Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
1. ҚР Конституциясы басқару органының құрылымы мен оның қызметі туралы.
2. ҚР ЭМР.дің тұжырымдамасы (Конституция)
3. Келешекте экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері
4. ЭМР.ді пайдаланудың шетелдік тәжірибесінің ерекшеліктері.

ҚР Конституциясында: «ҚР президенттік басқару нысандары біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп атап көрсетілген.
ҚР Конституциясы мемлекеттік негізгі заң ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:
1. Республиканың мемлекеттілігін
2. Басқару нысанын
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің өзара қатынастарының тәсілдерін
4. Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.
Экономикалық дамуға жауапты биліктің үш бұтағы:
ҚР мемлекеттік құрылымы.
Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын анықтайды. Бюджетті әзірлеп, парламентке ұсынады және орындалуы туралы есеп береді, мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады.
Нарықтық қатынастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту шаралары бойынша басқару құрылымының ұйымдастырылуын жетілдіру қажеттігі туындайды.
Кәсіпкерлікті, кадрларды даярлау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етуді қолдайтын қорлар мен орталықтарды құруды қарастыратын тұтастай кәсіпкердің инфрақұрылымдық жүйесін қамтамасыз етуді қалыптастыру.
Өнеркәсібі дамыған елдерде кәсіпкерлік үкіметтік қолдауға ие.
Оның мәні үш бағытты нақты шараларды орындаулды қажет етеді:
1. кеңес беру (әсіресе алғашқы кезеңде)
2. қаржылық қолдау көрсету
3. қаржылық қатынастарда күші аз кәсіпкер құрылымдарға ғылыми техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.
Кәсіпкерлерде кездесетін қиыншылықтар:
кәсіпкер құрылымның қызметі туралы заң базасының тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;
қатал салық прессингі ( салмағы) және салық салудың күрделенген жүйесі;
алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;
банк кредитін алудағы қиындықтар;
криминалдық құрылымдардың қысымы;
ғимараттың және оны жалға алу бағасының жоғарылығы;
лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.

ЭМР-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері.
1. ҚР Конституциясы басқару органының құрылымы мен оның қызметі туралы.
2. ҚР ЭМР-дің тұжырымдамасы (Конституция)
3. Келешекте экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері
4. ЭМР-ді пайдаланудың шетелдік тәжірибесінің ерекшеліктері.
ҚР Конституциясында: ҚР президенттік басқару нысандары біртұтас мемлекет
және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады
деп атап көрсетілген.
ҚР Конституциясы мемлекеттік негізгі заң ретінде төмендегіге қатысты
негізгі ережелерді бекітеді:
1. Республиканың мемлекеттілігін
2. Басқару нысанын
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің өзара
қатынастарының тәсілдерін
4. Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.
Экономикалық дамуға жауапты биліктің үш бұтағы:
ҚР мемлекеттік құрылымы.
Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын анықтайды.
Бюджетті әзірлеп, парламентке ұсынады және орындалуы туралы есеп береді,
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады.
Нарықтық қатынастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту шаралары
бойынша басқару құрылымының ұйымдастырылуын жетілдіру қажеттігі туындайды.
Ол мыналар есебінен жүзеге асады:
1. құрылымды ықшамдау
2. қайталанатын қызметті жою
3. артық штаттарды қысқарту
4. барлық басқару иерархиясы бойынша жауаптылықты, құқықты және атқару
қызметін нақты шектеу
5. республикалық, аймақтық және бағдарламалық бағытта ортақ міндеттерді
шешу кезінде басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауы мен
үйлестірілуі.
2 с. Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы.
Мемлекеттік билік
Экономикалық Әлеуметтік- Халық-
Экономикалық
саясат экономикалық шаруашылық
реттеу
мақсаттар
мақсаттары
Мемлекеттік
Нарықтық
Реттеу
реттеу
Макроэкономика Микроэкономика
Экономика
3. Кәсіпкерлікті, кадрларды даярлау бойынша жүйелерді, маркетингтік
орталықтарды, бизнес орталықтарын және инкубаторларын, кәсіпкерлікті
ақпараттық қамтамасыз етуді қолдайтын қорлар мен орталықтарды құруды
қарастыратын тұтастай кәсіпкердің инфрақұрылымдық жүйесін қамтамасыз етуді
қалыптастыру.
Өнеркәсібі дамыған елдерде кәсіпкерлік үкіметтік қолдауға ие.
Оның мәні үш бағытты нақты шараларды орындаулды қажет етеді:
1. кеңес беру (әсіресе алғашқы кезеңде)
2. қаржылық қолдау көрсету
3. қаржылық қатынастарда күші аз кәсіпкер құрылымдарға ғылыми
техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.
Кәсіпкерлерде кездесетін қиыншылықтар:
➢ кәсіпкер құрылымның қызметі туралы заң базасының
тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;
➢ қатал салық прессингі ( салмағы) және салық салудың
күрделенген жүйесі;
➢ алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының
жетіспеушілігі;
➢ банк кредитін алудағы қиындықтар;
➢ криминалдық құрылымдардың қысымы;
➢ ғимараттың және оны жалға алу бағасының жоғарылығы;
➢ лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.
Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі бүгінгі күні пайдасын әлеуметтік
жобаларға инвестициялау және қайырымдылық жасаумен шектелмейді. Одан туған
өлкесінің келешек жоспары мен проблемаларын, тұрмыстық қатынастарын
түсінуді және өз аймағын дамытуға қомақты үлес қосқанын күтеді.
Экономиклық өсудің маңызы және оны қамтамасыз ету.
1. Өндіріс: өсу қарқындары, көрсеткіштер, құрылымы.
2. Экономикалық өсудің теориялық негіздері.
3. Экономикалық өсудің факторлары және олардың сипаттамасы.
4. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.
Өндіріс – адамның өз қажеттіліктерін өтеуге және пайда табуға бағытталған
саналы іс - әрекет. Өндірістің маңызды сипаты - Экономикалық өсу болып
табылады. Экономикалық өсу дегеніміз – нақтылы бір уақыт аралығындағы
өнімнің сандық және сапалық жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсудің
тұрақтылығын қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі макроэкономикалық
мақсаттарының бірі болып табылады. Экономикалық өсу 2 көрсеткішпен
сипатталады:
- белгілі бір уақыт мерзіміндегі жалпы ұлттық өнімнің өсуі
- жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі
Экономикалық өсу 2 бөлінеді:
1. Экстенсивті - өндірісті саны жағынан көбейту
2. Интенсивті - өндірісті сапа жағынан көбейту
Экономикалық өсудің көрсеткіштері.
1. Еңбек өнімділігі бұл – УL
У - өндірілген өнімнің көлемі
L - өнімді өндіруге жұмсалған шығын
2. Еңбек сыйымдылығы бұл - LУ
3. Капитал өнімділігі – УК
К - өнімді өндіруге жұмсалған капитал
4. Капитал сыйымдылығы – КУ
5. Табиғи ресурстар өнімділігі – УN
N - өнімнің жұмсалған ресурсы
6. Табиғиресурстардың сыйымдылығы - NУ
7. Шекті еңбек өнімділігі - ∆У∆ L
∆ L – қосымша жұмсалған еңбек
∆У – қосымша өнім
8. Шекті капитал өнімділігі - ∆У∆К
9. Табиғи ресурстардың өнімділігі - ∆У∆N
Экономикалық өсуді есептеу 2 жолмен жүзеге асады.
1. Натуралдық есептеу
2. Құндық есептеу
1. Харрод Домар: Моделі – ағылшын экономист, Домар – американдық экономист.
Екеуі бірлесе отырып: Харроу, Домар моделінің мәні:
Ұлттық табыстың өсуі тек капитал жинаумен ғана байланысты деп ұйғарым
жасаған. Сандық бұл модель бір факторлы модель деп аталады.
2. Солау моделі - өндірістік функция негізінде жасалынған модель болып
табылады. Солау моделі қажетті капиталмен жарақталғандық (капитал
вооружение) жағдайында макроэкономикалық даму менденциясын анықтауға
қор жинаудың шекті нормасын белгілеуге техникалық прогресс турлерін
модельдеуге мүмкіндік береді.
3. Нөлдік экономикалық өсу деп аталатын теориясы. Қоғамда халық санының
артуы және товарлар өндірісінің өсуі шексіз экономикалық өсуді тудырып
қоршағанортаға, табиғатқа аса қауіпті зиян екендігі жөнінде айтылған.
Нөлдік экономикалық өсу теориясының мәні:
4. Экономикаылық өсудің белгілі бір шегін белгілеуді ұсынады.
Еңбек, жер, капитал – экономикалық өсудің факторлары болып табылады
Еңбек – еңбек ресурстарының саны мен сапасы.
Жер – табиғат ресурстарының және олардың негізінде алынатын айналым
қорларының саны мен сапасы.
Капитал – күрделі қаржылар және технологиялық деңгеиін есепке алғандағы
негізгі қорлар.
Кәсіпкерлік қорлар – аталып өткен 3 факторды біріктіретін ерекше фактор
болып табылады.
Экономикалық өсудің факторлары 2 топқа бөлінеді.
1. Үсыныс факторлары - өндірістің физикалық көлеміне тікелей әсерін
тигізетін факторлар. (табиғат ресурстарының саны мен сапасы, халықтың
еңбекке қабілетті бөлігінің саны мен сапасы, капитал) жатады.
Американдық экономист Эдвард Дениссонның экономикалық өсудің
қарқынындағы айырмашылықтарды зерттеу - деп аталатын еңбегінде
экономикалық өсуге әсерін тигізетін факторларға сандық сипаттама
берген. Ол экономикалық өсудің факторларының 23 түрін атап
көрсетеді. Осының ішіндегі 4-ін еңбекке байланысты, 4-ін капиталға
байланысты, 1-ін жерге байланысты, 14 фактор ғылыми техникалық
прогреспен байланысты.
2.Сұраныс факторлары – халықтың ақшалай табысы, төлем қабілеттілігі,
қажеттілігі, талғам, тауардың сапасы, банкіден берілетін несиенің
пайыздық мөлшерінің пайыздық ставкасының төмендегі салық ставкасы.
Экономикалық өсудің факторларын 2-ге бөлеміз.
1. Ішкі - өз еліміздегі экономикалық өсуге әсерін тигізетін факторлар
жатады.
2. Сыртқы – экономикаға тартылатын инвестициялар жатады.
Экономикалық өсуге мемлекет не істеу керек?
1. Инвестицияның төменгі деңгейін ұстап тұруы қажет. Инфляция деңгейі 3
пайыз төмен болса, экономикалық өсу жоғарылайды, егер 4 пайыздан асып
кетсе инфляциялық өсу тоқтайды.
2. Бюджет тапшылығын болдырмау. Егер бюджет тапшылығы жалпы ішкі
өнімнің 1 пайызынан асып кетсе, онда ешқандай экономикалы өсу
болмайды.
3. емлекет тарапынан жүргізілетін экономикалық саясаттың , атап
айтқанда: 1. фискальдық 2. Монитарлық саясаттың дұрыс бағытта
жүргізілуі.
4. Ғылыми зерттеу жұмыстарын және олардың жетістіктерін өндірісте
пйдалану.
5. Жеке меншік сектордың экономикасын көтеруге мүмкіндік жасау.
6. Инвестициялық саясатты тиімді жүргізу.
Экономикалық өсуді тежейтін басты факторлар.
1. Жекешелендірудің дұрыс жүргізілмеуі
2. заңды, құқықтық базаның өзгермелілігі.
3. ғылми салаларда жаңалықтарға , жаңа технологияларға назар аудармау.
4. экономикалық құрылымның тиімсіздігі.
5. инвестициялардың біржақтылығы.
Өнеркәсіп саласының дамуын мемлекеттік реттеу.
1. Өнеркәсіп саласының жалпы сипаттамасы.
2. Мемлекеттің өнеркәсіп саласын дамытуға қатысты саясаты және оның жүзеге
асыру бағыттары.
3. Өнеркәсіп саласы ел экономикасының негізгі жетекші саласы ретінде
4. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің даму тенденциялары
ретінде
Өнеркәсіп саласы жалпы елдің ішкі өнімдерінің 30% астамын өндіреді
(2003- 29,3%, 2004-32,6%) Еңбекке қабілетті халықтың 25% осы өнеркәсіп
секторында еңбек етеді. өнеркәсіп саласы өзімен байланысты салалардың
дамуына үлкен ықпалын тигіеді. өнеркәсіп саласы біздің нарыққа көшуімізге
байланысты біраз құлдырап кетті. Дамыған елдерде ғылыми зерттеу
жұмыстарына арналған шығындар жалпы ішкі өнімнің 3% жуығын құрайды. Ал
біздің мемлекетімізде 0,09% ішкі өнімнің жалпы шығынын құрайды.
Өнеркәсіп саласының дамуын SWOT талдау.
Өнеркәсіп саласының күшті жақтары.
Меншік қатынастары реформаларды, нарықтық дербес субъектілер қалыптасты.
Сыртқы экономикалық қызмет дамып, ашықтығының жоғары дәрежесіне қол
жеткізілді.
өндіріс құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек өткізуінің әлемдік
жағдайына бейімделді.
Салада құлдырау тоқтап, өндіріс тұрақтандырылды.
Шикізатқа бай.
Өнеркәсіптің салалық құрылымы көп.
Арзан жұмыс үшін
Өнеркәсіп саласының әлсіз жақтары.
Өңдеуші салалардың үлес салмағының төмендігі, ал өндіруші салалардың үлес
салмағының жоғарылығы.
Салалардың технико-технологиялық деңгейінің әртүрлілігі.
Өнеркәсіптік сектордың ғылыми техникалық жаңалықтардан тыс қалуы.
Мемлекеттің ғылымды қаржыландыруының азаюы. Ғылыми техникалық дамуының
әлемдік процессетден кейін қалуы.
өнеркәсіптік сектордың қаржы секторынан алшақ болуы.
Өнеркәсіп саласының мүмкіндіктері.
Отандық шикізат ресурстарына сұраныстың ұлғаюы.
Экспорттық мүмкіндіктердің жоғарылауы және ТМД мемлекеттерінде өнеркәсіптің
тұрақтануы мен өсуі.
Ішкі тұтыну ауқымын кеңейту мүмкіндігі.
Өнеркәсіп саласының дамуының қатерлері.
Өнеркәсіп саласының қатерлері.
Өнеркәсіпте және экономикада шикізаттық бағыттың тұрақтанып қалуы.
Экспорттайтын таурлардың баға конъюктурасына тәуелділігі.
Экспортқа шығарылатын тауарларға ұқсас тауарлардың бәсеке
қабілеттілігінің өсуі.
Импортық өнімдердің Отандық өнімдердің ығыстыруы.
Өнеркәсіп саласы келесідей салалардан тұрады.
Кен өндіру өнеркәсібі.
түсті металл өнеркәсібі.
Қара металл өнеркәсібі.
Тамақ өнеркәсібі.
жеңіл өнеркәсіп
целлюлоза, қағаз өнеркәсібі.
химия өнеркәсібі.
машина жасау өнеркәсібі.
мұнай өнімдерін өңдеу өнеркәсібі
ағаш өңдеу өнеркәсібі.
Құрылыс материалдар өнеркәсібі.
Осы салалр ірі сала аралық кешендерге біріктіріледі.
Сала аралық кешен дегеніміз - бұл түпкілікті өнімді өндіруге тікелей
және жанама қатысатын салалардың жиынтығы.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінен бері болып жатқан өзгерістерге жаңа
жүйеде теориялық негіз құру, қоғамдағы ғаламдық өзгерістерді іске асыру
ерекше ғылыми тұжырымдама болып табылады.
Соңғы онжылдықта дамыған экономикасы бар елдердің ұлттық өндіріс
саясатындағы басымдықтардың өзгергендігі байқалады. Бүгінгі таңда тек жалпы
өндірістік қана емес, бәсекелікке қабілетті өндіріс саясаты туралы көп
айтылады. Еуропаның көптеген елдері және АҚШ өндірісті тікелей және жанама
мемлекеттік реттеу тетіктері арқылы жүргізуде.
Экономикалық өсудің материалдық-заттық факторларын тиімді пайдалану – оны
қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Бірақ, ол факторларды тиімді
пайдалану ең алдымен өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және оның материалдық-
техникалық базасының қалыптасқан жағдайына байланысты.
Мемлекеттің экономикалық реформасы және оның ішінде аймақтардың дамуы
барысында өндіріс өнеркәсіптерін басқарудың келесі негіздерін ұстандық:
- нарықтық экономиканың мәні мен әдістеріне байланысты реформаны басқару,
әсіресе мемлекеттік реттеуде өнеркәсіп өндірістерін дамыту мақсатында
салынатын салықтарды жеңілдету, несие саясатының әдістері, бағытты
бағдарламалар және т.б. қамтамасыз ету;
- мемлекет экономикасын дамытып жандандыруда бағытты басқару – ол елде
болашақта өндірістердің құлдырауын болдырмау, тоқтап тұрған кәсіпорындары
бар аймақтардың негізгі мәселелері жұмыссыздыққа, әлеуметтік мәселелердің
шиеленісуіне соқтырады, ол сол жерде халықтың өмір сүру деңгейіндегі
теңсіздікке, тұтыну көлемінің азаюына, экспорттық мүмкіншіліктердің
кемуіне, ғылыми-техникалық әлеуеттің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бағытты
басқару мақсатты түрде мемлекеттік өндірістердің жұмыс істеуіне түрлі көмек
беру;
- бағытты түрде елде реформаны дамытуды басқару – ол құрылымды
инвестициялық және өнеркәсіп саясатының басымдықтарын анықтау арқылы шетел
және отандық инвестицияларды тарту;
- бюджет алдында барлық меншіктердің теңдігі.
Сонымен, бірінші және төртінші негіздер макроэкономикалық әдістермен іске
асырылады. Екінші және үшінші негіздер бағытты бағдарламалар негізінде
жүзеге асырылады.
Өнеркәсіп саласы ел экономикасының негізгі жетекші саласы, басқа салаларды
және қоғамдық өндірісті индустриализациялауда шешуші фактор ретінде қызмет
атқарады.
Қазіргі кезде Қазақстан өнеркәсібінің ерекшеліктері төмендегідей:
1) Ол өзқ дамуында бұрынғы кезде қалыптасқан шикізаттық бағыттан арыла
алмауы. Республика экономикасы өңдеуші салалардың нашар
дамығандығынан көп жағдайларды ұтылып отыр. Сол себептен, республика
өнеркәсібі сыртқы және ішкі нарықтарға бәсекелестіктрі көтере алатын
өнім түрлерін ұсына алмайды. Соның салдарынан, осы уақытқа дейін
өнеркәсіп салаларының А және Б топтарының арасында қалыптасқан
үйлесімдік (диспропорция) сақталып келеді.
2) Республика өнеркәсібінің негізгі қорларының (станоктар, жабдықтар,
технологиялық желілер) моральді және физикалық тозу коэффициенті
(0,4-тен 0,7-ге дейін) өте жоғары. Сол себептен, өнеркәсіп
өнімдерінің үлкен бөлігінің сапасы өте төмен, нарық қатынастарының
дамуына байланысты ол өнімдер басқа елдердің өнеркәсіп өнімдерімен
бәсекеге түсе алмайды.
3) Индустриалды еңбекті ұйымдастыруда жіберілген қателіктерге, оның
қолайсыздығы мен жағымсыздығына байланысты өнеркәсіптік еңбектің
мәртебесі төмендеуде.
Өнеркәсіп орындарын мемлекет меншігінен алуды және жекешелендіруді жасанды
жеделдетумақсатында жүргізілген әкімшілік шаралар, күтілгендей, бағалы және
орны толмайтын табиғи-шикізат қорларын шетелге шығарудың жаңа жолдарын
ашты.
Егер, баяғы Одақ кезінле орталықтандырылған жоспар бойынша Қазақстаннан
мұнайдың 70%, фосфориттер мен қара металдардың 45%-ға жуығы, темір
рудасының жартысынан жоғары бөлігі, синтетикалық каучуктың 90% және түрлі-
түсті металдардың 40%-ға жуығы сыртқа шығарылған болса, қазіргі кезде
республикаға тиімсіз көптеген бірлескен кәсіпорындардың коммерциялық
құпиясын сақтауға байланысты ол өнімдердің сыртқа шығарылған көлемдерін
дұрыс анықтау қиын болып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің дамуында
қалыптасқан тенденцияларды толығырақ анықтау және түсіну үшін оның 2009
жылғы көрсеткіші мен 2010 жылдың көрсеткіштерін талдап, салыстыру арқылы
анық түсінуге болады. Өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі сыбағалық салмағы 2009 жылмен
салыстырғанда 2010 жылы 7%, өнеркәсіп өндірісі 10%, өңдеу өнеркәсібі 19%
мөлшерінде өсті.
Кесте 1 - Қазақстан Республикасы бойынша өнеркәсіп орындарының орны мен
рөлін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер, (%)-бен
№ Көрсеткіштер Жылдар 2010-2009
2009 2010
ЖІӨ, барлығы 100 100
оның ішінде:
1 өнеркәсіп өндірісі4,2 7 +2,8
2 өңдеу өнеркәсібі 5,7 19 +13,3
ЖІӨ-нің құрылымы арқылы қызмет түрлерінің үлесінің жоғарылауына қарай
өзгерді. Олардың сыбағалық салмағы өнеркәсіп өндірісі бойынша 2009 жылы –
4,2%-дан 7%-ға (2010 жылы) дейін өскен. Ал, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2009
жылы – 5,7%-дан 19%-ға (2010 жылы) дейін өскенін көріп отырмыз. Мұндай
құбылыс нарықтық экономикасы дамыған елдерге тән.
Қазақстан, өнеркәсібінің дамуы туралы толық мәлімет алуы үшін жоғарыда
келтірілген кесте, әрине, жеткіліксіз, сондықтан, енді өнеркәсіп
өнімдерінің динамикасының өзгеруін зерттеп көрейік. Құндық өлшемдегі
көрсеткіштер өтпелі экономиканың алғашқы жылдары ақша реформасы (15-қараша
1993 жыл) жүргізілгендіктен және инфляция жоғары деңгейде болғандықтан
өндіріс динамикасын шынайы сипаттай алмайды, сол себепті натуралдық
өлшемдегі (нақты мәндегі) көрсеткіштерге тоқталғанды жөн көрдім. Және кесте
2009 мен 2010 жылдардағы мәліметтерді қамтиды.
Кесте 2 - Қазақстан Республикасы бойынша нақты мәнде өнеркәсіптің
өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
№ Өнім түрлері 2009 2010 20102009*100-100
1Тас көмір, мың тонна 98 384 111 072 13
2 Мұнай, мың тонна 67 125 70 671 6
3 Табиғи газ(жалпы 29 562 32 889 12
шығарылым), млн.м3
4 Темір рудасы (тауарлық), 23 834 21 486 -9
мың тонна
5 Мыс рудасы, мың тонна 31266 32 566 5
6 Мотор отыны (бензин) , мың 2 633 2 505 -4
тонна
7 Жанатын мазут, мың тонна 2 584 3 204 24
8 Цемент, мың тонна 5 699 5 837 3
9 Шойын, мың тонна 3 795 3 105 -18
10 Болат, мың тонна 4 295 4 375 2
11 Ферроқорытпа, барлығы, мың 1 703 1 590 -6
тонна
12 Алюминий, өңделмеген: 1 556 1 713 10
глинозем, мың тонна
13 Мыс, тазартылған, тонна 117 641 98 184 -16
14 Электр энергиясы, млн.кВт. 76 621 80 348 5
сағ.
15 Жылу энергиясы, мың Гкал 93 218 94 057 1
16 Сарымай, тонна 3 080 3 375 10
17 Ұн, тонна 40 235 43 228 8
18 Қант, тонна 261 496 90
19 Мақта талшығы, тонна 11 384 11 791 4
20 Табиғи су, млн.м3 2 673 2 788 5
Кестеден көріп отырғанымыздай өнімдердің кейбір түрі өсіп, ал кейбір
түрлері құлдырау кезеңінде. Жекелеп айтқанда, 2009 жылы тас көмір 2010
жылға қарағанда 13%-ға өскенін байқаймыз. Сол сияқты, мұнай 6%, табиғи газ
12%, мыс рудасы 5%, жанатын мазут 24%, цемент 3%, болат 2%, алюминий,
өңделмеген: глинозем 10%, электр энергиясы 5%, жылу энергиясы 1%, сарымай
10%, ұн 8%, қант 90%, мақта 4%, табиғи су 5%-ға артқанын байқаймыз. Ал
кейбір өнімдер: темір рудасы -9%, мотор отыны -4%, шойын -18%, ферроқорытпа
-6%, мыс, тазартылған -16%-ға төмендегенін байқаймыз. Бұдан қорытындыласақ,
яғни өнеркәсіп салаларын топтастыруда айтарлықтай алшақтық барлығына
қарамастан, экономикалық либерализациялау, үйреншікті тауар өткізу
нарығынан айырылу – экспортқа бағытталған мұнай, газ, қара және түсті
металлургия, электроэнергетика салаларына онша зиянын тигізе алмағанын
байқауға болады. Ал, керісінше,
ішкі нарыққа бағытталған жеңіл және химия өнеркәсіптерінде, машина жасау
және құрылыс материалдарын өндіру салаларында өндірістің күрт құлдырауы
байқалады. Сол себепті, олардың өнеркәсіп құрылымындағы үлестері күрт
төмендеген. Мұндай жағдай Қазақстанның өнеркәсібінде төмендегі себептерге
байланысты орын алды:
1) Қаржылық, баланстық үйлесімді, ұлттық валютаның курсын нығайту мен
инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ету үшін жүргізілген
макроэкономикалық шаралар кәсіпорындардың төлем қабілетіне кенрі
әсерін тигізді.
2) Осы кәсіпорындардың өнімін тұтынатын Қазақстан мен ТМД елдерінің
тұрғындарының да төлем қабілеті күрт төмендеп кетті.
3) Экономиканы либерализациялау Қытай мен басқа да елдердің арзан
тауарларына Қазақстандық ішкі нарықты ашып берді.
4) Өндірістің құлдырауы өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтіе
еңбекшілердің санының азаюына алып кеп соқты. Ең жоғары азаю қарқыны
еңдеу салаларында – жеңіл өнеркәсіпте, машина жасау және металл
өңдеуде, құрылыс материалдары өндірісінде болды.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьектісі, ғылыми әдіснамалық негіздері
мақсаттары және міндеттері.
1. Экономикаға мемлекеттің араласуының обьективті қажеттілігі.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьектісі және құралдары.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және
қызметтері.
4.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны
қолданылып жүрген әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгерген жағдайға
бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мекемелер мен қоғамдық
ұйымдарда асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік
шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында жеке меншік шеңберінде шешілмейтін,
яғни экономиканың өзін - өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және
әлеуметтік проблемалар туындайды және шиелініседі.
Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызуы
өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен
капиталдың бірігуі әртүрлі елдің бір бірімен өзара тәуелділігі өседі.
Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен
капиталдың арасындағы қарама қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық
пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық
кейіп әлемдік дағдарыстарға айналды.
2.сұрақ. Нарық экономиакасын мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен
қалыптасуының әртүрлі сатысында түрліше болды.
ХVII ғасырлардағы нарықтық қатнастардың қалыптасуы кезеңінде үстем
болған экономикалық дектрика – мераентализм елдегі сауда мен өндірістің
дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттігін тануға негізделген.
Нарықтық қатнастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер тобы
мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне
кедергі ретінде қарастыра бастады. А.Смиттің ”Табиғат және халықтың баюының
себептері туралы” зерттеу нңбегінде экономикалық либерализм идеяларының
пайда болуын алғаш рет толық негіздеген және оның көптеген жақтаушылары
болды.
А.Смиттің көзқарасы бойынша пайда алуға ұмтылуға байланысты жеке
мүдде көзделген, нарық жүйесі өзін - өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты.
Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді.
Смиттің іліміндегі идеяларының бірі экономикадан мемлекеттік
реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея
болатын. Онда басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру
қажеттерден есептеді. Рыноктық үйлестіру ресурстарды тиімді пайдалануды
қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын
экономикалық тәжірибе растайды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды
сатысы көрнекті ағылшын экономисті М.Кейнстің есімімен байланысты
”Кейнсиан революциясы” барысында алға қойылған идеялар экономикалық
құлдыраудан өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат
экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін жиынтықты сұраныс пен
жиынтықты ұсынысты теңестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін
қаблетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді.. Дж. М.Кейнс идеяларын
екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады.
Сұраныс жиынтығын реттеуді кредиттік ақшалай және қаржылық саясатта
пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға
көмектеседі деп есептелінді.
ЭМР- дің обьективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір
деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде өндірістің шоғырлануын
да өндіріс күші мен өндіріс қатнастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі
замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады.
Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу,
салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерушілікті көтермелеу, экспортты
қолдау сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР – дің көлемінің нақты
нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен экономикалық және әлеуметтік
мәселелердің өткірлігімен анықталады.
ЭМР – дің обьектілері – бұл автоматты түрде шешілмейтін немесе алыс
келешекте шешілетін қиындықтар проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда
болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың сомалары
аймақтары, сонымен бұл поблемалардың оның басталуы - әлеуметтік
тұрақтылықты қолдау мен экономиканың қолайлы дамуы үшін қажеттігі.
ЭМР негізгі обьектілеріне: шаруашылықтың экономикалық кезеңін
секторлық, салалық және аймақтық құрылымын, капитал жинақтау жағдайын,
жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын, төлем балансын,бағасын,
бәсекелестік жағдайын, әлеуметтік қатнастарын, әлеуметтік қамтамасыз
етілуін, кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын, қоршаған ортаны, сыртқы
экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдайын реттеу
саясатының мәні тоқырау мен дағдарыс тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау
мен капитал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке
капиталға қосымша қаржылық кепілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен
инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде тауар қорларының азаюы
импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың
күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан бастап
баға, еңбекақы негізсіз өсуіне әкеледі. Бұл жағдайда ЭМР міндеті
экономиканың бұзылуына жол бермеу үшін тауарларды артық өндіру мен артық
қолданудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы
жұмсалуының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
ЭМР сонымен бірге аумақтық құрылыммен салалық шеңберде маңызды рөл
атқарады. Мұнда қаржылық ынталандырумен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы
көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз
етіледі.
ЭМР – дің маңызды обьектісі капиталды жинақтау болып табылады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика көзқарасы
тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты
қолдау.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар:
инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта
базасының көтерілуі мен төмендеуі.
Реттеудің маңызды обьектісі база.
ЭМР құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үрдісінде
мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет үкімінде бірнеше
құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына қазыналық және қаржылық
саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты, сыртқы
экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР – дің құралдары мемлекеттік экономикалық және әкімшілік болып
бөлінеді.
Әкімшілік құралдар негізінен қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік
әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасау болады.
I. Негізгі мемлекеттік құралдар:
- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табыстарды реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясат;
- сыртқы экономикалық саясат.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша кредит қаржылары
мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
II. Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу;
- елдің қаржылық институттары орталық банкта сақтауға міндетті, ең аз
резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістерді;
- мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік
міндеттемелер миссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты
операциялары.
ЭМР - дың ең басты мақсаты экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық,
шетел және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Бұл нақты мақсаттар
тікелей ЭМР обьектілерімен байланысты болады. Мақсат яғни экономикалық
кезеңді реттеу обьектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық
құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған.
ЭМР – дің экономикалық қызметі. Мемлекет орындайтын қызметтерге ең
алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды бөлуаясындағы қызмет;
- мүліктік қатнастар субьектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Әлеуметтік-экономикалық процестерді болжау және жоспарлау теорияларының мән-
мағынасы мен негіздері
Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму
жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процесі
болжау деп аталады. Болжау – қоғам өмірінің барлық саласында теория мен
практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
Ол негізгі екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің
(проблеманыңҚ болашақтағы перспективасын, жәй-күйін суреттеп, бейнелеп
беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы
барлық информацияны тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету,
анықтау. сондықтан, болжау мәселесіне біз екі тұрғыдан – теоретикалық-
танымдық және басқару тұрғысынан қараймыз.
Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс-
тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің
ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Зерттеу процесін жүргізу амалдарының қолданылуына және болашақ жәй-
күйдің айқындалу деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы
бар. Олар гипотеза (жалпығлымдық болжау), болжам, жоспар. Гипотеза жалпы
теория деңгейіндегі ғылыми болжауды бейнелейді. Болжам, гипотезамен
салыстырғанда, әлдеқайда нақты сипаттама береді, өйткені ол сапалық қана
емес, сандық өлшемдерге негізделген. Жоспар – алдыға белгілі бір мақсат
қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.
Экономикалық болжаулар төмендегі классификацияға сәйкес төрт топқа
жіктеледі:
1. Болжау кеңістігіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалық
(халық шаруашылығының); құрылымдық (салааралық және
аймақаралық); экономикалық кешендер (отын-энергетикалық,
агроөнеркәсіптік, инвестициялық т.б.) және салалық және
аймақтық болжамдар.
2. Болжау мерзіміне байланысты оперативті (1 айға дейін); қысқа
мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін); орта мерзімдік (1 жылдан 5
жылға дейін); ұзақ мерзімдік (5-15-20 жылға дейін); алыс
мерзімдік (20 жылдан арғы мерзімге) болжамдар.
3. Зерттеу объектісіне байланысты: өндірістік қатынастардың даму
болжамы; ғылыми-техникалық прогрестің даму болжамы; халық
шаруашылығы дамуының динамикасы; еңбек ресурстарының даму
болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану болжамы т.б.
4. Функционалдық белгісі бойынша: барлау болждамдары; нормативтік
болжамдар. Барлау болжамдары зерттеу объектісінде бұрын және
қазіргі кезде қалыптасқан тенденциялар келешекте де
өзгермейтіндігіне негізделген. Нормативтік болжам алдын ала
айқындалған мақсаттар негізінде жасалынады. Зерттеу
объектісінің ықтимал хал-күйіне қанша мерзімде, қандай
жолдармен жететіндігін анықтауға арналған.
Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады:
интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалық әдістер.
Интуициялық әдістер (экспеттік баға әдістері) екі топқа бөлінеді:
дербес эксперттік баға беру және коллективтік эксперттік баға беру
әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалық анализ жасау;
сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия құру; коллективтік
идеяны жинақтау (дөңгелек стол) және Дельфи әдісі кіреді.
Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер
және модельдер құру әдістері. Бірінші топқа ең кіші квадраттар;
экспоненциялдық түзеу; тұрақсыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші
топқа құрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.
Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
1. Экономикалық және әлеуметтік даму процесінің заңдылықтары мен
мұқтаждығын ескеруі керек.
2. Болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі
шарт.
3. Адрестік негізде, яғни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық,
нақты көрсетуі керек.
4. Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық
жақтарын қамтуы керек.
5. Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
6. Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол
жеткізуді ынталандыруы шарт.
7. Ақпар мен жоспарды, салалар мен аймақтардың дамуын салыстыра зерттеу
үшін, көрсеткіштер біріңғай, яғни әр көрсеткіш бір ған мағынада
қолданылуы шарт.
Жоспар көрсеткіші дегеніміз - басқару шешімінің нақтылы бір
тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы
белгісіне және атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
сандық және сапалық; натуралдық және құндық; абсалюттік және салыстырмалық;
нормативтік (директивалық) және есептік көрсеткіштер.
Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін
көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік
көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтық
(сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен
процестердің сапалық белгілерін көрсетеді. (еңбек өнімділігі, өзіндік
құнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы т.б.).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процесінің физикалық өлшем
бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі
(салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-
натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін (жемдік бірлік).
Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық – заттық
құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әр түрлі
салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік
туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар
мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал
салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес
салмағы, т.б.).
Директивалық көрсеткіштер, жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы
органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді.
Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың
барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер.
Жоспарлау – экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп
түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-
экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың
орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада
баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін
белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Экономикалық пропорциялау дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері
(машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдық қорлар, жұмыс күші)
арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп
келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну құрылымдары
мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басыңқы (негізгі)
бағыттарын анықтау;
2) жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын
белгілеу;
3) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды
пайдалану арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4) жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын
(өз ара сандық қатынастарын) анықтау т.с.с.
Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, қазіргі кезде жалпымемлекеттік
макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті,
директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және
индикативтік жоспарлаудың маңызы зор.
Индикативті жоспарлау – жоспарлы кезеңдегі мемлекеттік экономикалық
саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттерді, басыңқыларды,
леуметтік-экономикалық дамудың индикаторларын қалыптастыру процесі және
көзделген нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық
жағдайларға әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты ұлттық экономиканың бір
қалыпты дамуын, оның құрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын
алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси
тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан индикативті жоспарлау төмендегі
талаптарға сай болуы шарт:
а) республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың
тиімді болуына қол жеткізу;
ә) нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу
деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен
жағдай жасау;
б) әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген
экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
в) аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету.
Индикативті жоспардың негізгі көрсеткіштері индикаторлар және реттегіштер
түрінде беріледі.
Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта
компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданылып жүрген арнаулы білім (қызмет)
саласы. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау мен реформалау
жөніндегі Агенттігі әзірлеген Министрліктер мен ведомостволарға арналған
жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына
(1997 жылдың мамыр айы) сәйкес стратегиялық жоспарлар төменгі бөлімдерден
тұрады:
1) саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
2) жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
3) басыңқылар;
4) SWOT – мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5) Мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6) Стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар.
SWOT – ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды)
және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы
және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету
стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Күшті (ұтымды) жақтарға төмендегілер жатқызылуы мүмкін:
- салада реформалардың жеткілікті жүргізілуі және олардың нәтижелілігі;
- өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі, сыртқы ортаға тәуелділігінің
төменділігі;
- шығындар мен бағалардағы артышылықтар (бұл мүмкіндіктерде аталуы
мүмкін);
- сәйкес (барабар) құқықтық және нормативтік қамтамасыз етілгендігі;
- барабар информациялық қамтамасыз етілгендігі;
- прогрессивтік (перспективалық) технологиялар;
- күшті (ұтымды) менеджмент;
- жоғары профессионалды министрлік аппараты және оның жақсы
ұйымдастырылуы;
- ғылыми қамтамасыз етілуі және жақсы интеллектуалдық қорлар;
- жеткілікті қорлар (жер, су, қаржылық т.б.);
- жақсы әлеуметтік қызметтер (салалық, ведомостволық т.б.).
Бастапқы кезеңнің әлсіз жақтары төмендегілерді қамтиды:
- нақты стратегиялар мен жоспарлардың болмауы;
- іс-әрекеттердің бірімен-бірі байланыссыз жан-жаққа бағытталуы;
- нашар реформалануы немесе реформалардың дұрыс нәтиже бермеуі;
- Министрлік апаратының нашар ұйымдастырылуы;
- Нашар құқықтық кеңестік;
- Ақпаратпен нашар қамтамасыз етілуі;
- Нашар технологиялар;
- Экологиялық мәселелердің болуы;
- Іс-әрекеттердің өзара байланысының нашарлығы;
- Көлік жолдары мен коммуникациялардың болмауы, т.б.
Мүмкіндіктер:
- табиғи байлықтардың болуы (жер, су, пайдалы қазбалар және т.б.);
- жаңа сыртқы нарықтарды жаулап алуға жағдай жасайтын өндірістерді
ұйымдастыру мүмкіншілігінің болуы;
- жаңа технологияларды игеру;
- халықаралық көлік байланыстары мен коммуникациялардың болуы;
- басқа ұйымдармен, компаниялармен көлбеу интеграция жүргізу;
- бәсекелестердің сыртқы нарықтардағы әлсіздігі;
- баға мен шығындарды төмендетудегі ірі мүмкіндіктер;
- мемлекет тарапынан қолдау және т.б.
Қауіп-қатерлер:
- күшті бәсекелестер тарапынан қысымның болуы;
- қорлардың жеткіліксіздігі (мүлдем болмауы);
- сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндіктердің болмауы;
- ішкі нарықты жоғаотып алу қаупі, т.б.
Ғылыми және практикалық тәжірибелер зерттеп тұжырымдау бірнеше эталондық
тсратегияны бөліп шығаруға мүмкіндік береді:
а) құнарлы өсу стратегиясы - өндірілетін өнім түрлерін, салалық
ерекшеліктерді өзгеріссіз қалдыра отырып, жалпы көрсеткіштердің өсуіне қол
жеткізу;
ә) диверсификациялық өсу стратегиясы - қызмет жүргізу шеңберін өзгерту,
өндірісті жаңа өнім түрлерін шығаруға бағдарлау;
б) интеграциялық өсу стратегиясы – жаңа құрылымдарды қосу және осы қызмет
шеңберіндегі күшті ұйымдармен интеграция жүргізу арқылы өсу;
в) шығындарды қысқарту стратегиясы.
Құрылымдық және өндірістік саясаттағы инвестиция рөлі
1. Инвестициялық үдерісті мемлекеттік реттеу
2. Өнеркәсіптік саладағы инвестиция үлесі
3. Кластерлі өндірістік жүйенің қалыптасуы
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттаитын көрсеткіштер
жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру
мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөнінде
нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты.
Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық
құрылымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың
маңызды тетігі – макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін
салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады. Республикамыздың
жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың
шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз
байланысты.
Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа
жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады.
Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің
алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру,
сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел
инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен
инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды.
Индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының
жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа
сай болады: жеңіл өнеркәсіптің, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші
салаларының, машина жасаудың, құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай,
химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.
Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала
объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде
жүзеге асыру қарастырылады.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді
бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға
қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл
кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын
ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер
жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі
негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет,
жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы
керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген
мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік
инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту
бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына
негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды
ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; -
инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде
экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып
алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса,
инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық
жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау
қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті
инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың
(жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен
тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң
(28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды
жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері; -
жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа
кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау
мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі).
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге
өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы. Заңда тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері
белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар
өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін
қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей
қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу; - жаңа жұмыс
орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін
жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту;
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың
шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі :
бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері,
сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі
қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік
орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР-на
тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету;
инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты
функцияларды атқарады.
Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау –
экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен
тығыз байланысты.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
- мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
- ішкі несие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz