Зерттеушілік әдісті қолданудың тиімділігін педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу. Мектеп биология пәндерін оқыту үдерісіндегі ғылыми-зерттеушілік әдістер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
7
Кіріспе . . .: 1 Мектеп пәндерінде оқушылардың танымдық әрекеті мен танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері . . .
7: 10
Кіріспе . . .: 1. 1 Танымдық белсенділікті дамытудың маңызы . . .
7: 10
Кіріспе . . .: 1. 2 Оқыту әдістеріндегі танымдық белсенділіктің педагогикалық-психологиялық жайы . . .
7: 14
Кіріспе . . .: 2 Мектеп биология пәндерін оқыту үдерісіндегі ғылыми-зерттеушілік әдістер . . .
7: 26
Кіріспе . . .: 2. 1 Биологиядағы ғылыми-зерттеушілік әдістер сипаттамасы . . .
7: 26
Кіріспе . . .: 2. 2 Биология сабақтарындағы тәжірибелік жұмыстар . . .
7: 36
Кіріспе . . .: 3 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесін талдау . . .
7: 55
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
7: 58
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
7: 61
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . .
7: 63

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі-білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе-бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет.

Білім берудің әр кезеңіне сәйкес бөлінетін уақыттың шектелуі менигеруге қажетті ақпарат көлемінің артуы, сондай-ақ кәсіби даярлау бағыттарының көптүрлігі мен кәсіби білім беру орындарының түлектерінің даярлығына қойылатын талаптардың үнемі артып отыруы, дәстүрлі оқытудың басымдығы мен ақпаратты игерудің ғылыми-техникалық жетістігінің деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы оған қол жеткізуге тура келеді.

Ғылым мен білім берудегі үрдістердің әлеуметтік-экономикалық негіздері адамның қазіргі жағдайдағы шаруашылықты жүргізу әрекетінің тиімділігін арттыруға байланысты болып отыр. Өйткені, білімнің ғылыми сыйымдылығының өсуі, ғылымның әртүрлі саласындағы зерттеулердің қолданбалы бағыттылығы мен қоғамдық дамудың ақпараттық-техникалық құраушысының күшеюі еңбек үрдісінің жоғары зияткерлігін талап етуде. Сондықтан, қоғамның колледждер алдына қойып отырған міндеттеріне жоғарыда аталған үрдістер белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

Қазіргі уақытта білімді белсендіру мәселесін педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан зерттеуге ерекше маңыз берілуде. Интеграция теориясы бойынша көптеген ресейлік ғалымдар Г. Г. Авзалова, А. Я. Данилюк, Н. А. Лошкарева, В. Н. Максимова, М. А. Данилов, В. В. Давыдов, В. Н. Монахов т. б., сол сияқты елімізде бұл мәселемен А. А. Бейсенбаева, Ә. М. Мұханбетжанова, С. К. Ерімбетова, Г. К. Шолпанқұлова т. б. айналысады. Ғалымдар интеграцияның философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған. Сонымен қатар, негізгі түсініктерін, заңдылықтарын, категориялары мен идеяларын ашып, білім берудің мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелігі мен байланыстылығы негізінде талдайды. [32]

Біздің қоғамымыздың негізгі байлығы адам. Қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы адам үшін, адамның өмірінің жаңа, биік сапаға жетуі үшін жасалады. Әлеуметтік жағдайлар өзгеріп жатқан уақытта білім беру қоғамның негізгі іргетасы болып отыр. Өзгермелі қоғамда әрбір жеті жыл сайын мамандықтар тізімінің жартысына жуығы жаңарады өмірлік мақсатына жетуі үшін әр адамға үш-бес рет мамандығын қайта өзгертіп, қайта мамандануға тура келеді.

Қазір «бұрынғыша» немесе «ескіше» оқыту мен тәрбиелеу тиімсіз, тіпті зиянды деуге болады, қазір адамды өмірге дайындауда, осы жұмыстың практикасының өзінде түбегейлі өзгерістер қажет. Бұл өзгерістерді жүргізу педагогтар қауымына тікелей байланысты

Бігінгі таңда ойлау еркіндігі бар, батыл, рухани байлығы мол, сауатты да жан-жақты, басқаруға қабілетті, өзі бастама бастай алатын және өз ісіне жауапкершілігі жоғары, яғни өзін қоршаған табиғатқа, адамдарға, қоғамға және өзіне деген қатынасын салмақты, кез келген жағдайда білімін пайдалана алатын, құзіреттілігі жоғары өз жұмысын есеппен құра алатын және реттей алатын адам қажет.

Осы тұрғысында келетін болсақ педагогиканың өзі тәрбиелеу, білім беру және адамдарды оқыту жөніндегі ғылымнан адамның шығармашылық даралығын дамытатын, сол дамтыуды бағыттай және басқара алатын тұтас педагогикалық үдеріске айналуы тиіс. [33]

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, танымдық дербестігін ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие үдерісіне оқытудың жаңа элементтерін, дәстүден тыс оқыту әдістерін пайдалану қажет екендігі көптеген педагог ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде дәлелденген. Мәселен мектеп жасындағы оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру жайында Лернер И. Я., Аристова, Шамова Т. И., Нұғыманов И. Н., Қараев Ж. А., Сабыров Т. С., Дайрабаева А. Е. және тағы басқа шетел мен Отандық ғалымдар әртүрлі салада және әр жастағы бала үшін зерттеген.

Оқу-танымдық дербестік мәселесіне келген кезде оқыту екі жақтың да, мұғалім - оқушы бірдей еңбек етуін талап ететін үдеріс екендігін, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып тек оның орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай оқушының да белсенділігін, білім игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі керек екендігін айту қажет.

Дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының, атап айтқанда оқу-тәрбие үдерісіндегі зерттеушілік әдістің орны да, ол арқылы оқушылармен жұмыс істеу бала дербестігін және оқу белсенділігіне байланысты

Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты көтеріліп отырған проблема жөніндегі ғалымдар зерттеулерін талдау оқушының сабақ кезіндегі белсенділігінің қалыптастырудың жекелеген пәндер бойынша теориялық тұрғыда толық негізделмегенін, сөйтіп балалардың сабақтарда оқу материалына қатысты зерттеу белсенділігін дамытудың жүйесінің анықталмағандығын көрсетті.

Осы зерттеуіміздің проблемасы ғылыми-зерттеуцшілік әдісті ерекшеліктеріне байланысты негіздеп, теориялық тұжырымға сүйене отырып, оқушылардың оқушы белсенділігін дамытатынына, сөйтіп оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыратынына тәжірибе жүзінде көз жеткізу. Сол себепті сабақты қалайда пәрменді, тиімді өткізу мақсатында белсенді оқытудың, осындай әдістерін қолдану да қажет. Қазір көпшілік мұғалімдер ұстанып жүрген тек түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші және әңгіме, баяндау әдістерін өзгертіп сабақты тиімді әдістермен біршама жетілдіруге болады.

Теориялық материалдарды саралап танысу және мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін зерделеу нәтижесінде қазіргі осы әдістің мектеп практикадағы қолданылуы мен теория арасындағы арасында қайшылық бар екенін анықтап, осы мәселені биология сабақтарында дәлелдеп көрсету.

Аталған мәселені зерттеудің жеткіліксіздігі, ұстаздар еңбегіндегі оқушылар белсенділігін арттырудағы кездесетін қиындықтар дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болып, оның көкейкестілігіне көңіл аудартты. Сондықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндігін ашу қажеттігі дипломдық жұмыстың тақырыбын «Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік әрекеттерін белсендіру әдістемесі» деп алуға негіз болды. [34]

1. Зерттеудің мақсаты: Зерттеушілік әдісті қолданудың тиімділігін педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

2. Зерттеу нысаны: Оқыту жұмысын ұйымдастыру үдерісі.

3. Зерттеу пәні: Биология сабақтарындағы зерттеушілік әдісітің тиімділігі.

4. Болжамы: Мектептерде биология сабақтарында білім игеруде оқушылардың танымдық белсенділігін бірте-бірте дамытуға мүмкіндік болар еді, егер:

- оқытудың дидактикалық принциптері (оқушы дербестігі, ой мен істің еркіндігі, белсенді оқыту) қамтамасыз етілсе;

-оқу үдерісінде белсенділікпен білім игеру үшін зерттеушілік әдіс жүйелі түрде ұйымдастырылса.

5. Дипломдық зерттеудің мақсатына жету, ұсынылған болжамымызды тексеру үшін мынадай міндеттер қойылды.

1. Оқытуда бала белсенділігін қалыптастыратын тиімді әдіс-тәсілдерді теориялық тұрғыда талдау.

2. Мектептердегі сабақтарда қолданылып жүрген зерттеушілік әдістер ерекшеліктерін әдістемелік тұрғыда негіздеу.

3. Педагогикалық эксперимент қою арқылы зерттеушілік әдісті қолдануды сынақтан өткізу және нәтижесін шығару.

6. Зерттеуіміздің әдіснамалық негізі:

- оқушы белсенділігін қалыптастыру;

- жеке тұлға қалыптастыру мәселесі;

- адамның ойлау қабілеті, шығармашылық белсенділік жөніндегі философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулер болып табылады.

7. Жұмысымыздың жетекші идеясы болып оқушылардың дербестік, ой белсенділігіне жетудің ғылыми-теориялық және дидактикалық негіздерін тұжырымдау арқылы құзіреттілігі жоғары тұлға тәрбиелеуге ықпал ету.

8. Анықталған міндеттерді орындау белгіленген жорамалдарымызды тексеру үшін мына зерттеу әдістері пайдаланылды: [35]

Зерттеліп отырған мәселеге қатысты ғалымдар мен әдістемешілердің зерттеулерін, әдістемеші - мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, ғылыми әдістемелік басылымдарға теориялық талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқыту үдерісін бақылау, ұстаздармен және оқушылармен пікірлесу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.

9. Зерттеу базасы: Қарағанды қаласындағы № 66 орта мектеп.

10. Зерттеудегі автордың өзіндік үлесі:

- зерттеушілік әдістің мазмұны теориялық негізделді.

- мектеп биология пәндерін оқыту кезінде белсенді оқыту әдістерін пайдалану тиімділігі педагогикалық экспериментпен дәлелденді.

- теориялық негізге және зертеуден алынған эксперимент нәтижелеріне сүйеніп әдістемелік ұсыныстар жасалды.

11. Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- зерттеудің нәтижесі ҚарМУ-дың биология-география факультетінің студенттерінің «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен зертханалық сабақтар кезінде пайдаланылды.

- зертеуден алынған эксперимент нәтижелеріне сүйеніп әдістемелік ұсыныстар жасалды.

12. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зертеудің көкейкестілігі негізделіп анықталған проблемаларға байланысты мақсат-міндеттері, болжамы, әдістері баяндалды.

«Мектеп пәндерінде оқушылардың танымдық әрекеті мен танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда танымдық белсенділікті дамытудың маңызы, мектеп жасындағы балалардың дамуының қозғаушы күштері және оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалып, оқыту мен тәрбиелеу әдістеріндегі танымдық белсенділіктің педагогикалық-психологиялық жайы жөнінде мәселелер қаралды. [36]

«Мектеп биология пәндерін оқыту үдерісіндегі ғылыми-зерттеушілік әдістер» атты екінші тарауда жалпы мектептердегі биология пәндерін оқыту мен тәрбиелеуде оқушының дербес еңбек етуі, белсенділігін арттыру проблемаларына қатысты педагогикалық үдерістерді талдау мен баяндау қарастырылған. Биология сабақтарында осы мәселелерді беру қарастырылған.

«Педагогикалық эксперимент» тарауында тақырып бойынша мектептегі зерттеу тәжірибесі бойынша атқарылған жұмыстар мен эксперимент нәтижелері берілген

Қорытындыда мектеп биология пәні бойынша осы тақырыпқа сәйкес жалпы орындалған жұмыстардан алынған нәтиже негізінде тұжырым жасалып ұсыныстар беріледі.

1 Мектеп пәндерінде оқушылардың танымдық әрекеті мен танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Танымдық белсенділікті дамытудың маңызы

Оқу-мектеп жасындағы балаларды дамуытудағы негізгі таным әрекеті болып табылады.

Танымдық әрекет оқушыларда оқу әрекеті негізінде қалыптасатын болғандықтан, алдымен оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кеткен жөн.

Баланың оқу әрекеті-күрделі үдеріс, ол баланың барлық психологиялық қасиеттерін, рухани күшін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиіс. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен кызығулары, сезімі мен еркі сияқты т. б. психикалық үдерістерімен байланысты іске асырылып отырылады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен дамыту үшін оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету қажет. Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналығы артады. Оқу жұмысының міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, бакылауға. бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор. [37]

Баланың оқу әрекетінің мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі-олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Біз дипломдық зерттеу тақырыбымызға байланысты Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов және тағы басқа психологтардың жеке тұлға туралы және оқытудағы іс-әрекеттің рөлі турасындағы теорияларын басшылыққа алып, танымдық, әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялык ерекшеліктерін қарастырдық [1] .

Біздің тақырыбымызға байланысты жазылған ғылыми еңбектер мен ғалымдардың зерттеу жұмыстары баршылық.

Осы еңбектерде танымдық әрекет пен белсенділік әр түрлі тұрғыда баяндалады. М. Н. Скаткин, Г. И. Щукина, Т. И. Шамова, В. И. Лозовая және т. б. еңбектерінде оқыту үдерісінің ерекшеліктері, оның дидактикалық принциптері, сондай-ақ, оқушылардың оқу-танымдық әрекеті мен танымдық белсенділіктің дидактикалық және психологиялық негіздерінде сипаттама беріледі.

П. И. Пидкасистый (1980) орта мектеп оқушыларының өзіндік таным әрекетін оқыту процесінде қалыптастыру жолдарынын теориялық мәселелерін карастырады. Л. В. Занков, Ш. А. Амонашвили, М. Мұқанов және басқа еңбектерде мектеп окушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру негізінде олардың танымдық қабілеттерін (бақылау, ойлау т. б. ) дамыту туралы айтылады.

Ғалым Ж. А. Қараевтың ғылыми зерттеуінде компьютерлерді қолдану үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетін арттыру проблемасы (Ж. А. Қараев, 1995) ; студенттердің математика пәніне байланысты танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру проблемасы А. Әбілқасымова (А. Әбілқасымова, 1995) зерттеген [2] .

Бұл еңбектер зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздерін ашуға көмектесті.

Танымдық әрекет оқу әрекетіне негізделеді. Оқу әрекетінің құрылымы:

  • оқу міндеттері (немесе тапсырмалар) ;
  • оқу әрекеті (баланың қолданатын практикалық және ой-тәсіл амалдары) ;
  • бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы) ;
  • бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі беретін бағасы) .

Танымдық әрекет-оқушылардың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет-танымдық кажеттіліктен, танымдық мақсат, танымдық мотивтен және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде балада танымдық белсенділік қалыптасады.

Ғалым психологтар М. Мұқанов, және тағы басқалары балалардың оқу-танымдық әрекетінің қалыптасуы бастауыш мектептегі оқыту үдерісінің (педагогикалық үдерістің) психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болатынын баса айтады. М. Мұқановтың пікірінше, баланың мектепке келуі-оның өмірі мен іс-әрекетінің сипатына өзгеріс енгізетін ерекше кезең [3] .

Оқыту үдерісі екі жақты үдеріс болғандықтан, мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының зандылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық проблема.

Психологтардың зерттеуі анықтағандай, кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығуы ең алдымен, оқу әрекетімен тығыз байланыста туады. Яғни оқуға деген қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша ғана емес, оқу әрекетінің түрлері бойынша да пайда болады.

Мектеп жасындағы кезең-оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Мұның нәтижесінде ғылыми ұғымдар мен түсініктерді меңгере отырып, оқушының психикалық үдерістері мен қасиеттері қалыптасады; ырықты зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты басты-басты жаңа кабілеттері пайда болады.

