Педагогикалық техника принциптерінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Оқыту технологиялары мен техниканың оқушы белсенділігін арттырудағы ғылыми.теориялық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
1.1 Оқыту технологияларының оқу үдерісін белсендірудегі әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
1.2 Педагогикалық технология және техника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2 Педагогикалық технологиялар және техниканың теориялық қырлары ... ... 33
2.1 Оқыту технологиялары мен педагогикалық техника сипаттамалары ... .. 33
2.2 Педагогикалық техника және оның принциптері сипаттамалары ... ... ... 39
2.3 Биология сабақтарындағы педагогикалық техника принциптерінің оқу.танымдық рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
45
2.4 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 72
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі күн тəртібінен түспей келе жатқан өзекті мəселелердің бірі оқыту тиімділігін арттыру екені ешқандай дəлелдеуді қажет етпейді. Оқыту тиімділігін арттыру педагогикалық техниканың принциптеріне, қолданылатын оқыту əдісіне тəуелді екені белгілі. Олай болса, педагогикалық техника бұл оқыту əдісін таңдау мəселесімен де байланысты.
Педагогика тарихына көз жүгіртсек, бұл мəселе Я.А.Коменский, И.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский тəрізді көрнекі педагогтардың еңбектерінен айтарлықтай орын алған.
Я.А. Коменский оқыту əдісіне ерекше мəн берген, ол: егер білімнің шыңына жету үшін қиындыққа тіреліп, қинала отырып жететін болса, ол адамзат үшін қандай да бір қол жетпейтін нəрсенің болатындығынан емес, əдістің шатасқандығынан» деп көрсетеді. Сондай-ақ, ол танымдық қабілеттің ашылу тəсілдерін сақтауды жəне оны жағдайға байланысты дұрыс қолдануды талап етті [1].
Я.А. Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында» оқыту əдісі өнерге айналуы тиіс, оқыту алға жүру үшін жəне оның нəтижелері алдамас үшін оған қатаң негіз беру керек деп көрсетті.
И.Г. Песталоцци оқыту əдісін таңдауда табиғаттың мəңгілік заңдылығын ескеру қажет екенін атап көрсетеді. Ол баланың ішкі əлемін ескеру қажет деп санайды: «адамзат күші, табиғи сезім, табиғи, əрі өткір ақыл-ой кез келген оқыту əдісінің нəтижесі ретінде мен үшін оның ішкі жетістіктерін бағалаудың жалғыз критерийі болып табылады». Сондықтан ол: «тек жалғыз əдіс жақсы, ол табиғаттың мəңгілік заңдылықтарына толық негізделетін əдіс» ретінде дəлелдеді. Сөйтіп, И.Г. Пестолоцци адамның табиғи күшіне əсер ету қажет деп есептейді, ол үшін арнайы жаттығуларды пайдалана отырып, жүрегіне, ақыл-ойына, қолына əсер ету керек дейді [2].
А.Дистерверг екі негізгі оқыту əдісін ерекшелейді: хабарлаушы жəне дамытушы. Сөйтіп, оқыту əдісіне қатысты екі ережені тұжырымдайды: «Оқыту əдісін таңдауда пəннің табиғатымен санасу қажет» жəне «Оқыту əдісі мұғалімнің жеке тұлғалығымен сипатталады» [3].
Осылайша, классикалық дидактикада оқыту əдістерін таңдауға байланысты құнды-құнды ойлар жинақталған. Ал, бүгінгі ақпарат дəуірінде оқыту əдістері қалай талданады? Қазіргі зерттеуші педагогтардың пікіріне назар аударайық.
Білім – бұл мұғалім мен оқушының субъективті-объективті əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық үдерістің жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық үдерістен тыс іске асуы мүмкін емес.
Педагогикалық үдеріс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни
педагогикалық үдеріс– бұл арнайы мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас үдеріс.
Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық үдеріс-əлеуметтік құбылыс. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
1 Коменский Я.А. Великая дидкатика. Избр. Пед. соч. В2-х т.-М.: Педагогика, 1982. т 1, -270 с.
2 Песталлоции И.Г. Избранные педагогические сочинения 2 т. –М.: Просвещение, 1981. -334 с.
3 Дистерверг А. Избранные педагогические сочинения. М.: Чч. Пед. изд., 1956. -370 с.
4 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1999, №115-116.
5 Шамова Т.И. Активизация учения школьников, Москва, 1979.
6 Жаңабаева Р.А, Шалғынбаева Қ.Қ; «Қазіргі жағдайда оқушының танымдық әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері» Алматы 2003 ж.
7 Сенько Ю.В. Учебный процесс: сотворчество педагога и учащегося, //Педагогика, 1997, №3.
8 Жарықбаев Қ. Психология, Алматы, 1993, 158 б.
9 Половникова Н.А. О системе воспитания познавательной самостоятельности школьников, Москва, 1989.
10 Аристова Л.П. Активность учения школьников, Москва, 1968.
11 Лернер И.Я. Учить творчески, воспитывать личность, //Биология в школе, 1988, №4.
12 Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса, Москва, 1982.
13 Корнетов Г.Б. Парадигмы базовых моделей образовательного процесса. //Педагогика, 1999, № 3.
14 Тхагапсоев Х.Г. О новой парадигме образования, // Педагогика, 1999, №1. Б. 103-110.
15 Арынгазин К.М. Новый образ мышления в педагогике, //Жаңа парадигманың қалыптасу жағдайындағы білім беру мекемелерінің жаңаруы және даму мәселелері, Қарағанды, Б. 22-23.
16 Лемберг Р.Г. Методы обучения в школе, Алма-Ата, 1998.
17 Лотар Клингберг. Проблемы теории обучения, Москва, 1984.
18 Данилов М.А. Дидактика средней школы, Москва, 1975.
19 Оконь В. Введение в общую дидактику, Москва, 1990.
20 Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологий обучения, //Дисс. доктора пед. наук, Алматы, 1994.
21 Баранов С.П. Сущность процесса обучения, Москва, 1981.
22 Лернер И.Я. Система методов обучения и их практическое применение. //Биология в школе, 1998, №3. -с. 52-55.
23 Ушинский К. Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлер. –Алматы. 1951. -120 б.
24 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар, Алматы, 1995.
25 Леоньтев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.-М., 1975.-30ІС.
26 Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды.-М.:Педагогика, 1989.-560 с.
27 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.-М.:Педагогика, 1989. -488 с.
28 Выготский Л.С. Педагогическая психология. - М.: Педагогика,1991. 461с.
29 Щукина Г.И. Актуальные вопросы формирования интереса в обучении, Москва, 1984.
30 Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики, Москва, 1984.
31 Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе, Москва, 1979.
32 Мангушев Р.Г. К повышению эффективности урока. //Биология. в школе, 1986, №1, С.32-34.
33 Максимова В.Н. и др. Современный урок биологии, Москва, 1985, С.42-
34 Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. Анализ зарубежного опыта. - М.: Знание, 2009. - 80 с.
35 Кларин М.В. Развитие "педагогической технологии" и проблемы теории обучения // педагогика. - 2014. С.117-122.
36 Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ, 2015, - 352 бет.
37 Мырзабаев 2015 Биологиялық білім – экологиялық сауаттылық. Зерттеулер. – Қарағанды: ҚарМУ, 2015. 354 бет.
38 Жайтапова А.А. Центр педагогических исследований РИПК СО: интеграция науки с практикой. // Материалы научно-практического семинара- совещания ЦПИ «Интерактивные технологии обучения в учебно-воспитательном процессе: Поиск, решения, опыт». - Алматы, 2002.- С.6-21.
39 Селевко Г.К., Селевко А.Т. Социально-воспитательные технологии - М.: Народное образование, 2009. - 176 с.
40 А.Гин. Приемы педагогической техники. Вита-Пресс, 2007. Москва, 88 с.
41 Лук А.С. Популярная психология, Москва, 1990, 181 с.
42 Плюхин "Изобразительное искусство - предмет творчески", //Педагогика, 1995, №1, С. 60-64.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1 Оқыту технологиялары мен техниканың оқушы белсенділігін арттырудағы
ғылыми-теориялық негіздемесі 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.1 Оқыту технологияларының оқу үдерісін белсендірудегі әдістемелік
негіздері 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2 Педагогикалық технология және техника 24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
2 Педагогикалық технологиялар және техниканың теориялық қырлары ... ... 33
2.1 Оқыту технологиялары мен педагогикалық техника сипаттамалары ... .. 33
2.2 Педагогикалық техника және оның принциптері сипаттамалары 39
... ... ...
2.3 Биология сабақтарындағы педагогикалық техника принциптерінің
оқу-танымдық рөлі 45
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды 66
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 70
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар 72
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі күн
тəртібінен түспей келе жатқан өзекті мəселелердің бірі оқыту тиімділігін
арттыру екені ешқандай дəлелдеуді қажет етпейді. Оқыту тиімділігін арттыру
педагогикалық техниканың принциптеріне, қолданылатын оқыту əдісіне тəуелді
екені белгілі. Олай болса, педагогикалық техника бұл оқыту əдісін таңдау
мəселесімен де байланысты.
Педагогика тарихына көз жүгіртсек, бұл мəселе Я.А.Коменский,
И.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский тəрізді көрнекі педагогтардың
еңбектерінен айтарлықтай орын алған.
Я.А. Коменский оқыту əдісіне ерекше мəн берген, ол: егер білімнің шыңына
жету үшін қиындыққа тіреліп, қинала отырып жететін болса, ол адамзат үшін
қандай да бір қол жетпейтін нəрсенің болатындығынан емес, əдістің
шатасқандығынан деп көрсетеді. Сондай-ақ, ол танымдық қабілеттің ашылу
тəсілдерін сақтауды жəне оны жағдайға байланысты дұрыс қолдануды талап етті
[1].
Я.А. Коменский өзінің Ұлы дидактикасында оқыту əдісі өнерге айналуы
тиіс, оқыту алға жүру үшін жəне оның нəтижелері алдамас үшін оған қатаң
негіз беру керек деп көрсетті.
И.Г. Песталоцци оқыту əдісін таңдауда табиғаттың мəңгілік заңдылығын
ескеру қажет екенін атап көрсетеді. Ол баланың ішкі əлемін ескеру қажет деп
санайды: адамзат күші, табиғи сезім, табиғи, əрі өткір ақыл-ой кез келген
оқыту əдісінің нəтижесі ретінде мен үшін оның ішкі жетістіктерін бағалаудың
жалғыз критерийі болып табылады. Сондықтан ол: тек жалғыз əдіс жақсы, ол
табиғаттың мəңгілік заңдылықтарына толық негізделетін əдіс ретінде
дəлелдеді. Сөйтіп, И.Г. Пестолоцци адамның табиғи күшіне əсер ету қажет деп
есептейді, ол үшін арнайы жаттығуларды пайдалана отырып, жүрегіне, ақыл-
ойына, қолына əсер ету керек дейді [2].
А.Дистерверг екі негізгі оқыту əдісін ерекшелейді: хабарлаушы жəне
дамытушы. Сөйтіп, оқыту əдісіне қатысты екі ережені тұжырымдайды: Оқыту
əдісін таңдауда пəннің табиғатымен санасу қажет жəне Оқыту əдісі
мұғалімнің жеке тұлғалығымен сипатталады [3].
Осылайша, классикалық дидактикада оқыту əдістерін таңдауға байланысты
құнды-құнды ойлар жинақталған. Ал, бүгінгі ақпарат дəуірінде оқыту əдістері
қалай талданады? Қазіргі зерттеуші педагогтардың пікіріне назар аударайық.
Білім – бұл мұғалім мен оқушының субъективті-объективті əрекет
жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық үдерістің жүрісі. Адамның
тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық
үдерістен тыс іске асуы мүмкін емес.
Педагогикалық үдеріс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту
міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен
тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни
педагогикалық үдеріс– бұл арнайы мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін
қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас
үдеріс.
Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық үдеріс-əлеуметтік құбылыс.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде
ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл
оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың
маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру
жүйесінің міндеттері туралы бабында:
- жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар
әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу т.с.с. қажеттігі
атап көрсетілген [4].
Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде
ойлау қабілетін қалыптастырып сол арқылы таным әрекетін белсендіру
қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін,
креативтік әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не
істеу керек, қандай шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің
білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан педагогикалық үдерістің
әртүрлі жолдарын қарастырып, бала қызығушылығын жетілдіріп сабақтар
түрлерін әдістемелік тұрғыда тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Осындай
еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға
деген ынта, құлшыныс, талап туып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны
пайдалана отырып әртүрлі оқу тапсырмаларын шешуде шығармашылықпен еңбек
етіп өз әрекетін бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне себебін
тигізеді. Жас кезден игерілген ойдың оралымдылығы, ақылдың икемділігі
дүниенің қыр-сырын меңгеруге шексіз мүмкіндік береді. Аталған проблеманың
психологиялық жақтарын зерттеген М.А. Блох, Н.А. Лук, Л.С. Выготский, Я.А.
Пономорев, А.Н. Леонтьев, В.В.Давыдов сияқты ғалымдардың еңбектері белгілі.
Педагогикалық және әдістемелік тұрғысынан бала әрекетін белсендіру
жөніндегі мәселелерді Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, И.Я. Лернер, Л.П.Аристова,
Н.А. Половникова, М.И. Махмутов, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, В.И. Орлова
және басқа ғалымдар еңбектерінде қарастырған.
Республикамызда оқушылардың оқу-таным әрекеттерін белсендіру,
проблемалық оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерін жетілдіру жайында
зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған мына ғалымдар еңбектерін жатқызуға
болады: И. Н. Нұғыманов, А.Б.Мырзабаев, Р.Әлімқұлова, Г.К. Нұрғалиева, А.Е.
Абылқасымова, Т.С. Сабыров, Г.Е.Алимухамбетова, З. Ибрагимова, Ғ.М.
Құсайынов, А.Тамаев, А.Е.Дайрабаева және басқалар.
Мектеп практикасында қазіргі уақытта педагогикалық мақсатқа сәйкес
жаңалықтар көптеп енгізілуде. Соның бірі жаңа технологиялық сабақтар. Бұл
сабақтарды өткізу барлық мектептерде кездеседі, бірақ осы сабақтардың
биологияны оқытудағы оқу-тәрбие саласындағы орны, маңызы мен жүйесі
теориялық тұрғыда негізделіп, толық зерттелмеген. Сол себепті педагогикалық
инновациялық, педагогикалық техника принциптерін дидактикалық-әдістемелік
жағынан дұрыс ұйымдастыру, нақтылы мақсатта өткізу жүйесі жекелеген
пәндерде, оның ішінде биологияны оқытуда құрылмаған.
Әрбір оқу пәні оқушылардың еркіндігін, дербестік шығармашылық
белсенділігін арттыруға әсерін тигізуі керек. Дербестік, ой еркіндігі мен
креативтік белсенділікті біз адамның жете түсінудегі талпынысынан
туындайтын белгілі зерттеушілік және қоғамдық пайдалы маңызы бар
міндеттерді шешуге жетудегі әрекетшіліктің жоғары сапалы деңгейі деп
анықтай аламыз.
Таңдау еркіндігінің болуы, дербес әрекет белсенділігі сияқты білімгердің
еш қысымсыз ерікті оқу-танымдық қызметінің бір ерекшелігі - баланың ойлау
еркіндігінің шексіздігінде, өзін танытуға, даралануға, қиялдауға,
шығармашылық еңбекке мүмкіндігінің молдығында. Ғалымдардың пікірінше
шығармашылық ойлау жаңа пікірлер тудыруға жеткізеді. Қазіргі кезде
шығармашылық ойлау аса маңызды, себебі авторитарлық шешім мезгілі өтті,
вертикальдық ойлау, пікірлер мен міндеттер жоғарыдан берілу кезеңдері
қалды, енді әркімнің еркін ойлауын, жеке шығармашылығын қажет ететін уақыт
келді.
Осы түрғысында жаңа технологиялық сабақтарды өткізу жайында
әдістемешілер мен ұстаздардың тәжірибелерінен және журналдарда беріліп
жүр. Бірақ бұл мақалалар осы сабақтар оқушы белсенділігін арттыру,
шығармашылығын дамытуда қалай ұйымдастырылуы қажет деген сияқты
әдістемелік, жүйелік жағынан толық түсінік бере алмайды.
Өйткені, осындай педагогикалық зерттеулерде жалпы оқушы еркіндігі мен
дербестігі және белсенділігі, таным әрекетін белсендіру мәселелері тек
шығармашылықтың қалыптасатынын және бала шығармашылығының дамуының маңызды
екендігін атап өтумен шектеледі.
Ал оқыту мазмұнында сыныптан сыныпқа жоғарлаған сайын оқушы
шығармашылығының қандай қырларының, қалай дамуының педагогикалық тұрғыда
теориялық негізделуі жеткіліксіз.
Біз көтеріп отырған проблема жөнінде ғылыми материалдарға жүргізілген
теориялық талдауларымыз оқушы дербес, ерікті шығармашылығын дамытудың
жекелеген пәндер бойынша теориялық тұрғыда толық негізделмегенін, сөйтіп
бала шығармашылығын дамытудың жүйесінің анықталмағанын көрсетті.
Сондықтан педагогикалық үрдіс кезінде оқушы ерікті таңдау еркіндігін,
ашықтығын белсенді шығармашылығын дамыту қажеттілігі мен шығармашылықты
дамытудың дидактикалық, әдістемелік жолдарының жасалу деңгейінің
жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық айқын көрінеді. Аталған қарама-
қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіру осы зерттеуіміздің проблемасын
береді. Осының бәрі белсенді оқытудағы сабақтарды ерекшеліктеріне
байланысты ғылыми негіздеп, теориялық тұжырымға сүйеніп, оқушылардың
шығармашылығын дамытатын педагогикалық техника принциптерін қамтамасыз
ететін әдістемесін жасау қажеттілігін көрсетеді.
Жалпы педагогикалық техника принциптерінің оқу танымдық рөлінің
педагогикалық тұрғыда зерттелуінің жеткіліксіздігі, ұстаздар еңбегіндегі
дербестік, еркіндік пен креативтікті дамытудағы кездесетін қиындықтар
зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болып, оның көкейкестілігіне көңіл
аудартты. Сондықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты ғылыми-теориялық
тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндігін ашу қажеттігі
ғылыми зерттеуіміздің тақырыбын Педагогикалық техника принциптерінің оқу-
танымдық рөлі деп алуға себеп болды.
Осы мәселелер көбіне педагогтардың назарынан тыс, еленбей қалу осы соңғы
кезеңдерге дейін аса мән берілмеген проблема. Бұрынғы кеңес одағынан
қалыптасқан жүйе салқыны соңғы кезге дейін әсер етіп келді.
Зерттеудің нысаны. Мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Педагогикалық техника принциптерінің
оқу-танымдық рөлі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектептерде оқу-тәрбие үрдісі кезінде:
- оқу үдерісінде оқушылардың білім игеруі кезінде ойлау еркіндігін
қамтамасыз етсе, ашық ойлай алуға, өздерінің дербес ізденуіне ұстаз
тарапынан мүмкіндік туғызса, онда онда білім игеру кезінде оқушылардың
белсенділігі артып сапалы да жан-жақты білікі болуына мүмкіндік туып,
сөйтіп оқу-тәрбие мақсаттарына жетер еді.
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық техника принциптерінің оқу-тәрбие
процесіндегі рөлін дидактикалық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің мақсатына жету, ұсынылған болжамымызды тексеру үшін мынадай
міндеттер анықталды.
1. Педагогикалық техника талаптарына байланысты теориялық-әдістемелік
және психологиялық әдебиеттерді талдау, саралау.
2. Оқушылар белсенділігін арттыру, дербес білім игеруді қамтамасыз
ететін сабақтардың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
3. Педагогикалық эксперимент қою арқылы сабақ түрлерін сынақтан өткізу
және нәтижесін тұжырымдау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: Жеке тұлғаның мәні мен оның
дамуындағы шығармашылық әрекеттік, тұлғалық ізгілендірушілік қатынас туралы
қазіргі философиялық қағидалар; табиғат, қоғам, адамның өзара байланысы мен
диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсететін таным теориясы
және негізгі дидактикалық принциптер.
Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушылар белсенділігін арттырудың
дидактикалық, ғылыми-теориялық негіздерін тұжырымдау арқылы жас ұрпақтың
дербес еңбекке, креативтікке дағдысы бар адам болып шығуына ықпалын
тигізу.
Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге қатысты зерттеулерді,
әдістемеші - мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, ғылыми әдістемелік
басылымдарға теориялық талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу,
оқыту үдерісін бақылау, ұстаздармен және оқушылармен пікірлесу, эксперимент
нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: теориялық жаңалықтар
- педагогикалық техника принциптерінің мәні анықталды және педагогикалық
тұрғыдан анықтама берілді;
практикалық жаңалықтар: - биология сабақтарындағы педагогикалық
техниканың дидактикалық-әдістемелік тиімділігі дәлелденді және жасалды;
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2014–2015 жж.) орта мектептердегі биология сабақтарының
тиімділігін арттыруға арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерді жинақтау,
танысу, тұжырымдау. Эксперимент бағдарламасы мен зерттеу әдістері
сараланды.
Екінші кезеңде (2015–2016 жж.) эксперимент өткізілді. Мектептерде
дайындалған сабақтар экспериментен өткізілді, алынған қорытындылар мен
нәтижелерге талдау және өңдеу жасалып олардың тиімділігі дәлелденді.
Зерттеудің эксперименттік базасы:
Қарағанды қаласындағы № 66 қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушылары
(эксперимент сыныптарында 17, бақылауда 19) қатысты.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- Зерттеудің нәтижесі орта мектептердің биология сабақтарында ұстаздарға
пайдалануға ұсынылды.
- Биолог студентерге, болашақ биолог мамандарға биологияны оқыту
әдістемесі пәнінде сабақтарға пайдалануға әдістемелік ұсыныстар әзірленді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен зерттеу проблемасына байланысты
тақырып таңдау мен оның зерттелу дәрежесі анықталды. Зерттеудің мақсаты,
міндеттері мен ғылыми болжамы және зерттеу нысаны мен пәні, дипломдық
жұмыстың теориялық және практикалық мәнділігі, сонымен қоса автордың осы
зерттеудегі өзіндік үлесі, зерттеу кезеңдері баяндалған.
Бірінші, Оқыту технологиялары мен техниканың оқушы белсенділігін
арттырудағы ғылыми-теориялық негіздемесі атты тарауда мектеп педагогикалық
үдерісіндегі педагогикалық технологиялар маңызы талданып оқушылардың
танымдық қызығушылығы мен белсенділігі мәселереніе қатысты ғалымдар
зерттеулері мен әдістемешілер және мұғалімдердің тәжірибесіне саралау
жүргізілді.
Екінші, Педагогикалық технологиялар және техниканың теориялық қырлары
деген тарауда оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік белсенділігін
дамытудағы жаңа технологиялық оқыту тәсілдері мен жолдары қаралды. Танымдық
белсенділікті көтеру, білім игеруге деген құштарлықты дамыту мен тәрбиелеу
мәселелері негізін жаңа технологиялық сабақтар, оның ішінде педагогикалық
техника арқылы жүзеге асыру қарастырылды.
Қорытынды бөлімінде жүргізілген тәжірибелік эксперимент нәтижелері мен
қорытынды және ұсыныстар баяндалды.
1 Оқыту технологиялары мен педагогикалық техниканың оқушы белсенділігін
арттырудағы ғылыми-теориялық негіздемесі

1.1 Оқыту технологияларының оқу үдерісін белсендірудегі әдістемелік
негіздері

Оқушылардың белсенділігін дамыту педагогикада басымды бағыт болып
есептеледі. Жалпы алғанда өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі
қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың
космостық, атомдық, электрондық технологиялар заманы деп аталып жатуының
өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігі, бір сөзбен айтқанда адам
шығармашылығының жетістіктері.
Сондықтан оқушылардың оқу үдерісінде білім алу кезіндегі шығармашылық
белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп
практикасында үнемі басты проблеманың бірі. Өйткені, оқытушы әрекеті
оқушыларына сүйенбей мүмкін емес. Заман ағымымен тығыз байланыста болатын
білім беру үрдісі қай кезде әрбір адамның жалпы дамуының кең ауқымдылығын
қамтамасыз етуі шарт. Бұның негізі терең де алғыр білім және тәрбие.
Негізінен тек мұғалім түсіндіріп, оқушылар тыңдап, сұрағына жауап беріп, не
жоспар бойынша практикалық және басқа жұмыстар орындаған оқу формасына
қалыптасып алғанбыз. Сабақты осылай өткізу, әрине, баланың ойлануына көп
мүмкіндік бермейді. Ойланып отырған адамды қалай анықтаймыз десек, ол оның
дайын жауапты пассивті күтіп отырғаны емес, белгілі бір жұмысқа белсенді
(есеп, проблема шешу) әрекеті деп білеміз.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі және дербестігі оның еңбегінің
жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Сондықтан
оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру - әрбір ұстаздың негізгі
міндеттерінің бірі.
Көпшілік авторлар оқушылардың сабақтағы белсенділігін "саналылық және
белсенділік", "cаналылық, белсенділік, дербестілік", "cаналы белсенділік
және дербестік" деген сияқты сөз тіркестерімен беріп дидактиканың принципі
ретінде қарастырады [5].
Т.Шамова белсенділіктің маңызды рөлін ескере отырып оны жекеше
дидактикалық категорияға бөліп қарастырады [5]. Шын мәнінде саналылық пен
белсенділік принциптері арақатынастарын алсақ, онда мақсатты белсенділік
жете түсінбеген емес, толық ұғынған жағдайда болады, сондай-ақ
белсенділіксіз саналылық нәтижесіз болады. Оқушылар белсенділік болмаса оқу
үрдісіне толық қатыса алмайды. Ендеше белсенділік білім мақсаттарына
жетудің бір шарты.
"Белсенді әдістер" терминін қолдану белсенді емес енжарлы да әдістер бар
деп жорамалдауға тура келеді. Белсенділік (лат. Activus-әрекетшіл) - бұл
психикалық көрініс, қарқынды әрекет жасауда көрінетін адам мінезінің бір
қыры.
Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі-кез келген әрекет барысындағы
баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі.
Бастысы, әрекет кезінде ол біреудің тапсырмасын пассивті орындаушы емес,
белгіленген мақсатты шығармашылықпен іске асырушы, әрекет етуші объектісін
жаңадан жасаушы, қосымша міндеттер ұсынушы жасампаз белсенділігі [6]. Жеке
адам белсенділігі - оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі: "әрекетшілік
- тіршілік иесінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті". Адам
белсенділігі өз қажетін қанағаттандыру үрдісі кезінде көрінеді.
Жануарлардың әрекетшіл мінез - қылығы мен адам белсенділігі арасындағы
айырмашылық осыдан көрінеді. Жануарлардың мінез - қылығындағы әрекетшілік
табиғи жаратылысындағы (дене құрылымы, инстинкт жиынтығы) ерекшелігі. Олар
өздері тұтынатын объектіні алдын - ала белгілеп анықтағандай және соны
игеруге белсенді талпынысын білдіреді. Қажеттіліктерін қанағаттандыру
үрдісі сыртқы ортаға барынша толық бейімделулерін қамтамасыз етеді [6,7].
Адам белсенділігі басқаша, бұл әрекетшіліктің көзі - адам қажеттілігі.
Қажеттілік оны тәрбиелеу барысында қалыптасады. Бала белсенділігі, оның
дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен саналы бағытталған әрекет
қалпына келеді. Ғалым – психологтар Запорожец А., Жарықбаев Қ., Түрікпенов
Ж. және тағы басқалар пікірлері бойынша жалпы ағзаның анатомиялық,
психологиялық қасиеттері мен бастың қандай да болса қасиеттерінің дамуына
жүйке жүйесі мүмкіндік жасап, туа пайда болуы мүмкін, бірақ, бұл
мүмкіндіктер тек тәрбиеге байланысты іске асады.
Дүниеге адам биологиялық тірі ағза, биологиялық Homo Sapiens түрінің
өкілі ретінде келетіні белгілі. Адам кейпіне айналу үшін ол өзінің іштен
туа біткен үйренуге деген қабілетін жүзеге асыру негізінде, әлеуметтік
мәдени ортада өмір сүріп, мәдениет құрылымында басқа адамдармен қарым-
қатынас жасауы керек. Өзінің онтогенездік дамуы барысында индивид ретінде,
жеке тұлға ретінде, дара (индивидуальность) ретінде қалыптасады [8].
Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез-
қылығын бағыттайтын белсенді үдеріс - оқыту деп аталады [7,8]. Оқыту
белсенділігі жағдайлары дидактиктер - Н.А. Половникова, Л.П.Аристова
еңбектерінде түрлі-түрлі бағытта түсіндіріледі.
Таным белсенділігі анықтамасы жайлы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі
беріледі. Мысалы, Н.А. Половникова оны: "білімді жігермен меңгерудегі
талпыныс және қабілет" десе, Л.П.Аристова: "cубъектінің өзін қоршаған
құбылыстар мен заттарға деген түрлендіруші әрекетінің көрінісі", ал Р.А.
Низамов: "тұлғаның қарқынды таным әрекетін бейнелейтін ерік жағдайы", Г. И.
Щукина: "оқушының өмірлік күшінің ықпалдылығы", Т.И. Шамова: "таным
мақсатына жету үшін адамгершілік - ырықтық күшін шоғырландыруға деген
талпынысы, тәрбиеленушінің тұлғалық көрінісі байқалатын әрекет сапасы" -
деп тұжырымдайды [5,9,10].
Дидактиктер И.Я.Лернер, В.В.Краевскийлер жетпісінші жылдары оқушылардың
шығармашылық әрекетіне көңіл бөлінбегенін, оған себеп әдістер
концепциясында бағыттау болмағандығынан деп көрсетеді [11]. Зерттеушілік
әдіс және проблемалық оқытудың басқа да әдістері алғаш кеңес педагогикасы
номенклатурасында жоқ болып, тек әңгіме әдісі басым болғанын айтады. Осы
кезеңдерде тіпті Кеңес Одағының Үлкен Энциклопедиясында "Оқыту - ББД - ның
берілуі мен меңгеру үрдісі" деп берілген.
Ю.К. Бабанскийдің зерттеуінде интеллектуальды даму компоненттері оқудың
жемістілігіне әсер ету дәрежесіне байланысты былай орналастырылады:
"Ойлаудың дербестігі, негізгіні анықтау, ойлаудың ұтымдылығы, ойлаудың
икемділігі, ойлаудың логикалылығы, салыстыру, ойлаудың сыншылдығы, синтез,
қорыту, талдау, бақылағыштық, ойлау қарқыны, ес, назар, ықылас"[12].
Білім берудің авторитарлы-императивтік тәсілінде жекелеген оқушының
өзіндік даралық қасиетін ескермей, оқыту-тәрбиелеу барысында үлкеннің
мақсаты мен еркіне бұлжытпай бағындыратын әдіс. Бұл мұғалімнің субъект, ал
оқушының объекті екенін көрсетеді. Себебі, бұл кезде мұғалім өзінің
басқарушылық позициясын ашық түрде, ырықсыз көнетін тәрбиеленушісіне
жүргізеді. Осы жолға мұғалім басқаша ұйымдастыра, жүргізе білмегендіктен
еріксіз түседі, өйткені авторитарлы модель осындай жағдайға итермелейді.
Манипулятивті педагогикада да мұғалім субъект, оқушы әсер етуші объект
ретінде болады.
Қуаттау педагогикасының парадигмасы шеңберінде де білім беру мақсатының
қойылуы осыған ұқсас. Онда, біріншіден, баламен қарым-қатынас еш тәрбие
және оқыту мақсатында емес, бірін-бірі қабылдау, сыйлау, сену, байланыс
құру. Екіншіден, сол кезеңдегі бала бойындағы бар қасиеттер - қабілеті,
түсінігі, қажеттігі, ішкі дүниесін түсіну негізінде. Сонан соң ғана, келесі
қадам - балаға өзін - өзі түсінуге, өз әлеуетін сезінуге, даму мақсатын
анықтауға қадам жасауға жәрдемдесу [13].
Орыс физиологтары адам өмірінің негізі - үздіксіз өзін - өзі жетілдіруге
негізделген, ол адамның доминантты қылығынан болады деген философиялық
концепцияны берген. Адам әрекетіндегі ішкі психикалық әлемнің рөлі жайлы
бұл болжам бойынша шешім қабылдауда мидың әрекеті таңдау еркіндігі мен
субъектінің ықтияр бостандығына сүйенеді. Ендеше, тұлғаның өзін-өзі
жетілдіруі шыңдауы - ішкі болмыспен және психикалық үрдістермен жүзеге
асады. [9,50]
Қазіргі ғылымның деректері бойынша адамның өсуі мен дамуын гендік
деңгейдегі биологиялық бағдарлама басқарады, осыған қосымша оған орта әсер
етеді де, тұлғаны әлеуметтендіреді. Қортындысында, педагогика үшін басты
дерек, ол адам тек қана биологиялық тұқым қуалау және орта әсерінен ғана
дамымайды, ол өзінің қажеттігі, құлқы, өмірдегі тәжірибесі әсерінен де
дамиды. "Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіндегі доминанта мектебі" мектептер
ұжымдарымен ынтымақтастықта туған авторлық модель.[14]. Бұл А.А.Ухтомский
еңбегінің негізінде туындаған. Осы педагогикалық технология "өзін-өзі
дамытушы оқу" деп аталады. Доминанта - орталық жүйке жүйесінде уақытша
басым болатын қозу ошағы, ол адамның қылығы мен психикалық үрдістеріне
белгілі белсенділік және бағыттылық береді.
Адам әрекеті - бір-бірін үздіксіз ауыстырып отыратын доминанттар
тізбегі. Олай болса, доминанттар өзін-өзі басқару мен дамытудың басты
механизмдері. Бұл А.С. Макаренкодағы жақын, орта, алыс перспективалар
сияқты.
"Эстетикалық - проектілік" білім берудегі енді қалыптастыратын
парадигма. Бұл келешекте басым болатын парадигма болуы мүмкін [51]. Бұл
жерде проектілік нысаналық - қазіргі өркениеттік дамудағы маңызды болып
отырған мәдениеттің онтологиялық қасиеті. Осы парадигманың екі қыры бар.
Бірінші, білім беруді тұтастық пен үйлесімділік негізінде ұйымдастыру.
Екінші, білім беру үрдісін эстетикалық шығармашылыққа айналдырудың тарихи
тенденциясы. Жаңа парадигма білім берудің құрылымы мен мазмұнын ғана емес
оның әдістерін, ақпараттық және педагогикалық технологиялары мәселелерін
қозғайды.
Оқыту мен тәрбиелеудің жиырма бірінші ғасырдағы жаңа жүйесін, білім
берудің жаңа парадигмасын Қ.М. Арынғазин ұсынған [15]. Білім, білік, дағды
(Б.Б.Д.) қалыптастыратын ақпаратты педагогикаға қарағанда жаңа бағыт
оқушыларға білімінің шектеулі екенін дәлелдеп, оларға өз мүмкіндіктері
шегінен шығу жолдарын үйретіп, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды
қамтамасыз етеді, сөйтіп ішкі шығармашылық мотивациясын тудырып ББД - ның
қалыптасуын соңғы мақсат емес, алғашқы этап тұрғысында қояды.

Оқыту. Тәрбиелеу. Қалыптастыру
1. Б.Б.Д. + қатынас-ерекше –қатынас = ғылыми
көзқарастар
жүйесі ҒКЖ
2. Ғылыми + сезімталдық -
көзқарастар жоғары сезімталдық = көз жеткізу, сенім
жүйесі.
3. Көз жеткізу, + практика, шығармашылық = жеке тұлғаның кәсіби
сенім әрекет, даму. әлем бейнесін КӘБ
қалыптастыру. Осы
арқылы қоғамдық-
әлеуметтік қызметке
даярлау.

Бұл сызбанұсқаның оң жақ бөлігі педагогикалық үдеріс кезеңдерінің
қорытындысы. Мысалы, ББД -ға қатынас - ерекше қатынас тәрбиеленбейінше, ол
ғылыми көзқарастар жүйесін (философиялық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік,
эстетикалық, ғылыми, діни) нәтижелі қалыптастыра алмайды. Сол сияқты сана,
сезімталдық - жоғары сезімталдық қосылмайынша ғылыми көзқарастар жүйесі
жеке тұлғаның саналы түрде меңгеруіне қажеттікке (сеніміне) айнала алмайды.
Сендіру, көзін жеткізу - практикамен, шығармашылық әрекетпен күшейтілмесе,
жеке тұлғаның кәсіби әлем бейнесі, диалектикалық көзқарасы қалыптаспайды.
Қатынас - оқушы - ұстаз, оқушы - таным объектісі өз ара байланысы,
әрекеттестік.
Ерекше қатынас - адамда болатын өзінің қажеттілігі, алға тартар құлқы,
ол - ББД -дан шығады .
Сезімталдық - оқушының бойындағы осы сыныпқа дейінгі алып келген білімі.
Мысалы, алтыншы сыныпқа оқушы бесінші сыныптағы табиғаттану пәнінен игерген
білімімен келеді т.с.с.
Жоғары сезімталық - бала әрі қарай бірдеңе білгісі келеді. Ол
-қызығушылығы, талпынысы [15].
Қатынас - ерекше қатынас және сезімталдық - жоғары сезімталдық, осы
парадигмада симбиоздық формадағы жаңа ұғым.
Автордың пікірінше, бұл сызбанұсқа - білім беру жүйесінің диалектикасы,
жеке тұлға қажеттілігін қамтамасыз ететін және педагогикалық логика
талаптарына сай ұтымды, пәрменді оқыту формасы. Бұл, қазіргі кезеңде, оқыту
мен тәрбиелеудің күшейтілген, өзін - өзі ұйымдастырушы жүйесі. Ерекшелігі -
жеке тұлғаның интериоризациясы сыртқы әлеуметтік құрылым әсерінен адам
психикасының ішкі құрылымының қалыптасуы, рефлексиясы адамның, өз
санасында болып жатқандарды салмақтауы және рецепциясы жүйке
орталықтарына тиісті тітіркендіргіштердің әсерін жеткізуші сыртқы дүниенің
энергиясын жүйке үрдісіндегі таралатын қозуға айналдыру мүмкіндіктеріне
негізделеді. Бұл оқыту жүйесі сыныптық - сабақ формасын жоққа шығармайды,
оған қосымша, кеңейтіп ширатады.
Таным әрекетін белсендіру - бағытталған педагогтық іс-әрекет. Мұнда
мұғалім оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға жан-жақты әсер ету қажет.
Ол балалардың талпынысын, жігерін туғызып, оқуға жағымды қарым-қатынас
қалыптастыру сияқты белсендіру құралы [5].
Оқушының оқу ісіндегі белсенділігі мәселелерін зерттеуге бағытталған
ғылыми еңбектер ішінен М.А.Данилов, Н.И.Болдырев, Р.Г.Лемберг,
Л.Клингбергтерді атауға болады. Танымдық әрекетшілдік ұғымының мазмұны
жөніндегі мәселелерді әр қырынан қарастыра отырып, таным белсенділігі үшін
жеке тұлғаның ішкі дайындығының біртұтастығы керектігіне мән береді.
Белсенді оқыту теориясы мен практикасының дамуына әсері жөнінен бұл
еңбектер маңызды болды.
Мысалы Р.Г.Лемберг мектептің әдістемелік жұмысында бәріне бірдей сабақ
құрылымының сызбанұсқасы болуы мүмкін еместігін атап көрсетеді. Осы
зерттеуде Қазақстан мектептері жұмысы негізінде оқушының әртүрлі танымдық
әрекеттер арқылы білім игеру бағытымен жүретінін және бұл үшін мұғалім
бағыттаушы, жетекші болады деп түсіндіреді. Мұғалімнің ауызша баяндау
әдісінің өзінде тыңдаушыда ойлау жұмысы жүреді, ал тәжірибелі ұстаз осы
кездің өзінде оқушылардың ой әрекетіне қозғау салады [16].
Л. Клингберг оқытуда баланың дербес әрекетін дамытуға баса көңіл бөледі
[17]. Мұғалімнің жетекші рөлі оқу бағдарламасында көрсетілген оқыту
мазмұнын меңгеруге бағытталған оқушылардың дербес әрекеттері арқылы жүзеге
асырылуы тиіс. Ұстаздың міндеті: оқушы әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және
өзі делдал ретінде көмектесіп осы әрекетті бағыттау. Сөйтіп балаларды оқи
білуге үйрету арқылы бірте-бірте саналы және дербес түрде білім, білік
игеруге қалыптастыру. Ұстаз шеберлігінің мәні - оқушы оқу материалы
"алдынан шығуы" кезінде және оқу материалы оқушы "алдынан шығуы" кезіндегі
және оқушымен оқу мазмұны арасындағы жемісті таныстық мезгілінде оңтайлы
делдал болуында.
Оқыту әрі өзі үйрену, әрбір сабақ-ұстаз үшін де таным үрдісі. Себебі,
мұғалім алдында оқыту үрдісі кезінде сол пәннің әр қыры ашыла түседі -
сабақты құру, әдістермен қарулану, әрбір баланың, сынып ұжымының жаңа
сырлары ашылады. Ұстаз үшін оқыту - үнемі диагностикалық үрдіс, ол өз
оқушыларының субъективтік әлеміне және олардың оқуының объективтік
заңдылықтарына бірте - бірте терең ұғыну үрдісі.
Оқушылар әрекеті де тек оқумен шектелмейді. Әрбір оқушы шын мәнінде
оқытушы да. Кез келген сыныпта оқудың, оқудан тыс жұмыстың "мамандары"
болады, ал олар өз жолдастарына және мұғалімге әйтеуір бір жаңалық ұсына
алады.
М.А.Данилов, Н.И.Болдырев еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызын
оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып, талдау жасау арқылы өз беттерімен
ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды. [18]. Ол үшін қойылған
міндеттерді шешу жолдары дайын күйінде берілмей, оқушылар арқылы іздеп
табылуы керектігі анықталған. Ақыл - ой ынтасы, қиындықты жеңу - балалардың
ойлауын дамытады, оқуға қызығушылықтарын көтеріп, жағымды эмоциялық күй
тудырады. Мұғалім неғұрлым оқушыларды өзі оқытып, оларға дербес білім
игеруге, ойлануға, әрекет етуге аз мүмкіндік жасаса, соғұрлым оқыту үрдісі
жеміссіз, нәтижесі төмен болады. Ал түсіндірумен қатар таным әрекетінің
қарқынды басқа да түрлері жүретін болса, білімді игеру мен ақыл-ойдың дамуы
пәрменді болады.
Таным белсенділігі дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, санасына,
еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер әзірге жоқ
болса, оны қалыптастыру мұғалімнің кәсіби міндеті. Оқушының белсенділік
дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс, тәсілдеріне
қайтарған жауабы тәрізді [12].
Сондықтан оқытудың белсенді әдістері дегеніміз оқушының таным
белсенділігі дәрежесін барынша көтеретін, талпына оқуға жетелейтін әдістер.
Осы әдістермен жүргізілген сабақтар кезінде сынып оқушылары түгел қарқынды,
қызығушылық және ерікпен ойлана отырып тыңдайды, бақылайды, оқиды, еңбек
етеді [11, 14]. Мысалы, үй тапсырмасын тексерумен басталатын сабақта 5-7
мин. көлемінде оқушылар оқулықтан және дәптердегі жазғандарын қарап, үй
тапсырмасы бойынша бес сұрақ дайындайды. Сабақты бұлай бастаудың тиімділігі
сол, төмен үлгерімдегі оқушылар өтілген материалды тағы бір қайталап, қарап
психологиялық тұрғыда комфортты жағдайда болады. Мұғалім әрбір қатардан
өзіне ассистент даярлап, олар өз қатарлары оқушыларын тізіп, олардың
жауаптарын “қосу” және “алу” белгілерімен белгілеп отырады. Тақтаға шыққан
алғашқы оқушыға ассистенттер бір-бірден сұрақтар қояды, басқа оқушылар
жауапты толықтырады.
Осыдан соң екінші оқушы дәптерін ала шығады да өзі құрған сұрақтарын
қояды. Мұғалім рөліндегі ол жауаптардың дұрыстығын бағалайды. Енді сынып
оқушылары “жас мұғалімнің” құрған сұрақтарының сапасын бағалап, сұрау
кезіндегі жағымды, жағымсыз қылықтарын сынап жалпы дауыспен оған журналға
баға қояды. Келесі кезекте бір оқушы шығып өзіне кезекпен-кезек қойылған 5
сұраққа жауап береді, тиісті бағасын алады. Жақсы қойылған сұрақ авторлары
бағаланады. Осы әдістер балалардың таным әрекеттеріне, ойлау қабілеттеріне
тиімді әсер етеді. Сынып оқушылары түгелге дерлік сабаққа тартылады.
Өмір көрсеткендей, адамның ойға шомуы бір мәселені, жағдайды шешу үшін
туындайды. Ойланудың өзі тарихи тегіне қарасақ өмір, тіршілік алдыға
тартқан әртүрлі кезеңдерде шешімін табатын жағдай әсерінен шығу әрекеті
кезінде туады. Адамның ойлануы “проблемалық жағдаят”, бірдеңені “түсіну
қажеттілігінен” [18] болады.
Оқу үрдісі кезінде проблемалық жағдай туғызу пәрменді оқу еңбегін
ұйымдастыруда оқушылардың таным белсенділігін арттыруда тиімді. Проблемалық
сұрақтар ойластыру кезінде оқушылардың білім негізі, ойлау дәрежесі,
салыстыру, талдау, қорытындылау қабілеттері ескерілуі тиіс. Осыған қосымша
оларды ізденуге әрқайсысын жекелей жұмылдыруға, шығармашылық жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін бағыттаушы сұрақтар белгіленуі керек [12, 13].
Оқушылар әрекетінің белсенділігі мен қарқындылығына жеткізетін
проблемалық оқытудың негізін В.Оконь проблемалық сабақтардан көреді.
Баланың оқу еңбегінде дайындығы, үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды
онымен байланыстырудан барып проблемалық жағдаят туғызу және оқушылардың
осыдан басты мәселе қалыптастыруы сияқты сабақ бөліктерін көрсетеді. Осы
кезеңдерде белгілі жұмыс жоспарын құру және оны жүзеге асыру үрдісінде шешу
жолдарын қалыптастыруға машықтанып, игерген білімді жаңа жағдайда сабақта
не үй тапсырмасын орындауда қолдануға дағдыланады [19].
Ғалым Қараев Ж.А. докторлық диссертациясында таным белсенділігінің
негізгі көзі - танымдық қызығушылықты қалыптастырудың, тәрбиелеудің бір
қыры теориялық ойлау және рефлексияны адамның өз санасында болып
жатқандарды салмақтауы дамыту деп көрсетеді [20].
Әр кезеңде белсенділік жағдайын зерттеген ғалымдар оған жан-жақты
анықтамалар берген (1-кесте). Осында көрсетілгендей белсенділік немесе
әрекетшілік бала жанының білуге, үйренуге талпынысының жинақы көрінісі.
Психологтар оқушының таным белсенділігін - "Туа пайда болған немесе
үнемі тұрақты емес динамикалық тұрғыда дамитын, прогрессивті және
регрессивті түрде мектептің, отбасының, жолдастарының, еңбектің және басқа
әлеуметтік факторлардың әсерлерінен өзгеріп отыратын қасиет" - деп
түсіндіреді. Әрекетшіліктің дәрежесіне мұғалімнің оқушымен қарым-қатынас
стилі, оқушының үлгерімі мен қөңіл-күйі әсер етеді [7] (оқудағы табыс,
жағымды эмоция танымдық белсенділікті көтереді).
Сол себептерден де бір оқушының әртүрлі сабақтардағы танымдық
әрекетшілігі, сабаққа деген ынтасы мұғалім неге және қалай оқытады, сыныпты
қалай белсендіре алады? – деген сияқты мәселелерге байланысты қатты
өзгерісте болады.
В. Бертон еңбегінде өзіндік жұмыстың маңызы қарастырылады. Ол жұмыстар
бұрынғы игерілген білімді еске түсіруді қажет ететіндей болуы керек,
сондықтан түсінікті, нақтылы болмаса нәтижесіз болады. Әңгімелесу әдісі
ашатын әдіс - В. Бертон белсенді ойлауды талап етеді, соның негізінде
тапсырма мазмұнын анықтау қызу жүреді [21].
Өздік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда таратпа дидактикалық материалдар
арқылы жұмыс жасату кең таралғаны белгілі.

1 кесте
Белсенділік анықтамалары

№ Белсенділік жайын Белсенділік жағдайларына берілген пікірлер
зерттеген ғалымдар
1. Лозовая В.И. Белсенділік - өз бетінше әрекет етуге дайын
болушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойған
мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау
негіз беретін жеке тұлғаның сипаты.
2. Шамова Т.И. А) Оқытуды белсендіру таным әрекетіндегі баланың
белсенділігін ынталандыру үрдісі және соның
нәтижесі.
Б) Оқыту мен тәрбиелеуде нақты мақсатқа жету үшін
оқушының интеллектуалдық, адамгершілік -
еріктілік және дене күштерін мұғалімнің арнайы
құралдарымен шоғырландыруы белсендіру дейміз.
3. Щукина Г.И. Бұл, оқыту мен оқудың енжарлы және стереотипті
формаларын жеңудегі мақсатты жүзеге асыруға
өздігінен талаптынуды күшейтуге бағытталған
мұғалім мен оқушының біріккен әрекеті.
4. Аристова Л.П. Субъектінің өзін қоршаған құбылыстар мен заттарға
деген түрлендіруші әрекетінің көрінісі.
5. Низамов Р.А. Белсенділік дегеніміз Белсенділік дегеніміз
тұлғаның қарқынды танымллллллллл әрекеті
таным әрекетін бейнелейтін ерік жағдайы.
6. Половникова Н.А. Білімді жігермен меңгерудегі талпыныс және
қабілет.
7. Энгельс Ф. Әрекетшілік-тіршілік иесінің бәріне тән әз
бетімен жауап қайтару қабілеті болып табылады.
8. Орлова В.И. Белсенділік – оқушылардың оқу – тану әрекетіне
көрсететін қатынасы, ол қатынас берілген уақытта
қойылған мақсатқа ұмтылыс жасаумен сипатталады.
9. Қараев Ж.А. Оқушылар белсенділігі – олардың өздерінің өз
әрекеттерін белсендіру үрдісі ,сол себептен оны
оқу ісінің мақсатына жетудегі шарт қана емес,
құрал ретінде санау керек.

Осы кезде баланың барлық ой-жүйесі алдындағы карточкаға ауып, өз алдына
жұмыс жасайды. Ондағы салынған суретті қарап, жазылған сұрағына жауап беру
кезінде ол бір мезет ой мен істің ұштасқан еркіндігіне ие болады.
Оқулықтағы осыған байланысты суреттер мен тұжырымдарды ойша саралайды. Бұл
жұмыстардың тиімді болуы ұстаз жасап алып келген карточкалардың сапасына
байланысты. Егер бұл карточкалар оқушыларды шығармашыл еңбекке тартатындай
тұрғыда жасалса, балалардың ойларының, қиялдарының дамуына түрткі болады.
Сабақта ең жоғары пәрменділікке өзіндік жұмыс түрлері арқылы, оқу жұмысының
топтасқан, жекелеген түрлері арқылы қол жетеді.
Мектеп дамуында жалпы өздік жұмыс жайлы проблема - көне заман ғалымдары
Архит, Аристокен, Сократ, Платон, Аристотельдердің шығармаларында талданып,
маңызы жан-жақты негізделген. Адам ойлауының дамуы тек өзіндік әрекет
арқылы, ал тұлғаның жетілуі мен қабілетінің дамуы өзін-өзі тану жолымен
іске асады (Сократ). Өзіндік әрекет жаңа білім игеруде балалар енжарлығын
жойып, қанағаттану, қуаныш тудырады. Педагогика теоретиктерінің Франсуа
Рабле, Томас Мор, Томазо Компанелла пайымдауларында да осы жөнінде айтылса,
Я.А.Коменский, И.Г. Песталлоцции т.б. еңбектерінде ол әрі қарай
тереңдетіліп, теориялық талданып дамытылды. Сол себепті белсенділік пен
өзіндік оқу дидактиканың негізгі бір принципіне айналды [1, 120 б; 2, 218
б].
К.Д.Ушинский өздік жұмыс орындауды барлық жемісті оқудың мықты негізі
деп санайды [23]. Өздік жұмыстың негізін салып, оның әдіс-тәсілдерін
төменгі және ортаңғы сыныптарда шыңдаған дұрыс. Жоғары сыныптарда, биология
сабақтары сирек берілгенде, оқушы өз білімін толықтырып тереңдете алады.
Өздік жұмыстардың маңызы - жүріп көрмеген нәрестеге өзің жүріп үйреткенше,
оның өзі талпынып жүргені дұрыстығындай. Себебі өмірде адамға қажет білім
көлемі ұлғайып келеді, ендеше, белгілі бір алған деректер, ұғымдар жиынтығы
жеткіліксіз. Сондықтан тек өз бетімен жаңа білім игере алу қабілеті ғана
жаңа ғылыми ақпараттар, дәлелдер көбейген шақта жетістікке жеткізеді.
Педагог ғалым Пидкасистый П.И. өзіндік жұмыс жайлы зерттеулерінде оны;
әрбір нақты жағдайдағы дидактикалық мақсат пен міндетке сай келетін оқыту
құралы, себебі белгілі бір таным есебін шығару кезінде ойлау әрекетінің
төменгі деңгейінен жоғарысына жылжуды қамтамасыз етеді, өз бетімен білім
қорын толтыруға психологиялық нұсқау тудырады, таным әрекеті әдістерін
игеруде өзін-өзі ұстай, басқара білуге негізгі жағдай болатынын айқындап,
өздік жұмыс оқушылардың таным қызығушылығын арттырады, білім игеру кезінде
бұрын игерген әрекеттер жүйесіне еркін сүйеніп, оқу үрдісі көлемінде
дәстүрлі емес тапсырмаларды шешу үшін қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізе
алатын, өз ойларын айқын жеткізе алатын дәрежеге жетеді, - деп
тұжырымдаған.
Білім сапасы маңызды мәселе болғандықтан, оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастыратын мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына, шығармашылығына,
талабына және жаңашыл идеяларына байланысты. Оқыту түрлерін, оның ішінде
әрбір нақты жағдайларға байланысты тиімді жолдарын жетілдіру жетекші рөл
атқарады. Оқушылардың сұранысы мен бейімін, талабын дамыту бағытталған
жалпысыныптық, топтық жұмыстарын тиімді ұйымдастырумен байланысты.
Жалпысыныптық жұмыс әртүрлі мақсатта: жаңа материалды зерделеуде,
сабақты бекіту мен білім тексеруде қолданылады, бұл - мұғалім мен барлық
сынып оқушыларының біріккен іс-әрекетімен сипатталады, сондықтан жұмыс
нәтижесі әрбір оқушының қатысу дәрежесіне байланысты. Білім беру - сыныптың
ұжымдық әрекеті кезінде әрбір оқушыға жекелеген қарым-қатынас негізінде
құрылады. Әр балаға жекелей қарау білімді меңгерудің әрбір тұлғада жеке
жүретіндігінен туындайды, сондықтан оқушының мүмкіндігі ескерілуі тиіс.
“Жалпысыныптық оқу жұмысын ұйымдастырудың әлсіз жағы, оның орта үлгерімдегі
балаға негізделмеуінен, сондықтан тапсырма мықты оқушылар үшін төменгі
дәрежеде қиындықта болса, үлгерімі төмен оқушылар үшін - қиын болады”
[21,83 б].
Топтық жұмыс кезінде әрбір баламен жекелей қарым-қатынас жасап, терең
білім игеруіне жағдай туады. Топпен тапсырма орындау кезінде шығармашылық
қабілет дамыту, берілген проблемаға ынта туғызу, бақылау жеңіл болады.
Құрылған топта гетерогендік сипат болуға тиіс, мықты оқушыларға орта, төмен
үлгерімді балалар тартылып үлгерім біркелкі болады. (Топ құру кезінде
оқушылардың еркі мен жекелеген тілектер ескерілуі тиіс). Осы кезде мықты
оқушыларға қосымша тапсырма беріп, нашар үлгерушілерге бақылау жасау
күшейеді. Оқу сапасы артады. Топты қандай балалардан құру, қандай мақсатта
қандай тапсырмалар беру, т.б. жағдайлар мұғалімнің шешіміне байланысты.
Сабақ пәрменділігін арттыруда басты мәселенің бірі - оның идеялық
деңгейінің: ғылымилылық, теория мен практиканың байланысы, іс-әрекеттің
қарқыны жоғары болып, өз бетімен ойланып, білім алуға қажеттілік тудыру.
Блокты - модульді оқыту әдістерімен оқытқанда осындай жетістіктерге жетуге
болады. Себебі ол кезде мұғалім құрып әкелген модульдер (өтілетін тақырып
бойынша) әрбір оқушыға таратылып беріледі, ал онда өзбетімен ойланып жұмыс
істеуге толық мүмкіндік тудыратын тапсырмалар болады.
Оқу - тәрбие жұмысының сапасын арттыруда басқа міндеттермен қатар
кітаппен жұмыс жасай алуға үйрету де маңызды. Бұл оқушылардың тақырыптан
басты мәселені табу, сұрақтарға жауаптар табу, сызбанұсқалар мен суреттер
арқылы білімді бекіту, қорытынды жасау, терминдерге түсініктеме беру сияқты
жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене беретін тапсырмалар. Оқулықпен
жүргізілетін өздік жұмыстың бір қиын жері - оқушылардың тақырыпты оқу
кезіндегі көп жағдайда оқу қарқынының баяулығында. Көпшілік жағдайда
мұғалім оқушылардан мәтінді өңдеу, өзгертуді уақыт тапшылығына байланысты
талап ете алмайды [19].
Мектеп реформасы оқыту үрдісін жетілдірудің негізгі тәсілдерінде
оқытудың белсенді әдістерін, белсенді формаларын енгізу талаптарын қойғаны
белгілі. Ғалымдар оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізіндегі зерттеу
жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бұл зерттеулерде сабақ кезінде оқушылардың
әрекетшілігі мен өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін дамыту теориялары
негізделді. Белсенді әдістер арқылы жүзеге асатын белсенді оқыту - оқу
әрекетімен білім игеруге танымдық қызығушылық қалыптастыруға жағдай
тудырады.
Т.И. Шамова оқушылар оқуындағы белсенділікке жету үшін дидактикалық
шарттар қажет деп бөледі. Себебі оқуды белсендіру жолдары бала
белсенділігін қажетті дәрежеде арттыра алмайды. Бұл шарттар: балаларда
алдын-ала оқу - таным әрекетіне нақтылы қажеттілік қалыптастыру; ұсынылатын
тапсырмалар оқушы мүмкіндіктеріне сай болуы; әрекеттің нақты мақсатының
анықталуы және оның жүрісінің бақылануы. Ғалымның пікірінше, белсендіру
жағдайлары мұғалім мен оқушы әрекеттерінің байланысын қамтамасыз етеді.
Оқыту әдістерінің мүмкіндіктері талданып репродуктивтік әрекеттер мен
шығармашылық элементтерінің бірлігін табу - ұстаз еңбегінің басты міндеті
деп түйінделеді [5,142 б].
Я. Коменский, К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсариндер бала жаратылысының
қайталанбас ерекшеліктерін, қабілеттерін толық оятуға негізделген мектеп
ашуға тырысқан ұлы педагогтар. Ы. Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де
ерекше мән берді. Өзінің А.А. Мазохин, Ф.Д. Соколов, Ғ. Балғымбаев т.б.
мұғалімдерге жазған хаттарында оқуды өмірмен байланыстыру, оқыту әдістерін
жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді. Ол шәкірттердің білімді жай
жаттап алып, үстірт меңгермей миға тоқып, санасынан өткізуін талап етті,
оқушылардың қызығу белсенділігін арттыра берудің ерекше маңыз алатындығын
ескертті [24].
Танымдық қызығушылық - ол адамға тән іштен туа пайда болатын танымдық
қажеттілікке негізделген ауқымды ішкі мотив. Оқушыларда қызығушылықтың
болмауы - оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты кемшіліктер
көрсеткіші [25]. Қызығушылықтың проблемасы - бұл балалардың сабақ үстіндегі
жақсы эмоциональдық жағдайы жайлы ғана емес; оқушылардың жинақталған білімі
келешекте өздеріне қажетсіз жүк болады ма, әлде белсенді игілігіне айнала
ма? Көптеген зерттеулердің дәлелдемелері бойынша қызығушылық ықылас пен
ерікті ынталандырып тез және берік есте сақтауға көмектеседі. Белгілі
психологтар А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, С.Л. Рубинштейн, Л.С.Выготскии [25-
28] және белгілі педагогтар П.И. Пидкасистый, Т.И.Шамова, М.Н.Скаткин,
Г.И.Щукина [5,29,30,31] еңбектерінде оқытудың танымдық іс-әрекеті
теориясының негізгі қағидалары берілген.
Қызығушылық-оқыту, ақыл-ойды жетілдіру және адам тәрбиесінде
байланыстырушы буын болып есептеледі. Қызығушылықтың арқасында білім де,
оны игеру үрдісі де интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған
адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский “еріксіз
көндірумен, күштеумен алған ілім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен” – деген
[23]. Ендеше, оқыту негізі - ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Олай
болса, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны
дұрыс.
Олар:
- оқушының өзбетімен ізденуге жаңа білім “ашуға”, проблемалық
тапсырмалар шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты
әрсалалы болуы керек;
- біртекті ақпарат, бірізді әрекеттер тәсілі жалықтырады. Жаңа материал
қиын, бірақ шама жететін болуы;
- әріқарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білім жиі тексеріліп
отырылуы;
- оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоциональды болуы оқушыға,
оның пәнге деген қатынасына жақсы әсер етеді. Осы аталған жағдайларға дұрыс
ұйымдастырылған белсенді әдістер мен тәсілдер, оның ішінде ойын түрінде
өтілетін сабақтар да келеді. Ойын сабақтары жөнінде келесі бөлімде
айтылады.
Р.Г. Мангушев өз тәжірибесінде жаңа сабақты оқыту кезінде проблемалық
сұрақтарды үйлесімді пайдаланады [32]. Оқу материалын оқытудың бірнеше
варианттары осындай сұрақтармен жүргізіледі. Жаңа материалды баяндау
барысында басты ойды айқындап, биологиялық заңдылықтар негізін ашып, оны
мысалдармен негіздейді. Керісінше проблемалық сұрақтармен алған
ақпараттарын саналы практикалық ізденісте қолдануларын талап етеді. Мысалы:
”Табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделу” тақырыбын өткенде “неге
жылыжайларда қыс мезгілінде көкөніс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі инновациялар
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру
Білім беруді жетілдіру талаптары
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
Ғылыми педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістемесі мен әдіснамасы пәні бойынша дәрістер
Бастауыш білім беру жүйесінде оқытудың ғылымилық және сабақтастық принциптерін қолдану әдістемесін жетілдіру
Оқыту процесінің мәні
Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары
Пәндер