Еңбекке бағаның қалыптасуы


Еңбекке бағаның қалыптасуы
Жұмыс күшін ұстауға кеткен ұйымның шығындар құнын сипаттау үшін еңбек құнының индексі және еңбек бағасының индексі есептеледі.
Еңбек құнының индексі (ЕҚИ) - жұмыс күшін пайдалану және ұстауға кеткен жұмыс берушінің сағаттық шығыстардың өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
(3. 15)
мұнда
LC t еңбек құнының индексі;
TLC t уақыт кезеңіндегі t еңбектің жалпы құны;
TH t уақыт кезеңінде t жұмыспен өтелген сағаттың жалпы саны;
Бұл индекс қызметкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікелей бағытталған, ұйымның шығындар динамикасын анықтауға көмектеседі, оның құрамына қызметкерлер жалақысы, әр түрлі әлеуметтік төлемдер, кәсіби білім беру және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетулер және тағы басқаға жұмсалған шығыстар жатады.
Әлемдік тәжірибеде ЕҚИ оларды бір негізгі экономикалық көрсеткіштері ретінде пайдаланады. Бұл индекс жалдамалы қызметкердің еңбегіне жәрдемақылар үшін кәсіпкердің (жұмыс берушінің) ұстап қалу динамикасының жылдық көрсеткіші ретінде қолданылады. Сол уақытта, ол қосылатын негізгі өтемақылар бойынша, қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақысы және қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер мен төлемдер әрбір жұмыспен өтелген сағатқа жұмыс берушінің шығындарының үлесі туралы деректермен қамтамасыз етеді.
Еуропалық Одақтың талаптарының бірі жұмыспен өтелген сағат бойынша ЕҚИ деректерін есептеу арқылы пайдалану болып табылады. Яғни, өлшеу бірлігі «сағаттар» болып табылады, себебі бұл сағаттар базалық кезеңге жатқызылуы керек. Салмағын есептеу кезінде базалық жылда жұмыспен өтелген сағаттардың жалпы саны алынады. Базалық салмақтар ұзақ мерзімді кезеңдегі уақыт аралығында өзгермеуі қажет. Еңбек құнының индексі жұмыстың бір сағаттағы еңбек құны үшін Ласперестің индексі ретінде анықталады, жыл бойынша жүйелік байланыспен біріктіріледі және экономикалық қызмет құрылымы негізінде құрылады.
Еңбек құнының индексі экономикалық қызмет түрлері және секторлары бойынша; жұмыс күшіне кеткен шығындардың әр түрлі топтары (бөлімдері) бойынша; маусымдық және жұмыс күндері тиімділігімен (немесе маусымға түзетулерсіз) ; әр түрлі базалық кезеңдер мен басқа да топтар бойынша есептеледі.
Еңбек құны жұмыстың сапасы және көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін, яғни жеке тұлғаға жатады.
Еңбек бағасы жұмыс беруші қандай да бір шығыстарды жұмыстардың белгілі бір мөлшерімен ауыстыруға келісуін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қызметкердің кәсібімен (лауазымы) байланысты және жұмысқа қатысты.
ХЕҰ әдіснамасына сәйкес Еңбек құнының индексі (ЕҚИ) стандартты сағат бойынша жұмыс берушінің жалпы жылдық міндеттерін қадағалайды. Осы индекстің шығыс бірлігі болып ақы төленбейтін сағат емес жұмыспен өтелген сағат болып табылады.
Стандарттық сағаттық бағалар есебі төмендегі формула бойынша жүзеге асырылады:
(3. 16)
мұнда,
TLC нақты жұмыспен өтелген сағат бағасы:
W айлық жалақы; W = Wх12/ H n = сағаттық мөлшерлеме
H n бір жылдағы қалыпты жұмыс сағатының саны;
H 0 бір жылдағы мерзімнен тыс жұмыспен өтелген сағаттар саны;
H nw бір жылдағы жұмыс істемеген сағаттар саны (в H n енгізілген)
H n -H nw +H 0 бір жылда нақты жұмыспен өтелген сағаттар саны;
P мерзімнен тыс мөлшерлемесі, мұнда p >1;
G демалыс үшін мөлшерлемесі, мұнда 0 < g< 1.
Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланумен байланысты жұмыс берушілердің шығындарын статистикалық зерттеу экономикалық қызмет түрі, ұйымның көлемі, аумағының, меншік нысаны көлеміне байланысты ұйымның әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Байқаудың объектілері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардан басқа ірі және орта ұйымдарға жататын заңды тұлғалар және олардың жекешеленген бөлімшелері болып табылады.
Жұмыс күшіне кеткен жұмыс берушінің шығындар құрамына іріктеме статистикалық байқауды жүргізу мақсаты жалдамалы еңбекті пайдалану арқылы ұйымдармен өндірілген шығындардың динамикасы, құрылымы және деңгейі туралы ақпараттарды алу болып табылады.
Жылына бір рет немесе жүйелі емес негізде жүргізілетін шығыстарды (төлемдерді) ескеру үшін жұмыс күшіне арналған шығындарды жан - жақты зерттеу кезінде байқау кезеңі күнтізбелік жылдың 12 айын яғни әдеттегі есепті жылды қамтиды.
Жұмыс күшін ұстау үшін кеткен шығындар құрамы туралы мәліметтерді жинау 5 жылда бір рет интервалымен (ең аз, бірақ көп емес) болғаны жеткілікті.
Жұмыс күшіне кеткен шығындар баптары және олардың құрамы
Зерттеу бланкісі ХЕҰ ұсынылған Шығыстардың халықаралық жіктеліміне сәйкес шығыстар бағыты бойынша 10 топқа топтастырылған жұмыс күшіне кеткен ұйымның шығыстарын сипаттайтын көрсеткіштерінен тұрады:
жұмыспен өтелген уақыт (тікелей жалақы) үшін еңбекақы;
жұмыс өтелмеген уақыт (жұмыссыз) үшін еңбекақы;
бір жолғы сыйақылар мен сыйлықақылар (төлемдер) ;
еңбек ақыға жататын заттай төлемдер;
қызметкерлерді үй-жаймен қамтамасыз ету бойынша ұйымдардың шығыстары;
қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған шығыстар;
кәсіби білім беруге арналған шығындар;
мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған шығыстар;
жоғарыда келтірілген топтар жіктеліміне жатпайтын шығыстар;
жұмыс күшін пайдаланумен байланысты салықтар.
Жұмыс күшіне кеткен шығындар құрамы бойынша көрсетілген топтар шығындарын екі шағын бөлімдерге біріктіруге болады: тікелей және жанама. Шығыстардың бірінші төрт тобы «тікелей еңбек құнын» сипаттайды және мәні бойынша жалақы қорын құрайды, ал басқалары - жұмыс күшіне кеткен «жанама» шығындар болып есептеледі.
ХЕҰ жіктеліміне сәйкес жұмыс берушінің (ұйымдардың) сол немесе өзге шығындар компоненттеріне жататын жұмыс күшін пайдалану үшін кеткен шығындары екі критерийлерден шыға жүзеге асырылады. Бір жағынан, бұл шығыстар жалдамалы еңбекті пайдалану кезіндегі жұмыс берушілердің нақты ұстап қалулары болуы керек, ал келесі жағынан - «еңбектенушілердің пайдасы» критерийі сақталуы қажет. Яғни, жіктелім қызметкерлердің табысы сондай - ақ жұмыс берушілердің шығыстары ретінде «призма» арқылы жүзеге асырылады.
I. Жұмыспен өтелген уақыт (тікелей жалақы) үшін еңбекақы - жұмыспен өтелген уақытына еңбекақысы және тарифтік мөлшерлемелер бойынша немесе орындалған жұмысының келісілген бағалау бойынша қызметкерлерге есептелген жалақы, өнімдерді сатудан түскен пайызы; заттай еңбекақы ретінде қызметкерлерге берілген тауарлар мен қызметтер құны; ынталандыру сипаттағы төлемдер; еңбек жағдайы және жұмыс тәртібіне байланысты өтемақылық төлемдер; мерзімнен тыс, түнгі уақыттағы және демалыс күндердегі жұмысқа қосымша ақы төлеу; олардың төлемдері және басқа үстемеақылар және төлемдер көздеріне тәуелсіз жүйелік сипаттағы үстемеақылар (сыйлықақылар) мен сыйақылар.
II. Жұмыс өтелмеген уақыт (жұмыссыз) үшін еңбекақы - елдің заңнамасымен қарастырылған жыл сайынғы және қосымша демалыстарға ақы төлеу; білім беретін мекемелерде оқитын қызметкерлерге ұсынылған оқу демалыстарына ақы төлеу; мемлекеттік немесе басқа да белгіленген мерекелерге төлеу; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға арналған төлемдер; жалақының сақталумен жұмыс берушімен ұсынылған басқа да төлемдер және қызметкердің кінәсінен болмаған тұрып қалуларға ақы төлеу.
III. Бір жолғы сыйлықақылар мен сыйақылар (төлемдер) - біржолғы сыйақылар, олардың төлемдер көздерінен тәуелсіз соның ішінде өндірістік нәтижелер; бір жыл бойы жұмыстың нәтижелері бойынша сыйақылар; пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай өтемақылар; барлық немесе қызметкерлердің көпшілігіне берілетін материалдық көмек; табысқа қатысу шегіндегі біржолғы сыйақылар; жыл сайынғы демалыстарға берілетін қосымша төлемдер; ұжымдық шарттар немесе жұмыс берушінің актілерімен анықталатын мадақтаулар мен басқа да бір реттік төлемдер.
IV. Жалақыға жататын заттай төлемдер - тегін берілетін отын (көмір, газ, электр және т. с. с. ) және тамақтану өнімдерінің құнын төлеу (толығымен немесе жарым-жартылай) ; заттай төлеу тәртібімен берілетін өнімдер құны; субсидияланған немесе тегін үй-жайдың есепті құнын төлеу (толығымен немесе жарым-жартылай) ; басқа да заттай төлемдер құны.
V. Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ұйымдардың шығыстары - қызметкерлерге ақысыз тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер немесе олардың ақысыз берілуіне ақшалай жәрдемақылар бойынша шығыстары; қызметкерлердің шығыстарын өтеу тәртібінде, тұрғын жайға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша республиканың заңнамасында тыс көзделген, ұйыммен төленетін сомалар; ұйымға жатпайтын тұрғын үйлерге арналған шығыстар (жәрдемақылар, субсидиялар және т. с. с. ) ; қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша басқа шығыстар.
VI. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған шығыстар - бұл жалпы сырқаты, еңбекпен зақымдану және жүктілігі және тууы бойынша кәсіби аурулармен байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздік, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтік жәрдемақылар жұмыс берушінің есебінен төленетін сомалар; мемлекеттік әлеуметтік қорларға (әлеуметтік салық) жарналары, еңбек шартын бұзу кезіндегі қызметкерлердің жәрдемақылар (шығу жәрдемақысы) сомасы; жұмыспен байланысты емес (бір реттік тәртіпте) жағдайдағы қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек; ұйымның есебінен қызметкерлерге көрсетілетін денсаулық сақтау мекемесінің қызметтерін төлейтін шығыстар; қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға кететін ұйымның басқа да шығыстары.
VII. Кәсіби дайындыққа (қызметкерлерге білім беру) арналған жұмыс берушілердің шығыстары - өндірістік қажеттілікке байланысты әр түрлі оқу мекемелерінде өзінің қызметкерлерін ақылы оқытуға жұмсалған шығыстар; ұйымның қаражат есебінен төленетін оқу мекемелерінде оқуға жұмыс берушімен бағытталған студенттер мен оқып жатқандардың стипендияларын, оқу демалыстарын төлеу; кадрды дайындау және қайта дайындауда қызметкерлерге білім беру бойынша кеткен басқа да шығыстар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz