Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы



Шығыс Қазақстан облысының территориясының шығысын және оңтүстік-батыс бөлігін биіктік белдеу алып жатыр. Бұл өлкенің топырағы, өсімдік жамылғысын, өсімдіктер дүниесінің таралуында өзіндік ерекшеліктері бар. Биіктік зонасының топырақ - өсімдік құрамы мен көлемі, оның биіктігіне байланысты.
Облыс территориясында биіктік белдеудің бір бөлігі болып саналатын Шыңғыстау өңірі, өсімдік әлемінде өзіндік ерекшелігі бар таулы аймақтардың бірі. Соған қарамастан, бұл өңірде флоралық зерттеулер жүргізілмеген, Шыңғыстау флорасы туралы ғылыми дереткер өте аз, оның флоралық кадастры құрылмаған.
Шыңғыстау өңірінде ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргізілмеуінің ең негізгі себебі, ШҚО-ның Абай әкімшілік ауданының территориясында Семей ядролық полигонының орналасуы. Бұл ауданда алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылы жүзеге асырылып, 1989 жылға дейін 343 жер асты ядролық сынақ өткізілді.
Шыңғыстау аймағындағы радиоактивті доза деңгейі 60 мb кикрорентген (сағатына 150 мкр/сағ) дейін жеткен. Осындай экологиялық қауіпті жағдай Шыңғыстау аймағында биологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын, оның ішінде флоралық зерттеулерді жүргізуге үлкен кедергі жасады.
1991 жылы ядролық полигонның жабылуына байланысты бұл аймақта 2000 жылдан бастап әр түрлі ғылыми бағыттарда зерттеулер басталды. Осының негізінде 2005-2011 жылдар аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жалпы биология кафедрасы Шыңғыстау аймағында ботаникалық тұрғыда экспедициялар ұйымдастырып, флоралық зерттеу жұмыстарын жүргізіді. Абай ауданының бірнеше мектептері, оның ішінде Абай атындағы мектеп лицей оқушылары көктем және жаз айларында экспедиция құрамында болып, флоралық зерттеулер жүргізді. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс Хан Шыңғыс тауында жүргізілген ботаникалық зерттеулердің бір бөлігі болып саналады. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты Шыңғыстау аймағының биік тауы болып саналатын, әрі тарихи маңыздылығы бар Ханшыңғыс тауында, әртүрлі экотоптарда гүлді өсімдік түрлерін, олардың таралуын зерттеу. Осы мақсаттың негізінде, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауда мынындай міндеттер қойылды:
1.Хан Шыңғыс тауында, оның сай-саласында кездесетін гүлді өсімдік түрлерін жинап, анықтау, оларға систематикалық сипаттама беру. Хан Шыңғыс флорасындағы гүлді өсімдіктердің кадастрын құру;
2.Хан Шыңғыс өңіріндегі биотоптарды, оның ішіндегі биіктік белдеуге тән өсімдік бірлестіктерін анықтап, олардың флоралық құрамына сипаттама беру;
3.Хан Шыңғыс өңіріндегі гүлді өсімдіктердің таралуына, экологиялық және биологиялық өсу ерекшеліктеріне сипаттама беру
4.Хан Шыңғыс флорасындағы эндемді, реликтілі және қазіргі кезде жайылу қаупі бар гүлді өсімдік түрлерін анықтау;
5.Хан Шыңғыс аймағындағы гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызын анықтау және оларды қорғау мәселелеріне байланысты ұсыныстар жасау;
6.Шыңғыстау таулы-далалы қуаң аймақ болып саналады. Ерте көктемде қар суының кетуімен эфемер-эфемероидты өсімдіктердің жаппай гүлдеуі басталады, осыған ,байланысты Хан Шыңғыс өңіріндегі флоралық зерттеудің тағы бір міндеті эфемер-эфемероид өсімдік түрлерін анықтау.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы
Абай ауданы, Қарауыл ауылының
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі

Педагогикалық шеберлік керуені атты
І облыстық педагогикалық континуум

ХАН ШЫҢҒЫС ФЛОРАСЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Автор:
Турсумбекова А.Б., биология-химия мұғалімі

Ғылыми кеңесші :
б.ғ.к.,доцент Кәріпбаева Н.Ш.

Семей -2013

КІРІСПЕ
Шығыс Қазақстан облысының территориясының шығысын және оңтүстік-
батыс бөлігін биіктік белдеу алып жатыр. Бұл өлкенің топырағы, өсімдік
жамылғысын, өсімдіктер дүниесінің таралуында өзіндік ерекшеліктері бар.
Биіктік зонасының топырақ - өсімдік құрамы мен көлемі, оның биіктігіне
байланысты.
Облыс территориясында биіктік белдеудің бір бөлігі болып саналатын
Шыңғыстау өңірі, өсімдік әлемінде өзіндік ерекшелігі бар таулы аймақтардың
бірі. Соған қарамастан, бұл өңірде флоралық зерттеулер жүргізілмеген,
Шыңғыстау флорасы туралы ғылыми дереткер өте аз, оның флоралық кадастры
құрылмаған.
Шыңғыстау өңірінде ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргізілмеуінің ең
негізгі себебі, ШҚО-ның Абай әкімшілік ауданының территориясында Семей
ядролық полигонының орналасуы. Бұл ауданда алғашқы ядролық жарылыс 1949
жылы жүзеге асырылып, 1989 жылға дейін 343 жер асты ядролық сынақ
өткізілді.
Шыңғыстау аймағындағы радиоактивті доза деңгейі 60 мb
кикрорентген (сағатына 150 мкрсағ) дейін жеткен. Осындай экологиялық
қауіпті жағдай Шыңғыстау аймағында биологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын,
оның ішінде флоралық зерттеулерді жүргізуге үлкен кедергі жасады.
1991 жылы ядролық полигонның жабылуына байланысты бұл аймақта 2000
жылдан бастап әр түрлі ғылыми бағыттарда зерттеулер басталды. Осының
негізінде 2005-2011 жылдар аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық
институтының жалпы биология кафедрасы Шыңғыстау аймағында ботаникалық
тұрғыда экспедициялар ұйымдастырып, флоралық зерттеу жұмыстарын жүргізіді.
Абай ауданының бірнеше мектептері, оның ішінде Абай атындағы мектеп лицей
оқушылары көктем және жаз айларында экспедиция құрамында болып, флоралық
зерттеулер жүргізді. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс Хан Шыңғыс тауында
жүргізілген ботаникалық зерттеулердің бір бөлігі болып саналады. Бұл ғылыми
жұмыстың негізгі мақсаты Шыңғыстау аймағының биік тауы болып саналатын, әрі
тарихи маңыздылығы бар Ханшыңғыс тауында, әртүрлі экотоптарда гүлді өсімдік
түрлерін, олардың таралуын зерттеу. Осы мақсаттың негізінде, ғылыми зерттеу
жұмыстарын орындауда мынындай міндеттер қойылды:
1.Хан Шыңғыс тауында, оның сай-саласында кездесетін гүлді өсімдік
түрлерін жинап, анықтау, оларға систематикалық сипаттама беру. Хан Шыңғыс
флорасындағы гүлді өсімдіктердің кадастрын құру;
2.Хан Шыңғыс өңіріндегі биотоптарды, оның ішіндегі биіктік белдеуге
тән өсімдік бірлестіктерін анықтап, олардың флоралық құрамына сипаттама
беру;
3.Хан Шыңғыс өңіріндегі гүлді өсімдіктердің таралуына, экологиялық
және биологиялық өсу ерекшеліктеріне сипаттама беру
4.Хан Шыңғыс флорасындағы эндемді, реликтілі және қазіргі кезде
жайылу қаупі бар гүлді өсімдік түрлерін анықтау;
5.Хан Шыңғыс аймағындағы гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығындағы
маңызын анықтау және оларды қорғау мәселелеріне байланысты ұсыныстар жасау;
6.Шыңғыстау таулы-далалы қуаң аймақ болып саналады. Ерте көктемде қар
суының кетуімен эфемер-эфемероидты өсімдіктердің жаппай гүлдеуі басталады,
осыған ,байланысты Хан Шыңғыс өңіріндегі флоралық зерттеудің тағы бір
міндеті эфемер-эфемероид өсімдік түрлерін анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы және өзектілігі.
Хан Шыңғыс аймағы бойынша гүлді өсімдіктер флорасының алғашқы рет
флора тізімі құрылды. Онда, бұл өңірдегі өсімдік түрлеріне, оның өсу
ерекшеліктеріне және таралуына ғылыми тұрғыда сараптама жасалынды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Қазақстан флорасы 1955-1966 жылдар аралығында құрылған, онда гүлді
өсімдіктердің таралуында Шыңғыстау өңірі, биіктік белдеудегі флоралық аудан
ретінде қаралмаған, ол туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан, біз зерттеген Хан
Шыңғыс флорасының зерттеу нәтижелері, Қазақстан флорасын жаңа ғылыми
деректермен кеңейтеді.
Зерттеу нәтижелерінде көрсетілген гүлді өсімдіктердің алуан
түрлілігі, тарлуы, экологиялық және биологиялық өсу ерекшеліктері, сонымен
қатар пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер мектепте биология курсын оқуда
кеңінен пайдаланылады.
Хан Шыңғыс флорасындағы пайдалы өсімдіктер туралы ғылыми деректерді,
келешекте олардың шикізат қорларын зерттеуге және бұл өсімдік түрлерін
халық шаруашылығында қолдануға байланысты жүргізілетін ғылыми жұмыстарда
пайдалануға болады.
Ғылыми жұмыстың зерттеу нәтижелері және биология саласындағы
ғалымдарға, мамандарға қосымша материал ретінде және табиғатты қорғау
шараларын жүргізуде қолдануға негіз бола алады.

Ғылыми жобаның құндылығы.

Шығыс Қазақстан өсімдік жамылғысында бай флоралы аудандарының бірі
болып табылатын Ханшыңғыс өңірінің өсімдіктері жайлы мағлұматтар жоқ.
Сондықтан осы ғылыми жобада Хан Шыңғыс таулы аймақтың әртүрлі өсімдік
бірлестіктерінен өсімдік түрлері жиналып анықталды, олардан кеппешөптер
дайындалды. Жиналған кеппешөптерді биология курсын оқытуда құрал ретінде
пайдалануға болады.

1.Ғылыми теориялық бөлім
1.1. Ғылыми әдебиеттерге шолу.
Қазақстан таулы өлкесінің өсімдік бірлестіктері мен ондағы өсімдік
түрлерін ең алғаш зерттеген ботаник И.Сиверс болды. И.Сиверстің негізгі
зерттеу жұмыстары рауағаштың дәрілік өсімдік ретіндегі таралуын, өмір сүру
жағдайларын анықтау еді. Бұл жұмысты И.Сиверс Тарбағатай, Қалба, Шыңғыстау,
Дегелең таулы аймақтарында жүргізіп, осы жерлердің жергілікті өсімдік
түрлері туралы құнды алғашқы мәліметтерді берді. (Степанова,1962 жылы).
1864 жылы К. Струве мен Т.Н. Потанин (Степанова 1962ж) Шығыс
Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде Қалба, Тарбағатай,
Шыңғыстау, Арқат, Мыржық тау сілемдерінің солтүстік оңтүстік бөліктерін
зерттеп, онда кездесетін өсімдік түрлерін анықтап, өсімдік бірлестіктері
бойынша өсімдіктер тізімін жасайды да, оңтүстік және солтүстік
бөктерлерінің ерекшеліктерін көрсетеді.
1904 жылы осы өңірлерде В.В. Сапожников (Степанова, 1962 ж) бастаған
ғалымдар өздерінің ботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу
нәтижесінің соңында ол Тарбағатай, Шыңғыстау, Қалба, Дегелең өңірлерінің
ормансыз екенін атап көрсетті. Алайда қарағайдың екі түрі Шыңғыстау тау
сілемдерінің кей жерлерінде өсетіндігі анықталған (Павлов, 1948).
1949 -1951 жж. Семей қаласының батыс бөлігін А.Вланголин
(Степанова, 1962 ж) зерттеу кезінде Тарбағатайда, Қалба тауларында болып,
осы өңірлердің флоралық коллекциясын толықтырып, оған өсімдіктер туралы
жаңа мәлімет береді.
Қазақстан флорасы өзінің генезисі бойынша қазіргі көзқараста
толығымен Ежелгі Жерорта территориясында жатыр. Осы Ежелгі Жерорта
территориясының бүкіл флоралық құрылымын Лавренко (1962) жұмыстарында
кездестіруге болатын.
В.Н. Сукачев өзінің жұмыстарында доминатты өсімдіктердің ролі
морфологиялық және эколого-физиологиялық комплекстермен анықталады делінген
(1949 ж.).Осыны негіз ете отырып Ханшыңғыс флорасын зерттеуде өсімдіктердің
морфологиялық, экологиялық ерекшеліктеріне көңіл ерекше бөлінді.
Ең алғаш рет доминантты өсімдіктердің биокомплексті типтегі зерттеу
жұмыстары биік таулы, шөлді жағдайда Тәжікстанда жүргізілген (Зеленский
1956; Свешникова, 1965ж; Глаголева, Филиппова, 1965ж). Кейін дәл осындай
зерттеу жұмыстары Өзбекстанда(Алексеева, 1956ж; Захарлиц, 1965ж; Маматов,
1965ж) жүрді.
Быков Б.А. және Степанова Е.Ф. жұмыстарында (1953) Шығыс
Қазақстанның таулы жерлерінде кездесетін бұталы-далалы қауымдастықтарға
сипаттама берілген. Мұндай өсімдіктердің таралуы белгілі бір географиялық
заңдылыққа бағынады. Бұл өңірлерде бұталы даралар бірігіп келіп көптеген
ірі өсімдік бірлестіктерінің белдеулерін түзеді.(Быков, Степанова, 1953;
Быков, 1962; Карамышева, Рачковская, 1975).
Тянь –Шань, Памир Алтай, Тарбағатайдың оңтүстік беткейлеріндегі
бұталы-далалы белдеуді зерттеу Степанованың (1962) есімімен тығыз
байланысты. Қазақстан флорасындағы эндемді өсімдіктерді Н.В. Павлов (1959
ж) зерттеген болатын. Ол, әсіресе, құмды шөлдегі өсімдіктерді зерттеп,
олардың 87 түрін тіркеді. Ең көп эндемді түрлер бұршақ тұқымдастарына,
күрделігүлділерге, шатыршагүлділерге және лалагүлділерге жатады. Сонымен ол
осы эндемді өсімдіктердің 70%-ы жартылай бұталы тіршілік формасы екенін
анықтап берген. Ал Шыңғыстау тау сілемдерінде кездесетін өсімдіктерде
полиморфизм жақсы байқалған. Оның ішінде астрагалдың бұталы және жартылай
бұталы түрлері кездессе, жусанның псаммофитт-эндемді, эндемді-арамшөп
түрлері бар (Павлов, 1948 ж).
Шыңғыстаудағы шалғынды-далалық өсімдік түрлерінің таралу ареалы
туралы мағлұматтар Л.М. Носованың (1973 ж.) еңбектерінде берілсе, нағыз
далалық түрлердің шығу тегі, таралу ерекшеліктері, түр саны және т.б. құнды
деректер М.Г. Поповтың (1949 ж.), Б.А. Быковтың (1977 ж), С.А. Невскийдің
(1637 ж), И.М.Крашенинниковтың (1946 ж.) еңбектерінде берілген.
1955- 1956 жж. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық
комплекстік экспедициясы Шығыс Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс
өңірлеріндегі қыратты жерлерді зерттеді.
1955-1995 жж. жүргізілген үлкен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
көлемді монографиялық еңбектер жазылды және осындай мағлұматтарға сипаттама
Сирек және өте бағалы Қазақстан өсімдіктері деген кітапта (1981 ж) және
Қазақстан топырағы (1981 ж) атты кітаптарда берілді.
Жоғарыда қамтылған ғылыми еңбектерге шолу жасауда Абай ауданының
таулы аудандарында флоралық зерттеу жұмыстары белгілі бір ғылыми деңгейде
жүргізілмегенін көрдік. Біздің ойымызша оның негізгі бір себебі Абай
ауданында ядролық полигонның орналасып, аудан территориясының жартылай
жабық болуында.
1990-2000 жж. Қазақстанның экономикалық жағдайы ғылыми флоралық
зерттеуді жүргізуге мүмкіндік бермеді. Қазір Семей мемлекеттік
педагогикалық институтының жалпы биология кафедрасының кеңесімен Абай
ауданының территориясында 2000 жылдан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізу ұйымдастырылды. Бұл ғылыми жұмысты орындауда институт және мектеп
арасындағы байланысты дамыту саласында Абай әкімшілік ауданының бірнеше
мектептері қатынасты.Солардың бірі Абай атындағы мектеп лицей оқушылары.
Біз Қарауыл ауылына жақын орналасқан Хан Шыңғыс таулы аймақта флоралық
зерттеулер жүргіздік.

1.2. Абай ауданының физикалық және географиялық сипаттамасы.

Абай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік –батысындағы
әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. Жерінің жалпы ауданы – 34,5 мың км.
Орталығы – Қарауыл ауылы.
Климаты шұғыл континентті, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ, қаңтарда
температура -50 С жетеді, бұл ең суық ай, шілденің орташа температурасы
+20,7 С. Қар қарашадан наурызға дейін жатады. Көктемнің аяқ кезінде жиі-жиі
үсік соғады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм., бір жылда күннен
келетін сәуле 2500 сағат, жиынтық радиациясы 120 ккал см. болады.
Климаттың қалыптасуына негізіненүш ауа массасы әсер етеді. Бұл арктикалық,
полярлық және тропиктік ауа массалары. Жыл бойы континентті ауа массалары
басым болады. Сондықтан қыс қатты суық, жаз өте ыстық. Әсіресе, қыс
кезіндегі ашық аязды күндер мен жаз мезгіліндегі құрғақ ыстық кездер осының
дәлелі. Ауа-райының қыс кезінде жиі қайталанатын Сібір антициклоны зор әсер
етеді. Оңтүстіктен келіп жететін тропиктік ауа массасының ағыны ыстық,
құрғақ ауа райын қалыптастырып, аңызақ, шаңды дауылдарды әкеледі.
Жазықтар мен аласа тауларда жыл бойы үнемі жел соғып тұрады да желдің
орташа жылдамдығы 415 мсек аралығында өзгереді.
Климаттың осындай ерекше болуы территориясының Евразия материгінің
орталық бөлігінде орналасып, теңіз, мұхит суларынан алыста болуынан,
территориясының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып
жатуына байланысты. Далалық аймағы құрғақ қара-қоңыр топырақты, егістікке
жарамды, қара шірігінің мөлшері 2,6 %-ға дейін ал шөлді далалы аймақта ашық-
қоңыр топырақты, егістікке жарамсыз, жайылымға қолайлы, тозаңды-кесекті,
шіріндісі көп. Шөлді аймақ құба топырақты, түсі ашық құба, кесекті.
Аудан аумағынан Шаған, Ащысу, Бөкенші өзендері ағып өтеді. Жазда
суалып қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер, тау
беткейлерінде бұлақтар көп.
Батысы мен солтүстігін Арқат пен Ордатас таулары, оңтүстігін Хан
Шыңғыс, Шыңғыстау таулары, шығысын белесті жазықтар алып жатыр. Климаты
континентті,яғни қыс мезгілінде өте суық, қатты аяздар болса, жазда күн өте
ыстық, құрғақ болады. Олар орташа биіктіктегі таулар болғандықтан топырақ
белдеуі жақсы дамыған. Бұл жерлерде таулы даланың қоңыр топырағы мен ашық-
қоңыр топырақ басым. Негізінен егіншілікке жарамсыз, өйткені топырақ қабаты
жұқа, гумусы аз, көпшілік бөлігі сортаң.
Хан Шыңғыс таулы аймақта дәрілік емі бар шөптер көп кездеседі,
беткейінде тобылғы, қараған, аңғарларында тал, терек, қайың өседі. Бұл
өңірде негізіне жусан, ермен, бетеге, селеу, мия, ши, көкпек, ебелек, сасыр
сияқты көптеген шөптесін өсімдіктер бірлестіктерінде доминантты және
кодоминантты түрлерді құрайды. Сайлардағы кең таралған өсімдіктер:
таутерек, мойыл, долана, жабайы шие, қарақат, сиыр қарақаты, майда қарақат,
итмұрын, арша, қызыл мия, рауғаш, көк жоңышқа, сарыбас жоңышқа, селеу, ши,
қияқ, бидайық шөп, өлең шөп, бәйшешек, сарыгүл, сарғалдақ, пияз, жуа,
қурай, сасыр, қалақай, шеңгел, қара итмұрын, қына, бақбақ, қараған,
тобылғы, түйетабан, қымыздық, тау сарымсағы, талдар және т.б.
Абай ауданының физикалық-географиялық сипаттамасын құруда (Кузнецова,
1961ж; Тазабеков, 1974 ж; Колходжаев, 1968 ж; Чупахин, 1966 ж.) және Қазақ
Совет энциклопедиясы (I. VIII том) мен Қазақстан Ұлттық энциклопедиясын
(I том, А-Ә) қолдандық

1. 3. Зерттеу нысандары мен әдістері.

Хан Шыңғыс биік тау сілемдері мен жоталарында, сайларда, ұсақ өзендер
мен жылғалар жағалауларында жүргізілген зерттеу жұмыстары жауын-шашынсыз,
жылы, ашық күндері жүргізілді. Зерттеу жұмысын орындауда бірнеше
ботаникалық зерттеу әдістері қолданылды. Солардың ішінде өсімдіктерді
жинау, анықтау, фотосуреттерге түсіру және өсімдік түрлерінен кеппешөптер
даярлау әдістерін қолдандық. Кеппешөп коллекциясы флоралық зерттеудің ең
маңызды бөлігі болып табылады. Зерттеу нысаны- Хан Шыңғыс таулы аймағының
гүлді өсімдіктері зерттелді.
Өсімдіктерді жинау және кептіру өсімдіктерден кеппешөп немесе
коллекция жасау үшін пайдаланылатын арнайы тактикалық тәсілдер. Кеппешөп
жасау үшін өсімдіктерді жинауды ерте көктемнен қоңыр күзге дейін жүргізуге
болады. Өсімдіктерді жинауда, олардың гүлдеп немесе тұқым беріп тұрған
кезін таңдап алған қолайлы.
Өсімдіктерді жинау ашық ауа-райында жүргізіледі, күндіэгі сағат 10-13
аралығы ең қолайлы болып табылады. Кеппешөпке жиналатын өсімдік міндетті
түрде құрғақ болуы тиіс. Егер де ол дымқыл немесе ылғалды болса, онда
өсімдік тез шіріп, бұзылып кетеді.
Өсімдіктерді жинаудан бұрын экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар алдын
– ала даярланып алынады. Өсімдіктерді жинауға керекті құрал-жабдықтар
төмендегідей: ботаникалық папка (пресс), өсімдікті қазып алуға арналған
күрек немесе қалақша, қағаз, компас, 9-10 дәрежелі қол лупасы, этикеткалар,
қойын дәптер, карандаш, пакет қажет .
Өсімдіктерді өсіп тұрған жерінен қазып алуға кішкене күрек немесе
қалақша пайдаланылады. Ол мықты, әрі жерді жақсы қазатын, алып жүруге өте
ыңғайлы, әрі жеңіл болуы тиіс. Бұл тамыры тереңдегі өсімдіктердің жер
астындағы мүшелеррін зақымдамай алу үшін қажетті құрал. Өсімдіктерді
жинағанда өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің (сабақ,
жапырақ, тамыр, гүл) түгел болуын қарастыру керек. Қазып алынған
өсімдіктердің жапырағын, сабағын, тамырын жабысқан топырақтан және тағы
басқада керексіз зақымдалған бөліктерден жақсылап тазалайды да, қағаз
парағына салады.
Жиналған өсімдіктерді жақсылап кептіру үшін ең алдымен су сорғыш
қағаздар қажет. Бірақ су сорғыш қағаздар үнемі бола бермейді, сондықтан су
сорғыш қағаздардың орнына кәдімгі газет қағаздарын пайдалануға болады.
Қағазды экскурсияға шығар алдына жеткілікті етіп, тіпті артығымен алған
жөн. Өсімдік мүшелерін жазып салып, тегіс кебуіне мүмкіндік жасайды.
Ботаникалық папка ішінде жиналған өсімдіктерді қағаздарға салып
кептіреді. Ботаникалық папка тығыз картоннан, фанерден немесе темір тордан
жасалынады сурет 1. Папка көлемі 50-35 см, оның төрт бұрышын ұзынша
саңылау етіп тесіп, жасалған саңылаулар арқылы жалпақ жіп немесе қайыс
өткізіледі, мұнан басқа көптеген саңылаулар ауа өту үшін жасалынады. Барлық
өсімдіктер папкаға салынған соң, бетіне папканың екінші сыңарын қойып,
тығыздап жіппен немесе қайыспен байлайды да, құрғақ жерге іліп қояды.
Өсімдіктерді құрғатуға арналған газет қағаздарын күніне бір немесе екі рет
(таңертен, кешке) ауыстырып отыру керек. Өсімдік кебе бастағаннан кейін
аралық газеттерді (құрғатқыш) күніне бір рет, кейіннен екі күнде бір рет
ауыстырады. Жақсы кепкен өсімдік былқылдақ болмай, серпілгіш, майысқақ
болуға тиісті.
Кеппешөп (гербарий) – барлық мүшелері белгілі форматта толық жиналып,
кептірілген және этикетка толтырылған өсімдік даналары. Кептірілген дайын
өсімдіктерден кеппешөп жасалынады. Кеппешөп көлемі 45 х 30 см, оның бір
беті қалың қағаздан немесе картоннан, ал екінші беті калькадан жасалады.
Кептірілген өсімдікті белгілі көлемдегі картонның бетіне салып, оны ине
жіппен тігеді.
Кеппешөптер – кепкен өсімдіктер коллекциясы, олар систематикалық,
флористикалық және ботаника – географиялық зерттеулерге таптырмайтын ең
маңызды көрнекті құрал болып табылады. Ғылым үшін жер бетінің үлгілерін,
табиғаттың құнды құжаттарын сақтауға және өсімдіктерді жылдың кез-келген
мезгілінде оқып зерттеуге, анықтауға мүмкіндік береді.
Кеппешөптер – оқушыларға ботаника пәнін оқытудың негізгі базасы, кең
білім алудың міндетті элементі.
Этикетка дегеніміз жиналған өсімдіктер жөнінде қысқаша мәлімет
жазылған қағаз. Кеппешөпте жиналған әрбір өсімдікте этикетка болуы тиіс.
Этикетка көлемі 12 см х 7 см, этикетканы кеппешөптің оң жақ төменгі
бұрышына орналастырады, этикетка керекті, маңызды ғылыми құжат болып
саналады.
Өсімдікті жинағанда этикетка қағазын ала жүріп, әрбір өсімдіктің қай
жерден, қашан, жинаған аты-жөні, өсімдік тұқымдасының, туысының, түрінің
атауы жазылуы керек.

Хан Шыңғыс таулы аймақтың гүлді өсімдіктерін зерттеуде пайдаланылған
келесі әдіс- флоралық зерттеу.
Флора - дегеніміз белгілі бір территорияда кездесетін өсімдік
түрлерінің жиынтығы. Флоралық зерттеу өсімдіктердің морфологиялық құрлысын
білуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтынемел ұлттық саябағы
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Қарағанды облысының географиясы
Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан
Шоқан Уәлиханов подполковник
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Монғолияның рекреациялық ресурстары мен сапасы
Алакөл
Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
Пәндер