География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6
Кіріспе . . . 6: 1
Географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарын пайдалану әдістемесінің ғылыми негіздері . . . 9
Кіріспе . . . 6: 1. 1
Географиялық білім берудің міндеттері мен мақсат . . . 9
Кіріспе . . . 6: 1. 2
География кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптар . . . 13
Кіріспе . . . 6: 1. 3
Географияны оқытуда пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарын классификациялау . . . 19
Кіріспе . . . 6: 2
Географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарын пайдалану әдістемесі . . . 25
Кіріспе . . . 6: 2. 1
Географияны оқытуда көрнекі құралдармен жұмыс жасау әдістемесі . . . 25
Кіріспе . . . 6: 2. 2
Географияны оқытудың негізгі құрал-жабдықтары . . . 33
Кіріспе . . . 6: 2. 3
Географияны оқытудың негізгі құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу әдістемесі . . . 39
Кіріспе . . . 6: 3
Географиялық алаң және ондағы оқу-құрал жабдықтармен жұмыс жасау . . . 47
Кіріспе . . . 6: 3. 1
Географиялық алаңға жалпы сипатама . . . 47
Кіріспе . . . 6: 3. 2
Географиялық алаңдағы құрал-жабдықтар . . . 50
Кіріспе . . . 6: 3. 3
География сабағанда құрал-жабдықтармен жұмыс жасау әдістемесі . . . 56
Кіріспе . . . 6: Қорытынды . . . 64
Кіріспе . . . 6: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Географияны оқыту процесінде оқу құрал-жабдықтарын айқын жүйеде орналастыру жағдайы оны тиімді пайдалану, кабинетті жиһаздармен және көмекші құрал-жабдықтармен жабдықтау географияны оқытудың негізгі құралдары болып табылады. Оқыту құралдарына - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен түп деректер, яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі жатады. Географияны оқытуда оқу құрал-жабдықтары сынып, кабинет жағдайларына сай болуы керек. Орта мектепте география кабинетінің қажеттігі туралы идеялар және оны оқу процесінде пайдалану оқымысты географтардың, әдіскерлердің еңбектерінде көрініс тапты. (А. А. Барзова, А. Ю. Петри, В. П. Буданова, А. С. Баркова, Н. Н. Баранский т. б. ) .

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесінің міндеттерін айқын көрсеткен. Бұл жерде көрсетілген міндеттері шешу барысында оқу құрал-жабдықтарының орны ерекше болып табылады. Себебі білім алушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды кәсіби түрде шындау оқыту құрал-жабдықтарының көмегінсіз жүрмейді [1] .

Оқу үдерісі барысында көптеген оқыту құралы қолданылады. Байқағанымыздай, олардың кейбіреулері әр түрлі материалдық объектілерде көрініс тауып, өте тамаша деңгейде қолданылса; көрнекі құралдары секілді басқа материалдық құралдар да оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға едәуір үлес қосады.

Көрнекi құралдар немесе оқыту құралдары (немесе бiлiм беру көздерi) табиғат пен қоғам туралы ғылыми бiлiмнiң қалыптасуына, оқыту мен тәрбиелеудiң негiзгi мақсатын жетiлдiруге керек. Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін - ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады.

Оқыту құралдарына оқушыларға оқу материалын қарапайым, анық және оңай баяндайды, материалды бекітуге және оқушылардың қабілеттерін жетілдіруге бағытталған жұмыстарда белсеңді қолданылады. Оқыту құралдары білім және тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Географияны оқытуда оқу құрал-жадықтары білім берудің жан-жақтылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Бұл білім алушыларға маңызды білім көзі болып саналады. Сонымен қатар оқу құралдары білім беру процесін басқару тетігіне айналады. Көрнекi құралдардың негiзгi бiр функциясы - бiлiмді меңгеру барысында оларды көрсете алу.

Бұлар әсiресе, оқушылар физикалық және экономикалық география курсын оқыған кезде, көптеген обьектi мен құбылыстарды шын түрiнде көре алмаған жағдайда, маңызды болып келедi. Сонымен қатар, табиғатта кездесетiн заттарда кейде көзге көрiнбейтiн нақты көрсеткiштердi байқау қиынға түседi, сол кезде оларды сызбалар, схемалар, модельдер және тағы басқалары арқылы көрсетуге болады. Көрнекi құралдар бiлiмнiң негiзгi көзi болып келедi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың бiлу қабiлеттерi, ойлары, тiлдерi дамиды, және көрнекi құралдар арқылы олар ғылыми зерттеулердiң қарапайым түрлерiн және басқа да бiлiктiлiктерiн игередi. Көрнекi құралдарды қолдану географияны оқыту мақсаты, маңызы және әдiстемесiне қазiргi қойылатын талаптармен байланысты. Олар мұғалiм мен оқушылардың жұмыс iстеу ерекшелiктерiмен сәйкес келу керек, сонымен қатар бiлiм мен бiлiктiлiктердiң жақсы игеруiне көмектесуі қажет.

География кабинеті бұл географияны оқытудың құрал-жабдықтары жинақталатын орын. Сондықтан оның жабдықталуы да аса үлкен маңызға ие. Көп жылдан бері географиялық кабинетті құрастырып, жабдықтауда көптеген тәжірибелер жинақталған. Көптеген мұғалімдер мен методистер географиялық кабинетті құрастыруда өз ұсыныстарын жасаған болатын. Мысалы, мұндай кабинеттің жоспарын жасаушлардың бірі - Н. К. Семакин. Бұл жоспар мұғалімдер арасында қолдау тауып, кейбір мектептерге енгізілген болатын. Семакиннің конструкциясы бойынша жасалған кабинетте мұғалімге жұмыс істеу өте ыңғайлы. Барлық жабдықтар жанында және бір мезгілде бірқатар шектеулер бар. Автор мысалы, жабдық түйіндер мен бөлшектеуді пайдаланудағы антрополитрлік және санитарлық - гигиеналық шарттарды бірыңғайға келтірілмеген.

Географиялық кабинеттерді жабдықтау барлық мектеп кабинеттерінің шарттарына сай атқарылуы керек. Жабдықтау барысында әрбір құралдың ерекшеліктерін, құрамын, оқытудағы маңызын білу, оның жұмыс істеуге қауіпсіздігін және ыңғайлығын қамтамасыз ету керек. География кабинетін география пәнінен тиянақты білім алуға көп себебін тигізетін бөлме деуге болады. Кабинеттің ерекшелігі пәнге қажетті оқу құралдарын, карталарды қажет жағдайда бір жерден толығымен табуға болатындығында.

География кабинеті бұл оқушыларға білім беруге қажетті оқу құралдары жеткілікті деңгейде қамтылатын, оларды сабақта, сабақтан тыс уақытта қолданатын бөлме болатындықтан, мектептегі оқыту тәжірибелері география кабинетінің оқушыларға берілетін білім деңгейін жоғарылатудағы мәні зор екені көптеген жылдардан бері дәлелденіп келеді. Сондықтан География кабинетін жабдықтауға аса жоғары мән жөн.

Географияны оқытуда географиялық алаңның алатын орны ерекше болып келеді. Себебі ол ашық аспан атындағы лаборатория және жұмыс орны болып табылады.

Географиялық алаңда жұмыс істеу оқушының теориялық білімдерін шындауға, тәжірбие жүзінде жүзеге асыруға септігін тигізеді. Географиялық алаңда бақылаулар мен қоршаған ортада жүргізілетін фенологиялық және микроклиматтық бақылаулар жүргізіледі. Бұл жүргізілген бақылауларды ары қарай жалғастырып сабақта талдау, салыстыру арқылы оқушылар климат, ауа райына байланысты ұғымдарды тереңірек білуге, алған іскерлік пен дағдыларын бекітуге, шыңдауға мүмкіндік алады. Географиялық алаңда жүргізілетін практика жүзіндегі жұмыстардың оқушылардың жан-жақты білім алудағы, сыныпта алған білімдерін бекітедегі, ойлау қабілетін дамытудағы мәні өте зор.

Географиялық алаңда жүргізілген бақылаулар оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді және географиялық білімдерді оқулықтардан алумен қатар тікелей зерттеулер арқылы да алады. Бұл бақылаулар оқушыларға теориялық білімдерін қорытуы және оларды бекітуі үшін аса қажет. Географиялық алаңдағы жұмыс оқушының қызығушылығын арттырумен қатар, оның географиялық құбылыстармен танысып, оларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде оқу-тәрбие процесін барынша тиімді әрі нәтижелі болуына ықпал етеді.

Сонымен қатар географиялық алаңдағы жұмыс оқушыларды өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Оқушыларда географиялық түсініктерді қалаптастырады және де ойлау қабілеттерін дамытып, географиялық сауаттылыққа үйретеді.

Зерттеудің нысаны: Жалпы орта білім беретін мектептегі география сабақтарында оқу-құрал жабдықтарын оқу үрдісінде пайдалану.

Зерттеудің болжамы: География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдалану бiлiмнiң негiзгi көзi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.

Зерттеудің мақсаты: География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасап, оларды пайдалану әдістемесін көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

1. География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың теориялық негіздерін айқындау;

2. География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың жолдарына талдау жасау;

3. География курсында оқу-құрал жабдықтарын оқытуда пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

1. Тақырыпқа байланысты ғылыми-педагогикалық, әдістемелік және теориялық еңбектеріне талдау жасау;

2. Мектептегі іс-тәжірбие барысында оқыту-құралдарын пайдаланып, олармен жұмыс істеу әдістемесімен оқушыларды таныстыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың әдіс - тәсілдері, үлгі - жоспарлары жасалынды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың әдіс - тәсілдерін, үлгі - жоспарларын орта мектептің география пәнінің мұғалімдері пайдалануына болады.

  1. Географияны оқытуда оқу-құрал жабдықтарын пайдалану әдістемесінің ғылыми негіздері

1. 1 Географиялық білім берудің міндеттері мен мақсаттары

География оқу құралы ретінде - белгілі бір дидактикалық негізде құрылған білімде мен дағдылыр жүйесі болып табылады. Оның мақсаты мектеп оқушыларына білім және тәрбие беру болып табылады. Мектеп географиясының құрамына ғылыми пәндер жүйесіне жататын физикалық география және гуманитарлық пәндер жүйесіне жататын экономикалық география кіреді.

Мектептегі физикалық георафия негізінен Жер туралы ғылымдардың незігін, бірінші кезекте физикалық географияны, оның ішінде жалпы Жертану, аймақтық физикалық география, геоморфология, климатология, океонология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоология, картография, геология, метеорология ғылымдарының негізін оқытады.

Мектептегі экономикалық география әлеуметтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білімдерді үйретеді. Оқу жоспарында экономикалық-географиялық ғылымдар жүйесін оқыту қарастырылады. Оның ішінде жалпы және аймақтық экономикалық география, халықтар географиясы, саяси география және тағы басқалары жатады. Бұдан бөлек өндірістік география, ауыл шаруашылығы географиясы, транспорт географиясы, статистка және демография сияқты экономикалық ғылымдар жүйесі оқытылады.

Жоғарыда көрсетілген ғылымдадың сан түрлі және сан алуан материалдары бар. Бірақ солардың ішінен мектеп географиясын оқытуға ең қажеттілері ған тандалып алынуы керек.

Мектеп географиясы курсына тек негізгі идеялар, теориялар, фактілер мен оқыту әдістері ғана кіруі керек. Олар заманауи деңгейге сай келетін, сол курсты оқитын оқушылардың оқып-түсінуіне қиын соқпайтын, олардың жастық ерекшеліктеріне сай болуы жіне де оқушыларды тәрбиелеуге және олардың ойлау қабілетіннің артуына септігін тигізуі қажет. Бұған қоса мектеп географиясына іріктеп алынған материалдар сол саладағ ы мамандар үшін ғана емес барлық адамдардың өміріне шынымен қажетті болуы керек.

Мұнда жолмен іріктеліп алынған білімдер мен дағдылар жалпы білімдердің «минимумы» яғни нақты ғылымның негізі болып табылады. Бұл негіздерді әрбір мектеп оқушысы меңгеруі керек. Мектеп географиясының басты міндеті, оқушыларға осы негізгі білімдерді меңгерту болып табылады.

Мектеп оқушылары алған географиялық білімдерін тәжірбие жүзінде қолдана алуы керек. Бұл білімдерді жинай келе оқушылар сол білімді қолдануда белгілі бір дағдыларға ие болуы қажет. Бұл міндетпен дамыта отырып оқыту айналысады. Дамыта отырып оқыту дегеніміз - бұл бір мезгілде оқушының білімін және ойлау қабілетіп дамыту. Қазіргі кезде ғылым мен білімнің жедел дамуы география саласында ғана емес, кез келген саладағы адамдардың интеллектуалды жұмысының рөлін арттырады. Сонымен қатар ғылым мен білімнің дамуы ғылыми білімдердің, оның ішінде географиялық білімдердің тез ескіруіне себепші болады. Осыған байланысты оқыту процесінде ойлау қабілетін дамытудың рөлі жоғарылада.

Қазіргі мектеп оқушыға ол өмір бойы қолдан алатын географиялық білімдерді бере алмайды. Бірақ ол оқушы география саласында өз бетінше білім алуы үшін оқушының қызығушылығы мен танымдық қабілетін арттыруға міндетті. Географиялық білімділік қазіргі танда адамның өзіндегі географиялық білімдер ғана емес, ол білімдердің қажеттілігі және оны ары қарай дамыта алуда болып отыр.

Географиялық білімдерге деген қызығушылық пен қажеттілік ол оқушыларда мектептегі географияның негіздерін үйренуден бастау алады. Бірақ білімдердің белгілі бір деңгейін меңгеру - бұл ақыл-ойды дамытудағы жетістік деп айта алмаймыз. Ақыл-ой дамуы тек географиялық білімдерді алудың нәтижесі ғана емес. Ол белгілі бір оқыту матералын және оқушының танымдық әрекетін қалыптастыруға, белсеңділігінің артуына, оқылатын материалға деген ерекше көзқарастың пайда болуына бағыттарған тұрақты, арнайыжұмыстар жүйесі болып табылады.

Оқушының танымдық қызығушылығын және олардың географиялық білімдерді өз бетінше ала алуы, оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ары қарай географиялық тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыруға жол ашу географияны оқытудың екінші міндеті.

Оқушылырды тәрбиелеу оларға географиялық білім беру және ойлау кезіне беріледі. Бірақ білім беру өз бетінше тәрбиелік нәтиже бере алмайды, себебі географиялық білім тәрбие беру жағынан алғанда соңшалықты маңызды емес. Тәрбие беруде үлкен маңызға ие болатын оқу процесін ұйымдастыру болып табылады. Ол мұғалімнің оқушымен жеке тәрбиелік жұмыстар жүргізуіне жағда жасауы қажет.

Оқушыларға географиялық білімдер мен дағдыларды беру, ақыл-ойын дамыту және тәрбие беру біртұтас процесс. Сонымен қатар бұл үш маңызды міндеттер жеке өз алдына маңызға ие. Бұл үшеуі география курсында және оқу үрдісін ұымдастыруда ескерілуі керек[2] .

Оқыту мақсатын анықтау - бұл оқу пәнінің әдістемесі мен дидактикасының басты мәселелерінің бірі. Бұл шешімге көбінесе мектеп географиясының құрылымы мен оның құрамы, жалпы бағыты мен оқыту әдістемесі байланысты болады. Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарының ынтымақтастығы, жұмыс істеу тәсілдері ақылы білімді, ікерлікті және дағдыны игеруі, оқушылардың дүниетанымые қалыптасып, қабілетерінің дамуы, мұғалімнің мақсатқа жетудегі саналы түрде қолданатын ең басты әдісінің бірі. Мақсатқа жетуде мұғалімнің тек қана өз пәнің жетік білуі ғана емес, шеберлігі, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыра білуі, оқушының даярлығына талап қоя білуі, пәнге деген қызығушылығын арттыру - мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық ынтымақтастыққа әкеледі және мұғалім жұмысының жемісі ретінде сипатталады.

Мектеп білім беруде көптеген мәселелер шешімін табу керек:

-табиғат, адам, қоғам, әлеуметтік орта, туралы білімді қалыптастыру;

-диалектикалық-материалистік көзқарасты тәрбиелеу;

-адамды жан-жақты даярлау, дамыту міндеттерін жинақты шешу;

-жастарды өмірге, еңбекке даярлау.

Жалпы географиялық білім беруде ортаның - адам, қоғам, табиғат, ноосфера болуы қажет. Ноосфера грек сөзі, ноос-ақыл, сфера-шар, адамның тіршілік ортасы мен табиғаттың арасындағы байланыстың дұрыс қалыптасуы. Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндеттері білім мазмұнындағы тұтас бейнелеу критерийі. Бұл критерийді пайдалану үшін жүйелі-құрылым талдау әдістері қолданылады. Осы әдістердің негізінде оқу бағдарламасында көрсетілген барлық негізгі теориялар, заңдар, ұғымдар ғылымның осы саласы жөніңде түсінік береді, ғылым өндірісте, қоғам мен мәдени өмірде қолданылады, оқушылардың дағдысын, танымдық ынтасын, ақыл-ойын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерінің негізгі түрлері пайдаланылады.

География пәні мұғалімі географияны оқытуда толық және әрбір курстың мақсатын білуі керек, ол жеке тақырыптар мен сабақтарды оқытудың мақсатын дұрыс анықтауға көмектеседі. Географияны оқытудың мақсатын анықтау қазіргі кезедегі мектептегі басты оқыту мен тәрбие басталады.

Оқушыларға географиялық білім берудің жалпы мақсаты - жан-жақты дамыған және белсеңді тұлғаның қалыптасуы, тәртіп нормалары, бұл оқу тәрбиелік процесс барысында қалыптасады және өсіп келе жатқан ұрпақты белсеңді іскерлікке және тез қарқынмен дамып келе жатқан әлемдік білімге дайындайды. Жалпылай алғанда, бұл пәннің мақсаты тұлғаның қалыптасуына бағытталуы қажет, географиялық кеңістіктегі жер планетасын дұрыс түсіне білуі және осы кеңістікте дұрыс бейімделуге, оның даму тенденцияларын болжау мүмкіншілігі қалыптасуы шарт.

Географияны оқытудың мақсатының кеңдігі мен көп түрлілігі бойынша мектептегі басқа да оқу пәндерінің ішінде алдыңғы орынды алады, себебі оның қарайтын сферасына жаратылыстану және қоғамдық обьектілер мен құбылыстар кіреді. Географияны оқытудың мақсатын қарастырғанда түсінікті болу үшін білім берудің үш мақсатын біріктіреміз.

Білімділік мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық және экономиалық география, картография негіздері және басқа да географиялық ғылымдар туралы білім беру; табиғатты қорғау және табиғатты тиімді пайдалану негізінде жаратылыстану ғылымдары мен техникалық-экономикалық ғылмдарды ашып көрсету, өндіріске қоғамдық өмірге белсеңді қатысу үшін және бос уақытты өткізу кезінде қажет;
  2. Оқушыларға техникалық, экономикалық, экологиялық білім беруге дағдылану;
  3. Іргелі ғылымдардың ішінде физикалық және экономикалық географияның рөлін ашып көрсету.
  4. Физикалық география және экономикалық географияның нысандары мен құбылыстарын оқушыларға мүмкін болатын зерттеу әдістерімен түсіндіру;
  5. Оқушыларға геогрфиялық мәдениет, сауаттылық қалыптастыру, картаны,

анықтаманы пайдалануды, кезеңдік баспасөз материалдарын оқығанда географиялық білімді пайдалануды үйрету, географи саласындағы және онымен байланысты ғылымдарда оқушылардың өз бетімен білім алуға дайындау.

Тәрбиелік мақсаты:

  1. Оқушыларда табиғатқа, шаруашылыққа, табиғат пен қоғамның өзара байанысқа деген диалектикалық-материалдық көзқарас қалыптастыру;
  2. Оқушылардың өнегелі, әдепті болып тәрбиеленуіне ат салысу, оқушылардың ұлттық, отан сүйгіштік сезімдерін қалыптастыру;
  3. Оқушыларды қазіргі өндірістің күрделі жүесінде бағдар жасауға үйрету арқылы еңбек тәрбиесіне және кәсіби бағдарға үлес қосу, өмңрлік жол тандауға көмектесу;
  4. Оқушылардың туған өлкедегіжәне еліміздегі экономикалық дамудағы жетістіктерге қызығушылықтарын ояту және отанына деген сүйіспеншілігін арттыру;
  5. Табиғатты қорғау жер-суды сақтау сияқты экологиялық тәрбие беру.

Қоғам дамуының белгілі бір сатысында педагогиалық, философиялық ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру масатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекетінің мазмұны анықталды, білім беру мен әдістері қалыптастырылады. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуде өз алдына айқын мақсат етіп койды. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан-жағынан дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу.

К. Д. Ушинский білім мен тәрбиенің қажетті, ұнамды және қызықты түрлері тралы жаза отырып, ұлтқа алдымен қажетті білім мен тәрбие берілуі тиі екендігін баса айтады. Ұлтқа қажетті білім мен тәрбиені бойына толық сіңірген ұрпақ қана «ұнамды», «қызықты» тәрбие мен білімді меңгеруге ұмтылуға тиіс екендігін екертеді.

Ұстаз шәкірттің ақылшысы, жолбасшысы, көмекшісі, қамқоршысы, жәрдемшісі болуы тиіс. Педагогикалық қызмет пен әміршілдік әдіс ешуақытта да өзара сыйымды бола алмайды. Әмір беру педагогикалық ұжымның моральдік-психологиялық ахуалын бүлдіріп, берекесін кетіреді. Салауатты білім мен дұрыс тәрбие берудің жолына кедергі жасайды. Тек ізгілікті гуманстік және демократиялық нұсқада ұйымдастырған оқу-тәрбие үрдісі ғана оңды нәтижеге жеткізбек.

Дамытушылық мақсат:

  1. Географилық білімге және мәселелерге деген танымдық қызығушылықты ояту;
  2. Оқушылардың бақылау, елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу сияқты қабілеттерін дамытуға үлес қосу;
  3. Оқушыларды қолдарынан келетін географиялық мәселелерді шешуге үйрету, кең мағынада ойлай білуге дағдыландыру;
  4. Басқа пәндермен байланысты дамыту. Пәнаралық оқушылардың дүниетанымын дамытуға, білім-білік дағдыларын жетілдіруге көп көмек болады.

Егер географиялық білімнің маңызы жоғары ғылыми деңгейде, қазіргі географиялық білімнің талабына сай өмірмен тығыз байланысты болып, экологиялық, экономикалық саяси білімдерді қамти отырып, сипатталса ғана оқудың мақсатына жеткені болып табылады. Сонымен, оқудың мақсатын анықтау оқу құралдарын және оқу бағдарламаларын жасауға және географияны оқытудың үрдісін ұйымдастыруға тікелей байланысты[3] .

1. 2 География кабинетін жабдықтауға қойылатын талаптар.

Мектептегі география кабинеті дегеніміз - бұл арнайы және ұтымды орналастырылған оқыту құралдары, жиһаздар және құрал-саймандардың жиынтығымен қамтамасыз етілген тиімді оқыту нысаны. География кабинетінің ерекшелігі - сынып жағдайында қолдануға болатын арнайы оқу-құралдарының болуы. География кабинетінің жабдықталуы мектептің жалпы қоятын талаптарына сай болуы керек. Кабинет оқушылардың географиялық білімге деген құштарлығы мен талпынысын арттыратындай етіп жабдықталғаны дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Оқушылардың білімін бағалау
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Орта мектепте географияны оқыту
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz