Үржар ауданының малазықтық дақылдарына сипаттама


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы : Үржар ауданының малазықтық дақылдарына сипаттама

Орындаған: Даутбаева А. С.

Тексерген:Сағындықов С. Н.

Тобы: АГ - 513

Семей 2016

Жоспары:

І. Үржар ауданының табиғатына сипаттама

а) геология

ә) климат

б) гидрология

в) өсімдіктер әлемі

ІІ. Дақылдар:

а) мал жеуге жарамды дақылдар

ә) мал жеуге жарамсыз улы дақылдар

б) шаруашылық түрлері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

C:\Users\ADMIN\Desktop\mafKa2hTZD4.jpg Үржар ауданы - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлігі.

Геология. Үржар ауданының жер бедері едәуір күрделі. Егер оның солтүстік жағын Тарбағатай жотасының батыс сілемдері Қарауылтөбе, Ақтас (1316 м) және Ақшәулі (1618 м) таулары алып жатса, оңтүстік жағын Тарбағатай жотасының оңт. ұсақ шоқылы беткейі мен Алакөл ойысының солтүстік бөлігі, ал оңтүстік-шығыс бөлігін Бармақ құмы менҚосай шағылы, Көрпебай (568 м), Бақты (1273 м), Арқарлы және Арасан таулары алып жатыр. Осыған байланысты ауданның жер бедері солтүстік-шығыстан оңт. -батысқа қарай едәуір еңіс келеді. Аудан жерінде Тарбағатай жотасының ең биік жерлері Атбас тауы (2263 м) мен Тастау (2992 м) таулары және Тікжолдана, Қызасу, Ақшоқы, Кіші Сырғанақ асулары орналасқан. Кен байлықтарынан құрылыстық тастар мен кірпіштік саздар бар. Топырақ типі - қара қоңыр топырақ. Қоңыр топырақ дәнді және техникалық дақылдар, бау-бақша егуге пайдаланылады. Қоңыр топырақтар құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерімен де, құрылымымен де ауыл шаруашылық дақылдарға өте қолайлы жене олардың гумусы көбейген сайын сапалылығы арта түседі.

Климат. Бұл аймақтың ауа-райы қатал және әдемі. Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа темп-расы -14 - 17° С, шілдеде 21 - 23°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. Солтүстік таулы бөлігінде 400 - 600 мм-ден оңтүстігінде 165 - 200 мм-ге дейін ауытқиды.

Гидрология. Жер беті сулары Балқаш - Алакөл алабына жатады. Оған бастауын Тарбағатай жотасы мен оның сілемдерінен алатын Ай, Қаракөл, Үлкен Текебұлақ, Үржар (Өржар), Қатынсу, Еміл, т. б. өзендері кіреді. Сасықкөл мен Алакөл көлдерінен басқа ауданның батыс жағында Шыңқожа, Кенжебай, Қолдар, т. б. шағын көлдер бар.

Жануарлар және Өсімдіктер әлемі. Таулы бөлігінің өсімдіктері мен топырақтары биіктік белдеуге сәйкес тараған. Сондықтан мұнда таулық күлгін, таулық шалғынды топырақ белдемдерінде шалғынды шөптер, өзен бойларында қайың, терек, жабайы алма, әр түрлі жемістер мен жидектер, тау етектерінде селеулі-бетегелі шөптер, шөлейтті бөлігінде жусан, бұйырғын, көкпек, баялыш, жүзгін, ши, т. б. өседі. Сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан. Мамыр айында Тарбағатай биіктерінен алқызыл қар тау етектеріне қарай жылжығандай болады.
Жануарлар дүниесінен тауларда қоңыр аю, арқар, марал, қасқыр, түлкі, қоян, елік, борсық, ал құстардан құр, шіл, қарға, сауысқан, көгершін, өзен бойлары мен көлдердеқаз, үйрек, тырна, т. б. мекендейді.

Жоңышқа (Medicago) - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азияжәне Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т. б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 - 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры - көп гүлді шашақ. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15, 5% протеин, 43, 9% азотсыз заттар, 29, 4% клетчатка, 3, 1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21, 7 азық өлшемі, 4, 1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50, 2 азық өлшемі және 13, 7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, т. б. Жоңышқа - ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері - жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т. б. ; аурулары - ақұнтақ, тат кеселі. [1]

ЖОҢЫШҚА (TRIFOLIUM КЛЕВЕР) - бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, “үшжапырақ“дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.

Арпа . Арпа белогында 20 дан астам аминқышқылдар болса оның 8 -і өте бағалы. Арпа азық-түлік ретінде де аса құнды, жармалық дақыл оның дәнінен кофе сурогатын дайындайды. Ол шөл қандыру қасиетін бойынша ересек адамдарға өте тиімды. Арпа дәні сыра өндірісінің негізгі шикізаты болып саналатын. Арпа дәннің өңдеу өндірісінің қалдықтарын сабан шөптерді сүрлеу үшін қамыр ашытқылары ретінде пайдаланады.

Осы ашытқыларды қолданса өнімдердің түсі әдемі болып келеді, сыра дайындау өңдірісінің арнайы арпа сорттарын ғана пайдаланады. Арпаның агротехникалық рөлі ерекше зор. Арпа егісі де фитосанитарлы ретінде арам шөптердің жойылуына жағдай жасалады. Ол көп жылдық шөптерде бүркеме дақыл ретінде аса қолайлы. Себебі арпа өсімдігі өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде жылдам өсіп топырақ бетінде көлеңке түсіріп, тұзданудан сақтайды. Көп жылдық шөптердің жас өскіндерінің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсу дәуірінің қысқа болуына байланысты арпа ерте жиналады, ал көп жылдық шөптерді күзге дейін тағы бір рет орып алуға болады. Таза арпа егілген арпаны орып, бұл жерлерге тиімды себу мерзімі жаз айларына тура келетін тары егіп, екінші өнім жинауға мүмкіндік туады. Дақыл өнімін арттыру үшін егіншілік мәдениетін көтерумен қатар, сапалы сорттап егудің маңызы да орасан зор. Ал, экологиялық қолайсыз аймақ үшін жергілікті селекций сортын өсіру бірден- бір қолайлы шара екені белгілі, әлемдік тәжірибе де бұл шараны қуаттайды. Селекция жұмыстарын жүргізу үшін негізгі фондарды таңдап алудың маңызы орасан зор.

Өсімдік шаруашылығының әртараптандыру бағдарламасы аясында, су тапшылығы мен қуаңшылық жағдайында аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісін арттырудың негізгі бағыттарының бірі құрғақшылыққа шыдамды дәнді дақылдар егісінің көлемін арттыру болып табылады. Дәнді дақылдардың аралығында мал - азықтың дәнді дақылдардың, оның шінде арпанның маңызы орасан зор, оның үстіне аймақ климатының құрғақ болып келетін бұл өңірде өскен.

Ғылыми жаналығы. Қазіргі кезде қуаңшылыққа және тұзды топырақты аймақтарға төзімді арпа дәндерінің сорттарын көбейту қолға алынып отыр. Сонымен қатар селекцияда арпа сорттарының сапасын арттыруда түрлі әдістер қолданылуда. Себебі арпа дәні ауыл шаруашылығында қажетті өнімі болып табылады.

Сұлы (Avena) - астық тұқымдасы. Екі түрі бар. Олар: бір жылдық екпе дәнді дақыл, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік Африка 25-ке тара түрлері тараса, ең көбі екпесі (А. Sativa) . Сұлы әрі азық-түлік, әрі құнарлы мал азығы. Әсіресе жылқы сүйсіне жейді.

Құрамы пайдалы заттарға толы: белок - 9-15, майлы заттар - 4-6, Крахмал - 40-56 пайыз, мұның сыртында онда дәрумендер де, тағы да басқа заттар бар. Республикамыз бойынша сұлы жалпы 143 мың гектар жерге егіліп келді

Бөлтірік - сабағының ұшында ұсақ бүрі бар өсімдік түрі. Үржар ауданының жайылымдық аудандарында кездеседі. Жайшылықта улы болып саналмайтын, жаңбырдан соң-ақ уға айналып шыға келетін мұндай шартты түрде уланатын шөп түрлеріне жылға маңына өскен жас қалақай (шақпашөп), сулы беде, сексеуілге ұқсас сарыбарақ жатады. Жауын-шашыннан соң күн қызған кезде бөртіп, уыттанып көбінесе қойды улайды. Көк кешігіп шыққан жылдары қыстан әзер шыққан жүдеу мал отты таңдамай жеп жиі уланады. Мал шаруашылығының қыры мен сырын жақсы меңгерген ертедегі қазақ қауымы мал уланғаны біліне сапысымен жайылымды тез ауыстырған

Ауыл шаруашылығы . Үржар ауданы негізінен қой, ет-сүт бағытындағы ірі қара мал және дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 2265, 3 мың га, оның ішінде 376, 3 мың га-сы егістік, 102, 9 мың га-сы шабындық, 1786, 1 мың га-сы жайылым. 90-жылдың ортасына дейін аудан экономикасын негізінен ұжымшарлар мен кеңшарлар, қосалқы шаруашылықтар, аудандық aуыл шаруашылығы бірлестіктер құрады. Нарық экономикасына өтуге байланысты басым бөлігі жекешелендірілді. Олардың негізінде көптеген шаруа қожалықтары (1, 2 мың), АҚ (10), ЖШС (53) және ӨК-тер құ-рылды. Бұлардан басқа аудан бойынша ірі елді мекендерде (Үржар, Мақаншы, Таскескен) машина-трактор жөндеу шеберханасы, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, май, нан зауыттары мен диірмендер, т. б. жұмыс істейді. Қазір ауданда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде. Ауданның одан әрі өркендеп, дамый түсуіне, жаңа заманның құрылымдары; ЖШС «Юбилейный» - Т. Қарашев, «Келдімұрат» К. Қасенов, АҚ «Үржар-Астық» - Н. Коваленко, «Атамекен» фирмасының президенті - Ә. Садықов, «Бәкей» шаруа қожалығының жетекшісі - Т. Жирентаев, үлкен үлес қосуда. Бұлар 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары наградаларының иегері атанды. Үржар ауданында шаруашылықтың келесі түрлерін кездестіруге болады: қой шаруашылығы, ірі мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығында күнбағыс, бидай, апра, сұлы, жоңышқа, жүгері, қарбыз, қауын, асқабақ, соя, көкеністердің біршама түрлері, әсіресе алма өсіру жақсы дамыған. Ірі қара малдың саны 4405, 7 мың (оның ішінде сиыр 2181, 8 мың), қой мен ешкі 10896, 6 мың, шошқа 881, 5 мың, жылқы 1101, 1 мың, құс 15858, 2 мың болды. Ет 1302, 1 мың т., сиыр сүті 3220, 4 мың т, жүн 32, 4 мың т мөлшерінде өндірілді(2012 жылғы көрсеткіш) . Алайда 2013 жылы шаруа қожалықтарына өте ауыл тиді . Ауданның бір емес, үш бірдей ауылын аусыл ауруы жайлап, талайдың қорасын қаңы­ратып, тігерге тұяқ қалдыр­май жалмап кетті. Айналасы жиырма шақты күннің іш­інде ұзын саны 2700-ге жуық тұяқ аусылдың құрбанына айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымды себу мерзімі
Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Алматы облысы Көксу ауданының табиғи жағдайында қант қызылшасының аурулары
Үрмебұршақ дақылының өсіру технологиясы
Филиалдың заңды мәртебесі
Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Сұлы дақылының аурулары
Сұлы дақылының технологиясы
Қауынның өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz