Баланың дамуындағы ойынның әлеуметтік–педагогикалық маңызы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”, “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы” қолдау тауып, үлкен іс-әрекеттер орындалып, жасампаздық пен жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіне жауапкершілікті, талапты туындатады.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Осы тұрғыда бүгінгі күні білім саласындағы технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының барлығы бір күннің іс әрекеті емес, оған уақыт керек. «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деп Ж. Ж. руссо бекер айтпаған.
Қазіргі алға дамып бара жатқан ХХІ ғасыр қоғамы оқытушыларға қат-қабат міндеттер жүктейді. Қазіргі таңда мұғалімдер ииновациялық және интерактивтік әдістерді пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Инновация термині қазіргі кезде барлық өндіріс саласында, соның ішінде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады. Мұндағы мақсат-келешек ұрпақты жан-жақты қалыптастыру, рухани-шығармашылық қабілеті жоғары, ойлау мұмкіндігі бар, өз бетімен ізденіп, игерген білімін іс-жүзіне асыра алатын тұлға дайындау. Осыған байланысты биология пәнінде сабақтың мазмұны, мақсатына, жүру барысына қарай ойын технологиясын пайдалану - бұл дәстүрлі емес сабақ түрлерінде ыңғайлы. Жалпы білім беретін орта мектептердегі биология пәнінің негізі бастауыш білім беру сатысында дүниетану пәні негізінде құралады.
Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан оқушы орта буында өсімдік құрылысы, өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысып, ары қарай жалғастырады. .
Осы пәнді оқытуда технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субъектіге түсіп ынтымақтастықта болуын қажет етеді.
Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтандыру мәселесі, еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін әдіс қажет. Осы тұрғыда ойын элементтері оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады. Олар жарыс және ойын түрінде өтетін сабақтар: байқау, сайыс, рөлдік және іскерлк ойындар, пікір-сайыс және интеллектуалдық шоу т. б. Оқытудың ойындық формасына қосылатын пікір-сайыс, рөлдік және іскерлік ойындары оқушының:
- топ болып жұмыс жасауына,
- ұйымшылдыққа;
- топпен бірге шешім қабылдай білуге;
- ситуациялық шиеленістерді өз бетімен шеше білуге;
- ерекшеліктерді ажырату;
- өз ойын айту, дәлелдеу, жоққа шығару;
- сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Мұндай сабақ түрлерін ұйымдастырған кезде оқытушыдан сабақтың жүру барысын дұрыс ұйымдастыра білуі талап етіледі. Оқушының жеке қабілетін айқындау, алдын-ала тапсырмалар беру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Шығармашылық деңгейде жалпылама, анық емес, оқушы оны анықтайды, жаңа нәрселерді табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Бұл технологияны тиімді пайдалану үшін оның жоспарлануы, мақсатының нақтылануы, толық жүзеге асуы және нәтижесі талданылуы тиіс. Ол шығармашылық, бәсекелестік, жасырушылық, эмоциялық сипатта болады.
Осындай сабақтарда оқушылар үлкен әсер алады, сабаққа қатысты көп мағлұмат алып, білімін тереңдетеді. Өз беттерімен жұмыс істеу арқылы өз күшіне деген сенімділік пайда болады. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, өзін еркін ұстауға баулиды.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Р. Оуэн, Ф. Фребель, К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт, Л. Н. Толстой, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко,
Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф. Шиллер, К. Гросс, В. Вундт және ағылшын әлеуметтанушысы Г. Спенсер ерекше ден қойды. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, П. П. Блонский және т. б. үлес қосты.
Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану қажеттілігі мен олардың педагогикалық мүмкіндіктері мәселесі қазақстандық ғалымдардың зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілді (Е. Сағындықов, А. Айтпаева, Т. Ш. Қуаныш, Б. Төтенаев, М. Тәнекеев, А. Б. Бүркітбаев т. б. ) .
Ойын технологиясын ұтымды пайдалану - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, айналасында болып жатқан өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауына дағдыландырады. Топтық ойын түрлерін ұйымдастыру - оқушының өз-өзіне деген сенімін нығайтады, әр оқушы жеке басының мүмкіндігін, қабілетін сезінеді және ізденуге, мақсатқа жетуге тырысады.
Осыған орай мектептегі білім берудің педагогикалық негіздерін қарастыру, оның жолдары мен мүмкіндіктерін айқындап, сапалы білім беру үшін, сабақта қазіргі заманның ең үздік оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану қажет. Ойын технологиясы қазіргі оқыту үрдісіндегі озық технологиялардың қатарында, сондықтан зерттеу жұмысының тақырыбын «Биологиядан ойын сабақтарының технологиясының дидактикалық мүмкіндіктері» деп таңдалды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: биология сабағында ойын технологиясын пайдаланудың маңыздылығын ашып, тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: биологиядан ойын сабақтарын жүргізу әдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектептегі биология сабақтарында ойын технологисын дұрыс та тиімді қолданса, онда оқушылардың танымдық іс-әрекет белсенділіктері артып білім игеруде елеулі жетістіктерге жету мүмкіндіктері жоғарылар еді.
Зерттеудің міндеттері:
- биология сабақтарында ойын технологиясын қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу;
- биологиядағы ойын технологиясының мүмкіндіктерін ашу;
- ойын технологиясын қолданудың дидактикалық-әдістемелік тиімділігін тәжірибе жүзінде анықтау.
Зерттеу әдістері: зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік әдебиеттерге талдау жүргізіп, ғылыми зерттеу тақырыбын теориялық тұрғыдан саралау, жалпы орта білім беретін мектепте жүргізілетін сабақтарды зерделеп, жан-жақты талдап, қорытындылау.
Дипломдық зерттеудің жетекші идеясы: мектеп оқушыларының танымдық белсінділіктерін арттыру, дербес білім игеру қабілеттерін дамыту олардың өз бетінше әрекеттене білуіне ықпалын тигізеді.
Зерттеудiң әдiснамалық-теориялық негiздерi: жеке тұлғаның дамуының мәні туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердегі тұжырымдар, тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы және оқыту технологияларының теориялық негіздері, жөніндегі тұжырымдар болып есептеледі.
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің кезеңдерi:
Бiрiншi кезең (2014-2015 жж. ) . Зерттеу тақырыбы бойынша философия, психология, педагогика, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім алушылардың даму мәселелері және білім беру жүйесіндегі оқыту технологияларына салыстырмалы талдаулар жүргiзiлдi. Талдау барысында зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздері, ғылыми-әдіснамалық аппараты айқындалды.
Екiншi кезең (2015-2016 жж. ) . Ойын технологиясы арқылы оқушының іс-әрекетіндегі белсенділікті және дербестікті қалыптастырудың көрсеткіштері, мүмкіндіктері айқындалды.
Мектептерде жүргізілген тәжірибелер арқылы дербестік, ойын арқылы қиялдың, шығармашылықтың дмауы жөнінде сабақтар жүйесі дайындалды, тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзілді.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- ойын технологиясының биология пәніндегі баланы дамыту мен білім беру мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді;
- ойын технологиясын биология сабақтарында тиімді қолдануға байланысты ұсыныстар берілді.
Зерттеудің базасы. Қарағанды қаласындағы №. 66 жалпы білім беретін мектепте бақылау жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң көкейкестiлiгi, зерттеудiң мақсаты, нысаны, пәнi, мiндеттерi, жетекшi идеясы, теориялық негiздерi, әдiстерi, ғылыми жаңалығы берiледi.
«Баланың дамуындағы ойынның әлеуметтік-педагогикалық маңызы» атты бірінші бөлімде жалпы ойынның теориялық негіздері, танымдық дербестіктің дамуының педагогикалық-психологиялық, сонымен қоса оқушылардың танымдық әрекетінің белсендірушісі ретінде ойынның ғылыми-теориялық негіздері және мектептегі ойын сабақтары арқылы баланың қабілеттерін дамыту мәселелерінің теориясы берілді.
Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына әсері талданды, ойын технологияларына анықтама берілді Сонымен осы теориялық тарауда дидактикадағы баланың сабаққа қызығуының негіздері талданып көрсетілді.
«Ойын технологияларын биология сабақтарында қолдану әдістемесі» атты екінші бөлімде мектептегі жүргізілетін биологиялық ойындардың таным көзі болатынына дәлелдер келтіріліп биологиядағы рөлдік ойындар және оны жүргізудің әдіс-тәсілдері баяндалды.
Ойын технологиясын қолданудың әдістемесі мен жүргізілген тәжірибе және оның нәтижелері баяндалды. Осы тараудың үшінші параграфында жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелерін нақты көрсету мақсатында жеке бердік.
Қорытындыда жүргізілген зерттеудiң негiзгi нәтижелерi мен тұжырымдары айтылып, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiлдi.
Пайданалынған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмысты орындау үшін оқып зертеген, танысқан және зерттеу барысында талдауға алынған әдебиеттер көрсетілді.
1 Баланың дамуындағы ойынның әлеуметтік-педагогикалық маңызы
1. 1 Танымдық дербестіктің дамуының педагогикалық-психологиялық негіздері
Ойыннның даму тарихы. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады [1] . Қазақ тілінде «ойын» және «ойыншық» сөздері «ой» сөзіне тікелей байланысты. Сірә, қазақ тілінде «ойын» термині адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты, өйткені ойнау - бұл бір уақытта ойлаумен әрекеттесу.
