Қазақстан Республикасында қаржы рыногын салықтық реттеу


Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«Қаржы» факультеті
«Қаржы» кафедрасы
«Қазақстан Республикасында қаржы рыногын салықтық реттеу» тақырыбына
«Қаржы» мамандығы бойынша жазылған
ДипломДЫҚ ЖҰМЫСЫ
Ауелбеков Казыбек
(аты-жөні)
4 курс 409тобы студенті
(жетекшінің қолы)
Диплом жұмысы «Қаржы» кафедрасы отырысының № ___ хаттама «» 2010 жылғы шешімімен Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына алдында қорғауға жіберіледі.
Кафедра меңгерушісі
э. ғ. д., профессор Интыкбаева С. Ж.
(қолы)
Алматы, 2010
Мазмұны
1. 1
1. 2
Қаржы рыногы туралы ұғым және олардың бағалы қағаздар рыногымен өзара байланысы . . .
Қаржы рыногындағы коммерциялық банктерге салықтық реттеудің экономикалық мәні мен мазмұны . . .
2. 1
2. 2
Қаржы рыногындағы коммерциялық банктерді салықтық реттеу -салықтық қатынастардың субьектілері ретінде . . .
Қаржы рыногындағы коммерциялық банктердің жылдық жиынтық табысына салық салу ерекшеліктері . . .
31
42
2. 3
3.
Қаржы рыногындағы коммерциялық банктердің жекелеген салықтарды төлеу тәртібін реттеу
Қаржы рыногындағы коммерциялық банктерді салықтық реттеуді болашақта жетілдіру жолдары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің рыноктық қатынастарының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Отандық және шетел практикаларынан көріп отырғанымыздай салықтар және салық жүйесі экономиканы реттеудің негізгі қаржылық құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың қалыптасуына орай тиімді салық жүйесін құрудың маңызы зор.
Өйткені, бюджет пен шаруашылық субъектілерінің арасында қарым қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік функцияларын жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағыттары көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Салық жүйесінде банктер әрқашан өзгеше орын алғандықтанқаржы рыногындағы коммерциялық банктер салықтық қатынастардың субъектісі болып табылады. Бұл қаржы рыногындағы коммерциялық банктердің салық органдарымен қарым-қатынаста қатысушы ретінде үш жағдайда:
Біріншіден, қаржы рыногында коммерциялық банктер жеке салық төлеуші ретінде тікелей; екіншіден, мемлекет пен салық төлеушілер арасында делдал ретінде, олар арқылы басқа салық төлеушілер (кәсіпорындар, ұйымдар, азаматтар) қаржы шаруашылық операцияларын жүзеге асыратын және салық органдарына аталғандарға байланысты ерекше қызмет көрсете алатын, оның ішінде бюджетке төленетін салықтың дұрыс және уақытылы төленуін тексеру үшін қажетті ақпарат беру;
Үшіншіден қаржы рыногындағы коммерциялық банктер, салық агенті ретінде (салық төлеушілер төлеген ақша қаражаттарынан салықты есептеу мен ұстауды және оларды бюджетке аударуды) қадағалау.
1991 жылға дейін біздің елдің салық жүйесінің дамуы өте әлсіз болды, іс жүзінде барлық өндіріс органдары мен ұйымдар, сондай-ақ қаржы рыногында коммерциялық банктер мемлекет қарамағында болды, соның нәтижесінде барлық табыс мемлекеттік бюджетке түсті. Салықтар ол кезде де болған, олардың ішінде бастысы айналым бойынша салық болған, дегенмен, мемлекеттің табысын қарауға олардың рөлі мардымсыз болған. Бұның барлығы, 90 жылдардың басында құралған банк жүйесі, Қазақстан үшін іс жүзінде экономиканың жаңа секторы екенін білдіреді. Сондықтан, заң шығару базасы, әсіресе кредит беру мекемелеріне салық салу бойынша, өте тұрақсыз және сол кездегі банктер жұмыс істеген жағдайларға дайын болмады. Ол жағдайларға қоса салық заңы, ең алдымен өндіріс секторы негізінде құрылды және қалайда бюджетті ақшамен тезірек толтыру мақсатында кредит беру мекемелері саласындағы салық заңнамасына орын өте аз берілді, сондықтан да бюджетке экономиканың бұл секторының дұрыс салық төлемдері түскен жоқ.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Тұтастай экономиканы салықтық реттеу тетіктерінің болмауы аталмыш секторының тежелуін қамтамасыз ететін фактор болып табылады. Осыған байланысты экономиканың тұрақты өсуін қадағалап, оған әсер ету құралдарын тиімді пайдалану, яғни коммерциялық банктерге салық салу мәселесі бүгінгі күннің негізгі де маңызды проблемасы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржы рыногындағы коммерциялық банктерге салық салу ерекшеліктерін қарастыру мақсатында, салықтық реттеудің атқаратын рөлін теориялық тұрғыда негіздеу болып табылады.
Аталған мақсатқа жету барысында төмендегі міндеттерді қарастыруды жөн көрдік:
- қаржы рыногындағы коммерциялық банктерге салық салу механизімінің экономикалық мәніне сипаттама беру;
- қаржы рыногындғы коммерциялық банктердің салық органдарымен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктерін нақтылау;
- қаржы рыногындағы коммерциялық банктердің салықтық қатынастардың субьектілері ретінде алатын орнын қарастыру;
- қаржы рыногындағы коммерциялық банктерге корпорациялық табыс салығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін зерттеу;
- қаржы рыногындағы коммерциялық банктерге салық салу кезіндегі проблемалар мен оларды шешу жолдарына ұсыныстар әзірлеу.
Дипломыдқ жұмыстың ғылыми жаңалығы келесілерден көрінеді:
қаржы рыногындағы коммерциялық банктерге салық салу механизімінің экономикалық мәні тиянақталды;
қаржы рыногындағы коммерциялық банктердің салық органдарымен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері нақтыланды;
қаржы рыногындағы банктерге салық салу жүйесін жетілдіретін ұсыныстар берілді.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының қаржы рыногындағы коммерциялық банктерді салықтық реттеу жүйесі алынған.
Диплом жұмысының зерттеу пәні ретінде Қазақстан Республикасының қаржы рыногындағы коммерциялық банктерге салық салу кезінде пайда болатын ұйымдық-экономикалық қарым-қатынастар болып табылады.
Жоғарыдағы мәселелерді қарастыру кезінде салық және бюджет туралы заңдар мен басқа да қосымша нормативтік актілер мен жарлықтар пайдаланылды. Сондай-ақ, монографиялар мен оқу құралдары, мерзімдік басылымдардан түрлі мақалалар пайдаланылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz