Қаржы. «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



1.БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ОНЫ
БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі
қаржы және қаржы жүйесі
1.1. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, мәні және қажеттігі
1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.
1.3. Қаржының айрықшалықты белгілері
1.4. Қаржының функциялары және рөлі
1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс.әрекеті мен өзара байланысы
1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың
қағидаттары
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
2. тарау. Мемлекеттiң қаржылық саясаты. Қаржылық механизм
2.1. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
3.тарау. Қаржыны басқару
3.1 Қаржыны басқару ұғымы
4 . тарау. Қаржылық жоспарлау мен болжау
4.1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
5 . тарау. Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету
5.1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық.құқықтық нормалар
6.тарау. Қаржылық бақылау
6.1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
7.тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
8.тарау. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
8.1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
«Қаржы» курсы экономикалық пәндер жүйесінде маңызды орын алады және экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі – қаржы туралы ғылымның ерекшелегі зерделене- тін базалық оқу пәні болып табылады. Ол қаржы туралы ғылымның теориялық қағидаларын да, шаруашылық үдерістерде категорияны пайдаланудың практикалық аспектілерін де кіріктіреді.
Тұжырымдамалық негізде аталмыш курс экономикалық теорияның критерийлері мен қағидаттарына негізделген және қа- тынастардың айрықшалықты сферасында – қаржылық қатынас-тарда оның жалғасы, нақтылануы болып табылады. Ғылымның бұл бөлігінің объекті қаржылық ресурстар – ақшалай табыстардың, қорланымдар мен қорлардың әлуетті көздері, сондай-ақ қаржылық нысандарда іске асырылғандары болып саналады.
Қаржы субъектілері аталған қатынастардың қатысушылары
– қызметтің сан алуан түрлері, меншік нысандары, басқару деңгейлері болып көрінетін экономикалық агенттер: шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттік, қоғамдық және өзге құрылымдар, органдар, мекемелер, үй шаруашылықтары болып табылады.
Курста қаржының табиғаты мен функцияларының мәселелері, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерекшеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде зерделеніп, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қаржыны рыноктық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың қаржы және басқа экономикалық - әлеуметтік жүйелердегі іс-әрекетінің қағидаттарымен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Курста әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буын-дарындағы және сыртқы экономикалық байланыстар сферасын-дағы қаржының іс- әрекетінің өзіндік ерекшеліктеріне айтарлық-тай орын берілген.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰЛПЫБАЕВ С., ЫНТЫКБАЕВА С.Ж.,
МЕЛЬНИКОВ В.Д.

ҚАРЖЫ

Экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Ынтықбаеваның жалпы
редакциясымен

Үшінші, өңделген және толықтырылған басылым

050509 Қаржы мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне
арналған оқулық ретінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігі ұсынған

АЛМАТЫ Экономика
2010

Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық. – Алматы
2010– 670 бет
ISBN 9965-803-47-1

Оқулықта қаржы категориясының, оның құрылымдық бөліктерінің жұмыс
істеуінің мәні, ерекшеліктері және іс -әрекетінің қағидаттары баяндалған.
Ішкі және сыртқы өзара байланыстарда қаржы жүйесінің, қаржылық механизмнің
өзара іс - әрекетінің заңдылықтары ашылған. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардағы қаржының көкейтесті проблемалары бөліп көрсетілген.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына,
оқытушыларына арналған.

Рецензенттер:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған.

Компьютерде беттегендер: Тойчибекова А.А., Бөлебай М., Тобылова
Ә. С.

0605010204
00(05)-07

ISBN 9965-803-47-1

КІРІСПЕ

Қаржы курсы экономикалық пәндер жүйесінде маңызды орын алады және
экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі – қаржы туралы
ғылымның ерекшелегі зерделене- тін базалық оқу пәні болып табылады. Ол
қаржы туралы ғылымның теориялық қағидаларын да, шаруашылық үдерістерде
категорияны пайдаланудың практикалық аспектілерін де кіріктіреді.
Тұжырымдамалық негізде аталмыш курс экономикалық теорияның критерийлері
мен қағидаттарына негізделген және қа- тынастардың айрықшалықты сферасында
– қаржылық қатынас-тарда оның жалғасы, нақтылануы болып табылады. Ғылымның
бұл бөлігінің объекті қаржылық ресурстар – ақшалай табыстардың, қорланымдар
мен қорлардың әлуетті көздері, сондай-ақ қаржылық нысандарда іске
асырылғандары болып саналады.
Қаржы субъектілері аталған қатынастардың қатысушылары
– қызметтің сан алуан түрлері, меншік нысандары, басқару деңгейлері болып
көрінетін экономикалық агенттер: шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттік,
қоғамдық және өзге құрылымдар, органдар, мекемелер, үй шаруашылықтары болып
табылады.
Курста қаржының табиғаты мен функцияларының мәселелері, олардың басқа
экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті, шаруашылық өмірдегі
көрінісінің ерекшеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде зерделеніп, қаржылық
қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет
механизмі, қаржыны рыноктық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері
қарастырылған. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы
категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың қаржы және басқа экономикалық
- әлеуметтік жүйелердегі іс-әрекетінің қағидаттарымен өзара байланысын
анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Курста әр түрлі
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буын-дарындағы және сыртқы
экономикалық байланыстар сферасын-дағы қаржының іс- әрекетінің өзіндік
ерекшеліктеріне айтарлық-тай орын берілген.
Қаржы – арнаулы пән және қаржылық қатынастардың теориясын зерделейтін
бұл курстың мақсаты – қаржылық кате- горияларды, ұғымдарды, терминдерді
ұғып алуда, олардың сы- ныптамасын, әлеуметтік-экономикалық үдерістердегі
маңызы мен орнын біліп алуда студенттердің теориялық және практика-лық
жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара
байланысы мен өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу.
Сөйтіп қаржының табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық
өндірісті тиімді дамытуда қаржылық категория механизмінің мүмкіндіктерін
танып білу тек қаржы жүйесі үшін ғана емес, сонымен бірге экономиканың
басқа салалары үшін де білікті мамандар даярлау кезінде аса маңызды
қажеттік болып табылады.
Қаржыны зерделегенде теория мен практиканың, тарихи және қисындық
тәсілдемелердің бірлігін сақтау қағидалы түрде қажет болуы тиіс.
Курсты зерделеу эконономика мен қаржыда рыноктық бастау- ды қолдану
жөніндегі қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді пайдалануды
қажетсініп шамалайды. Сондықтан қаржылық қатынастар дамуының жинақталған
тәжірибиесін және олардың қаржыларға ықпалын талдап және қорытындылай
отырып, ры-ноктық экономика дамуының болып жатқан үдерісіне үнемі көңіл
бөліп отыру қажет.
Экономиканың, қаржылардың жаһандануы ұлттық шаруашы- лық жүйелердің
интеграциясы жағдайларында қаржыларды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибиесін
зерделеу маңызды қажеттік бола бастайды. Рыноктық дамыған елдерде
пайдаланылған критерийлер, нысандар, әдістер, үдерістер қазақстандық
практикаға бейімделуі тиіс. Бұл үшін оларды теориялық түрде қайта
ойластырып, рыноктық экономиканың ұлттық моделіне кіріктіру қажет.
Қаржы пәні кіріспелік, бейіндік пәндерді зерделеудің ал- дын алатын
курс болып табылады және Мемлекеттің қаржысы, Салықтар және салық салу,
Корпоративтік қаржылар, Қар- жылық менеджмент, Қаржы құқығы,
Сақтандыру, Қаржы- лық бақылау және аудит сияқты арнаулы оқу пәндерімен
тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай меңгеру алған бі- лімді
қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді және жоғарыда
аталған арнаулы пәндерді тез игеріп кетуді жеңілдетеді.
Қаржы туралы ғылымды танып білудің негізгі әдісі – диалек- тикалық-тарихи
әдіс пайдаланылады. Құбылыстар, үдерістер, фактілер өзара байланыста, өзара
іс-әрекетте, үнемі қозғалыста және дамуда қаралып талқыланады; тарихи
тәсілдеме өткен тәжірибені, қордаланған білімдерді, қаржылық қатынастардың
тексерілген, тұрақтанған нысандары мен әдістерін есепке алу- ды ұйғарады.
Ақиқаттың критерийі – қоғамдық практика екені белгілі. Тап практикада
теориялық сызбалардың, тұжы- рымдамалардың негізділігі тексеріледі.
Сондықтан нақтылыққа сүйену, объективті критерийлерді пайдалану
экономикалық ғы- лымдардың, соның ішінде қаржы туралы ғылымның да түйінде-
рінің маңызды шарты болып табылады. Оқулықтың ғылыми ап- паратында ғылыми
танып білудің мынадай ортақ әдістері пайдаланылды: теориялық зерттелім
әдістері (абстркттіліктен нақтылыққа шығу және кері қозғалыс), эмпирикалық
әдіс (қадағалау, салыстыру, өлшеу), эмпирикалық, сондай-ақ теориялық
тәсілдемелер пайдаланылатын әдістер (абсртакциялау, талдау және
синтез,индукция мен дедукция және басқалары). Қаржылық операциялар мен
үдерістер ауқымының өлшеуіштері болып табылатын статистикалық және басқа
цифрлық мәліметтер пайдаланылды.
Қаржы курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұ-рақтарын қарау
дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұнымен және оның
міндеттерімен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын
оның алты бөлімнен, жиырма үш тараудан тұратын материалдары құрайды.
Жалпылама нусқамалар, критерийлер, қағидаттар қаржы жүйесінің құрамдас
бөліктеріне, олардың тиісті бөлімдерінде, тарауларында бейнеленіп
көрсетілген айрықшалықты насындарына таратылған, жалғастырылған және
нақтыланып қолдалынған; бұл--шарушылық жүргізуші субъектілердің қаржысы,
мемлекеттің қаржысы -- кірістер мен шығыстар, салықтар, мемлекеттік
бюджет, кредит. Оқулықтың бір бөлігі каржылардың көкейтесті проблемаларына-
-экономиканы қаржылық реттеудің, қаржы рыногының, сыртқы экономикалық
қызметтің қаржылық механизмі аспектілерінің, қаржы және инфляцияның өзара
байланыстарының ерекшеліктеріне арналған. Оқулықтын бір бөлімі сақтандыруға-
- насандарының бір бөлігі қаржылық болып табылатын категориаға берілген,
басқа бөлігі өзіндік белгілерді иемденеді.
Динамизм, шаруашылық, соның ішінде қаржылық механизмнің де реттеу
тұтқаларының жетілдірілген нысандары мен әдістерін пайдалану рыноктық
қатынастарға тән болып келеді. Мемлекет бұл тұтқаларды жасайды және оларды
бизнесті дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамудын басым бағыттарын
көтермелеу үшін қолданады. Сондықтан қаржы табиғатын, оның жұмыс істеу
ерекшеліктерін, қоғамдық өндірістің тиімді дамуындағы категория
механизмінің мүмкіндіктерін білу тек қаржы жүйесіне ғана емес, экономиканың
басқа салалары үшін де білікті мамандар даярлау кезінде аса маңызды
қажеттік болып табылады. Бұл оқулықтын міндеттері де осында.
Оқулық кафедраның Қаржы пәнінің Оқу- әдістемелік кешені бойынша
кафедрада қазақ және орыс тілдерінде дайындалған және Т. Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университетінде оқылып жүрген Каржы негіздері
оқулығының өнделіп, толықтырылған нұсқасы болып табылады. Оқулықтың
құрылымы мен мазмұны Қаржы мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік
стандарттары мен оқытудың кредиттік техноло- гиясының талаптарына
жауап береді. Пәнді зерделеу кезінде қаржылық және экономикалық
категориялардың, жүйелердің өзара байланысын көрнекі ету үшін,
сыныптамаларды, құрылымдарды, жай-күйлерді, үдерістерді және басқа
элементтерді қабылдауды жеңілдету үшін құрылымдық- қисындық сызбаларға
басымдық берілді.
Кішірейтілген шрифтпен оқулықтың қосымша материалы бө-лектелінген.
Негізгі тұжырымдаулар, терминдер, сыныптамалар және зерделеуге қажетті
басқа параметрлер курсивпен бөлектелінген. Оқулық мәтінінің мұндай
дәйектелімі кезінде оны бакалавриат пен магистратурада оқитындар үшін
пайдалану ыңғайлы болады.
Оқулық тақырыптарының материалдарын ойдағыдай игеру және өзін-өзі тексеру
мақсатымен әрбір тараудың соңынан бақылау сұрақтарының тізбесі беріліп
отыр.
Терминологиялық-түсіндірме сөздікте қаржы және қаржы жүйесі бойынша
заңдар мен заңнамалық актілерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
келтірілген және қосарлануды болдырмау мақсаттарында олар оқулықтың мәтіні
мен сілте-мелерде қайталанбайды.
Оқулықта қаржы-кредит мәселелеріне қатысты 2010 жылғы қантардың 1-не
дейінгі негізгі заңдар мен заңнамалық актілер қамтылған.

1-БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ОНЫ
БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1-тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі
қаржы және қаржы жүйесі

1. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы,
мәні және қажеттігі

Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін ор- та ғасырдағы
латын тілінің fіnancіa сөзінен пайда болған француздың fіnance сөзінен
шыққан) – тауар-ақшалай қа- тынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен
байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категория- лардың
бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу
жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға
қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.
Қаржы ұғымы ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен
байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы
қоғамдық өнім мен ұлттық табыс- ты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде
қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін
материал- дық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады.
Қаржы ақша негізінде, ақша көмегімен іс-әрекет ететіндіктен ақша, ақшалай
қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада қаржы ұғымын
қабылдау күнделікті тұрмыстық практикада, публицистикада кең таралды.
Бірақ ақша–тарихи категория, ол өзінің дамуында әр түрлі
трансформацияларға –қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі
түрленімдерге ұшырады. Осы дамуда ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды, бұл
нысандарға қаржы да жатады.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жа- зып қоюға
болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының табыстары туралы) алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қа-
тынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдері- сіндегі рөлі
қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және
функцияларымен айқындалады.
Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын ала- ды және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өн- дірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның
құндық эконо- микалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.
Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заң- дардың (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажетті- ліктердің жоғарылау заңының,
өндірістік қатынастардың өндір- гіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы
құбылысын қараудан оның мәнін – оның бол- мысының барлық сан алуан
нысандарының бірлігінде көрінетін предметінің ішкі мазмұнын зерттеуге көшу
қажет. Бұл ретте зерт- теу предметінің бейнесі оның сыртқы және ішкі
қасиеттерінің өзара байланысында елестетілуі мүмкін.
Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі
қатынастарда, яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда,
тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді
қанағаттандыруда қалыптасады.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақшалай қатынас- тар экономикалық
қатынастарға жатады, ал бұл қатынастар өз ке- зегінде қоғамдық қатынастар
жүйесінің айқындаушы бөлігі – өн- дірістік қатынастарға кіріктіріледі (1.1
сызбаны қараңыз). Бұдан қаржылық қатынастар–өндірістік қатынастардың бір
бөлігі, яғни базистік қатынастар болып табылады деуге болады.
Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде – ақшалай
тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде Место для формулы.ортақтастырылған
қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез
келген экономикалық субъект басқа субъектке талаптар қоюы сияқты оның оған
міндеттемелері де болуы мүмкін.
Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық
өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар,
игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның
(фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы
өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің
қатысушылары арасында тауарлай қатынастардың болуын айқындайды, өйткені
өндірілген өнімдер сатып алуға- сатуға жататын тауарлар ретінде болады:
өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл
ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қо- ғамдық
қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері
қанағаттандырылуы тиіс.
Өз кезегінде тауарлай қатынастардың болуы экономикалық агенттердің
еңбегін бөлу қажеттігінен барып шығады, осыған орай олар мамандандырылған
еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін
игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс.
Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемімен және жалпыға
ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игіліктердің, қызметтердің өндірілген
массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық - заттай тұлғаланымен бірге оның
ақшалай тұлғаланымы да болады. Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының
екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажет-
тіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл
үшін құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және
басқалары пайдаланылады.
Ұдайыөндірістік үдерістің түрлі стадияларында жекелеген экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын
ортақтастыратын белгілі бір ақшалай қорларды тудырады. Басқаша айтқанда,
өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақшалай қорларды жасау, бөлу
және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақшалай, экономика-
лық қатынастар қаржының ұғымын құрады.

Қаржылық қатынастардың пайда болуын олардың жұмыс іс-теу сферасына қарай
–экономиканың бастапқы буындарында яғни материалдық өндіріс сферасында –
нақты секторда, немесе қоғам-дық, соның ішінде экономикалық өмірді де
реттейтін ұйым ретін-дегі мемлекеттің қаржысы сферасында қадағалап отыруға
болады.
Қаржының мәнін түсіну үшін бірінші жағдайда ұдайыөн- дірістік үдерісте
(кейбір шаруашылық жүргізуші субъектінің –өндірушінің өндірістік қорларының
жалпы немесе жеке толық айналымында) есептеу нүктесі үшін құн бөлінісінің
мезетін және дайындалған өнімді өткізу кезіндегі оның ақшалай нысанда бір-
шама өздігінше қозғалысының бастауын алуға болады.
Өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде С, V жә-не m-ге
сәйкес элементтерге бөлінетін сатылатын өнім құры- лымының үйлесімдері
(пропорциялары) қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай қаражаттардың
қорлары немесе бұл қаражаттардың қорланымдары жасалынады.
Үлкейтілген түрде экономикадағы құн қозғалысын ұдайы өнді- ріс
үдерісіндегі құнның басты компоненттерін сипаттайтын оның осы негізгі
элементтері бойынша қадағалап отыруға болады:

Р = С + V + m

мұндағы: Р – жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім; С –
өндірістің материалдық шығындары; V – қажетті
өнімнің құны; m – қосымша өнімнің құны.

Бұл ретте айналым қаражаттарының қорлары, амортизациялық және басқа
аударымдар (мысалы, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар, еңбекке
ақы төлеу қоры, пайда∗)бөлінеді.

__________
* Қазақстанда сонымен бірге таза табыс баламалы термині пайдаланылады

Бұдан ары бөлудің анықталатын нормативтерімен белгіленген үйлесімдерге
сәйкес құнның аталған элементтерін қайта бөлу үдерісі болады. Алынған
табыстың немесе пайданың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына оның
орталықтандырылған қорларын қалыптастыру үшін аударылады, басқа бөлігі
өндірушіде қалады және оның қалауы бойынша пайдаланылады.
Егер С элементі-не сай келетін құнның бір бөлігі өндірістік үдерістің
үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өнімді өткізгеннен кейін еңбек предметте-
рін – айналым қорларын (айналым капиталын) сатып алуға авансыланса, онда
m элементінен, одан басқа, қорланымға, яғни еңбек құралдарын – сонымен
бірге бұл үздіксіздікті қамтамасыз ететін өндірістің аса маңызды факторы –
негізгі қорларды (негізгі капиталды) сатып алуға бағытталатын бөлігі
бөлінуі мүмкін.
Қалыптастырылған ақшалай қорлар қайта бөлуге, ұсақтауға немесе,
керісінше, қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ірілендіруге, оларды
атаулы бағыттауға немесе өндірістік және өндірістік емес қорлардың
(капиталдың) толық айналымы үдерісінде пайдалануға ұшырайды. Сөйтіп,
шаруашылық жүргізуші субъекті жасаған құнның бір бөлігі осы субъектінің
толық айналымында қалады, бір бөлігі еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік шығыстар
нысанында жұмыс күшін ұдайы толықтыруға жұмсалады, материалдық және
материалдық емес игіліктер мен қызметтерге айырбасталады, тұтынылады және
одан ары қозғалыстан шығып қалады.
Материалдық өндірісте жасалған құнның едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік
қажеттерге беріледі және ақшалай нысанда өздігінше қозғалыс алып,
мемлекеттің кірістері ретінде мемлекеттің қаржылық қатынастарының сферасына
кіріктіріледі. Экономиканың бастапқы буындарының табыстарынан аударылатын
аударымдарынан басқа мемлекет халықтың қаражаттарының бір бөлігін салықтар,
ерікті төлемдер – қарыздар, лотереялар, мемлекеттің қатысуымен банктерде
сақ-талынған жинақ ақшалар нысанында жұмылдырады. Қаражаттардың бір бөлігі
мемлекеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан және халықтан әр
түрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде қор және қор емес нысанында
түседі. Орталықтандырылған ақшалай қорларды – мемлекеттік бюджетті,
әлеуметтік сақтандыру қорларын, түрлі бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру
арқылы мемлекет деңгейінде қаржылық қатынастардың нысандары осылай пайда
болады. Қаржылық қатынастардың бұл бөлігі сан алуан және аталған қорларды
мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде – жалпыұлттық, жергілікті
деңгейлерде жасаумен, сондай-ақ аталған деңгейлерде сонымен бірге салалық,
ведомстволық, өңірлік, әлеуметтік қағидаттар бойынша қайта бөлумен және
пайдаланумен байланысты. Бұдан басқа, ақшаның және қорлардың қозғалысы
мемлекеттік ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды – өндіргіш күштерді
дамыту, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми, өңірлік және басқаларын орындаумен
шарттасылған.
Ең ақырында ұдайыөндірістік үдерістің барлық стадиялары-нан өте отырып,
қоғамдық өнім жаңғырады және үш өзіндік қор-

1.2 сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу

да: орнын толтыру қорында, тұтыну қорында және қорлану қорында іске асады
(1.2. сызбаны қараңыз).
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады және одан арғы қозғалыстан шығып қалады. Қаралған
үдерістер қаржылық қатынастардың, олардың басқа экономикалық қатынастармен
өзара іс-әрекетінің күрделі тоқайласуына себепші болады және экономиканың
тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдағы әлеуметтік үдерістерге
олардың іс-әрекетін зерделеуге ғылыми тәсілдемені қажет етеді.

1.1 сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)

Жалпы қоғамдық қатынастар
Өндірістік қатынастар
Экономикалық қатынастар
Ақшалай қатынастар
Қаржылық қатынастар

Салықтық
Бюджеттік
Мемлекеттік-кредиттік
Ішкішаруашылықтық
Шаруашылықаралық
Үйшаруашылықтарының
Сыртқы экономикалық

Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген
мемлекеттер арасында ақшалай қорларды қалыптас- тыру, бөлу және пайдалану
жайында пайда болатын ақшалай қа- тынастардың жүйесі болып табылады. Басқа
сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақшалай қатынастар –
бұл қаржылық қатынастар. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық
қатынастарды білдіре бермейді және ақ- ша әр түрлі экономикалық
категориялардың – бағаның, еңбека- қының, қаржының, кредиттің,
сақтандырудың көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының
қозғалысын ортақтастыратындықтан кез келген ақшалай операция, мәміле
қаржылық операцияға жата бермейді. Қаржының ақшадан маз- мұны жағынан да,
функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен
ассоциацияланылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ
балама, ал қаржы – ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта
бөлудің экономикалық құралы, ақшалай қорларды жасау мен пайдалануға бақылау
жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және
объективті сипатта болады.
Мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің ақшалай қорла- рын құратын тек ақшалай қатынастар
ғана қаржының мазмұны болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан ары бөлу және оны
мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қар-жының негізінде жүзеге асырылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан – тауар ақшалай қатынастардың
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Тарихи
алғашқыда өзіне маңызды қоғамдық функцияларды алған мемлекеттің пайда болуы
мен байланыстырылған қаржылық қатынастардың бір бөлігі бөлінді. Мемлекеттік
билікті ұстау үшін арнаулы ақшалай қор қажет, ол қоғамның барлық
мүшелерінің есебінен қалыптасады.
Салықтар, мемелекеттік кредит, ақша эмиссиясы арқылы мемлекет үкімет
аппаратын, армияны ұстау және басқа өзінің функцияларын орындау үшін
қажетті ақшалай каражаттарды шоғырландырды және пайдаланды. Мемлекет
әрдайым қаржылық қатынастардың міндетті субъектісі болып табылады, бұл
көптеген ғалымдарға қаржының қажеттігін негіздемелеуде мемлекеттің рөлін
асырып жіберуге негіз болды: мәселен, ресейлік Қаржы оқулығының авторлары
мемлекеттен тыс қоғамдық өндірістің барлық басқа субъектілері қаржылық
шаруашылықты емес, жай ақшалай шаруашылықты жүргізеді деп санайды.*
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық үдерістерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары –
мемлекеттік бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар арқылы қазір ішкі
жалпы өнімнің 40 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 20 пайыздайы
(Қазақстан бойынша) қайта бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық
және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа
қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Тарихи қатынастардың бір бөлігінің (аса қарапайым нысанында) алғашқы
қауымдық қоғамдастықтың ұжымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тіпті
мемелекет пайда болғанға дейін орын алды. Мұндай қызмет натуралдық нысанда
жүзеге асырылғанмен ол қоғам дамуның тауар стадиясына дейінгі қаржылық
қатынастардың болашақ үлгісі болып табылды.
__________
* Финансы. Учебник для вузов. Под ред. проф. М.В. Романовскго и др. М.:
Издатель-ство Перспектива, 2006, с.17

Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржылық қатынастар елеулі
дәрежеде қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар деп аталынатындарды –
мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен
бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру
мен бөлуді қамтамасыз етуге бағыталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі
абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың,
құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың
органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру
және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады. Қоғамдық тауарларды
қаржыландыру егжей-тегжейлі 10- тарауда қаралған.

Мемлекетте орасан ақшалай қаражаттарды жинақтау соңғы уақытқа дейін
ұдайыөндірістік үдерістерді жоспарлы жүзеге асыру, өндіріс дамуының аса
басым бағыттарын, ғылыми-техникалық прогресті, әлеуметтік бағдарламаларды
қаржыландыру қажеттігімен негізделді. Сөзсіз, мемлекет ұйымдастырған бүкіл
қоғам ауқымдарында қоғамдық дамудың перспективалық үйлесімдері неғұрлым
көрнекі қаралады. Мемлекеттің бұл мүмкіндіктері ақшалай қаражатттарды дұрыс
пайдаланған кезде ақшалай қаражаттардың қорларын орталықтандырудың шүбасыз
артықшылықтары туралы дәлелдейді. Бірақ, басқа жағынан, соңғы жылдардың
практикасы субъективтік еркін шешімдердің, дамудың басымдықтарын дұрыс
таңдамаудың, мемлекеттік және өндірістік монополизмнің нәтижесінде олардың
бағыттары мен пайдаланылуы тиімсіз немесе экономикалық тұрғыдан
ақталмауының мүмкін екенін көрсетті. Бұл туралы тиісті қайтарым әкелмеген
қаржылық ресурстардың, бағдарламалардың орасан көлемдері болған
қаржыландырудың мысалдары еске түсіреді. Сондықтан рынокқа өтпелі кезеңде
қаржылық ресурстарды қалыптастыруда үлкен құқықтар мен дербестік берілуі
тиіс шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен өңірлерге ереккше көңіл
аударылды. Бұл ресурстарды орталық, өңірлер, шаруашылық жүргізудің төменгі
буындары арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлу жоғары қайтарым мен
пайдаланылатын қаражаттарды үлкен мөлшерде қайта төлеу мүмкін болады.
Алайда, қаржының қажеттігін негіздеудегі мемлекеттің рөлін қарай отырып,
оның өзі, Ф. Энгельстің сөзі бойынша, дамудың белгілі сатысында қоғамның
жемісі болды. Бұдан қоғам өз ұйымының мемелекеттік нысанын белгілей отырып,
қажетті қаржылық қатынастарды да объективті тұрғыда айқындайды, ал мемлекет
бұл объективті қажеттікті ескере отырып, оларды сол немесе өзге түрде
пайдалана алады деуге болады.
Мемлекеттің өмір сүруімен байланысты қаржылық қатынастардан басқа,
шаруашылық жүргізуші субъектілерінң өзара байланыстарындағы, содай-ақ
соңғылар мен халықтың (үй шаруашылықтарының) арасындағы олардың бір бөлігі
болатынын да ескерген маңызды, бұл объективті тұрғыда қоғамдық-экономикалық
формацияда тауар-ақшалй қатынастардың болумен айқындалады.
Қаржының мәні ақшалай нысандағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты жоғарыда аталған тауар ақшалай қатынастардың болуы және
экономикалық заңдардың, соның ішіндеқұн заңыныңда іс әрекеті болып
табылады.

Ілгеріде, өндірістің социалистік әдісі жағдайларында бұл факторлардың іс-
әрекеті шектелініп отырды: жұмыс күші тауар болып табылмады, өндіріс
құралдары сонымен қатар орталықтан бекітілетін баға көмегімен де
өткізілгенімен орталықтандырылған материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі
арқылы бөлініп отырды. Ұдайы өндірістің жоспарлылығын қамтамасыз етуге
шақыратын өндірілген өнімнің материалдық-заттай элементтерін қатаң
регламенттелінген бөлу іс жүзінде өндіргіш күштердің дамуын буатын
кедергіге айналды, себебі монополизмді туғызды, еркін саудада өнімнің жоқ
кезінде тұтынушыны оны таңдау мүмкіндігінен айырды, сапаны арттыруды,
ғылыми-техникалық прогресті дамытуды ынталандырмады.
Экономиканың жұмыс істеуінің рыноктық жағдайларында мемлекет тауар-
ақшалай қатынастарды әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш
тауарлардың, жұмыстардың және қыз-меттердің сұранымы мен ұсынымы болып
табылады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақшалай қатынастармен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі
тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын
қоғамдықеңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің
материалдық-заттай факторларының айырмашылығы мен олардың әр түрлі деңгейі
жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және
затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің сал-
дарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және
жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша
тетіктің объективті қажеттігі туады. Бұған ақшаның және оның туынды
экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының көмегімен жетеді.
Қаржы тауарлай қатынастардан тыс өмір сүре алмайды.
Тек өндірілген тауарлар, қызметтер, адам еңбегінің басқа өнімдері
айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде
өндірушілердің түсім-ақшасы (табысы) жасалады. Түсім-ақша жиынтық қоғамдық
өнімнің микроэлементі ретінде с, v және m құрамды бөліктерін, яғни
өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтары құнының мөлшерін, жұмыскерлердің
жұмсалынған нақты еңбегін өтеуге сәйкесетін құнының бір бөлігін және
жасалған қосымша өнім құнын кіріктіреді. Тиісінше өнімді, жұмыстарды,
қызметтерді өткізуден алынған түсім-ақшадан өндірістің жұмсалынған құрал-
жабдықтарының орнын толтыруға, еңбекке ақы төлеуге бағытталатын тиісті
ақшалай қорлар бөлінуі тиіс, ал қосымша өнім құны қоғамдық өндірістің,
өндірістік емес сфераның барлық қатысушыларының, қоғамның еңбекке жарамсыз
мүшелерінің экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын, сақтық қорлары мен
резервтерін жасауға арналған бөліктерге бөлінуі тиіс.
Бөлудің бүкіл үдерісі өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну предметтері
қорларын жасай отырып натуралдық-заттай нысанда да, сонымен бірге ақшалай
нысанда да еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақшалай
қорлардың қозғалысы арқылы болып жатады. Ақшалай қорларды қалыптастыру,
тауарлық қатынастарда оларды пайдалану қаржыны пайдалану көмегімен
жүргізіледі. Сөйтіп қаржы тауар-ақшалай қатынастармен байланысқан, олардың
салдарлары болып табылады және сонымен бірге олардың жұмсалуына
жәрдемдеседі.

1.2 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу.

Шет елдің оқулық әдебиеттерінде экономиканың даму ауқымының өлшем
көрсеткіші– кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын
жалпыұлтықөнім(ЖҰӨ)пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына
элементтерді жинақтаумен жасалынады: 1) тұтынылған капиталдың көлемі
(амортизациялық аударымдар); 2) бизнеске салынатын жанама салықтар; 3)
жалдамалы жұмыс-кердің жалақысы; 4) ренталық төлемдер; 5) пайыздар; 6)
меншіктен түсетін та-быстар; 7) корпорациялардың пайдасы.
Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл массасын сатып алу үшін субъекті-лер
шығыстарының жиынтығы бойынша) ЖҰӨ мыналарды кіріктіреді: үй ша-
руашылықтарының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі
– С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар – Іg; тауарлар мен қызметтерді үкімет-
тің сатып алуы – G; Xn – таза экспорт (экспорт көлемінің импорттан асып
түсуі немесе, керісінше, минус белгісімен).

ЖҰӨ (GNP) = С+ Іg+ G+ Xn.

Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістің түпкілікті нәтижесін сипаттайды, ол
айналым қорларының (капиталының) (бұл қорлардың қалыптасуы мен қозға-
лысында қаржы зор рөл атқарады) елеулі бөлігі болып келетін аралық өнімнің
құнын кіріктірмейді. Сондықтан бұл оқулықта жалпықоғамдық өнімнің дәстүр-лі
формуласы алынды:

P=C+V+m

Экономиканың қорытындылаушы көрсеткіштерінің неғұрлым егжей- тегжейлі
есеп- қисаптарын статистикалық органдар Ұлттық шоттар жүйесінде (ҰШЖ) ұдайы
өндіріс үдерісінің түрлі стадияларында бұл көрсеткіштердің өз арасында
өзара үйлесімде жүргізеді.
Ұдайы өндірістің әрбір стадиясына арнаулы шот немесе шоттар тобы сәйкес
келеді. Мысалы, тауарлар мен қызметтер шоты; өндіріс шоты; кірістерді жасау
шоты; кірістерді қайталама бөлу және қайта бөлу шоты; кірістерді пайдалану
шоты; капиталмен жасалатын операциялар шоты.
Шоттар екі бөліктен тұрады: ресурстар және пайдалану.
ҰШЖ- да айрықшалықты терминология пайдаланылады:
негізгі бағалардағы шығарылым– есепті кезеңде экономикада өндірілген
тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны;
аралық тұтыну трансформацияланатын немесе өндіріс үдерісінде түгелдей
тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құнын білдіреді;
жалпы қосылған құн – тауарлар мен қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну
арасындағы айырма;
өнімдерге және импортқа салынатын салықтар – бизнеске салынатын жанама
салықтар;
өнімдерге және импортқа берілетін субсидиялар–шаруашылық жүргізуші
субъектілердің белгілі бір тауарлар мен қызметтерді өндіру шарты кезінде
оларға мемлекеттік бюджеттен берілетін өтемақы төленбейтін төлемдер;
өндіріске салынатын салықтар – өндіріс факторларын (олардың мөлшері
өндірістің көлемі мен рентабелділігіне тәуелді болмайды) пайдалану
кезіндегі салықтардың сомасы; өндіріске берілетін субсидиялар; негізгі
капиталды тұтыну – амортизациялық аударымдар.
ҰШЖ-ның маңызды көрсеткіші ІЖӨ елдің экономикалық кызметінің түпкілікті
нәтижесін сипаттайтын ішкі жалпы өнім болып табылады.Ол салалардың қосылған
құндарының сомасы ретінде есептеп шығарылады: негізгі бағалардағы
шығарылымнан аралық тұтыну шегеріледі–жалпы қосылған құнның–ЖҚҚ - ның
көрсеткіші шығады; ЖҚҚ-ға өнімдерге және импортқа салынатын салықтар
қосылады және өнімдермен импортқа берілетін субсидиялар шегеріледі; жиыны –
ІЖӨ.
ІЖӨ - ні есептеудің екінші тәсілі кірістерді сомалауда екендігінде:
еңбекке ақы төлеуді, өндіріске және импортқа салынатын салықтарды,
өндіріске берілетін субсидияларды, негізгі капитал мен таза табысты
(пайданы) және таза аралас табыстарды тұтынуды. Соңғы көрсеткіш жиынтық
түрде еңбекке ақы төлеуді және үй шаруашылықтары қызметінің табысын
(пайдасын) бейнелейді.
Басқа елдерден (яғни басқа мемлекеттердің субъектілерінен) түскен
немесе басқаелдерге берілген бастапқы табыстардың сальдосына (еңбекке ақы
төлеу, өндіріске және импортқа салынатын салықтар, меншіктен түсетін
табыстар бойынша) ІЖӨ -нің өзгеруі жалпы ұлттық табыстың көрсеткішін
құрады.
Жалпы ұлттық табыс пен негізгі капиталды тұтыну көлемі арасындағы
айырмашылық таза ұлттық табыс көрсеткіші болып табылады.
Басқа елдерден түскен немесе басқа елдерге берілген ағымдағы
трансферттер сальдосына таза ұлттық табысты түзету таза ұлттық мүмкіндігі
бартабысты қалыптастырады.
Таза ұлттық мүмкіндігі бар табыстан түпкіліктітұтыну мен таза жинақ
ақшаның көлемдері калыптасады:
Басқа елдерден алынған және басқа елдерге берілген күрделі
трансферттердің мөлшеріне түзетілген таза жинақ ақша меншікті
капиталдыңтаза құнындағы өлшем болып табылады.
Негізгі капиталды тұтыну көлемімен және өндірілмеген қаржылық активтерді
таза сатып алу мен бірге сомада ол жалпықорланым көрсеткішін құрады және
таза қарыз алу сомасымен ішінара жабылуы мүмкін; жалпы қорланым
көлемдерінің артылуы жағдайында таза кредиттеу беру мүмкін.
Түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстар
үйшаруашылықтарының,үйшаруашылықтар ынақызметкөрсететінкоммерциялықемес ұйымда
рдың,мемлекеттікбасқарудыңшығыстары н кіріктіреді.
ҰШЖ-да ұлттық экономиканың мына секторлары бөлектеніп көрсетіледі:
қаржы институтына жатпайтын кәсіпорындар;
қаржы мекемелері;
мемлекеттік мекемелер;
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.
Қызмет түрлері ұғымы пайдаланылады, мысалы: кен өндіру өнеркәсібі; өңдеу
өнеркәсібі; электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлу; құрылыс; көлік
және байланыс; ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы; балық
аулау, балық өсіру; сауда, автомобильдерді және үйде пайдаланылатын
бұйымдарды жөндеу, қаржылық қызмет; жылжымайтын мүлікпен жасалатын
операциялар; жалға беру және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер; мейман
-ханалар мен мейрамханалар; мемлекеттік басқару; білім беру; денсаулық
сақтау және әлеуметтік қызметтер; басқадай коммуналдық, әлеуметтік және
дербес қызметтер.
Статистикалық есепке алуда сондай-ақ қызмет түрлерінің немесе экономика
салалары ретінде олардың топтарының атауларына рұқсат етіледі. Экономика
секторларында, салаларында, қызмет түрлерінде институционалдық бірліктер
(яғни шаруашылық жүргізуші субъектілер) деп аталатын, орындалатын
функциялары және қаржыландыру көздері тұрғысынан біртекті, ұқсас мақсаттары
бар ұқсас экономикалық бірліктердің жиынтығы топтастырылады, мұның өзі
олардың ұқсас экономикалық тұрғысына себепші болады. Олар активтерге ие,
міндеттеме қабылдайды, басқа бірліктермен экономикалық қызмет пен
операцияларды жүзеге асырады. Заңи тұлғалар мен үй шаруашылықтары түріндегі
жеке тұлғалар (немесе олардың топтары) институционалдық бірліктер бола
алады.

3. Қаржының айрықшалықты белгілері

Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мем- лекеттерде
қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да – ақша, табыс (пайда),
өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің
функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек
өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар
қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл
категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан
өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жал- пы жиынтығынан
ажыратып алу үшін бұл экономикалық катего- рияға тән өзгеше белгілерді
біліп алған жөн. Сонымен бірге, құ- былыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана
белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық
категория -лардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады.
Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да
өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиын -тығы ғана кез келген
құндық экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен
өзгешеліктерін ашып бере алады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құ- райтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономика- лық жүйе шеңберіндегі қоғамдық
ұдайы өндірістің әр түрлі суб- ъектілері арасындағы ақшалай және тек
ақшалай қатынастарды ғана білдіреді. Сондықтан қаржылық қатынастардың
ақшалай сипаты–қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипа- ты оны
жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық эко- номикалық категорияларға
тиіcтілігін баса көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып та- былады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айна-лыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп,
ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастар-дың бір бөлігі
ретіндегі қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайыөндірістік қаты- настар болып
табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайы өндірістік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөнді- рістік сипаты
қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері
емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де
ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай қорлардың
қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекшебелгісі болып табылады. Ақшалай
қорлар, істің шын мәнінде, қаржылық қатынастардың объектілері болып
табылады.
Нақтылы жұмсауға арналған ақшалай-қаржылық қорлар қоғамдық өндіріс
қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің
көмегімен жасалады. Әдістер қаржылық қатынастарда іс-әрекеттің амалдары
ретінде директивалық*, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты
игеріп алады, бұл экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың
мақсаттарына арналған ақшалай ресурстарды пайдаланудың көлемдері мен
бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байланысты болады.
_________
Э.Вознесенскийдің пікірінше қаржының “императивтігі” (өктемдігі) осында.
(Қараныз: Вознесенский Э.А. Финансы как стоимостная категория. – М.:
Финансы и статис-тика, 1985.)

Сөз жоқ, әдістерді тандау ғылыми ізденіс пен қоғам дамуының белгілі бір
кезеңінің объективті алғы шарттары арқылы айқындалады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни та- уар және
ақшалай нысандардағы құнның тең (бірдей) қозғалы- сы негізінде
пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа эконо- микалық категориялардың –
бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақшалай қорлардың бүкіл
ақшалай қаражат- тардан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы
бас- қарудың барлық деңгейлерінде ақшалай нысандағы құнның бір -жақты
қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржы- лық операция осындай
ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пай- дадан) аударылатын аударымдар,
шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен
сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылық- тық
мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономика- лық категорияны
ақшалай қатынастардың бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік
береді, әрі қаржының өзгешелі- гін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-
бір құндық экономи- калық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын
ием- дене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржылық қатынастардың
ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржылық қатынастардың өрісін
тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны – міндетті сипаты, біржақты
тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты – экономикалық категория
ретіндегі қар-жының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді. Қаржының басты
арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстарына қажеттіліктерін
қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың

3. сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары

жұмсалуына бақылау жасау. Қаржылық ресурстар болмаса, қаржылық механизм
арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса,
мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің
әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі
функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер
бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндіріл-ген өнімдегі өзінің үлесін алуы
тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін
емес. Қаржықоғамдық өнімді жасаумен пайдалану арасындағы
байланыстырушы буын болып табылады.
Өзінің материалдық тұлғалануы бойынша қаржы–қоғамныңқажеттіліктері мен
өндірістің дамуы үшін пайдаланылатынмемлекеттің,оның муниципалдық
құрылымдарының, шарушылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорлары. Дәлірек
айтқанда, бұл – елдің қаржылық ресурстары.
Бірақ мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені экономикалық ка-тегория
ретіндегі қаржының мәні оның маңызды болып табылатын сандық жағында емес,
бұл категорияның жұмыс істеуі тек оған тән функцияларды орындау кезінде
пайда болатын қоғамдық қа-тынастардың мазмұнында ашылады. Мұндай
тәсілдемеде қаржы дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және
мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру
және пайдалану жолыменолар дыңсаналуанм ұқтаждарын қанағаттандыру үшін
қоғамды қөнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы
өндіріс үдерісін деп айда болатын экономикалыққатынастар.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржыға мынадай түсініктеме
беруге болады: қаржы – бұл: 1) ақшалай қорларды жасау, бөлу, қайта бөлу
және пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық
категория; 2) ақшамен айналысу және оны басқару практикасы; 3) қандай да
бір жобаға қатысатын капитал; ең алдымен жаңа істі бастау үшін алынатын
капитал; 4) белгілі бір, әсіресе қаржы компаниясы жасаған мақ-сатқа
арналған ақшалай қарыз.

1.4. Қаржының функциялары және рөлі

Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен
бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да
талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
бейнелеп көрсеті- леді, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан – ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындық- тан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретик- тер
арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тә- різді екі
тұжырымдамасы танылып отыр.
Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші
стадиясында – ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу үдерісінде
пайда болады, қаржының бөл- гіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің
ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі
функция орын- дайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды
бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы,
айналым қаражаттарын, мемле- кеттік мүлікті сату операцияларын шығарып
тастағанда) бөліне- ді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді
өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді
ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан
дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақшалай қорларды бөлу арқылы
жасалады. Мемлекет, кәсі- порын, фирма және халық арасында ақшалай қорларды
(табыс- тар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де
бөлінеді.
Қаржы көмегімен құнды бөлу және қайта бөлу қаржылық ре- сурстардың
айрықшалықты нысанын қабылдайтын ақшалай қа- ражаттардың қозғалысымен
міндетті түрде қосақталып жүреді. Қаржының жұмыс істеуінің шарты – ақшаның
болуы, ал қаржы- ның пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер
мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстар- ға
қажеттілігі болып табылады.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажы-
ратылады.
Алғашқы бөлу* кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударым- дар)
шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің
нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің
және қайта бөлудің күрделі үдерістеріне ұшырайды, бұл үдерістерде маңызды
рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде
қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен ты-
ғыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан үдерісін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық – заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл ретте қатысушылардың бәрінің
табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс
қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өн-
дірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфра-
құрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капи-
талдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады.
Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланыла- тын
түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға,
мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу үдерісіне қатысуы бір- дей
емес. Алғашқы бөлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда жаңаша жаңғыртып оқыту мәселесі
Жоғарғы оқу орнындағы академиялық ұтқырлық және студенттік орын алмасу жағдайы мен мәселелері
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕТІСТІКПЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Менің мансаптық және кәсіби өсу жолым
Қаржылық жоспарлау және болжамдау
Пәндер