Ойынның шығуын ғалымдар әр түрлі ғылыми бағыттар бойынша оқытады. Ежелгі әлемде ойын қоғамдық өмірдің жинағы, түйіні болды, оған діни-саяси мағына берілді.
Ежелгі гректер, Құдай ойын ойнаушыларды қорғайды, жақтайды және ойын адамның кез-келген бос уақытын өткізудің идеалы болады деп есептеді.
Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды император ашып және өзі сол ойынға қатысқан.
Кеңес уақытында халықтық ойындардың мәдениеттік салтының дамуы және сақталуы қоғамның ойындық байлығы сақталған жазғы демалыс лагерлерінде басталды [ 2 ] .
Әлемдік педагогикада ойын жарыс ретінде немесе арнайы мақсатқа жетуге (ұтыс, сыйлық) бағытталған және арнайы талаптармен шектелген (ереже) ойыншылар арасындағы сайыс ретінде қарастырылады.
Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуалдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.
Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, В. А. Сухомолинский ерекше атап өткен [3, 4, 5] . Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, және т. б. үлес қосты [6, 7, 8] .
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды.
Аталған ғылыми зерттеулер педагогика ғылымдарының құнды дүниелері болып есептеледі.
Алдымен, «ойын технлогиялары» және «жалпы оқу интеллектуалдық біліктері» ұғымдарының мәнін ашып көрелік.
«Технология» - латынның «техне» - өнер, шеберлік, қолөнер және «логос» - ғылым деген сөзінен шыққан. 60-70-жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалым М. В. Клариннің топтауы бойынша [9] :
- практикада іске асырылатын белгігі бір педагогикалық жүйенің жобасы;
- педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті;
- оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, амалдарының, тәрбие құралдарының әлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы;
- балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән;
- қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны;
- педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін камтамасыз ететін жанды кұрамдас бөлігі.
Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл-ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бұл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, кұрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына әсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады.
Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына әсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларының бірі болып табылады [10] .
Жалпы оқу интеллектуалдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін құрайды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.
Оқу іс-әрекеті тұрғысынан алып қарағанда, жалпы оқу интеллектуалдық біліктерінің маңызды, мәнді блоктарына мыналар жатады:
1-ші блок - бақылау, тыңдау, оқу - іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлық қызметін қамтамасыз ететін және оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерінен алынған білімді оқу міндеттеріне сәйкес қабылдауға көмектесетін біліктер;
2-ші блок - жіктеме, жинақтау - оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру-орындау қызметімен байланысты және оқып-үйретілетін материалдың логикалық қайта өнделуін қамтамасыз ететін біліктер;
3-ші блок - өзін-өзі бақылау - оқу іс-әрекетінің бақылау-түзету қызметін атқаратын және жүргізілетін оқу-таным әрекеттерінің барысы мен нәтижесін бақылауды қамтамасыз ететін біліктер.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген бастауыш сынып оқушылары жалпы оқу интеллектуалдық біліктерін жеткіліксіз меңгереді; бұл біліктердің қалыптаспағандығы олардың кейбіреулерінде орта және тіпті жоғары буынға өту барысында байқалып, оқу іс-әрекетінің өнімсіздігіне әкеліп соғады. Бұл интеллектуалдық біліктердің тек баланың жеке тәжірибесінде, белсенді іс-әрекетінде қалыптасатындығымен байланысты және бұл іс-әрекет пен тәжірибені игеру оқытатын ересектердің тікелей қатынасуымен ұйымдастырылғанда ғана дамудың жоғары деңгейіне жетеді.
Жалпы оқу интеллектуалдық біліктерін қалыптастыруда ойын технологияларын пайдаланудың екі педагогикалық тиімділігі бар: біріншіден, ойын барысында балалардың орындайтын ақыл-ой әрекеттерінің сипаты мен ойын формасында қалыптасатын біліктер жиынтығы маңызды болып табылады; екіншіден, дидактикалық ойындардың ережесі бар ойынның түрі ретінде құрылуының өзі ерекше мәнге ие болады. Ойында дайындық, ұйымдастыру кезеңдерінің міндетті түрде болуы баланы табиғи және занды түрде іс-әрекетке баулиды. Мұндай іс-әрекет оқу іс-әрекетінің бір көрінісі сияқты, өйткені кез келген дидактикалық ойында міндетті түрде ойын міндеті, ойын әрекеті және ойын тәртібінің ережесі болатыны анық. Сондықтан ойын технологиялары өз бетімен білім алу және саналы ойлау, сонымен бірге тұтас алғанда оқу іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді [11] .
Ойын - бұл қарым-қатынас, оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау құралы, оқытудың қиын социомәдени феномені, элементі болып табылады. Ойын процесінде:
- «үлкен өмірге» ауысатын әлеуметтік топта кластың рөлі мен тәртіп ережесі игеріледі.
- топтың, ұжымның мүмкіндіктері қарастырылады.
- бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады, қойылған ойын мақсатына жету үшін қажетті оқушылардың жеке мінездемелері өңделеді.
- қосымша құралдардың - (көрнекі құралдар, әдебиеттер, компьютерлік технологиялар) көмегімен қатысушылардың, мұғалімдердің ойынға енгізген мәдени дәстүрлері жинақталады.
Ойын мәселесіне арналған көзқарастар ғалымдар еңбектерінде талданған. Д. Б. Эльконин өзінің «Ойындар психологиясы» атты кітабында «ойын» сөзін көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, ауыспалы мағынада қолдана береді. Мысалы: «тағдыр ойыны», «отпен ойнау», т. б. Онда ойын әрекеттері жөніндегі теориялардың негізгі материалдары қамтылып, түрлі ойын теорияларына талдау жасалынады [12] .
Балалар ойындарын жүйелі суреттеуде Максаков А. И. өзінің кітабына былай деп жазған: «ойын» ұғымының кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар[13] .
Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» сөзі балаларға тән әрекетті білдіретін. Еврейлерде «ойын» сөзін әзіл мен күлкі ұғымдарымен теңестіретін.
Римдіктерде «ludо» - қуаныш, шаттықты білдіреді. Санскритше «кляда» - ойын, қуаныш. Немістерде ежелгі герман сөзі «spilan» жеңіл, байсалды әрекетті білдіреді.
Аяғында бүкіл европалық тілдерде «ойын» сөзі адамның жалпы әрекетін білдіреді, бір жағынан ауыр жұмысқа негіздемейді, екінші жағынан адамдарды қуаныш пен шаттыққа бөлейді.
50 жылдан кейін атақты голландиялық биолог және психолог Ф. Бойтендайк «ойын» сөзіне этимологиялық анализ береді және осы сөзді бейнелейтін ерекше процесстер белгілерін табуға тырысты. Бұл белгілердің ішінен «мына жаққа және анау жаққа» әрекетін тауып, оған спонтандық және бостандық, қуаныш пен ермекті кіргізеді.
«Ойын» сөзінің негізгі түп мағынасы не болып келеді? Философиялық энциклопедия сөздігінде келесі ұғым берілген: «ойын» - термині жануарлар мен адамдардың мол әрекеттерін білдіреді. Бұдан ойын ұғымы адам әрекетінің негізін ұғыну, егер ойын табиғатқа қолданылса, ол - метафора, ойлау ақпараты, астарлы сөз.
Адам әрекет мәселесіне философтардың, психологтардың, педагогтардың, әлеуметтанушылардың көптеген жұмыстары арналған, жалпы теориясын құрастыруда келесі философтардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың көп еңбегі сіңді, олар: Л. С. Выготский, Леонтьев А. Н., Б. Г. Эльконин Д. Б. Волков И. П. [6, 7, 8, 14] .
Жоғарыда келтірілген авторлардың ойынша әр әрекеттің өзінде мақсат, құрал, нәтиже және әрекет процесінің өзі жатады. Басқа сөзбен айтқанда, әрекет заттылықпен (әрекеттің өзін қоршаған объективті шындықпен қарым-қатынас), саналықпен (адам әрекетінің жануарлар әрекетінен айырмасы) және бағыттылықпен (материалдық әлемнің және субъектінің өзгеруі) сипатталады.
Сондықтан, адамның әрекет субъектісі болып қалыптасуы осы әрекеттің ішінен қалыптасатын адамның қарым-қатынасы әрекет процесіне, оның нәтижесінің әсерінен болады.
Әрекеттің субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынастың көпқырлылығы - бұл бір-бірімен тығыз өрбітілген компоненттерден тұратын күрделі жүйе. Бірақ та әрекет жүйенің құрамына қандай функциялық структуралардың енетіні туралы пікірлер бірлігі жоқ.
Немесе бұл мақсат - құрал - нәтиже (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн), немесе әрекет - әрекеттесу - операция (А. Н. Леонтьев) не болмаса мотивтер - нормалар - білімдер - дағдылар - құрал (Эльконин Б. Д. ), не субъект - объект - белсенділік (Волков И. П. ) және т. б. [6, 7, 8, 14]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz