Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған №160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында: «Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуы мен әл - ауқатын арттырудың табиғи көзі болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін көрсетеді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге қоршаған ортаны қорғауға байланысты табиғи экологиялық жүйелерге әртүрлі зиянды әсерлерді болдырмауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған» - деп түсіністік білдірсек, онда шикізат көзі болып есептелетін пайдалы өсімдіктердің үрдісін яғни, флоралық құрамын мұқият зерттеу әр қашанда қажеттілікті талап етеді.
Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарға сұраныс синтетикалық жолмен алынатын дәрілерге қарағанда күнен - күнге арта түсуде, себебі дәрілік өсімдіктердің шикізатынан жасалатын препараттардың адам ағзасына әсері әлдеқайда жағымды және шипалық қасиеті өте жоғары. Бұл келтірілген мысалдар ғылыми түрде ғалымдардың клиникалық - эксперементтік жұмыстарында дәлелденген. Сол сияқты пайдалы өсімдіктердің ішінде тек дәрілік өсімдіктер ғана емес, басқа да эфир - майлық, дәрумендік, бал алынатын, мал азықтық т. б өсімдіктердің халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Осыған байланысты мектеп оқушыларын жас кезінен бастап табиғатты қорғауға, табиғатта кездесетін адамның ешқандай қатысуынсыз өсіп жатқан әр түрлі жабайы пайдалы өсімдіктердің түрлерімен таныстырып, олардаң өркен мүшелерінде немесе жер асты мүшелерінде әр түрлі биологиялық белсенді заттардың жиналатындығын және ол заттардың жиналуы өсу ортасынының жағымды, жағымсыз әсеріне тікелей байлынысты екенін оқушыларға түсіндіру қажет. [1]
Сонымен қатар, табиғат байлығын құрайтын әр түрлі құнды пайдалы өсімдіктердің шикізатын тиімді пайдалану жолдарын, қорғау жолдарын, табиғатқа аяусыз немқұрайлы қараудың әсерінен көптеген сұранысқа жоғары өсімдіктердің сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына кіретіндігі жайында нақтылы ескерткен жөн. Оқушыларға алдымен ‟пайдалы өсімдіктер” деген ұғымды түсіндіру барысында барлық өсімдіктер адамдарға күнделікті өмірде қандайда бір пайдасын тигізетіндігін, солардың ішінде үйлерінің жанындағы бау - бақшаларда өсірілетін мәдени өсімдіктер де пайдалы түріне жататындығын, бірақ табиғатта өсетін өсімдіктер жабайы түрде ешқандай адамның қатысуынсыз өз бетімен әр түрлі көбею жолдарымен өсетіндігін оқушыларға терең ұғындырып, түсіндіру керек. Сондықтан, мектеп бағдарламасы бойынша 6-7 сыныптың оқушыларына ботаника пәнінен әр түрлі тақырыпқа арналып берілген тұқымдастарды түсіндіру барысында әр тұқымдасқа жататын өсімдіктердің түрлерін түсіндіргенде, бұл өсімдіктердің пайдалы өсімдіктер екендігін, олардың қандайда бір халық шаруашылығының саласында қолданылатындығын түсіндіру қажет. Осыған байланысты ботаника пәні бойынша әр түрлі тұқымдастарға сипаттама беру барысында, табиғи жағдайда әр түрлі өсу ортасынан жиналып, дайындалған гербарий материалдарын пайдалануға болады. Осындай әдістерді қолданып, оқушылардың тек есту қабілеті емес, сонымен қатар көру қабілетін және пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сабақ жүргізу барысында әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің вегетативтік, генеративтік мүшелерінің құрылысын түсіндіруде де гербарий материалдарын толығынан пйдалануға болады. Ол үшін биология пәнінің мұғалімі ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктердің түрлерімен таныстыру үшін ұйымдастырылған экскурсия кездерінде оқытушының өзі оқушылармен бірге гүлдеу дәуіріндегі әр түрлі өсімдіктердің түрлерін жинап, биология кабинетінде кептіріп, олардан гербарийлер жасалып, этикеткалар жазылады. Сол сияқты оқу жылының соңына қарай екінші рет жаз айының ортасында пән мұғалімі оқушыларды өз өлкесінің пайдалы өсімдіктерімен таныстыруға арналған экскурсия барысында да әр түрлі тұқымдасқа жататын пайдалы өсімдіктердің түрлерімен таныстырып, олардан гербарийлер жинап және олардың гүлдерін, жемістерін, тұқымдарын алдын - ала қағаздан жасалған қалташаларға жеке жинап, экускурциядан келгенен кейін жиналған өсімдіктердің гүлдерін 70
спиртке салып, фиксациялау керек (дымқыл материал жасау үшін), және мұндай жаз айларында жиналатын материалдар жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырылуы керек.
Экскурсия арысында оқушыларды әр түрлі өсімдіктер бірлестігінің түрлерімен, ол бірлестіктерде кездесетін әр түрлі кең таралған пайдалы өсімдіктердің және сирек кездесетін немесе жойлып бара жатқан өсімдіктердің түрлерімен таныстырып, оларды қорғаудың маңызын түсіндірудің үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Осындай экскурсия барысында оқушылардың қатысуымен және пән мұғалімінің қолымен жасалаған көрнекті құралдарды оқу барысында ботаника пәнінен 6 -7 сыныптарда сабақ беруде әр түрлі тақырыптар бойынша және қосымша сабақтарда пайдаланып, оқушыларға жоғарғы деңгейде білім беруге болады. Сол сияқты сабақтан тыс қосымша сабақтарда пайдалы өсімдіктердің ішінен дәрілік өсімдіктер, улы, тамақтық т. б халық шаруашылығының әр түрлі саласында қолданылатын өсімдіктердің түрлерімен оқушыларды таныстырып түсініктер беру керек. Осыған байланысты әр оқушы өзі тұратын өлкенің немесе өңірдің жабайы түрде кездесетін, кең таралған және жойлып бара жатқан өсімдіктердің маңызы туралы да мәліметтерді білулері қажет. Сонымен қатар Қазақстанның біраз өңірлерінде, ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдардың өсімдіктерді мал азықтық ретінде көп пайдалануы, ретсіз шөп шабуы, мал бағуы, табиғи апаттар (мысалы, өрт, су басу, т. б. ) өсімдіктер бірлестігіне үлкен зиян келтіреді. Тіпті, бұрындары кең таралған құрамында жүрек гликозиті бар, медицинада сұранысы жоғары кейбір жүрек ауруларына, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілік өсімдік - көктемдік жаңаргүл т. б дәрілік өсімдіктерден - шілтер жапырақты шай қурай, құм салаубас, сүйелшөп, орал миясы т. б дәрілік өсімдіктер жойлып бара жатқан немесе сирек кездесетін өсімдіктер қатарына кірді. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктердің қорын сақтап қалу үшін, олардың өсу ортасын, жинау мерзімін және жинау ережесін, сонымен қатар, осы өсімдіктер жиналғаннан кейін оның қайта табиғатта қалпына келуін анықтап, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты популяциясын зерттеудің яғни, табиғаттағы олардың генефондыларын қорғаудың улкен теориялық және практикалық маңызы зор. Ескеретін жағдай, кейбір дәрілік өсімдіктер медицинада ғана емес, халық шаруашылығының басқа салаларында да қолданылады, мысалы, көптеген эфир майлы өсімдіктер, әрі дәрілік, әрі эфир майлық болып есептелінеді. Сондықтан мектеп жасынан бастап 6 - 7 сынып оқушыларына биология пәнін оқыту барысында оқушыларды ботаника пәнінен бағдарлама бойынша сабақ бергенде тек оқулықты ғана пайдаланып қана қоймай, өсімдіктердің вегетативтік мүшелері бойынша, сабақ, жапырақ, тамыр, ал, генеративтік мүшелері бойынша гүл, гүлшоғыр, жемістері тақырыптарына байланысты гербарий материалдарын пайдаланып, түсіндірудің үлкен маңызы бар. Гербарий материалдарын пайдаланған кезде әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктердің жапырағының, гүл шоқтарының, гүлінің, жемістерінің сыртқы құрылыстарын салыстырмалы түрде түсіндіргенде гербарий мен фиксацияланған жемістер, гүлдер т. б материалдарды қолданып түсіндірудің үлкен маңызы бар. Мысалы, жапырақ бойынша жай жапырақтың күрделі жапырақтан айырмашылықтары немесе гүлшоғын түсіндіргенде масақ гүлшоғырының шашақ гүлшоғырынан айырмашылығы, немесе шатыр гүлшоғырының себет гүлшоғырынынан айырмашылығы т. б әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктердің осындай өркен мүшелерінің сыртқы құрылысын түсіндіруде оқушылардың тек көру қабілетін ғана емес оқушылардың еске сақтау қабілетін және пәнге деген қызығушылығын арттыруда үлкен практикалық маңызы бар. Осыған орай 6-7сынып аралығындағы оқушыларға ботаника пәніне деген танымдық қабілетін арттырып өсімдіктер туралы білімдерін жетілдіріп пайдалы өсімдіктердің жалпы халық шаруашылығындағы маңызын терең түсіндіру керек.
Сондықтан біз алдымызға биология пәні бойынша берілген тақырыпқа байланысты 6 - 7 сынып оқушыларына гербарий материалдарын пайдаланып, бұрын - сонды зерттелмеген Қарағанды қаласынан 50 - 100 км қашықтықта орналасқан Байдаулет аулының пайдалы өсімдіктерімен танысып, гербарий материалдарын жинап, өсу ортасына байланысты, кейбір кең таралған өсімдіктер түрлеріне фитоценологиялық сипаттама беруді алдымызға мақсат етіп қойдық.
Мақсатқа жету үшін біздің алдымызға мынандай міндеттер қойылды:
1. Шет ауданына қарасты Байдәулет өңірінің әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде тіркелген пайдалы өсімдіктердің фитоценологиялық сипаттамасы.
2. Шет ауданына қарасты Байдәулет өңірінің пайдалы өсімдіктерінің тізімін жасап, флоралық құрамын, өмір сүру формасын, экоморфасын анықтау.
3. Зерттелген аудан бойынша тіркелген пайдалы өсімдіктердің халық шаруашылығының әр түрлі саласында қолданылуына байланысты жіктелуі.
4. Жоспар бойынша биология пәнінен тақырыптарға байланысты әр түрлі тұқымдастардың өкілдеріне систематикалық, морфологиялық сипаттама беріп, түсіндіруде гербарий материалдарын қолданып өткізудің маңызы
5. Зерттелген аудан бойынша кең таралған әр түрлі дәрілік, эфир майлық және улы өсімдіктердің түрлерінен жасалған гербарий материалдарын биология пәнінен 6 - 7 сынып аралығындағы оқушылармен факультативттік сабақтар жүргізуде қолданудың маңызы.
Осы алға қойылған мақсат - міндеттер бойынша зерттелген ауданда 2014-2015 жылдар аралығында далалық зерттеу жұмысы жүргізілді. Ең алдымен ерте көктемде, яғни сәуір айының соңы мен мамыр айының бастапқы кезінде, екінші эксперименттік далалық жұмыс - жаз айының ортасында, яғни пайдалы өсімдіктердің негізгі вегетациялық дәуірлерінің жаппай гүлдеу дәуіріндегі тізімі жасалып, олардың гербарий материалдары жиналды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:Алғаш рет Шет ауданына қарасты Байдәулет өңірінің аласа - шоқылы, таулы, құрғақ шалғынды өңірлерінің өсімдіктер бірлестігі, олардың типтері анықталды және осы өңірде кездесетін 60-түрлі пайдалы өсімдіктердің түрлері тіркелді. Оларға фитоценологиялық сипаттама беріліп, олардың өмір сүру формасы, экоморфасы анықталды және тіркелген пайдалы өсімдіктер халық шаруашылығының әр түрлі саласында қолданылуына байланысты жіктелді.
Алғаш рет оқу бағдарламасына сәйкес биология пәні бойынша сабақтар өткізуде оқулықтағы тақырыптарға байланысты әр түрлі тұқымдастардың өкілдеріне систематикалық, морфологиялық сипаттама беруде гербарий материалдарын қолданып өткізу әдістері анықталды.
Ғылыми зерттеу жұмыстары 2014-2015 оқу жылында ботаника кафедрасының профессоры, б. ғ. қ. А. И. Ахметжанованың жетекшілігімен жүргізілді.
1 Пайдалы өсімдіктердің зерттелу тарихы
Біздің байтақ өлкеміздің табиғи жағдайы біркелкі емес, соған байланысты әр аймақтың өзіне ғана тән пайдалы өсімдіктері бар. Жалпы өсімдіктер жайлы, әсіресе, олардың пайдалы қасиеттері жөнінде еңбектер жазып, Қазақстанның көптеген пайдалы өсімдіктерін анықтап, жан-жақты зерттеген ғалымдар: И. В. Павлов [2], В. П. Михайлова[3], М. К. Кукенов[4], В. С. Корнилова [ 5] және де басқа ғалымдар.
Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатында қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады [6] .
Алғаш рет Рим дәрігері Гален пайдалы өсімдіктерде шипалы қасиеттердің болуы, олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Сонымен қатар, осы заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды пайдалы өсімдіктердің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және жасалған дәрімен емдеуді ұсынды [ 7] .
Ертеде өмір сүрген Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл -Джурдани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы басқа Шығыс ғалымдарының медицинаның дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына зор ықпал етті [8] .
Әдеби деректер бойынша [9, 10, 11, 12] жабайы түрде кездесетін пайдалы өсімдіктер үнемі өсіп-өніп, молығып тұрады. Сондықтан табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал азықтық, дәрілік қасиеттері бар өсімдіктер біздің табиғи ресурстардың негізгі қорын құрайды. Олар халық шаруашылығының әр түрлі саласында кеңінен қолданылады, тіпті ауыл мен қалаларды көгалдандыруға, топырақты құнарландыруға да пайдаланылады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі дәрілік өсімдік шикізатына сұраныстың күн санап артуына орай, олардың табиғи қорының күрт азаюына немесе мүлдем жойылуға жақындағанына байланысты, келешекте оларды мәдени түрде өсіру немесе «мәдени» клетка, болмаса ұлпалардан өсіру тәсілі қажет болып отыр. Дәрілік шикізатты бұл тәсілмен өндіру үшін дәрілік өсімдік түрлерінің жалпы биологиялық морфо-анатомиялық, онтоморфогенездік ерекшеліктерін терең зерттеп, меңгермейінше орындау мүмкін емес[13] .
XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасаған. Ол да өсімдіктердің құрамында кездесетін емдік қасиеті бар кейбір белсенді заттардың болуына байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салған [14] .
Дәрілік өсімдіктердің жер шарын бойынша жалпы саны 12 мыңнан астам. Біздің медицинамызда 300-ден астам түрі ғана қолданылады, ал мемлекеттік фармакопеяда 150-ден астам түрі қолданылады [15] .
Синтетикалық жолмен алынған кешенді қосылыстардың емдік қасиеттерінің күшіне қарағанда өсімдіктерден алынған емдік препараттардың адам ағзасына әсері әлдеқайда күштірек екендігі дәлелденген [16] .
Осыған байланысты денсаулық сақтау органдары медицинаны дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін фармоцевтикалық өндірісте дәрілік өсімдіктерден жасалатын препараттарды көбейту туралы ескертеді [17] .
Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Жалпы Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктерді зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Ал Орталық Қазақстанның флорасын жан-жақты зерттеген ғалым Н. В. Павлов [18] сол сияқты таулы-шоқылы-орманды алқаптың өсімдіктерін П. Л. Горчаковский [19] осы өңірде кездесетін бореалдық-реаликтілік өсімдіктерді зерттеді.
Н. В. Павловтан кейін Орталық Қазақстанның флорасын терең зерттеген ғалымдар В. М. Карамышева, Е. И. Рачковская [20] олардың мәліметтері бойынша Орталық Қазақстан флорасында 1453 түрлі жоғары сатыдағы өсімдіктер бар, оның 870 түрі көп жылдық шөптектес өсімдіктер. Олардың ішінде: 100 түрі мал азықтық, 138 түрі дәрілік, 150-ден астамы әсемдік өсімдіктер болып табылады.
Соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерді зерттеу және олардың емдік қасиеттерімен халықты таныстыру ісінде республикада бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жолда медициналық институттардың фармокология кафедралары, ботаника институты және басқа да бірқатар ғылыми-зерттеу институттары үлкен еңбек етті. Сондай-ақ көптеген ғалымдар Қ. Үшбаев[21] ., М. Қажымұратов [22], К. В. Доброхотова [23] сияқты авторлар дәрілік өсімдіктер туралы еңбектер жазды. Арыстанғалиев пен Рамазанов «Қазақстан өсімдіктері» атты кітап жазып, өсімдіктердің қазақша-орысша-латынша аттарын анықтауда жэне бір жүйеге келтіруде елеулі еңбек сіңірді [24] . Сондай-ақ Орталық Қазақстанның пайдалы өсімдіктерін жан-жақты зерттеген ғалымдар: С. М. Адекенов[25], А. И. Ахметжанова[26], Р. О. Мыңбаева[27], И. М. Анапиев[28], А. Н. Куприянов [29, 30] т. б көптеген ғалымдар.
Кейінгі кезде бірқатар ботаник, химик ғалымдар фитохимиялық анализдер жасап, зерттеу нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің кұрамында кездесетін әр түрлі фармакологиялық активті заттар туралы көптеген еңбектер жазуда. Бұл жұмыстар дәрілік өсімдіктерден алынған осы заттарды медицинада тәжірибе жүзінде тексеріп, олардың адам ағзасына әсері туралы экспиременттер жасап, жан-жақгы зерттеулеріне мүмкіндік туғызады. Мысалы, шайқурайдың жер үстіндегі бөлігінде гликозидтер, фенол карбон қышқылы, кумарин, флораглюцин туындылары, сонымен қатар витаминдер, эфир майы және т. б. заттар табылған [31] . Ал бұл заттардың әрқайсысын адам ағзасының әр түрлі ауруларын емдеуге пайданылатындығы белгілі. Сол сияты көптеген авторлардың деректері бойынша ақбасқурай өсімдігі халық медицинасында зәр айдайтын, тітіркенгіштікке қарсы қолданылатын дәрілік өсімдік болып саналады. Ақбасқурайдың түрлерін зерттеумен М. К. Варлаков [32] шұғылданған .
Кейінгі кезде жүрек - тамыр ауруларының проблемасы көбейіп кетті. Осыған байланысты ғалымдар мияның тамырында қан тамырларының капиллярларының сынғыштығын кемітетін қабілеті бар тритерпенді және фенолды заттардың болатындығын анықтаған [33] .
Қазақстан флорасында құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктерді жан-жақты зерттеген ғалым Ахметжанова А. И [34] . Автор алғаш рет құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктердің таралуын, биоэкологиялық ерекшеліктерін, шикізат қорын және жабайы түрде өсетін оннан аса түрді мәдени түрге айналдырып, олардың шикізат қорын қолдан жасау мүмкіндігін тапқан. Сол сияқты құрамында жүрек гликозидтері бар (12 түрлі) дәрілік өсімдіктердің жер беті мүшелерінде даму фазасына байланысты жиналатын гликозидтердің сандық мөлшерін мәдени түрге айналдырылған түрлердікімен салыстырмалы түрде зерттеп анықтаған.
Қазіргі кезде табиғатта жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктердің шикізатына сұраныс күнен-күнге өсуде, сондықтан Қазақстанның әр түрлі географиялық аймақтарында дәрілік өсімдіктердің түрлерін тауып, жан-жақты зерттеу көптеген қортанушы - ботаниктер мен фитохимиктердің назарын аударып отыр.
Сонымен, әдебиеттерді талдау кезінде Орталық Қазақстан бойынша Шет ауданына қарасты Байдәулет өңірінің кейбір аласа - шоқылы, таулы, құрғақ шалғынды өңірлерінің пайдалы өсімдіктері туралы айтылған әдеби деректер жоқ екендігіне көзіміз жетті. Әдеби деректер бойынша кейінгі соңғы жылдары Шет ауданына қарасты Ортау, Қызылтау таулы өңірінің пайдалы өсімдіктердің ішінен сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктер туралы Ахметжанова А. И., Ауельбекова А. Қ., Алибеков Д. Т [35] еңбектерінде көрсетілген. Сол сияқты Ортау таулы өңірінің дәрілік және эфир майлы өсімдіктерінің қорын жан-жақты зерттеген - Ауельбекова А. Қ [36, 37, 38, 39] .
Кейінгі жылдары Орталық Қазақстан флорасының сосудты өсімдіктерін зерттеген - М. Ю. Ишмуратова, С. У. Тлеукенова [41] .
Бұл авторлардың еңбегінде Орталық Қазақстанның территориясында жоғарғы сатыдағы сосудты өсімдіктерге 99 тұқымдас 434 туысқа жататын 1256 түрдің кездесетіндігі туралы айтылған.
Қарағанды жағдайында мәдени түрге айналдырылған бір жылдық жусанның Artemisia annua L онтогенезін зерттеген - Ишмуратова М. Ю. [42]
Сол сияқты Қарқаралының таулы - орманды өңірлері бойынша кең таралаған дəрілік өсімдік Patrinia intermedia (Hornem. ) Roem. et Schult. таралуы жəне оның əр түрлі өсімдіктер бірлестіктеріндегі популяциялық жастық құрамы салыстырмалы түрде сипатталып берілген[43] . Авторлардың А. И. Ахметжанова т. б бұл еңбектерінде орта тасшөптің шикізат көзі жер асты мүшелерінің өнімділігі, биологиялық жəне эксплуатациялық қоры туралы айтылған. Əр түрлі өсімдіктер бірлестігінен жиналған Patrinia intermedia-ның өнімділік қорының салыстырмалы сипаттамасы беріліп, орта тасшөптің популяциясында ювенильдік кезеңдегі түрлерінің санының басым болып келуі анықталып, оның популяциясының тұрақтылығы дəлелденген. Зерттеу нəтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып алынған мəліметтерді авторлар Patrinia intermedia-ның, оның шикізатын біраз жылдар бойы кеңінен халық игілігіне қолдана беру мүмкіндігі бар екендігін көрсеткен. Орта тасшөп дәрілік шүйгіншөптің (валериана лекарственная) аналогы болып есептеледі, ал дәрілік шүйгіншөп Орталық Қазақстанда кездеспейді.
Қарағанды облысы бойынша әртүрлі өсімдіктер бірлестігінде таралған маршалл жебір шөбінің биоморфологиялық ерекшеліктері туралы А. И Ахметжанова., Т. А. Айтбаев еңбектерінде келтірілген [44] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz