Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Аннуитеттік сақтандыру түсінігі және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Аннуитеттік сақтандыру шартының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 5
1.3. Аннуитеттік сақтандыру шартының субъектісі және объектісі ... ... ... ... 9
1.4. Аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша төлем өтеу мөлшері және тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5. Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде ... ... ... .15
2 тарау. Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Сақтандыру адам пайда болған кезден бастап дамып келеді. Сақтандырудың қалыптасуы әр түрлі сатырлардан өтіп қазіргі жағдайларына жетті десек болады. Қазіргі жағдайда сақтандыру – бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Сақтандыру шарты қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да белгілі бір уақиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты универсалды қорғау құралы болып табылады. Ал сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет. Республикада жаңа сақтандыру нарығы қалыптасуда, мұнда бірінші орында ерікті сақтандыру, әлеуметтік сақтандырудың түрі бойынша мемлекеттік міндетті сақтандыру түрлері еңгізілді.
Осы курстық жұмыстың мақсаты аннутеттік сақтандыру пәнін, жалпы сипаттамасын зерттеу. Осыдан шығатын міндеттер:
а) аннуитеттік сақтандыру шарттың сипаттамасы;
ә) шарттан туындайтын міндеттемелер мазмұны;
б) шарттың өзекті мәселелері мен оны болашақта тәжірибеде қолдану.
Мен өзімнің курстық жұмысымда сақтандыру мәнін, жалпы сақтандырудың мазмұнын ашуға, оның тек қазіргі заманда ғана емес, келешекте же өз маңыздылығын жоғалтпайтының көрсетуге тырыстым. Сақтандыру шартының адамның әр минутында оның психологиялық, материалды, әлеуметтік жағдайының қалыпты болуына әсер етуге қатысты болатындығы көрсеткім келді.
Аннуитеттік сақтандыруды жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімдірек ұсыныстары, оның өзеліктігін төмендетуіне әкеп соқтыратын секілді, алайда көп дау тудыратын мәселелердің бірі болып – аннуитеттік сақтандыру шартын құқықтық табиғаты және азаматтық-құқықтық мәмілелер жүйесіндегі алатын орны туралы мәселелер табылады. Қазіргі кезде бұл мәселелерге ғылыми публикациялар арналған.
Аннуитеттік сақтандыру қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі мен жаңалылығы, әлеуметтік маңыздылығы қолданыстағы заңнаманың бірқатар жетілдіруді қажет етуі курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты аннуитеттік сақтандыру теориялық және құқықтық аспектілерін ашу, қазіргі экономикалық жағдайда оның негізгі рөлі, өзге әлеуметтік сақтандыру құралдары алдында артықшылығы, сонымен бірге халықаралық тәжірибедегі ұйымдастырудағы тиімді жолдарын қарастыру.
1. Худяков А.И. Страховое право Республики Казахстан. – Алматы: Жетi Жарғы, 1997
2. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Страхование. – Санкт-Петербург, 2002.
3. Страховое дело. Август, 2001
4. Оскар Лер. // Жас Алаш. Шілде, 2003.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс // Юрист, 2005.
6. Страховое право. / Под редакцией Шахова. – Москва, 2003.
7. Худяков А.И. Страховое право. – Санкт-Петербург, 2001.
8. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Гражданское право. Том II. – Алматы, 2002
9. Төлеуғалиев Ғ.И. ҚР Азаматтық құқығы. I том. – Алматы: Жетi Жарғы, 2001. – С.15
10. Страхование от «А» до «Я». / Под ред. Корчевской Л.И. и Турбиной К.Е. – Москва: ИНФРА, 1996.
11. Қағазов О. Қазақстан Республиқасы сақтандыру құқығы. – Алматы, 2004.
12. Гекко М.Н. Договор страхования по законодательству Республики Казахстан. Автореферат. – Алматы, 2003.
13. Гражданское право. / Под.ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. – l М.,2002. – С.254
14. Сман Б. Ө. Сақтандыру құқықтық қатынастарын мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру. Автореферат. – Алматы, 2003.
15. Брагинский М.И. Договор страхования. – Москва: Статут, 2000.
16. «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 3аңы.
17. Жайлин F.A. Азаматтық құқық. Ерекше бөлiм. – Алматы: 3аң әдебиетi, 2003.
18. Егемен Қазақстан. 28 ақпан 2006. – 11-12 беттер.
19. Тулеугалиев Г.И., Муленов К.С. Гражданское право Республики
20. Казахстан (общая часть) // Учебное пособие. – А., 1998. – 406-415 с.
21. Шынғыс Мұқан. Қазақтың сақтандыру жүйесi. // Жас Алаш. – 2003, 3 шiлде №79.
22. Оскар Лер. Страховое законадательство Республики Казахстан. // Бухгалтер. – 1999, №12.
23. Сман Б.Ө. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы сақтандыру шарты. // КазНУ. Заң сериясы. – №4 (25).
24. «Еңбек /қызмет/ мiндеттерiн орындау барысында жұмыскердiң денсаулығы мен өміріне келтiрiлген залалды жұмыc берушiнiң сақтандыру мiндетi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 483 қаулысы.
25. Жуйриков Кеңес. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. – Алматы: ОФ «БИС», 2000.
26. Найманбаев С.М. Сақтандыру құқығы. Алматы Жеті жарғы, 2007.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Аннуитеттік сақтандыру түсінігі және даму тарихы ... ... ...
... ... ... ... ... 4
1.2. Аннуитеттік сақтандыру шартының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 5
1.3. Аннуитеттік сақтандыру шартының субъектісі және
объектісі ... ... ... ... 9
1.4. Аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша төлем өтеу мөлшері және
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.5. Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры
ретінде ... ... ... .15
2 тарау. Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...20

Пайданылған әдебиеттер
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..22

КІРІСПЕ

Сақтандыру адам пайда болған кезден бастап дамып келеді. Сақтандырудың
қалыптасуы әр түрлі сатырлардан өтіп қазіргі жағдайларына жетті десек
болады. Қазіргі жағдайда сақтандыру – бұл өмірдің әр түрлі салаларында
барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен
азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Сақтандыру шарты қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың
да белгілі бір уақиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты
универсалды қорғау құралы болып табылады. Ал сақтандыру жүйесі республика
экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін
қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер мүлкін
сақтандыруға әсер етуі қажет. Республикада жаңа сақтандыру нарығы
қалыптасуда, мұнда бірінші орында ерікті сақтандыру, әлеуметтік
сақтандырудың түрі бойынша мемлекеттік міндетті сақтандыру түрлері
еңгізілді.
Осы курстық жұмыстың мақсаты аннутеттік сақтандыру пәнін, жалпы
сипаттамасын зерттеу. Осыдан шығатын міндеттер:
а) аннуитеттік сақтандыру шарттың сипаттамасы;
ә) шарттан туындайтын міндеттемелер мазмұны;
б) шарттың өзекті мәселелері мен оны болашақта тәжірибеде қолдану.
Мен өзімнің курстық жұмысымда сақтандыру мәнін, жалпы сақтандырудың
мазмұнын ашуға, оның тек қазіргі заманда ғана емес, келешекте же өз
маңыздылығын жоғалтпайтының көрсетуге тырыстым. Сақтандыру шартының адамның
әр минутында оның психологиялық, материалды, әлеуметтік жағдайының қалыпты
болуына әсер етуге қатысты болатындығы көрсеткім келді.
Аннуитеттік сақтандыруды жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімдірек
ұсыныстары, оның өзеліктігін төмендетуіне әкеп соқтыратын секілді, алайда
көп дау тудыратын мәселелердің бірі болып – аннуитеттік сақтандыру шартын
құқықтық табиғаты және азаматтық-құқықтық мәмілелер жүйесіндегі алатын орны
туралы мәселелер табылады. Қазіргі кезде бұл мәселелерге ғылыми
публикациялар арналған.
Аннуитеттік сақтандыру қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі мен
жаңалылығы, әлеуметтік маңыздылығы қолданыстағы заңнаманың бірқатар
жетілдіруді қажет етуі курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты аннуитеттік сақтандыру теориялық және
құқықтық аспектілерін ашу, қазіргі экономикалық жағдайда оның негізгі рөлі,
өзге әлеуметтік сақтандыру құралдары алдында артықшылығы, сонымен бірге
халықаралық тәжірибедегі ұйымдастырудағы тиімді жолдарын қарастыру.

1 Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде

1.1 Аннуитеттік сақтандыру түсінігі және даму тарихы

Сақтандыру – сақтандырушымен сақтанушылар төлейтін сыйлықақылар мен
заңмен тыйым салынбаған басқа қайнар көздерінен құрылатын ақшалық қорлардаң
сақтандыру төлемдерін төлеумен белгілі сақтандыру жағдайы туған кезде жеке
және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүліктік қорғалуы бойынша
қатынасы (Сақтандыру туралы ҚР Заңы).
Аннуитеттік сақтандыру – скақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына
байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған
жағдайларда немесе сақтандырушының жеке табыстарының келуіне немесе одан
айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде
кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Қоғамда уақыт өткен сайын сақтандыру жүйесi де дамып келеді. Сондықтан
мен мына аталған заңға қысқаша тоқталып eткім келiп отыр. Ол: Еңбек
мiндеттерiн орындау барысында жұмыскердiң денсаулығы мен өміріне
келтiрiлген залалды жұмыc берушiнiң сақтандыру мiндетi туралы заң жобасы.
Еңбек мiндеттерiн орындау барысында жұмыскердiң денсаулығы мен өміріне
келтiрiлген залалды жұмыc берушiнiң сақтандыру мiндетi туралы заң жобасын
сараптап келетiн болсақ, ол императивтiк әдісте болып келедi. Осы заңға
сәйкес шартта тараптардың реквизиттері, сақтандыру нысанын көрсету;
сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасының мөлшерi, сақтандыру төлемдерiн
жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi, сақтандыру жарналарының мөлшерi
және төлеу тәртiбi; тараптардың құқықтары мен міндеттері, міндетті
сақтандыру шартының жасалған күні мен қолдану мерзiмi қамтылуы тиiс. Шарт
тараптардың келiсiмi бойынша заңға сәйкес жасалады. Осы заңның 18 бабы
бойынша қызметкердi еңбек ету қабiлетiнен айырылуын куәландырудың тәртiбi
көрсетiлген. Мұнда қызметкер еңбек қабiлетiнен айрылу өндiрiспен байланысты
болған кезде ол заңға сәйкес белгiленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым
оқиға туралы aктімен ресiмделедi. Сонымен бiрге жазатайым оқиға немесе
кәсiби ауру салдарынан еңбек (кәсiби немесе жалпы) қабiлетiнен айрылу
дәрежесiн белгiлеу үшiн қызметкердiң куәландырудың, сондай-ак: қосымша
көмек пен күтімге мұқтаждығын белгiлеудiң тәртiбiн еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкілетті орган азаматтардың денсаулығын
сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.
Аннуиттеттік сақтандыру – сақтандырылушы адамның түрлі жағдайға
байланысты еңбек ету қабілетін жоғарлатуы, асыраушының қайтыс болуы,
жұмыссыз қалуы сияқты жағдайларда, зейнетақы немесе рента түрінде төленетін
сақтандыру түрі.
2005 жылға дейін адам өмірін сақтандыруды түгелдей дерлік мемлекет
жүзеге асырды. Ал қазір сақтандыру жүйесі жаңа әлемдік стандарт бойынша
бағдар ұстамақ. Аннуитет сол стандарттардың бірі. Оған сәйкес, жұмыс беруші
аннуитеттік компаниямен аннуитет шартын қызметкердің немесе қызметкер
қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаның пайдасына
жасасады. Яғни, егер сақтандырушы қайтыс болып немесе денсаулығына зиян
келгенде, оған немесе оның отбасына зейнетақы немесе рента төленеді.
Бұл заң қолданысқа 2005 жылы қаңтардан бастап енгiзiледi. Тұжырымдай
келе әрбiр жұмыc берушi өз қызметшін қызмет мiндеттерiн орындау барысында
жұмыскердiң денсаулығы мен өміріне келтiрiлген залалды жұмыc берушiнiң
сақтандыру мiндеттi.

1.2 Аннуитеттік сақтандыру шартының жалпы сипаттамасы

Сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандырудық жүрегi болып табылады.
Сақтандыру көбiнесе шарт түрiнде жасалады. Сақтандырудық шартсыз түрлерi де
бар, осындай жағдайда қатысушы жақтардың құқықтары мен мiндеттерi тiкелей
нормативтi aктімен белгiленедi. Бiрақ нарықтық экономика заманында
сақтандырудың басым белiгi шарт түрінде жасалынады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде сақтандыру шартының мынадай
анықтамасы берiлген:
Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын
төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру
сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге мiндеттенедi. [11]
Аннуитеттiк сақтандыру шарты туралы айтқанда оның мынадай белгiлерiн
атап өтуге болады:
а) өтелмелiк – сақтандыру негiзiн құрайтын сақтандыру қорғанысы
сақтандырушымен сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысы түрiндегi төлем үшiн
берiледi;
ә) екiжақтылық – шарттың қатысушы жақтары болып екі субъект табылады:
сақтанушы және сақтандырушы, ал сақтандыру шартының талаптары бұл жерде екі
жақтық да өздерiне тиесiлi субъективтiк құқықтары мен мiндеттерiн, демек,
олардың ақылдасқан айтылған epкін бiлдiредi;
б) мерзiмдiлiк – сақтандыру шартының әрекет ету мерзiмi туралы талап
сақтандыру шартының мiндеттi талабы болып табылады.
Аннуитеттiк caқтaндыpy шартының нақты ма, әлде консенсуалды ма eкенін
анықтау үшiн сақтандыру шартының қай кезден бастып жасасқ\ан деп
есептелетінін анықтау керек. Ол Азаматтық кодекстiң 827-бабында бекiтiлген:

Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының төлеген кезден
бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартrа немесе мiндетri
сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру
жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi
болады.
Жазылғынға қарағанда аннуитентriк сақтандыру шарты нақты шартrар
қатарына жататындығын көреміз. Бiрақ кодекстiң өзінде көрсетіліп отырғандай
шарт кей жағдайларда консенсуалды болуы да мүмкін. Осы жағдайда, егер
сақтандыру жағдайы сақтандыру сыйлықақысын төлеуден бұрын пайда болса да,
сақтандырушы сақьанушыға сақтандыру төлемін төлеуге мiндетri болады.
Жинақтаушы сақтандыру шарты тек сақтандырылушы тұлғаның жеке басына
басына жасалуы ықтимал. Сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде
пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін
жүзеге асыруға міндеттей тін аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтаушы
сақтандыру шарттарының қатарына жатады. Аннуитеттік сақтандыру сақтанушының
не сақтандырылған тұлғаның көзделген белгілі бір жасқа жетуіне не
сақтандыру шартында белгіленген мерзімге жетуіне орай сақтандырушының
сақтанушыға (сақтандырылғанға) қатысты сақтандыру қорғауын
(қамсыздандырылуын) қамтамасыз ету мақсатында тиісті мөлшердегі сақтандыру
төлемдерін әр ай сайын (тоқсан сайын, жыл сайын) жүзеге асры жөніндегі
міндеттемелеріне байланысты болады. Аннуитеттік сақтандыру барсында
сақтаншы сақтандырушыға тиесілі келісілген сақтандыру сыйлықақысын бір
уақытта әрі толық көлемде немесе шартта белгіленген мерзім ішінде бөліп-
бөліп төлеуге ат салысады. Осындай біруақытта төленетін сақтандыру
сыйлықақысының сомасы не бөліп-бөліп жүзеге асырылатын сақтандыру
жарнасының сомасы сақтандыру сомасынан аз болады. Өйткені сақтандыру
компаниясының қарамағындағы сақтандыру сомасының қаражаттары қосымша кіріс
алу барысында инвестицияланады. Осыған байланысты сақтандыру тарифі
инвестицияланған қаражаттардан түскен кірістер шамасына азайтылады.
Сақтандырылған тұлға сақтандыру компаниясы пайдаланып жатқан сақтандыру
сомасынан ұдайы төлемдер нысанындағы рентаны алып отырады.
Аннуитеттiк сақтандыру шарты мiндеттi түрде жазбаша нысанда жасалады.
Жазбаша шарттың нысаны сақтандырушымен немесе қатысушы жақтардың
келiсiмiмен анықталады [12].
Аннуитеттiк сақтандыру шартының жазбаша нысаны eкi түрлi жолмен жасалуы
мүмкін:
тараптардың бiр құжат жасауы арқылы;
сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген
үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қocy және сақтандырушының
сақтанушыға сақтандыру полисiн беру.
Сонымен қатаp сақтандыру тараптардың шарт жасауға өз еркімен
келiскендiгiн және оның барлық елеулi талаптары бойынша келiсiмге қол
жеткiзгендiгiн құжатпен pacтауғa мүмкiндiк беретiн өзге де әдiспен
жасалады.
Кез келген шарттың сонымен қоса, аннуитеттiк сақтандыру шартының да
талаптарын маңызды немесе маңызды емес деп eкігe бөлу қарастырылған.
Маңызда талаптар деп қатысушы жақтар келiсiмге келуi қажет талаптарды
айтады. Егер қатысушы жақтар олар жайлы келiсiмге келе алмаса, шарт
жасаспаған деп саналады.
Аннуитеттiк сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен
сақтандырушының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне назар аудара отырып
көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал
сақтандырушы олардың төленуiн талап етуге құқылы. Тиiсiнше (өз кезегiнде)
сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемiн жасау бойынша мiндетi
орындалуын талап ете алады.
Шартты рәсiмдеушi құжаттар қатысушы жақтардын; epкін бiлдiру керек,
қатысушы жақтардың келісімге келгені туралы куәландыру керек және
сақтандыру талаптарын шартта бекiту керек.
Шарттың жазбаша нысанын дұрыc құрастырмау шарттың заңсыз деп саналуына
әкеп соғады. Ал оны дұpыc құрастырy үшiн сақтандыру шартында мыналар болуы
тиiс:
- сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
- сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тeгi, аты, әкесiнiң аты (егер
бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы,
орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
- сақтандыру объектiсiн көрсету;
- сақтандыру жағдайын көрсету;
- сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен
мерзімдері;
- сақтандыру сыйлықаысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен
мерзімдері;
- шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;
- егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған
адам мен пайда алушы туралы көрсету;
- шарттың (сақтандыру полисiнiң) нөмері, сериясы;
- шарттың талаптарына өзгерiстер енгiзу жағдайлары мен тәртiбi;
- сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және
оның мөлшері.
Осының бәрi көрсетілген аннутиеттік сақтандыру шарты заңды деп саналып,
сақтанушыға сақтандыру қорғауын беретiн ресми құжат деп саналады.
Сақтандыру ережелерi сақтандырушымен сақтандырудың әр түpi үшiн бөлек
дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргiзуi үшiн лицензияны
(рұқсатты) беру құқығы өкiлеттi мемлекеттік органымен келiсуге жатқызылады.
Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда
басшлылыққа сақтандыру ережелерiндегi жағдайлар алынуы тиic.
Аннуитеттiк сақтандыру ережелерi мыналарды қарастыруы керек:
аннуитеттiк сақтандыру объектiлерiнiң тiзiмiн;
2) аннуитеттiк сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртiбiн;
3) аннуитеттік сақтандыру тәуекелдерді;
4) аннуитеттік сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және
сақтандыруға шек қоюлар;
аннуитеттiк сақтандыру шарты қолданылуының мерзiмi мен орнын;
аннуитеттiк сақтандыру шартын жасаудың тәртiбiн;
тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
сақтандыру жағдайы oрын алғандағы сақтанушы жасауы тиic әрекеттердi;
сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;
10) сақтандыру төлемдерiн жасаудың жағдайлары мен тәртiбiн;
11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiнен бас тарту жөнінде
шешiм қабылдау мерзiмiн;
аннуитеттiк сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуын;
дауларды шешудiң тәртiбiн;
сақтандыру тарифтерiн және оларды экономикалық егіздеу;
ерекше жағдайлар.
Сақтандыру ережелерiндегi жағдайларды сақтандьrpудың әдет ғұрып
нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнiң 825-1-бабының 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейдi.
Келiсім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайларды
eскepeтін сақтандыру шарты жасалуы мүмкін. Қосымша жағдайлар үш еседен көп
қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белriлi
түpi бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар
сақтандырушының тұрақтанған тәжiрибесiнің бөлiгi ретiнде қарастырылады.
Аннуитеттiк сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық.
3аңнамадағы анықтамасына сәйкес аннуитеттік сақтандыру шарты консенсуалды
болыл қаралады. Бiрақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 827-
бабына сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген
кезден бастап, ал оны бөлiп – бөлiп төлеу қарастырылса бiрiншi сақтандыру
жарнасы төленген кезден 6астап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi
болады. Осыны ескерсек iс жүзiнде жалпы тәртiп бойынша сақтандыру шарты
реалды болып келетiнi түсінікті. Аннуитеттiк сақтандыру шартына
консенсуалдық мінез тараптардың келiсiмiмен немесе жеке заң актiлерiмен
берiлуi мүмкін.
Аннуитеттiк сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен
сақтандырушының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне назар аудара отырып
көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал
сақтандырушы олардың төленуiн талап етуге құқылы. Тиiсiнше (өз кезегiнде)
сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемiн жасау бойынша мiндетi
орындалуын талап ете алады.
Аннуитеттiк сақтандыру шарты – ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы
берiлгеннiң орнына мүлiктiк қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру
сыйлықақылары түрiнде мүлiктiк қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса
немеее пайда табушы сақтандыру төлемiн алған ретте мүлiктiк
қанағаттандыруға қол жеткізеді. Аннуитеттiк сақтандыру шартының ақылығы
сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала
бередi. Оның орнатылуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезiнде
тараптардың ниетiмен қамтылады [13].

1.3 Аннуитеттiк сақтандыру шартының субъектiсi және объектici

Аннуиеттiк сақтандыру шартының тараптары болып сақтанушы және
сақтандырушы табылады.
Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы
пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) шартта айтындылған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде
сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға.
Сақтандырушының негiзгi мiндетi болып, сақтандыру жағдайы туған кезде,
шартта пайда алушы ретiнде белгiленген тұлғаға сақтандыру төлемiн төлеу
мiндетi табылады.
Сақтандырушы ретiнде тек сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және
сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлғa бола
алады.
Сақтандырушы сақтандыру шартының мiндеттi тұлғасы болып табылады.
Сақтандыру шартының екiншi мiндеттi түрдегi тұлғасы – сақтанушы.
Сақтанушы – Қазақстан Республикасының Заңына және Азаматтық кодексiне
сәйкес, өз қызметкерiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн aтқарған кезде оның
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатында аннуитеттiк
сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi, жұмыc берушi.
Сақтандырушы ретiнде жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да бала алады.
Сақтанушы болу мумкiншiлiгi азаматта туылғанымен пайда болып, оның өлiмiмен
аяқталады. Бiрақ азаматтың өз құқықтары мен мiндеттерiн aтқapy әрекеттiлiгi
кәмелет жасқа толысымен ғaнa пайда болады. Сондықтан кәмелет жасқа
толмағандар, соның ішінде 14 жасқа толмағандар атынан сақтандыру шартын ата-
анасы, қамқоршысы немесе қорғаушысы жасайды. 14 пен 18 жас аралығындағы
кәмелет жасқа толмағандардың сақтанушы peтіндe болуы ата-анасы, қамқоршысы
немесе қорғаушысы pұқcaтымeн жүзеге асырылады.
Сақтандыру мiндеттемелiгiнде сақтанушы сақтандыру жағдайы туындамағанға
дейiн борышқор, ал сақтандыру шарты туғaн кезден бастап несие берушi болып
табылады.
Аннуиеттiк сақтандыру шартына қатысушылар peтіндe сақтандырылған адам
және пайда алушы саналады.
Аннуитент – оның жайында сақтандыру ici жүргiзiлетiн тұлғa.
Аннуитеттiк сақтандыру шартынын талаптарына сәйкес Аннуитент болып
заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге нормативтік
құқықтық актiлерге сәйкес Сақтанушының зардап шеккен қызметкерi болып
саналатын жеке тұлға саналады. Сақтандырылған адам ретiнде кәмелет жасқа
толмаған азаматтар да болуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған
адам болып табылады. Бiрақ көптеген жағдайларда сақтанушының өзінің жеке
мүддecін емес, басқа тұлғаның мүдделерін сақтандырады. Осындай шарт заң
тiлiнде үшiншi жақтың пайдасына жасалатын шарт деп аталады.
Үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт – тараптар несие берушiге емес,
шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан мiндеттеменi
өзiнiң пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор
орындап беруге мiндеттi деп көрсетiлген шарт.
Заңнамада сақтандырудың үшiншi жақтың пайдасына жасалуын pұқсат
етпейтiн eкi негiз көрсетiлген [13].
Олар:
1) шартты дұрыс орындамауы үшiн жауаптылық тәуекелiн сақтандыру;
2) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру.
Сақтанушының үшiншi тұлғаны сақтандыру жөнiндегi өз мiндеттерiн
атқармауы немесе дұрыc орындамауы кезінде сақтандырылған адам осы
мiндеттерiнiң дұpыc атқаруын соттық тәртiппен талап eтуі мүмкін.
Пайда алушы – аннуиеттiк сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру
туралы заң актiлерiне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы тұлғa.
Аннуиеттiк сақтандыру шарты бойынша пайда алушы заңды тұлғa да, жеке
тұлға да бола алады. Пайда алушы жеке де, мүлiктiк те сақтандыру бойынша
тағайындала алады. Сақтандырудың мiндеттi түpi бойынша пайда алушы
сақтандырудың осы түpiн реттейтiн заң актiлерiмен айқындалады, epiктi түpi
бойынша оны сақтанушы тағайындайды.
Кең мағынасында пайда алушы - бұл сақтандыру қатынасының
қатысушыларының бiреуiнiң сапалық белгiсi. Пайда алушы ретiнде бола алады:
өзiн сақтандыру төлемiн алушы тұлғa ретiнде белгiлеген сaқтанушы;
оны пайдасына сақтандыру бағытталатын сақтандырылған адам;
сақтанушымен немесе заң актiлерiмен сақтандыру төлемiн алушы ретінде
анықталған үшінші тұлғa;
сақтандыру шартында сақтандырылан адамнан басқа тұлғa көрсетiлмеген
жағдайда оның мұpагерлерi.
Сақтанушы, сақтанжырылған адам, пайда алушы фигуралары сақтанушы
тұлғасында жинақталуы мүмкін жaғдайлар болады және олардың әрқайсысы
сақтандыру қатынасының қатысушы субъектiсi ретiнде болатын жағдайлар да
орын алады.
Мысалы, күйеуi өз әйелiнiң өмipiн сақтандырып, пайда алушы ретiнде ұлын
тағайындайды. Осы жерде күйеуi – сақтанушы, әйелi – сақтандырылған адам,
ұлы – пайда алушы болып табылатыны анық. Бұл жерде сақтандыру шартын құрy
үшiн сақтандырылған адамның, демек, әйелiнiң жазбаша нысандағы келісімі
қажет керек екендігін атап кеткен жөн.
Сақтанушы өз мүддесiн сақтандырса (демек, сақтандырылған адам ретiнде
болса) және сақтандыру жағдайы туған кезде сақтандыру төлемiн алса (демек,
пайда алушы ретiнде болса), онда ол өз бойына жанағы үш фигураның құқықтары
мен мiндеттерiн жиған деп есептеледi.
Сақтандыру объектiсi. Сақтандыру объектiсi жеке және заңды тұлғалардың
мүддесi болып есептеледi. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделерi сақтандыру
объектiсi бола алмайды, оларды сақтандыру артынан аннуиеттік сақтандыру
шартын жарамсыз екендігіне көз соғады. Сақтандыруға жататын мүшелер,
мүлiктiң жойылуының немеее басқа да жоғалуының кәсiпкерлiк қызметтен күткен
пайданы алмаудың азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылудың өмірге
немесе денсаулыққа зиян келтiрудiң салдарынан болатып жәе мүлiктiк
зардаптардың құтылу немесе оларды азатуға бағытталған сақтанушы
(сақтандырылған адам) субъектiсiнiң ықыласымен байланысты. Яғни, сақтандыру
объектiсiн олар жөнiнде басқа да абсолюттi мүлiктiк емес құқықтық
қатынастар топтары пайда болатын азаматтық құқықтары объектiлерiнiң
өздерiмен теңдестiруге болмайды.
Сонымен, сақтандыру объектiciн сипаттай отырып қорытынды жасауға
болады, сақтандыру қатынастарын кейбiр мөлшерде қалған азаматтық құқықтық
қатынастары үшiн қамтамасыз eтeтiн болып табылады.
Сақтандыру шартының заңды объектiсi болып қызмет көрсетудiң өзге
түрлерiнен ерекше болып келетiн қызмет көрсетудiң қамтамасыз eтeтiн
сақтандырушының жүріс тұрысы есептеледі.
Сақтандырушының қызметi қаржылық мазмұнды болады, сонымен бiрге оны
көрсетудi реттейтiн шарт, банкiлiк, қаржылық қызметтi реттейтiн шарттардың
таныс конструкцияларына сәйкес келмейдi. Айтылатын сипаттауға сақтандырудың
мазмұнына талдау жасау көмектесе алады.
Сақтандыру объектiсi болып жұмыс берушiнiң қызметкердiц еңбек
мiндеттерiн aтқapғaн кезiнде шеккен зардабына өтемақы төлеуіне байланысты
азаматтық құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталуына қатысты мүлiктiк мүддесi
табылады.
Аннуитеттiк сақтандыру шартының мазмұны: аннуиеттік сақтандыру шарты
көбiнесе реалды шарт болғандықтан, оның мазұнына талдауды сақтанушының
мінжеттілігіне өзін қарама-қарсы болып келетін сақтандырушының құқықтарынан
бастау керек. Eң басында (бiрiншi кезекте) сақтанушы сақтанжырушыға
сақтандыру сыйақысын төлеуге мiндеттi. Сақтандырушы осы өзi бiлетiн
сақтандырылан адамға да, пайда алушыға да жүктей алмайды, мұндай мiндет
оларға заңды актiлерiмсн де жуктелмейдi. Сақтандыру сыйақыларының
мөлшерлерi шартпен белгiлi ақша сомасы ретiнде қарастырылады. Аннуитеттiк
сақтанушы шартпен сәйкес, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң
сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасының көлемiне (мөлшерiне) қарап
есептелетiн сактандыру сыйльщ ақысының мөлшерiн белгiлейтiн сақтандырушы
әзірлеген сақтандыру тарифiне байланысты сақтандыру сыйлық ақыларын төлеуге
мiндеттенедi.
Сақтандырушының мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру сыйлық ақыларының
мөлшерлері заңды актілерімен орнатылған олардың мөлшерлерiнен көп болмауы
керек. Сақтандыру сыйлық ақыларынық төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен
белгiленедi. Сақтандырудьң мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен
белгiленуi мүмкін [14].
Сақтандыру сыйлық ақысы әдетте бiруақытылы төлемдi шартқа сақтандыру
сыйлық ақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкін. Тараптар кезектi
сақгандыру жарналарын белгiленген уақытта төлемеуге байланысты
жауапкершiлiктi қарастыра алады. Содан басқа сақтандырушының осы
жағдайларда шартты мерзiмiнен бұрын бұзу құқығы да бекiтiлуi мүмкін.
Аннуиеттiк сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық
болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының
толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда
дау сақтанушының пайдасына шешiледi. Осы тармақтың талаптары қайта
сақтандыру шарттарына қолданылмайды [17].

1.4 Аннуитетriк сақтандыру шарты бойынша төлем өтеу мөлшерi және
тәртiбi

Аннуитеттiк сақтандыру шарты бойынша төлем мөлшерi. Сақтандыру төлемi
– жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келiп
түcyiнe немесе мерзiмнiң келiп түсуiндегi сақтандыру сомасы мөлшерінде
сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы.
Аннуитеттік сақтандыру өзінің мән-жайы бойынша зейнетақылық
сақтандыруға жақындайды. Себебі ол өзінің өзінің еңбегімен бұрынғыдай табыс
таба алмайтын зейнеткерлік жастағы сақтандырылған тұлғанын кірістерін
ұлғайту үшін пайдалана алады. Бұл реттеренталық төлемдер қосымша зейнетақы
рөлін атқарады. Аннуитеттік сақтандыруға қатысатын әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға
Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Сақтандырудың экономикалық пен әлеуметтік негіздері
Сақтандыру ұйымдарының қаржысын талдау
Сақ боламын десең сақтан
Сақтандыру шартының нысаны мен элементтері
Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы
Адам өмірін сақтандыру
Пәндер