Химиялық элементтер жөнінде қызықты оқиғалар



Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд(1669 ж). Басқа да тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Ол жайлы бұл алхимиктің жасаған нағыз, әрі жалғыз табысының тарихи дәйектері куәландырады. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Жаңа заттың бұл қасиетін пайдалануды Бранд көп созбады. Ол фосфорды беделді адамдарға көрсетіп, олардан сыйлықтар және ақша ала бастады. Фосфордың алыну құпиясын сақтау оңай болмағандықтан, ол оны дрездендік химик И. Крафтқа сатып жіберді. Фосфорды алудың әдістемесі И. Кункель мен К. Кирхмейерге белгілі болғаннан кейін оны көрсетушілер саны көбейді. 1680 жылы жаңа элементті, алдындағыларға тәуелсіз, ағылшын физигі әрі химигі Роберт Бойль алды. Бірақ көп кешікпей Бойль қайтыс болды, ал оның шәкірті А. Ганквиц таза ғылымға сатқындық жасап, «фосфор спекуляциясын» қайта жандандырды. Тек 1743 жылы А. Маркграф фосфорды алудың жетілген әдісін тауып, өз мәліметтерін көпшілік назарына жариялады. Бұл оқиға брандтық бизнеске нүкте қойып, фосфор және оның қосылыстарын тыңғылықты зерттеуге бастама болды.
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі
Қалайы обасы “деген не және оны емдеуге бола ма?
Ерте заманда аталарымыздың қалайыдан жасалған ыдыстары сәл суық болса ,дақтармен жабылып,артынан ұнтақ болып шашылып қалады екен.Тіпті “ауырған” ыдыс сау ыдысқа тиіп кетсе ,ол да “жара”басып ауырады екен.Халық бұны “қалайы обасы”деп атаған.
1.Иттербий Ж. Мариньяк. 1878ж. (Женева,Швейцария) Иттербит минералы құрметіне.
2. Эрбий К.Мессендер 1842 жылы (Стокгольм, Швеция ) Иттербю елді мекені құрметіне аталған.
3. Итрий Ю.Гадолин 1794 жыл (Або, Финляндия) Иттербит минералы құрметіне.
4. Тербий К.Моссандер 1843 жыл (Стокгольм, Швеция) Иттербит минералы құрметіне.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық элементтер жөнінде қызықты оқиғалар
Фосфорды алғаш ашқан - Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд(1669 ж). Басқа да тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Ол жайлы бұл алхимиктің жасаған нағыз, әрі жалғыз табысының тарихи дәйектері куәландырады. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе менің отым деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Жаңа заттың бұл қасиетін пайдалануды Бранд көп созбады. Ол фосфорды беделді адамдарға көрсетіп, олардан сыйлықтар және ақша ала бастады. Фосфордың алыну құпиясын сақтау оңай болмағандықтан, ол оны дрездендік химик И. Крафтқа сатып жіберді. Фосфорды алудың әдістемесі И. Кункель мен К. Кирхмейерге белгілі болғаннан кейін оны көрсетушілер саны көбейді. 1680 жылы жаңа элементті, алдындағыларға тәуелсіз, ағылшын физигі әрі химигі Роберт Бойль алды. Бірақ көп кешікпей Бойль қайтыс болды, ал оның шәкірті А. Ганквиц таза ғылымға сатқындық жасап, фосфор спекуляциясын қайта жандандырды. Тек 1743 жылы А. Маркграф фосфорды алудың жетілген әдісін тауып, өз мәліметтерін көпшілік назарына жариялады. Бұл оқиға брандтық бизнеске нүкте қойып, фосфор және оның қосылыстарын тыңғылықты зерттеуге бастама болды.
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары -- ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі
Қалайы обасы "деген не және оны емдеуге бола ма?
Ерте заманда аталарымыздың қалайыдан жасалған ыдыстары сәл суық болса ,дақтармен жабылып,артынан ұнтақ болып шашылып қалады екен.Тіпті "ауырған" ыдыс сау ыдысқа тиіп кетсе ,ол да "жара"басып ауырады екен.Халық бұны "қалайы обасы"деп атаған.
1910 жылы ағылшын зерттеушісі Роберт Скотт экспедиция жабдықтап, адам аяғы баспаған Оңтүстік полюске аттанды. Антарктида материгінің суғына шыдап, қарлы даламен бірнеше ай жол жүре отырып,қайтар жолға қажет азықтары мен керосин қорын шағын қойма жасап, орнын белгілеп,қойып кетті.
1912-ші жылдың басында экспедиция Оңтүстік полюске жетті.Экспедиция мүшелері бір ай бұрын бұл жерде Норвегия саяхатшысы Руаль Амундсен болғандығы жөнінде куәлік болатын жазба тауып,үлкен өкінішпен кері қайтты.Қайтар жолда қалдырып кеткен азықтары мен керосиндерін алуға келсе,керосин жоқ, ыдыстары бос жатқанын көрді.Тоңған, ашыққан экспедиция мүшелерінің тамақ пісіретін ыдыстары, жылынатын керосиндері болмағандықтан,еліне жете алмай қаза болды.
Бұл жұмбақтың шешуі оңай еді.Керосин құйылған қаңылтырдан жасалған қалбырлардың қақпақтары қалайыдан жасалған болатын.Тамақ ішетін ыдыстары да қалайыдан жасалған еді.Өткен ғасырда қысты күні Голландиядан Ресейге қалайы тиеген вагондардан Мәскеуге келгенде ештемеге жарамайтын сұр түсті ұнтақ түсірген.
Металл зерттеушілері ренгендік талдау жасай отырып,бұл жұмбақтың шешуін тапты.Қалайы 3 түрлі аллотропиялық түр өзгерісте болады.Ең тұрақтысы- ақ қалайы немесе β - Sn ,тығыздығы 7,29гсм3,жоғары температурада және бөлме температурасында жұмсақ,созылғыш модификацияда болады..13,20 С - тан төмен температурада α - Sn-ға айналады,ол сұр түсті,тығыздығы5,85гсм3.Ақ қалайының сұр қалайыға айналуы 13,2 0С-тан төмен температурада баяу жылдамдықта басталады.-330 С-та айналу жылдамдығы өзінің шарықтау шегіне жетеді.Сондықтан,өте суық аяздарда ақ қалайы сұр қалайыға өте тез айналады.Меншікті көлемі 25,6%-ға өседі.Осы айналым "қалайы обасы"ауруы деп аталады.Ақ қалайының сұр қалайыға айналуы "жұқпалы",егер ақ қалайының бетінде сұр қалайының тозаңы түссе,бірден сұр қалайыға айнала бастайды.β - Sn - нағыз металл, α -Sn-жартылай өткізгіш.Үшінші аллотропиялық модификация - Sn-"морт қалайы" ,1610 С-та тұрақты.Қалайыдан жасалған бұйымдар бүлінбес үшін жылы жерде сақтау керек.Ақ қалайыға біраз мөлшерде қоспа ретінде қорғасын және висмут қоссақ, сұр қалайыға айналуды тежейді. Висмут атомы қалайының кристалл торына қосымша электрон беріп,қалайыны тұрақтандырады да `'ауруға `'шалдықпайды
Араб алхимиктерінің мәзірі
Сұйық күміс - Hydrargirum - бұл сынап.Ауада баяу қыздырғанда қызыл түсті HgO оксидке айналады.Қатты қыздырғанда қызыл түсті сынап оксиді сары түсті ірі кристалды қнтаққа айналады.Сынап нитраты ерітіндісін сілтімен өңдегенде сынап оксиді бөлініп шығады,мына теңдеу бойынша
Hg(NO3)2 +2NaOH = Hg O↓ +2NaNO3 +H2O
Жалған алмаздың құрамы қандай ?
Жалған алмаз бор карбиді-В4 С (құрылысы бұдан күрделі,формуласы-В12С3).Қара түсті, жылтыр,қаттылығы алмазға жақын,химиялық тұрақты,23500С-та балқиды.Қатты құймалар құрамына кіреді және олардан жасалған бұйымдарды өңдеу,тегістеу үшін қолданылады.Үйлердің сырты мен ескерткіштерден ескі сыр мен кірді тазалап,тегістеу үшін қолданылады.
20000С
2В2О3+4С==== В4С+3СО2
Алмазға ұқсас бордың тағы бір қосылысы бар.
ВN-бор нитриді , құрылымы графитке ұқсас,ол 13500С-та қыздырғанда алмаз тәрізді құрылымы бар зат-боразонға (ВN)айналады.Тығыздығы,қаттылығы алмазға жақын, бірақ морт болады
Бұл қай элемент?
Никельдің мәлім болғанына екі ғасырдан асып кетсе де оны алу тәсілдері
әрі қиын,әрі күрделі болғандықтан,іс жүзінде өткен ғасырдың аяғында
ғана қолданыла бастады.швед химик минерологы,әрі металлургы А.Ф.Кронштедт 1751 жылы қызыл никель колчеданың (NiAs) зерттеу кезінде жасыл оксид бөліп алып,оксидті одан әрі тотықсыздандыру арқылы бұрын
белгісіз жаңа металл алды.Ол элементті никель деп атады.Қызыл никель колчеданы бастапқыда купферникель деп аталған.Бұл минерал туралы ел ішінде көптеген аңыздарайтылады.Баяғы заманда Саксони тауын мекендейтін сайқымазақ гиом кеншілерге балқытыңдар деп тау басынан бір тас лақтырса керек.Ол тас мыс кеніне өте ұқсас екен. Кеншілер мыс аламыз деп қанша әуреленсе де тастан мыс та, басқа металл да ала алмапты.Содан барып бұл тасты жалған мыс,албасты басқан кен,мыс албастысы,мыс нике деп әртүрлі атап кетіпті.мыс кеніне ұқсас минералды адамзат ежелден біліп, жасыл шыны алуға пайдаланып келісті. Кеншілер сол минералға 17 ғасырда купферникель -жалған мыс деген ат беріпті деген деректер бар.
Никельдің латынша аты Nickolum ол периодтық системаның 8 тобындағы химиялық элемент оның реттік нөмірі 28,салыстырмалы атомдық массасы 58,70.табиғи никельдің тұрақты бес изотопы 58 NI (67,76), NI (26,16%), NI 1,25%), NI (3,66%) , NI (1,66%) бар.Оның сондай - ақ әр жылдарда алынған радиоактивті жасанды сегіз изотопты белгілі,олар: 54,55,56,57,59,63,65 және 66. Осылардыі ішіндегі ең тұрақтысы - NI , оның жартылай ыдырау ұзақтығы -75 мың жыл,ал NI мен NI тек 5 минутқа жуық элемент қалпын сақтайды.
Никельдің жер қыртысындағы массалық үлесі -0,008%. Никельді минералдар СССР-де: негізінен Батыс Қазақстанда,Оралда және Таймыр, Қола түбегінде , ал шетелдерде - Канада,оңтүстік Африка, т.б. кездеседі.
Никель- күміс түсті ақ,иілгіш, созылғыш металл, оның балқу температурасы-1453°С, қайнау температурасы -3000° шамасында, тығыздығы-8900кгм. Никель-фермомагнитті элемент,358°С-ге дейінгі температураға төзеді, қосылыстарында көбінесе 2 валентті ,активтік қатарда сутегінен бұрын орналасқан, сұйық қышқылдардан сутегін ығыстырып шығарады. 500° С-ден оттегімен әрекеттеседі. Никельдің маңызды оксидтері- NIО(II)-іс жүзінде суда ерімейді. Никель қыздырғанда галогендерге жанып, суда ерімтал галогенидтер,ал азот, көміртегі,кремний және бормен әрекеттесіп, қатты ерітінділер түзеді. Никельдің күшті қышқылдарының тұздары суда жақсы ериді, әлсіз қышқылдарының тұздары суда ерімейді. Оның көптеген комплексті қосылыстар бар. Никельді көбінесе мысникельді күкірт кендеріне алады. Ол үшін бірнеше сатыдан тұратын пирометаллургиялық әдіспен никель сульфидін NI S бөліп алып, оны өртеп, оксидке NIО айналдырады. Оксидті көмірмен тотықсыздандырып, электролиздік әдіспен басқа қоспалардан тазартады. Никельге темір қосу арқылы әртүрлі магнитті материалдар алынады, кейбір металдарды никельмен қаптап ,коррозиядан қорғайды. Никель-тірі организм үшін де өте қажет микроэлеметтердің бірі.
Асыл газдар периодтық жүйеге қалай енді?
ХІХ ғасырдың соңында (1893 ж.)ағылшын физигі Джон Уильям Рэлей әртүрлі газдардың(сутегі,оттегі,азот) дәл салмақтарын өлшеп табумен шұғылданды.Ол лабораториясындағы өте дәл өлшейтін таразымен алғаш сутегі,оттегі салмақтарының дәлдігін анықтады.Рэлей азоттың салмағын өлшегенде кездейсоқ оқиғаға тап болды:сан рет қайталаған тәжірибеде ауадан бөліп алған азоттың 1 литрі 1,265г, ал қосылыстарынан (азотты қышқыл аммонийдан - NH4NO2) бөліп алынған азоттың 1 литрі 1,2507г болады.Мұнда бар болғаны 6 миллиграмдай ғана айырмашылық бар,бірақ еріксіз назар аударуға тура келіп,Рэлей Лондон қаласындағы химия профессоры ,өзінің досы Уильям Рамзайға жасаған тәжірибелері туралы толық баяндап береді. Мәселені екеулеп зерттеуге кіріседі.Физик Рэлей мен химик Рамзай әрқайсысы өз лабораториясында бір-біріне хабарласып,бір жылдай әртүрлі әдіспен жұмыс жасайды.Ең соңында ауаның және қосылыстардан бөліп алған азоттардың салмақ айырмашылықтарын табумен қатар ауа азотында жаңа газ немесе жаңа элемент бар деген тұжырымға келеді де Рэлей мен Рамзай ауадан жаңа табылған газбен әртүрлі химиялық тәжірибелер жасады.Жаңа газ жай заттардың ешқайсысымен әрекеттеспейтін болғандықтан,ол қосылыс түзбейтін элемент деген қорытындыға келеді.Рэлей мен Рамзай бұл газды (газ күйіндегі элемент)гректің argon , argos - әрекетсіз,жалқау,енжар деген сөзіне сәйкес аргон деп атады. Аргонның ашылған жылы-1894жыл,оны ашқан физик Рэлей мен химик Рамзай.Ал таза аргон тек 1898 жылы ғана алынды.
Аргон- түссіз,иіссіз,дәмсіз газ.Салғырт(инертті) газдар тобына жатады.
Аргон табиғатта тек бос күйінде кездеседі.Жер қыртысында 1,2·10-4%, теңіз суында -- 0,45·10-4%. Таралуы бойынша үшінші орындағы газ.Атмосфералық ауада көлем бойынша -0,93% аргон болады. (1м3 ауада 9,34 л ).Бұл шама ауа құрамында басқа инертті газдардың барлығын қоса есептеген шамадан асып кетеді.Ауа аргон алудың таусылмас көзі.Ауадағы табиғи аргон нуклидтерінің қоспасы құрамында 40Ar ең ауыр түрінің көп болатындығы назар аударады.Бұл 40Ar үнемі радиоактивті калий-40 ыдырауы нәтижесінде түзілетінін көрсетеді.Калий жер бетінде кең таралған элемент болғандықтан, атмосфералық ауада ауыр аргон біршама көп мөлшерде болады.
Аргонның табиғи изотопы құрамында ауыр аргон-40 басым болғандықтан,аргонның атомдық массасы периодтық кестеде өзінен кейін орналасқан калийден сәл ауыр болып келеді.Менделеев өзінің әйгілі периодтық кестесін жасаған кезде калий мен аргонды қалай орналастырамын деген мәселе туындаған жоқ,өйткені аргон периодтық заң ашылған соң 30 жылдан кейін ашылды да,(нөлінші топқа - ол кезде солай атаған) 20-ғасырдың басында орналастырылды.Қазіргі кезде аргон басқа инертті газдар тәрізді периодтық жүйенің сегізінші тобында орналасқан.
Аргон инертті немесе қорғаныш атмосферасын түзу үшін қолданылады. Аргон атмосферасында жартылай өткізгіш кристалдарын, өте таза материалдарды алу үшін қолданылады.Аргонмен электр лампыларын толтырады.Электр тогын шыны түтік арқылы жібергенде көгілдір түсті жарық түзетіндіктен жарнама лампыларын жасау үшін қолданылады.Ауыр изотопын минералдардың жасын анықтауда пайдаланады.Көкшіл аргон лазерлерін хирургияда артерияларды (күре тамырларды) тігу,ісіктерді алу және көздің ақауларын түзету үшін пайдаланады.Аргон газын ауада бүлінуі мүмкін ескі материалдарды немесе құжаттарды қорғау үшін қолданылады
Иод және оны медицинада пайдаланған кім?
Иодты 1811 жылы француз химик-технологы Бернар Куртуа кездейсоқ ашты.Оның әкесі селитра қайнатушы болатын.
Ол үш жыл бойы аптекада жұмыс істеп,химия дәрістерін тыңдауға,атақты француз химигі Фуркруа лабораториясында жұмыс істеуге рұқсат алды.Куртуа теңіз балдырларының күлін зерттеумен шұғылданды,ол кезде одан сода алатын.Ол күл қайнататын мыс қазандар тез істен шығып қалатынын байқады.Бірнеше мәрте тәжірибе жасаған соң,ол қолына екі колба алды,бірінде күкірт қышқылы мен темір бар,екіншісінде теңіз балдырының күлі мен спирт бар болатын.Сол сәтте оның иығында тыныш отырған мысығы секіріп түсті,екі колба да сынып, ішіндегі заттар араласып кетті.Куртуа ерітінділер төгілген жерден әдемі күлгін түсті түтін түзілгенін көрді.Кейіннен екі ерітіндіні қайта араластырғанда әдемі күлгін түсті будың пластинка тәрізді кристаллдар түрінде тұнба түзгенін көрді.Бұл - жаңа зат болатын.1813 жылы осы зат туралы ғылыми басылым шықты, ол зат туралы әр елдің химиктері зерттеулер жүргізді.Оның табиғатын анықтады.Атақты ғалым Гей-Люссак жаңа элементті иод (грекше -фиалка гүліне ұқсас,күлгін) деп атады.
Иодтың медицинада қолданылу тарихы ғасырлар тереңінде жатыр деген болжам бар.Біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жылдықта Қытайда құрамында иод бар заттардың емдік қасиеті бар деп есептеген.Емшілер иодты теңіз губкалары мен балдырларынан бөліп алып,жараның тез жазылуы және іріңдемес үшін ауырған жерлеріне шүберекпен шылап алып таңған.
Иодтың антисептикалық-микробқа қарсы қасиетіне бола хирургияда алғаш қолданған француз дәрігері Буанэ.Иодтың дәрілік қарапайым формалары-сулы және спиртті ерітіндісі ұзақ уақыт хирургияда қолданыста болмады.Тек 1865-1866 жылдары атақты орыс хирургі Н.И.Пирогов иод тұнбасын жараны емдеуде қолданды.Ол құрамында иод бар препараттардың ауру туғызатын бактерияларды, саңырауқұлақтарды жоятын,қабынуға қарсы тұратын қасиеттері бар екендігін айтты.
1904 жылы орыстың әскери дәрігері Н.Филончиков өзінің Хирургияда иодтың сулы ерітіндісі-антисептикалық сұйықтық деген еңбегін жазып,иодтың операцияға дайындауда үлкен маңызы бар екендігіне барлық медиктердің назарын аударды.
Шіркеу қызметшісі,философ,ғалым П.А.Флоренский -1934 жылы иодты балдырлардан бөліп алу үшін өзі ойлап тапқан ерекше қондырғыны ұсынды.Ол иод көптеген ауруларды жазуға көмектеседі деді.Мысалы,ол иодтың спирттегі ерітіндісін сүтке 2-3тамшы тамызып ішіп отырса,тұмаудың алдын алуға болады деді.
Адам ағзасында жалпы мөлшері 25 мг иод (әр түрлі қосылыстардың құрамында)кездеседі және оның жартысына жуығы қалқанша безде болады. Қалқанша без бен адамның барлық ағзасында иодтың атом(молекула) саны:
0.0005∙1023 немесе 5∙ 1019
Көрінбейтін жау.
Геологиялық топ радиоактивті жыныстар мен минералдарға барлау жүргізіп, Алтай аймағының таулы жерлеріндегі кішірек бір үңгірге тоқтады.Барлық үш геолог пен дозиметрист қатты шаршағандықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекінің адам денсаулығына зияны
Мектеп физика курсында жарықтың ортамен және заттармен өзара әсерін оқытудың әдістемесі
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Қазіргі мектепте оқытудың ойын әдістері
Кванттық теорияны философиялық талдау
Өлшемдік эффекттердің наноматериалдар қасиеттеріне әсері
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері
Оқушылар білімін бақылау
KAZZINC ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ
Темекінің жүрек-тамыр жүйесіне әсері
Пәндер