Малдарды жайып ұстаудың гигиенасы


Малдарды жайып ұстаудың гигиенасы
Малдарды жайылымда ұстап, күтіп, бағу олардан аз шығын шығарып, жоғары өнім алудың көзі болып саналады. Жайылымда малдар ең құнарлы азықтар тауып жеп, күн сәулесінің пайдалы әсерін алып, денсаулығын жақсартады. Жайылымдағы көк шөпте дайындалған шөпке қарағанда құнарлы заттардың мөлшері 1. 5 есе артық болады. Себебі шөпті кептіріп, дайындап және сақтау кезінде көптеген құнарлы заттар жойылып кетеді, онымен қоса шөптің мал организмінен сіңірілуі 15-20 пайызға кем болады. Өсіп тұрған көк шөптерде, малдардың сұранысын қамтамасыз ететін витаминдер көп болады.
Жайылым кезінде ең маңыздысы - малдар денесіне әсер ететін факторлар - көбінесе олардың қозғалыста болуы, күн радиациясының пайдалы сәулелерінің және таза ауаның жағымды әсерлерін алып, денедегі зат алмасу процестері жақсарып, қан айналыс, тыныс алу, ас қорыту органдарының және нерв жүйелерінің қызметерін жақсартуы болып табылады.
Сондықтан жайылымда жүргенде малдардын өнімі (сүт, ет, жүн) жоғарылап, олардың өзіндікқұны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылым шөптерінің азық өлшемінің құны басқа азықтармен салыстырғанда 1. 5-3 есе төмен болады.
Бірақ малдарды жайылымдарда күтіп-бағу, ол жерлерге шыққан шөптердің молдығына, жайылымдарды дұрыс пайдалынуына және ветеринариялық-санитариялық жағдайына (зиянды жәндіктермен, құрт-құмырсқалар, кенелермен т. б күресу жұмыстары) байланысты болады.
Жайылымдарға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар Әр жайылым көктемде, малдарды шығармай тұрып мамандардың қатысуымен зерттеліп және өлексе қалдықтарынан, жабайы малдардың сүйектерінен, үйінді тастардан, көндердден, шірік қоқыстардан, минералды тыңайтқыштардың қалдықтарынан т. б тазалану керек.
Жайылымда қалыпты мөлшерде әртүрлі шөптердің жинағы болуы, жайылым азығының биологиялық құнарлылығын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан жасанды мәдени жайылымдар дайындағанда оның үштен екі бөлігіне дәнді-бұрщақты қоспалардың шөбін егу қажет.
Табиғи және мәдени жайылымдардың шөптегі тек қана биологиялық құнарлылығының ғана гигиеналық маңызы болмайды, онымен қоса малдардың көк азыққа сұранысын қамтамасыз ету керек. Тәуліктік көк азыққа малдардың сұранысын анықтау үшінт төмеендегідей нормативке сүйенген дұрыс:сауын сиырларға сүтіне қарап 40-75 кг, 1жастан асқан тайыншаларға 30-40, жасқа толмаған торпақтарға 15-25, жылқыларға - 30-40, қойларға 6-8(жазық шөлейтті аймақтарда шөптің құрғақтығына байланысты 3-6), торайлы мегежіндерге 10-15, жас шошқаларға 3-6 кг қаралады.
Сауын сиырларға және бордақылауға арналған ірі қара малдары үшін шалғынды, көгалдары мол, ойпаң-таулы жерлерге, орман жиектеріне, дәнді бұршақты және қалың жоңышқалы шөпетрі бар жерлерге жаюды қарастырады.
Ірі қара малдарына жазық оранды жерлерге жазғытұрғы мезгілдерде, ал жазда шалғын-шабындық, күзде тұздықты шалғындарға жаюды ұйғарады. Тоғайлы, аласа бұталы жайылымдарға сауын сиырларды (көзін, желінін т. б жарақаттардан сақтандыру үшін) жаюға болмайды. Жас ірі қара малдарын жұмсақ, сулы шөбі бар жерлерге баққан жөн. Батпақты жерлерде жайган малдарда минералды зат алмасу процестері бұзылып, остеомолязация, акобальтоз т. б аурулары тууы мүмкін. Сулы, ылғалды жайылымдарда малдардың мазасын алып, қоңдандырмай қоятын қан-сорғыш, сона, шіркейлер көп болады.
Ірі қара малдарына қарағанда жайылымды жақсы пайдалана алатын қойларға құрғақ, шөптері қысқа, дөңес жерлерді бөледі. Қой және ешкілер үшін орманда жерлердің кең алаңдары ғана жайылуға жарамды болады. Олар таулы және жазық жерлерде жақсы жайылады. Оларға сулы, батпақты, ойпаңды жерлер жайылымға жарамайды. Ондай жайылымдарда қойлардың тұяқтары зақымдалып, айырма болып және шірік құрт ауруларына ұшырап, әсіресе фасциолез және диктокаулездермен ауырады. Қойларға қараған, шеңгел тағы сол сияқты тікенек өсімдіктері бар, жүніне жабысып, ласттайтын жайылымдар жарамайды. Селеулі жайылымдарға, әсіресе олардың басы қатып бекіген кезде, маусым айының бірінші жартысынан кейін жаюға болмайды.
Шошқалар төменгі, сулы топырақты жерлердің жайылымдарын, әсіресе қайыңды, еменді тоғайлардың ішін пайдаланғанды дұрыс көреді. Бірақ шошқаларды жас клеверлі және люцерналы, жасанды мәдени жайылымдарға жайған дұрыс болады. Мұндай жерлерде торайлы мегежіндер мен өнімдік жас шошқаларды жаюға болады.
Жылқылар үшін құрғақ, топырағы тығыз, дөңес жерлердегі шөптері көп, бірақ ұзын емес жайылымдар қолайлы болады. Оларға төменгі, ойпан ылғалды жерлер тұяқтарына зиян ететіндіктен жайылымға жарамайды.
Жасанды мәдени жайылымдарға азотты тыңайтқыштарды артық мөлшерде салған кезде өсімдіктердің бойына нитриттер мен нитраттар жиналып, малдарды уландырады (өсілуі тежеліп, сүті азайып, іш тастап т. б) . Сол сияқты, жоғарғы құнарлы мәдени жайылымдарға көп мөлшерде калийлі азотты тыңайтқыштар салғанда нитритті нитратты токсикозынан басқа малдарда жайылым титаниясы (гипомагнемия) байқалады. Мұндай тыңайтқыштарды жайылым топырақтарына бөліп-бөліп салса, нитриттер және нитраттармен улану және жайылым титаниясының шығу қаупі төмендейді.
Азотты тыңайтқыштарды мәдени жайылымдарға қолдану үшін оларды жақсы суландырған жөн. Неғұрлым тыңайтқыш жайылымға көп салынса, солғұрлым қарқынды суландыру қажет. Ондай жақсы жайылымның өнімін арттыры, нитраттардың өсімдіктерге жиналуына жол бермейді. Сұйық көңдерді пайдалану жайылымдардың санитариялық жағдайын жақсартады. Бірақ, малдарды жайылымға сұйық көң салғанан кейін бір айдан ерте жаюға болмайды.
Малдарды лагерлі жайылымдарда бағу үшін арнайы орындар мен жабдықтар дайындау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz