«ХVIII-ХХІ ғ. Қазақстандағы кәрістердің тарихы, әлеуметтік және құқықтық мәртебесі»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ
АҚ «УНИВЕРСИТЕТ КАЗГЮУ»
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ
МОДУЛЬДІК ТАПСЫРМА
ЖОБА
Модуль тапсырмасының тақырыбы: « ХVIII-ХХІ ғ. Қазақстандағы кәрістердің тарихы, әлеуметтік және құқықтық мәртебесі».
Астана - 2015ж.
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 4
1 Кәрістерді қазақ жеріне көшіру . . . 4
2 Кәрістердің әлеуметтік жағдайы . . . 6
3 Қазақстандағы кәріс ұлтының құқықтық мәртебесі . . . 7
Қорытынды . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 9
К І Р І С П Е
Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан Республикасына барша әлемнің көзі түсіп, қызығушылығы өсіп отыр. Бұл тек қана біздің кең байтақ жерімізбен пайдалы қазбамыз арқылы емес, бұл әлемде қиын жағдай туып тұрған сәтте біз тарихтың тәлкегі және тағдырдың бұйрығымен егемендік алып, 130-дан астам ұлттар мен этностардың киелі мекеніне айналып отырған айбарлы Отанымыздың егемен халқының мемлекет құрушы діңгегі - қазақ ұлты ұйтқы болып, бөлінбейтін біртұтастығы, жік түспес татулығы, алуан түрлі діндер мен діни конфессиялар қатар өмір сүріп, гүлденіп тұрған бейбітшілік пен келісім, толеранттылық пен тыныштық болып отыр. Осыған байланысты ебасымыздың қажырлы еңбегі мен қанатты сөздерін ескергеніміз жөн. Елбасымыз: «Мен біздің халықтық игілігіміз болып табылатын қазақстандық табыстың үш кілті туралы еске сала кеткім келеді. Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі - бұл ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз - оны қорғау, сақтау және байыту. Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз. Екіншіден, біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық. Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау. Осының арқасында біздің әралуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді. Егер біздің тағаттылығымыз болмаса, онда біздің қайығымыз бағытынан ауытқып кетуі ықтимал және әрі қарай апаттан қорғалмайтын болады. Үшіншіде, бұл тарихи тағдырымыздың ортақтығы. Біздің мақсатымыз - өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыстарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жалғастыру. Тек осы біздің құндылықтарымызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз» [1] .
Алты Алаштың ұлы қауымдасып, іргемізді бекітіп, жаһанға үлесімізді қосқан тұста елімізге әміршіл - әкімшіл жүйе мен солақай саясаттың салқынымен қазақ жеріне күшпен жер аударылған халықтардың қоныстану тарихымен танысу - өзекті мәселе деп ойлаймыз. Әртүрлі этностардың қоғамда бірігіп өмір сүріп, біркелкі дамуы әрбір көпұлтты мемлекет, соның ішінде Қазақстан үшін күрделі мәселе болып табылады. Жерімізде тұрып жатқан этникалық топтардың өткенін және қазіргісін, құқықтық және әлеуметтік жағдайын зерттеу арқылы мемлекетінің тұтастығы мен ары қарай дамып өркендеуіне қажет.
Зерттеу мақсаты кәріс диаспорасын заманауи Қазақстанның аумағына әрекет етіп жатқан режимнің және тәуелсіздікті алу жағдайында одан әрі әлеуметтік-құқықтық оңалту жағдайында депортациялау процесі туралы нақты және толық көріністі қалыптастыру болып табылады.
КӘРІСТЕРДІ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ КӨШІРУ
1939 жылғы депортация нәтижесінде Қазақстанда 96 мыңға жуық кәрістер қоныс аударылған. Кәрістер, бастапқы атауы - чосен-саран. Өздерінің саны аз бола тұра (халықтың 1%-нен аз) кәрістер ұлт ретінде ғана сақталып қалмай, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы өздерінің бар екендігін көрсеткеніне тарихшылар әлі баға берері анық. Олардың көпшілігі Қызылорда облысы мен бұрынғы Талдықорған облысының Қаратал, Көксу аудандарына орналасқан. Қазақ халқының болмыс-бітімімен біте қайнасып, тұрмыс-тіршілігі ортақ бір арнаға тоғысқан корейлердің өзіндік ұлт ретіндегі мәдени құндылықтары біздің елде де қалыптасып келеді. 1937 жылдың шілдесінде Жапонияның Қытайға басып кіруіне орай кеңес өкіметі елдің Қиыр Шығысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір іс-шараларға баруға туралы келді. 1937 жылдың 21 тамызында КСРО Халық Комисарлар Кеңесі мен БК(б) П Орталық Комитетінің «Кәріс халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы» біріккен қаулысы шықты. Кәрістердің Қиыр Шығыстан КСРО-ның ішкі аймақтарын көшірудің себебін кеңестік үкімет Жапония тарапынан төніп тұрған соғыс қаупінен деп түсіндірмекке тырысты. Бұл негізінде корейлердің Жапон үкіметіне жасырын қызмет атқарулары мүмкін деген күдікпен туындаған еді. Қиыр Шығыстың 23 ауданынан көшірілген кәрістер Қазақстанның Оңтүстік өңіріне, Арал теңізі мен Балқаш көлі маңына орналастырыла бастады. 1938 жылы 19 наурызда Солтүстік Казақстан облыстық комитеті Бюросы кәріс халқының проблемаларын шешуге арналып, соған лайықты қаулы қабылданды. Кәрістерге қатысты «Кәріс қоныс аударушылардың шаруашылығының жайғасуы туралы», «Қазақ КСР-ның К(б) П ОК-нің және Қазақ КСР ХКК-ің, жаңа оқу жылына кәріс балаларына арналған ғимараттардың дайындығы, мектептерді жабдықтау, Павлодар, Көкшетау, Петропавлда және аудандарда оқу құралдарымен және мұғалімдермен қамтамасыз ету туралы қаулылардың орындалуы» сияқты біраз шешімдер қабылданды[2] .
1938 жылдың көктемінде кіәрістерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару кәріс халқын өзінің тарихи отаны - Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық кәріс тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы кәріс педагогикалық институты жабылды, кәріс тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 кәріс ұжымшарлары республиканың 8 облысында - Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты [3] .
Соғыстан кейінгі жылдардағы, әсіресе Хрущев тұсындағы «жылымық» кәрістер үшін қолайлы болмады. Бұл жерде ең үлкен мәселе - білім алу мен тіл үйрену. 1953 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінде «Кәріс ұлтының оқушылар құрамы бар кейбір мектептерде кәріс тілін оқыту туралы» құжат қаралып, Білім министрлігіне кәріс ұлтының балалары шоғырланған мектептерде кәріс тілін оқытып, сол мектептерді әдебиетпен, оқулықтармен қамтамасыз ету қажеттігі жүктелді[4] .
1980 жылдардың соңындағы демократиялық қайта құрулар 90 жылдардың басындағы Ел Тәуелсіздігіне алып келді. Қазақстанның Тәуелсіздігімен бірге экономикалық дербестік, ұлттық мәдени орталықтар дүниеге келді. Соның бірі - 1990 жылы ашылған Корей мәдени орталығы. Елдегі ең ірі жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде шығыстану, оның ішінде корейтану факультеті жақсы жұмыс істей бастады. Оның дәріс беру жүйесіне шетелден (Сеулден, т. б. қалалардан) жоғары дәрежелі маман оқытушылар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, тіл мамандары ша-қырылып отырды, өздері сынақ алды. Бұ-рынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық мемлекеттерден кәріс жеткіншектерін Сеул, т. б. қалалардағы оқу орындарына ұйымдасқан түрде апарып, олардағы білім деңгейімен таныстыру, қазіргі кезде жүйелі түрде жүргізілуде[5] .
Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты, кәріс ассоцияының президенті Роман Кимнің айтуынша: «2017 жылы кәрістердің қазақ жеріне көшіп келуіне 80 жыл болады. Бүгінгі таңда қазақ жеріне біздің бесінші ұрпағымыз мекен етеді бұл деген қазақ жерінің қонақ жай халык екендігі және де бізді ұлт кылып ұстағандығынына алғысымыз шексіз» деп айтқан екен.
КӘРІСТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
Юрий Югай ҚР кәріс филиалының басшысы, Сан Лаврентий «Қазақфильм»
Киностудиясының сценаристі, режиссер, Ким Виктор жазушы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘРІС ҰЛТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Бір сөзбен айтқанда, кәрістер қоныс аударғаннан бастап өз тіліне, дініне, тіпті корейлік атын айтуға құқықтары шектеулі болыды. Біріншіден, қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан, оларда «еріксіз жер аудару» реформасы жүрді. Бұл реформаның әсерінен әлеуметтік топтар қудаланып, «белгіге қарап, күштеп көшіру» бағыты кәрістерге кесірін алып келді.
XX ғасырдың шегінде, қазақ-кәріс қоныс аудару кезінде, мектеп, аурухана, мүлде болмағандықтан, оларда барлығына өзі үйрену керек болды. Кәрістер үшін, ең қиын бағыттардың бірі салықтың төмендеуі еді. Өйткені, әр жер өңдеу, бақша өнімдерін отырғызу, суармалы жерлерді игерген үшін оларға 4 есе көбейтіліп берудің орнына, 2 есе аз берді. Тіпті, ол кезде «демалыс» деген ұғым қолданылмады. Сондықтан олар тек жоғарыдан келген «қызылша ек», « күнбағыс ек» деген бұйрықтарға көніп отырды [6] .
1930-1950 жылдары кәрістер Қазақстан бөлігініе қоныс аударуы кезінде, 1937 жылы 21 тамыз, Сталин мен Молотовтың берілген жариясы бойынша: «Кәрістердің қоныс аударуын толығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Арал, Балқаш өзендері жаққа 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аударылсын » жариясы шықты. Мұндай көшіп қонудың кесірі кәрістерге қиын болды. Өйткені колхозшылар мен кәріс балаларының аштығымен қоса, олар мектепке де баруды қойды. Киім, аяқ-киім, азық-түлік жетіспеуінен, кәрістер жоғарғы өкілеттерден басқа жерге қоныс аударуын өтінді. Мұндай қиыншылықтан, тіпті, кәрістер Өзбекстан жеріне қоныс аударып кетті. Басқа жерге қоныс аудару себебі, бұл 15 сағаттық жұмыс табысынан 3 есе аз алып отырды. Кәрістердің сол кезде көптігіне қарамастан, олар қазақ жерінде тіркеле алмады. Тіркеле алмау мәселесінен олар шаруашылықты, тіпті банктегі счеттік қаражат ашуына құқылы болмады. Мәліметтерге сүйіне кетсек, кәрістерге берілген үйге 32 рубль 19 тиын төленіп отырды. Қазақ жерінде тұрған кәрістердің 80% жуығы жұмыссыз қалды. Кәрістер барлық өткен қиыншылықтарынан кейін, жоғарыдан өздерінің бұрыннан келе жатырған күріш шаруашылығымен айналысуын сұрады. Яғни үш колхоздық бөлім «Ақпан Күріші», «Еңбекқор ұжымы», «Күншығыс» Калининадан бұл өтіншке рұқсат беруін сұрады. 1938 жылы 1 қыркүйек, Қазақстан барлық корей мектептері жабылды. Қазалыдағы педагогикалық училищесі жабылды. Санақ бойынща 120 мың корей кітаптары жойылды. Тіпті, мәліметтерге сүйінсек, 104 жер шаруашылығы, 13 балық аулау колхозы жойылды. Қазастанда сегіз облысқа таралаған 70-ке жуық кәрістік колхоз нысаны толығымен жойылды [7] .
Кәрістер, еңбекқор халық. Сондықтан, Ресей үкіметі қолданған қатал жазаларына қарамастан, кәрістерге сенім білдіріп, олардың еңбегі үшін, жерлерді бөліп берді. 2920 га бидай, 80 га картоп, 880 га сұлыға, 250 га арпа, 100 га тары, 300 га жер бөлінді. Бұл кезде кәрістер үшін ең маңыздысы, білім алу мен тіл үйрену мәселесі болған. Сондықтан, «кәріс ұлтының оқушылар құрамы бар кейбір мектептерде корей тілін оқыту» құжаты қаралып, кәріс балалары шоғырланды[8] .
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан ғасырлар бойы түрлі этностардың бірге тұруы айрықша қазақстандық менталитетті қалыптастырды. Осы заманғы Қазақстанның бірегейлігі этностық сан алуандығында. Бұл қазақстандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерді алмасу мүмкіндігін беретін біздің бүкіл қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі. Күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан т. б. республикаларға бөлініп-бөлініп орналастырылды. Туған жерінен, елінен айрылған әртүрлі ұлттар қалай болғанда да келген жеріне, ортаға бейімделуге мәжбүр болды. Тек бірнеше жылдардан кейін ғана құқықтық шектеулері алынып, өз атамекендеріне оралуға мүмкіндік туды. Осы аралықта олардың этнос ретінде мәдениетіне, тіліне, салт-дәстүріне, экономикалық дамуына және ұлттық құрамының жетілулеріне қиянат келтіріліп, бірлігіне орасан зор нұқсан келді. Дегенмен, адамзаттың әділет күресі мен жарқын өмірге ұмтылысының нәтижесінде, заман ағымының әрі қарай аяқ басуы, олардың еріксіз келген орында шегерілмей, атамекендеріне оралуы немесе тұрақтап қалған жерлерінде, олардың осы елдің азаматтары ретінде қайта қалыптасуына септігін тигізді. Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар халық шаруашылығының әр саласында ауыр да, өте қиын жұмыстарды атқарып, еңбек етті. Әртүрлі ұлт өкілдері: кәріс, неміс, шешен, ингуш, түрік, қалмақ, қарашай халықтарының көпшілігі т. б., ауыл шаруашылығының әртүрлі саласында, өнеркәсіп орындарында, құрылыста, мәдени-ағарту мекемелерінде еңбек етіп, алдыңғы қатардан табылды. Олардың арасынан шыққан танымал өнер қайраткерлері, ғылымға үлесін қосқан көрнекті ғалымдар, жазушылар, республиканың озат педагогтары, мәдениет, қоғам қайраткерлері де аз емес. Тарихи Отанына қайта алмай, тұрақтап қалған аз ұлт өкілдерінің көпшілігі Қазақстан жерінде өніп-өсіп, өркендеп отыр. Келмеске кеткен тоталитарлық жүйе, жер аударылған халықтардың трагедиялық тарихына қиянаты, ойланбай істелген іс - шаралары арқылы жазылмас жара, өшпес із қалдырды. Қазір қазақ жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері өмір сүріп, еңбек етуде. Қорыта айтарымыз, сонау бір отты жылдарда Отандарынан айырылып, айдауға түскен, еріксіз жер аударылғандардың өздерінің де, ұрпақтарының да, бүгінде жолдары ашық, болашақтары ел келешегімен бірге екені баршаға мәлім. Өйткені, сол бір қиын-қыстау кезең, Қазақстанның барлық ұлттарына бірдей сын болып, оны бәрі бірге көтерген ұлттар мен ұлыстар, болашағының тек қана бірлікте екенін жете ұғып отыр. Осы жолдан таймастары да хақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz