Мінездеме


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі

«Бекітемін»

Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

Курманкулов А. Б

« » 2009 ж


І. Төмендегі тапсырмалар бойынша мінездеме үлгілерін құрастырыңыз.

1. Оқушыңызға оқуға түсу үшін мінездеме беріңіз.

2. Студентке аспирантураға түсу үшін мінездеме беріңіз.

3. Жұмысшыңызға прокуратураға жұмысқа тұру үшін мінездеме беріңіз.

4. Қызметкеріңіздің кәсіби білімін көтеру мақсатында мінездеме беріңіз.

5. Жұмысшыңыздың қызметін жоғарылату мақсатында мінездеме беріңіз.

ІІ. Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

Мінездеме

(қызметтік)

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетенің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Сәния Қанатқызы Көпееваға.

1967жылы туған. Білімі - жоғары.

Сәния Қанатқызы Көпеева А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетенің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып 1994жылы 15 тамызда қабылданды. Қазіргі кезде қазақ тілі білімі кафедрасының аға оқытушысы, сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы.

Сәния Қанатқызы оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Сабақтарын жоғары ғылыми - әдістемелік деңгейде өткізеді, қазіргі сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс - тәсілдерін практика жүзінде белсене қолданады.

С. Қ. Көпеева кафедраның тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар студенттермен жеке оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Ғылыми жұмысқа икемі мол Сәния Қанатқызы Көпееваның 17мақаласы, 3 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік кешені бар.

2006жылы оқу-әдістемелік кеңес беру орталығы және «Techno Group Cohsuit» ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында «сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиті» бойынша теориялық дайындықтан өтті. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім жүйесінің барлық деңгейлеріндегі оқытудың мультимедиялық жүйесін енгізу және халықаралық стандартқа сай біліктілігін жетілдіру курсынан өткен сертификаттары да бар.

Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. өз жұмысына ынталы, адамдармен тез тіл табысады. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Сондықтан студенттер мен әріптестерінің арасында беделі мол.

Мінездеме оқытушылықтан аға оқытушылыққа өту үшін берілді.

Қазақ тілі кафедрасының

Меңгерушісі: қолы Б. К. Омарова

М. О.

25. 04. 2007ж.

ІІІ. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мінездеме қандай құжат?

2. Мінездеме қандай болу керек?

3. Мінездеменің неше түрі бар?

4. Мінездеме қандай жағдайда беріледі?

5. Мінездеменің құрылымы қандай?

ІV. Тесті орындаңыз.

1. Көкшетау тыныс алу аппараттарын жасау зауытының инженер - конструкторы Мұрат Асхатұлы Әлиевке деп басталады.

а) анықтама d) түсініктеме b) мінездеме е) қолхат с) хабарландыру

2. Белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.

а) қолхат b) мінездеме с) сенімхат d) өмірбаян е ) түйіндеме

3. Мінездеменің үшінші данасы беріледі.

а) басшыға b) іске с) тіркеушіге d) жұмысшыға е) мекемеге

4. Мінездеме қажеттілігіне қарай басқа сұрастырған жағдайда беріледі.

а) басшы b) мекеме с) жұмысшы d) аудармашы е) тіркеуші

5. «Мне 35 лет» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы дұрыс.

а) мен отыз бес жастамын.

b) маған отыз бес жаста.

с) менің отыз беске

е) мен отыз бестен

6. «Казахским языком владею в совершенстве, на английском и арабском могу объясняться» тіркесі үшін баламалардың қайсысы дұрыс?

а) қазақ, араб және ағылшын тілдерін білемін.

b) қазақ тілін күшті, ағылшын және араб тілдерін аздап білемін.

с) қазақ тілін жетік білемін, ағылшын және араб тілдерінде түсіне аламын.

d) қазақ тілінде сөйлей аламын, ағылшын және араб тілдерінде жаза аламын.

е) қазақ тілін жетік білемін, ағылшын және араб тілдерін түсінікті білемін.

7. Мінездемеге қол қояды.

а) мекеме b) мекеме басшысы с) қызметкер d) тіркеуші е ) аудармашы

8. Мінездеменің бірінші данасы жіберіледі.

а) іске b) жұмысшыға с) сұратқан жерге d) кеңсеге е) басшыға

9. Мінездеменің және түрлері бар.

а) функционалдық d) функционалдық, хронологиялық с) қызметтік

b) аттестациялық е) аттестациялық, қызметтік.

10. Мінездеменің екінші данасы тігіледі.

а) мекемеге b) жеке бас іс- қағазына с) жұмысшыға

d) мекеме басшысына е) кеңсеге

11. Мінездеменің түрі бар.

а) бір b) екі с) үш d) төрт е) бес

12. Мінездеменің берілу себебі жазылады.

а) соңында b) басында с) ортасында d) сол жағында е) оң жағында

13. Мінездеме данада бастырылады.

а) бір b) екі с) үш d) төрт е) бес

14. Мінездеме құрылымының үзіндісін көрсетіңіз.

а) берілетін адам туралы қысқаша мәлімет.

b) беретін адам туралы қысқаша мәлімет.

с) берген адам туралы қысқаша мәлімет.

d) бермеген адам туралы қысқаша мәлімет.

е) жазған адам туралы қысқаша мәлімет.

15. Мінездеменің үзіндісін көрсетіңіз:

а) мені хатшы ретінде жұмысқа алуыңызды сұраймын.

b) дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын.

с) мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады.

d) филология факультетінде оқимын.

е) тілші болатын ойым бар.

16. Адам туралы қысқаша мәлімет.

а) берілетін қысқаша мәлімет.

b) беретін қысқаша мәлімет.

с) берген қысқаша мәлімет.

d) бермеген қысқаша мәлімет.

е) жазған қысқаша мәлімет.

17. Мінездеменің үзіндісін көрсетіңіз:

а) Көкшетау қаласындағы орталық емхананың дәрігері - 1988 - 2004ж.

b) Көкшетау «Тыныс» АҚ инженер конструкторы Мұрат Асхатұлы Әлиевке.

с) Мен Мұрат Асхатұлы Әлиев, Көкшетау «Тыныс» АҚ инженер - конструкторымын.

d) Мұрат Асхатұлы, Көкшетау «Тыныс» АҚ инженер-конструкторымын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінездеме түрлері
Мінездеме жазу үлгісі
Қызметтік мінездеме
Мінездеменің мазмұндық - құрылымдық жүйесі
Көркем шығарманы оқыту
Іс қағаз
Іс қағаздардың түрлері
Мекеменін жеке адамдарға арналған құжаттары, мінездемелері оларды ресімдеуге қойылатын талаптар
Іс қағаздар пәнінің мақсаты
Жеке құрам бойынша құжаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz