда авиациялық және автомобильдік қозғалтқыштардың бензиндері алынады.
2. 150 - 300℃ ралығында С10 - С16 көмірсутектері бар керосин фракциясы бөлінеді. Керосин шам, трактор, реактив жанармайларына пайдаланылады. Керосиннің газойлмен қоспасы - дизель жанармайы. Алғашқы екі фракция ашық түсті мұнай өнімдерін береді.
3. Мұнай қалдығынан тұтқыр, қара сұйықтық мазут деп аталынады. Мазут қазандық қондырғыларында отын ретінде қолданылады. Мазутты қосымша айдағанда - машина, ұршық, цилиндр жағармайлары алынды. Мазуттан вазелин және парафин бөлініп алынды. Вазелин медицинада қолданылады. Парафин сіңірілген сүректер сіріңке және қарындаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Мазут өңделгеннен кейін жол құрылысында кеңінен қолданатын гудрон алынды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай және газ – теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба
Мұнайды атмосфералық және атмосфера-вакуумды айдау қондырғысының технологиялық сызба нұсқасы
Мұнайды біріншілік өңдеу әдісі бойынша ғылыми-техникалық әдебиеттердің сараптамасы
ЭТТҚ АВҚ қондырғысы
ЭТТҚ - АВҚ қондырғысы туралы ақпарат
Майларды асфальтсыздандыру процесі
Мұнайдың индексациясы және оның қайта өңдеу технологиясымен байланысы
Алғашқы айдау өнімдері
Мұнайдың комплекстік құрамы
Біріншілік айдау - мұнай өңдеудің бірінші технологиялық процесі
Пәндер