Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қазақстан Инновациялық Университеті «Құқықтану» кафедрасы
СӨЖ №3
Пәні: Азаматты іс жүргізу
СӨЖ түрі: Реферат
Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.
Орындаған: Қадышев Мерей
Тексерген:
2016 жыл
Жоспар:
1. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысушылар
2. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың обьектісі
Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушыларАзаматтық істі қарау мен шешу барысында сот пен басқа да іске қатысушылардың арасында қоғамдық қатынас туындайды. Бұл қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеліп, осының нәтижесінде азаматтық іс жүргізу қатынастары пайда болады.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары - құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Сондықтан, оған кез-келген құқықтық нормаларына негізделіп, нақты тұлғалардың арасында пайда болып, жауап алады, екіншіден, онда қатысушылардың жүріс-тұрысы заңды бекітілген, үшіншіден, мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынас тек азаматтық іс жүргізу кодексінде бекітілген нормалар негізінде пайда болды. Бұл құқықтық қатынастар тек екі субьектінің арасында пайда болуы мүмкін, яғни, істі қараушы сот пен кез-келген процестің басқа қатысушыларының арасында процессуалдық қатынас туындайды. Мысалы: сот пен талапкердің арасында немесе сот пен жауапкердің арасында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы нормалармен реттелетін азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына келесі ерекшеліктері тән:
- Процессуалдық құқықтық қатынастың міндетті субьектісі - сот болып табылады. Тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар өз алдына бір-бірімен азаматтық процессуалдық құқықтық қатынаста бола алмайды.
- Процессуалдық құқықтық қатынастардың бір-бірімен тығыз байланыста болып, бірін-бірі алмастырып отыратын қатынастардан тұруы, яғни жүйелігі.
- Іске қатысушы тұлғаның кез-келген процессуалдық әрекеті кез-келген іске қатысушы басқа тұлғалардың процессуалдық жағдайына әсер етеді.
- Бір жақты ерік білдіруге байланысты туындайтын құқықтық қатынас.
Азаматтық іс жүргізуде бірнеше құқықтық қатынастар бар:
- Басты (негізгі) құқықтық қатынастар. Бұл талап өндірісінде сот пен тараптардың арасында пайда болатын процессуалдық құқықтық қатынас немесе ерекше өндірістегі сот пен арызданушының арасындағы процессуалдық құқықтық қатынас.
- Қосымша процессуалдық құқықтық қатынас. Бұл сот пен үшінші тұлғалардың, сонымен қатар, іс бойынша қорытынды беретін прокурор мен мемлекеттік басқару органдарының арасында пайда болатын процессуалдық құқықтық қатынас.
- Қызметтік-көмекші процессуалдық құқықтық қатынас. Бұл сотты өкілдермен, куәлармен, мамандармен, аудармашылармен байланыстыратын процесусалдық құқықтық қатынас.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасы дегеніміз - нақты іс бойынша әділеттілікті жауап алу барысында сот пен процеске қатысушылардың арасындағы азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары келесі алғышарттар болған кезде ғана пайда болуы мүмкін. Олар:
- Азаматтық іс жүргізу нормалары;
- Процеске қатысушылардың құқықтық субьективтілігі;
- Заңды фактілер.
Азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастар пайда болуы ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалары болуы қажет. Бұл нормалар процессуалдық құқықтық қатынастың заңды негізі болып табылады. Процессуалдық нормасыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.
Азаматтық іс жүргізу нормаларына мынадай белгілер тән:
- Тек мемлекетпен белгіленеді;
- Жалпыға бірдей міндетті болып табылады;
- Жалпыға юрисдикция соттарының тек азаматтық істерге байланысты әділеттілікті жүзеге асыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді;
- Жалпы мақсаты - азаматтық істерді дұрыс, әрі тез қарап шешу;
- Мемлекеттік мәжбүрлеуге сәйкес байланысты емес процессуалдық шараларды қолдануды қамтамасыз етеді.
Азаматтық процессуалдық қатынас туындау үшін оның қатысушы субьектілерінің азаматтық процессуалдық құқықтық субьектілігі болуы қажет, яғни, олар азаматтық процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыруды білуге қажет. Процессуалдық құқықтық қабілеттілік дегеніміз - процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болу. Ал процессуалдық әрекет қабілеттілік дегеніміз - сотта өз құқықтарын өзі жүзеге асыруға және оны жүзеге асыруды өкілге беруге қабілетті.
Заңдық фактілер азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарты болып табылады. Заңдық фактілерге азаматтық іс жүргізу құқығында процеске қатысушылардың және соттың әрекеттері жатады. Белгілі бір оқиға істе фактілермен реттеуде қаралмайды. Ол тек белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға негіз болады. Мысалы: сотпен талапкер арасындағы процессуалдық құқықтық қатынас екі әрекеттің нәтижесінде туындайды.
- Талапкердің талап-арыз беруі;
- Соттың талап-арызды қабылауы.
- Азаматтық құқықтық қатынастың обьектісі болып осы құқықтық қатынас неге бағытталса, сол оның обьектісі болып табылады. Әрбір жеке құқықтық қатынастың өзінің арнайы обьектісі болады. Мысалы: сот пен куәнің арасындағы қатынастың обьектісі болып іс үішн маңызы бар фактілер туралы мәліметтер табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың обьектісі
Жалпы азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың обьектісі болып азаматтық іс танылады.
Азаматтық процессуалдық құқықтың субьектілері болып сот, азаматтар мен ұйымдар табылады. Заң бойынша азаматтық процессуалдық құқықтың субьектілері болып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел ұйымдары мен халықаралық ұйымдар есептеледі. Бұл аталған тұлғалардың барлығы процеске қатыса алады.
Әрбір процеске қатысушылардың өзінің көздеген мақсаты болады. Және соған сәйкес оның нақты жағдайы: яғни, ол талапкер, жауапкер, үшінші тұлға және т. б. екендігі анықталады. Өздерінің құқықтық жағдайына сәйкес олар тиісті құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
Азаматтық процессуалдық құқықтық қатынас субьектілерін 3 негізгі топқа бөлуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz