ҒТР туралы жалпы мағлұмат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҒТР туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Негізгі бөлім
2. ҒТР.дың шаруашылық құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3. ҒТР.дың Қазақстанға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Жаңа ғасырға адамзат өмiр салтын түбегейлi өзгерткен аса көрнектi ғылыми және технологиялық жетiстiктермен бара жатыр. Iргелi және қолданбалы ғылымның нәтижелерiн практикада тиiмдi пайдалану адамзатты тұрақты дамытудың аса маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты, Қазақстан үшiн отандық ғылымды елдiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының аса маңызды факторына айналдыруға арналған бағытты жасау және оны өмiрге енгiзу республиканың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарына сәйкес мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық әлеуетiн арттыру өзекті мiндет болып табылады.
Қазiргi кезеңдегі саяси және әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу мемлекеттiң нысаналы ғылыми-техникалық саясатын талап етедi, ол әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi перспективалық ғылыми бағыттарды және ғылыми кадрларды даярлаудың жүйесін сақтау үшiн қажетті жағдайлар жасау, ғылым мен техника дамуының басым бағыттарын айқындау, қолда бар ресурстарды осы бағыттарда шоғырландыру, бүкiл ғылыми-техникалық кешенді реформалау және өнеркәсiптi дамытудың ел үшiн жаңа технологиялық базасын жасау, ғылыми салада жұмыс iстеудiң нарықтық экономикаға тән жаңа тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдаған болатын. Сонымен бiрге, объективтiк себептерге орай, ғылыми-техникалық сала осы күнге дейiн қоғамның әлеуметтiк-экономикалық прогресiнiң базалық элементi болмай отыр.
Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының осы тұжырымдамасы алдағы 5-10 жыл өтпелi кезеңдегi мiндеттердi шешуге лайықталып әзiрлендi және ғылыми-техникалық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, экономиканы инновациялық дамытудың және бәсекеге қабiлетті ұлттық экономиканың құрылуы мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн, оның ресурстық мүмкiндiктерiнiң осы заманғы талаптарына жауап беретiн ғылыми-техникалық әлеуеттi қалыптастыруға бағытталған.
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
2. Қазақ Энциклопедиясы
3. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P000001059_

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҒТР туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Негізгі бөлім
2. ҒТР-дың шаруашылық құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3. ҒТР-дың Қазақстанға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе
Жаңа ғасырға адамзат өмiр салтын түбегейлi өзгерткен аса көрнектi ғылыми және технологиялық жетiстiктермен бара жатыр. Iргелi және қолданбалы ғылымның нәтижелерiн практикада тиiмдi пайдалану адамзатты тұрақты дамытудың аса маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты, Қазақстан үшiн отандық ғылымды елдiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының аса маңызды факторына айналдыруға арналған бағытты жасау және оны өмiрге енгiзу республиканың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарына сәйкес мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық әлеуетiн арттыру өзекті мiндет болып табылады.
Қазiргi кезеңдегі саяси және әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу мемлекеттiң нысаналы ғылыми-техникалық саясатын талап етедi, ол әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi перспективалық ғылыми бағыттарды және ғылыми кадрларды даярлаудың жүйесін сақтау үшiн қажетті жағдайлар жасау, ғылым мен техника дамуының басым бағыттарын айқындау, қолда бар ресурстарды осы бағыттарда шоғырландыру, бүкiл ғылыми-техникалық кешенді реформалау және өнеркәсiптi дамытудың ел үшiн жаңа технологиялық базасын жасау, ғылыми салада жұмыс iстеудiң нарықтық экономикаға тән жаңа тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдаған болатын. Сонымен бiрге, объективтiк себептерге орай, ғылыми-техникалық сала осы күнге дейiн қоғамның әлеуметтiк-экономикалық прогресiнiң базалық элементi болмай отыр.
Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының осы тұжырымдамасы алдағы 5-10 жыл өтпелi кезеңдегi мiндеттердi шешуге лайықталып әзiрлендi және ғылыми-техникалық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, экономиканы инновациялық дамытудың және бәсекеге қабiлетті ұлттық экономиканың құрылуы мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн, оның ресурстық мүмкiндiктерiнiң осы заманғы талаптарына жауап беретiн ғылыми-техникалық әлеуеттi қалыптастыруға бағытталған.

Ғылыми-техникалық революциясы туралы жалпы мағлұмат
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдердің ҒТР дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90 жылдардан бастап ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заман тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технология мен қызмет түрлеріне деген сұраныс қамтамасы етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет өте мол қаржыны қажет еткендіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр.
Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дің құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.
Ғылыми-техникалық революция - ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.
Ғылыми-техникалық революцияның - екі негізгі алғышартты: ғылыми-техникалық және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды.

Жаратылыстанудағы революциялар дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалылық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.
Ең алдымен, өнеркәсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атомреакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің ұлттық ғыл.-техникалық жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылым және техника жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғылыми зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесінде ғылыми-техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңі: ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен; өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғылыми ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, ғылым салаларының өзара байланысының, күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқынының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейлінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, ғаламдық проблемалар деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми-техникалық революцияның басты ғыл.-техникалық бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.

Алайда ғылыми-техникалық революцияның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғыл. жаңалықтарға да барып саймайды. ғылыми-техникалық революция дегеніміз өндірістің бүкіл техникалық базисін, бүкіл технол. тәсілдерін қайта құруды ғана білдіреді. ғылыми-техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің техникалық құралдары мен тәжірибелері кешенінің (техника), материалдық игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) және практикалық іс-қимылдар мен әрқилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (басқару) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды.
Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықар. деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мысалы, табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді.
ҒТР-дің басты белгілері мыналар:
әмбебаптық,ауқымдылық;
ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделденуі;
өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;
әскери-техникалық революция.
Ғылым мен білім адамзат өркениетті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларды Ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дің әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен

географиялық қабықтың кез-келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі.
ҒТР шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлқына үлкен өзгерістер әкеледі.
ҒТР-дың шаруашылық құрылымдары
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру -- ғылым -- өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.
ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.
Жеке елдің ғылыми-техникалық күші осы салада жұмыс істейтіндер санымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс істейтіндер саны жөнінен дүниежүзінде экономикалық даму деңгейі жоғары елдер (АҚШ, Жапония және Германия) жетекші орын алуда.

FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:
1) ғылым;
2) техника және технология;
3) өндіріс;
4) басқару.
FTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.
FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.
Жаңа техника ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Архивтеу программалары
Қазақ индустриясы дамуының негізгі факторы - экономиканы әртараптандыру және мамандану
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Негізгі жады - ақпараттарды сақтау құрылғысы
Ғылыми-техникалық революцияны сипаттайық
Internet туралы жалпы түсінік
Техника және технология
Ғылыми - техникалық революция және өндіргіш күштердің орналасуы
Комііьютерлік желілер
Пәндер