Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі



1. Кіріспе
2. Элитология негіздері
3. Саяси элитология
4. Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
5. Саяси көшбасшылық
6. Саяси көшбасшының имиджі
7. Қорытынды
8. Бақылау сұрақтары
9. Пайдаланған әдебиеттер
Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.
Ғалымдардың пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.
Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.
1. Арынов Е.М. Тулегулов А.К. Шоманов А.Ж. Элита Казакстана о будущем страны // Саясат, 1997, №8 С. 12-15 Илеуова Г. Смена политических элит в постсоветском пространстве // Поиск, 1997, №3. С. 31-33 ;Тулегулов А.К. Рекрутирование политической элиты Казахстана: вчера и сегодня // Саясат, 1997, №11.С. 17-20.
2. Оболонский А.В. Постсоветское чиновничество, квазибюрократический правящий класс //Общественные науки и современность, 1996, № 5.С.5.
3. Крыштановская О. Трансформация старой номенклатуры в новую российскую элиту // Общественные науки и современность, 1995, №1.С.62.
4. Ашин Г.К. Основы элитологии. Алматы, 1996.С.144.
5. Сонда. 9-б.
6. Крыштановская О. Указ.соч. С.65.
7. Гайдар Е. Государство и эволюция.М. 1995. С.103.
8. Lasswell H. On Political Sociolgy. L 1987. P.132
9. Поппер К. Открытое общество и его враги. М. 1992 . Т.1.С.163
10. Ашин Г.К. Элитизм и демократия // Общественные науки и современность , 1996, №5.С.69.
11. Шоманов А.Ж. Жансугурова Ж.А. Машанов М.С. Характер и особенности лоббирующих групп в Казахстане // Саясат 1997, №5. С. 49. Сонда. 52-б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі.
Орындаған: Нүрлен Ә
Тексерген: Джилысбаев Д
Факультет:Жалпы медицина
Топ: 104 Б
РЕФЕРАТ
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Элитология негіздері
3. Саяси элитология
4. Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
5. Саяси көшбасшылық
6. Саяси көшбасшының имиджі
7. Қорытынды
8. Бақылау сұрақтары
9. Пайдаланған әдебиеттер

1. Кіріспе
Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.
Ғалымдардың пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.
Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.
Элитология негіздері

Саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, жалпы тарих және тағы басқа ғылымдардың түйіскен жерінде саяси философия ағымында қалыптасқан саясаттанудың маманданған саласы ретінде қазіргі элитология қоғамдық ойлар тарихында ерте дәстүрлерге ие. Антикалық философияның өзінде элита туралы көзқарастарды Платон толығырақ қалыптастырған. Бұл қатарға Қайта өркендеу дәуірінің идеологы Н. Макиавеллиді де қоюға болады. Қазіргі элитаризмнің тікелей негізін салушы деп,- Ф. Ницшені есептеу қабылданған.
Саясаттануда ''элита'' терминің В. Парето енгізген, оған мынандай анықтама берді ''өзінің ықпал ету дәрежесіне және саяси, әлеумееттік күшке сәйкес жоғарғы жағдайды иемденген адамдар ...'',''былай жоғарғы топтар деп аталатыңдар'' элитаны-ақсүйектерді құрайды... оған кіретіндерінің көпшілігі-жақсы немесе жаман ба, маңызды емес билікті қамтамасыз ететін белгілі қасиеттерге ие. Элитологияның келесі негізін салушы Г.Моска элита түсінігіне өз анықтамасын ұсынды: ұйымдаспаған көпшілікпен басқаруды жүзеге асырушы, ұйымдасқан азшылық билікке бағытталған, саяси қатынаста өте белсенді адамдар. Г. Лассуэль де, ''жоғарғы үстем тап'', қоғамда үлкен беделге атаққа, байлыққа кенелген адамдар. М. Вебер элитаға харизматикалық тұлғаларды жатқызды. А. Тойнби шығармашылық емес көпшілікке қарсы тұратын, шығармашылық азшылықты элита деп атады. В. Гэттсмен және элиталық плюрализмнің басқа теоретиктері элитаға-қоғамның саяси, экономикалық, мәдени өмірінде жоғарғы жағдайды иеленген адамдардан тұратын салыстырмалы үлкен емес топтарды жатқызды.
Осылайша, саясаттануда аталған ұғымның көптеген анықтамасы бар, мұнда терминдердің кейбір араласуы байқалады. Бірқатар ғалымдар саяси элитаны ғана элита деп көрсетеді, басқаларда бұл түсінік өте жан-жақты қамтылған. Бірақ та, элитаның қазіргі теорияларында тұтасымен элитаны емес, оның көп түрлілігін (мысалы, саяси, ғылыми, шығармашылық, экономикалық, әскери элитаны және т.б) тану позициясы нақтыланады.

2. Саяси элитология

Элитаның жоғарыда келтірілген анықтамаларын жалпылай келе, біз мынадай қорытындыға келеміз, элита - бұл әлеуметтік топ, ең алдымен белгілі тұлғалық қасиеттерге және аз шамада әлеуметтік шығу тегіне байланысты қоғамда өзінің жоғарғы жағдайына қарай қоғамды басқару процессіне, қоғамның даму стратегиясын және әлеуметтік тәртіп үлгісін жасауға тікелей және жанама ықпал етуге мүмкіндік береді.
Саяси ғылымның бір саласы ретінде элитологияның негізін салушылар атақты итальян ғалымдары В. Парето, Р. Михельс, Г. Моска болып табылады.
В. Паретоның қаламына ол әзірлеген элитаның теориясы тән. Аталған теорияға сәйкес, жоғарғы топтың билікті ұстау күшін қажет қасиеттеріне ие төменгі топ өкілдерін сіңіру жолымен билеуші топ әрдайым сандық қана емес, сондай-ақ сапалық қайта өндіріледі. Одан басқа, билеуші тап өз қатарынан өзінің құлдыраған мүшелерін ығыстыра отырып, өз-өзінен тазарады. Бұл кезде біріншіден, Парето төменгі топтағы жоғарғы элементтерді, ал соңғыларды-жоғарғы топтағы төменгі элементтер деп аталады. Жоғарыда аталған процесстердің біреуінің немесе екеуінің тоқтатылуы жағдайында, жоғарғы топта төменгі элементтердің, ал төменгіде - жоғарғылардың үстем болуы басталады, теңсіздіктің бұзылуына және барлық қоғам үшін кері салдары бар билеуші таптың пайда болуына әкеледі. Осындай сілкіністерге революция да жатады, ол кезде жоғарғы топта билікті ұстауға қабілетсіз, немесе күш қолданудан қашатын (бұның өзі олардың билігінің заңдылығын үзеді) құлдыраған элементтер жиналады, ал төменгі топтарда қоғамды басқару қызметін орындауға және билікті жаулап алу үшін күш қолдануға бейім жоғарғы қасиеттегі элементтердің ұлғаюы болады. Көп жағдайда революция белгілі бір себептермен өзінің әлеуметтік жігімен қол үзген жоғарғы тап өкілдерімен басқарылады. Ереже бойынша, мұндай элементтер билеуші қызметі үшін жоғарғы интеллектуалды қабілеттерге ие төменгі топ өкілдерін қажетті қасиеттермен толықтырады.

3. Саяси элита және оның қоғамдағы орны

Посткоммунистік элита статусына қатысты көптеген теориялық пікірлерге қарама-қарсы дәлел ретінде оның заңдастырылғаның көрсету қажет. Біріншіден, Қазақстанда да,Ресейде де ол қалыпты көп партиялы сайлау тәртібімен түзілген:президент пен парламентті тікелей халық сайлайды. Екіншіден, ол конститутциялық тұрғыдан сараланған. Коммунистік элита қатаң иерархиялық сипат иеленді:партиялық элита даусыз басымдық иеленді, оның сонынан өз кезектерімен мемелекеттік және шаруашылықтық элита ілесті. Бұл иерархия заң жүзінде қуатталды, алайда демократиялық тәжірибеден тым алшақ жатты. Посткоммунистік элитада үш орталықтың-парламенттің, президенттің, үкіметтің болуы, сондай-ақ олардың әрқайсысының іс әрекет аясы да ("құқық күші "де ) контитутциялық тұрғыдан тәртіптелді. Осылайша саяси элита-нақты қоғамдағы, нақты тарихи сәттегі өкімет билігін ашық пайдаланатын саяси топқа айналды. Саяси жүйелердегі элиталар мен бұқараның арақатынасыаса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Егер бұл кез- келген саяси жүйенің қажетті құрамдас бөлігі дейтін болсақ, онда олардың қолайлы арақатынасы туралы мәселе сөзсіз көлденең тұратыны анық. Элиташылар үшін элита-саяси процестің шынайы субъектісі, ал бұқара- қолайлы саяси жүйеге төнген қауіп-қатер сияқты көрінеді.Элиташыларға қарсылар үшін саяси процестің субъектісі-халық, ал элиталар-демократияға төнген қауіп- қатер ретінде қарастырылады. Осы екеуінің ымыраласатын нұсқасы, тоқсайласар тұсы бар ма? Лассуэллдің пайымдауынша, демократия олигархиядан қоғамдық тұрмысқа мейлінше ықпал ететін элитаның жоқтығымен емес, өзінің ашықтығымен, өкілеттілігімен, жауаптылық сипатымен ерекшеленеді. Мысалы, билік қарым-қатынастарының салмақ түсірер нүктесі-элита мен бұқара арасындағы орталыққа таман жататын қолайлы саяси жүйе. К.Поппердің пікірі бойынша, демократияның түйінді мәселесі элитаға бақылау орнату ісі болып саналады. Ол: "басқарушыларды бақылауға алу және олардың билігін тексеріп отыру негізінен институционалдық проблема- нашар басқарушылар тым көп залал келтірмеуіне бақылау орнату институттарын жобалаудың проблемасы болып табылады",-деп жазды. Халықтың өзін-өзі басқаруы, элитаның билік аясын шектеу- демократиялық теорияның нормативтік қағидасы. Бірақ, оны асыра дәріптеп, саяси билікті үзілді-кесілді теріске шығаратын болсақ, онда осынау ой-пікірдің өзін өрескелдікке ұластырып алуымыз мүмкін. Мемлекеттік билік әкімшілігі болуының өзі салыстырмалы түрде оны дербестікке, өзіне тән мүдделерді орнықтыруға жетелейді. Алайда, осы әкімшіліктің билік құруы мен ықпал етуі деңгейіндегі мәселенің бәрі оның халықтық немесе қоғамдық артықшылықтарды иеленген азшылық тобының мүддесін қорғай ма, әлде осы әкімшілік қоғамнан жоғары ма дегенге сайып отыр. Демек, біз элитаның болуы - демекратия үшін айқын да әлеуетті қауіп төндіретіндігі туралы қағиданы теріске шығармайтын болсақ, онда демократияны сақтап қалудың шарттары элитаны халықтың ұдайы бақылауға алуы; элита халықтың бақылауынан шығып кетпеуі үшін оны өз өкілеттерін жүзеге асырауға ғана қажетті қызметтік міндеттерімен шектеу; мейлінше кең жариялылық, элитаны шектеусіз сынаудың мүмкіндігі, биліктің тармақталуы және саяси, экономикалық, ғылыми және өзге элиталалардың бір-бірінен мейлінше оқшаулана өмір сүруі, оппозицияның, элиталар арасындағы күрес пен бәсекенің болуы (олардың төрешісі, әсіресе сайлаулар кезінде халық болады); сайып келгенде, бұлардың бәрі жинақтала келе демократиялық процесті жандандырады.Бұқараның элитаға сарабдал сенімсіздігі табиғи нәрсе әрі елеулі дәрежеде сындарлы құбылыс ретінде көрініп жүр: ол элитаның деспоттық билік тізгінін өз уысына жиып алуына бой бермейді. Элита мен бұқараның қарым-қатынасындағы екі ұшқарылықтың да, басқаша айтсақ, элитаның бетімен кетуіне апарып соғатын нарсе оның соңынан бұқараның көз жұмып ере беруінің де, сондай-ақ өкіметтің заңдастырылғанына нұқсан келтіретін ұшқарылық бұқараның элитаға мүлдем сенбеуінің де саяси жүйеге тигізер кесірі көп. Сондықтан, домократияны бұқараның элитаға бақылау орнатуын қамтамасыз ететін, сол арқылы элитаның бұқараны саяси субъектіліктен айыруына мүмкіндік бермейтін, керісінше оның белсенділігін арттыратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұқараның сенгіштігі, бір жағынан, соңғысының басқару қызметін атқаруын жеңілдете түседі, екіншіден, оны билікті бір адамның қолында шоғарландыруға ынтықтырып,бұқарадан алшақтай бастауына , томаға-тұйық, деспоттық топқа айналып, сырттан "таза, жас қан" құйылып жатпағандықтан, біртіндеп азғындыққа ұшырауына итермелей түседі. Демократиялық процестің табысты өркендеуі үшін экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік шиеленістер мен сілкіністердің болмауы тәрізді бірқатар шарттар сақталынуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қоғамын демократияландыруға интеллектуалды элитаның саяси қатысуы
Саяси элита оның қоғамдағы рөлі
Басқарушы элита мен саяси көшбасшылық биліктің әлеуметтік субъектілері ретінде
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Дәстүрлі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы
Саясаттанудың әдістері
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Саяси элита және саяси көшбасшы
Мүдделері бойынша топтар
Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита
Пәндер