Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Орындаған:Құрманова. Ә. Е
Тексерген:Ибраева. М. Б
Семей-2016 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе.
1. 1Қазақстан Республикалардағы саяси партиялардың қоғамдағы рөлі.
II. Негізгібөлім. 2. 1. Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар . 2. 2. Кеңестік дәуірдегі саяси партия және оның атқарған ісі . 2. 3. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жағдайы, алғашқы саяси ұйымдармен партиялар. 2. 4. <<Нұр Отан>> партиясы.
III. Қортынды.
IV . Пайдаланылған әдебиеттер
Партия - саяси институт. Кез келген партия мемлекеттік биліктің жүзеге асуын қадағалау немесе билікті өз қолына алу бағдарламасымен жұмыс істейді [1. 503 бет] . Ал көппартиялық жүйе партиялар арасында бәсекелестік туғызып, жұмыстарының қарқынды жүруіне ықпал етеді. Қазақстан - демократиялық ел, бізде барлық партиялардың құқығы бірдей. Қазақстан өз бағдарламаларын жүзеге асыру үшін партияларға толықтай мүмкіндік беріп отыр. Олар өз бағдарламасы мен мақсаттары туралы мәлімет таратып, үгіт-насихат жүргізуге, президенттікке, мәжіліс, мәслихат депутаттығына үміткер ұсынып, сайлауға қатысуға фракциялар құрып, көзқарасын ұстанатын ақпарат құралын иемденуге құқылы. Алайда біздің елімізде саяси партиялардың мемлекет ісіне, ал мемлекет саяси партия ісіне заңсыз араласуға жол бермейді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанда 600-ден аса қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар тіркелген. Заман талабына ілесе алмаған олардың біразы саяси сахнадан ығысып қалған жайы бар. Бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси партиялардың саны тоғыз. Саяси партиялардың көш басында тұрған ХДП «Нұр Отан». Ал басқа партиялар өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмай жүр. Айталық кейбір партиялардың өз БАҚ-ы жоқ. Онсыз партия ұстанымын тарата, көпшілік даусын жинай алмайды. Қазақстанда тек ХДП «Нұр Отанның» ақпараттық жүйесі толық деңгейде жұмыс істеп жүр. Десек те, бір партияның бірнеше БАҚ иемденуі де құптарлық нәрсе емес. Және бір айтып кетерлік жайт, көпшілік ақпарат құралдарында партиялар жайлы, олардың жұмыстары жайлы ақпарат аз. Жалпы Қазақстанда көппартиялық жүйе дамудың алғашқы сатысында тұр. Олай дейтініміз - біздегі партиялардың көбі сайлаулық науқан кезінде бой көрсетіп, кейін ізім-ғайым жоқ болып кетеді. Ал көптеген партиялар өздерінің мақсаттарын айқындай алмай, идеологиясын, тұғырнамасын құрастыра алмай жүр. Олар көбіне сападан гөрі санға басымдылық беріп, өздерінің мүшелерін көбейтуден әрі асып жатқан жоқ. Кейбір партиялар бөлініп, қайта бірігіп атауларын ауыстырып, бағдарламаларын өзгертіп, өз ұстанымдарына өздері қарсы шығып, сөздері мен іс-әрекеттері ұштаспай жатады. Сол себепті олар халық арасында беделдерін төмендетіп алды. Нақты социологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда, танымалдығы мен ықпалдылығы жағынан 61, 5% иемденіп, ХДП «Нұр Отан» бірінші орында тұр. Екінші орында 10, 6% - «Ақ жол» партиясы тұрса, 7, 4%-бен «ЖСДП» үшінші, қалғандары төменгідей жайғасқан: «Ауыл партиясы» - 2, 1%, 1, 5% «Патриоттар партиясы», 0, 6% «Коммунисттер», 0, 1% «Руханият» партиясы соңғы орынды иеленсе, сұралғандардан 16, 2% адам ешқандай партияға бүйрегі бұрмайтындығын білдірген [2] . Оппозициялық партиялар туралы айтар болсақ, олардың негізгі қолдаушысы жұмыссыздар болып отыр. Егер 1999 ж. парламенттік сайлауда республикалық «Отан» саяси партиясын сайлаушылардың
30, 89%-ы қолдаса, ал 2004 ж. сайлау нәтижесінде 60, 62%-ы қолдаған. Өткен осы екі сайлауда да "Отан" партиясына аз дауыс берген Қызылорда облысының сайлаушылары екен. Бір таңқаларлығы, облыс азаматтары 1999 ж. сайлауда билік партиясына бәсекелес болған Коммунистік партияға (22, 99%), ал 2004 ж. сайлауда "Ақжол" (37, 95%) партиясына көбірек қолдаушылық көрсеткен. Зерттеушілер бұған түрлі пікір айтып жүр. Біздің пікірімізше, мұның біден-бір себебі ол кезде Қызылорда облысы республика бойынша мұнайлы өңір болғанымен, облыс тұрғындарының тұрмысы төмен, жұмыссыздық деңгейі жоғары болған. Егер республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 9, 3% құрайтын болса, ал Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 12, 5% құрапты. Бүкіл республика бойынша жұмыссыздық көрсеткіші бойынша облыс "бірінші" орында тұрған [3] . Шындығына келсек, билік партияларының негізін мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Ал жұмыссыздар мен басқа сала қызметкерлері арасында саяси белсенділік төмен, тіпті партияларға қызығушылығы барлардың өзі оппозициялық партияларға басымдылық береді. Біздің елде партияға деген халықтың сенімі жоқ. Оған бір себеп жетпіс жылдай бір партияның жетегінде жүргені болса, бір себеп партиялардың өздерінде. Яғни олар өздері бағыттарын айқындай алмай, бір бөлініп, бір бірігіп атауларын өзгертіп жүр. Ал кейде біржақтама билікке қарсы шығумен шектеледі. Бізде партияларға көп мүмкіншілік берілген, мемлекет партия ісіне араласып, жөнсіз шектемейді. Оларға қоғамдық пікірді қалыптастыруға, БАҚ иемденіп жарғыларын сол арқылы білдіруіне, жиналыстар ұйымдастыруна, президенттікке, парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына кандидат ұсынуға, өз өкілдері арқылы Сенатқа да кандидат ұсынуға құқылы. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертіп, тұтастығына қауіп төндірмесе болды. Дегенмен, демократия - дандайсу, бостандық - бассыздық емес. Партия Қазақстан заңы негізінде әрекет етуі тиіс. Партияларға мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол бермейді [4] . Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді. Көппартиялық құрылым - тек билікке қарсы шығу емес, ол белгілібір қоғам өкілдерінің мүддесін қорғай білу, биліктің жүзеге асуын қадағалау, әр партиялар арасында тұрақтылық, бірліктің болуымен қатар, әр партияның тәуелсіз, еркін болуы. Ал бізде өкінішке орай, партиялардың бір-бірімен бәсекелесуге қауқары жоқ. Жалпы алғанда Қазақстанда көппартиялылықтың құрыла бастау процесінің алғашқы сатысында тұр. Көптеген партиялар мен қозғалыстар өзінің идеологиялық бағдарламасын дұрыс құрастыра алмай, саяси өзгешелігін ашық көрсете білмеушіліктен қиындыққа ұшырап жүр. Олардың платформалары ұқсас, халықпен тығыз байланыс жүйесі жоқ. Сонымен қатар Қазақстан халқының топтық ықыласын жете түсіну және даралануы әзірге бастапқы күйінде тұр. Сондықтан республиканың саяси партиялары топтық ықыласты қорғағанда ашық саясат жүргізе алмайды, өз бағдарламаларын тек идеологиялық бағалылықтарға негіздейді.
Саяси партиялар - азаматтардың түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi. Партия ісі - қоғам ісі. Бұл бүгінгі шындық. Қазақстанда саяси партиялар сатылап дамуда, ол Қазақстан республикасының тұрақты да өркениетті мемлекет болуына көмектесуде және мақсатына қызмет етуде. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан дамып, өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси партиялардың орны ерекше. Елбасымыздың тұрақты саяси-партиялық жүйе құруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санауы жайдан-жай емес. Саяси партиялардың қоғамның дамуында алар орны зор.
II. Негізгібөлім . 2. 1. Қазақстан мемлекетіндегі алғашқы ұйымдар мен саяси партиялар .
Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А. Бочагов кезінде Алашты - «ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С Брайнин мен Ш. Шафиро - «Бүкіл байлардың саяси ұйымы» деді, ал Құрамысов - «Жартылай феодалдық байлардың партиясы» деп өз ой-пікірлерін білдірген. М. Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М. Қ. Қозыбаев, М. Қойгелдиев, Қ. Нұрпейісов, Ә. Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. «Алаштың» ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А. Григорьевтің, К. Нұрпейісовтың, Т. Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады. Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған.
«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық - демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жқнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә. Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә. Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жыылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа кадет партиясынан неге шықтым» деген сұраққа жауабында Ә. Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: «кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн» дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып қалады.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіміетке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мұны орысша «отделение церкви от государство» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.
Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен содан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июлдегі (1917 жылғы шілде - К. Н. ) жалпы қазақ сьезінде айтқан едім».
Басқа сөзбен айтқанда, Ә. Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен - аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә. Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz