Дәрілік заттар жөнінде қызықты деректер



1. D дәрумені мешел ауруын болдырмайды 2. Аспириннің пайдасы, зияны. 3.Улы тосын сый немесе Марш реакциясы 4. Үй дәріханасындағы тұздар 5. Нитратты орамжапырақты пайдалануға бола ма? 6. Тарақандарға қарсы тұз 7. Аммиакты фиксаж неге жарамай қалды? 8.Ащы немесе ағылшын тұзы деген не? 9.Ашыған сүт өнімдерінің артықшылығы неде? 10.Дәрілердің әсері уақытқа тәуелді ме?
Мешел ауруына қарсы қолданылатын жеті түрлі заттың ішінде ең маңыздысы- D дәрумені.Ол майда еритін дәрумендерге жатады.Теріге түскен ультракүлгін сәулелер әсерінен холекальциферол(D3 дәрумені) теріде жоғары белсенділікте болатын провитаминнен түзіледі.Өсімдікте D дәрумені провитамині-эргостерин болады. D дәрумені ішектен кальций мен фосфордың сіңірілуіне көмектеседі. Сүйек пен тістің қалыптасуы мен өсуіне,мешел ауруын болдырмауға көмектеседі.Ағзада D дәрумені жетіспегенде сүйектің ұлпасының минералдану механизмі бұзылады да, сүйек ұлпасы кеуектеніп,жұмсарады,нәтижесінде адамның кеуде қуысы сүйегі,омыртқасы деформацияланады, тісі сынғыш болады.Өсіп келе жатқан бала ағзасында бұл дәруменнің жетіспеуі (рахит) мешел ауруын тудырып: бойының өспеуі,сүйек баяу дамуы,басының денесіне сай емес үлкен болуы, тістерінің арасы сирек ,аяғы қисық (қамыт аяқ) болу,тершілдік,әлсіздік ,ұйқы қашу белгілерін көруге болады.Адам жұқпалы аурулармен көп ауырады.Сондықтан дәрігерлер 1-3жас аралығында балаларға ересектерге қарағанда D дәруменін сәл артық мөлшерде беруді талап етеді.Тағам арқылы ағзаға түскен дәруменнен гөрі,балаларды күн көзіне шығарып,шынықтыру арқылы теріге түскен ультракүлгін сәулелер әсерінен холекальциферол(D3 дәрумені) теріде жоғары белсенділікте болатын провитаминнен көп мөлшерде түзіледі.
D дәрумені артық мөлшерде(гипервитаминоз) ағзаға улы.Бұл дәрумен балық майында,сары майда,уылдырықта,жұмыртқада, сүтте,ірімшікте болады.
Ағзаның бұл дәруменге тәуліктік қажеттілігі-0,01мг.
1.Тагидиси Д.Г.Алиев С.Д. «Микроэлементы и здоровье» Х:1979г. 2.Скурихин И.М. «Как правильно питаться»Москва1986г. 3.ХьюзМ.«Неорганическая химия биологических процессов»М: 1983г. 4.Мырзабаев А. «Элементтер химия негізі» «Рауан»1990ж. 5.Мырзалиева С.К. «Химия.Балаларға арналған энциклопедия»2012ж. 6.Журнал «Химик анықтамалығы» №4,2011ж
7.Виталий Смирнов, 1993; (с) Журнал "Чудеса и приключения", №10/95

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Дәрілік заттар жөнінде қызықты деректер
1. D дәрумені мешел ауруын болдырмайды 2. Аспириннің пайдасы, зияны. 3.Улы тосын сый немесе Марш реакциясы 4. Үй дәріханасындағы тұздар 5. Нитратты орамжапырақты пайдалануға бола ма? 6. Тарақандарға қарсы тұз 7. Аммиакты фиксаж неге жарамай қалды? 8.Ащы немесе ағылшын тұзы деген не? 9.Ашыған сүт өнімдерінің артықшылығы неде? 10.Дәрілердің әсері уақытқа тәуелді ме?

D дәрумені мешел ауруын болдырмайды
Мешел ауруына қарсы қолданылатын жеті түрлі заттың ішінде ең маңыздысы- D дәрумені.Ол майда еритін дәрумендерге жатады.Теріге түскен ультракүлгін сәулелер әсерінен холекальциферол(D3 дәрумені) теріде жоғары белсенділікте болатын провитаминнен түзіледі.Өсімдікте D дәрумені провитамині-эргостерин болады. D дәрумені ішектен кальций мен фосфордың сіңірілуіне көмектеседі. Сүйек пен тістің қалыптасуы мен өсуіне,мешел ауруын болдырмауға көмектеседі.Ағзада D дәрумені жетіспегенде сүйектің ұлпасының минералдану механизмі бұзылады да, сүйек ұлпасы кеуектеніп,жұмсарады,нәтижесінде адамның кеуде қуысы сүйегі,омыртқасы деформацияланады, тісі сынғыш болады.Өсіп келе жатқан бала ағзасында бұл дәруменнің жетіспеуі (рахит) мешел ауруын тудырып: бойының өспеуі,сүйек баяу дамуы,басының денесіне сай емес үлкен болуы, тістерінің арасы сирек ,аяғы қисық (қамыт аяқ) болу,тершілдік,әлсіздік ,ұйқы қашу белгілерін көруге болады.Адам жұқпалы аурулармен көп ауырады.Сондықтан дәрігерлер 1-3жас аралығында балаларға ересектерге қарағанда D дәруменін сәл артық мөлшерде беруді талап етеді.Тағам арқылы ағзаға түскен дәруменнен гөрі,балаларды күн көзіне шығарып,шынықтыру арқылы теріге түскен ультракүлгін сәулелер әсерінен холекальциферол(D3 дәрумені) теріде жоғары белсенділікте болатын провитаминнен көп мөлшерде түзіледі.
D дәрумені артық мөлшерде(гипервитаминоз) ағзаға улы.Бұл дәрумен балық майында,сары майда,уылдырықта,жұмыртқада, сүтте,ірімшікте болады.
Ағзаның бұл дәруменге тәуліктік қажеттілігі-0,01мг.
Аспирин қандай ауруларға ем?
1897 жылы бавар химигі Феликс Гофман ацетилсалицил қышқылын-кейінірек аспирин аталған затты алған еді. Аспирин- СН3СОО ─ С6Н4 ─ СООН ацетил салицил қышқылы ,балқу температурасы-136,5ºС,түссіз,ине тәрізді,сәл қышқылтым кристалдық зат.Ең алғашқы жасанды түрде алынған дәрілік препараттардың бірі болып табылады.Ол салицил қышқылының туындысы.Салицил қышқылы және туындылары табиғатта кең тараған.Тал (ива) жапырағында,өсімдіктердің эфир майлары құрамында кездеседі.Алғашында тал (ива) жапырақтары сығындысынан,америкалық барвинок майынан алынды.
Неміс химигі Кольбе салицил қышқылын алудың қарапайым тәсілін ұсынды:фенолдың натрий тұзын көміртек диоксидімен өңдеу,бұл тәсіл әлі күнге дейін өндірісте қолданылып келеді.
Неміс дәрігерлері Курт Виттгаузер және Юлиус Вольгемут аспиринді медицинада қолдануға жол ашты.Аспирин медицинада дене қызуын төмендету үшін,ауырғанды басу үшін,ревматизмге,тіс ауруына қарсы дәрі ретінде қолданылады.Ашытқы және көгерткіш саңырауқұлақтардың өсуін тежейді,сондықтан көкөністерді консервілеуде қолданылады.Жеміс-жидектерден жасалған шырындарды ашып кетуден сақтау үшін аспирин пайдалануға болады. Зерттеушілер аспириннің пайдасымен қатар зияны да бар екенін алға тартуда.Голландиялық ғалымдардың жасаған тәжірибелері нәтижесінде аспиринді шектен тыс қолданудың зияндығын анықтады. Әсіресе, осы дәрі арқылы жүрек талмасы немесе сал ауруы салдарынан айығуды қалаған әйелдерге керісінше қарсы көрсетілімі бар екенін ескертуде. Аспириннің қанды сұйылтатын қасиеті бар екені анықталған. Бірақ, көп мөлшерде қолданғанда денеде дақтар пайда болатынын байқаған.
Улы тосын сый.
1830 жылы француз химигі Эжен Суберан мышьякты тұз қышқылды ортада мырышпен әсер ете отырып , As2O3- тен бөліп алуға тырысты.Тәжірибе кезінде Суберан жағымсыз сарымсақ иісін сезді , ал ол ретортадан шығып жатқан газды жаққан кезде түссіз жанатын сутегінің орнына , белгісіз солғын-көкшіл түсті жалынды көрді.
As2O3 +6Zn +12HCI =2AsH3 ↑ +6ZnCI2 +3H2O
Осы реакция нәтижесінде Суберан алғаш - арсин AsH3 (мышьякты сутек немесе мышьяк гидриді) - өте улы түссіз газды алған еді ,оның құрамы кейіннен белгілі болды. Таза күйде иіссіз , сарымсақ иісті болуы құрамындағы қоспаларға байланысты .Суда ерімейді , сумен әрекеттеспейді. 300- 400 °С- та қыздырғанда өте жылдам ыдырап кетеді : 2AsH3-- 2As +3H2
Нәтижесінде шыны түтіктің суық бөлігінде газ орнына мышьяк қара дақ түрінде түзілді ( мышьяк айнасы).1836 жылы ағылшын химик - аналитигі Джеймс Марш Суберанның жаңалығын пайдалана отырып , әртүрлі обьектілердегі мышьяктың өте аз мөлшерін ( миллиграмның мыңнан бір бөлігін) табу әдісін ұсынды.Мышьяк қосылыстары өте улы болғандықтан , оны табу сот экспертизаларында маңызды орын алды.Ол Марш реакциясы деп аталды.Ол үшін зерттелетін ерітіндіні сутегі бөлініп жатқан ( мысалы мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде) ыдысқа құяды. Егер мышьяк қосылыстары бар болса , сутегі мышьякты арсинге (мышьякты сутек) дейін тотықсыздандырады. As2O3 +12H =3H2O +2AsH3
Егер газ жүретін түтікті (арсин мен сутек қоспасы)аздап қыздырса , түтікте қара жылтыр түсті мышьяк(мышьяк айнасы) пайда болады.
2AsH3-- 2As +3H2
Өнеркәсіпте алу жолы : Mg, Zn т.б. арсенидтерді гидролиздеу арқылы және мышьяк қосылыстарын сутекпен тотықсыздандыру арқылы .
Na3As + 3Н2О -- AsH3 + 3NaOH
As2O3 + 6Zn + 6H2SO4 -- 2AsH3 + 6ZnSO4 + 3H2O.
Арсин ауада , оттегінде өздігінен тұтанбайды ,бірақ 200°C-та жанады:
2AsH3 + 3O2 -- As2O3 + 3H2O
- 196оС-та хлормен өздігінен тұтанады да , сутегін бөліп шығарады:
AsН3+3Сl2 -- AsCl3+3HCl
Осы тәрізді броммен ,иодпен де әрекеттесіп ,галогенидтер түзеді.
Күкіртпен әрекеттеседі:
2AsH3 + 3S -- H2S + As
Концентрлі тұз қышқылымен әрекеттесіп , сутегі бөлініп шығады:
AsH3 + 3HCl -- AsCl3 + 3H2
AsH3 + NaNH2 -- NaAsH2 + NH3
Органикалық арсиндерді (триметиларсин) мышьяк хлоридіне диалкилцинкпен әсер ету арқылы алуға болады:
AsCl3 + Zn(CH3)2 -- As(CH3)3 + ZnCl2
Бұл улы ,жағымсыз иісті , қанықпаған қосылыстар қасиетін көрсететін сұйық зат.
Арсин- мышьяк гидриді ең күшті бейорганикалық улы зат. 0,0003 мгл. Қанды бүлдіреді және обыр ауруларын тудырады.
Үй дәріханасындағы тұздар.
Натрий сульфатының декагидратын- мирабилит)-(глаубер тұзы) - (сибирская соль,гуджир,күкіртқышқылды натрий) -
Na2SO4 · 10H2O алғаш рет 1626 жылы Нойнштадтағы минералды су көзінен неміс химигі Иоганн Рудольф Глаубер бөліп алған. 1625 жылы бөртпе сүзек ауруымен қатты ауырып , Вид өзені бойындағы Неаполис (Нойнштадт) қаласына келгенде тамақ іше де , қорыта да алмай әлсіреп қалады. Жергілікті тұрғындар оған қаладан бір сағаттық жерде жүзім бағы маңында орналасқан табиғи су көзінен су ішсе жазылып кететінін айтады. Тұрғындар айтуы бойынша үлкен кесек нан алып су көзіне барады. Осыған дейін аузына тамақ салса жүрегі айнитын Глаубер үлкен кесек нанды суға шылап алған соң тәбеті ашылып қалай жегенін білмей қалады.Үйге келгенде сауығып ,тәбеті ашылып , көршілерінен бұл қандай су екенін сұрайды. Олар су құрамында селитра бар деп жауап береді.Кейіннен бұл табиғи көзінен алынған суды буландырып, селитра орнына бұрыннан белгісіз тұздың мөлдір кристалдарын алып,оған - ғажайып - (лат. мирабил) - деп ат қойды.
Кейіннен бұл тұзды Глаубер бөліп алып зерттеп , кейіннен ғалым атымен аталды.Күкірт қышқылына натрий хлоридімен әрекеттестіріп Глаубер тұзы синтезделді. 1648 жылы Глаубер қышқылдармен реакция жасау барысында Баяу қыздырғанда: NaCl + H2SO4 = NaHSO4 + HCl, қатты қыздырғанда: 2NaCl + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCl мөлдір кристалдар түзілді.
Бұл мөлдір призма тәрізді кристалды зат, суда жақсы ериді, ал ауада біртіндеп құрғайды (кристалды суын жоғалтады), салмағы азаяды.Толық құрғағанда ақ ұнтақ зат - натрий сульфатына айналады.Дәмі тұз татиды, ауызда еріп кетеді.Иісі жоқ.Жанбайды,отта сытырламайды. Бұдан басқа ромба тәрізді кристалдар- жеті молекула суы бар Na2SO4 · 7H2O және бір молекула суы бар - Na2SO4 · H2O тұздар да кездеседі.Сусыз натрий сульфаты - тенардит (француз ғалымы Тенар) деп аталады. Шыны,сода өндірісінде,медицинада ( босаңдатқыш) дәрі ретінде қолданылады. Мирабилит кеуіп қалған тұз түрінде көл орнында , көлдерде кездеседі. Табиғи қорлары Канада, Грузияда, Түркменстан, Ресей, АҚШ, Германияда және Чехия, Австрия минералды сулары құрамында кездеседі.

Нитратты орамжапырақты пайдалануға бола ма? Егер топырақта азотты тыңайтқыш мөлшері артық болса , онда жемістерде ,жидектерде,тамыржемістерде денсаулыққа зиянды тұздар - нитраттар жиналады.Адамның ас қорыту жүйесіне түскенде олар нитриттерге дейін тотықсызданады, ал бұл улануға әкеледі; нитриттер қанның гемоглобинін оттегін тасымалдау қабілетінен айыра отырып,тотықтырады.Ағзада холестерин мен сүт қышқылы мөлшері көбейіп кетеді.Көкөністердің ішіндегі ең көп мөлшерде нитратты аскөк,салат,ақжелкен,, одан аз деңгейде қызылша,орамжапырақ және сәбіз жинайды.Картоп, қызанақ, алма нитратты мүлдем жинамайды: олардың бұл өнімдерде болуға тиісті қалыпты мөлшері 200 мгкг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы
Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі
Тіршіліктану курсында танымдық қызығушылықты қалыптастыру
Фармацевтикалық ғылымды дамыту
Бақбақ гүлінің тарихы
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Кокаиннің медицинада қолданылуы
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Арша жемісі
Пәндер