Алтын орданың құрылуы және қалыптасуы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Алтын орданың құрылуы және қалыптасуы
2.2. Алтын орда хандары
2.3. Алтын орданың күйреуі және ыдырауы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Ұлы қаған Шыңғыстан, ұлыс мұрагері Жошы ханнан қалған кермиық далаға баһадүр қолбасшының нақ мұрагері бола білген Батый бас болып, айбарлы Алтын Орда мемлекетінің туын желбіреткені көпке мәлім. Бұл тарихи тұрғыдағы дәлелді деректер мен айқын мәліметтер растайтын үлкен оқиғаны жан-жақты сипаттау барысында тағы бір рет тарихымызды танып білуге талпыныс жасадық. «Өткенін білмеген, ертеңін болжай алмайды» дейді халық даналығы. Ендеше бүгінгі Қазақстан – кешегі асқақ абыройға ие болып, Азия мен Еуропаға айбыны тасқан Алтын орданың заңды жалғасы іспетті. Ал Алтын орда дәуірін қайта тәспірлеп, мәлім һәм беймәлім тарихи оқиғалар желісіне таным мен зейін салып үңілу арқылы осы ойымыз беки түспек. Қазіргі қазақ жастары бүгінгі ел мен жұрт дәстүрі, ұлттық болмыс бастауы дәл сол кезеңдерден тамыр тартатынын, дәл сол замандардан желісі үзілмей жеткенін білуі тиіс деп ойлаймыз. Ол үшін заман жетістігін, технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өзімізге жүктелген тақырып Алтын орда мемлекеті туралы жан-жақты зерттеу жүргіздік.
Алғаш болып ислам дінін қабылдап, Дешті Қыпшақ даласында мешіттер бой көтере бастаған уақыт та осы Алтын орда дәуіріне тиесіл жайт. Тіпті алысты-жақынды елдермен достық, сауда-саттық, әріптестік қарым-қатынастар да жанданып, бейбіт өмір салты қалыптасты. Әлбетте жақынын дос тұтып, қас жауына есе жібермеген елдің бірнеше сүреңді бастан кешкені бар. Бұл шақта да хандық ерлік пен елдіктің салтанатын құрды.
Алтын орданың құрылуы
Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империяны құрған Шыңғысхан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: Кіші ұлы Төлей Шыңғысханның негізгі жұртын- Монғолияның өзін, ал екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейін, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауераннахрдың денін қамтыды. Үшінші ұлы Үгедей батыс Моңғолиямен ұлысының орталығы орналасқан жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарады. Үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен Батысқа қарай және «Қойлық пен Хорезм шекарасының Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі» ұшы қиыр аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік бөлігін және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид-ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған. Бірақ басқа деректемелер бойынша, ол Сарысуға жақын маңда «қыпшақтар елінде» жерленген.
1. Т.И.Сұлтанов «Еуразия даласындағы Шыңғыс хан ұрпақтарының мемлекеті» - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2011 ж. – 176 бет.
2. Н. Қазыбек «Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейін», - Алматы: « Рауан» баспасы, 1998 ж.
3. Қ.Бегалин «Алтын Орда хандары» - Алматы: «Адамдар» баспасы, ЖШС 2007 ж. – 272 бет.
4. Ұлы дала мемлекеттері: - Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006 ж. – 216 бет.
5. К.Р. Аманжолов «Қазақстан тарихының дәрістер курсы: 1-кітап, Ежелгі заманнан 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейін » - Алматы: «Білім» баспасы, 2004 ж. – 392 бет.
6. Е.С. Қуандық «Қазақ елінің тарихы» - Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013 ж. – 592 бет.
7. Б.Ғ.Аяған, Х.М.Әбжанов, А.И.Исин « Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы.» -Алматы: «Сөздік - Словарь» баспасы, - 2011 ж. – 320 бет.
8. М.Қани «Қазақтың көне тарихы» - Алматы «Жалын» баспасы – 1993 ж. -400 бет.
9. М.Б.Мұхамедов, Б. Сырымбетұлы «Қазақстан тарихы» - Алматы: «Қарасай» баспасы, - 2009ж. – 344 бет.
10. «Қазақстан тарихы» - Алматы: «Атамұра» баспасы -274 бет.
11. «Айқын апта» газеті, №187 (1368)|8.10.2009||БЕЙСЕНБІ|- 25 бет.
12. «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журнал, №7- 9 басылым, 2007ж.
13. «Жұлдыз» журнал, №5 басылым, мамыр, 1983 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Алтын орданың құрылуы және қалыптасуы
2. Алтын орда хандары
3. Алтын орданың күйреуі және ыдырауы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Мақсаты:
1. Батыйдың батысқа жорығын талдау және шайқастарына тоқталу;
2. Алтын Орданың билік басында болған хандарға шолу әрі таққа таласып,
билік жолындағы күрестеріне сипаттама беру;
3. Алтын Орданың ыдырау себептерін айқындау, басты факторлардың бірі
езілген халықтың азаттық күресі күшеюі;

Міндеті:
1. Алтын орданың қалыптасу кезеңдері мен күйреуіне дейінгі тарихи
жағдайларға тоқталу;
2. Хандық дәуіріндегі ең елеулі оқиғаларға жеке-жеке баға беру;
3. Алтын орданың белгілі, атақты билеуші деңгейіне жеткен хандары жайында
толық мәлімет беру;
4. Түрлі монографиялар мен еңбектерді қолдана отырып Алтын орда дәуіріне
ізденуші жас ғалым ретінде тұжырым жасау;

Жұмыстың әдіснамалық негіздері: Біз жұмыс жазу кезінде бойынша кесте
құрып, карта сызып, слайд түздік. Осы арқылы берілген тапсырманы
орындау негізінде бірізді жүйе жасалды.

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Ұлы қаған Шыңғыстан, ұлыс мұрагері Жошы ханнан
қалған кермиық далаға баһадүр қолбасшының нақ мұрагері бола білген Батый
бас болып, айбарлы Алтын Орда мемлекетінің туын желбіреткені көпке мәлім.
Бұл тарихи тұрғыдағы дәлелді деректер мен айқын мәліметтер растайтын үлкен
оқиғаны жан-жақты сипаттау барысында тағы бір рет тарихымызды танып білуге
талпыныс жасадық. Өткенін білмеген, ертеңін болжай алмайды дейді халық
даналығы. Ендеше бүгінгі Қазақстан – кешегі асқақ абыройға ие болып, Азия
мен Еуропаға айбыны тасқан Алтын орданың заңды жалғасы іспетті. Ал Алтын
орда дәуірін қайта тәспірлеп, мәлім һәм беймәлім тарихи оқиғалар желісіне
таным мен зейін салып үңілу арқылы осы ойымыз беки түспек. Қазіргі қазақ
жастары бүгінгі ел мен жұрт дәстүрі, ұлттық болмыс бастауы дәл сол
кезеңдерден тамыр тартатынын, дәл сол замандардан желісі үзілмей жеткенін
білуі тиіс деп ойлаймыз. Ол үшін заман жетістігін, технологиялық
мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өзімізге жүктелген тақырып Алтын орда
мемлекеті туралы жан-жақты зерттеу жүргіздік. 
Алғаш болып ислам дінін қабылдап, Дешті Қыпшақ даласында мешіттер бой
көтере бастаған уақыт та осы Алтын орда дәуіріне тиесіл жайт. Тіпті алысты-
жақынды елдермен достық, сауда-саттық, әріптестік қарым-қатынастар да
жанданып, бейбіт өмір салты қалыптасты. Әлбетте жақынын дос тұтып, қас
жауына есе жібермеген елдің бірнеше сүреңді бастан кешкені бар. Бұл шақта
да хандық ерлік пен елдіктің салтанатын құрды.
Алтын орданың құрылуы
Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империяны құрған Шыңғысхан
өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: Кіші ұлы Төлей
Шыңғысханның негізгі жұртын- Монғолияның өзін, ал екінші ұлы Шағатайдың
иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейін, яғни Шығыс
Түркістанды, Жетісу мен Мауераннахрдың денін қамтыды. Үшінші ұлы Үгедей
батыс Моңғолиямен ұлысының орталығы орналасқан жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай
аймағы қарады. Үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен Батысқа қарай және Қойлық
пен Хорезм шекарасының Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы тиген
жерлерге дейінгі ұшы қиыр аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік
бөлігін және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті
Қыпшақты қамтыды. Рашид-ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы
Ертісте болған. Бірақ басқа деректемелер бойынша, ол Сарысуға жақын маңда
қыпшақтар елінде жерленген.
Жошы өлгеннен кейін оның барлық ұлдарының арасынан екіншісі Бату
Батыстағы әскерлер тарапынан әкесінің мұрагері деп танылды. Осы таңдауды
Шыңғысхан да бекітті. XIII-XVI ғасырлардағы баяндық деректемелер бұл туралы
жанамалай ғана айтады. Кейбір егжей –тегжейлері неғұрлым кейініректегі
деректемелерде жазылған.
Мәселен, Әбу-л-Ғазиде XVII ғасырда екі әңгіме келтірген.
Біріншісі бойынша, Жошының қазасын естіп Шыңғыс хан қатты
қайғырады. Қаралы күндер аяқталғаннан кейін, ол өзінің інісі Отшегінге :
Дешті Қыпшаққа аттанып , Жошының екінші ұлы Саин-хан деген лақап аты бар
Батуды әкесінің тағына отырғыз деп бұйырады.
Бату өз ордасына Отшегін келе жатқанын білген соң оны қарсы алуға
ұлдары мен інілерін аттандырды, оларға ілесе мәртебелі меймандарды қарсы
алуға өзі де шықты. Үш күн өткеннен кейін Отшегін салт-ғұрыптың бәрін
сақтап, Батуды әкесінің тағына отырғызды. Таққа отырғызу салтанатына үлкен
той өткізілді. Нақ осы уақытта Шыңғыс ханның ордасынан жаушы келіп, ханның
қаза болған хабарын жеткізді.
Екінші әңгіме қысқа. Жошы ауырып қайтқан кезде, делінеді онда :
Шыңғыс хан әлі тірі болатын, ол немересі Саин-хан атанып кеткен Батуды өз
ордасына шақырып алып: әкеңнің билігін өзің ал да, ол жетемін деген
жерлерге өзің аттан- деген. Саин-хан жорыққа әскер қамдап жүрген уақытта
Шыңғыс хан қайтыс болған. [1; 27 б.]
Батый ханның батысқа жорығы.
Шыңғысхан құрған ұлы моңғол империясына тәуелді болған Шыңғысханның
үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды, көп ұзамай-ақ
өз алдына дербес мемлекетке айналды. Бұл мемлекет Қытайдың деректерінде
қыпшақ ордасы шығыс деректерінде көк орда, орыс жылнамаларында алтын
орда деп аталды.
1227 жылдың қысында Жошы хан қаза болғаннан кейін таққа оның мұрагері
Батый хан отырады. Бату XIII ғасырдың алғашқы жылдарында туған, ханзада
Жошының бәйбішесі қоңырат тайпасынан шыққан Елші- ноянның қызы Үкі-хатыннан
туған екінші ұлы. Батый Шыңғыс ханның батысқа қарай тоқтап қалған жорығын
қайта жалғастырды. Рашид-ад – диннің Жылнамалар жинағында Жошының
ұлдарының аттары көрсетіледі: бірінші ұлы- Орда, екіншісі- Бату, үшіншісі-
Берке, төртіншісі- Беркешар, бесіншісі- Шибан, алтыншысы- Таңғұт, жетіншісі-
Буал, сегізіншісі – Шилақұн, тоғызыншысы – Шыңқұр, оныншысы-Шымбай, он
біріншісі- Мұхаммед, он екіншісі- Ұдұр, он үшіншісі – Тоқатемір, он
төртіншісі- Шыңқұм. [1; 27 б.]
Шыңғыс хан Жошының ұлдарының ішінде Батуды ерекше құрмет тұтқан.
Оны Өтеміс қажының мына дерегінен көруге болады: Ханзадаларды қарсы алған
ұлы атасы үш киіз үй тігуге бұйырды, босағасы алтын ақ киіз үй Батуға
арналды, күміс босағалы көк үй Еженге, босағасы болат сұр үй Шибанға
арналып тігілді.
Батый Шыңғыс ханның батысқа қарай тоқтап қалған жорығын қайта
жалғастырған еді. Қару-жарағы сай, мұздай құрсанған, Шыңғыс ханның немересі
ханзада Бату басқарған моңғол армиясы 1236 жылдың күзінде Еділ Болгариясын
жаулай бастап, 1237 жылдың көктемінде оны бағындырып алды. Бұдан соң
Моңғолдардың армиясы бірнеше қолға бөлініп, олардың әрқайсысына өз
бақыттары белгіленді. Әскердің бір бөлігі Батыс Дешті Қыпшақтың кең жазығын
беттеп, Қыпшақтармен және Солтүстік Кавказ халықтарымен соғысуға аттанды.
Ол 1236 – 1242 жылдары Еділ бойы елдерін, одан әрі бытыраңқы жатқан
орыс княздықтарын талқандап, Венгрия, Чехия, Польша жерлеріне дейін барады.
Батыйдың қанды жорықтарынан кейін Жошы Ұлысы Алтайдан Дунайға дейінгі
жерлермен ұлғая түсті. Батый хан Ертіс бойындағы хан ордасын Еділдің
төменгі ағысындағы, қазіргі Астрахань маңындағы жерге ауыстырады және жаңа
мемлекеттің негізін салады. [9; 69 б.]
Төреғалы Тәшеннің Ватикан Батый ханның ордасы болған ба? деген
мақаласында: Батыстықтар жазғандай, Шыңғысхан жабайы болмаған, өзі де,
Алтын Орда хандары қай дінге болса да, кеңшіл жасаған, қырын қарамаған. Бұл
орайда олар біріктіруші міндетін атқарған. Осыған сайсақ, Ватикан Батыс
Еуропадағы Алтын орданың орталығы болғандығы шындыққа саятындай, Яғни Вати-
кан –Батый хан. Осылайша Ватикан атауы әлі күнге дейін ұлы Батый хан туралы
ұлы сырды айғақтап тұр. Бату хан Батыс Еуропаны жаулап алу арқылы оны Киев
Русімен қосқан. Батыс пен Шығысты қосу арқылы Ұлы Моңғол империясының
шекерасын кеңейткен.-деп жазған[11;25-б.]
Онон өзені бойында 1235 жылы бүкіл моңғол ақсүйектері бірігіп, бас
қосты. Бектер мен нояндар бір мезгілде төрт бағытта, бүлікшіл Кореяға,
оңтүстік-қытай империясы Суге, мұсылман шығысқа және бұлғарлар мен
кумандарға қарсы жорық жайын кеңінен талқылады.
Ұлы хан Үгедей содан кейін ғана батысқа жорық басталатынын
жариялады. Алтын шежіреде бұл жағдай былай баяндалады: Міне, осылай ол
Бату, Бөрі, Мөңке тағы басқа көптеген ханзадаларды Сүбедейге көмекке
аттандырды. Өйткені, Сүбедей баһадүр кезінде Шыңғыс ханның бұйрығымен
бағындырмақ болғанда, Канлин, Кибчаут, Бачжигит, Орусут, Асут, Сесут,
Мачжар, Кешемир, Сергесут, Булар, Келет секілді елдер және суы мол Адил,
Чжаях өзендерінің арғы бетіндегі Мекетмен, Кермен-кеибе, тағы басқа да
қалалар үлкен қарсылық көрсеткен болатын.
Әскерлер, негізінен, батыс халықтары татар атаған түркі тілдес
халықтардан жинақталды. Бұл сөздің түркі тілінде бірнеше мағынасы бар,
соның бірі жат жерлік дегенді білдіреді. Бату ханның жасақтары жат
жерлерді бағындырып, басып алуға аттанарда, шамасы, өз-өздерін осылай
атаған болса керек. Дегенмен, бұл – татар сөзінің шығу тегі жайлы бүгінгі
күні айтылып жүрген бір ғана болжам. [3; 36-37 б.]
Еділ бұлғарларын, Дешті қыпшақты жаулап алу.
Бату ең бірінші Жайық пен Еділ аралығындағы теріскей аймақты түгел
бағындырды.
1236 жылы Бату әскерлері Ұлы Бұлғар елін ұрыспен алады, 1237 жылы
көктем мезгілінде аландар мен қыпшақтарға шабуыл жасады. Еділдің бойында
қыпшақтардың батыр көсемі Бачман қаза болып, Құтан ханның әскері Доннан әрі
қарай шегінді.
Бату әскері қыпшақтармен соғыстан кейін дамыл алмастан 1237 жылы күзде
солтүстік бағытқа қарай жылжыды. Рязань князьдігінің шекарасына жақын
келіп, буртас, эрзю, мокшу ұлыстарын өзіне бағындырады. Сөйтіп, Руське жол
ашылды. Әскердің алдыңғы қанатында Бату тұрса, оң қанатын Мөңке қолбасшы
басқарды.
Моңғолдардың әу бастағы соғыс жоспары былай болатын: қыпшақтар Донды
өздеріне қорғаныс етіп тұрғанда, олардың ту сыртынан келіп тұтқиылдан
шабуыл жасамақ еді. [4; 112 б.]
1237 жылдың қысының басында моңғолдар Рязань князьдығының Оңтүстік
шекарасына таяп келді. Рязань әскері оларға қарсы жүріп Воронеж өзеніне
таяды. Қантөгіс шайқас болды. Орыс жасақтарын талқанлдап, моңғолдар Рязань
князьдігіне баса көктей кіріп, Проникті, Белгородты, Ижелавецті және басқа
қалаларды алды. 21 желтоқсанда Рязаньді шабуылмен алып, қаланы өртеп
жіберді. Осы соғыста Рязаньнның билеушісі Юрий Игоревич те қаза тапты.
Рязаннан Монғол қолы Ока бойымен өрлеп 1237 жылдың аяғында не 1238
жылдың ең басында Коломнаға таяп келді. Коломна түбінде біріккен
Владимирлік қолды талқандап, қаланы тонаған моңғолдар Мәскеуге бет алды,
қаланы басып алып, өртеп жіберді де, Владимирге қарай ілгеріледі, 7 ақпанда
Владимир алынды, ал Бату жіберген ерекше қол бұл уақытта Суздальды алды.
Көп ұзамай Ростов, Углич, Ярославль, Кашин, Тверь, Торжок, Юрьев, Вологда,
Кострома және жоғарғы Еділдің, Клязьма мен Еділ өзендері аралығының басқа
да қалалары жаулап алынды. Бір сөзбен айтқанда 1238 жылдың наурызына қарай
Солтүстік Шығыс Русьтің көпшілік бөлігі моңғолдардың қол астында қалды. [1;
35 б.]
1238 жылы жазда Бату хан оң қанат әскерімен бірігеді, бірақ
қыпшақтар моңғолдарға қосылудан бас тартып, Венгрия жеріне өтіп кетеді.
Сондықтан мойынсұнбаған ержүрек қыпшақ жұрты моңғолдарға қай кезде де қауіп
төндіріп тұрды. Ендігі жерде есірген жау Құтан ханның ізіне түсу керек деп
шешті.
1239 жылы моңғолдар Черниговты, ал 1240 жылы киевты басып алады,
жолшыбай қарақалпақтарды жаулады. Сонымен бірге түркі-моңғол әскерінің бір
бөлігі Кавказ және Қырымға аттандырылды. 1239-1241 жылдары моңғолдардың
жорығымен бір мезгілде крест жорығы да басталған болатын.
1241-1242 жылдары Батудың әскерлері Польшаны, Венгрияны, Словакияны,
Чехияны, Боснияны, Сербияны, Болгарияны жермен жексен етіп, ол жақтан 1242-
1243 жылдың қысында Валахия мен Молдавияны басып, Еділ бойына қайтып
оралды.
Мажар деректері бойынша, 1237 жылы Құтан хан венгр патшасы Бела IV-
ге пана сұрап келеді. 1239 жылы Бела патша оны қабылдап, Құтанның 40 мың
әскерін құрметпен қарсы алып, Венгрияның ішкі аймағына орналастыруды өз
шенеуніктеріне тапсырады. Олар Дунай мен Тисса өзені арасына және
мемлекеттің шығыс бөлігіне жайғасады. Бела қыпшақтарды қабылдай отырып өз
уәжін айтады: олардан католик дініне өтуді және патшаға ризалықпен
мойынсұнуды талап етеді.
Мұны естіген Бату Бела IV патшаға оның бұл жөнсіз әрекеттеріне
наразы екендігін білдіріп, арнайы елші жібереді. Патша оған көнгісі келмей,
елшілерді қысастықпен өлтіртеді. Бұл оқиғалар Батудың Еуропаға жорығының
басталуына себеп болып еді.
1241 жылы Батудың әскері Карпатты басып өтіп, Венгрияға жетеді. Олар
жолда Польшаны қиналмастан жаулап алады. Генрих Благочестивыйдың
еріктілерден құралған біріккен неміс - поляк әскері моңғол әскерін 1241
жылы 9 сәуірде Лигницте қарсы алады. Ал Бела IV біріккен венгр-хорват
әскері 1241 жылы 11 сәуірде моңғолдардың басқа бөлігімен Шао қаласы маңында
шайқасқа түседі. Бірақ осы аталған екі әскерді де моңғолдар тас-талқан
етеді.
Шайқас ауыртпалығынан Венгрия халқы көп зардап шегеді. Венгрияның
көптеген қалалары – Пешт, Варадин, Перег, Егрес, Темешвар, Дьюлафевар жау
қысымына төтеп бере алмай, құлдыққа түседі.
Венгриядан кейін Словакия, Шығыс Чехия, Богемия, Силезия, Моравия,
Иллирия талқандалды. Осыдан кейін Германияны, Францияны, Бургундия мен
Испанияны үрей биледі және бұл салдарлар Англияның басқа елдермен екі жақты
саудасының кенеттен тоқтап қалуына әкеп соқты. Тек Батумен құпия түрде
өзара байланыс орнатқан Фридрих II ғана болды. Бату Фридрихтан өзіне
бағынуды талап етіп, оған қарсы шабуыл жасаспаудың бітім шартын ұсынды.
1242 жылы Ұлы хан Үгедей қайтыс болады. Оның өлімі туралы ресми хабар
Венгрияға 1242 жылы наурызда жетеді. Моңғол елінің ежелден келе жатқан ескі
дәтүрі бойынша, елде өтетін барлық мемлекеттік шаралар жаңа хан сайлауына
дейін тоқтатылуға тиіс еді. Таққа бірден – бір үміткер Үгедейдің ұлы Күйік
болады, ал оның шешесі Дорэгэнэ ханшайым ол кәмелет жасына толғанша уақытша
ел басқаруды өз міндетіне алады.
Бату Қыпшақ ордасына шабуыл аяқталды деп ұйғарып, өз әскеріне Еділдің
төменгі ағысына түсуді бұйырды. Сүбедей Адриат теңізіне Днестрге дейінгі
аралықты жайлаған барлық әскерді еліне қайтарды. Еуропа осылайша өзіне
төнген дүлей қауіптен құтылды. [4;112-114 б.]
Батудың жеті жылдық жорық барысындағы жаулап алулары Еуразияның
бейнесін өзгертті: Еділ Болгарларының мемлекеті өмір сүруден қалды, Батыс
қыпшақ-половецтердің әулеті қаза болды, көптеген дербес иеліктер мен
патшалық құрып тұрған әулеттер құрып кетті. Бату болса Монғол
империясындағы ең ірі ұлыстың билеушісі болды; бұл ұлыс Шығыста (іс жүзінде
Енисейден), Батыста Дунайдың құйылысына дейін созылып, Ұлы Даланың бүкіл
кеңістігін түгел дерлік қамтыды
Осы соғыстағы Батудың әрекетіне Плано Карпини былай мінездеме берген: Бату
өз адамдарына өте рақымды, сөйтсе де олар одан қатты қорқады, соғыста ол
өте қатал, соғыста өте көреген және тіпті айлалы, өйткені ұзақ уақыттан
бері соғысып келеді. .[1; 38-39 б.]
Алтын Орда Батый хан Европаға жасаған жорығынан қайтып оралғаннан
кейін 1243 жылы құрылды.
Әбілғазы Баһадүр хан өзінің Түріктер шежіресі деген еңбегінде Бату
хан батыс жорығынан оралғаннан кейін Орда Еженге: жорықтың өз ойлағанымдай
сәтті аяқталуына үлкен үлес қосқаның үшін әкеміз қоныс еткен жерді 15 мың
шаңырағымен сенің қарамағыңа табыс етемін, - деген хабарлайды. Ал жорыққа
қатысқан кіші інісі Шайбаниға Корел аймағын, сондай-ақ, құши, найман,
қарлұқ, бұйрақ тайпаларының мекенін де береді.[50 б]
Алтын Орда деп о баста Батудың Жайық пен Еділдің аралығындағы ордасы
аталған. Бұл атау қайдан шығып еді? Бүгінде бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ
деген пікір қалыптасқан. Дегенмен, жазба деректердегі жанама мәліметтерге
сүйене отырып, болжам жасауға болатын секілді.
Рашид әд-Дин Шыңғыс ханның туған жерге оралуын баяндай келе, мынандай
қызықты деректерді алға тартады. Шыңғыс хан Букаса-Жику деген жерге
жеткенде, сол жерге Орду-и-Бузург зарин, яғни, Үлкен Алтын Орда тігуді
бұйырады.
Бұл Алтын Орда тіркесі кездесетін ең ескі жазбалардың бірі болып
табылады. Деректен Алтын Орда деп бастапқыда Шыңғыс ханның өз ордасы
аталғанын көреміз. Шыңғыс хан өлген соң, осы атау Бату ханның ордасына
көшкен еді. Әрине, бірден емес, 1242 жылы Бату Алтын әулет Бөржігенге бас
болғаннан кейін ғана. Тап сол кезде оған қаған ақа атағы беріледі, бұл
үлкен Ұлы хан деген ұғымды аңғартады. Оның мұндай атағы парсы тілінде
жазылған еңбектердің авторы әл-Жуайнидің деректерінде алғаш келтірілгенін
айта кету керек.
Көптеген жылдардан кейін, Алтын Орда деп Бату ханның бас ордасы ғана
емес, сонымен қатар, шығысындағы Ертіс пен батысындағы Дунай жағалауына
дейінгі аралықтарда аталатын болды. Өйткені, бұл жерлердің барлығы Батудың
қол астына қараған. [3; 49 б.]
Аумағының ұлан-байтақ болуы тұрғысынан Алтын Орда орта ғасырлардағы
ең ірі мемлекеттік құрылым болды. Жошы әулеті иеліктерінің солтүстіктегі
шептері Болгар қаласы мен Башгырт облысы, батыста Прут-Днестр қосөзен
аралығы мен Дунайдың құйылысы, Кавказдағы оңтүстік шептер Темір Қақпа
болды; Жошы ұлысының оңтүстік - шығыс аумағы жоғарғы Ертістен Алакөл көліне
қарай, одан әрі Балқаш көлінің оңтүстігі мен Сырдарияға қарайғы барлық
жерлерді қамтыды. Шекара бұл жерден Сырдарияның орта ағысы, Арал теңізінен
оңтүстікке таманғы аудан арқылы созылып Үргеніш қаласын қоса Солтүстік
Хорезмді, Үстірт мен Маңғыстауды қамтыған еді. [1; 55 б.]
Батый хан 1242 жылға дейін жасаған жаулап алу жорықтары арқылы Алтын
Орданың территориясын кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай дариясына дейінгі ұлан
байтақ өңірді қол астына қаратты. 1243 жылы Еділ сағасынан Сарай қаласын
салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-салтанатты хан
сарайы төңіректің төрт бұрышынан келген саудагерлер жиналатын сауда алаңы.
Батый хан өзіне арнап астана құрып, сарай салдырғанымен уақыттың көбін
Дунайдың төменгі ағысындағы ұлан-байтақ қазақ сахарасындағы жайлауларда
өткізіп отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай – Бату қаласында
(қазіргі Астрахань маңында). Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-
Батудан жоғарырақ) көшірілді. [8; 201 б.]
Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлекеттік құрылысы тым қарапайым
еді, тіпті біртұтас мемлекетті басқару жүйесі болмады. Мәселен, Алтын
Орданың мемлекеттік басқару жүйесі бір кездері Шыңғысхан құрған Ұлы Моңғол
империясының басқару дәстүріне өте ұқсас болған. Мемлекет толығымен Жошы
әулетінің жеке меншігі саналды. Билік Жошы ұрпақтарына мұрагерлікпен
беріліп отырды. Алтын Орда мемлекеті басқаруы жағынан оң қанат және сол
қанат болып бөлінді. Қазіргі Қазақстан жері толығымен сол қанатқа кірген.
Мемлекеттік маңызды істер жылына бір рет шақырылатын ақсүйектер
құрылтайында шешімін тауып отырды. Әскер және дипломатиялық мәселелерге
беклербек басшылық жасады. Ал ішкі мәселемен айналысатын уәзірлер атқарушы
орган диуанға да басшылық етті. Салық жинау ісімен даруғалар айналысты.
Сонымен қатар әскери басқару жүйесі, алым –салық істері сияқты маңызды
мәселелер басқақтардың қолында болды. Ханның туыстары, нояндар, бектер және
әмірлердің қолына да бірқатар биліктер қарады. Мемлекетте іс-қағаздар
жүргізу дәстүрі орнықты. Онда арнайы хатшылар қызмет жасады. Негізінен араб
әліпбиіне негізделген түрік жазуы қолданылды.
Алтын Орданың халықаралық аренада беделі жоғары болған. Әсіресе Шығыс
Еуропадағы жаулап алған елдермен қарым- қатынас жаман болмаған. Оның басты
көрінісі Бату хан бодандығына түскен елдер өздерінің тәуелділігін мойындап,
тиісті алым- салықты төлеп отырғандығы. Сондықтан Бату хан олардың басқару
ісіне және олардың діни наным- сенімдеріне араласпаған, олар өз еркінде
болған.
Алтын Орданың ішкі және сырқы саясаты.
Жошының екінші ұлы, Шыңғыс хан немересі Батый хан тұсында монғолдар
орыс елінің көп жерін басып алды (1236-41). Польшаны, Венгрияны,
Дальмацияны,Грузияны жеңіп, Кавказ халықтарын да бағындырды. Ұлыс шекарасы
Еділден Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада оған Еділ булғарларының
жері, Дешті Қыпшақ, Қырым және Дербенткедейінгі Солтүстік Кавказ (немесе
Бакуге дейін), Орта азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм,
Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады.
Ұлысты тек Шыңғыс ұрпағынан шыққан адамдар ғана билеуге құқылы
болды. Содан кейін сұлтандарға теңестірілген тархандар, олардан төмендеу
әлеуметтік орында ұлыс бектері және ең соңында қара сүйектен шыққан
билеуші тап немесе қараша бектер тұрды. [10; 274 б.]
Алтын Орда XIII – XIV ғасырларда күшті мемлекет болып тұрды. Бұл
тұста оның мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы
нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерде Алтын Ордаға
иелік жерлерде, яғни, қол астындағы жерлерде, Батый, Берке, Керчь, Үргеніш,
Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары көркейді.

Алтын Орда хандары Батый (1256 ж. өлді), Берке (1257-1266 ж.), мөңке -Темір
(1266-80 ж.), Туда - Мөңке (1280-87 ж.), Төле - Бұқа (1287-91 ж.), Тоқты
(1291-1312 ж.ж.), Өзбек (1312-42 ж.ж.), Жәнібек (1342-57 ж.ж.) хандар
тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы
мен Батый Моңғолиядағы Ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса,
Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп
есептеді.[8;203 б.]
Берке Ұлы құрылтайға қатысудан, империяға салық төлеуден бас
тартты. Мемлекет біршама ықпалды елге айналды. Берке хан қаза тапқаннан
кейін хан тағына туда Мөңке отырады (1266-1280 ж.ж.) отырады. Ол
Византиямен келісім жасап Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда
қатынасын жасауға қол жеткізеді. Мөңке хан өз атынан теңге де шығарады.
Алтын Орда әсіресе Өзбек хан (1312-1342 ж.) және оның баласы Әз
Жәнібек ханның (1342-1357 ж.) кезінде барынша күшейе түседі. Өзбек хан
Алтын Орда ислам дінінің тарауына барынша күш салады. 1312 жылы Өзбек хан
ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялайды.
XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішкі алауыздықтың кесірінен
әлсірей бастады. Әз Жәнібектен билікке келген Бердібек екі жылға жақын
уақыт ішінде Жошыдан тараған өз туыстарын, тіпті өз ұлдарын да өлтірді.
Қазақ шежіресі бұл оқиғаны Бердібекте нар мойыны кесілді дейді, яғни,
Жошы тұқымының билігі аяқталды. 1357 – 1380 жылдар аралығында билікте 20 –
дан астам хан болып, олар билік үшін тартыста бірін –бірі өлтірген. 1380
жылы Мамай мырза басқарған Алтын Орда әскері Куликова даласында Дмитрий
Донской әскерлерінен жеңіледі. Осыдан кейін Алтын Орда әлсірей түседі. Ал
Кулиководағы жеңісті пайдаланған Тоқтамыс Алтын Орда билігін тартып алады.
Билігін күшейте түсу мақсатында Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге барып кіріп
қаланы өртеп жібереді. Тоқтамыс сонымен қатар Маураннахрға, Кавказ елдеріне
шабуыл жасайды. Маураннахр билеушісі Әмір-Темір кек алу мақсатында Алтын
Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, халқын қырғынға ұшыратып, мемлекетті
мүлдем әлсіретіп жібереді. XV ғасырдың соңына қарай Алтын Орда мемлекеті
біржолата құлайды. Оның құрамынан Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан,
Қырым және Астрахан хандықтары бөлініп шығады. [10; 275-76 б.]
2.2.Алтын орда хандары
Батый хан.
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемелекет етуге күш
салды. 1227 жылы қыста оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа
кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының
Руське және Еділден батысқа қарай басқа да жерлерге жасаған жорықтары Жошы
ұлысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Ақ Орда тарихы
Қазақ хандығының тарихы
Алтын Орда өркениеті
Шығыс Дешті Қыпшақ территориясында тәуелсіз мемлекет жүйесінің қалыптасуы (ХІІІ ғ. ІІ-жартысы)
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
Түркі халықатырының түп тамыры
«Түрік» этносы және этнонимі
Пәндер