Нақты айтқанда, оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруі нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы ортақ тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп жұмыс істейді. [38]

Оқушылардың көбісінің өз бетінше оқу әрекетін ұйымдастырудың «жоғарғы деңгейі»-танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік тудырады.

Бұдан шығатын қорытынды: төменгі сыныптағы оқушыларды дамыта отырып оқытудың негізінде, осы кезеңде оқушы үшін жетекші идея болып табылатын оқу әрекетін қалыптастыру жататыны айқын көрінеді. Сондықтан жаңа білім мазмұнын оқушыда оқу әрекетін қалыптастыруға бағдарлар құру қазіргі таңдағы басты бір міндет болып табылады.

Ұлы ғалымдар, педагогтар (Әл-Фараби, Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Л. Н. Толстой, Ж. Ж. Руссо, И. Ф. Гербарт. А. Дистервег, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б. ) оқыту арқылы окушылардың ақыл-ой қабілеттері мен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, «білімдендіру (образование) көбінесе екі мақсатты көздейді: білім көбейту және ақыл күшейту».

Танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялық негіздерін зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалымдар: (Л. С. Выготский. Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, В. В. Давыдов. П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Н. Ф. Талызина, Дж. Брунер, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Мұқанов және т. б. ) .

Танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің дидактикалық негіздерін зерттеуге үлес қосқан-ғалым-педагогтар (М. Н. Скаткин, Б. П. Есипов, М. А. Данилов, П. И. Пидкасистый, Г. И. Щукина, Т. И. Шамова Ж. Қараев, А. Әбілқасымова және т. б. ) .

Алайда, оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін арттыруда оқыту үдерісінің, сондай-ақ ұлттық тәлім-тәрбиенің мүмкіндіктерін қолданудын тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең де жан-жақты зерттелмеген.

Ғалымдардың бір тобы танымдық қызығушылықты психологиялық үдерістермен және жеке бастың психологиялық ерекшеліктерімен байланысты қарастырады.

Мысалы М. Мұқанов кіші жастағы оқушылардың оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасап, оқу әрекетіне мынандай сипаттама береді: «Оқытуды өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді. Осыған ептілікпен дағдылану да керек» [3] .

Оқыту - таным үдерісі, өйткені онда ілгері ұмтылыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай әрекет жасайды.

Оқушылардың таным үдерісі- өзіндік ерекшелігі бар күрделі психикалық үдеріс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына негізгі себепкер болатын күш-түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қйындықтар мен қайшылықтарға кез болады, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырыладв. Оқыту үдерісіндегі негізгі қайшылық ол - педагогикалық міндет-талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің (білім мен дағдысының дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан басқа оқушының теориялық білімі мен практикалық бейімділігінің арасындағы, шығармашылық ойлау мен репродуктивтік ойлауы арасындағы т. б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының белсенді және саналы түрде әрекет етуін керек етеді [1] .

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетінің психологиялық әрекетін қалыптастырудың психологиялық негіздерін сипаттау үшін белгілі ғалым Д. Б. Эльконин көп еңбек жасаған [4] .

Биология пәні мектептердегі басқа да кез келген пән сияқты биология ғылымының негізін көрсететін ұғымдар жүйесінен тұрады. Ұғым ойлау формасы және таным нәтижесі ретінде де бола алады.

Жекелеген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу, оларды қорыту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным тарихында бұл білімдер мен практика бірте-бірте теориялық ұғым (білім) құрылатын қор болды [4] .

Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім эмпирикалық ұғым қатарына шығарылады. Осы ұғымдарды дамыту әдіснамасының принциптері мынадай: Табиғи нысандардың немесе олардың көріністерін (сурет т. б. ) қабылдаудан → олар жөнінде түсінікке дейін, түсініктен → ұғымға дейін; қарапайым ұғымдардан (білімнің бір немесе бірнеше элементтері) → күрделі, бірнеше элементтерден тұратын; арнайы ұғымдардан → жалпыбиологиялық ұғымдарға дейін.

Таным теориясында ұғымдар абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Биология анықтамалылығы журналы
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану біліктілігін қалыптастыру
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Бидай селекциясында заманауи биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Жеке оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz