Қазақстан мұнай өңдеу саласы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
КІРІСПЕ: 1 ӘДЕБИ ШОЛУ
:
КІРІСПЕ: 1. 1 Атырау мұнай өңдеу зауыты
:
КІРІСПЕ: 1. 2 Павлодар мұнай өңдеу зауыты
:
КІРІСПЕ: 1. 3 Шымкент мұнай өңдеу зауыты
:
КІРІСПЕ: 1. 4 Қазақстан зауыттарында мұнай өңдеуді тереңдету
:
КІРІСПЕ: 1. 5 ЖШС «АМӨЗ» кәсіпорыны туралы жалпы мәлімет
:
КІРІСПЕ: 1. 6 Өнеркәсіптің отын-энергетика ресурстарын пайлану туралы мәліметтер
:
КІРІСПЕ: 1. 7 Техникалық қондырғылардың қысқаша сипаттамасы
:
КІРІСПЕ: 1. 8 Энергиямен жабдықтау жүйесі
:
КІРІСПЕ: 1. 9 ЖЭС өнеркәсібі
:
КІРІСПЕ: 2. АРНАЙЫ БӨЛІМ
:
КІРІСПЕ: 2. 1 Қазандық агрегатындағы жылу үрдістері
:
КІРІСПЕ: 2. 2 Қазан қондырғыларының технологиялық схемасы
:
КІРІСПЕ: 2. 3 Е-50-3, 9-440ГМ қазандығы
:
КІРІСПЕ: 2. 4 От жағатын камера
:
КІРІСПЕ: 2. 5 Құбыр жолдары жүйесі
:
КІРІСПЕ: 2. 6 Ауа мен жағу өнімдерінің есебі
:
КІРІСПЕ: 2. 7 Ауа мен жағу өнімдерінің энтальпия есебі
:
КІРІСПЕ: 2. 8 Жылу жоғалту мен пайдалы әрекеттің коэфициенті
:
КІРІСПЕ: 2. 9 Отынның шығынын анықтау
:
КІРІСПЕ: 2. 10 Отын жағатын камераның жылулық сипаттамалары
:
КІРІСПЕ: 2. 11 Отын жағатын камералардың өлшемін анықтау және жанарғыларды орналастыру
:
КІРІСПЕ: 3. ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІ ҚАУІПСІЗДІГІ
:
КІРІСПЕ: 3. 1 Санитарлық қорғау аймағының есебі
:
КІРІСПЕ: 3. 2 Қазандық операторының жұмыс жағдайының сараптамасы
:
КІРІСПЕ: 3. 3 Кондициялау жүйесінің есебі
:
КІРІСПЕ: 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
:
КІРІСПЕ: 4. 1 Атырау МӨЗ ЖЭС жаңартуға дейінгі электр және жылу энергиясының өзіндік құнының есебі
:
КІРІСПЕ: 4. 2 Атырау МӨЗ ЖЭС жаңартудан кейінгі электр және жылу энергиясының өзіндік бағасының есебі
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
:


КІРІСПЕ

Қазақстанда мұнай өңдеу мұнай алу көлемінің ұлғаюына қарай синхронды дамуда. Қазіргі таңда ішкі сұранысы 20 млн. тонна, суммалық қуаты 18, 5 млн. тоннаны құрайтын 3 МӨЗ бар.

Алайда қазақстандық МӨЗ-дер өңдейтін мұнайдың басым бөлігі импортталады. Бұл Шымкент және Павлодар зауыттарының ресей мұнайын өңдеуге негізделуіне байланысты. Қазақстанның мұнай өңдеу және мұнайхимия өнеркәсібі басқа салалар сияқты СССР кешенінің құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастырылған және дамыған. Мұнай өнімдерін, химия және мұнайхимия өнімдерін шығару бойынша өнеркәсіптің өндірістік қуаты өнімдерді өзара жеткізу туралы келісімдер негізінде осы өнімдерге жалпы одақтық сұранысқа негізделген.

Экономиканың қарқынды дамуы мен әлеуметтік саладағы жағымды өзгерістерге байланысты мұнайөнімдерін шығару отынға артып отырған сұраныстан төмен болып отыр. Нәтижесінде елдің мұнайөнімдерінің импортына тәуелділігі сақталуда. 2003 жылы 490 мың тоннадан артық бензин импортталған, негізгі көлем - шамамен 95% - бензинге жоғаы емес октан санымен келген (95 және төмен) . Қазақстан нарығына бензинді негізгі жеткізуші Ресей болып табылады (98% артық), отын біршама аздаған мөлшерде Қытай мен Өзбекстаннан жеткізіледі [3] . Бұл белгілі бір дәрежеде энергияның бұл түрлері бойынша энергетикалық тәуелділік, энергетикалық қауіп туғызады және энергетиканың тұрақтылығын төмендетеді. Осыған байланысты жергілікті мұнайды өңдеу үшін әрекеттегі МӨЗ-дерді кеңейту және жетілдіруді және жаңа МӨЗ құрылыстарын, сондай-ақ кішігірім зауыттардың құрылыстарын қамтамасыз ету керек.

Негізгі проблема рсепубликада мұнайхимия өнімдерінне ішкі және сыртқы сұраныстарды максималды қанағаттандыруға негізделген, көмірсутегі шикізаты бойынша республиканың рационалды пайдаланатын мүмкіндігін ескеретін технологиялық байланысқан мұнайхимия өнеркәсібінің кешенінің жасалмауы болып табылады.

Соңғы алты жылда ҚР МӨЗ-да мұнай өңдеу көлемі 2 есе артты. 2007 жылы республиканың мұнай өңдеу зауыттары 12 млн. тонндан артық мұнай өңдеген (жоспар бойынша 12 млн. тонн) .

Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін 2008 жылы МЭМР ҚР МӨЗ-нда 12, 5 млн. тонн (+4%) мұнай өңдеу жоспарын бекітті. Өңдеу жоспарланған: 2, 9 млн. тонна (+9%) бензин; 3, 9 млн. тонна (+1%) дизотын; 2, 7 млн. тонна (+3, 9%) мазут; 6, 5 тыс. тонна (+37, 8%) авиациялық керосин[1] .

Қазақстан мұнай өңдеу саласы бастақыдан мұнай өңдеудің отындық схемасы бойынша жұмыс істейтін үш ірі кәсіпорынмен - АҚ «Атырау МӨЗ», АҚ «Павлодар мұнайхимия зауыты» және ОАО (бұрынғы - Шымкентнефтеоргсинтез») белгілі. Олардың суммалық өндірістік қуаты отынға елдің ішкі сұранысын қамтамасызетеді. Алайда отынның кейбір түрлері, әсіресе Еуростандартқа сәйкес кейбір түрлері жеткіліксіз. Мұнай өнімдерін өндіру мен пайдалану балансы 1 кестеде берілген. Бұл кестеден Қазақстанда жоғарыоктанды бензин мен авияциялық керосин бойынша тапшы екенін көреміз.

2007 ж мұнай өнімдерін өндіру мен пайдалану 1. 1 кестеде берілген

Кесте 1. 1 - 2007 ж. мұнай өнімдерін өндіру мен пайдалану мың. т
Атауы
Өндіріс
Импорт
Экспорт
пайдалану
Атауы: Бензин А - 80
Өндіріс: 1199, 5
Импорт: 82, 6
Экспорт: 164, 4
пайдалану: 1117, 8
Атауы: Бензин АИ - 92/93
Өндіріс: 1266, 5
Импорт: 577, 2
Экспорт: 54, 6
пайдалану: 1789, 1
Атауы: Дизельдік отын
Өндіріс: 3919, 4
Импорт: 511, 9
Экспорт: 725, 0
пайдалану: 3706, 3
Атауы: Авиакеросин
Өндіріс: 258, 9
Импорт: 234, 9
Экспорт: 1, 4
пайдалану: 792, 4
Атауы: Мазут
Өндіріс: 2575, 0
Импорт: 20736
Экспорт: 1211, 2
пайдалану: 1571, 3

Республикада авиациялық бензин, қысқы дизельдік отын, майлағыш майлар өнеркәсібі жеткілікті дамымаған. Оларға сұраныс ТМД елдерінен әкелу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл проблеманы шешу үшін Қазақстан Республикасында 2003 жылдың 1 шілдесінен «Мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің айналымы мен өнеркәсібін мемлекеттік реттеу туралы» Заңы енгізілді, оның мақсаты мұнай өнімдері нарығына мемлекеттік бақылауды күшейту болды. Мұнай өңдеу өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру динамикасы 1. 2 кестеде берілген.

Кесте 1. 2 - Қазақстан МӨЗ-де мұнай өнімдерінің өндірісі, мың. т. жылына

Автобензиннің кейбір маркалары әлемдік стандартқа сәйкес емес және сондықтан дамыған елдер нарығына қатыса алмайды. Бұл кестеден пайдаланылатын бензиннің басым бөлігі Қазақстанға жақын және алыс шетелден әкелінетінін көруге болады.

1 ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1 Атырау мұнайөңдеу зауыты.

Атрау МӨЗ - Қазақстанның ертеден келе жатқан мұнай өңдеуші кәсіпорыны. Зауыт 1945 жылы салынған. Атырау МӨЗ - Қазақстан мұнай өңдеушілерінің алғашқысы. 1999 жылдың ортасынан зауыттың акциясының бақылау пакетін (86%) ұстаушы ЗАҚ «Казахойл», одан кейін - АҚ «КазМунайГаз» болды. Мұнай өңдеу схемасы 1. 1 суретте берілген.

Сурет 1. 1 - АМӨЗ технологиялық сызбасы

Зауыттың техникалық жобасын «Баджер және ұлдары» американдық фирмасы жасаған, олар сонымен бірге құралдар әкелген. Зауыт басынан бастап отындық нұсқа бойынша, авияциялық және автомобильдік бензин, әртүрлі мотор және қазандық отындар бойынша дамыған.

Зауыттың бастапық қуаты 800 мың тонна мұнай өңдеуді құраған және Ембі кенінің мұнайы мен сырттан келетін Бакинский мұнай дистиллятына негізделген. Батыс Қазақстан аймағының дамуы мен 1965 жылдан мұнай өңдеу артқандықтан зауыт өзінен шығарылған дистиллятпен жұмыс істеу үшін қайта құрылған. 1980 жылы Қазақстанда алғашқы баяу кокстеу қондырғысы құрылды. Тоғыз жылдан кейін мұнай кокс шанышқылау қондырғысы іске қосылды. 2000 жылы техникалық азот өндірісі бойынша қондырғы іске қосылды.

Шикізатты пайдаланудың жеткіліксіз кешенділігі (тек отындық нұсқа бойынша жұмыс) Атырау МӨЗ-нің реконструкциясын талап етті.

1999 жылы ННК «Казахойл» (қазіргі- «КазМунайГаз») Marubeni Corporationмен «Атырау мұнайөңдеу зауытын реконструкциясы туралы» келісімге қол қойды, ол 2003 жылдың 14 наурызында күшіне енді. Реконструкцияның құны 300-310 млн. $ бағаланды. Зауыттың реконструкциясында жаңа технологиялық қондырғылардан құрылады:

  • Дизельдік отынды гидротазалау және депарафиньдеу (сутегін тазалу қондырғысымен қоса) .
  • Бензиндік қондырғы (кең бензин фракциясын фракциялау және гидротазалау қондырғысы, изомеризация қондырғысы) .
  • Күкірт өндіру қондырғысы (амин регенерациясы, қышқыл ағындардың кері итеру колоннасы, күкірт өндірісі, күкрт кристаллизациясы) .
  • Бар технологиялық қондырғыларды модификациялау: АТ-2, каталикалық реформинг, баяулатқан кокстеу.

Техниканы жаңарту қуатты жылына 5 миллионға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өнеркәсіп экология, қауіпсіздік және өнімнің сапасына қойылатын халықаралық талаптарға сай болады. Атырау МӨЗ алғаш рет құрамында метил - және этилмеркаптаны жоғары Теңіз мұнайын өңдеді. Теңіз мұнайын өңдеу үлесі 12% құрайды. Зауыт өңдеу тереңдігінің 62, 5%-на қол жеткізген. Сонымен қатар ашық түсті мқһұнай өнімдерін алу орташа алғанда 46%. Мұнай өңдеу тереңдігі 85-92%.

Қазіргі таңда зауыт 16 атаумен мұнай өнімдерін шығарад, оның ішінде: автомобиль бензиндері АИ-93, 98 уайт-спирит, дизельдік отын (қысқы, жазғы), фракциялық құарм ауыр дизельдік отын УФС-Л-0, -2-10, қазандық отындары, мұнай отындары (мазут), вакуумдық дистиллят, СПБ ТЛ тұрмыстық газ, кокс KП -1, 2. Еуро-2005 стандарты бойынша АИ-95 автобензині мен қоспа қосылмаған қысқы дизотын өндірісі меңгерілді. АИ-93 бензинінің өндірісі 4 есеге, Еуро-2005 сапалы дизотын 2 есеге артты. Осыны 1. 3 кестеден к-ре аласыз.

Кесте 1. 3 - АМӨЗ-де мұнай өнімдері өндірісі

Атауы
Жылдар
2005(мың. т)
2006(мың. т)
2007(мың. т)
Атауы: Бензин
Жылдар: 509
493
470
Атауы: Дизельдік отын
Жылдар: 958
995
1019
Атауы: Авиакеросин
Жылдар: 21
5
21
Атауы: Мазут
Жылдар: 1354
1343
1096
Атауы: Басқа өнімдер
Жылдар: 466
569
747
Атауы: Барлығы
Жылдар: 3299
3405
3353

Шикізатты тасымалдау құбырлы трансортпен, ал дайын өнім теміржолмен жүзеге асырылады.

Атырау МӨЗ Батыс Қазақстан мұнайын өңдейтін Қазақстандағы жалғыз мұнай өңдеу өндіріс болып табылады. Зауыт өңдеуге жылына 1, 0 млн. тоннға дейін түссіз мұнай (мысалы Теңіз кені) қабылдай алады. Атырау МӨЗ-де соңғы жылдары қасиеті жағынан Еуро-2 деңгейіне сәйкес дизельдік отын өндірісі дамып отыр. Рконструкциядан кейін өндіріс Еуро-3, Еуро-4 деңгейлі дизельдік отын шығаруға мүмкіндік алды.

Атырау МӨЗ-да сертификаттық зерттеулер жасалды және Премиум -95 маркалы автомобиль бензиніне сәйкестік сертификаты берілді. Гидротазалау мен бензинді изомеризациялау қондырғыларын пайдалануға енгізу шығарылатын бензиннің заманауи талатарға сәйкес саа даңгейін қамтамасыз етеді.

2008 жылдан АМӨЗ-де өңделетін мұнайдан барлық күкірт алынады, содан кейін ұсақталады және экспортталады. АМӨЗ-да алынатын күкірттің сапасы «» көрсеткішіне дейін жеткізілген. Бұл мұндай өнім үшін күкіртте басқа ешқандай қоспалардың жоқ екенін көрсететін жоғары көрсеткіш болып табылады.

Ішкі нарықта ұсынылатын мазут (құрамында түссіз мұнай өнімдері жоғары) мол болып және өз жоғарыоктанды бензиннің жетіспеуіне байланысты Атырау МӨЗ-да мұнайды терең өңдеу кешенін жасау жоспарланып отыр. Жаңа кешен сұранысы төмен мазут мөлшерін азайтып, мұнайдан түссіз фракцияларды алуды едәуір арттырады. Бензин шығарудың өндірістік мүмкіндігі жылына 600 мың тоннадан 1, 3 млн. тоннаға дейін артады. Дизельдік отын шығару бір жаарым есеге артады.

2003 жылмен салыстырғанда АМӨЗ-да мұнай өңдеу көлемі 2007 жылы 1, 6 есеге артты және 3, 7 млн. тоннаға жетті. Алайда шығарылған отындық өнімнің құрылымында сапалық өзгерістер болмады: мазуттың үлесі аздап төмендеді (33, 7 % дан 31, 6 % дейін), дизельдік отынның меншікті салмағы 30, 2% дан 27, 6 %ға дейін кеміді, бензиннің үлесі бұрынғыша 14 %-ға жетпейді.

2008 жылдың бірінші жарты жылдығында өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда мұнай өңдеу көлемі 10 %ға артып, АМӨЗ-да бензин өндірісі 12, 8 %, дизелдік отын - 19%-ға артты.

1. 2. Павлодар мұнай өңдеу зауыты.

Павлодар зауыты (2000 жылдан мұнайхимия деп аталады) - Қазақстанның ең ірі мұнай өңдеу кәсіпорыны. «Павлодар мұнайөңдеу зауыты» АҚ технология бойынша Қазақстандағы және ТМД-ғы заманауи кәсіпорындардың бірі болып табылады және оның сызбасы 2. 1. суретте берілген. Зауыт елдің солтүстігінде орналасқан және 1978 жылы іске қосылған. Кәсіпорын техникалық жабдықталу бойынша ТМД территориясында ең жақсы кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Бұл зауыт географиялық орналасуына қарай құрамында түссіз мұнай өнімдері жоғары (57%) батыссібір күкірті аз (0, 56 мас. %, ) мұнайды пайадлануға арналып жобаланған. Бірінші кезекті қуатты іске қосу 1978 жылдан бастау алады, осы кезде батыссібір мұнайын тасмалдайтын алғашқы мұнайқұбыры іске қосылды. Павлодар МӨЗ (қазіргі БАҚ «Павлодар мұнайхимия зауыты» ПМХЗ) сонымен қатар мұнайды терең өңдеу сызбасымен отындық профильді кәсіпорын болып табылады. Зауыттың жұмысы мұнайды біріншілік өңдеу бойынша параллеь жұмыс істейтін құрама блоктарды пайдалануға және мұнай қалдықтарын өңдеу бойынша дистилляттарды каталикалық жақсарту (ЛК-6У) мен құрама қондырғыларды, оның ішінде каталикалық крекинг, гидрокрекинг және кокстеуді пайдалануға негізделген. Өңдеу тереңдігі 82%, алынатын мұнай өнімдері - А-76, А-93, А-72 автобензиндері, дизельдік отын (қысқы, жазғы, оның ішінде УФС), қазандық отындары, сұйытылған газ, кокс, битум. Бұл технологиялық схема жобаға сәйкес, Самотлорск жеңіл мұнайын қабылдауға негізделген, түссіз мұнайдың шығуын 72, 3% дейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сурет 1. 2 - Технологияық схема ПМӨЗ

Жоба құжаттарында мұнайды терең өңдеуге негізделген көмірсутекті шикізаттарды тиімді және кешенді пайдалану концепциясы негізге алынған. Алайда кәсіпорын қысқартылған түрде іске қосылды - технологиялық циклде тек қана отындық бағыт болды.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, импорттық шикізатқа бағыттау энергияның осы түріне тәуелділік көзінің бірі болып табылады. Мысалы, 1992 жылы Павлодар МӨЗ квота бойынша тиесілі 7, 5 млн. батыссібір мұнайының 1, 1 млн. т. алмады. Ал 1993-1994 ж. Батыс Сібірден мұнай жеткізу тоқтағандықтан, Павлодар МӨЗ қуаты уақытша тоқтатылды. Керосин фракцияларын гидротазалау қондырғысы қажетті қоспалардың (мұнай қышқылдары) болмауына байланысты жоспардан 120 күнге кем жұмыс істеді.

1992 жылы 25 атаумен тауар өнімдері шығарылды. 1992 жылы сонымен бірге АИ-91 маркалы этилденбеген бензин алу технологиясы өндіріске енгізілде және меңгерілді. Каталикалық крекинг қондырғысында АИ-94 маркалы автомобиль бензинінің жоғарыоктанды компонентін алу технологиясы меңгерілді. А-76 бензині -15500т, дизельдік отын Л-62-29 700 т, мазут - 67 400 т, пештік отын - 24 066 т. экспортталды.

Қазіргі уақытта сұйытуға арналған қосымша өнімдер (тұрмыстық отын) 1. 4 кестеде берілген. Бутан-бутилен фракциясы негізінде Павлодар МӨЗ 1996 жылы ПО «Химпромда» метилтретилбутилді эфир (МТБЭ) өнеркәсібі қондырғысының қатарына кірді. МӨЗ каталикалық крекинг қондырғысынан ППФ және ББФ шығуы жоспарланған көлемнен төмен (шикізаттың төмендеуінен, жобаланбаған катализатор және үрдісті енгзудің тиімсіз рижимінен) .

1. 4 кесте Павлодар МӨЗ қосымша өнімдер, мың. Т

Өнім
Жобланған
Нақты
Өнім:

Пропан-пропиленді фракция (ППФ)

Оның ішінде пропилен Бутан-бутиленді фракция (ББФ)

Оның ішінде: изобутилен

н-бутилен изобутан

Жобланған: 115-135
Нақты: 40-60
Өнім: 70-85
Жобланған: 25-40
Өнім: 210-220
Жобланған: 75-95
Өнім: 25-30
Жобланған: 12-15
Өнім: 75, -85
Жобланған: 30-35
Өнім: 50-60
Жобланған: 20 - 25

2001 жылдан 2005 жылға дейін каталикалық риформинг қондырғыларының катализаторларын алмастыру бойына жұмыстар жүргізілді, бұл вакуумдық газойльді гидротазалауды және дизельдік отынды депарафиндеуді қамтамасыз етті, сонымен қатар АИ-93 маркалы автомобиль бензинін шығаруға көшуге мүмкіндік берді. Сұйытылған газ бен бензин алуды арттыру мақсатында ЛК-БУ мұнайын біріншілік айдау қондырғысының жәнеКТ-1 кешенін абсорбациялау және газфракциялау қондырғысының технологиялық схемасына өзгерістер енгізілді.

ПМӨЗ 25 жылғы жұмысында апаттық амбарларда және тазартқыш ғимараттардың қоқыржинағыштарда мұнайқоқырларының мөлшері көп жиналған және қоймалардың көлемі олардың әрі қарай жиналуына мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты 2004 жылдың маусымында мұнайқойыртақтарын (сұйық біртекті емес жүйелер) ортадан тепкіш және гравитациялық бөлуге арналған FLOTTWEG (Германия) фирмасының қондырғысы іске қосылды және бөлінген заттар әрі қарай пайдаға асырылады.

2006 жылдың қаңтар айында күкіртті түйіршіктеу қондырғысы алынды және іске қосылды. Сутегін өндіру қондырғысын іске қосу ПМХЗ-на қысқа мерзімді уақытта тауарлық бегзин мен дизельдік отындардың құрамындағы күкіртті Еуро II еуразиялық стандарттың талаптарына дейін азайтуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді уақытта сутегін өндіру қондырғысын іске қосу тауарық мұнай өнімдерінің сапасын Евро III және Евро IV европалық стандарттың талапарына жеткізу бойынша міндеттерді шешуге кірісуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты 2005 жылы ПМХЗ құралдар жеткізілімге арналған келісімшартқа отырды. Сутегі өндірісінің жаңа қондырғыларының негізгі технологиялық қондырғысы ретінде «Фостер Уилер» компаниясының бу риформингті конструкциялы пеші таңдап алынды.

Сутегі өндірісінің қондырғыларын іске қосу тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған. Алайда бірқатар жағдайларға байланысты кейінге қалдырылды.

1. 3 Шымкент мұнай өңдеу зауыты

Шымкент мұнай өңдеу зауыты да (қазір - PetroKazakhstan Oil Product) бастысібір мұнайын өңдеуге жобаланған (энергияның осы түрі бойынша белгілі бір тәуелділікті көрсетеді) және 1985 жылы жылына 6, 2млн. тонна мұнай өңдеу қуатымен іске қосылған. Мұнай зауытының өңдеу схемасы 1. 4 суретте көрсетілген.

Сурет 1. 4 - ШМӨЗ технологиялық схемасы

1995 жылы шикізатты, дизельдік отынды және керосинді гидротазалаумен каталикалық риформинг қуаты іске қосылды. Осы жылы жылына қуаты 20 мың тонна шикізат өндіретін қондырғы салынды. Шымкент МӨЗ отындық схема бойынша жылына 6 млн. тонна батыссібір және қазақстан мұнайын өңдейді. Өңдеу тереңдігі 59%, болашақта - 85%. Алынатын мұнай өнімдері - А-76, А- 72 (20, 2%) автобензиндері, дизельдік отын (қысқы, жазғы, оның ішінде УФС-40) (30, 5 %), отын ТС-3 (4, 4; %), пеш отыны (40, 5%), сұйытылған газ (0, 8%) .

1991 жылы зауыттың реконструкциясы аяқталды, ол өңдірімділікті жылына 7 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік берді.

1992 жылы құрамында парафині жоғары Құмкөл кенінің мұнайын өңдеу үшін реконструкцияны жүзеге асырды. 2000 жылы мұнайшламын пайдаға асыру бойынша қондырғы енгізілді, 2005 жылы бензин мен дизельдік отынның барлық түрінің қалдықтарын шаюға торап жасалды. Құмкөл мұнайын өңдеу кезінде депарафинизация үрдісін пайдаланумен реактивті отын алу технлогиясы жасалды және патенттелді. Қазіргі уақытта әр түрлі мұнайлардың қоспасын өңдеу кезінде ЕВРО стандарт бойынша авиакеросин өндірісінің жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Былтырғы жылы зауытты жаңарту жобасы басталда, ол түссіз мұнай өнімдерінің үлесін 61 % дан 89 % - ға дейін арттыруға және Еуро-3 стандартының талапратының деңгейіндегі өнім шығаруды қамтамасыз етуге негізделген.

Қазақстанның мұнай өңдейтін зауыттарының белгіленген қуаты ішкі отындық нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алайда зауыттың жоғарыда көрсетілген себептеріне байланысты (шикізатқа тәуелділік) тәжірибеде белгіленген қуаттың шамамен жартысы орташа пайдаланылады. Пайда болған өз отынымыздың жетіспеушілігі импорттық өніммен орындалады. Елімізді өз отынымызбен қамтамасыз етуді жақсарту үшін және эксорттық өнімдердің номенклатурасын арттыру үшін қазақстан шикізатын өңдеуге ауыстыру үшін МӨЗ-ді жаңарту жүзеге асырылуда. Жуық уақытта өндіру аймақтарында МӨЗ құрылыстары көзделіп отыр. Көмірсутекті шикізаттарды өңдеу өнімдерін арттыру мақсатында мұнайхимияны дамыту керек. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұзақ мерзімді бағдарламалар негізінде осы бағыттардың барлығы бойынша біртіндеп жұмыс атқаруда. Импорттық шикізатқа тәуелділіктің әсері 1990-2004 жылдары мұнай өңдеу динамикасынан көрінеді.

1. 4. Қазақстан зауыттарында мұнай өңдеуді тереңдету.

Мұнай өңдейтін өнеркәсіптің тиімділігі ең алдымен мұнай өнімдерініің регламентіне және өңделетін мұнайдың оптималды тереңдігіне байланысты. Өңдеу тереңдігі жеткіліксіз болғанда бастапқы мұнайдың басым бөлігі отындық мазутқа ауысады, ол мұнай өңдегенде алынатын өнімдердің бағасы төмені болып табылады. Мысалы, мазуттарды терең каталикалық өңдеу 1 т мотор отыныңа кететін шикі мұнайдың шығынын 2, 2-2, 3 тен 1, 2- 1, 3 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Терең өңдеу - мотор отындарын, күкірті төмен қазандық отындарын, күлі аз кокс пен мұнайхимия өнімдерін алатын ауыр қалдықтарыдң максималды конверсияға жету Қазақстанның барлық үш зауытында да жүзеге асырылады. Мұнай өңдеуді тереңдетудің арқасында мотор отындары өндірісінің өсуі көптеген млн. тонна шикі мұнайды қосымша өңдеуге эквивалентті. Ауыр қалдықтарыд (мазут) өңдеу мен мұнай өңдеу тереңдігі 65, %. ға дейін жеткізудің арқасында түссіз отын алу мүмкіндігі артады. Мұнай өңдеудің тиімділігінің негізгі көрсеткіші - оның тереңдігінің Қазақстандағы деңгейі төмен - 60%дан төмен, ал дамыған елдерде 85 - 90%. Ауыр мұнай алу көлемінің артуына байланысты бұл көрсеткіштер маңызды болып табылады (17, 5% 1980 жылдан 19, 8% 2000ж дейін)

Мұнай өңдеу тереңдігі негізнен МӨЗ эономикасына әсер етеді, сонымен бірге технологиялық тиімділік өзгеріссіз қалады (мұнай өнімдерінің бөлінбеген бөлігі мазут ретінде пайдаланылады) .

Терең өңдеудің барлық үрдістері мұнай қалдықтарының сапасын жақсартуға негізделеді. Химиялық жақсарту көміртегінің сутегіне қалдықтарға тән қатынасын 1. 4тен 8000 мың т дейін өзгертеді.

Мұнай өңдеу үрдістерін тенологиялық тұрғыдан төрт топқа біріктіруге болады: шикізатты өңдеуге дайындау, каталикалық крекинг, гидрогенизация үрдістері, термиялық үрдістер.

Шикізатты өңдеуге дайындау құрамында катализаторларды улауға және олардың қызметінің мерзімін төмендетуге әсер ететін көміртегі, асфальтендер, темір, күкірт, азоттың жоғары болғандықтан қажет.

Мұнай қалдықтарының каталикалық крекингі орташадистиллятты фракциялардың шығуын арттырады.

Қазақтан мұайларының басым бөлігі жататын сапасы төмен мұнайларды сәтті өңдеу үшін МӨң технологиялық схемаларына екіншілік үрдісерді енгізу тән (каталикалық крекинг, гидроазалау, гидрокрекинг, риформинг және т. б. )

1. 4 сурет ҚР МӨЗ өңделетін мұнай көлемі. 1 т мұнайдың гидрогенизациясына 15 - 20 кг сутегі керек [1], ол мұнайды өңдеу кезінде қосымша өнім ретінде өндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Өнеркәсіп кешендері
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Қазақстанның мұнай саласының дамуы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz