Тұтынуға шекті және орташа бейімділіктің теориялық аспектілері. Қазіргі кедейшілік жағдайы мен тұтыну бюджетін мемлекеттік реттелуін талдау


Кіріспе
Қазақстан Рсепубликасындағы нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс - бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды.
Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.
Ең төмен деңгейдегі тұтыну бюджеті - адамның физиологиялық және әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығын сатып алуға жұмсалатын шығын. Халықтың тұрмыс деңгейінің өзгеруін болжау‚ оның ең аз қорғалған топтарын әлеуметтік жағынан қорғау мен қолдауды күшейту‚ еңбекке ақы төлеудің‚ зейнетақының‚ шәкіртақының‚ жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау‚ халыққа көмек көрсетудің әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу‚ азаматтардың тұтынуын ғылыми тұрғыда негізделген деңгейге кезең-кезеңмен жақындатуды қамтамасыз ететін халық шарушылының үйлесімділіктері мен басым бағыттары жүйесін қалыптастыру үшін әлеуметтік нормативретінде пайдаланылады. Ол түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарға арналып халықтың жан басына және түрлі құрамдағы отбасының бір мүшесіне шаққандағы орта есеппен әзірленеді. Оның заттық құрылымы тұтыну қоржыны жүйесі негізінде нормативтік әдіспен қалыптасады‚ ал құндық шамасы сауданың барлық түрлерінде тиісті тауарлар мен қызметтерді сатып алудың орташа бағасын басшылыққа ала отырып айқындалады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықтық экономикада тұтынушылар, олардың талғамы, осы арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын ескерiп өту болып табылады.
Бұл тақырыпта еңбек еткен экономикалық ғалымдарға тоқталатын болсақ, бұл теорияның сандық (координалистiк) талдау бағыттың өкiлдерi XX ғ. 70-жылдарындағы Джевонс, К. Менгер, Валрас және А. Маршалды айтсақ, ал тұтынушылардың талғамындағы реттiлiк ( ординалиситiк) баптың өкiлдерi Эджуард, Ориэта, Фишер және бұл теорияны аяқтаған Аллен және Хикстi айтуға болады.
Сондай-ақ бұл тақырыпта микроэкономика деңгейiнде еңбек еткен ғалымдар Долан Э. Дж., Пиндайк Р. және Н. Мэнкюдi ерекше атап өтуге болады.
Ал отандық экономикада бұл тақырыпқа экономикалық теория және микроэкономика деңгейiнде өз еңбектерi арқылы үлесiн қосып жүрген экономист-ғалымдар Әубәкiров Я. А., Мұхамедиев Б. М., Мамыров Н. Қ және т. б. жас ғалымдарымызды атап өтуiмiзге болады.
1 Тұтынуға шекті және орташа бейімділіктің теориялық аспектілері
1. 1 Тұтынуға шекті және орташа бейімділіктің мәні
Макродеңгейдегі тұтынушы таңдауы экономикалық субъектінің өз табысын бөлудегі шешіміне байланысты: қандай бөлігін бүгін жұмсау қажет, ал қаншасын болашаққа сақтап қою керек.
Тұтынудың әртүрлі теориялары қалыптасқан. Дж. Кейнс тұжырымдамасы бойынша тұтынудың көлемі мен құрылымын қолда қалатын табыс анықтайды. Мұндағы қолда қалатын табыс Y d = (Y - T), яғни табыс минус салықтар.
Тұтыну функциясының Кейнстік өрнегі: С = С (Y - T), мұнда: C - тұтыну шығындары; Y - жеке табыс; T - салықтар.
Кейнстің классикалық мектеп өкілдерінен айырмашылығы, оның ойынша адамдардың өз табыстарын тұтыну мен қор жинағына бөлуі пайыз мөлшерлемесіне емес олардың талғамына байланысты. Осы тұжырымдама негізінде Кейнс адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін негізгі психологиялық заңды ашты. Ол заң бойынша: «адамдар табыстары өскен сайын тұтынуды көбейтуге бейім, бірақ оның көлемі өскен табыстың көлеміндей болмайды». (Кейнс Дж. М. Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы. М. : Прогресс, 1978г. 157 бет) . Яғни табыс өскен сайын тұтынуға бейімділік төмендейді, ал қор жинағына бейімділік артады. Тұтыну мен қор жинағы функциялары 13-суретте берілген.
Психологиялық фактор тұтынуға шекті бейімділік пен тұтынуға орташа бейімділік негізінде қарастырылады.
Тұтынуға шекті бейімділік (MPC) - қолдағы табыстың қосымша бірлігінің тұтынуға жұмсалатын бөлігі (пайызбен),
MPC = ∆C/∆Y d,
мұнда: MPC - тұтынуға шекті бейімділік;
∆C - тұтыну көлемінің өзгерісі;
∆Y d - қолда қалатын табыс өзгерісі.
Тұтынуға орташа бейімділік (APC) - жалпы табыстың тұтынуға жұмсалатын бөлігі (пайызбен),
APC = C/Y d,
мұнда: APC - тұтынуға орташа бейімділік;
C - тұтыну шығындарының көлемі;
Y d - қолда қалатын табыс көлемі.
Қор жинағына шекті бейімділік (MPS) - қолдағы табыстың қосымша бірлігінің қор жинағына жұмсалатын бөлігі (пайызбен),
MPS = ∆S/∆Y d,
мұнда: MP S - қор жинағына шекті бейімділік;
∆S - қор жинағының өзгерісі;
∆Y d - қолда қалатын табыс өзгерісі.
Қор жинағына орташа бейімділік (APS) - жалпы табыстың қор жинағына жұмсалатын бөлігі (пайызбен)
AP S = S/ Y d,
мұнда: APS - қор жинағына орташа бейімділік;
S - қор жинағының көлемі;
Y d - қолда қалатын табыс.
Тұтынуға шекті бейімділік пен қор жинағына шекті бейімділік қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға және қаншасы қор жинағына жұмсалатынын көрсетеді. Сондықтан олардың қосындысы 1-ге тең болады: MPC + MP S = 1.
Тұтыну мен қор жинағы функциялары оң көлбеулі орналасады. Егер қолда бар табыс пен тұтыну шығындары тең болса, онда тұтыну қисығы 45 градуста болады. Нақты өмірде табыстың бір бөлігі қор жинағына жұмсалуы мүмкін. Сондықтан тұтыну қисығы одан төмен орналасады.
Тұтыну мен қор жинағы бір табыстың екі бөлігін құрайтындықтан қор жинағының қисығын тұтыну қисығының «айнадағы көрінісі» ретінде қарастыруға болады. Табыс Үо-ден төмен болғанда (Е нүктесінің сол жағы) тұтыну қолда бар табыстан артады. Төменгі графикте бұл жағдай «теріс қор жинағына» сәйкес келеді. Е нүктесінде тұтыну мен табыс теңеседі, қор жинағы нөлге тең.
Табыс Үо-ден жоғары болғанда (Е нүктесінің оң жағы) тұтыну қолда бар табыстан төмен болады. Бұл жағдайда табыстың бір бөлігін сақтап қоюға мүмкіндік туады.
С
Е С
С 0
0 Үо Ү
S
Е
0 + Үо Ү
-
14-сурет Тұтыну мен қор жинағы функциялары
Тұтыну және қор жинағына әсер ететін негізгі фактор табыс көлемі.
Табыс деңгейі өзгергенде тұтыну мен қор жинағының өзгерісі С және S қисықтарының бойында орналасады.
Тұтыну және қор жинағы қисықтарының оңға (төмен) немесе солға (жоғары) жылжуына әсер ететін факторлар:
1. Үй шаруашылығында жиналған байлық.
2. Баға деңгейі.
3. Болашақты күту.
4. Тұтынушы қарыздарының көлемі.
5. Салық салу деңгейі.
Сонымен тұтыну функциясының Кейнстік өрнегі: С = а + в (Y-T)
мұнда: а - автономды тұтыну (қолда бар табысқа байланысты емес) ;
в - тұтынуға шекті бейімділік.
Қор жинағының қарапайым функциясы:
S = - a + ( 1 - b ) (Y - T),
мұнда: S - жеке меншік сектордағы қор жинағы;
(1 - в) - қор жинағына шекті бейімділік.
Кейнстің теориясы 1942 жылы 1929-1941 жылдардағы статистикалық деректерде тексерілді. Осы мәліметтер негізінде алынған тұтыну функциясы былайша көрініс тапты:
С = 47, 6 + 0, 73 (Y - T) .
Ғалымдардың зерттеулері бойынша бұл өрнек тек қысқа мерзім кезеңіне сәйкес келді.
1946 жылы американ экономисі Сайман Кузнец 1869-1940 жылдардағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: ұзақ мерзім кезеңінде табыс өскенде тұтынуға орташа бейімділік тұрақты болады. Бұл жаңалық ұзақ жылдар бойы зерттеушілер үшін жұмбақ болып келді.
Қорытындыласақ, қысқа мерзім кезеңінде қолда бар табыс өскен сайын тұтынуға орташа бейімділік (APС) кемиді, ал қор жинағына орташа бейімділік (APS) өседі, яғни қолда бар табыс өскенде тұтынуға жұмсалатын шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзім кезеңінде тұтынуға орташа бейімділік тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтілетін тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.
1. 2 Халықтың материялдық әл-ауқаты
«Өмір сүру деңгейі» түсінігінің өте күрделілігі мен көп қырлылығы оның әлеуметтік тұрғыдан маңыздылығында болып табылады. Олай болса, зерттеліп отырған экономикалық категорияның әлеуметтік астары халықтың аз қамтылған (тұрмысы нашарлар), ең аухатты, жұмыс беруші мен жұмысшылардың, зейнеткерлердің, жанұяның және нақты адамның өмір сүру деңгейлерін қарастырады. Аталғандарға көрнекілік беру үшін оларды топтастырып, сызба ретінде келтірдік. Ол төмендегі сызбада.
Сурет 1 -Әлеуметтік топтарды саралау сызбасы
Осылайша, біздің ойымызша, «өмір сүру деңгейі» - адамның тұтынуға байланысты игіліктерін қанағаттандыру мақсатында біріңғай негізге сүйене отырып, өмір сапасын арттыру болып табылады. Осы пікіріміз дәлелді болу үшін келесі сызбаны келтіруді жөн көрдік.
Сурет 2 - Өмір сүруде адамның әл-аухат құрылымы
Сонымен бірге, республикамызда өмір сүру деңгейін бағалау үшін 11 негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлар негізге алынады, олар
- үй шаруашылықтарың жалпы түзетілген табысы: халықтың жан басына шаққандағы жалпы түзетілген табысы және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
- үй шаруашылықтарының нақты түпкілікті тұтынуы: жан басына шаққанда және өткен жылға пайызбен;
- жан басына шаққандағы айлық ақшалай табыс;
- жан басына шаққандағы халықтың нақты қолда бар ақшалай табыстары, өткен жылға пайызбен;
- айына 1 жұмысшының атаулы жалақысы;
- өткен жылға пайызбен 1 жұмысшының нақты жалақысы;
- есептелген айлық зейнетақының орташа мөлшері;
- өткен жылға пайызбен зейнетақының нақты мөлшері;
- айына жан басына шаққандағы күнкөріс шегі;
- айына еңбек ақының ең төменгі мөлшері;
- айына зейнетақының ең төменгі мөлшері.
Халықтың өмір сүру деңгейін анықтау күрделі процесс, әйтседе, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесінде халықтың табыстары мен шығыстарының құрылымын, табыс бойынша саралануын, әр түрлі әлеуметтік топтар табысының сатып алу қабілеттілігін, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынуды қанағаттандыру деңгейін есепке алу маңызды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде өмір сапасы мен оның деңгейін толық және кешенді қамтитын, мәнін түсіндіретін, өмір сүруді бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Логикалық бірізділікпен қалыптасқан осы жүйе төмендегідей көрсеткіштер топтамасынан құралады:
- жалпыланған көрсеткіштер;
- халықтың табыстары;
- халықтың шығыстары мен тұтынуы;
- жинақталған мүлік пен тұрғын-үй;
- әлеуметтік қорғау жүйесі;
- әлеуметтік сала;
- қоршаған орта;
- халықтың әлеуметтік саралануы.
Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, «өмір сүру деңгейінің» құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың «өмір сүру деңгейі» түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады. Ол:
- әлеуметтік қамсыздандыру;
- зейнетақыны, жәрдемақыны, қарттарға, балаларға, ауруларға материалдық көмек беру жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қамту;
- ең төменгі: күнкөріс деңгейі (кедейшілік шегі), тұтыну бюджеті, жалақы, зейнетақы мөлшері, жалақының сатып алу қабілеттілігі, зейнетақының сатып алу қабілеттілігі, кедейшілік коэффициенті мен деңгейі, табыс тапшылығы, кедейшіліктің әлеуметтік портреті сияқты индикаторлардан тұрады. Мақсат: мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, өмір сапасын көтеру.
Әлеуметтік сала көрсеткіштері адамның өмір сүру деңгейін ғана емес, сонымен бірге өмір қалпын да анықтайды. Олар келесілер:
- білім беру (мектепке дейінгі, жалпы білім беру мекемелерінің, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі) ;
- мәдениет пен өнер (мәдениет пен өнер мекемелерінің жұмысын сипаттайтын, сонымен бірге кітап, журнал, газет өнімдері басылуын көрсететін көрсеткіштер жүйесі) ;
- денсаулық сақтау (денсаулық сақтау статистикасының, халықтың ауыруының, мүгедектіктің, өндірістік жарақат алудың көрсеткіштер жүйесі) ;
- туризм, демалу, дене шынықтыру және спорт (санаториялық-курорттық мекемелердің, демалыс және туризм мекемелерінің, спорттық мекемелер желісінің жағдайын, дамуын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі) ;
- коммуналдық шараушылық (халықты сумен, жылумен, газбен, қонақ үй және басқа да жабдықталуымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі) ;
- ақылы қызметтер (халыққа әр түрлі қызметтерді ұсынуды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі: тұрмыстық қызметтер, жолаушылық көліктер, байланыс, құқықтық қызметтер, банк қызметтері және т. б. )
1. 3 Қазакстандағы тұтыну бюджетін мемлекеттік реттеу
Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат - бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
- Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
- Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.
- Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
- Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
- Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.
- Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық
үй т. б. ) дамыту.
- Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:
- құқықтық реттеу - бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
- қаржы- несиелік реттеу - қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т. б. )
- жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
Жалақының минималды көлемі - квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
Зейнетақының минималды деңгейі - нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі; .
- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;
- кедейшілік - еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: Өмірге келу; Өмірден кету; Өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; Азық-түлікті тұтыну; Тұрғын үй жағдайы; Жұмысбастылық; Білім деңгейі немесе сауаттылық; Мәдениеттілік деңгейі; Демалыс; Көлікпен қамтамасыз етілуі; Адам құқықтарының қорғалуы.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.
Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz