Рим азаматтық құқығының пәні мен қайнар көздері


Рим азаматтық құқығының пәні мен қайнар көздері
Рим азаматтық құқығы заң ғылымдарының ішіндегі теориялық-фундаменталдық ғылым. Бұл тақырыптың актуалдылығы өзінің пайда болуымен-ақ дәлелдеп отыр, себебі бұл қажет болмаса біз бұны қарастырмас едік. Екіншіден менің ойымша, заңгерлер үшін Рим құқығын меңгеру міндетті саты болып табылады, себебі келешекте салалық заң ғылымдарына көшкенде және бір құқық саласын екінші құқық саласынан айыру үшін, заң мен құқықтың теориялық негізін, әсіресе, азаматтық құқықты түсіну үшін аталған құқықты меңгерген жөн. Тақырыптың мақсаты ретінде аталған тақырыптың өзін алған дұрыс болар, себебі заң ғылымы бойынша эссе жазғандықтан нақтылы жауап қажет болады.
Гай өзінің Институцияларында айтқандай: «Кез-келген біз қолданатын ережелер тұлғалар, заттар мен исктерге қатысты болады» (Omne autem jus quo utimur vel ad personam, vel ad rem, vel ad actiones pertinet) 1. Бұл Римдегі құқықтық, мүліктік қатынастың жақсы дамығанын көрсетеді. Римнiң азаматтық құқық негiздерi пәнi мүлiктiк құқықтың маңызды мәселеллерiмен, сонымен бiрге отбасылық құқықтың қағидаларын Абсолюттiк монархия тұсындағы мезгiлiн қамтиды2. Латынша Ius civile 3 азаматтық құқық деген мағынаны бергенімен, Римнің құқық жүйесінде ол ұлттық сипатқа ие болды. Яғни аталған құқық Римнің қалыптасуына көп еңбек сіңірген, байырғы тұрғындары квириттерге таралған. Демек, менің ойымша, бұл жағдайда ius civile халық құқығына, яғни ius gentium-ге4 қарсы шығады. ius gentium римнің барлық тұрғынадарына соның ішінде перегриндерге тән. Ол перегриндер мен квириттердің арасындағы құқықтық қатынасты реттейтін болған. Римде осы құқықтық қатынасты реттейтін тағы преторлар мен магистраттар тәжірибесінде қалыптасқан преторлар құқығы болатын. Сонымен, Римнің жеке құқығын Ius privatum негізгі үш элемент құрды. Олар: 1) Ius civile. 2) Ius gentium 3) Претор құқығы. Бұл үш түсiнiкке жалпы терминi ретiнде ius privatium, яғни жеке құқық деген мағынаны бiлдiредi. Жеке құқық көпшiлiк құқыққа қарсы қарсы қойылады. Римнiң классикалық мерзiмдегi Ульпиан атты заңгерi құқықтың осы 2 саласын былай ажыратадыi: «Көпшiлiк құқық - бұл Рим мемлекетiнiң мәртебесiне және жағдайына қатысты құқық, ал Жеке құқық жеке тұлғалардың мұдделерi мен пайдасына қатысты құқық» (Publicum іus ust quod ad rei romanae spectat, privatum quod ad singulorum utilitatem pertinet) 5. Рим жеке құқығы динамикалық түрде дамып отырған. 1-этап Көне Римнің кезінен б. з. б 1 ғасырға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл периодты классикалық кезеңге дейінгі құқық деп атайды. 2-этап классикалық кезең деп аталады. Бұл уақыттары сауда-саттық қатынастардың дамуы мен нарық кеңеюіне байланысты туындаған мерзім. Хронологиясы б. з. б. 1ғ. - б. з. 3 ғ. аралығы. Соңғы 3-этап - классикалық кезеңнен кеінгі уақыт. Бұл уақытта жаңа жүйелердің қалыптасуы мен кодификациялануымен ерекшеленді. Рим жеке құқығын зерттеу дегеніміз осы жоғарыда көрсетілген 3-этаптағы рим құқығының жағадайларын жеке-жеке және тұтастай қарастыру болып табылады.
Енді Рим жеке құқығының қайнар көздеріне тоқталсақ. Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын жария құқық пен жеке құқықтың қайнар көзi деп атап өттi. Рим құқығы заң әдебиеттерiнде құқықтың қайнар көзi әртүрлi мағынада қолданыллады:1) құқық нормаларының қайнар көзi ретiнде; 2) құқық нормаларының пайда болуының әдiсi ретiнде; 3) құқықты танудың қайнар көзi ретiнде6.
Заң әдебиеттерiнде кездесетiн өзге жағдайларда құқықтың қайнар көзi мағынасы-құқықтың, құқық нормаларының қандай тәсiлмен, қандай жолмен жасалады деген сұрақтарға жауап бередi. Бұл жағдайда құқықтың қайнар көзi терминiнiң мағынасымен шатасып қалмауы үшiн, құқықтың жасалу түрлерiн айтып өткен дұрыс. Рим құқығы тарихында құқықтың пайда болуы мына жолдармен қалыптасқан: 1. Қарапайым құқық; 2. Заң (Республика кезеңiнде - халық жиналысының қаулылары, принципат кезеңiнде - сенатконсульттар, абсолюттiк монархия кезеңiнде - император конституциялары) ; 3. Магистраттар эдиктттерi; 4. Заңгерлер қызметi. Қарапайым құқық-Рим құқығының пайда болуының көне түрi болып табылады. Қарапайым құқық нормалары Рим құқығында mores maiorum7-ата-баба әдет-ғұрыптары, usus8 - қарапайым тәжiрибе, commentarii magistratium- магистраттардың тәжрибесiнде қалыптасқан ә. ғ, consuetudo - ә. ғ. император кезеңiнде терминдермен сипатталады.
Юстиниан Институцияларында жазылған құқық (ius scriptum9) пен жазылмаған құқықтың (ius non scriptum10) аражiгi ашылып көрсетiлген. Жазылған құқық - бұл билiк органдарының шығарған заңдары және өзге де құқық нормалары. Жазылмаған құқық - бұл тәжiрибенiң өзiнде қалыптасатын нормалар. Егер мұндай тәжiрибеде қалыптасқан адам iс-әрекетiнiң ережелерi мемлекеттiк билiктiң қолдауы мен қорғауына иеленбесе, олар жәй ғана әдет-ғұрып болып қалады. Әдет-ғұрып «MOS» терминімен сипатталады. Республика кезеңінде (б. з. б. 509-б. з. 27 жж. ) құқықтық әдет-ғұрып MOS халық жиналысында қабылданған заң LEX-қа қарағанда басым болды. Принципат кезінде (б. з. 27 - 284 жж. ) Юлиан теориясы қолданыста болды, сондықтан MOS пен LEX тең дәрежеде болды. Ал Доминат дәуірінде (б. з. 284 - 476 жж. ) абсолюттік монархияда заңның күші басым болды. Заң - Рим құқығының негізгі қайнар көзі. Заңның толық күшi болуы үшiн Рим мемлекетiнiң 3 органының қатысуы керек еді. Олар: 1. Магистрат- халық жиналысын шақыруға құқығы бар орган; 2. Халық- жобаны қабылдау немесе қабылдамау мақсатында жиналған қауым. 3. Заң - магистрат ұсынған, халық қабылдаған заң сенаттың қолдауынан өтуi тиiс11. Рим құқығының қалыптасуының бiр түрi болып Магистраттар Эдиктi болып табылады. Эдикт терминi dico12 сөйлеймiн мағынаға сәйкес магистраттардың белгiлi iс бойынша ауызша баяндамасы. Және соңғысы заңгерлер қызметі. Рим тарихындағы атақты заңгерлерінің қызметтері. Республика кезеңiндегi атақты заңгерлер деп :Марк Манилий, Юний Брут, Публий Муций, Сцевола, Аквилий Галл, Цицерон сияқты заңгерлердi атауға болады. Классикалық кезеңнiң көрнектi өкiлдерi Лабеон, Капитон болды. Осы заңгерлерден заңгерлердiң 2 мектебi бастау алды: Прокулян мектебi, Сабиньян мектебi. Бұл заңгерлерден басқа Юлиан, Помпоний, Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан-атты заңгерлердi атап өткен жөн13.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz