Химиялық заттар жөнінде қызықты деректер



1.Май түзуші газ. 2. Өлген кальмардың билеуі қалайша жүзеге асады? 3. Неліктен бұл қосылыс футбол добының құрметіне аталмай қалды? 4. Қандай тіршілік иелері қанды сарқыраманың түзілуіне үлес қосады? 5. Ағзадан қалай анықтауға болады? 6.Асылтас та «өле» ме? 7. «Қара ұнтақтың» ғаламаты 8. «Қант» қышқылы. 9.Ақ бояу қалай қызыл бояуға айналды? 10. Түтін ұрыны қорқытты 11. Ерекше тұз. «персоль» 12.Аңыздың химиялық механизмі қандай? 13.Жасыл күлдің атқылауы 14.Сорель тасы 15.Басқа заттар тотықтырғыш бола ала ма? 16.Колосс Родосский және суға батқан миллионердің кемесі 17.«Сиқырлы су» қандай зат? 18.«Көршілердің» әртүрлі қасиет көрсетуінің сыры неде ? 19.Клапрот қандай реакциялар жүргізді? 20.Қандай заттар жайлы сөз болып отыр? 21.«Алтын» қышқылдар қанша? 22.Сатурн қанты мен «қорғасын сірке суы». 23.Бұл қандай минерал? 24.HCl құпиясы неде? 25.Бордың қандай көмегі болды? 26.«Түрік купоросы» деген не? 27.Қорғаныш газдары ?. 28.Алтынды қалай ұрлады ? 29.Гранаттың қандай түрлерін білесіз?
30.Құмнан неге кремний қышқылы пайда болмайды?
31.Қышқыл шыныны жеді ме?
32.Бірнеше рет ашылған зат
33.Шұңқырда туылған зат
34.Тастан жасалған қамыр.
35.Бұл қандай минерал?
36.Стибаттар ма, әлде антимонаттар ма?
37.”Бульрих тұзы”деген не?
38.Ең алғашқы құрғақ спиртті кім алды?
39.Ағаштарға қандай ағартқыштар қолданылады?
40.Қандай металл.көмекші болған?
41.Төрт жерлес элементтер.
42.Бұл қандай зат? 43.«Грек оты»
Неміс алхимигі әрі дәрігері Иоган Бехер 1669 жылы күкірт қышқылына этил спиртін қосып , ерітіндінің метанға ұқсас белгісіз газды бөліп қатты көбіктенгенін байқаған .Дегенмен , метанға қарағанда жаңа газ ыстанған жалынмен жанып , әлсіз сарымсақ иісті болды.Бехер жаңа газды «май түзуші» деп атады, себебі оның хлормен қосылысы С2Н4СІ2 1795 жылы «голландтық химиктердің майы» деп атаған май тәріздес сұйықтыққа ұқсас болды.Неміс алхимигі , дәрігер әрі өнертапқыш Иоган- Иоахия Бехер (1635-1682) 1666 жылы күкірт қышқылымен тәжірибелер жасау барысында қыздырылған күкірт қышқылының үстіне тағы да күкірт қышқылының бір бөлігін құямын деп тұрып , жаңылысып , ыдыс жанында тұрған этанолды (С2Н5ОН) құйып жібереді.Бехер ерітіндінің қатты көбіктенгенін және метанға ұқсас белгісіз газ бөлінгенін көреді. Бірақ метаннан айырмашылығы ыстанған жалынмен жанатынын және әлсіз сарымсақ иісі барын байқады.Метанға қарағанда белсенді зат болып шықты.Бұл зат этилен С2Н4 болып шықты.С2Н5ОН →С2Н4 ↑ +Н2О
Күкірт қышқылы ылғал( су) тарқыш зат қызметін атқарады.
1795 жылы этиленді голланд химиктері Дейман ,Потс-ван-Труствик ,Бонд ,Лауеренбург осы әдіспен алды , оны
«май түзуші» зат деп сипаттады , оның хлорды оңай қосып алып ,май тәрізді зат - хлорлы этилен – түзуіне сәйкес «голландтық химиктердің майы» деп атай бастады.ХІХ ғасырдың ортасынан бастап , қазіргі уақытқа дейін Бехер газы –этилен деп атала бастады. Этиленнен 200-ге жуық маңызды қосылыстар алынады.Олар: хлорлы этил, дихлорэтан, этиленхлоргидрин, этилен оксиді, этиленгликоль, сіркегликоль эфирі, диэтиленгликоль, этиамин, этаноламин, диэтаноламин, триэтаноламин т.б.
Этиленнің жану реакциясы:
С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О + 1400 кДж
Хлорлы этиленнің алыну реакциясы:
СН2 = СН2 + Cl2 => CH2 Cl = CH2 Cl Хлорлы этилен – түссіз май тәрізді зат ,тәтті дәмі бар , эфир иісі бар ,улы , суда ерімейді , спирт пен эфирде жақсы ериді.Ұшқыш зат,қиын тұтанады. Тығыздығы -1,252 ( 20° С-та), қайнау температурасы - 83,7° С; балқу температурасы —35,3° С.
Хлорлы этиленнің оңай алыну жолы - этиленді баяу қыздырылған қоспа арқылы өткізу керек .Қоспа мына заттардан тұрады:
2 бөлік. MnO 2 + 3 бөлік. NaCl +4 бөлік. H 2 O + 5 бөлік. H 2SO4.
Хлорлы этиленнің қолданылуы: Май ,смола және фосфорға жақсы еріткіш болып табылады.Пластмасса , каучук (тиокол) алуға қолданылады.
1.Мырзабаев А. «Элементтер химия негізі» «Рауан»1990ж. 2.Мырзалиева С.К. «Химия.Балаларға арналған энциклопедия»2012ж. 3.Журнал «Химик анықтамалығы» №5,2012ж 4.Виталий Смирнов, 1993; (с) Журнал "Чудеса и приключения", №10/95

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық заттар жөнінде қызықты деректер
1.Май түзуші газ. 2. Өлген кальмардың билеуі қалайша жүзеге асады? 3. Неліктен бұл қосылыс футбол добының құрметіне аталмай қалды? 4. Қандай тіршілік иелері қанды сарқыраманың түзілуіне үлес қосады? 5. Ағзадан қалай анықтауға болады? 6.Асылтас та өле ме? 7. Қара ұнтақтың ғаламаты 8. Қант қышқылы. 9.Ақ бояу қалай қызыл бояуға айналды? 10. Түтін ұрыны қорқытты 11. Ерекше тұз- персоль 12.Аңыздың химиялық механизмі қандай? 13.Жасыл күлдің атқылауы 14.Сорель тасы 15.Басқа заттар тотықтырғыш бола ала ма? 16.Колосс Родосский және суға батқан миллионердің кемесі 17.Сиқырлы су қандай зат? 18.Көршілердің әртүрлі қасиет көрсетуінің сыры неде ? 19.Клапрот қандай реакциялар жүргізді? 20.Қандай заттар жайлы сөз болып отыр? 21.Алтын қышқылдар қанша? 22.Сатурн қанты мен қорғасын сірке суы. 23.Бұл қандай минерал? 24.HCl құпиясы неде? 25.Бордың қандай көмегі болды? 26.Түрік купоросы деген не? 27.Қорғаныш газдары ?. 28.Алтынды қалай ұрлады ? 29.Гранаттың қандай түрлерін білесіз?
30.Құмнан неге кремний қышқылы пайда болмайды?
31.Қышқыл шыныны жеді ме?
32.Бірнеше рет ашылған зат
33.Шұңқырда туылған зат
34.Тастан жасалған қамыр.
35.Бұл қандай минерал?
36.Стибаттар ма, әлде антимонаттар ма?
37."Бульрих тұзы"деген не?
38.Ең алғашқы құрғақ спиртті кім алды?
39.Ағаштарға қандай ағартқыштар қолданылады?
40.Қандай металл-көмекші болған?
41.Төрт жерлес элементтер.
42.Бұл қандай зат? 43.Грек оты
Май түзуші газ. Неміс алхимигі әрі дәрігері Иоган Бехер 1669 жылы күкірт қышқылына этил спиртін қосып , ерітіндінің метанға ұқсас белгісіз газды бөліп қатты көбіктенгенін байқаған .Дегенмен , метанға қарағанда жаңа газ ыстанған жалынмен жанып , әлсіз сарымсақ иісті болды.Бехер жаңа газды май түзуші деп атады, себебі оның хлормен қосылысы С2Н4СІ2 1795 жылы голландтық химиктердің майы деп атаған май тәріздес сұйықтыққа ұқсас болды.Неміс алхимигі , дәрігер әрі өнертапқыш Иоган- Иоахия Бехер (1635-1682) 1666 жылы күкірт қышқылымен тәжірибелер жасау барысында қыздырылған күкірт қышқылының үстіне тағы да күкірт қышқылының бір бөлігін құямын деп тұрып , жаңылысып , ыдыс жанында тұрған этанолды (С2Н5ОН) құйып жібереді.Бехер ерітіндінің қатты көбіктенгенін және метанға ұқсас белгісіз газ бөлінгенін көреді. Бірақ метаннан айырмашылығы ыстанған жалынмен жанатынын және әлсіз сарымсақ иісі барын байқады.Метанға қарағанда белсенді зат болып шықты.Бұл зат этилен С2Н4 болып шықты.С2Н5ОН --С2Н4 ↑ +Н2О
Күкірт қышқылы ылғал( су) тарқыш зат қызметін атқарады.
1795 жылы этиленді голланд химиктері Дейман ,Потс-ван-Труствик ,Бонд ,Лауеренбург осы әдіспен алды , оны
май түзуші зат деп сипаттады , оның хлорды оңай қосып алып ,май тәрізді зат - хлорлы этилен - түзуіне сәйкес голландтық химиктердің майы деп атай бастады.ХІХ ғасырдың ортасынан бастап , қазіргі уақытқа дейін Бехер газы - этилен деп атала бастады. Этиленнен 200-ге жуық маңызды қосылыстар алынады.Олар: хлорлы этил, дихлорэтан, этиленхлоргидрин, этилен оксиді, этиленгликоль, сіркегликоль эфирі, диэтиленгликоль, этиамин, этаноламин, диэтаноламин, триэтаноламин т.б.
Этиленнің жану реакциясы:
С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О + 1400 кДж
Хлорлы этиленнің алыну реакциясы:
СН2 = СН2 + Cl2 = CH2 Cl = CH2 Cl Хлорлы этилен - түссіз май тәрізді зат ,тәтті дәмі бар , эфир иісі бар ,улы , суда ерімейді , спирт пен эфирде жақсы ериді.Ұшқыш зат,қиын тұтанады. Тығыздығы -1,252 ( 20° С-та), қайнау температурасы - 83,7° С; балқу температурасы -- 35,3° С.
Хлорлы этиленнің оңай алыну жолы - этиленді баяу қыздырылған қоспа арқылы өткізу керек .Қоспа мына заттардан тұрады:
2 бөлік. MnO 2 + 3 бөлік. NaCl +4 бөлік. H 2 O + 5 бөлік. H 2SO4.
Хлорлы этиленнің қолданылуы: Май ,смола және фосфорға жақсы еріткіш болып табылады.Пластмасса , каучук (тиокол) алуға қолданылады.
Өлген кальмардың билеуі қалайша жүзеге асады?
Жер бетінде кальмардың 500-ден астам түрлері бар,соның 15-20 түрі тағам жасауға пайдаланылады. Кальмар етінің - тағам ретінде құрлықтағы жануалар етіне қарағанда ерекшелігі- фосфор мен амин қышқылдарына бай, өте жеңіл қорытылады.Лизин мен аргинин ақуызына бай болғандықтан балалар тағамы ретінде өте бағалы.Етінде таурин ақуызы көп мөлшерде болғандықтан,қан құрамындағы холестеринді төмендетуге,қан қысымын төмендетуге әсерін тигізеді және түнде көздің көруін жақсартады.Е витамині мен селен ағзадағы ауыр металдар тұзын бейтараптандырады.Кальмар етінде май болмайды. . Жапондардың дәстүрлі тағамы-ika-don- Күріш үстіндегі биші кальмар деп аталады.Жаңа ғана сойылған,ішкі мүшелерінен тазартылған кальмарды күріштің үстіне көкөністермен әсемдеп,үстіне соя соусын құйғанда өлген кальмар қайта тірілгендей күріш үстінде біраз уақыт қармалауыштарын жиырып билей бастайды.Соус құрамындағы ылғал арқылы тұз натрий ионына ыдырайды.Кальмардың жүйке талшықтарында миелинді қабықша болмайды,сондықтан олардың денесі - өткізгіш жалаңаш сым тәрізді ион алмасу реакциясы жүреді.Егер ион алмасу бұзылса,(соус құйғанда) натрий иондары талшықтардың жиырылуын тудырады. Бұл кальмардың билеуітәрізді көрініс береді.

Неліктен бұл қосылыс футбол добының құрметіне аталмай қалды?
Көміртегінің төртінші модификациясы- фуллерен, бакибол немесе букибол - көміртегінің аллотропиялық түр(алмаз,карбин,графит тәрізді) өзгерісінің біріне жатады.
. Фуллерен туралы теория жүзінде 1970 жылы жапон ғалымдары: Е.Осава және З.Иошида жазған.1985 жылы эксперимент жүзінде алғаш алған ағылшын ғалымы Крото басшылық еткен ғалымдар тобы.
1895 жылы бір топ зерттеушілер:Роберт Керл,Харольд Крото,Ричард Смолли,Хис Обрайен-графит буының лазер сәулесі әсерінен түзілген қатты 60 және 70 көміртегіден тұратын үлгісін зерттеді. Оның пішіні футбол добына өте ұқсас болғандықтан ғалымдар ашылған затты футбол добының құрметіне атамақшы болды.АҚШ-та футболды -- football немесе soccer деп атайтын.Ғалымдар бір шешімге келе алмай, С60-ты фуллерен немесе бакминстерфуллерен деп,американ архитекторы Ричард Бакминстер Фуллер атымен атады, ол өзінің шар тәріздес күмбездерінің бетін фуллеренге ұқсас 5 және 6 бұрыштан тұратын тетраэдрмен конструкциялаған.
Фуллеренді ашқаны үшін Крото,Смолли және Керлге 1996 жылы Нобель сыйлығы берілді.Графиттен айырмасы фуллерен органикалық еріткіштерде жақсы ериді,сондықтан күйеден бөліп алуға болады.Оны гелий атмосферасында графитті электр тогында буландыру арқылы алды. 1992 жылы бұл заттың көміртектің табиғи минералы - шунгиттің құрамында (Карелияда,Шуньга поселкесі жанында) бар екені анықталды.Жақсы зерттелгені- фуллерен 60 С .Көміртек атомдары шар бетінде бесбұрыштар(пентагон) және алтыбұрыштар(гексагон) түрінде орналасады. Фуллерен 60 С молекуласы-футбол добына ұқсас,12 қара пентагон,20 ақ гексагоннан тұрады.Фуллерен кристалданып,куб тәрізді тор түзеді.Молекуладағы атомдар арасында ковалентті байланыс, ал кристалдағы молекулалар арасында - Ван дер Ваальс байланысы болады.36 С құрылысты фуллерен де болады.Калий металымен легирленген фуллерен жақсы өткізгіш болып табылады.Иодпен және броммен легирленген фуллерен ферромагнетик (магнитке тартылғыш қасиеті) болады.
Қандай тіршілік иелері қанды сарқыраманың түзілуіне үлес қосады?
1911 жылы поляр зерттеушілері австралия геологы Гриффит Тейлор ашқан Антарктиданың Тейлор мұздығының белгілі жерінде мұз қуысынан бір мезгілде қанды сарқырама ағады.Бұл сарқыраманың суында екі валентті темір бар,ол атмосфералық ауамен тотығып,темір қағын түзеді.Осы жағдай сарқырамаға қызыл түс береді.Бірақ екі валентті темір суда өздігінен пайда болмайды. Гарвард университетінің Джилл Микукки бастаған ғалымдары бұл құбылысты зерттеді.
Алғашқыда ғалымдар тұзды суға қызыл түс беріп тұрған қызыл-күрең түсті балдырлардың көп мөлшерде болуынан деп болжады.Зерттеу нәтижесінде мұз астында жабық табиғи резервуарда тірі микроағзалар тіршілік ететіндігі анықталды.Бұл резервуардың жасы-2 млн жылға жуық екені ғылыми түрде анықталды.Мұздақтың астындағы резервуар ауқытша капсула болып табылады,ол өзі бір - экожүйені құрайды.Жер астындағы 400м қалың мұз астындағы көлде тіршілік еткен микроағзалар оттексіз,жарықсыз,жылусыз жағдайда өсіп-өніп сақталған.Олар тіршілікке қажетті энергияны суда еріген сульфаттардың сульфидтерге тотықсыздануынан және ары қарай су асты грунтынан келетін темірдің үш валентті ионы арқылы тотығуы процесі арқылы алатыны анықталды.Судың тұздылығы өте жоғары ,сондықтан су -10ºC-та да қатпайды.
Бұл құбылыс күн жүйесіндегі басқа планеталарда ұқсас жағдайда тіршіліктің болуы мүмкін деген жорамалға әкеп соғады.Мысалы,Марстағы мұздақтар асты,Юпитердің серігі - (Европа) мұхиттарында ерекше тіршілік иелері болуы мүмкін.

Ағзадан қалай анықтауға болады?
1960 жылдардан бері кең қолданып келе жатқан Лего конструкторлары детальдары жасалатын пластмассалардың құрамына химиялық зат-барий сульфаты кіреді.Бұл тұз суда ерімейді,ол қасиеті -оны ағзаға зиянсыз етеді.Бірақ ренген сәулесі арқылы бұл заттың тұрған жерін көруге болады.Дания елінде бұл конструкторларды жасаушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтайды.Оны бояйтын бояу түрлеріне,химиялық құрамына қатаң талап қойылады.Бала ойнап отырып,абайсызда жұтып қойса,оның тұрған жерін ренген сәулесі арқылы бірден анықтауға болады.

Асылтас та өле ме?
Парсы тілінде бирюза - фируза-бақыт тасы.Бирюза - құрамы гидратталған алюминий және мыс фосфаттарынан тұратын минерал CuAI6(OH)8∙(PO4)4 ∙5H2O күмістен жасалған заттарды әшекейлеуге қолданылады.
Құрамы:(%): 37,60 -- Al2O3; 9,78 -- CuO; 34,90 -- P2O5; 17,72 -- H2O.
Түсі ашық аспан көктен,көгілдір-жасыл,күңгірт-жасыл ға дейін.Бирюза тасы ауырады, қартаяды және өледі.Бирюза ғұмыры орташа 10-20 жылға созылады.Тастың жағдайы ауа райына, жел мен бұлттың болуына тәуелді.Тасты үйкеп сүрту, хош иісті заттар , косметикалық заттар тастың сапасын төмендетеді.Жылу тасты кептіреді, содан жарылып кетеді.Өсімдік майы тасты өлтіреді, бірақ жануар майы (қойдың құйрық майы) оны қайта тірілтеді. Тастың қартаюы оның құрамындағы заттарға байланысты:құрамында тұрақсыздау қосылыс (алюминийдің және мыстың гидратталған фосфаты) ,қасиеті купоросқа ұқсас болады.Сондықтан құрамын оңай өзгертеді,ыстықта суын жоғалтады,ылғал көп болса ериді.Оның ұшқыш заттарды өзіне сіңіріп алатын қасиеті бар.Жануар майы (қойдың құйрық майы) тасты атмосфераның жағымсыз әсерлерінен қорғап,өмірін ұзартады.
Қара ұнтақтың ғаламаты
Керемет бағалы металл-платина.Ақ-сұр түсті,жылтыр,ауыр,қиын бақитын металл.Ауада тотықпайды(қыздырғанда да ылғал ортаға тұрақты.Ыстық патша сұйығында ғана ериді.Табиғатта бос күйінде кездеседі.Өндіріс пен техникада платинаның маңызы зор.
Зергерлік бұйымдар ,хирургиялық аспаптар,өршіткі ,орден ,медальдар т.б.
жасалады.
Иоганн Деберейнер 1821 жылы платина катализаторы қатысында спирттерді тотықтыру арқылы сірке қышқылын алды.
[ O ] Pt
СН3 - СН2ОН -----------CH3 - COOH
oo H2O
Pt tº
CH3OH +CO ----------CH3- COOH
Неміс химигі Иоганн Деберейнер 1823 жылы алғашқы оттықты ойлап тапты.Бұл көп кешікпей құрылғы бүкіл Германияда сатыла бастады.1829 жылы 20000 экземплярға дейін сатылды ,ол 1880 жылға дейін өндірісте үлкен сұраныста болды. Оттықтың жұмыс істеу механизмі төмендегідей: шыны ыдыс ішінде мырыш пластинкасы күкірт қышқылымен әрекеттесіп ,сутегі бөлінеді .Ыдыс қақпақшасын ашқанда сутегі жеңіл болғандықтан жоғары көтеріліп шыға бастайды ,сутегі ағыны сақина тәрізді кеуекті платинаға бағытталып , ауада (оттекпен) от алады.Сутек оттекпен әрекеттесіп , нәтижесінде су түзіледі.Кеуекті платина катализатор қызметін атқарады, реакцияны жылдамдатып , өзі өзгермей қалып қояды.Платинаны аммоний гексахлороплатинатын қыздыру арқылы алады ((NH4)2[PtCl6]).Деберейнер еңбектері мен ағылшын химигі Эдмонд Дэви , әйгілі Гемфри Дэвидің жиені
зерттеулері химия ғылымының тағы бір саласы - катализдік химия ғылымының негізін салды. Бұл еңбектер химиктер арасында үлкен бағаға ие болды.

Қант қышқылы.
1779 жылы неміс сенаторы,дәріханашы және химик Иоган Христиан Виглеб қымыздық шырынына ізбес cуымен әсер етіп,ерітіндіден ақ тұнбаның пайда болғанын байқады. Қымыздық шырынында калий гидроксалаты бар, Виглеб реакция арқылы қымыздық қышқылының тұзы - кальций оксалаты тұнбасын алды.
KHC2O4 + Ca( OH)2 = CaC2O4↓ +KOH +H2O
Бірақ Виглеб тұнба құрамын анықтай алмады.
Бес жылдан соң шведтік дәріханашы және химик Карл Вильгельм Шееле сахарозаны ( қант құрағынан алынған қант) концентрлі азот қышқылымен өңдегенде не болатынын көрмек болды.Оның байқағаны ,қызыл-қоңыр газ бөлініп,көк лакмус қағазын қызыл түске бояйтын мөлдір ерітінді түзілген.Ол мына реакция арқылы қымыздық қышқылын алды.
C12H22O11 + 12HNO3 = 6H2C2O4 +12NO ↑ + 11H2O
2NO↑ + O2 = 2NO2↑ қызыл-қоңыр түсті газ
H2C2O4 - қымыздық қышқылы сулы ерітіндіде протолизге ұшырайды да, қышқыл орта түзеді. H2C2O4 +Н2О -- НС2О4 − + Н3О+
Шееле қымыздық қышқылын қант қышқылы деп атады, ол кристалл күйінде құмшекерге өте ұқсас, ол кальций гидроксидімен кальций оксалаты тұнбасын түзеді.

Ақ бояу қалай қызыл бояуға айналды?
Бұл жағдай 3000 жыл бұрын болған. Әйгілі грек суретшісі Никий Жерорта теңізінің Родос аралына тапсырысқа берген қорғасынды ақ бояуды тосып жүрген болатын. Бояу тиелген кеме Афиныдағы Пирей портына келген мезетте кенеттен өрт болып, Никийдің де кемесін өрт жалыны шарпыды. Өртті ауыздықтаған соң кемесіне қалған қалдықтарға қарап қамыққан Никий ақ бояу құйылған бөшкелерге жақындап оларды көмір мен күйеден ажыратқан кезде, онық астынан ашық- қызыл түсті затты байқады.
Қорғасынды ақ бояу ауада қатты қызған кезде ашық-қызыл түсті (сурик) бояуға айналған.Мынандай реакция жүрген:
IІ IV
2[Pb(OH)2 ∙ 2PbCO3] + O2 = 2(Pb2 Pb)O4 + 4CO2 + 2H2O
Сурик - қорғасын(ІҮ) - диқорғасын(ІІ) тетраоксиді .Химиялық құрамы-Pb3O4 немесе 2PbO ∙PbO2.
Осылайша аяқ астынан Никий көп мөлшердегі керемет қызыл бояудың иегері болып шыға келді.
Сурик көне Ресейде әскери қалқан бояу үшін қолданылған,ол туралы Игорь полкы туралы аңызда айтылады.1397 жылы салынған Кирилло-Белозер монастырында икона осы сурикпен әрленген

Түтін ұрыны қорқытты
Түн ортасында тартпалы шкафта платина ыдыстар салынған жәшік бар екенін естіген ұры зертханаға кіреді. Жәшіктің жанында аузы тығындалған ішінде түссіз сұйықтығы бар колба тұрған. Ұры байқамай колбаны қағып кеткенде колба қозғалып кетіп жанындағы штативке соғылады да, өзі де сынады, қасында тұрған аммиак ерітіндісі бар құтыны да сындырады. Зертхананы тұншықтырғыш иісті қою түтін алып кетті. Ұрының платинаға қарауға шамасы келмей қаша жөнелді. Ертеңінде зертаханшы колбаның сынықтарына және тартпалы шкафтағы басқа да барлық ыдыстарға ақ қақ тұрғанын байқады. Оларға жүргізген талдау, оның аммонидің (IV) гексахлоростаннаты екенін анықтады. Колбада қандай сұйықтық болуы мүмкін?
Колбада SnCI4 қалайы(ҮІ) тетрахлориді болған,ол ауадағы ылғалмен гидролизге ұшырайды.
SnCI4 +2H2O = SnO2 +4HCI↑
Аммиак қатысында мына реакция жүреді:
SnCI4 +2NH3 +2HCI = (NH4)2[SnCI6]
NH3 +HCI = NH4CI хлосутек аммиакпен жанасқанда ,ақ түтін- аммоний хлоридінің қатты бөлшектері пайда болады.Ұрыны қорқытқан түтін осы.
Ерекше тұз- персоль
Әрбір үй шаруасымен айналысатын әйел кір жуған кезде пайдаланатын ағартқыш ұнтақ Персоль -құрамы 2Na2CO3 3H2O болатын натрийдің пероксокарбонаты- қайнаған суда оттегін бөліп, ластанған жерді түссіздендіреді. Мұндағы персолдың әсерін гидролиз реакциясына негізделген деп есептеуге бола ма? Жоқ,болмайды. Қыздырған кезде натрий пероксокарбонаты оттегін бөле айрылу реакциясына түседі.Бұл тотығу-тотықсыздану реакциясы болып
2(2Na2CO3 ∙3H2O2) = 4Na2CO3 +6H2O +3O2↑

Кез-келген аппақ мата уақыт өткен сайын және жуған сайын жарықтың әсерінен,кермек судан сарғаяды.Матаға өзінің алғашқы аппақ қалпын қайтару үшін химиялық ағартқыштар қолданылады.Солардың бірі-пероксидті немесе перекисті (персоль)ағартқыш. Ағартқыштық қасиеті 80-90° С-та жылылықта байқала бастайды.Пероксидті ағартқыштар : сутек асқын тотығы,натридің пероксобораты немесе пероксокарбонаты,калий пероксосульфаты,гидроперит(карбамид гидропероксиді)-барлығының ортақ құрамы - бір-бірімен байланысқан екі оттек атомынан тұратын пероксидтік фрагменттің(--О--О--) болуы.Сулы ортада қыздырғанда ағартқыштар құрамындағы атом күйіндегі оттек [O]бөлініп шығады да, кір дақты ағартады.Пероксидті ағартқыштарды кір киімге қосып суда қайнатқанда да мақта-маталардың , кенеп маталардың түсі бұзылмай сақталады.
Аңыздың химиялық механизмі қандай?
Бұхар әмірлігінің алхимигі мен жұлдызшысы бірде өз әміршілеріне алтынды жұтқан сайтан-жалмауыз кейпіндегі сұйықтықты көрсете алатындарын айтады.Алхимик ханға сайтан қалай пайда болатынын көрсетеді.Ол газ тәрізді қызыл-қоңыр оксидті азот диоксидін NO2 және суды (сутек оксиді) әрекеттестіргенде ,азот қышқылы және азоттың монооксиді (NO) түзіледі, ол ауада оңай тотығып, қайтадан қоңыр түсті газ NO2-ге айналады. 3NO2 +H2O = 2HNO3 +NO↑
2NO +O2 = 2NO2↑
Азот қышқылына ас тұзын ( NaCI) қосқан кезде тұз қышқылының түзілу реакциясы жүреді: NaCI + HNO3 = NaNO3 + HCI
Нәтижесінде қышқылдар қоспасы ( азот қышқылы және тұз қышқылы)-патша арағы түзіледі, ол алтынды ерітеді: Au + 4HCI +HNO3 =H [AuCI4] + NO↑ + 2H2O
Алтын химиялық жағынан тұрақты, белсенділігі аз металл.Ауада өзгермейді,тіпті қатты қыздырса да тот баспайды,қышқылда да ,сілтіде де ерімейді.Тек патша арағы -тұз қышқылы мен азот қышқылының қоспасы алтынды ерітеді. 1943 жылы белгілі дат физигі ,Нобель сыйлығының иегері Нильс Бор неміс басқыншыларынан тығылып,Копенгаген қаласынан жедел кету керек болды.Оның қолында неміс физик ғалымдары,әріптестері антифашистер-Джеймс Франк пен Макс Фон Лауэнің Нобельдік алтын медальдары бар еді.Немістердің қолына түсіп қалу қаупі болғандықтан ,ол медальдарды өзімен алып кетпей, патша арағында ерітіп, елеусіз шыны шөлмекке құйып, өз лабораториясына басқа көптеген сұйықтықтармен бірге сөреге қойып кетті.Өз медалін Даниядан қауіпсіз жерге ертерек беріп жіберген.Соғыс біткен соң өз лабораториясына келген ол қымбат шөлмекті тауып алып,қайтадан алтынды таза күйінде алып, медаль соқтырып алған екен.
Жасыл күлдің атқылауы
Оқушылар құрамында азот ,(тотығу дәрежесі ІІІ ) және хром(тотығу дәрежесі +ҮІ )бар қосылыс дихромат амммониймен тәжірибе жасаған.Осы заттың кристалдарын фарфор ыдысқа салып, шырпымен тұтатқанда Cr2O3 хром(ІІІ) оксидінің қып-қызыл шоқтанған түйірлерін түзіп ,молекула ішілік тотығу-тотықсыздану реакциясы жүре бастайды.
(NH4)2Cr2O7-- N2 + Cr2O3 +4H2O↑ шоқ суығанда жасыл түсті күл түзіледі.
Сорель тасы
1877 жылы француз инженер-химигі Жорж Сорель цемент алудың жаңа технологиясымен айналысты.Бірде магний хлоридін синтездеу кезінде ол магний оксидінің қою сулы суспензиясына бөліктеп тұз қышқылын қосады.Өзінің жеке жұмысымен кетіп қалған ол келесі күні қоспа құйылған ыдыстың шытынап,ондағы зат өте қатты суда ерімейтін ақ тасқа айналғанын көреді.Ақ тас - жақсы құрылыс материалы , оны кесуге ,бұрғылауға болады.
Сорель ойламаған жерден магнезиальды цементті алған еді.Ол алғашында мына химиялық реакцияларды жүзеге асырды:
MgO + 2HCI = MgCI2 + H2O
Қышқыл жетіспеген жағдайда магний оксиді толық жұмсалмай қалады,қалған бөлігімен негіздік тұз түзілу реакциясы жүреді:
MgO + MgCI2 +H2O =2Mg(OH)CI
Бұдан соң су бөліне отырып, полимерлену нәтижесінде
- Mg - O - Mg - O - Mg - O - типті өрілген тізбек түзіледі.Тізбектер арасында хлорид иондар орналасады.
Сорель магний хлоридінің күйдірілген магнезиямен қоспасынан тапталғыш , аз уақыт ішінде ауада қататын, су әсері бұза алмайтын , байланыстырғыш қабілеті портланд - цементтен 6-7 есе асып түсетін масса алды.Оны ойлап тапқан адамның атымен-Сорель цементі деп атады.
Басқа заттар тотықтырғыш бола ала ма?
Тотықтырғыштардың ішіндегі ең әйгілісі - оттегі.Ол бейорганикалық және органикалық заттардағы баяу тотығудың (шіруі,металдардың жемірілуі) және тез тотығудың (жану) негізгі айыпкері.
Химиялық қасиеттерін сипаттағанда бейметалдарға тән қасиет - электрон қосып алу,бұны жай заттармен әрекеттесуі арқылы түсіндіруге болады.Бейметалдар тотығу-тотықсыздану процесінде тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та бола алады. Кез келген бейметалл өзінен электртерістілігі төмен басқа бейметалмен әрекеттескенде тотықтырғыш ролін атқарады.Мысалы: 4Р +3S =P2S3
Бұл реакцияда күкірт - тотықтырғыш,ал фосфор - тотықсыздандырғыш,өйткені фосфордың ЭТ - гі күкірттікінен төмен.Күкірт сутегімен,сілтілік және сілтілік-жер металдарымен,алюминиймен реакциясында тотықтырғыш қасиет көрсетеді.Сутегі сілтілік және сілтілік - жер металдарымен тотықтырғыш қасиет көрсетіп реакцияласады, галогендер- сутегімен реакциясында-тотықтырғыш .Фосфор,азот типтік металдармен,сутекпен тотықтырғыш қасиет көрсетіп реакцияласады.Кейбір реакцияларда бір бейметалл әрі тотықтырғыш,әрі тотықсыздандырғыш болып табылады.Мысалы:
3C12+6KOH = 5КС1+КС1О3+ЗН2О хлор әрі тотықтырғыш,әрі тотықсыздандырғыш болып табылады.Ең күшті тотықтырғыш фтор болып табылады,өйткені оның электртерістігі барлық элементтерден жоғары.
Колосс Родосский және суға батқан миллионердің кемесі
Біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда Родосс аралында Гелиос статуясының бейнесімен алып маяк салынды.Мүйіске кіре берісте ,биікте орналасқан Родосский Колосы статуясы өте алыстан көз тартатын, ол жақын аралдардан да көрініп тұратын.Тарихшылардың айтуына қарағанда:
Скульптор Харес қоладан биіктігі 36 метр алып ескерткішті жасауға 12 жыл еңбек етті.Ол ақ мәрмәр тұғырда алысқа көз салып тік тұрған, басында сәуле шашып тұрған өрілген гүл киген жас жігіт бейнесі.Мүсін саздан жасалып, темір каркаспен қапталған , сырты қоладан жасалған жұқа жабынмен жабылған.Алып мүсінді жасау үшін : 13 тонна қола және 8 тонна темір жұмсалды. Родосский Колосы 66 жыл тұрып,жер сілкінісінен құлап қалды.
Статуя мың жылға жуық жерде жатты, кейіннен Родосс аралын арабтар жаулап алған соң , оны бір бай көпес сатып алады да ,900 түйемен бөлшектеп,артып алып кетеді.
Ғалымдардың пайымдауынша, алып статуяның құлау себебі , тек қана жер сілкінісі емес,ол тотығу-тотықсыздану үрдістерінің жүруінен болуы керек.
Әр түрлі екі металл бір-бірімен түйіскенде гальваникалық жұп түзеді де, электрондарымен алмасады.Нәтижесінде белсендірек металл жылдам тотығады: тотықтырғыш + ne = тотықтырғыштың тотықсыздану өнімі
1830 жылы физигі әрі химигі Артур де ля Рив мырыш металы құрамында аз мөлшерде темір және мыс болғанда, сұйытылған күкірт қышқылымен сутегі бөліну реакция жылдамдығы таза мырышқа қарағанда жоғары болатынын анықтады.Металда көптеген микрогальваникалық жұптартүзіледі, мырыш анод болып табылады( тотығады), ал темір мен мыс - катод қызметін атқарады.
ХХ ғасырдың 20 жылдары Теңіз шақырады атты алып кеменің ашық теңізге шыға салысымен істен шығып қалуы да, онда жүрген тотығу-тотықсыздану үрдістерінен болуы керек.Кеменің астыңғы бөлігі монель- металмен (мыс-никель құймасы) қапталған, бағыттаушы рулі, алдыңғы қыры және басқа бөлшектері болаттан жасалған.Кеме суға түсірілген кезде алып гальваникалық элемент түзілген.Ол катодтан(монель-металл) және болат анодтан және электролит- теңіз суынан тұрады.Осының салдарынан кеме контактілі коррозияға ұшырап, суға батып кеткен.
Родосс Колосының құлауына да себепші болған темір мен қола(мыс+қалайы) арасындағы контактілі коррозия (гальваникалық элемент)болуы мүмкін, ал теңіз ауасы (суы) электролит қызметін атқарған.Тұзды теңіз ауасында тотығу- тотықсыздану үрдісі әсерінен темір каркас тез бұзылған.
2008 жылы Радосский Колосы статуясын маяк ретінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланды, биіктігі түп нұсқасынан биік -- 60-100 метр болмақ, бұл жоба 200 млн евроға бағаланып отыр.Ол қаржыны халықаралық спонсорлар және неміс өнер қайраткері Герт Хоф өз қалтасынан бермекші болған.
Сиқырлы су қандай зат?
Боденштейннің сиқырлы суы -иодсутек ерітіндісі немесе иодсутек қышқылы-жағымсыз иісі бар түссіз газ, суда жақсы ериді, өте күшті қышқыл. Иодсутек қышқылы және тұздары күшті тотықсыздандырғыштар.Кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдармен өте белсенді әрекеттеседі.Бір қызығы,кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан күміспен де әрекеттесіп,сутекті ығыстырып шығарады.Бұл ерекше реакцияның жүруі,күміс иодидінің суда ерігіштігінің аз болуына,реакцияның оңға қарай ығысуына байланысты.Тұздары-иодидтер.
1-колбада: иодсутек қышқылы жарықта ауадағы оттекпен жылдам тотығады - сарғаяды,
түзілген иод ерітіндіге біртіндеп қара-қошқыл түс беретін комплексті қосылыс түзеді:
4НІ + О2 = 2I2 + 2H2O
HI +I2 = H[ I( I)2]
2-колбада: комплексті қосылыс H[ I( I)2] (қара-қошқыл) көп мөлшерде НІ ерітіндісіне иодтың қара-күлгін кристалдарын салғанда түзіледі.
Иодсутек ерітіндісіне қызыл фосфордың ұнтағын салғанда ерітінді түссізденеді:
H[ I( I)2] комплексті қосылыс НІ- қа дейін тотықсызданады.
5H[ I( I)2] + 2Р +8Н 2О =2 H3PO4 +15HI
3-колбада:Күміс НІ ерітіндісінен иодты ығыстырады да оны сутегі(ІІ)дииодоаргентат комплексті қосылысына айналдырады:
2Ag +4HI =2H[AgI2] +H2↑
4- колбаға концентрлі азот қышқылы қосылған:
HI +6HNO3 = 6NO3↑ +HIO3 +3H 2O
Қызыл-қоңыр түсті газ - NO2↑
2.Көршілердің әртүрлі қасиет көрсетуінің сыры неде ?
Берилий гидроксиді Ве(ОН)2 екідайлы қасиет көрсетеді, сондықтан NaOH натрий гидроксидінің артық мөлшерінде еріп кетеді де, натрийдің тетрагидроксобериллатын түзеді Na2[Be( OH)4]
Be CI2 +2NaOH = Be(OH)2↓ +2NaCI
Be(OH)2 +2NaOH = Na2[Be(OH)4]
Be(OH)2 берилий оксидінен айырмашылығы Mg(OH)2 негіздік гидроксид, сондықтан NaOH натрий гидроксидінің артық мөлшерінде әрекеттеспейді.
MgCI2 +2NaOH = Mg(OH)2↓ + 2NaCI
Mg(OH)2 +NaOH !=
3.Клапрот қандай реакциялар жүргізді?
ХVIII ғасырдың екінші жартысында химиктер мен бірге әуесқой ғалымдар,минерологтар сол кезде табылған жаңа минералдарды зерттеумен айналысты.Солардың бірі -әуесқой ағылшындық минеролог , діндар Вильям Грегор Менакон қаласына жақын жазықта кездесетін қара құмнан жаңа минерал тауып,оны қала атына сәйкес минаконит деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарының жіктелуі
Қант қызылшасының емдік қасиеттері
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Спектроскопия.Спектроскопия әдісінің биологияда және медицинада қолданылуы. Жаңа туылған сәбилердегі Госпел ауруының Фототерапиясы
Химияны оқыту жолдары
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Химияны оқытуда стехиометриялық есептеулерді шығару дағдыларын қалыптастыру әдістемесі және оның тиімділігі
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету
Пәндер