Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе
Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделінің көмегімен нарықтық жүйедегі барлық нарықтардың өзара байланыстылығы мен әрекеттілігі зерттеледі. Нарықтар вертикалды түрде байланысуы мүмкін, яғни бір саланың өнімі басқа сала үшін өндіріс ресурсы болып табылса, сондай-ақ нарықтар горизонталды түрде байланысуы мүмкін, егер бір саланың өнімі басқа саланың өнімін тұтыну кезінде ауыстырса немесе толықтырса. Мұндай әрекет етудің түрін кері байланыс әсері деп атайды.
Жалпы экономикалық тепе-тездік тгориясы Леон Вальрастың атымен байланысты. Оның теориясы бойынша жалпы тепе-тендік орындалады. егер әр нарыкта жетілген бәсеке шарттары орындалатын болса. Сондықтан оның теориясын жалпы бәсекелік тепе-теңдік үлгісі деп атайды. Басқаша айтқанда: егер барлық түтынушылар мен өндірушілер жетілген бәсеке нарығындағыдай бағаны сырттан қабылдаса (баға алушылар болса), онда барльщ нарықтар бір мезгілде тепе-теңдік жағдайда болады, ал әрбір субъект езінің мақсатты функциясын максималдайтын баға жүйесін қалыптастырады.
Нақты және ақшалай ағындар соңғы тауарлар мен өндірісі факторларына баға негізінде өзара байланыста болады. Осы секторлар арасындағы ағындар өзара теңескен жағдайда экономикалық жүйе тепе-теңдікке келеді.
Жеке тепе-теңдік үлгісінде әр бір жеке экономикалық агент езінің жеке мақсатына жетуге тырысады, яғни басқалардан тыс өзінің жағдайын оңтайландыруға ұмтылады. Әрбір түлынушы әз бюджеті төңірегінде қажеттілігін максималдауға, ал өндіруші езінің өндіріс функциясы шекарасында пайдасын молайтуды көздейді.
Жалпы тепе-теңдік теориясының шешетін мәселесі әрбір жеке агенттің еркін қызметі негізінде экономикалық ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ететіндей жүйенің болу мүмкіндігін түсіндіру.
Жалпы экономикалық тепе-тендік - бұл барлық нарыктардың бір мезгілде тепе-теңдікте болуы, ал эрбір субъскт әзікің жеке мақсатты функциясын максималдауды көздейді.
Жалпы тепе-теңдік - Бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс араларындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен кызметтердін. ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Экономиканың өзін-өзі реттеуі тепе-теңдікпен тікелей байланысты болады. Экономикалық агенттердің біреуіде өзінің қарамығындағы құралдың көмегімен экономикалық тепе-теңдіктің болмысын өзгертуге ынталы болмайтын жағдай тепе-теңдік жағдайы деп аталады. Итальян экономисі В. Парето (1848-1923 жылдары) оптималдықтың принципін ашқан: жекелеген адамдардың жақсы өмір қал-жағдайға тырысуының нәтижесі, қоғамның басқа мүшелерінің хал-жағдайын төмендетпесе, онда Бұл барынша жақсы тұрмыс халға, немесе, жалпы жақсы өмірге жетудің шарты болып табылады. Автордың тұжырымдауы бойынша осы принцип орындалу үшін шектелмеген бәсеке болу керек. Классикалық нарық жағдайындағы жалпы экономикалық тепе-теңдіктің теориялық тұңғыш үлгісін Швейцария экономисі Л. Вальрас (1834-1910 жылдары) жасаған. Осы үлгі форма жағынан макроэкономикалық болса да, мазмұны жағынан тауарлардың жеке өндірушілері мен тұтынушыларының нарықтағы әрекеттерін сипаттайтын микроэкономикалық көрсеткіштерге негізделген үлгі болып табылады. Вальрастың үлгісі жекелеген әр тауардың сұранысы мен ұсынысының теңдігін жүзеге асыратын тепе-теңдік бағаларды қолдануға негізделеді.
Экономикалық әдебиетте тепе-теңдік жеке, жалпы, нақты деп бөлінеді. Жеке тепе-теңдік - бұл тауарлардың индивидуалдық нарығында қалыптасатын тепе-теңдік. Жалпы тепе-теңдік - бұл еркін бәсеке заңының негізінде барлық нарықтық процестер құрған, біртұтас өзара байланысты жүйе болып табылатын тепе-теңдік. Нақты макроэкономикалық тепе-теңдік - нарықтың жетілмеген бәсеке жағдайында және нарыққа сыртқы факторлар әсер ететін ситуацияда қалыптасқан тепе-теңдік.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің көптеген үлгілері болады.
Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады. [3]
Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай - бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А. Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
1 Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
1. 1 Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қоры
Нарықтар өз ара бір-біріне тәуелді болып табылады - олардың біреуіндегі өзгеріс, басқасындағы баға мен енім көлеміне немесе бір нарықтағы тауар екіншісінің өндірістік ресурсы болғандықтан және тауарлар өзара ауыстырушы немесе толықтырушы болғандықтан бір-біріне айтарлықтай әсер етеді.
Микроэкономикада екі типтегі үлгі қолданылады.
1) Оңтайландыру (оптималдау) - бұл жеке экономикалық субъектілердің іс-әрекеттерін (түтынушы, өндіруші, ресурс иелері) зерттейді.
2) Тепе-теңдік үлгісі - бұл экономикалық субъектілердің өзара қатынастарын зерттейді. Тепе-теңцік үлтілері өз түрғысынан жеке, кәпнарықты жәке жалпы тепе-теңдік болып бөлінсді. Біріншісінде бір-бірінен бөлектенген жеке нарықтар зерттеледі. Бұл жағдайда басқа нарықтарда, жалпы тең жағдайдағы принцип сақталады. Мысалы, бидай нарығын басқа нарықтардан (ауылшаруашылық дақылдары, техника, тыңайтқыштар нарығынан) бөлек жеке қарастыруға болады немесе дәрігер-терапевтер нарығын басқа мамандық дәрігерлері, медицина техникасы, дері-дәрмектер нарығынан бөлек зерттеуге болады. Ал егер ауылпіаруашылық әкімдері мен еңбек нарығын бірге қарастырагын болсақ, онда көпнарықтық тепе-теңдік үлгісін қарастырған дүрыс.
Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде - бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.
Экзогенді айнымалылар - алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі, ал ендогенді айнымалылар - кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, эгзогенді айнымалылардың мәні үлгі құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады.
Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Үлгінің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық міселелерді шешудегі жан - жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэконномикалық үлгілерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет - салық, ақша - несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Шеңберлі ағым үлгісі, AD - AS, Кейнс кресі, IS - LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгісі сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық талдау жүргізудің негізгі құралдары болып табылады. Бұл үлгілер қандай да бір ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез кедген үлгі экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін танып білудегі пайдалылығымен бағалануы тиіс. Бағалаудың объективтік қиындығы мынада болып табылады: а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгі құрарда оны жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету; ә) макроэкономикалық саясат үшін қате шешімдерді болдырмау. Үлгі жеткілікті дәрежеде нақты өмірді көрсетуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда ол өте күрделіленіп кетуі де ықтимал. Ал өз кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты талап немесе шарт болып табылады. Үлгінің шамадан тыс жеңілдетілуі үлгіде біраз маңызды факторлардың ескерілуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгіні құрудағы басты қиыншылық - нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті факторлар шеңберін анықтау.
Нақты және ақшалай ағындар соңғы тауарлар мен өндірісі факторларына баға негізінде өзара байланыста болады. Осы секторлар арасындағы ағындар өзара теңескен жағдайда экономикалық жүйе тепе-теңдікке келеді [1] .
Жеке тепе-теңдік үлгісінде әр бір жеке экономикалық агент езінің жеке мақсатына жетуге тырысады, яғни басқалардан тыс өзінің жағдайын оңтайландыруға ұмтылады. Әрбір түлынушы әз бюджеті төңірегінде қажеттілігін максималдауға, ал өндіруші езінің өндіріс функциясы шекарасында пайдасын молайтуды көздейді.
Жалпы тепе-теңдік теориясының шешетін мәселесі әрбір жеке агенттің еркін қызметі негізінде экономикалық ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ететіндей жүйенің болу мүмкіндігін түсіндіру.
Жалпы экономикалық тепе-тендік - бұл барлық нарыктардың бір мезгілде тепе-теңдікте болуы, ал эрбір субъскт әзікің жеке мақсатты функциясын максималдауды көздейді.
Жалпы тепе-теңдік - Бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс араларындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен кызметтердін. ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Жеке тепе-теңдік - жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірлетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының оскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуынын азайуын нанның сатылуының көбейуімен жабуға болады.
Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді: а) қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, тағы басқа) ; қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әр түрлі тобын өндіру) ; халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.
Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, тағы басқа тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады [2] .
Жеке тепе-теңдік - бұл жеке алынған нарықтың тепе-теңдігі, ол осы нарыққа қатысушы субъектілердің өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, және бұл жерде сол субъектілердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге деген ынталары болмайды.
Жеке нарықтық тепе-теңдік нарықтық экономиканың әрекет ету сипаты туралы шектеулі ғана түсінік береді, яғни өзінің табиғаты бойынша толық емес болып табылады. Біріншіден, ол нарықтардың арасындағы өзара байланыстарды және олардан туындайтын салдарларды сипаттамайды. Екіншіден, бұл жерде кез-келген нарыққа тән кері байланыс есепке алынбайды. Үшіншіден, жеке тепе-теңдік нарық субъектілерінің бір уақытта қабылдайтын шешімдерінің көптүрлілігін есепке алмайды.
Бірақ, микроэкономикада жалпы тепе-теңдік деген ұғым бар, яғни барлық нарықтық жүйенің тепе-теңдік жағдайы, бұл барлық нарықтарда (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығында) тепе-теңдіктің бір уақытта орындалуы деп түсіндіріледі.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделінің көмегімен нарықтық жүйедегі барлық нарықтардың өзара байланыстылығы мен әрекеттілігі зерттеледі. Нарықтар вертикалды түрде байланысуы мүмкін, яғни бір саланың өнімі басқа сала үшін өндіріс ресурсы болып табылса, сондай-ақ нарықтар горизонталды түрде байланысуы мүмкін, егер бір саланың өнімі басқа саланың өнімін тұтыну кезінде ауыстырса немесе толықтырса. Мұндай әрекет етудің түрін кері байланыс әсері деп атайды.
1. 2 Вальрас үлгісі және Эджуорт қорабы
Жалпы экономикалық тепе-тездік тгориясы Леон Вальрастың атымен байланысты. Оның теориясы бойынша жалпы тепе-тендік орындалады. егер әр нарыкта жетілген бәсеке шарттары орындалатын болса. Сондықтан оның теориясын жалпы бәсекелік тепе-теңдік үлгісі деп атайды. Басқаша айтқанда: егер барлық түтынушылар мен өндірушілер жетілген бәсеке нарығындағыдай бағаны сырттан қабылдаса (баға алушылар болса), онда барльщ нарықтар бір мезгілде тепе-теңдік жағдайда болады, ал әрбір субъект езінің мақсатты функциясын максималдайтын баға жүйесін қалыптастырады.
Вальрас үлгісінде жалпы тепе-теңцік - бұл теңдеулер жүйесін шешу нөтижесі. Ондағы белгісіздер игіліктер мен өндіріс бағасын, ал теңдеулер түтынушылар мен өндірушілердің өз максаттарын максималдаудағы іс-әрекетін бейнелейді. Оның бір бөлігі барлық нарықтардағы сұраныс пен үсыныс функциясын, ал екінші белігі олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Егер тәуелсіз теңдеулер саны белгісіздер санына теңесетін болса, онда мүндай теңдеулер жүйесі өзінің шешімін табады. сыны Вальрас керсеткісі келді.
Алайда, жалпы тепе-теңдік өте күрделі міндет, оның шешімін Нальрастың өзі де толықтай шеше алмады және оны қазіргі кезде де шешу мүмкіндігі неғайбыл, өйткені нақты емірде жетілмеген бәсеке нарығы кездеседі.
Соған қарамастан жалпы тепе-теңдік теориясы микроэкономикада вте маңызды орын алады.
Егер айырбас тиімді болатын болса, онда мәміле қандай болмақ? Ол үшін Эджуорт қорабын қолданамыз.
Эджуорт қорабы екі тауар ендіретін екі субъектілі экономиканы қарастырады (1-сурет) .
Каринаның азығы
Cурет 1. Эджуорт қорабы
Тік өсте киім көлемі. көлденең өсте азық белгіленгек. Қораптың үзындығы - 10 бірлік азық, ені - 6 бірлік киім.
Эджуорт қорабының ауданы екі түтынушының нарықтық қоржынына сәйкес келеді. Болаттың қоржынының басы Qб - дан, Карина қоржынының басы Qк-дан басталады. Олардың алғашқы азық исн киімді белуі А нүктесінде. Ол нүктеде Болаттың азығы 7 дана, киімі 1 дана, ан Каринанының қоржыны сәйкесінше 3 жөне 5 дананы қүрайды. Сонымен А нүктесінде: Болаттың қоржъшы 7А:1К, ал Каринаныкі ЗА; 5К болады.
Егер А нүктесінен В нүктесіне жылжитын болсақ, онда Болат 1 дана киім алу үшін 1 дана азықтан бас тартады, ал Карина 1 дана азық алу үшін 1 дана киімнен бас тартады. Нәтижесінде В нүктесі өзара тиімді мәміледен кейінгі Болат пен Каринаның қоржындарын көрсетеді, яғни В нүктесінде: Болат 6А:2К, Карина 4А:4К болады.
1. 3 Парето тиімділігінің мәні
Өзара тиімді саудадан кептеген мүмкін тиімді бөлуді табуға (юлатынына көз жеткіздік. Бізге барлык мүмкін тиімді бөлуді аныктау үитін олардың талғамсыздық кксықтарының жакасу нүктелерін табуымыз қажет. Барлық тиімді бөлу нүктелерін қосу арқылы келісім қисығын табамыз.
Келісім қисыга - екі экономикалык игілікті екі түтынушы арасында белудің көптеген тиімді нүсқалары (2-сурет) .
Сурет 2. Келісім қисығы
Бұл қисық итальян зкономисінің атымен Парето - тиімділігі деп аталады. Вильфредо Парето айырбас-тиімділігі концепциясын ашқан (1848-1923),
Бөлу Парето-тиімді болып табылады, егер біреудің жағдайын жаксарту үшін басқалардың жағдайык нашарлзтпай тауарларды ткімді болу мүмкін болмаса. Жиынтық қүрамы әр түрлі болғанмен Ғ, С, Б, Е иүктелері тиімді.
Келісім қисығы екі субъектінің көптеген өзара ұтымды айырбасыи көрсетеді. Алайда ондай үтымды белу нәтижесі екі субъектіге де тиімді болуы мүмкін емес.
Парето-тгамділіктің мақсаты: өзара мүмкін мәмілелерді жасау, бірақ қайсысының тиімді екенін анықтау қиын. Бірақ Парето-тиімділік айтарлыктай маңызды. Біз біреулердің жағдайын төмендетсе тиімділікті көтеруіміз мүмкін. Тек ескеретіні өзгерісті енгізу кезінде, ол жаңалық біреулерге өте жақсы әсер етсе, онда біреулердің жағдайьш төмендетпеуге жағдайлар жасау керек.
Мысалы, елімізде шетел автомобильдеріне квотаны альш тастады делік. Бүл жағдайда әрине, жергілікті түтынушылар арзан машиналарды сатып алуға мүмкіндіктері болатынына қуанар еді. Бірақ отандық машина өндірушілер жұмыссыз қалар еді. Ал егер квотаны алып тастаған жағдайда салық жүйесіне өзгертулер енгізіп, жүмысшыларды жүмысқа орналастыру бағдарламалары мен ендірушілерге субскдиялар беру саясатык жүргізее, окда еліміздің түтынушыларына өте жақсы болар еді, ал машина өндірушілерге жаман болмас еді [5] .
Қоғамдық береке теориясы адамдар арасында игіліктер мен сол игіліктерді ендіруде қолданылатын өндіріс ресурстарын сала арасында үтымды белуді зерттейді.
Әл-ауқат жаңа классикалық экономикасының негізгі теоремасы бойынша, бәсекелестің барлық шарттарын сақтай отыра, экономика Парето - нәтижелі жағдайға ұмтылады.
Әл-ауқат экономикасының теоремасына сәйкес қоғамдық әл-ауқат функцияларына анықтама беруге болады. Әр жеке адамның әл-ауқаты сияқты, қоғамдық әл-ауқат қоғам түтынған игіліктер сонымен анықталып, қоғамның әр мүшесі пайдалылығының жиынтық функциясы болып табылады, яғни қоғамдық әл-ауқат тең f(U A , U B , …., U n ), мұнда U A , U B , …., U n - қоғамның әр мүшесінің пайдалылығы. Егер «қоғам» 2 адамнан тұрса, қоғамның әл-ауқат функциясының графикалық түрі осындай болады:
U A
Сурет 3. Қоғамдық әл-ауқаттың өсуі
Қоғам мүшелерінің пайдалылығы үшін салынған парықсыздық қисық сызықтары көрсетілген. Қоғамдық әл-ауқат қоғам мүшелерінің пайдалылықтары жоғарылаған сайын өседі. Парықсыздық қисық сызықтарының жағымсыз еңкіштігі мынаны көрсетеді: егер бір субъектінің пайдалылығы азайса, қоғамдық әл-ауқатты өсірудің жалғыз тәсілі - екінші субъектінің пайдалылығын көбейту. Әл-ауқат экономикасының теоремасы күрделі математикалық есептердің көмегімен дәлелденеді. Бірақ, тіпті бәсекелес ортада да Парето - нәтижелілік тәжірибеде емес, көбінесе теорияда өмір сүреді. Оның объективтік себептері бар. Олар 4: нарық билігі, қоғамдық игіліктер, сыртқы әсерлер мен ақпараттың бір-біріне сай болмауы. Біріншісін біз қарадық, қалғандарына келесі тақырыптар арналған. Әл-ауқат экономикасының талдауына көшер алдында Парето - нәтижелілік қоғамдық әл-ауқаты мен әлеуметтік әділдікпен қалай өзара қатынаста болғандығын көрейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz