Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің рыноктық экономикада қызмет ету тенденциясы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің рыноктық экономикада қызмет ету тенденциясы.

Дамыған елдер эволюциясының тарихы шағын биснестің негізқалаушы буын екендігін растайды. Шағын бизнестің жағдайы мен даму деңгейінен елдің тұрақты экономикалық өсуі қамтамасыз етіледі. Экономиканың дәл осы секторы дамымаған бәсекелестік, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі жиынтық сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік сияқты мемлекеттің экономикалық өсуіне кедергі келтіретін көптеген проблемаларды шеше алатын потенциалды мүмкіндіктерге ие.

Шағын кәсіпкерлік қазіргі заманғы рыноктық жүйенің негізгі элементі болып табылады. Ол жеке меншікке негізделген рыноктық қатынастарды нығайтады. Жеке кәсіпкерлер өзінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша қоғамның әлеуметтік және саяси тұрақтылығына кепіл болатын орта таптың негізін құрайды.

Шағын кәсіпкерлік ұлттық экономиканың дамуына ғана емес, әркімге кәсіпкерлікке деген қабілеттілігі мен жеке қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызмет шығармашылық сипатта жүреді. Ол үшін кәсіпкер ынталылық, тәуекелділіккеге бару қабілетітілігі, жауапкершілікті өз мойнына алу, әртүрлі шешім қабылдау, бизнестің экономикалық заңдары мен принциптрін меңгеру сияқты жеке қасиеттерге ие болу керек.

Соңғы төрт жылда белсенді қызмет ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай ШКС) саны өсіп келеді.

Ғаламдық дағдарыс дүниежүзілік интеграциялық процестерге кіріктірілген барлық мемлекеттердің экономикасының барлық секторының дамуына әсер етті. Оның салдары біздің да республикамыздың экономикасына, оның ішінде шағын кәсіпкерлік секторына да әсерін тигізді.

2008 жылы шағын бизнес субъектілерінің өсу қарқыны азая түсті. Жалпы 2008 жылы елімізде 704 мың. бірлік шағын бизнес субъектілері өз қызметін белсенді атқарса, 2009 жылы олардың саны 5, 3% өсіп, 741 мың. бірлікті құрады.

Жеке кәсіпкер нысанындағы шағын бизнес субъектілерінің саны (әрі қарай-ЖК) 2008 жылы елімізде 476 мың. бірлік белсенді қызмет ететін жеке кәсіпкерлер болса, 2009 жылы олардың саны 35 мың. бірлікке көбейді, яғни 7, 3% өсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді қызмет ететін басқа нысандарында да өсу үрдісі байқалды. Егер 2008 жылы белсенді қызмет ететін шағын бизнес кәсіпорындары (әрі қарай- ШБК) (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) 58 мың. бірлік болса, 2009 жылы олардың саны 2 мың. бірлікке өсті, яғни өсім 3, 4% құрады. Азырақ үрдіс шаруа-фермер қожалықтары нысанында қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерінде байқалды (әрі қарай- ШФҚ) . Егер 2007 жылы белсенді қызмет ететін 169 326 бірлік ШФҚ болса, жыл соңына олардың саны небары 155 бірлікке өсті, 2009 жылы 145 бірлікке көбейді, яғни өсім шамамен 0, 09% құрады. (сурет 1)

2006-2009 жылдары белсенді қызмет ететін ШКС санының динамикасы, мың. бірлік

Сурет 1

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді қызмет ететін санының динамикасын талдаудан 2009 жылы белсенділінде өсу қарқыны байқалған, бизнесті жүргізеде тұрақтылық сақтаған ұйымдық- құқықтық нысан -ЖК екендігін көреміз.

ШКС-тің дамуын аймақтық көлемде қарасақ, 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысында - 111 298 бірлік, Алматы облысында- 95 487 бірілк, Алматы қаласында- 77 559 бірлік, Шығыс қазақстан облысы- 71 604 бірлік жұмыс жасайтындығын көреміз. Ең аз көрсеткішке Қызылорда облысы (21 444 бірлік), Солтүстік Қазақстан облысы (23 892 бірлік), Маңғыстау облысы (24 914 бірлік) және Батыс Қазақстан облысы (25 731 бірлік) ие. (сурет 2)

Аймақтар бойынша белсенді қызмет ететін ШКС санының 2009 жылғы динамикасы.

Сурет 2

Шағын бизнестің маңызды функциясы болып ел экономикасының өсуіне салымы (вклад) табылады. Ол өнім шығару көлемімен өлшенеді.

2006-2009 жылдары ШКС-тің өнім шығару динамикасы, млрд. теңге

Сурет 3

3 сурет бизнесті жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ШКС өнім шығару көлемінің динамикасын сипаттайды. 2008 жылы барлық ШКС өнім шығару көлемі 1905 млрд. теңгені құрады, ол 2007 жылдың сәйкес көрсеткішмен салыстырғанда 8, 5% төмендеді. Алайда 2009 жылы өсім 15, 6% құрады. Онда барлық өнім шығару көлемінің 63% ШБК, ЖК-18, 4%, ШФҚ-18% құрады. ШБК-нің өнім шығару көлемінің өсімі 2008 жылмен салыстырғанда 21% құрады, ал ШФҚ-да 25, 9%. Ал ЖК өнімді шығару көлемінде 2008 жылмен салыстырғанда 7% төмендеді.

2008 жылы ШКС-та жұмыс жасайтындардың жалпы саны 1 726 мың. адамды құрады, ол 2007 жылдың сәйкес көрсеткішінен 7, 3% аз. Мұнда ең көп азаю ШФҚ-21, 5%, ал ШБК-17, 4% құрады.

Ал ЖК 2008 жылы жұмыс жасайтындардың саны 2006 қарағанда 11, 3% өсті, бірақ 2007 жылмен салыстырғанда өсім 6, 4% төмендеді.

2006-2009 жылдары ШКС-те жұмыс жасайтындар санының динамикасы, мың. адам

Сурет 4

Егер 2008 жылы жұмыс жасайтындардың санын 2007 жылғы сәйкес көрсеткіштермен салыстыратын болсақ: онда салмақты азаю ШБК-да байқалғанын көреміз. Егер 2007 жылы жұмыс жасайтындар санының қарқынының өсімі 5% тең болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш теріс мәнге ие болып, 17, 4% дейін төмендеді. Одан кейін ШФҚ тұр: егер 2007 жылы жұмыс жасайтындар санының қарқынының өсімі 7, 7% тең болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш тағы да теріс мәнге ие болып, 21, 5% дейін төмендеді.

ШКС-тің салалық бөлікте әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын талдау келесідей қорытынды жасауға негіз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Шағын бизнестің: қазіргі кездегі дамуы мен қалыптасуы және оны мемлекеттік қолдаудың теориялық аспектілері
Бағалаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz