Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
15
Кіріспе . . .: 1. Ақселеу Сейдімбек - публицист . . .
15: 18
Кіріспе . . .: 1. 1 Ақселеу Сейдімбек публицистикасының ғылыми-танымдық ерекшелігі . . .
15: 18
Кіріспе . . .: 1. 2 Ақселеу шығармашылығы және ауыз әдебиеті . . .
15: 24
Кіріспе . . .: 2. Ақселеу Сейдімбек - өнертанушы . . .
15: 33
Кіріспе . . .: 2. 1 Ғылым мен өнер шежіресі - «Қазақтың ауызша тарихы» . . .
15: 33
Кіріспе . . .: 2. 2 «Қазақтың төр шежіресі» - этномәдени біртұтастықтың кепілі . . .
15: 36
Кіріспе . . .: 3 Ақселеу Сейдімбек - этнограф-ғалым . . .
15: 55
Кіріспе . . .: 3. 1 «Қазақтың күй өнері» кітабының ғылыми-танымдық мәні . . .
15: 55
Кіріспе . . .: 3. 2 Күй өнері ұлт руханиятының алтын қазығы . . .
15: 79
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
15: 85
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
15: 90

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Жаһандағы адамзаттың өзара даңғыл жолдағы дамуы, ізгі ниетте ойлауының нәтижесінде ірі сатылар бойынша дәуірлер ауысып отырады. Әсіресе, ақпараттың түрлі бағытта таралып, кеңінен дамуы жолында күрделеніп, кейіннен түрлі реңге енуі - ғаламдағы елдерде ұқсас тарихи жүйелі тәртіппен, нақты сатылы түрде жүзеге асып отырды.

Ғылыми-танымдық публицистиканың қалыптасуы мен көркемдік дамуы - ұлттық дәстүрдің маңызды тұстарын рухани-мәдени тәжірибелерін жинақтап берді. Қазақы ғылыми-танымдық публицистиканың қарышталған түрін, әдеби әрі ақпараттық әдістердің күрделі тұстарын зерделеп береді.

Бүгінгі өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдыруда қазақ қаламгерлері де жан-жақты ізденістер танытуда. Тыңнан соқпақ тартуға талаптанған көркемдік талпыныстар, әсіресе, қазіргі қазақ публицистикасынан айқын аңғарылады. Бұл тұстағы шығармашылық ізденістердің бір арнасы стиль проблемасымен, типологиялық өрісімен тығыз байланысты.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Танымдық шығармалардың қалыптасуы мен кемелдену кезеңдерін, әсіресе, жеке суреткер ретінде Ақселеу Сланұлының шығармашылығын жанрлық, теориялық, танымдық тұрғыдан жеке қарастыру - зерттеудің өзекті тұсы. Бұл ретте, қазақ публицистикасы әлдеқайда табысты деңгейді еңсерді. Жазушының лабороториясы ретінде жан-жақтылығы қарастырылып, еңбектері арқылы ізденістер де жүргізу -публицистиканың танымдық қырын ашты. Әрине, толық өзекті тұсын көрсете білу үшін талдамалық тұсын талдау арқылы көптеген еңбектерді саралау қажеттілігі белгілі. Бұл орайда публицистикалық талдамалы еңбектер - салмақты зерттелген тақырып өзегіне айналуы тиіс. Ақселеу шығармаларын ұлттық публицистиканы ақпараттық әлем мен әдебиеттік жанрдың маңызды бөлшегі ретінде қарастыру өзекті. Әсіресе, танымдық тұрғыда Ақселеу шығармаларын жұмыс барысында көркемдік құралдардың болмысын жан-жақты талдауда нақты әдістеме ретінде қосқан үлесі зор.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Қазақ публицистикасындағы шығармалардың дені зерттеліп, кеңінен талданып келе жатқаны белгілі. Б. Жақыптан бастап публицистиканы зерттеген ғалымдар жетерлік. Алайда, Ақселеу Сланұлы негізінде зерттелген еңбектердің бағыты - еңбектердің танымдық қырын негіздейді. Дипломдық жұмыстың жаңалығы ретінде қазіргі таңдағы ғылыми-танымдық публицистикадағы Ақселеу Сланұлының ғылыми жаңалығын қосар едік. Ұлт тарихына әкелген ұлттық құндылықтарды рухани сипаттарын жан-жақты екшеген зерттеулерін, танымдық кітаптарын, талдамалы мақалаларын атар едік. Осы ретте танымдық публицистиканы өз шығармашылығы негізінде саралап шыққан ғалым ұлттың сүйіспеншілігіне бөленді. Рухани шежіренің тарихын, руластық шеңберінің ұлғайғандығын, қазақтың күй өнерінің құндылығын зерттеу жұмысына талдау етті.

Дипломдық жұмыс барысында шығарылған қорытынды жұмыстары болашақта көркем шығармашылық бойынша ғылыми-танымдық публицистиканы кешенді түрде қарастыруға бағыт-бағдар беру жағынан да үлкен маңызға ие. Жалпы, жұмыс барысында қазіргі танымдық публицистика толығымен қарастырылып, қазақ публицистикасы Ақселеу Сейдімбек шығармашылығы негізінде зерделенді. Зерттеуде тың тұжырымдар жасалып, публицистиканың ғылыми маңызды тұстары атап көрсетілді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеуге бағытталған. Бұл ретте танымдық шығармалары зерделеніп, ол жөнінде ғалымдар айтқан пікірлер нысанаға айналды. Осы мақсатты айқындау үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:

  • Ақселеу Сланұлының шығармашылығын зерделеу;
  • «Қазақтың ауызша тарихы» негізінде жазылған танымдық мақалалардың зерттелуін таразылау;
  • қазіргі қазақ публицистикасының танымдық, мазмұндық құрылымындағы өзгерістерді салыстыру;
  • Ақселеу Сланұлы шығармаларының ұлттық сипатын ашып көрсету;
  • шығармалардың ғылыми сипатын айқындау;
  • шығарма кейіпкерлерінің көрінісін талдау;
  • «Қазақтың күй өнері» еңбегіндегі ерекшеліктерді ашып көрсету;
  • Ақселеу шығармаларының маңызды концепциясын талдау;
  • Кешен негізінде Ақселеу Сланұлының талдамалық шығармаларының жаңашылдық диалектикасын ашып көрсету;

Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні. Зерттеу жұмысында ғылыми еңбекте Ақселеу Сланұлының қаламынан туған шығармалар назарға алынып, зерделенді. Әсіресе, ғалымның өз авторлығында қолданылған «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың бейпіл сөздері», «Тауға біткен жалбыз», «Қара өлең» жұмыстары талданып, бірқатар талдамалық шығармалары басшылыққа алынды. Жұмыстың негізгі пәні - ғылыми-танымдық публицистика.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде танымдық публицистиканың құрылысы, дамуы талқыланды. Атап айтқанда, Рашид-ад-Дин, М. Шындалиева, А. Жұбанов, М. Дулати, А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, т. б. ғалымдар еңбектері мен ұжымдық зерттеулер теориялық, әдіснамалық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. А. Жұбановтың «Ән - күй сапары», «Ғасырлар пернесі» атты еңбектері зерделенді. Сондай-ақ, Ақаңның қаламынан туған «Ғасырлар пернесі», «Қазақтың күй өнері», «Аққыз», «Қазақ әлемі «Этномәдени пайымдау», «Тауға біткен жалбыз», «Қазақтың ауызша тарихы, Шежірелік деректерді пайымдау» секілді алты томдығы зерттелді. Оған қоса Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» еңбегі қарастырылды. Сондай-ақ, Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі», атап айтсақ, "Адырна" ұлттық - этнографиялық порталы, Дауылпаз ақын атындағы портал (Қасым Аманжолов), Моңғолия қазақтарының ақпараттық порталына жарияланған ғылыми мақалалар зерделенді. Оған қоса республикалық, облыстық белді басылымдар «Дала мен қала», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан әйелдері», «Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінің» Ақселеу Сейдімбек жөнінде жазылған авторлар жарияланымдары талқыланды.

1 Ақселеу Сейдімбек - публицист

1. 1 Ақселеу Сейдімбек публицистикасының ғылыми - танымдық ерекшелігі

Публицист-қаламгер, этногаф-ғалым Ақселеу Сланұлы Сейдімбек қазақ елінің ұлтжанды азаматы, маңдайына біткен жарық жұлдызы. Қазақтың төл тарихына қажырлы үлес қосып, ауызша тарихтың дамуына мейлінше ықпал етті. Өзінің жігер күшін елінің ертеңімен байланыстырып, қазақ үшін құнды, сапалы һәм салмақты дүние жасады. Қазақтың ауызша тарихын, рулық шежіресін қайта жасақтап, текті қазақтың байырғы дүниетанымын жаңғыртты. Қазақтың күй өнерін зерделеді, ел тарихын нықтады, тарих бетіне өзінің айшықты ізін қалдырды. Қаламынан туған әрбір көркем шығармасы оқырманының көңілінен шықты. Ғылыми-публицистикалық еңбектері құнды дерекке, нақты ұсынысқа құрылып жазылды.

Арқаның алтын сандығына айналған, жерлес қаламгер Сланұлы Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығын жан - жақты тану әрбір қазақ үшін міндетті. Тұлғаның көркем әдебиеттегі ерекше қыры - әрбір оқырманның қызығушылығын арттырып, әрбір әңгімесі ерекше әлемге жетелейтіні рас. Диссертациялық жұмысты зерделеу барысында Алаш Ақселеуінің шығармалары мен зерттеулерінің өзіндік ерекшелігін ұғындыру, жерлес қаламгердің даралығын танытып, шығармаларын зерттеу жүйесіне алу - маңызды іске айналды. Бұл ретте, Ақселеу Сейдімбектің ғылыми ұстанымдары, негізгі талдауға алынған обьектілері қарастырылып, публицистік жолда магистрлік диссертация жазу қолға алынды. Ғылыми диссертациялық жұмысты жазу барысында жазушы шығармашылығы зерделеніп, өмірі мен шығармашылығы бірнеше бөлімдер бойынша жоспарға алынды. Бұл орайда, Ақселеу әлеміне терең ену мақсатында жоспар құрылып, бірнеше бөлімдер кеңінен қамтылды. Мысалы:

Тарихшы Ақселеу туған аймақ

Ақселеу өскен орта

зерттеушінің ғылыми жолы

Алғашқы қызмет жолында

Алғашқы бөлім бойынша жоғарыда атап өткен тақырыптар сараланып, зерттеуге алынды. Жазушының өмірін, өскен ортасын негізге ала отырып, шығармашылығын қамту жоспарланды. Екінші бөлімде публицистің ғылыми еңбектері қарастыру жолында:

- Ғалымның алғашқы зерттеулері

- Сейдімбек - жазушы

- Жас аудармашы

- Публицист - аудармашы

- Этнограф - тарихшы

- Күйші - сазгер

Жоғарыда аталған бөлімдер бойынша қаламгердің шығармашылыққа келген жаңаша қырлары зерттелді. Бұл ретте, диссертациялық жұмыстың негізгі жаңашылдығы, айтпақ ойы басты жүйеге алынған. Ал, үшінші бөлімде Ақселеудің ғылыми жинақтары, бірегей тұлғаның болмысы, қаламгер шығармашылығы қарастырылып, тұлғалық реңіне түсінік беріледі. Жалпы, қазақ елі тарихында ғалымдық, қоғамдық - саяси және ұйымдастырушылық секілді ғылыми саланы ұштастыра білген Ақселеу Сейдімбек шығармашылығы зерделенді. Осы ретте Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық ономастикалық, терминологиялық комиссияның мүшесі атанған тұлғаның ғылыми шығармалары тереңірек көңіл бөлуді қажет етеді. Ғылыми шығармалары «Күй», «Қазақтың ауызша тарихы» кітабы негізінде талқыланып, жазушы шығармашылығының публицистикалық жаңашыл қыры зерттелді. Диссертациялық жұмыс барысында еліміздегі беделді «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Зерде», «Парасат», «Ақиқат» секілді көпшілікке танымал басылымдардың редколлегия мүшесі болған, жазушылықтың төрінен өзіндік орын алған жазушының өмірінен үзінділер алынды. Бұл ретте, автордың «Қазақтың бейпіл сөздері», «Күй», «Қазақтың ауызша тарихы», «Күй» атты ғылыми еңбектері негізгі обьектіге алынды.

Жұмыстың мақсатына сай жалпы, ғылыми-танымдық публицистиканың жанрларын кеңінен зерттеу барысында Ақселеу Сейдімбек шығармаларына көңіл бөлу мақсаты көзделді. Жазушының тақырып қоюдағы шеберлігі, ғылымға әкелген жаңалықтарын зерделеу ғылыми тұрғыда талқыланды. Танымдық, публицистикалық шығармаларын кеңінен талдау барысында әрбір шығармасында ғылыми деректерді қолдануын зерделей отырып, сараптама жұмысын жүргізілгенін атап өткен жөн. «Күй» жөніндегі терең талдауларына, ауызекі өнерді насихаттаудағы еңбектеріне тоқталып, ғалымның «Қара өлең» төңірегінде жазған докторлық диссертациясы негізінде сараптама жұмыстарын жүргізу аса маңызды.

Жұмыстың өзектілігі бүгінгі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан Ақселеу шығармалары тереңірек көңіл бөлуді, жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Ғалымның қазақтың қамы үшін жасаған еңбегін ескеру мақсатын ескере отырып, елге Ақселеу шығармаларын дәріптеу - аса өзекті. Жазушының «Күй» жанрын зерттеудегі «7 мектеп» қалыптастыру жаңалығын дәріптей отырып, ғалымның терең талдау жасаған ғылыми жазбаларын, белгілі бір ұстанымға негізделген әдеби шығармаларын, туындыларының БАҚ-та жариялануын қадағалау, жан-жақты салада қазақтың дамуы, салт-дәстүрі, келешегі үшін жазылған туындыларын ұрпаққа насихаттау көзделді. Шығармаларын жинақ етіп шығару да ғылыми тұрғыда кеңінен өзекті.

Магистрлік жұмыс бойынша кіріспе бөлім мен рефераттан тұратын диссертациялық жұмыс - Ақселеу Сейдімбектің туған жері, өскен ортасынан бастау алып, ғылыми шығармаларына дейінгі аралықта бірінші тарауды қамтиды. Екінші тарау ғалымның күй өнерін зерделеуінен бастап, қазақ күй өнерінен бастау алған мектептер жөнінде мәлімет береді. Ғалымның «Қазақтың ауызша тарихы» кітабында «ауызша тарих», «шежіре» атты қолданысқа енген сөздері арқау болды. Айтатын ойын тарау бойынша зерделеп, еңбектерінің ішкі пікірі зерделенді. Әр тарау екі бөлімнен тұрады. Бұл ретте ғылыми тұрғыда қамтылған түрлі деректер, ауызша тарихи үлгілер жинақталып, авторлардың еңбектері Ақселеу еңбектерімен ұштастырылды. Ғылымға сүйенген деректерді нұсқай отырып, «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегі жан-жақты зерделенді. Ру-тайпалар атауы, шежірелік деректердің өзектілігі баса айтылды. Сондай-ақ, қорытынды бөлім мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қосымша мәліметтер де қамтылған.

Қорытындыларға келсек, Ақселеу Сейдімбектің ғылымға қосқан үлесі орасан зор. «Қазақтың ауызша тарихы» және «Қазақтың күй өнері» ғалымның қазақтану ғылымына қосқан үлесі болды. Оның қазақтануға әкелген жаңалығы, жан-жақты зерделеу үлгілері тарихта үлкен із қалдырды. Ғылым жолындағы тың зерттеу, шежіре жинақтары ғалымның шәкірттері, кейінгі ұрпақтың көкжиегін дамытуға сеп болды. Күйшілік мектепті саралауы( 7 мектеп бойынша), қазақтың шежіресін (рулық бөлініс) зерделеп, арнайы үлгісін жасау ғылымға әкелген тың жаңалық болды. Қорытындалай келе ғылыми-танымдық публицистика Ақселеу шығармашылығы негізінде зерделеніп, публицис-тикалық шығармалары талдауға алынды. Студенттер, ғылым жолында жүрген мамандардың болашақ ізденіс жұмыстарына сеп боларлық дүниелерге мысал келтірілді.

Методологиялық арқауына орай зерттеу жұмысы барысында Ақселеу Сейдімбек шығармашылығына қатысты еңбектер зерделенді. Бұл ретте, ғалым публицистикасы жөнінде терең зерттеу жинақтары жарық көрмесе де, оған арналған шығармалары талқыланған мыңдаған ғылыми мақалалар жарық көрген. Сондай-ақ, ғалымның авторлық туындылары да ғылыми ізденіс жұмысын жазуда септігін тигізді. Ғылыми публицистикалық жинақтар зерттелді. Бұл орайда, Ж. Мағзымұлы «Жаңаарқа күйшілері»; Нұрлан Аманұлы «Естеліктер» ("Қазақстан" Республикалық Телерадио-корпорациясы) ; Н. Айтұлы "Дәурен - ай" - Ақаңның өз тағдырымен өзектес ән; С. Ақсұңқарұлы «Қайран, Ахаң» (Орталық Қазақстан) ; С. Қирабаев «Менің Ақселеуім» (Егемен Қазақстан) ; Р. Сариева «Ақселеу Сланұлының жеке қоры» (Егемен Қазақстан) ; Ә. Меңдеке «Ақселеу Сейдімбек: "Униформациялану, Еуроформациялану»; Русоформациялану . . . " (Жас Алаш) ; Ә. Кекілбайұлы «Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті», Қ. Салғараұлы «Ұлтжанды: Ақселеу Сейдімбек -қаламгер, этнограф, зерттеуші» (Егемен Қазақстан) ; Қ. Аманбаев «Қазақтар әлемі» (А. Сейдімбектің "Қазақтар әлемі" кітабы туралы) атты жинақтар мен қолжазбалар төңірегінде зерттеу жұмысына қатысты мәліметтер алынды.

Магистрлік диссертацияны жазу барысында бірқатар ғаламтордағы порталдарға талдау жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте, күй өнері төңірегінде зерделегенде А. Жұбановтың «Ән - күй сапары», «Ғасырлар пернесі» атты еңбектері зерделенді. Сондай-ақ, Ақаңның қаламынан туған «Ғасырлар пернесі», «Қазақтың күй өнері», «Аққыз», «Қазақ әлемі «Этномәдени пайымдау», «Тауға біткен жалбыз», «Қазақтың ауызша тарихы, Шежірелік деректерді пайымдау» секілді алты томдығы зерттелді. Оған қоса Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» еңбегі қарастырылды. Сондай-ақ, Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі», атап айтсақ, "Адырна" ұлттық - этнографиялық порталы, Дауылпаз ақын атындағы портал (Қасым Аманжолов), Моңғолия қазақтарының ақпараттық порталына жарияланған ғылыми мақалалар зерделенді. Оған қоса республикалық, облыстық белді басылымдар «Дала мен қала», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан әйелдері», «Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінің» Ақселеу Сейдімбек жөнінде жазылған авторлар жарияланымдары талқыланды.

Сондай-ақ, ғылыми жұмысты жазу барысында біршама еңбектерге жүгінуге тура келді. Ж. Ерман, Н. Жүсіп, А. Несіпбай, З. Тайшыбай, Ғ. Жайлыбай Т. Көкетаев, С. Қирабаев, Ә. Меңдеке еңбектері негізінде Ақселеу Сланұлының бет-бейнесі, ғылыми-танымдық еңбектері жөнінде ақпараттар, мәліметтер сараланды. Мерзімді басылымдарға қоса, ғаламтор желісі арқылы портал мәліметтері пайдаланылды. Сондай-ақ, ғалымның қаламынан туған еңбектері ізденіс жұмысына зор көмегін тигізді.

Диссертациялық жұмыс барысында Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің алғаш туған жері, өскен ортасы, қызмет жолы зерделенді. Мысалы, ғалымның 1942 жылы12 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келгені атап өтерлік өміріндегі оқиға, қайғы - қасіретін ұмыттырған әкесінің ағасы Аманбек пен Күләндә екені, Аманбек ақсақалдың қатарынан қалдырмай өсіргені айтылады. Мектеп қабырғасында жүргеннен - ақ үкілі үміт арқалаған ақын атанып, өлеңдері баспасөз беттерінде жарық көрді. 1959 жылы орта мектепті тамамдаған соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау кеңшарында мал шаруашылығында еңбек етті. 1963- 1968 жылдары КазМҰУ - дың журналистика факультетінде оқыды. Қалам алды алғашқы туындылары туған жер, ауыл тұрмысы тақырыбына арналды. Қаламгерлік жолын 1968 - 1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші болып бастап, 1976 - 1981 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983 - 1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы қызметтерін атқарады. Одан оралған соң ҚазМУ-дегі оқуын әрі жалғастырып, 1968 жылы бітіріп шығады да одан ары еңбек жолын жалғастырады. «Лениншіл жас» газетіне (Жас Алаш) әдеби қызметкер болып орналасады. Содан бастап-ақ әр түрлі жауапты қызметтер атқара бастайды. 1968 жылы «Лениншіл жастың» «Орталық Қазақстан» өңіріндегі меншікті тілшісі, 1975 жылы Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» (Егеменді Қазақстан) газетінің бөлім меңгерушісі. 1983 «Білім және еңбек» (Зерде) журналының бас редакторы, 1988 жылы қазақша және орысша «Әлем» алманағының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, одан Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының тұңғыш президенті, Астанадағы Гумилев атындағы университеттің ұстазы қызметінде болды.

А. Сейдімбекті бүгінгі таңда Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты (1989) және Қазақстан Журналистер Одағының жүлдегері (1979) ретінде ерекше еске алады. Отызға тарта көркем-әдеби, ғылыми-көпшілік қолды кітаптардың авторы атанып, олардың ішінде «Ақиық» (1972), «Қыр хикаялары» (1977), «Кеніш» (1979), «Тауға біткен жалбыз» (1979), «Алпамыс батыр» (1979) қазақ тілінде, 1981 жылы орыс тілінде, 1987 неміс тілінде, «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981), «Серпер» (1982) . «Поющие купола» (1985), «Всадник на белом коне» (1987), «Мың бір маржан» (1988), «Сонар» (1989), «Аққыз» (1991), «Күй шежіре» (1992), «Көшпелілер тарихы» (1992) секілді еңбектері ел аузында жүр.

Ғылым докторының көптеген шығармалары ағылшын, венгр, қарақалпақ, қырғыз, неміс, орыс, өзбек, шешен, эстон тілдеріне аударылғандықтан, А. Сейдімбекті белгілі шебер аудармашы ретінде біржақты қарастыруға болады. Ақселеу аударған Гомердің «Илиада», «Одиссея» (1974, 1988), И. Можейконың «7 и 37 чудес» (1988) деген шығармаларын қазақ оқырмандары ана тілінде оқып, сусындағанын атап өткен жөн.

Диссертациялық жұмыс барысынба біз - тарих бетінде жазушының өмірбаяны жайында жоғарыда атап өткеніміздей қысқа да қызықты мәліметтер кездестіргенімізді айтқан жөн. Жалпы, әу баста Ақселеу Сейдімбек ең әуелі қазақ халқына көркем шығармашылығымен, мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланатын мазмұнды мақалаларымен, очерктерімен танылды. Әдеби сынға да айтарлықтай үлес қосты. Жазған мақалаларында әдебиет пен тіл, мәдениет пен білім, өнер мен өмір, қоғам мен уақыт, ел мен жер, тарих пен ұлт келешегіне қатысты өзекті мәселе көтеріліп, қазақтың кейбір болыстарының бойына біткен астамшылық, еріншектік, қанағатсыздықты сыншылдықпен көрсете алды. Кейін шығармашылығы ілгері дамып, ұшырасқан зерттеулерінің нәтижесінде ғылымға ден қоя бастады. Ғылымға келуі «Білім және еңбек» журналында жалғасып, кейіннен атын «Зерде» атаған журналда қызмет атқарды. Елеулі еңбектері арқылы көне дәуір тарихына үңіліп, ескерткішіне қоса, кейінгі қоғамның ең күрделі деген мәселесін түбегейлі қозғай білді.

Ал, кіріспеде жалпы шығармаларының ішінен атап өтерлік жайт Ақселеу Сейдімбектің жазушылық қарымын, көркемдік деңгейін, ғылымға жаңа серпін әкелген кітабы - «Аққыз» екенін атап өткен жөн. Бұл кітапта жинақталған повестердің ішінен айрықша «Күзеуде» және «Бір атым насыбай» повестерін бөліп айтуға болады. Әсіресе, бұл повестердің қай - қайсысы болмасын өзінің көркемдік концепциясы, тілінің шұрайлылығы, қолданыстағы тіл өрнегі жөнінен осы тектес шығармалардың классикалық үлгісіне жатады. Әсіресе, «Күзеуде» шығармасында оқиғаны суреттей алудағы тартымдылығы мен тіл көркемдігі, құнарлылығы шеберліктің куәсі іспеттес. Әрбір айдарлы сөздері шығарманы сол күйі құлпыртып тұр. Сөз салмағы, суреттеудегі шеберлігі дәл әрі нық. Үңілген әрбір тұлға - талдауға негізделіп жазылған әр шығармасына зер салсаң кейіпкермен бірге өзін де қоса түсіп кеткеніңді байқамай қаласың. Біз зерттеу жұмысы барысында осындай үлгідегі сөз қолданысын - көркемдік қуаттың кемел керуені, сөз қолданудың өрелі шыңы, шарықтау шегі деп айтар едік.

Кіріспе бөлімде айта кеткен жөн, ғалым шығармаларының ішіндегі қазақтың төлтума мәдениетін тұтастай тарихи тұрғыдан жан - жақты саралауды көздеген «Күңгір - күңгір күмбездер» атты еңбегі 1981 жылы жарық көрді. Қазақтың қалың оқырманы мен зиялы қауымы арасында айрықша қызығушылықпен ұлттық сілкініс тудырған бұл кітапты көпшілік ғылыми ірі ізденіс деп бағалады. Ғалымның ғылымға қосқан үлесі ретінде кеңінен талқыланған бұл кітап - қазақтың дәстүрлі мәдениетін өзінің төлтума қалпында біртұтас құбылыс ретінде қарастыруымен ерек. Сондай-ақ, тарихи - этнографиялық дерегінің молдығымен, әсіресе ұлттың рухани әлемін парықтаудағы тұжырымдарымен оқырман назарын аударған еңбек саналды. Бұл кітап 1985 жылы «Поющие купола» деген атпен Е. Қажыбековтың аударуында орыс тілінде жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселесі
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері
Публицистика – сөз өнерінің бір саласы
Әдебиет жанрлары
Қара өлеңнің зерттелуі
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Мәдени даму мен теориялар
Қасым Қайсеновтің публицистикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz