Ойын технологиясын химия пәнін оқытуда қолдану



Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді жан-жақты тереңдетіп беру. Мұндай жағдайда мұғалімнің алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім – білік дағдылары , пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы ойшыл,қытай философы Конфуций «Естігенді ұмытамын,көргенді есте сақтаймын,ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін»дейді.Ұлы педагог В.А. Сухомлинский «Ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды» деп жазған. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше «Ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынасжасайды».Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:Қажеттілік → мотив → мақсат → ойын іс-әрекеті → нәтиже
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "Игра-мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся"
Егер химия сабағында : ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
Берілген уақытты тиімді пайдаланса;Тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе. Күтілетін нәтиже:Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
1. Жунусова М.Р Активные методы обучения Караганда 2009г.
2. Сопецкая Е.С Дидактические игры как средство организации обучения учащихся и активизации их позновательной деятельности. 3.Эльконин Д.Б Психология игры М. Педагогика 1978г.4.Жунусова М.Р.Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту Қарағанды 2009ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ойын технологиясын химия пәнін оқытуда қолдану.

(Баяндама: І Республикалық педагогикалық оқулар2013ж.Алматы)
А.Б.Турсумбекова, химия пәні мұғалімі,
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей
ШҚО,Абай ауданы,с.Қарауыл

Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға
білімді жан-жақты тереңдетіп беру. Мұндай жағдайда мұғалімнің алдында үлкен
мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге
болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану -
бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім – білік
дағдылары , пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне
ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика
ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем
есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы ойшыл,қытай философы
Конфуций Естігенді ұмытамын,көргенді есте сақтаймын,ал өз ақыл-ойыммен
істеген ісімді түсінеміндейді.Ұлы педагог В.А. Сухомлинский Ойын ойнамай
бала толыққанды дамымайды деп жазған. Психология тұрғысынан ойынды
зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше Ойын
негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек
өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-
қатынасжасайды.Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:Қажеттілік
→ мотив → мақсат → ойын іс-әрекеті → нәтиже
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "Игра-мощное средство
стимулирования познавательного интереса учащихся"
Егер химия сабағында : ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
Берілген уақытты тиімді пайдаланса;Тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне
қарай берілсе. Күтілетін нәтиже:Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық
пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті
өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-бірімен
тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті
үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
Педагогикалық процесс сипатына қарай ойынды келесі топтарға бөлуге
болады: 1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту;
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;3. Репродуктивті, продуктивті ,
шығармашылық;4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету. Ойын
әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды
зор. А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор,
ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ
сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп
жағынан сондай болады. Қазақтың ұлтық ойындары отбасы тәрбиесінен бастап,
химия пәнін оқыту барысында (Сақина тастау, Ақ сүйек,Теңге алу,Көрші-
көрші т.б.),баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Химия пәні бойынша ойын типтері: жаттығу,танымдық,сюжеттік-
рөлдік,шығармашылық т.б. болып бөлінеді, қолдану мақсатына қарай:білімді
қабылдау мен бекіту кезінде,білімді белсенді меңгеруге оқушыларды
ынталандыру үшін,білімді үйлестіру,өз бетінше білім алуға және оларды
шығармашылықпен қолдануға ынталандыру үшін қолдануға болады.
Химия пәнін оқытуда жиі қолданылып жүрген рөлдік ойын түрлері:
(КВН,сот-сабақ,викториналар т.б.),тренажер-ойындар (логикалық
тізбек,жұмбақтар ,хим-лото,хим-биллиард,хим-бизнес, жұбын тап, көрші-
көрші, артығын тап т.б.).
І.Кім үздік болғысы келеді?ойыны. Ойында 10 сұрақ беріледі. №6 және
№8 жанбайтын сұрақтар.Сұрақтар экранға шығады.Ойыншы 3 көмек алуына
болады: сыныптасынан,5050 және сынып оқушылары көмегі.1-жанбайтын балл
-3.Егер ойыншы оны алса-3деген баға алады.2-жанбайтын -4балл.Оны алса
ойыншы-4бағасын алады.Барлық сұраққа жауап берсе, 5деген баға алады.Кез
келген оқушы ойыншы бола алады.Мұғалім оқушылардың аты жазылған барлық
карточкалар ішінен кез келгенін суырып алады ,сол ойыншы болып табылады.Бұл
ойынды бақылау жұмысы алдында,тоқсан аяғында жүргізуге болады.Сұрақтар тест
түрінде болады,оқушылар сұрақ дайындауға қатысады.
ІІ. Ойланудың алты қалпағы(Эдвард де Боне).Ойынның бұл әдісі- қандай да
құбылысқа жан-жақты талдау жасау үшін және талдап қорыту тәжірибесі бойынша
оқуды өткізу үшін (іс-шараларға қатысу, экскурсиялар, қандай да бір курсты
оқыту, көлемді тақырыптарды өткенде және т.с.с.) қолданылады.Оқушылардан
құрылған топтар 6 топқа бөлінеді. Әр топқа 6 қалпақтың бірі сеніп
тапсырылады. Тіпті кейбір сыныптарда нағыз әртүсті қалпақтар қолданылады
(қағаздан жасауға болады). Әр топқа қалпақтың түсінен өз ойы мен әсерін, өз
тәжірибесін көрсете отырып қорытынды жасау тапсырылады. Ақ қалпақ: Әсерсіз,
субективті бағалаусыз тек сандардан, фактілерден, ойлардан тұрады. Тек
фактілер ! Сары қалпақ:Позитивті ойлау. Қарастырылып отырған құбылыстан
позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек.
Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана
қоймай түсіндіру қажет. Қара қалпақ: Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын,
түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенің анықтап және себебін
түсіндіреді. Қызыл қалпақ: Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-
күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады. Осындай немесе
өзге көңіл –күй қандай сәттермен байланысқан Жасыл қалпақ:Бұл шығармашылық
ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: Жаңа жағдайда
жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?
Өзгеше болу үшін не істеу керек? Көк қалпақ. Бұл философиялық , пысықтау
қалпағы. Көк арнадағылар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап,
қорытынды шығарады.Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс
уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды
аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып ,
жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады. Алты
қалпақты рефлексия тек топта ғана емес жеке дара да жүзеге асыруға
болады.Мысалы,8-сыныпта Химиялық реакция белгілері тақырыбын
өткенде,оқушыларды 6 топқа бөліп,қалпақтардың түсіне қарай өз ой
әсерлерін,баға беруі сұралады.Топтар пікірі-Ақ қалпақ:Химиялық реакция
белгілері:зат түсінің өзгеруі,тұнбаның түзілуі,жану процесінің жылу және
жарық бөле жүруі,газ немесе иіс түзілуі.Бір заттың екінші бір затқа
айналуы, күнделікті тұрмыста,табиғатта болып жатады.Сары қалпақ:Біздің
өмірімізді химиялық реакцияларсыз елестету мүмкін емес.Фотосинтез процесі
нәтижесінде жер беті жасыл желекпен көмкерілген,оттек те ,қорек те,киім
де,отын да,баспана да осы процестің жемісі!Тірі ағзаларда зат алмасу
болмаса ,өсу,даму тоқтап,тіршілік болмас еді!Химиялық реакциялар арқылы
техника,өндіріс қарыштап дамып келеді.Қара шляпа:Химиялық реакция
нәтижесі-темір таттанып -машиналар шіріп,көпірлер құлайды.
Тағамдар,жемістер бұзылып,жеуге жарамай қалады,адамдар астан уланып өлімге
дейін апарып соғады.Жапырақ сарғайып күз келеді.Зауыт мұржасынан шыққан
түтін, иіс газынан улану ,химиялық қарулардан адамзаттың қырылуы,адам
денесінің өлген соң ыдырауы –бәрі химиялық реакциялар.Қызыл шляпа:Түрлі-
түсті отшашу қандай ғажап!Түнгі қаладағы жарнама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Үштілділік-заман талабы
Дамыта отырып оқыту әдістемесі
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Химия пәнін оқытуда ұжымдық оқыту технологиясын қолдану
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазіргі мектепте оқытудың ойын әдістері
«Гaлoгeндeр» тaқырыбын oқытудa пікірсaйыс әдісін пaйдaлaну aрқылы oқушылaрдың химиялық білімін жeтілдіру
Білім беруді цифрландыру
Химияны оқытуда аяушылық технологиясын қолдану және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
Пәндер