Негізгі балды табиғи өсімдіктер



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А) Бал өсімдіктер
Б) Шырынды және тозаңды өсімдіктер.
В) Бал қорын анықтау.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді пайдалану бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.
Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұкым шаруашылығын дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады.
Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс-кірістің 35-50 %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30% пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануга негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.
1. Глухов М.М. Медоносные растения. Москва: Колос, 1974.-304с.
2. Митропольский А. Пыльца растений и перга как корм для пчел //Пчеловодство.-1995-№1.-С.25-27.
3. Мұхитдинов Н. Қазақстан биоресурстары:оқу құралы.-Алматы,2009.-

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:НЕГІЗГІ БАЛДЫ ТАБИҒИ ӨСІМДІКТЕР

ОРЫНДАҒАН:ТППЖ-101 ТӨЛЕУ ЕКПІН
ТЕКСЕРГЕН: ҚҰСАЙЫНОВА Ж.А

Алматы-2016 жыл

ЖОСПАРЫ

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А) Бал өсімдіктер
Б) Шырынды және тозаңды өсімдіктер.
В) Бал қорын анықтау.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

1.КІРІСПЕ
Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді пайдалану бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.
Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұкым шаруашылығын дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады.
Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс-кірістің 35-50 %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30% пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануга негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.

Балды өсімдіктер - гүлінен бал арасы шірне, тозаң жинайтын жабықтұқымды өсімдіктер тобы. Өсімдік гүліндегі шырын шығаратын алуан түрлі бездер өсімдіктердің гүлінде, кейде тостағанша және күлте жапырақшаларында орналасады. Ал ондай бездер өсімдіктің сабағында, жапырақ сағақтарында, бөбешік жапырақтарында және гүлжапырақтарында сирек кездеседі. Бір гүлден бөлінетін бал мөлшері өсімдік түріне қарай әр түрлі болады. Мыс., тропикте өсетін Coryanthes туысына жататын орхидея 30 г, жөке ағашы 0,15 - 7,45 мг, таңқурай 14 мг, түйежоңышқа 0,16 мг бал түзеді. Кейбір өсімдіктер (терек, шие, т.б.) шайыр тәрізді зат бөледі, одан аралар бал ара желімін (прополис) түзеді. Гүлінің шірнесі мол әрі оны бал арасы оңай алатын 200-ден астам түрінің омарта ш-нда маңызы зор.
Аралардың тіршілігі гүлді өсімдіктермен тығыз байланысты, гүлді өсімдіктердің тұқымдары гүл түйінінің ішінде дамиды және жеміс қабырғаларымен қорғалған.
Көп өсімдіктердің гүлдері қосжынысты, Бірақ жиі гулде біздер тек аталықты немесе тек аналықты көреміз, мұндай гүлдер біржыныстық деп аталады. Егерде аталық және аналық гүлдері өсімдіктің бір индивидінде орналасса, оларды бір үйлі, ал әтүрлі индивидтерге орналасса, екі үйлі деп атайды. Бірүйлі өсімдіктерге, мысалы, асқабақ (тыква), емен (дуб), қияр (огурец) сияқты өсімдіктер жатады. Ал екі үйлі өсімдіктерге тал (ива), терек (тополь), кенешөп (конопля), құлмақ (хмель) жатады.
Шырынды және тозаңды өсімдіктер.Өсімдіктерден шырынды және тозаңды жинап аралар оны ұяларына алып барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды пергаға (бал арасының корегі) айналдырады. Бал және перга - ересек аралардың қорегі, олармен аралардың личинкалары да қоректенеді. Бал және перганы пайдаланған аралар воск - балауыз өндіреді. Бір жылда араның семьясы 90 кг бал пайдаланады. Сол 90 кг-нан қалған бал және балауыз пасеканың (омартаның) товарлық өнімі болып саналады.
Ара шаруашылығының манызы тек өнім, яғни бал алуда ғана емес. Бал өндіретін аралар бал өндіруден басқа бақшалардың егістіктердің, баулардың өнімділігін арттырады. Өсімдіктер аралармен тозаңданғанда өнімнің мөлшері ғана емес сапасы да артады. Мысалы, ара шаруашылығымен айналысатын ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша арамен тозаңданған күнбағыста толық пісіп-жетілген тұқымдар - 85,3%, ал тормен қоршап жауып қойған күнбағыста толық пісіп-жетілген тұқымдар мөлшері 40% болған, ал торды қосымша дәкемен жауып қоршап қойғанда 14,2% ғана болған.
Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары:
нектар; 2 ) тозаң; 3) клей (прополис).

Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол бал араларға қыс бойы тамақ болады. Аралар балмен тек қыс айларында қоректенеді. Нектарлар өте қарқынды түрде таңертеңгі 9 00 шамасында және түнде сағат 24-те бөлінетіндігі анықталған. Бөлінетін нектар мөлшері өсімдіктер түріне байланысты өзгереді. Мысалы, кәдімгі жөке ағашының (липа обыкновенная) бір гүлі 0,15-7,46 мг нектар бөліп шығарады, ал іріжапырақты жөке ағашы 0,50-11,54 мг бөледі. Таңқурай (малина) гүлі орташа 14 мг нектар бөледі.
Нектар қалайша балға айналады? Бұл процесс, әрине араның асқазанында басталады. Нектардың құрамында су азаяды және сілемейлі бездер ферменттерінің әсерінен нектардың құрамы өзгереді. Ара нектарды алып келіп, кәрезге (саты) орналастырады. Кәрездегі нектардың құрамы басқаша. Бірақ бұл затты әлі бал деп айтуға болмайды. Өйткені оның құрамында әлі 60% су болады. Кәріздің ұяларында бал пісіп-жетіледі. Балдағы судың мөлшері 18-20% шамасында болады, қамыс қанты (тростниковый сахар) түгелімен глюкөзаға және жеміс қантына айналады. Сосын жаңа ферменттер пайда болады. Сол жаңа ферменгтердің әсерімен бал толық пісіп-жетіледі. Кәріздің ұялары толық балға толғанда ол қоюланады, ара ұяны жауып бекітеді. Балдың нектардан айырмашылығы химиялық құрамында судың мөлшері 18-20% ғана болады, қарапайым қанттар басым болады, 18-20% судан басқаның бәрі қанттар.
В.Г.Чудаков (1963) мәліметтері бойынша балдағы қарапайым қанттардың орташа мөлшері - 68-73%. Ал жалпы алғанда 55,9 %-84,4 % аралығында болады. Қарамық (гречиха) балында орташа қарапайым қанттар мөлшері - 71,4 %, жөке ағашы (липа) балында -74,7 %, түйежоңышқа (донник) балында 74,4% болады.
Балдың құрамы нектардың құрамына байланысты. Егерде нектардың құрамында жүзім қанты көп болса, балдың құрамында жүзім қанты көп болады. Балдың кристалдануы нектардың құрамындағы жүзім қантының мөлшеріне байланысты.Жүзім қанты көп болған сайын бал тезірек отырады (кристалданады). Мысалы, жөке агашы, қарамық, ақ бесде балдары тез кристалданады. Ал ақ акация балында жеміс қанты көп болады, сондықтан бірнеше ай бойы кристалданбайды. Нектардың балға айналуының биологиялық мәнісі мынада: 1) бал қанттардың қою ерітіндісі және оптимальды жағдайларда ашымайды; 2) күрделі қанттардың қарапайым қанттарға айналуының ара семьясының қыстан қиналмай шығуы үшін маңызы үлкен.
Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына тал (ива), бакбақ (одуванчик), ақ беде (белый эцпарцет), көк гүлкекіре (василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады.
Нектар бермейтін өсімдіктердің екінші тобы насекомдармен тозаңданатын айқын ашық гүлділер. Олардың химиялық құрамы 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Тозаңдардың химиялық құрамы

Өсімдік
Құрамы

Су
Белок
Май
Көмірсулар
Күлдер
Кәдімгі қарағай
7,7
13,1
1,2
-
2,1
Қандыағаш
26,4
-
30,
-
-
Тал
12,3
22,3
4,1
32,2
2,6
Грек жаңғағы
7,2
23,9
2,3
-
3,8
Қайың
5,0
21,9
2,7
-
2,8
Жүгері
-
3,8
1,4
30,3
3,1
Капуста
9,9
25,8
9,6
24,7
2,8
Алмұрт
9,8
28,6
3,1
28,3
2,6
Ақбеде
11,5
23,7
3,4
26,9
3,1
Бақбақ
10,9
11,1
14,4
34,9
0,9
Өсімдік тозаңдарының құрамында Комаровтың мәліметтері бойынша әртүрлі витаминдер болады.
2-кесте.Әртүрлі өсімдіктер тозаңындағы витаминдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Балды өсімдіктер
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері Тозаң микроскопиясы
Балды өсімдіктер туралы
Балдың тауарлық сипаттамасы
Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары
Бал
Ара шаруашылығының маңызы
Орман балы
Пәндер