Қаржы мамандығы бойынша есеп


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Kansuar Invest Company ЖШС-ң қызметінің ұйымдастырылуы«Kansuar Invest Company» ЖШС-ң заңнамалық негізі . . . 4Кәсіпорынның қызметінің ұйымдық құрылымы . . . 6
- «Нури Л Жетысай» ЖШС-ң қаржылық жағдайыКәсіпорынның қаржылық көрсеткіштеріне сипаттама . . . 12Табыстар пен шығындар туралы есеп . . . 19Ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп . . . 20Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 23Өтімділігін талдау . . . 30
Қорытынды . . . 36
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша материал
Кіріспе
Өндірістік практикадан өтуіміздің мақсаты, осы 4 жыл бойы оқыған теориялық білімімізді іс-тәжірибеде көрсете білу керек болды. Және өз білімімізді әрі қарай жетілдіруіміз үшін жасалған шаралардың бірі деп ойлаймын.
Мен, Бердалиев Айдос өз өндірістік тәжірибемді ОҚО, Махтаарал ауданындағы ЖШС “Kansuar Invest Company” өткіздім. Мен онда 2010 жылдың 13 желтоқсан айынан 2011 жылдың 30 сәуір аралығында іс-тәжірибеден өттім. Жалпы мен іс-тәжірибемді өткізген мекеме яғни ЖШС “Kansuar Invest Company” қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен табыс алу болады. Өндірістік практика барысында дипломдық жұмысыма қажетті материалдар жинақтадым. Мен онда жүріп көптеген мәліметтерге қанық болдым, өзіме қажетті бағдарламаларды және осы мекеменің арнайы бағдарламаларымен таныстым. Мекеменің бухгалтерлік бөлімінде жұмыс жасап, төлем ақы не екендігін, онымен қалай жұмыс жасау қажет екендігін, кәсіпорынның қандай банктермен жұмыс жасайтындығы жайлы мәліметтермен таныстым. Жалпы төлем ақыға келер болсақ, бұл - көрсетілген соманы бенефициар пайдасына ақша жіберушінің оған қызмет көрсететін қабылдаушы банкке ақшаны аудару туралы тапсырысы болып табылады.
Мен бұл есеп беру жұмысымды екі бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші бөлімде жалпы кәсіпорынның құрылымы сипатталған болса екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданған.
Ι. ”Kansuar Invest Company ” ЖШС-нің қызметінің ұйымдастырылуы
- “Kansuar Invest Company ”ЖШС- нің заңнамалық негізі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - жарғылық капиталының мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады.
Мен өндірістік праkтикадан өткен кәсіпорын, яғни “Kansuar Invest Company” ЖШС-і 2001 жылдан бері Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министірлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің берген мемлекеттік лицензия арқылы жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын мақсаты пайда табу.
Серіктестіктің мемлекеттік тілде толық атауы : “Kansuar Invest Company” жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қысқаша: ”Kansuar Invest Company” ЖШС.
Негізгі қызметінің түрлері :
- Жер жұмыстары
- Ғимараттар құрастырмалардың күрделілігі I және II деңгейдегі тіреуіш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
- Метал құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
- Құйма бетон және темір - бетонқұрастырмаларын орналастыру;
- Негіздер мен ірге тастарды орналастыру;
- Құрама бетон және темір - бетон құрастырмаларды, тіреуіш ағаш құрастырмаларды монтаждау, тас, кірпіш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру, қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
- Шатырлау жұмыстары;
- Сыртқы инженерлік желілер мен құрастырмаларды және ішкі инженерлік желілерді орналастыру жөніндегі жұмыстар
- Жылу желілері;
- Төменгі қысымды желілерді газбен жабдықтау желілері;
- Сумен жабдықтау және кәріз желілері;
- Орта және жоғарғы қысымды газбен жабдықтау желілері;
- Электрмен жабдықтау желілері, электрмен жарықтандыруды орнату;
- Байланыс, радио, теледидар желілері мен ішкі жүйелері;
- Желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлік және шаң-тозаң тұту;
- Электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, электрмен жылыту;
- Жылумен жабдықтау;
- Газбен жабдықтау;
- Сумен жабдықтау, кәріз;
- Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөніндегі жұмыстар:
- Құрылыс құрастырмаларын су өткізбейтіндей етіп қымтау
- Құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтау
- Агрессивті су әсері кезінде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, құбырларды тоттанудан сақтау
- Майлау мен сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделілігі II және III деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын салу, қайта құру, күрделі жөндеу кезіндегі әрлеу жұмыстары
- Жол салу жөніндегі жұмыстар
- Жайластырылған және шағын жасанды ғимараттарды жергілікті маңызы баравтожолдардың негіздері мен жабыны, ішкі шаруашылық автожолдардың негіздері мен жабыны
- Қалалық жол желісінің негіздері мен жабыны
- Технологиялық жабдықтарды монтаждау
- Көтергіш-көліктік лифтілер
- Компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткіштер
- Технологиялық металл құрастырмалары, құбырлар
- Электротехникалық өондырғылар мен жабдықтар, электр пештері
- Қазандық қондырғылар, жылулық-күштік және көмекші жабдық
- Өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу аспаптары
- Астық өңдеу жөніндегі, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары және астық қоймалары
“Kansuar Invest Company ” ЖШС-ң толық мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Махтаарал ауданы, Жетысай қаласы, Сәтбаев көшесі №1 үй.
1. 2 Кәсіпорынның қызметінің ұйымдастырылуы
«Kansuar Invest Company» ЖШС-нің басшысы бас директор болып табылады. Орынбасары бас инженер әр бөлімдердің қызметтеріне бөлімдердің басшыларына басшылық етеді. Кәсіпорында бас бухгалтер мен оның үш бухгалтері әрқайсысы өз ара бөлінген міндеттерін атқарады. Кәсіпорын мақсаты құрылыс жұмыстарын жүргізу арқылы пайда табу болып табылады.
1-кесте
"Kansuar Invest Company" ЖШС-ның жұмыскерлерінің тізімі (2010 жыл)
"Kansuar Invest Company" ЖШС-нің жұмыскерлерінің мониторингі
2- кесте
Қызметкерлер еңбегінің тиімділігі көрсеткіштері
3- кесте
ΙΙ. «Kansuar Invest Company » ЖШС-нің қаржылық жағдайы
2. 1 Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштеріне сипаттама
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) табыстар мен шығыстар туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық күқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пас-сиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жекежеке элемент-тер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұн-дай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады.
Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады.
Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) ; пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz